«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Тақырып 5. Сот сараптамасын тағайындау мен жүргізудің процессуалдық сұрақтары



бет16/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105
treatise8925

Тақырып 5. Сот сараптамасын тағайындау мен жүргізудің процессуалдық сұрақтары

Сот сараптамасы процессуалдық құқықтың институты болғандықтан, оны тағайындау мен жүргізудің мәселелері процессуалдық заңның нормаларымен реттеледі. Аталған жағдай, заң бойынша арнайы білімдердің алдын-ала тергеуде қолданылу мәселелеріне қатысты орын алып отыр.


Мәселен, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 240 бабына сәйкес, іс бойынша маңызы бар мән-жайлар материалдарды сарапшының аранайы білімді қолдану арқылы зерттеу нәтижесінде сараптама тағайындалады. Арнайы білімнің қылмыстық сот өндірісіне қатысатын өзге де қатысушыларда болуы, қылмыстық процессті жүргізетін тұлғаны қажетті жағдайларда сараптама тағайындаудан босатпайды.
Осыған орай, сот сараптамасының процессуалды институт ретінде қарастыруға болады, мәселен, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, қылмыстық істі сот сараптамасын тағайындамай қозғауға болмайтын жағдайларда, сот сараптамасы қылмыстық іс қозғалғанға дейін тағайындалуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 242 бабының 2 бөлімі).
Одан басқа, алдын-ала тергеуде (сотта сияқты) заңға сәйкес, қылмыстық процессті жүргізетін органдар үшін сараптаманы тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік берілмеген. Басқаша айтқанда, сараптама міндетті түрде тағайындалуы керек.
ҚР ҚІЖК 241 бабына сәйкес, сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау
1. Егер iс бойынша:
1) өлiмнiң себептерiн, денсаулыққа келтiрiлген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесiн;
2) iс үшiн маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе олар күмән туғызғанда күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң жасын;
3) күдіктiнiң, айыпталушының есiнiң дұрыстығы немесе қылмыстық iс жүргiзуде өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау қабiлетi жөнiнде күмән туғанда олардың психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн;
4) жәбiрленушiнiң, куәнiң iс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және олар туралы айғақтар беру қабiлетiне күмән туған жағдайда олардың психикалық немесе тәнiнiң жай-күйiн анықтау қажет болғанда;
5) iстiң өзге дәлелдермен дәйекті түрде анықталмайтын өзге де мән-жайын анықтау қажет болғанда, сараптаманы тағайындау мен жүргiзу мiндеттi болады.
Егер айыпталушының психикалық жай-күйiне Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде өлiм жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмысты жасағаны үшін күмән келтірілсе, сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау мен жүргiзу міндетті болады.
Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінің 3 және 4-тармақтарында тізбеленген негіздемелер бойынша күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге, куәға амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама тағайындалады және жүргiзіледі. Егер сарапшы стационарлық сот-психиатриялық сараптама жүргізбей және сынақтан өтушіні стационарлық тексеруге орналастырмай қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарлаған жағдайда, Кодекстің 247-бабының тәртібімен қылмыстық іс бойынша стационарлық сот-психиатриялық сараптама тағайындалады.
Сол сияқты, сот сараптамасын міндетті түрде тағайындау келесі құжаттарда қарастырылған: ҚР Жоғарғы Сотының «Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы» 2004 жылғы 26 қарашадағы № 16 нормативті қаулысы, ҚР Жоғарғы Сот Пленумының «Медициналық сиапаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесі туралы» 1999 жылғы 9 шілдедегі қаулысы, ҚР Жоғары Сотының «Қорғау құқығын реттейтін Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын қолдану тәжірибесі туралы» 2002 жылғы 6 желтоқсандағы №26 нормативтік қаулысы.
Бұл жағдайларда сот-сараптамалық зерттеулердің объектілері ретінде келесі материалдар болып табылады:
- азаматтардың арызы (ҚР ҚІЖК 178 бабы), кінәсін мойындап келу (179), мемлекеттік органдардың немесе тұлғалардың, ұйымдарда басқарушылық қызмет атқаратын хабарламалары (180 бап), бұқаралық ақпарат қызметіндегі хабарламалар (181).
- ҚР ҚІЖК 182 бабына сәйкес, қылмыстық iстi қозғауға құқық берiлген лауазымды адамдардың және органдардың қылмыс туралы мәлiметтердi тiкелей анықтауы;
- ҚР ҚІЖК-мен алдын-ала тергеуде жол берілетін процессуалдық әрекеттердің нәтижесінен алынған;
- ҚР ҚІЖК 125 бабымен (дәлелдемелерді жинау) көзделген тәртіпте талап етілген және ұсынылған.
Заң бойынша, мамандармен жүргізіліп алынған іс бойынша тексеру актісі, ревизия актісі, ведомстволық инспекция қорытындысының және зерттеу нәтижесі бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы сол сұрақтарға қатысты сараптама тағайындауды жоққа шығармайды.
Алдын-ала тергеу кезінде сот сараптамасын тағайындау үшін, оны жүргізудің негіздері болуы қажет. Мұндай негіздер фактілі және заңды болып бөлінеді. Фактілі негіз дегеніміз – қылмыстық істі қозғау немесе тергеу процесінде арнайы ғылыми білімді қажет ететін жағдайларды айтамыз. Ал арнайы ғылыми білімнің тасушылары тек сот сарапшылары болып табылады.
Заңды негізі дегеніміз – сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы немесе ұйғарымды айтуға болады. Мәселен, «ҚР Сот-сараптамалық қызметі» туралы Заңның 23 бабына сәйкес, қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) заңда белгіленген тәртіппен шығарылған сот сараптамасын тағайындау туралы қаулысы, ұйғарымы сот сараптамасын жүргізу үшін негіз болып табылады.
Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот-сараптамалық зерттеулер жүргізу және сарапшының қорытынды беруі үшін қажетті зерттеу объектілерін және іс материалдарын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет