74-бап
Жай вексель мыналардан тұрады:
1) мәтiннiң өзiне енгiзiлген және осы құжат жасалған тiлдегi «вексель» атауы;
2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ештеңемен шарттастырылмаған уәде;
3) төлем мерзiмiнiң көрсетiлуi;
4) төлем жасалуы тиiс орынның көрсетiлуi;
5) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем жасалуы тиiс тұлғаның атауы;
6) вексельдiң жасалған күнi мен орнының көрсетiлуi;
7) құжатты берушiнiң (вексель берушiнiң) қойған қолы.
75-бап
Алдыңғы бапта көрсетiлгендердiң қандай болса да бiрi жоқ құжат, төмендегi абзацтарда белгiленген жағдайларды қоспағанда, жай вексельдiң күшiне ие бола алмайды.
Төлем мерзiмi көрсетiлмеген жай вексель ұсыну бойынша төленуге тиiстi вексель ретiнде қарастырылады.
Ерекше нұсқау болмаған жағдайда, құжат жасалған жер төлем төленетiн жер және сонымен бiрге вексель берушiнiң тұрғылықты жерi деп есептеледi.
Жасалған жерi көрсетiлмеген жай вексель - вексель берушiнiң атауымен қатар көрсетiлген жерде қол қойылған деп қарастырылады.
76-бап
Жай вексельге, бұл құжаттың табиғатына қайшы келмейтiндiктен, аударым векселiне қатысты және:
индоссаментке (10-19-баптар);
төлем мерзiмiне (32-36-баптар);
төлемге (37-41-баптар);
акцептемеген немесе төлем төлемеген жағдайда талап қоюға (42-49, 51-53-баптар);
делдалдық тәртібімен төлем төлеуге (54, 58-62-баптар);
көшiрмелерге (66, 67-баптар);
өзгерістерге (68-бап);
мерзiмi өтуге (69, 70-баптар);
жұмыс iстелмейтiн күндерге, мерзiмдердi есептеуге және жеңiлдiк берiлген күндерге тыйым салуға (71, 72, 73-баптар) қатысты қаулылар қолданылады.
Жай вексельге сондай-ақ үшiншi тұлғада немесе төлеушiнiң тұрғылықты жерiнен өзге жерде төленуге жататын аударым векселiне (4 және 26-баптар), проценттер туралы шартқа (5-бап), төленуге тиiстi соманы жазудағы келiспеушiлiктерге (6-бап), 7-бапта көзделген шарттармен қол қоюдың қандайын болса да орналастырудың салдарына, өкiлетсiз iс-қимыл жасайтын немесе өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланатын тұлғаның қойған қолының салдарына (8-бап) қатысты қаулылар қолданылады.
Дәл осылай жай вексельге авальға қатысты қаулылар қолданылады (29-31-баптар); 30-баптың соңғы абзацында көзделген жағдайда, егер авальда оның кiм үшiн қойылғаны көрсетiлмесе, онда ол жай вексель бойынша вексель берушi үшiн қойылған деп есептеледi.
77-бап
Жай вексель бойынша вексель берушi де, аударым векселi бойынша акцептант сияқты мiндеттi.
Ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақыт мерзiміндегі жай вексельдер 22-бапта көрсетiлген мерзiмде белгi қоюы үшiн вексель берушiге ұсынылуға тиiс. Ұсынылғаннан бастап есептелетiн мерзiм вексель берушi вексельге белгi қойған күннен басталады. Вексель берушiнiң күнi көрсетiлген белгiнi қоюдан бас тартуы наразылық бiлдiрумен куәландырылады (24-бап), ол күн ұсынылғаннан бастап есептелетiн мерзiмнiң басталуы болады.
II бөлiм.
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысының тәртібі
14-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 78-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 78-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
78-бап
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы - Қазақстан Республикасының аумағында жай және аударым коммерциялық вексельдерiн шығаруға, вексельдер, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде шығарылғандары бойынша талап ету құқығын басқаға беруге, осындай вексельдер мен оларға байланысты операциялар жөнiндегi мiндеттемелерді орындауға, оларды есеп кеңселерiнiң есепке алуына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта есепке алуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті атқарушы органдарының жай және аударым вексельдерiн шығаруына байланысты қалыптасатын қатынастар жиынтығы.
Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешімі негізінде жай және аударым вексельдерiн шығарады.
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 79-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
79-бап
Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы жөнiндегi қатынастар Женева вексель конвенцияларымен, сондай-ақ осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң соларға сәйкес шығарылған нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұратын Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11; 09.07.03 ж. № 482-11 Заңдарымен 80-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 80-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
80-бап
Вексельдiк мiндеттеме вексель берушiнiң тиiстi дәрежеде ресiмделген вексельдi берген кезінен бастап пайда болады. Коммерциялық вексель сатып алу-сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (қаржылық қызметтер көрсетудi қоспағанда) шарттары бойынша төлемдi кейiнге қалдыру үшiн берiледi.
Егер вексель осы Заңның 1 - 9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес жасалса, вексельдiк мiндеттеменiң күшi болады.
81-бап
Аллонж вексельмен бiрге бiрыңғай құжат болып саналады.
Аллонжда аллонждың нақты бiр вексельге тиесiлiгiн даусыз анықтауға мүмкiндiк беретiн жазба болуға тиiс. Аллонж вексельге индоссамент вексельдiң өзiнде басталып, аллонжда аяқталатындай болып тiркеулi мүмкiн.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 82-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
82-бап
Вексель сомасын онда жазылған ақша сомасы құрайды. Вексель сомасына онда көрсетiлген проценттер, вексель бойынша операциялармен байланысты өсiм және басқа шығындар қосылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағында берiлген вексель валютасы теңге болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасында вексель айналысы валюталық реттеу туралы заңдарда көзделген жағдайларда мүмкiн болады.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
83-бап
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар тиiстi лицензиясы болған кезде, вексельдермен операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асыруға:
вексельдердi инкассоға қабылдауға;
төлем жасаушының вексельдердi төлеуi бойынша қызмет көрсетуге;
домицильдендiрiлген вексельдердi төлеуге;
делдалдық тәртiппен вексельдердiң акцептiн жасауға құқылы.
Вексельдердi есепке алу жөніндегі операцияларды есеп кеңселерi ғана жүзеге асырады.
Банктер ақшалай нысанда орындауды көздейтiн банктiк кепiлдiктер беруге лицензиясы болғанда ғана вексельдердi авальдауға құқылы.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен 83-1-баппен толықтырылды; ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 83-1-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); 2005.08.05. № 69-III ҚР Заңымен 83-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
83-1-бап
Вексельдер Қазақстан Республикасының аумағында жай қағазға және вексель қағазына шығарылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағаздарының қорғалу дәрежелерiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Вексельдi вексель қағазына шығарған жағдайда мұндай вексельдiң мәтiнi мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жазылуға тиiс. Басқа шет тiлдердi қосымша пайдалануға жол берiледi.
15-тарау. Вексельдiң төлем және несие беру құралы ретiнде атқаратын қызметтерi
84-бап
Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында өзара есеп айырысуларда, мұның өзi тиiстi шартта көзделген және осы Заңға қайшы келмейтiн жағдайларда, жай және аударым векселiн пайдалануға құқылы.
Есеп кеңселерi арқылы вексельдермен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Инкассоға қабылданған вексельдердi байланыс мекемелерiнiң жiберу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісім бойынша шығарылған Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органының нормативтiк құқықтық актілерімен және байланыс мекемесi мен есеп кеңсесiнiң арасындағы шартпен белгiленедi.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 85-бап алынып тасталды (бұрынғы ред. қара)
85-бап
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 (бұрынғы ред. қара); ); 2005.08.05. № 69-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңыдарымен 86-бап өзгертілді
86-бап
Есеп кеңселерiнiң вексель ұсынушыға вексель сомасын төлей отырып төлем мерзiмi жеткенге дейiн индоссамент бойынша вексельдер қабылдауы вексельдердi есепке алу деп аталады. Есеп кеңсесi вексель сомасынан есеп кеңсесi өз бетiнше белгiлеген дисконт ұстап қалуға құқылы.
Вексельдердi қайта есепке алу - бұл есеп кеңсесiнiң вексель сомасын төлем және дисконт ұстай отырып, төлем мерзiмi басталғанға дейiн есепке алған вексельдерiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің индоссамент бойынша қабылдауы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдердi қайта есепке алуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес жүзеге асырылады.
Вексельдердi есепке алу мен қайта есепке алу тәртібі, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың вексельдермен операцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қайта есепке алуды, ал есеп кеңселерi - тек коммерциялық вексельдердi есепке алуды жүргiзедi.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 87-бап алынып тасталды (бұрынғы ред. қара)
87-бап
88-бап
Вексельде төлемшi ретiнде көрсетiлген тұлға мен вексель берушi төлемшiден қандай да бiр мiндеттеменiң орындалуын талап ету құқығына ие болатындай қатынастарды вексель берушiнiң белгiлеуi вексельдi жабу деп түсiнiледi. Бұл орайда мұндай мiндеттеменiң сомасы вексель бойынша төлем сомасынан төлем болмауға тиiс.
Вексель ұстаушының вексель берушiден вексельдi жабуды талап етуге құқығы бар. Вексель берушi вексельдi жабуды төлем мерзiмiнде қамтамасыз етуге мiндеттi.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 89-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
89-бап
Аккредитив төлемiнiң, банк заемының қайтарылуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен вексельдi кепiлге беру жолымен жүзеге асырылады. Вексельдi кепiлге беру индоссаменттi ресiмдеуге қойылатын талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.
Қалған жағдайларда вексельдi кепiлге беруге жол берiлмейдi.
Вексельдiң кепiлге берiлуi және мұндай мәмiлелердi тiркеу Қазақстан Республикасының аумағында тиiстi есеп кеңселерi арқылы жүргiзiледi.
16-тарау. Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң
вексель айналысы. Шетел валютасындағы вексельдермен
жүргiзiлетiн операциялар
90-бап
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидент еместерi берген вексель айналысы Қазақстан Республикасының вексель заңдарымен реттеледi.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының резидентi қабылдаған вексельдiк мiндеттеме Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасының вексельдiк заңдарымен қойылған барлық талаптар сақталған жағдайда ғана жарамды болады.
91-бап
Вексель валютасының бағамы төлемшiге қызмет көрсететiн не вексельдi есепке алған есеп кеңсесi белгiлеген осындай валюта бағамына сәйкес анықталады.
92-бап
Римессаны Қазақстан Республикасының резидент емесiмен өзара есеп айырылысуларда валюталық операциялар жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар есеп кеңсесi ғана пайдалана алады.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен 16-1-тараумен толықтырылды; ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 16-1-тарау алынып тасталды (бұрынғы ред. қара)
16-1-тарау. Елтаңбалық алым
17-тарау. Вексельдiк заңдарды бұзғаны үшiн
жауапкершiлiк
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 93-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
93-бап
Вексель бойынша акцепт бермеу немесе төлем жасамау туралы наразылықты нотариус өзiне вексель берiлген кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде оған тиiстi жазба жасау және акцепт бермеу немесе төлем жасамау фактiсiн куәландыратын жазбаша акт жазу арқылы жасайды.
Акцептiң күнi қойылмауына наразылық вексельге акцепт бермеуге наразылық жасау үшiн белгiленген тәртiппен және мерзiмде жасалуға тиіс.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 94-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
94-бап
Вексель бойынша төлем жасаушының мүлкiн өндiрiп алу сот бұйрығы немесе сот шешiмi негiзiнде ғана жүргiзiледi.
Вексель жарамсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, вексельдi беруге негiз болған шарттың ережелерiн сот қарауға құқылы емес.
Осы Заңның 1 және 74-баптарында белгiленген талаптар бұзыла отырып вексель жасалған жағдайларда, вексель жарамсыз деп танылады. Жарамсыз векселдерден туындайтын мiндеттемелер бойынша дау туған жағдайда осы баптың екiншi абзацында көрсетiлген шарт бойынша мiндеттемелердi бұзу туралы iс ретiнде қаралады.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 95-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
95-бап
Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығаруға тыйым салынады.
Достық немесе қола векселi бойынша төлем жасамау тәуекелiн достық немесе қола векселiн ұсынушы вексель ұстаушы мойнына алады.
Заңды және жеке тұлғалар тиiстi құқық қорғау органдарына қола вексельдi ұсыну фактілері туралы кешiктiрмей хабарлауға мiндеттi.
Достық, қола немесе қаржы векселiн шығаруға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 96-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
96-бап
Вексельдi жоғалту тәуекелiн вексель ұстаушы көтередi. Вексель берушi жоғалған вексельдi берудi мойындаған жағдайларды қоспағанда, вексель ұстаушының вексельдi жоғалтуы ол бойынша талап ету құқығын жоғалтуға әкеп соқтырады. Жоғалған вексель бойынша төлем жасау ол бойынша талап ету құқығы сот тәртібімен қалпына келтiрiлген кезде де жүргізілуі мүмкін.
Жоғалған вексель бойынша құқығын қалпына келтiру жөніндегі өтiнiштi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiппен сот қарайды.
Жоғалғанның орнына вексель берiлуi және вексельдегi берiлiм жазбасының қайта қалпына келтiрiлуi оны жоғалтқаны вексель ұстаушының есебiнен жүргiзiледi.
Вексельдi жеткiзiп беруге мiндеттенген адам оны жөнелтуге қабылдаған сәттен бастап, адресатқа табыс еткенге дейiн жоғалтса ғана ол үшiн жауап бередi. Ол вексельдi жоғалтқан жағдайда жоғалған вексельдi инкассациялау бойынша операциялар орындаған вексель ұстаушыға не есеп кеңесiне осындай вексель бойынша құқықтарды қалпына келтiрумен байланысты барлық шығыстардың орнын толтыруға мiндеттi.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 97-бап алынып тасталды (бұр. ред. қара)
97-бап
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 18-тарау алынып тасталды (бұр. ред. қара)
18-тарау. Қорытынды ережелер
Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |