«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


тақырып. Материалдардың, заттардың және бұйымдардың



бет61/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   105
treatise8925

14 тақырып. Материалдардың, заттардың және бұйымдардың
сот сараптамасы

ҚР Әділет министірлігінің 2002 жылғы 24 қазандағы № 158 бұйрығымен бекітілген ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығында өндірістік соттық сараптама және мамандандырылған зерттеулерді жүргізу жөніндегі Нұсқаулығына сәйкес, аталған сараптама өз құрамына келесі сот сараптамалық зерттеулерді кіргізеді, атап айтсақ: лакпен боялған материалдар, қабаттар мен полимер материалдары, мұнай өнімдері мен жанар-жағар май материалдары, металл мен құймалар, топырақ, талшық пен олардан жасалатын бұйымдар, құрамында спирті бар заттар, арнайы химиялық заттар.


Сол сияқты, жоғарыда көрсетілген сараптамалық зерттеулерге өзге де заттарды жатқызуға болады, мәселен, шыны заттары, парфюмерлік және косметикалық өнімдер, есірткі және психотропты заттары, дәрі-дәрмек заттары т.с.с. Бұл заттар қылмыстық оқиғамен байланысты болуы керек және олар арнайы химиялық және физикалық әдістермен зерттеледі.


14.1. Боялған материалдар мен қабаттардың сот сараптамасы
Боялған материалдар мен қабаттар сот сараптамасының объектілері ретінде келесі заттар болып табылады:

  • нақты заттар мен олардың бөлшектерінің боялған қабаттары;

  • ортақ қайнар көзден шығуы мүмкін (дайындалу орны, сақтау орны, пайдалану орны бойынша) боялған материалдарының нақты көлемдері;

  • боялған материалдарының жеке компоненттерін құрайтындар (пигменттер, толтырғыштар т.с.с.), нақты боялған материалды дайындау үшін қолданылуы мүмкін.

Боялған материалдар мен қабаттардың сот сараптамасының пәні заттай дәлелдемелерді сараптамалық зерттеу арқылы анықтайтын қылмыстық істің мән-жайлары, фактілі деректері құрайды. Мұндай заттай дәлелдемелерге боялған материалдар және қабаттар жатады және оларды арнайы химиялық, техникалық әдістермен зерттейді. Аталған заттарға сәйкес сот сараптамасы кісі өлтіру, денеге зақым келтіру, зорлау, жол-көлік оқиғасына және өзге де фактілер бойынша тағайындалады.
Боялған материалдар мен қабаттар сот сараптамасының міндеттері идентификациялық және идентификациялық емес (ситуациялық, классификациялық, диагностикалық) болып екі топқа бөлінеді.
Сот сараптамасының классификациялық міндеттері келесі сұрақтарды шешеді, олар:

  • боялған материалдар мен қабаттардың маркісі (типі, түрі);

  • салыстырылып отырған материалдар мен қабаттар ортақ (топтық) белгілерге ие емес пе ? (ие болса нақты белгілері);

  • зерттелуге ұсынылған үлгілер қолдан жасалған бояуларға немесе материалдарға жатады ма?

Диагностикалық деңгейдегі міндеттер шешілгенде келесі сұрақтар қойылады, олар:

  • аталған зат боялған материал немесе қабат болып табыла ма ?

  • объект-тасушыда боялған материал ( қабат) бар ма ? болса нақты қандай ?

  • нақты затқа боялған зат қалай жағылған (қолмен немесе зауыттық әдіспен) ?

  • беті боялған затты қолдануының жағдайы қандай ?

Ситуациялық деңгейдегі міндеттер шешілгенде келесі сұрақтар қойылады, олар:

  • беті боялған зерттелуге жататын зат қайта боялған жоқ па ?

  • нақты заттар өзара байланыста болған жоқ па ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет