«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


тақырып. Сот-фонографиялық сараптама



бет59/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105
treatise8925

13 тақырып. Сот-фонографиялық сараптама

Сот фонографиялық сараптаманың объектілері – бұл әр түрлі магниттік тасушыларда бекітілген ақпараттар (мәліметтер): катушкадағы магниттік ленталар, аудио- және бейнежазбалар, қатты дискісі, компакт-дискілер, дыбыс жазу құралдары.


Сот фонографиялық сараптаманың пәні азаматтық, қылмыстық және әкімшілік өндірістерінің фактілі деректері, аталған деректер дыбыс ақпараттарын арнайы білімді пайдалану арқылы зерттеледі. Бұл сараптаманың нәтижесінде алынатын фактілі деректер экономика саласында жасалатын қылмыстар бойынша кеңінен қолданылады. Атап айтсақ, бөтен мүлікті пайдалану, талан таражға салу, қызметтік жағдайын теріс пайдалану, алаяқтық т.с.с., сонымен қатар аталған сараптама кейде кісі өлтіру, адамды тонау т.с.с. фактілер бойынша тағайындалады.
Фонографиялық зерттеудің міндеттері екі үлкен топқа бөлінеді, олар: идентификациялық және идентификациялық емес (ситуациялық, классификациялық, диагностикалық).
Классификациялық міндеттер – дыбыстың пайда болу табиғатын анықтаумен байланысты, яғни, дыбыстың қайнар көзін анықтау, оны қайнар көздің белгілі-бір типіне жатқызу (телефонның дыбысы, көлік құралының дыбысы, көліктің қозғалтқышының дыбысы т.с.с.). классификациялық міндеттерді шешеу барысында сарапшының алдына келесі сұрақтар қойылады:

  • дыбыс жазуы сараптамаға ұсынылған аппаратурамен жазылған ба ?

  • дыбыстың қайнар көзі жәні сипаты қандай ?

  • ұсынылған фонограмманың (фонограммалар) қайсысы түпнұсқа және қайсысы көшірме ?, егер көшірмелері анықталса, олардың реті қандай ?

Диагностикалық және ситуациялық міндеттер келесі мән-жайларды
анықтайды, олар:

  • қолайсыз акустикалық жағдайларда жазылған сөйлеу ақпараттарының сөзбе-сөз мазмұнын анықтау;

  • фонограмманың дайындалу тәсілі (түпнұсқа немесе көшірме ме);

  • жазу кезінде немесе аяқталғаннан кейін жалғандық белгілерді анықтау;

  • сөйлеген адамның жеке және кәсіби немесе психофизиологиялық мінездемесін анықтау (сөйлеудің диалектісі, әлеуметтік жағдайы, эмоционалды жан-күйі, ауруы, сөйлеу дефектілері, сауаттылығы);

  • сөйлеу типін анықтау – кенеттен немесе алдын-ала дайындалып сөйлеу;

  • сөйлеуге қатысушылардың санын анықтау.

Аталған міндеттерді шешу үшін сарапшының алдына келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • фонограмманы дайындау барысында қоршаған жағдай қандай болды (далада немесе бөлмеде орын алды) ?

  • сөйлеген тұлғалардың жынысы өзге де анатомиялық ерекшеліктері қандай ?

  • сөйлеушілердің әлеуметтік жағдайы қандай (сауаттылығы, сөйлеу мәдениеті)?

  • зерттелуге ұсынылған «...» сөздің басталуы мен «...» сөзбен аяқталатын сөйлесуге неше адам қатысты ?

  • фонограммада ұсынылған сөздер немесе олардың үзінділері алдын-ала жатталған немесе ерікті түрде болды ба ?

  • зерттелуге ұсынылған «...» сөздің басталуымен «...» сөзбен аяқталатын сөздердің мазмұны қандай ?

  • фонограммадағы дыбыс үзіліссіз немесе үзіліспен жазылды ма (магнитофон, бейнежазба, диктофон)?

  • ауызша сөздерін жазу барысында тұлғаның эмоционалды жан-күйі қандай ?

  • субъект фонограммаға жазылған өзінің дауысын әдейі өзгерткен жоқ па ?

  • субъект фонограммада Н. есімді тұлғаның дауысына ұқсас етіп өзінің дауысын жазған жоқ па ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет