Қазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе



Дата20.06.2016
өлшемі382.46 Kb.
#149645


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

отырысында мақұлданған

(2009 жылғы 27 тамыздағы

№ 32 хаттама)

Қазақстан Республикасының 2010 – 2014 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму

болжамы


Кіріспе
Елдің 2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің және әлеуметтік параметрлердің болжамдарын, Қазақстан Республикасының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын, салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдарын, сондай-ақ 2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша болжанатын шығыстардың көлемін құрайды.

Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет параметрлерінің болжамы орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларын және 2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеуге негіз болып табылады.
1. 2007 – 2008 жылдардағы экономикалық даму үрдістері
Экономикалық өсу

2000 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан экономикасы жылына орташа алғанда шамамен 10 % қарқынмен өсіп отырды. Нақты Жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) жоғары және орнықты өсу қарқынына қарамастан, осы кезеңде экономикалық өсудің құрылымы мен сапасы өзгерді.

1-сурет
ЖІӨ-нің нақты өсуіне салалардың үлесі


9,8

13,5

9,8

9,3

9,6

9,7

10,7

8,9

3,3

2007 жылға қарай экономикалық өсу құрылыстың, қаржы қызметінің және сауданың дамуына көп дәрежеде байланысты болды. Экономиканың өсуіне өнеркәсіп үлесінің төмендеуі кезінде құрылыстың үлесі 2000 жылы 0,7 %-тен 2007 жылы 1,7 %-ке дейін, қаржы қызметінің үлесі тиісінше 0,2 %-тен 2,4 %-ке дейін, сауданың үлесі 0,7 %-тен 1,5 %-ке дейін өсті.

Экономикалық өсудің құрылымындағы бұл үйлесімсіздік банк секторы мен құрылыстағы байқалған «серпіліс» жағдайларында болған, бұған елеулі көлемдегі сыртқы қарыздармен қамтамасыз етілген банктік кредит беру көлемінің жеделдетілген өсуі себеп болды. Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуі бұл секторды кредит беру үшін аса тартымды етті.

2007 жылғы тамыз айында АҚШ-тың ипотекалық нарығындағы дағдарыс жағдайының салдарынан болған әлемдік қаржы нарығындағы бірінші тұрақсыздық толқыны қарыз капиталының сыртқы нарықтарын жабуға алып келді.

Сыртқы қарыз берудің күрт қысқаруы және өтімділік тапшылығы негізінен отандық экономиканы банктердің құрылыс пен саудада шоғырланған кредит беруінің көлемдерін қысқартты. Сол уақытта экономиканың өсуі осы секторлардағы белсенділікке байланысты болғандықтан, бұл экономика өсуінің баяулауына алып келді.

Экономика өсуінің баяулауы 2007 жылдың екінші жартысында басталды. 2007 жылдың қорытындылары бойынша ЖІӨ-нің нақты өсімі 8,9 %-ке төмендеді.

2008 жылдың бірінші жартысындағы Қазақстан экономикасының даму жағдайлары (әлемдік экономиканың оң серпіні, мұнайға, металдарға әлемдік бағаның рекордтық жоғары деңгейі) сақталып қалған тау-кен өндіру салаларындағы және металлургиядағы белсенділіктің есебінен экономиканың өсуін қамтамасыз етуде маңызды орын алды.

2008 жылдың екінші жартысында әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы жағдай күрт өзгерді.

Ірі қаржы институттарының банкротқа ұшырауы мен биржалық баға белгіленімінің төмендеуіне әкеп соққан әлемдік қаржы нарығындағы кезекті тұрақсыздық толқыны әлемдік экономиканың баяулауына ұласты.

Халықаралық валюта қорының (бұдан әрі – ХВҚ) бағалауы бойынша әлемдік экономиканың өсуі 2007 жылдың 5,1 %-імен салыстырғанда 2008 жылы 3,1 %-ті құрады.

Әлемдік экономика өсуінің баяулауы әлемдегі ресурстарға сұраныс пен тұтынудың қысқаруына себеп болды. Одан басқа, тауар нарықтарынан алыпсатарлық капиталдың жылыстауы орын алды. Бұның бәрі Қазақстанның тауар экспортының негізгі құрамдастары болып табылатын мұнайға, металдарға, металл өңдеуге әлемдік бағалардың төмендеуіне алып келді.

Қазақстанның әлемдік экономикаға жоғары ықпалдылығына байланысты басталған әлемдік экономиканың баяулауы және сыртқы қаржыландырудың сақталып қалған шектеулігі кезінде сұраныстың қысқаруы қазақстандық экономикаға теріс әсер етті және 2008 жылдың екінші жартысынан бастап оның өсу қарқындарының баяулауына себепші болды.

Егер 2008 жылдың бірінші жарты жылдығында ЖІӨ-нің нақты өсімі 5,7 %-ті құраса, екінші жарты жылдығында – бағалау бойынша 1,4 %-ті құрады. 2008 жылы Статистика агенттігінің деректері бойынша ЖІӨ-нің нақты өсуі 3,3 %-ті құрады.

2008 жылы экономикалық өсім қарқындарының баяулауына ауыл шаруашылық өнімі көлемінің 6,4 %-ке дейін қысқаруы, өңдеу өнеркәсібі өндірісі көлемінің 3,4 %-ке төмендеуі есебінен өнеркәсіптің өсу қарқынының 2,1 %-ке дейін төмендеуі, құрылыста өсу қарқынының 4,0 %-ке дейін төмендеуі және қызмет көрсету саласында өсудің баяулауы себепші болды. Сауданың өсу қарқыны – 2,4 %-ке дейін, байланыс қызметі 11,8 %-ке дейін, қаржы қызметтері – 1,3 %-ке қысқарды.

Инфляциялық үдерістер

2007 жылы инфляцияны қалыптастыру өзінің әсерін сақтап қалған түбегейлі факторлардың (жиынтық сұраныс пен тұтынудың жоғары өсу қарқындары, инфляцияның импорты, алдыңғы жылдарда ақша ұсынысының едәуір өсуі), сонымен қатар күйзелісті әсері бар факторлардың да әсерінен болды.

Бұдан басқа, ішкі нарықтағы бағалардың өсуіне әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың өсуі әсер етті. 2007 жылы мұнайға әлемдік бағалар едәуір өсті. 2007 жылдың екінші жарты жылдығында азық-түлік тауарларына (бидай, өсімдік майлары) әлемдік бағалардың күрт көтерілуі инфляцияның елеулі көтерілуіне алып келді. Сонымен қатар, 2007 жылы ақша ұсынысы орташа қарқындармен көтерілді, сыртқы фактор 2007 жылдың соңында инфляцияның 18,8 %-ке дейін көтерілуін айқындап берді.

2008 жылы инфляциялық үдерістер әр түрлі бағыттағы сипатта болды. 2008 жылдың бірінші жартысында азық-түлік пен энергия ресурстарына әлемдік бағалардың өсуі арқылы экономикаға инфляциялық қысым көрсетудің күшеюі байқалды. Статистика агенттігінің деректері бойынша инфляцияның жылдық деңгейі 2008 жылдың қаңтарында 18,7 %-тен тамызда 20,1 %-ке дейін өсіп кетті.

2008 жылдың екінші жартысында іскерлік белсенділіктің, экономиканың өсу қарқынының баяулауы, тауар нарықтарындағы әлемдік бағалардың күрт төмендеуі инфляцияның төмендеуіне ықпал етті. Жылдық инфляцияның деңгейі 2008 жылдың қыркүйегіндегі 18,2 %-тен желтоқсанда 9,5 %-ке дейін төмендеді.

Энергия ресурстарына, шикізатқа әлемдік бағалардың төмендеуі салдарынан экономиканың нақты секторындағы бағалардың төмендеуі, сондай-ақ бәсекелестікті, нарықтық инфрақұрылымды дамытуға, табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін тұрақтандыруға бағытталған инфляцияға қарсы саясаттың қабылданған шаралары 2008 жылы инфляцияның жоспарланған шамадан (жылдың соңына 10 %) аспайтын деңгейде ұстап қалуға ықпал етті.



Төлем теңгерімінің жағдайы

2007  2008 жылдары төлем теңгерімінің жағдайын анықтайтын факторлар ретінде қазақстандық экспорттың негізгі тауарларына әлемдік бағалардың деңгейі, тікелей шетелдік инвестициялар, сондай-ақ сыртқы борышқа қызмет ету болып қалды.

Мұнайға жоғары бағалар, ішкі табыстардың өсуі және шетелдік тікелей инвестициялар ағынының жоғарылауы экспорттың ұлғаюына және импорттың өсуіне, сондай-ақ мұнай секторында алынған табыстардың экспатриациясына мүмкіндік тудырды.

2007 жылы тауарлар экспорты өткен жылмен салыстырғанда 24,7 %-ке өсіп, 48,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Сол уақытта тауарлар импорты 33,3 млрд. АҚШ долларына дейін 37,9 %-ке өсті.

Оң сауда теңгерімі кезінде инвестициялық табыстардың теріс теңгерімі (-11,9 млрд. АҚШ доллар), сондай-ақ қызметтер импортының экспорттан 8,1 млрд. долларға асып кетуі 2007 жылы ағымдағы шоттың 8,2 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде тапшылығына себепші болды.

2007 жылдың бірінші жартысында ағымдағы шоттың тапшылығы шетелдік инвестициялар түріндегі валюта ағыны және банктердің сыртқы қарыздарды тартуы есебінен жабылып отырды.

2007 жылдың тамыз айындағы банк секторының сыртқы қарыз алуын кенеттен шектеу төлем теңгерімінің тапшылығына алып келді, ол 2007 жылы 3,0 млрд. АҚШ долларынан астамды құрады. Төлем теңгерімінің тапшылығы Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтерінің есебінен қаржыландырылды, бұл олардың қысқаруына алып келді.

2008 жылдың басынан бергі мұнайға әлемдік бағаның шілде айында тарихи максимумға жетіп, кейіннен жылдың соңына қарай үш есе төмендегеніне қарамастан, үздіксіз өсуі ағымдағы операциялар бойынша шығындарды жапқан және ағымдағы шоттың 7,0 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде елеулі профицитті қамтамасыз етіп, тауар экспортынан рекордтық түсімдерді (72 млрд. АҚШ долларына жуық) қамтамасыз етті.

2008 жылдың төртінші тоқсанында әлемдік тауар нарығындағы бағалардың күрт төмендеуі ағымдағы операциялар шотындағы профицитті жоққа шығарды, бұл қаржы операциялары бойынша капиталдың едәуір жылыстауы кезінде төртінші тоқсанда төлем теңгерімінің тапшылығына алып келді.

Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, 2008 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны қысқарып, 14,5 млрд. доллардан астам болды. Тікелей шетелдік инвестициялар елге валюта ағынының негізгі көздерінің бірі болып табылады. Елге сыртқы қаржыландырудың ағып келуінің басқа көзі ретінде жеке банктік емес сектордың қарыздары болды.

Әлемдік қаржы нарықтарына қол жеткізудің шектеулі жағдайында қаржы шотының операциялары бойынша ресурстардың ағып келуі 2008 жылдың қорытындысы бойынша 2007 жылмен салыстырғанда 7,1 млрд. долларға төмендеп шамамен 1,3 млрд. долларды құрады.

Капиталмен және қаржымен жасалатын операциялар шотының әлсіреуіне қарамастан, Қазақстанның төлем теңгерімі 2008 жылы ағымдағы шоттың нығаюы арқасында оң болып құралды (шамамен 2,2 млрд. АҚШ доллары).



Бюджет

2001 – 2008 жылдар кезеңінде негізгі экспорттық тауарларға әлемдік бағаның өсуі Қазақстанның шоғырландырылған бюджетінің профицитін қамтамасыз етті. 2005 жылдан бастап 2008 жылдың күзіне дейін мұнайға аса жоғары бағалар жағдайында мұнай секторы табыстарының үлкен бөлігі Ұлттық қорда шоғырландырылды, оның мөлшері 2008 жылдың қазан айында 30 млрд. АҚШ долларын құрады. Түсімдердің ұлғаюына қарай шоғырландырылған мемлекеттік шығындар да өсті.

Әлемдік тауар нарықтарында бағалардың түсуіне дейін бюджеттік түсімдердің шамамен үштен бір бөлігі мұнай секторына келді. 2008 жылдың төртінші тоқсанында болған мұнай бағасының күрт төмендеуі бюджетке тікелей әсер етті. Нәтижесінде шоғырландырылған бюджет профициті 2008 жылы төмендеп, бағалау бойынша ЖІӨ-нің 1,5 %-ін ғана құрады.

Жұмыспен қамту

2007 жылы, сондай-ақ 2008 жылдың бірінші үш тоқсанында жұмыспен қамтудың жоғарылауы мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеу үрдісі жалғасты. 2008 жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 6,4 %-ті құрады.

Экономика өсуінің баяулауы және шаруашылық жүргізуші субъектілер табыстарының төмендеуі 2008 жылдың екінші жартысында жұмыссыздар санының көбеюіне алып келді. 2008 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 0,2 проценттік пунктке өсіп, 6,6 %-ті құрады.

Тұтас алғанда, 2008 жылы жұмыссыздық деңгейі 2007 жылмен салыстырғанда 7,3 %-тен төмендеп 6,6 %-ті құрады.



Негізгі капиталға инвестициялар

Кәсіпорындар мен ұйымдардың инвестициялық белсенділігінің сақталуынан 2008 жылы экономиканың оң өсу қарқыны ұстап тұрылды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2007 жылдың 13,5 %-пен салыстырғанда 2008 жылы 4,6 %-ке өсті.

2008 жылы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі мемлекеттік бюджеттен инвестициялардың 2007 жылмен салыстырғанда 226,4 млрд. теңгеге өсуімен және шетелдік инвестицияларының 258,4 млрд. теңгеге өсуімен байланысты болды. Бұған мемлекеттің белсенді инвестициялық саясаты мен елге тікелей шетелдік инвестициялардың тұрақты ағып келуі ықпалын тигізді.

Нәтижесінде негізгі капиталға инвестициялар құрылымында мемлекеттік бюджеттен инвестициялардың үлесі 2007 жылдың 15,8 %-тінен 2008 жылы 19,9 %-ке дейін, ал шетелдік инвестициялар үлесі, тиісінше 18,4 %-тен 23,0 %-ке дейін өсті.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстарының төмендеуі, экономикаға берілетін кредиттер көлемінің қысқаруы кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен қаржыландырылатын инвестициялардың, сондай-ақ қарыз қаражатымен қаржыландырылатын инвестициялардың төмендеуіне себепші болды. 2008 жылы өз қаражаттары есебінен инвестициялар үлесі 42,7 %-ке дейін (2007 жылғы 48,8 %-тен), қарыз қаражаттары есебінен инвестициялар 14,4 %-ке дейін (2007 жылғы 17,0 %-тен) төмендеді.

2008 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемінің 4,6 %-ке өсуі көлік саласында – 18,6 %-ке, ауыл шаруашылығына – 24,2 %-ке, саудада – 5,2 %-ке, инвестициялардың өсуімен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, инвестициялар қаржы саласында 27,8 %-ке, мейрамхана мен мейманхана саласында – 14,4 %-ке қысқарды.

Бұған қарамастан, инвестициялардың құрылымы пайдалану бағыттары бойынша елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ. 2008 жылы инвестициялардың негізгі көлемі өнеркәсіпте (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен 41 %-і), соның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде (26,2 %) құрылыста (1,5%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында (23,6%) игерілді. Өңдеу өнеркәсібінің үлесіне инвестициялардың барлық көлемінің 8,9 %-і келді.
1.2 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері туралы
2009 жылды Қазақстан экономикасы өзінің дамуын жаһандық экономикалық дағдарыс, мұнайға, металдарға және басқа да ресурстарға бағалардың төмен деңгейі жағдайында бастады. Халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша 2009 жылы әлемдік экономиканың құлдырауы күтілуде. ХВҚ әлемдік ЖІӨ-нің 1,4 %-ке қысқаруын бағалап отыр, Дүниежүзілік Банк әлемдік экономиканың 2,9 %-ке төмендеуін болжап отыр.

Әлемдік шаруашылыққа едәуір біріктірілген Қазақстан экономикасы өткен жылдың соңынан бастап негізгі саудадағы серіктес елдер экономикасының баяулауының, соның салдарынан Қазақстанның экспорттық өнімдерге сұраныстың қысқаруының жағымсыз әсерін өзінде сезеді.

2009 жылдың басынан бастап елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері сондай жағымсыз әсердің күшеюі туралы айғақтайды.

Өндіріс көлемдерінің қысқаруы байқалады. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіндегі (9,5 %-ке) сияқты, электр энергия, газ және суды бөлуде де (6,5 %) төмендеуі есебінен өнеркәсіп өндірісі көлемі 2,7 %-ке қысқарды.

Құрылыста белсенділіктің төмендеуі байқалады, оның көлемі 10,9 %-ке қысқарды.

Өндіріс сеторындағы көлемдердің төмендеуі тұтынатын өндіріс қызметтерінің қысқаруына ықпал ететін болады. Жүктерді тасымалдау көлемі 10,9 %-ке, байланыс қызметтерінің өсу қарқындары 3,6 %-ке дейін төмендеді.

Ішкі нарықта тұтыну сұранысының төмендеуі байқалады. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,6 %-ке дейін төмендеді.

Экономикадағы инвестициялық белсенділік төмендеуде. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 14,8 %-ке өсу байқалған өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,3 %-ке төмендеді.

Нақты ЖІӨ бағалау бойынша 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 2,3 %-ке дейін төмендеді.

Экспортталатын тауарларға әлемдік бағаның төмен деңгейі, өндіріс көлемдерінің, импортқа сұраныстың төмендеуі сыртқы сауда көлемдерінің қысқаруына ықпал етуде. Қаңтар-маусымда экспорт – 51,0 %-ке, импорт – 22,8 %-ке төмендеді.

Валютаға банк секторы тарапынан сыртқы борышқа қызмет ету үшін сұраныстың сақталуы кезінде елге валютаның ағылып келуінің қысқаруы теңгенің бағамына, оның әлсізденуі жағына қарай қысым жасай бастады.

2009 жылдың басына Қазақстанның саудадағы серіктес елдерінің валюталарының құнсыздануы аясында теңгенің тұрақты бағамы қазақстандық экспорттаушылардың сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін төмендетті.

Алтын-валюта резервтерінің созылмалы қысқаруына жол бермеу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық экспорттаушылардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мақсатында 2009 жылдың ақпан айының басында теңгенің құнсыздануы жүргізілді.

Ағымдағы жылдың басынан бергі инфляция серпіні оның деңгейінің жоспарланған шегінде тұрғанын көрсетіп отыр.

Ағымдағы жылдың маусым айында инфляция деңгейі 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда 3,9 %-ті құрды. 2009 жылдың маусым айында жылдық мәнінде инфляция деңгейі 2008 жылдың тиісті айына қарағанда 7,6 %-ті құрды.

Теңгенің құнсыздануы нәтижесінде негізгі қымбаттау негізінен импортталатын азық-түлік емес тауарларға келді. Егер ағымдағы жылдың қаңтар айында азық-түлік емес тауарларға бағаның 0,4 %-ке төмендеуі орын алса, онда ақпанда олар 1,8 %-ке, наурызда – 1,5 %-ке, сәуірде – 0,9 %-ке, маусым айында 0,6 % қымбаттап, баяулағанын көрсетті. Азық-түлік тауарларының бағасына құнсыздану ондай қатты әсер еткен жоқ, қаңтарда олар 0,2 %-ке, ақпан мен наурызда – 0,6 %-ке, сәуірде – 1,1 %-ке, мамырда 0,9 %-ке және маусым айында 0,2 % қымбаттады.

2009 жылғы II тоқсандағы макроэкономикалық көрсеткіштердің сттистикасы экономикалық дамудың жандану белгілерін көрсетіп отыр. 2009 жылдың II тоқсанынан бастап ЖІӨ-нің төмендеу қарқындарының баяулауы байқалады. Өзінің құлдырауын сәуір және мамырда баяулатып, 2009 жылдың маусымында ЖІӨ жыл басынан бері алғашқы рет өткен жылдың тиісті айына қарағанда 1,4 %-ке өсті.

Тұтас алғанда, 2009 жыл бойынша нақты ЖІӨ-нің өсуі 0,1 % деңгейінде бағаланып отыр. 2009 жылы құлдырауға жол бермеу жоспарланып отырған ауыл шаруашылығында 3 %-ке, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 3,1 %-ке және қызметтердің тұтас алғанда 1,3 %-ке өсуінің есебінен қамтамасыз етіледі.


2. 2010 2014 жылдары даму факторлары мен жағдайлары
2.1 Cыртқы даму жағдайлары
2009 жылы әлемдік экономиканың құлдырауынан кейін 2010 жылдан бастап, халықаралық ұйымдардың болжамдары бойынша, экономикалық белсенділіктің біртіндеп көтерілуі күтілуде. Сонымен қатар, әлемдік экономиканың құлдырауын ХВҚ едәуір терең деп бағалап отырғандықтан, көтерілу, тиісінше, баяу болады.

Елдердегі қаржы жүйесіне сенімділікті қалпына келтірумен қоса дағдарысқа қарсы белсенді шаралар өсуді жылдамдатуға ықпал ете алады.

Орта мерзімді кезеңде әлемдік қаржы дағдарысынан болған жаһандық қаржы нарықтарын түзету, әлемдік капиталды қауіптерді төмендету мақсатында қайта тарату жүргізіледі.

Орта мерзімді кезеңде әлемдік экономиканың жандануы мен оның өсу қарқындарының жоғарылауы сұраныстың өсуіне және ресурстарға бағалардың өсуіне ықпал ететін болады.

Әлемдік экономиканың даму перспективаларын ескере отырып, орта мерзімді кезеңде әлемдік тауар нарықтарында бағалардың күрт өсуі күтілмейді.

Халықаралық ұйымдар мұнайға, металдарға әлемдік бағалардың біртіндеп көтерілуін болжап отыр.

2010 жылдан бастап әлемде мұнайды тұтынудың 2014 жылға дейін жыл сайын 1,5-3 %-ке өсетіні күтілуде.

Халықаралық ұйымдардың болжамдары бойынша 2010 жылы мұнайға әлемдік баға бір барреліне 60-70 АҚШ доллары шегінде болады.

ABARE-нің (Австралия Үкіметі жанындағы ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану және энергетика саласындағы экономикалық зерттеулер бюросы) болжамдары бойынша 2010 жылдан бастап металдарды әлемдік тұтыну көлемі орта есеппен 2014 жылға дейін жылына 4-6 %-ке өсуі күтілуде, бұл металдарға бағалардың көтерілуіне мүмкіндік тудырады.

Орта мерзімді кезеңде бір уақытта әлемдік қаржы нарықтарында өтімділік тапшылығы проблемасы сақталып қалады.

Әлемдік экономикадағы жағдайдың нашарлай түсуіне, әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың кезекті және тым елеулі құлдырауына алып келетін 2009 жылдың соңында және 2010 жылдың басында жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың екінші толқынының мүмкін болатыны туралы әртүрлі сараптамалық бағалаулар болып жатыр. Нәтижесінде әлемдік экономиканың қалпына келуі кейінірек кезеңге шегерілуі мүмкін.

Әлемдік қаржы-экономикалық жүйеде жағдайды нашарлатуға ықпалын тигізе алатын үйлеспеушілік орын алуда. Жаһандық дағдарыстың екінші толқынының мүмкін болуын анықтайтын тәуекелдер бар. Бұл белгісіздік нақты сектор мен тұтынушылық сұранысын қолдау бойынша мемлекеттің тиімді шаралары. Бұдан басқа, банк секторындағы проблемалар болжамданғаннан да терең және өзекті болуы мүмкін, бұл банк активтері сапасының нашарлауына әкеліп соғады. Негізгі дамыған елдердегі экономикалық белсенділік азаюы факторлардың бірі болып табылады. АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде, Жапонияда экономикадағы оң қозғалыстардың болмауы және жұмыссыздықтың өсуі кейіннен тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.

Бұдан басқа, 2009 жылы энергоресурстар мен металдарды тұтыну мен өндіруді қолдау көбінесе Қытайдың ішкі қорларын өсірумен болғандығын ескерсек, онда әлемдік нарықтағы ресурстарды тұтынудың қысқаруы және Қытайдың ішкі қорларына ауысуы әлемдік тауар нарығындағы бағалардың кезекті күрт төмендеуіне және өдірістің құлдырауына алып келуі мүмкін.

Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысының екінші толқынының өрбуі әлемдік экономиканың кезекті құлдырауына және оның қалпына келуін неғұрлым кейінгі кезеңге қалдыруына әкеп соғады.

Әлемдік экономиканың даму үрдістері және Қазақстан экономикасы дамуының сыртқы жағдайлары әлемдік экономиканың серпініне, мұнайға әлемдік бағаның деңгейіне және әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдайларға байланысты дамудың үш мүмкін сценарийін қарастыруға мүмкіндік береді.

1-нұсқада (пессимистік болжам) орта мерзімді перспективада әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайдың нашарлауы бөлігінде барынша пессимистік болжамдар көзделуде.

Аталған сценарий бойынша мұнайдың әлемдік бағасы (Brent) 2010 жылы бір барреліне орташа 30 АҚШ долларына дейін төмендеп, кейін 2011 жылға 35 АҚШ долларына және 2012 – 2014 жылдары 40 АҚШ долларына дейін артуы болжанады.

Әлемдік қаржы нарықтары сыртқы қарыз алу үшін жабық болады.

2-нұсқада әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайлар тұрақталады және сыртқы қарыз алу шарттары жақсарады деп болжанады.

2010 жылы мұнайдың әлемдік бағасы бір барреліне орташа 50 АҚШ доллары деңгейінде болып, кейін 2011 – 2014 жылдары бір барреліне 60 АҚШ долларына дейін артады.

Орта мерзімді кезеңде металдарға әлемдік баға жыл сайын орташа 5 – 8 %-ке артады.

3-нұсқа бойынша (оптимистік сценарий) мұнайдың әлемдік бағасының 2010 жылы бір барреліне орташа 60 АҚШ доллары, кейін 2014 жылға қарай – 85 АҚШ долларына дейін артуы болжанады.

Әлемдік қаржы нарықтарындағы жағдай жақсарады, екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыз алуына кең жол ашылады.

Әлемдік экономикадағы және әлемдік тауар нарықтарындағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, барынша ықтимал 2-нұсқа болып табылады. Экзогенді параметрлердің негізгі маңызы осы нұсқа бойынша дамудың қалыптасқан үрдісіне жақын.

2.2. Ішкі даму жағдайлары
Дағдарыс кезеңінен кейін Қазақстан экономикасы дағдарыстан кейінгі даму кезеңіне кіреді, ол өсуді қалпына келтіру кезеңі және экономиканың сапалы және теңгерімді өсуі кезеңінен тұратын болады.

Өсуді қалпына келтіру кезеңінің ұзақтығы әлемдік экономика дамуының үрдістеріне тәуелді болады. Қазақстандық экономиканың ағымдағы даму жағдайларын, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың әлемдік экономиканың даму перспективаларына қатысты болжамдарын ескере отырып, Қазақстан экономикасының өсуін қалпына келтіру кезеңі 2012 жылы аяқталуы мүмкін. Бағалаулар бойынша, 2012 жылға қарай ЖІӨ халықтың жан басына шаққанда 2008 жылдың деңгейіне, яғни өткен жылдардағы ең жоғары көрсеткішіне жетеді.

Өсуді қалпына келтіру кезеңінде экономиканың теңгерімді және сапалы өсу кезеңіне өту үшін негіз қалыптасады.

2010 – 2014 жылдардағы дамудың сыртқы жағдайларын ескере отырып Қазақстан экономикасы келесі ішкі факторлардың әсерінен дамитын болады.

Әлемдік экономиканың жандануына және Қазақстанның экспорттық өнімдеріне сыртқы сұраныстың артуына орай, резервтік қуаттарды іске қосу есебінен өнеркәсіп өндірісінің өсуі қалпына келеді. Сөйтіп, металлургия саласында және тау-кен өнеркәсібінің ілеспе салаларында белсенділік артады.

Бұдан басқа, мұнай өндіру көлемінің арттыруынан көрінетін мұнай және табиғи газ өндіру салаларында белсенділік байқалатын болады.

Экономиканың мемлекеттік секторында белсенділіктің сақталуы, сондай-ақ Үкіметтің, Ұлттық Банктің және ҚҚА-нің экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) шеңберінде іске асырылатын экономика секторларын мемлекеттік қолдау шаралары экономикалық белсенділікті қолдауға ықпалын тигізетін болады.

Жоспардағы агроөнеркәсіптік кешенді, шағын және орта бизнес субъектілерін, құрылысты қаржыландыруға көзделген қаражат ауыл шаруашылығында, өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету, соның ішінде сауда және көлік саласында белсенділіктің артуын қамтамасыз етеді.

Сыртқы күйзелістердің ықпалына тап болған экономика секторларын қалпына келтірудегі жоғары шығасыларды болдырмау үшін мемлекет тарапынан оларға басқарылатын түзетулер талап етіледі. Бұл ретте мемлекеттік реттеу саясаты макроэкономикалық тұрақтылыққа зиянын тигізбей экономиканың дамуын ынталандыратын, теңгерімді болуы тиіс. Экономиканың теңгерімді және сапалы өсу кезеңінде осындай ұстаным экономиканы «сауықтыруды», оның қайта «қызып кетуін» болдырмауды және перспективада инвестициялардың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Экономикалық өсудің тұрақты және серпінді қарқындарын әлемдік экономика дамуының серпініне қатаң байланыстыра отырып қолдауға мүмкін емес болады.

Осы кезеңде дағдарыстан шығу жолдарын табу ғана емес, сонымен қатар бұрынғы қателіктерді талдау, одан әрі өсудің негізгі басымдықтары мен бағыттарын анықтау, дағдарыстан кейінгі кезеңде дамудың жаңа моделін құрудың негізгі тәсілдерін әзірлеу міндеті тұр. Экономикалық дамудың тұрақтылығы экономиканың өсуінің қайнар көздерінің ішкі сұраныс пен ұсыныс факторларына қайта бағдарлауға, олардың өсуді қамтамасыз етудегі рөлінің артуы, ішкі сұранысқа бағдарланған шикізат емес салаларды және экономиканың өзегі деп аталатын – әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттікке ие салаларды дамытуда жүзеге асырылатын болады.

Елді 2010 – 2014 жылдардағы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы Экономиканы әртараптандыруға және саудаланбайтын салаларды дамытуға жәрдемдесетін болады. Индустриализациялау саясатын іске асыру экономикада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және оның сапалы өсуіне ықпал ететін болады.

Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру ел экономикасының дамуына оң әсер етеді.

Банктердің ақша ұсынысының қажетті деңгейін және экономиканы несиелендіру көлемін қамтамасыз ету экономиканың өсуін ынталандыратын фактор болып табылады. Сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша негізгі соманы өтеу, банк активтері сапасының жақсаруы нәтижесіндегі банк секторының оңалуы екінші деңгейлі банктердің несиелендіру белсенділігінің артуына жол ашады. Бұдан басқа, банк жүйесіне экономика субъектілерінің сенімін қалпына келтіру депозиттік базасының өсуін және ішкі көздердің есебінен банктердің ресурстық базасының толығуын қамтамасыз етеді.

Ішкі әлеуетті дамытуды толық іске асыру перспективада дағдарыстан кейінгі кезеңде нарықтағы бәсеке шиеленісіне дағдылану, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективадағы сынақтарға бейімделу үшін жеткілікті экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз етеді.

3. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты индикаторлары
Экономиканың өсуі, кіріс деңгейі, жұмыспен қамту және инфляция деңгейі бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторлары Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айқындалады.

2010 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай қойылған экономиканың өсу параметрлерін қамтамасыз ету мақсатында 2010 – 2014 жылдары нақты ЖІӨ-ні 15,7 %-ке ұлғайту көзделеді.

Қазақстанның 2020 жылға қарай ЖІӨ көрсеткіші бойынша жан басына шаққандағы жоғары деңгейлі табысы бар елдердің қатарына кіруін қамтамасыз ету үшін 2014 жылға қарай аталған көрсеткіш 10 мың АҚШ доллары деңгейіне дейін жеткізілетін болады.

Ұзақ мерзімді кезеңдегі инфляция деңгейінің төмендеуіне оның орта мерзімді кезеңдегі 2009 жылдың соңында 8,0 – 8,5 %-тен 2014 жылдың соңына 7 %-ке дейінгі деңгейге төмендеуі ықпал ететін болады.

Жұмыссыздық деңгейін 2020 жылға қарай 5 %-тен аспайтын деңгейде қамтамасыз ету үшін 2010 – 2014 жылдары оның 7 %-ке дейін төмендеуі жоспарланып отыр.


4. Елдің 2010 2014 жылдарға арналған экономикалық

саясаты және әлеуметтік-экономикалық даму болжамы




4.1 Экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттері

Қалпына келтіру кезеңінде дағдарыс кезінде бәсеңдеген салалардың өсу қарқыны, дағдарысқа дейінгі деңгейге жетуі тиіс, одан кейін бірінші қатарға Қазақстанның өндірістік әлеуетін кеңейтуге арналған негіздің іргесін қалау көрініс табады.

2010 – 2014 жылдарға арналған экономикалық саясаттың мақсаты – экономиканың өсуін қалпына келтіру және экономиканың одан әрі сапалы және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.

ЖІӨ-нің нақты өсуін қалпына келтіру, экономиканың сапалы және теңгерімді өсуі қолайлы макроэкономикалық ортаны қамтамасыз еткен кезде мүмкін болады. Өз кезегінде, орта мерзімді кезеңдегі экономикалық өсудің сапасы мен тұрақтылығы экономиканың «өзегімен» қамтамасыз етілуі тиіс.

Экономикалық саясат шеңберінде қойылған мақсатқа жету үшін мынадай негізгі міндеттер шешілетін болады:

макроэкономикалық тұрақтылықты және экономиканың өсуін қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

«отандық экономиканың «өзегін» қалыптастыру.

Қойылған міндеттерді орындау үшін ақша-кредит, фискалдық және құрылымдық саясаттар құралдарын теңгерімді пайдалануды қамтитын, макроэкономикалық саясатты іске асырудың біртұтас жүйесін қалыптастыру қажет.



Құрылымдық саясат экономиканың тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз етуде ішкі факторлар рөлін арттыруға бағытталатын болады. Бұл үшін ішкі сұранысқа бағдарланған, «шикізат емес» салаларды дамыту жағына қарай экономиканың құрылымын қайта құру жүзеге асырылады. Экономиканың өсуін қалпына келтіру шаралары бойынша әлемдік нарықта және «экономиканың өзегі» салаларында бәсекеге қабілеттікке ие салаларын жеделдете дамыту ынталандырылатын болады.

Құрылымдық саясатты іске асыру, экономиканың шикізат емес салалары үлесінің өсуін және экономиканы жаңғырту үдерісін жеделдетуді ынталандыратын жаңа Салық кодексінің жағдайында жүзеге асырылады.

Құрылымдық саясат шеңберінде:

елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына мемлекеттік инвестициялар;

экономиканың шикізат емес салаларын дамытуды, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыруды мемлекеттік қолдау;

даму институттарының қатысуымен экономиканың шикізаттық емес секторларына ұзақ мерзімді инвестицияларды ынталадыру;

жеке сектордың инвестициялық белсенділігін ынталандыру;

мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігін алуды да одан әрі дамыту көзделеді.

Экономиканың өсуін қалпына келтіру үшін экономикалық белсенділікті арттыру үшін қажетті ақша ұсынысының көлемін қамтамасыз етуге бағытталған, бірақ бұл ретте экономикаға инфляциялық қысым көрсетпейтін, ынталандыратын ақша-кредит саясаты жүргізіледі.

Алайда, «арзан ақшалар» саясатын ұзақ жүргізу инфляциялық үдерістердің жеделдеуіне ықпал етуі мүмкін. Сондықтан, экономиканың өсуін қалпына келтіру шаралары бойынша ақша-кредит саясатының екпіні инфляцияға қарсы реттеу жағына ауысады.

Ақша-кредит саясаты әлемдік және отандық экономикалардағы ахуалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады. Қысқа мерзімді ноталар шығару, екінші деңгейдегі банктер депозиттерін тарту, барынша аз резервтік талаптардың өзгеруі ақша-кредиттік реттеудің негізгі құралдары болып қала береді. Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкалар ақша нарығындағы қалыптасатын ахуалға байланысты реттелетін болады.

Ішкі валюта нарығында спекулятивтік факторлар мен шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы арақатынасымен негізделген теңгенің айырбас бағамының қысқа мерзімді шұғыл құбылуына жол берілмейтін болады.



Фискалдық саясат құрылымдық және ақша-кредит саясатының шараларымен жиынтықта экономиканы қалпына келтіру және оның өсуін одан әрі ынталандыруға жағдайлар туғызуға бағытталады.

Экономиканың дамуын ынталандыру макроэкономикалық тұрақтылыққа зиянын тигізбеуді ескере отырып жүзеге асырылады.

Фискалдық саясат шеңберінде бір жағынан жиынтық сұраныстың деңгейін, басқа жағынан - экономиканың өсуін қалпына келтіру үшін қажетті мемлекеттік инвестициялар есебінен инвестициялық белсенділік деңгейін қамтамасыз ететін мемлекеттік шығыстар деңгейін қолдау көзделеді.

Мұнайдан алынған кірістерді тәртіпті және тиімді басқару жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа, құрылымдық, ақша-кредит және фискалдық саясатының шаралары экономиканың «төзімділік қоры» қалыптасуына, оның сыртқы күйзелістерге әлсіздігі дәрежесінің төмендеуі, экономиканың «қызып кетуі» қайталану қатерін және перспективада «голланд ауруы» дамуын бейтараптандыруға ықпал етеді.

4.2 Елдің 2010 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

Орта мерзімді кезеңдегі негізгі теңгерімді экономикалық өсу инвестициялық үдерістерді және тұтынушылық белсенділікті ынталандыру болып табылады.

2010 – 2014 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны жылына орташа 3,6 %-ті құрайтын болады. Бұл белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың жинақталуының жеткілікті жоғары өсуін қамтамасыз етеді.

2010 – 2014 жылдары тұтынудың өсуі орташа 2,6 %-ті құрайды. Бұл ретте, мемлекеттік тұтыну үй шаруашылықтарындағы тұтынумен салыстырғанда барынша жоғары қарқынмен өседі.

Тұтастай алғанда Үкімет ЖІӨ-нің құрамдауыштары өсуінің мынадай параметрлерін қамтамасыз етеді.
1-кесте
2010 2014 жылдары экономика өсуінің параметрлері, өткен жылға қарағанда %


Көрсеткіштер

2010

2011

2012

2013

2014

Тұтыну

101,0

102,2

102,9

103,3

103,7

оның ішінде жеке

101,2

102,0

102,8

103,2

103,5

мемлекеттік

101,0

102,8

103,5

103,7

104,0

Инвестициялар

101,1

103,4

103,8

104,4

105,1

Тауарлар және қызметтер экспорты

104,9

102,5

102,8

102,3

103,4

Тауарлар және қызметтер импорты

103,9

102,6

103,3

102,8

103,5

Тиісінше алдағы орта мерзімге арналған фискалдық саясат мемлекеттік тұтыну мен инвестициялардың көрсетілген параметрлерін қамтамасыз ету қажеттілігін негізге ала отырып құрылады.

2010 – 2014 жылдары нақты ЖІӨ-нің өсу қарқынының 2010 жылы 2,4 %-тен 2014 жылы 3,9 %-ке біртіндеп ұлғаюы болжанады.

2010 – 2014 жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі жылдық орташа өсімі 4,0 %-ті құрайды.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2010 – 2014 жылдары орташа алғанда 3,4 %-ке өседі.

Тау-кен, сол сияқты өңдеу секторындағы өндіріс көлемінің артуы өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуіне ықпал етеді.

Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2009 жылы 75,0 млн. тоннадан 2014 жылы 85,0 млн. тоннаға дейін артады.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы құрылыс және көлік қызметі көлемінің өсуіне ықпал етеді.

Құрылыс көлемінің өсу қарқынының 2010 жылы тиісінше 1,0 %-тен 2014 жылы 3,7 %-ке дейін, көлік қызметінің –1,7 %-тен 4,0 %-ке дейін артуы болжамдануда.

Байланыс қызметінің көлемі болжамдар бойынша орташа алғанда жылына 5,8 %-тен астам деңгейде өсіп отырады.

Орта мерзімді кезеңде әлемдік тауар нарығында бағалардың артуы және өндіріс көлемдерінің ұлғаюы экспорт көлемінің ұлғаюына мүмкіндік туғызады. Ішкі табыстардың өсуі импорттың ұлғаюына ықпал етеді.

2010 жылы ағымдағы шот дефицитінің ЖІӨ шаққандағы тапшылығы 2,8 % деңгейінде болжануда, одан кейінгі 2011 – 2012 жылдары оның 1,8 %-ке дейін біртіндеп төмендейді.



2-сурет
2010 – 2012 жылдарға арналған төлем теңгерімінің болжамы*

* Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің болжамы
Төлем теңгерімінің болжамды параметрлері ақша-кредит саясаты параметрлері және елдің орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық дамуы параметрлерімен үйлесімді болып отыр.

Болжамдар бойынша 2014 жылы ЖІӨ халықтың жан басына шаққанда 10 мың АҚШ долларынан астам соманы құрайды.


3-сурет
2010 – 2014 жылдарға арналған ЖІӨ-нің халықтың жан басына шаққандағы болжамы

Қалпына келтіру және алдағы уақытта тұрақты экономикалық өсу қарқынын қолдау саясатын жүргізу басымдықтар ретінде халықтың өмір тіршілігінің сапасын және әлеуметтік стандарттарын орнықты арттыруды көздейді.

Жұмыссыздық деңгейінің 2010 жылғы 7,6 %-тен 2014 жылы 7,0 %-ке дейін төмендеуі болжанып отыр.

2010 – 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштердің болжамы қосымшада берілген.


4.3 Макроэкономикалық тәуекелдер және ден қою тетіктері
Теңгерімделген және сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету саясатын іске асыру кезінде жағдайлардың өзгеру дәрежесіне байланысты ден қоюдың әртүрлі тетіктерін талап ететін белгілі бір макроэкономикалық қауіптердің пайда болуы мүмкін.

Әлемдік экономиканың дағдарыстан шығу белгілерінің жоқтығы, шикізат ресурстарына әлемдік бағалардың одан әрі төмендеуі, сыртқы нарықтардың қарыз алуға жабық болуы салдарынан экономикалық жағдайлардың нашарлауы, мемлекеттік бюджеттің түсімдері мен шығыстарының төмендеуіне, теңгенің құлдырау жағына қысым көрсететін, елге шетелдік валюта ағымының қысқаруына, іскерлік және тұтынушылық белсенділіктің төмендеуіне және кейіннен экономиканың рецессиясына алып келеді.

Инвестициялық, іскерлік және тұтынушылық белсенділікті қосымша ынталандыру мақсатында экономика секторларының өтімділігін қосымша қолдау жөнінде шаралар қолданылатын болады:

Ұлттық қордан қосымша қаражат тарту;

кредитке тәуелді салаларды қолдау үшін, оның ішінде, мемлекеттік компаниялар мен даму институттарының ресурстарын тарту;

екінші деңгейлі банктердің өтімділігін арттыруды, соның ішінде, ең кіші резервтік талаптардың нормативтерін қайта қарау арқылы қолдау.



Жағдайлар жақсарған кезде – шикізат ресурстарына әлемдік бағалар едәуір өскен кезде, сыртқы қарыз алуларға қол жетімділік ашылған жағдайда елге шетелдік валюта ағынының артуы, бюджет түсімдері мен шығыстарының өсуі болады, бұл, өз кезегінде, «экономиканың қайта қызып кетуіне», инфляция деңгейінің артуына, сондай-ақ теңгенің нығаю жағына және шикізат емес экспорттың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Осы жағдайда мынадай қажетті шаралар қабылдануы қажет:

артық өтімділікті және ақша эмиссиясын стерильдеу;

Ұлттық қордағы жинақтарды ұлғайту;

фискальдық саясатты қатаңдату (бюджет шығыстарын ЖІӨ-нің номиналдық өсуі қарқынынан төмен деңгейге дейін қысқарту);

ақша-кредит саясатын қатаңдату (ең кіші резервтік талаптардың тетіктері және реттелетін ставкалар арқылы);

Ұлттық банктің халықаралық резервін ұлғайту;

Банк секторының сыртқы қарыздармен байланысты тәуекелдерді шектеу.

Банкттердің несиелендіруіне барынша тәуелді экономика секторларында «қызып кетудің» қайталану мүкіндігіне байланысты капитал ағындарын шектеу мен әртараптандыруды және экономика салаларын құрылымдық реттеу шараларын көздеу қажет.


5. Бюджет параметрлерінің болжамы
5.1 Бюджет-салық саясатының негізгі бағыттары
Алдағы орта мерзімді кезеңде фискалдық саясат жедел қалпына келтіруді қамтамасыз ету және экономиканың одан әрі сапалы өсуі үшін әлемдік экономикалық және қаржы дағдарысының салдарын еңсеру, мемлекеттік басқару мен жоспарлау жүйесін сауықтыру және оны жетілдіру жөніндегі шараларды қамтитын үш деңгейлі бағыт бойынша бір мезгілде жүргізіледі:

Бірінші бағыт – экономиканы қолдау жөніндегі бірінші кезекті шаралар ел азаматтарының тұрмыс деңгейінің жоғарылауын және жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуді қоса алғанда, әлеуметтік проблемаларды шешу салаларында осыған дейін қабылданған шараларды іске асыруды жалғастыруды, қаржы секторын тұрақтандыруды, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешуді, шағын және орта бизнесті қолдауды, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік және ұлттық холдингтердің күшімен іске асыруды көздейді. Жекелеген салық ставкаларын азайтуды қоса алғанда, салық саясатын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жалғасады. Бұдан басқа, жағдайға байланысты жедел әрі икемді түрде бюджет саясатын түзететін икемді шешімдер, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау шаралары қолданылатын болады.

Екінші бағыт – мемлекеттік қаржыны сауықтыру мемлекеттік жоспарлаудың нақты жігіне сәйкес бюджеттік жоспарлауды жүзеге асыруды көздейді: мемлекеттік мақсаттар – мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттары – тактикалық міндеттер – іс-шаралар – ресурстар – бюджет. Өз кезегінде, бюджет оңтайлы шараларды және экономикаға оң әсер ететін орта мерзімді және ұзақ мерзімді келеңсіз салдарларға – инфляцияға, бюджет тапшылығының күрт өсуіне әкеп соқпайтын бюджет қаражатының көлемін айқындауға құрылады. Сондай-ақ 2009 жылы шығыстарды оңтайландыру нәтижесіне қысқартылған бюджеттің ағымдағы шығындарының өсуін тежеуді, инвестициялық жобаларды басталған жобаларды аяқтау және жаңаларын іске асырудың, оның ішінде әртүрлі бағыттар бойынша қаржыландыруға көптеген жобаларды алу себебінен созылуына жол бермеу арқылы іске асыруды реттеуді көздейді.

Үшінші бағыт – дағдарыстан кейінгі кезеңде экономиканың сапалы өсуінің негіздерін қамтамасыз ету, ол бір жағынан бюджеттік қаржыландырумен, екінші жағынан экономикалық саясаттың жеке меншік инвестициялардың деңгейін, басым бағыттар бойынша жұмыспен қамтуды арттыруға, сондай-ақ экономиканың құрылымын тиісті өзгертулерге және тиісті салалардағы экспорттың үлесін арттыруға бағытталған реттеу шараларымен бекітілетін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлаудың нақты басымдықтарын тұжырымдауды көздейді.



Салық саясаты

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) жаңа Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енгізілді, ол экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға, бизнесті «көлеңкеден» шығаруға ықпал етеді.

Жаңа Салық кодексі:


  • экономиканың шикізат емес секторына түсетін жалпы салық жүктемесін азайту;

  • экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға ықпал ететін жағдай жасау;

  • салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және салықтық рәсімдерді оңайлату есебінен бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту.

Төмендегі нормалар Салық кодексінің барынша маңызды әрі концептуалдық негізгі тұстары болып табылады:

Салықтық жүктемені төмендету мақсатында 2009 жылдан бастап корпоративтік табыс салығының ставкасы 30 % -тен 20 %-ке дейін төмендеді.

Корпоративтік табыс салығының ставкасының төмендеуіне қосымша инвестициялық салық преференцияларын алу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді, инвестициялық салық преференциялары корпоративтік табыс салығы бойынша ғана берілетін болады. Жеңілдік үш жылға дейінгі кезең ішінде инвестицияларды жедел шегеру нысанында қолданылады.

Сонымен бір мезгілде зияндарды өтеудің мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін ұзартылады, бұл инвестициялық жеңілдіктердің артықшылықтарын толығынан пайдалануға мүмкіндік береді;

2009 жылдан бастап қосылған құн салығының ставкасы 13%-тен 12 %-ке дейін төмендеді. 2009 жылдан бастап «дебетті» сальдо деп аталатын, яғни тауар беруші төлеген ҚҚС сомасының сатып алушы төлеген ҚҚС сомасынан асқанын қайтару туралы ереже енгізілді. Бұл шара салық төлеушінің тауар берушілерге төлеген, әсіресе негізгі құралдарды жаңғырту мен жаңарту кезеңінде төлеген ҚҚС нысанындағы айналым құралдарын тоқтатып қоюды жоюға бағытталған.

Тіркеуге міндетті түрде қою кезінде қосылған құн салығы бойынша минималды айналым шегі 15 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен 30 000 еселік мөлшерге дейін жоғарылатылды, бұл шағын бизнеске салықтық және әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.

Әлемдік қаржы дағдарысы себебінен экономиканы тұрақтандыру жөніндегі бүгінгі жағдайда Салық кодексінде қаржы секторындағы салық салуға қатысты бірқатар мәселелер көрініс тапты.

Атап айтқанда, 2009 – 2011 жылдар кезеңіне левередждің (жеткілікті капиталдандыру ережесі) шекті коэффициентін ұлғайту есебінен сыйақыны шегеру мөлшері қаржы ұйымдары үшін 7-ден 9-ға дейін, өзге де заңды тұлғалар үшін 4-тен 6-ға дейін ұлғайтылды.

Шағын кредит ұйымдарына салық кезеңі ішінде берілген кредит сомасының 15 %-інен аспайтын күмәнді шағын кредиттердің орнына резервтер құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегерімге жатқызу құқығы берілді.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесі реформаланды.

Жер қойнауын пайдалану бөлігінде роялтиді пайдалы қазбаларды өндіру салығымен (ПҚӨС) ауыстыру көзделген. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу жер қойнауын пайдаланушы өндіретін пайдалы қазбалар көлемінің әлемдік баға бойынша есептелген құнына қарай жүргізіледі. Бұл ретте, рентабельдігі төмен, суландырылған, аз дебетті және өндірілген кен орындарын игеретін жер қойнауын пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жеңілдікті ставкалар белгіленеді. «Теңізшевройл» (ТШО) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен қолданыстағы Өнімді бөлу туралы келісім-шарттан (ӨБК) басқа, барлық жер қойнауын пайдаланушылар үшін келісім-шарттардың салықтық режимінің «тұрақтылығы» ережесі алынып тасталды.

Әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде 13-тен 5 %-ке дейінгі ставкасы бар салықтың регрессивті шкаласынан 11 %-і ставкасымен жазық шкалаға көшу жүзеге асырылды. Жеке табыс салығы бойынша бірыңғай ставка 10 % деңгейінде сақталды.

Сондай-ақ салық кодексіне мүліктік салықтарды реформалау, айталық барлық мүліктен жылжымайтын мүлікке дейін мүлікке салық салу базасы қысқартылды, заңды тұлғалардың құны 120 млн. теңгеден астам қымбат бағалы мүліктеріне ставкалар 0,5-тен 1%-ке дейін көтерілді, сондай-ақ көлік құралдарына салықтарды есептеген кезде көлік құралдарына арналған түзету коэффиценттері алынып тасталды.

Салықтық әкімшілендіру Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің болмыстарымен сәйкестендірілді. Салықтық реформаның басқа да бағыттарымен қатар жаңа Салық кодексі тікелей әсері бар заң болуға тиіс екендігі нақты айқындалды, бұл ретте, ол әкімшілендірудің сапасы мен салық төлеушілердің мүдделерін үйлестіруі тиіс. Осымен байланысты, Салық кодексіне салық салу саясатындағы нормативтік құқықтық актілер барынша толық енгізілді, салық рәсімдері оңайлатылды.



Кіріс түсімдерін болжау

2010 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кірістері Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері негізінде айқындалған.

Кірістерді есептегенде мемлекеттік басқару және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлердің жалақыларын 2010 жылы 1 шілдеден 25 %-ке, 2011 жылы 1 шілдеден 30 %-ке арттыру және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударымдардың 2010 жылы 5%-ке дейін арттырудың нәтижесінде әлеуметтік салықтың және 2010 – 2012 жылдары ең төменгі жалақы мөлшерінің ұлғаюына байланысты жеке табыс салығының төмендеуі ескерілді.

2- кесте
Мемлекеттік бюджеттің кірістері ЖІӨ-ге %


Көрсеткіштер атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Кірістер

14,2

15,2

15,0

Салықтық түсімдер

13,6

14,6

14,4

Салықтық емес түсімдер

0,4

0,4

0,4

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

0,2

0,2

0,2

Ұлттық қорға жіберілетін бюджетке түсімдер көлемінің 2010 – 2012 жылдарға арналған болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері негізінде жасалған: мұнай өндіру, мұнайға әлемдік баға, АҚШ долларына теңгенің бағамы, сондай-ақ алдыңғы жылдардағы түсімдердің серпіні, ағымдағы жағдайды талдау.

2010 жылы Ұлттық қорға тікелей салықтардың түсімдері ЖІӨ-ге 7,9 % деңгейінде болжанып отыр, 2011 жылы – 8,3 %, 2012 жылы – 8,0 %.
4-сурет
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына тікелей салықтық түсімдердің 2010  2012 жылдарға арналған болжамы


Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары
Соңғы жылдар бойы Қазақстан экономикасы орнықты өсуді көрсетіп, шоғырландырылған бюджеттің профицитін қамтамасыз етіп отырды. Атап айтқанда осы біздің елімізге бүгінгі таңда әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жұмсартуға мүмкіндік берген резервтерді жинақтауға мүмкіндік берді.
5-сурет
2008 – 2012 жылдардағы шоғырландырылған бюджеттің

теңгерімі мен мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы

Алайда, бюджетке шығыс жүктемелерді азайту жөніндегі шараларды қабылдамай жинақталған активтерді одан әрі пайдалану жүзеге асырылмайтын болады. 2009 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінің өзінде бірқатар бағыттар бойынша, оның ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, холдингтердің, ұлттық компаниялардың, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың әкімшілік шығыстары, сондай-ақ оларды материалдық техникалық жарақтандыру және күрделі жөндеу бойынша шығыстар қысқартылған, тиісті шаралар басталған болатын.

Даму бюджетінің іске асырылу тәсілдері қайта қаралды, бұл да инвестициялық жобалар бойынша шығыстарды оңтайландыруға және мемлекеттік ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайтуға мүмкіндік берді.




6-сурет

2008 – 2012 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің

кірістері мен шығыстары


Мемлекеттік бюджет кірісінің 2008 жылғы деңгейіне 2012 жылға қарай ғана қол жеткізілетінін ескере отырып жоспарлы кезеңнің үш жылдық кезеңінде орта есеппен 9,7 % қарқынын құраған мемлекеттік шығыстардың өсуін тежеу саясаты жүргізілетін болады. Бұл мемлекеттік шығыстардың өсуі ЖІӨ өсу қарқынынан жоғары болмайтындығын білдіреді.

7-сурет

2008 – 2012 жылдардағы мемлекеттік бюджет шығыстарының

және ЖІӨ өсуінің қарқыны

2009 жылы мемлекеттік шығыстар көлемінің төмендеуіне қарамастан және 2010 жылдан бастап олардың болмашы өсуіне байланысты, бюджет саясаты мемлекет қабылдаған барлық міндеттемелердің, ең бірінші кезекте бұл әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қоса алғандағы ел халқын әлеуметтік қолдауға жанама әсерін тигізетін іс-шараларды толық және уақтылы жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жұмылдыру мен шоғырландыруға бағытталатын болады.

Осылайша, орта мерзімді перспективада бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталатын болады және мемлекеттік шығыстарды жоспарлаған кезде Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының артуы, атап айтқанда оларды әлеуметтік қолдау, денсаулығы мен білімі, сондай-ақ экономиканың дағдарыстан кейінгі сапалы өсуі үшін жағдай жасау негізгі басымдықтар болып табылады.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстарын болжаған кезде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы «Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» жолдауларында айтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ескерілді.

Мемлекеттік бюджет тапшылығының параметрлері түсімдердің болжамды көлемдері мен бюджет шығыстарының негізінде бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін есепке ала отырып айқындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің саясаты қаржы дағдарысының тұтастай экономикаға салдарын жұмсарту мәселелерін таяудағы уақытта шешуге және борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстардың өсуінен барынша бюджетке түсетін жүктемеге жол бермейтін бюджет тапшылығының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге арналған.



8-сурет

Үкіметтік қарыздар есебінен мемлекеттік бюджет

тапшылығын қаржыландыру


Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің 2010 – 2012 жылдарға арналған параметрлерінің болжамы қосымшада көрсетілген.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шикізат ресурстарына қолайсыз баға конъюнктурасы болған жылдары мемлекеттік шығыстарды қаржыландыруға арналған тұрақтандыру функциясы алғаш рет іске асырылды.

2008 – 2009 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке 607,5 млрд. теңге және тиісінше нысаналы трансферт түрінде 347,9 млрд. теңге бөлінді. 2008 жылы осы қаражат бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикасын орнықты дамыту үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталды. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының іс-шараларын іске асыруға бағытталып отыр.

2010 – 2012 жылдары Ұлттық қор активтерін «жеп қоюды» болдырмау үшін жоспарланган жылдың алдындағы жыл соңының қор активтерінің белгіленген 1/3 бөлігі шегінен шықпай, тек ғана кепілдендірілген трансфертті тарту жолымен Ұлттық қор қаражатын пайдалануды шектеу саясаты жүргізілетін болады.



9-сурет
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлеміндегі Ұлттық қордың кепілдік берілген және нысаналы трансферттер түріндегі тартылатын қаражатының үлесі

2009 жылдың 1 қаңтарына жинақталған Ұлттық қор активтерінің деңгейі сақталатын болады, ал экономика дамуының базалық сценарийін ескере отырып оларды, соның ішінде 2010 – 2011 жылдары да аз қарқынмен болса да өсіру жалғасады.

Болжамға сәйкес, Ұлттық қор активтерінің көлемі 2012 жылдың соңына 4,7 трлн. теңгені немесе 2008 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге ұлғая отырып, 31 млрд. АҚШ долларын құрайды.


10-сурет
Ұлттық қор активтерінің серпіні

Инвестициялық саясат 2010 – 2012 жылдары әлеуметтік-экономикалық жағынан неғұрлым маңызды, экономикаға және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін қолдауға барынша мультипликациялық әсерін тигізетін қайта бағдарлау ескеріле отырып жүзеге асырылатын болады.

Инвестициялық бағдарламалардың теңгерімділігін, ел мен өңірлердің инфрақұрылымы мен ресурстық әлеуетінің дамуына орай жеке сектор жобаларын іске асырудың өзара байланыстылығын қамтамасыз ету жүйелі және жедел шаралар қабылдау арқылы бұдан бұрын көрсетілген фискалдық саясат бағыттарымен келісетін екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Жүйелі сипаттағы ұзақ мерзімді шара Елдің аумақтық-кеңістіктік даму схемасын әзірлеу дегенді білдіреді, ол мемлекет ресурстарын тиімсіз пайдалануды азайтуға, өндірістік, көлік, инженерлік, әлеуметтік, рекреациялық инфрақұрылымдарды дамыту мен халықты таратып орналастыру жүйесін үйлестіруге мүмкіндік береді және жеке сектордың бизнес-бастамалары үшін бағдарлар ұсынады.

Инвестициялық саясаттың алдында тұрған міндеттерді жедел шешу Қазақстанның индустрияландыру картасын әзірлеу негізінде шешілетін болады, онда ірі инвестициялық жобалардың салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, оларды іске асырудың оңтайлы орындары айқындалады.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ұзақ мерзімді облигациялық қарыздарын тарту болжанып отыр.

Бұл ретте компаниялардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ төмен рентабельді әлеуметтік маңызды жобалар бойынша 5 жыл ішінде 271,5 млрд. теңге сомаға республикалық бюджеттен капиталдандыру жоспарланып отыр, ол осы жобалар бойынша облигациялық қарыздарды мерзімінен бұрын өтеуге жұмсалатын болады, оның ішінде:

2010 жылы – 10 млрд. теңге;

2011 жылы – 10 млрд. теңге;

2012 жылы – 30 млрд. теңге;

2013 жылы – 110,8 млрд. теңге;

2014 жылы – 110,8 млрд. теңге.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет