4.4. Өңірлерді дамыту және өсу «нүктелерін» қалыптастыру
2012 – 2016 жылдарға арналған өңірлік дамудың негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті мамандануды, әлемдік экономикаға бейімделген еліміздің бірыңғай ішкі экономикалық кеңістігін қалыптастыру және перспективалы әрі экологиялық тұрғыдан тиімді аудандарда экономикалық және еңбек ресурстарын шоғырландыруды ынталандыру негізінде өңірлердің орнықты дамуын қамтамасыз ету болады.
Осы мақсатқа қол жеткізу Елді аумақтық–кеңістіктік дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын, облыстарды және Астана мен Алматы қалаларын дамыту бағдарламаларын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Өңірлердің бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру еліміздің халықаралық экономикалық маманданудағы бар және әлеуетті салыстырмалы басымдықтарын айқындауға негізделетін болады.
Алдағы кезеңде еліміздің әр өңірінің әлеуетін анықтау жөнінде жұмыс атқарылатын болады. Өңірлердің ресурстық және экономикалық әлеуеттерін және оларда бар проблемаларын талдау негізінде өңірлердің нақты стратегиялары да айқындалатын болады.
Әлем экономикасына бейімделген еліміздің бірыңғай ішкі экономикалық кеңістігін құру, ел аумағының біртұтастығын арттыру және республиканың транзиттік әлеуетін пайдалану үшін ұлттық көліктік, энергетикалық, телекоммуникациялық, басқа да инфрақұрылымды кешенді дамытуға негізделетін болады.
Осы мәселеде, таяу маңдағы өңірлерге едәуір синергетикалық тиімділік беретін, халықаралық дәрежеге ие «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізін қалыптастыру жөніндегі халықаралық деңгейдегі жоба маңызды рөл атқарады.
Инфрақұрылымның барлық түрлерін озық дамытпайынша, елімізде жүргізіліп жатқан индустриялық-инновациялық даму саясаты шеңберінде жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру қиынға соғатын болады.
Халықтың ұтқырлығын арттыру жөніндегі шаралар жаңартылған инфрақұрылымды құру жөніндегі шаралармен келісілген болуы және пара-пар жүруі тиіс.
Қазақстанның одан әрі аумақтық даму перспективалары оның дүниежүзілік жүйедегі географиялық орналасуын барынша қолдану стратегиясының іске асырылуымен тікелей байланысты болады.
Қазақстан Орталық Азия аумағындағы өзекті ел, капитал (оның ішінде адами капитал) мен инвестициялар тарту, халықаралық деңгейдегі қызмет көрсету орталығы ретіндегі позициясына, ірі озық дамып жатқан қалалардың негізінде, елдегі экономикалық белсенділікті өзіне шоғырландырушы әрі басқа өңірлердің өсуіне «локомотив» бола алатын аса маңызды тораптарды немесе озық дамушы аймақтарды («өсу нүктелерін», агломерацияларды) қалыптастыру арқылы қол жеткізуге болады.
Қалалық агломерациялардың құрылу үдерісі еліміздің ең ірі қалаларының (Алматы, Астана, Шымкент) айналасында жүріп жатыр және бұл үдеріс урбанизациялық дамудың бастапқы кезеңін бастан кешуде.
Қалалардағы әлеуметтік диспропорцияларды болдырмау мақсатында орнықты кеңістіктік даму қағидатына көшу орындалатын болады – қалалардың аумақтарын ұлғайтудың орнына өзіндік экономикалық орталық болатын қалаларды өсіру; орталық-қала мен болашақта дербес экономикалық белсенділіктің орталықтары мәртебесіне ие болар қала маңындағы аумақтар арасындағы функциялар мен мамандануды бөлу; агломерацияларды қала-өңірлерге айналдыру.
Аталған ең ірі үш агломерациялық орталықтан басқа, агломерациялық тиімділігі іске асырылуы мүмкін елдің батысындағы қала ретінде Ақтөбе қаласын атап өтуге болады.
Облыс орталықтары мен республиканың басқа да қалалары келешекте индустриялық-сервистік экономикасы мен жаңартылған қалалық ортаға ие, үйлесімді дамып келе жатқан өңірлік агломерациялық түзілімдерге өтуге бағытталатын болады.
4.5. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту
Мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың басты мақсаты 2015 жылға қарай корпоративтік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттарына мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін құру болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешуді көзделеді.
1. Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу бойынша реформаларды тереңдету.
Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне енгізу жөніндегі қабылданған шараларға бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына, міндеттері мен индикаторларына кешенді талдау жүргізілетін және оларды ұтымды ету, сондай-ақ нысаналы индикаторларды әзірлеу және мемлекеттік органдардың оларға қол жеткізу үшін жауапкершілігін бекіту тетігі әзірленетін болады.
Мемлекеттік органдардың бекітілген стартегиялық жоспарлары олардың жалпы ұлттық бағдарламалық құжаттардың стартегиялық мақсаттарына сәйкестігі мәніне, нәтижелердің нақты көрсеткіштерін, оның ішінде тиімді мониторинг және бағалау жүргізу тұрғысынан алғанда кезең-кезеңмен талданатын болады.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әрбір құжаты үшін оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі нақты рөлі, оның мақсаты, қажеттілігі мен маңыздылығы айқындалатын болады.
Жоспарлау жүйесіне экономика және бюджет саясатын үйлестіру, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың елдің ортақ стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі өзара іс-қимыл құралдары енгізілетін болады.
Бағдарламалық құжаттарды мониторингілеудің және бағалаудың, оны бюджет үдерісімен байланыстырудың және мониторинг және бағалау нәтижелері бойынша нақты шешімдер қабылдау қажеттілігінің нақты жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Мемлекеттік органдардың әр түрлі ұйымдарға ұсынатын стратегиялық жоспарларды және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарын іске асыру қорытындылары туралы есептер түрлерінің саны азайтылатын болады.
2. Бөлінетін бюджет қаражатының мақсаттармен және нақты нәтижелермен өзара байланысын күшейте отырып, бюджет жүйесін жетілдіру
Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың нақты өзара байланысын белгілеу үшін бюджетті қалыптастырудың әдіснамасы жетілдірілетін болады.
Нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидатына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру мақсатында Бірыңғай бюджеттік сыныптама жетілдірілетін болады.
Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында жобаларды қаржыландырудың оңтайлы нұсқаларын, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалану есебінен айқындау үшін оларды салыстырмалы талдау мен бағалауды алдын ала кезеңде жүргізу негізінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлауға арналған тәсілдер жетілдірілетін болады.
2012 жылы жергілікті мемлекеттік органдардың заңнамалық бекітілген өкілеттіктерін меншікті кіріс көздерімен қамтамасыз етуге және шығыстар көлемін, оның ішінде халықтың нысаналы топтарының санын негізге ала отырып теңестіруге бағытталған бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс басталады.
3. Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін мониторингілеу және бағалау мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін мониторингтеу және бағалаудың жалпы жүйесінің бір бөлігі болады.
Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін мониторингілеу бюджеттік бағдарламаларды басқару және іске асыруды жетілдіру, оларды қаржыландыру көлемдерін, олардың Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының индикаторларының нысаналы индикаторларына сәйкестігіне түзету мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында белгіленген нәтижелердің көрсеткіштері бойынша деректерді үнемі және жүйелі жинауды, қадағалау мен талдауды қамтитын болады.
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жақсарту
Азаматтар үшін мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың мақсаты халықтың өмір сүруінің, олардың қанағаттануының жоғары деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер ұсынатын мемлекеттік органдар мен мекемелер оларды көрсетудің стандарты бойынша жұмысқа көшуді жалғасатыратын болады. Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарында бекітілген сапаның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізілетін болады.
Мемлекеттік қызметті кезең-кезеңмен автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметтерді берумен байланысты мемлекеттік органдардың ішкі ведомстволық және ведомствоаралық бизнес-үдерістерін оларды ХҚО арқылы көрсетуге кезең-кезеңмен көше отырып, оларды қысқарту және жеңілдету мәніне жүйелі негізде қайта қарау жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстырудың маңызды аспектісі «электронды үкімет» архитектурасын дамыту болып табылады, ол мемлекеттік органдар қызметінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді кіріктіруді және оларды жобалау мен әзірлеуді тәртіпке келтіруді көздейді.
2013 жылға қарай әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін болады.
ХҚО-ларды дамыту үшін мынадай шаралар кешені жүзеге асыралатын болады:
тек ХҚО-лар арқылы көрсетілетін болатын әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту және олар толық автоматтандыру;
саІІ-орталық жұмысын жетілдіру арқылы қызметтерді тұтынушылармен кері байланыс жүйесін дамыту, азаматтарды қабылдау кезінде қызмет көрсету сапасы туралы пікір алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
кесте бойынша ұтқыр ХҚО-лардың жергілікті жерлерге баруын ұйымдастыру жолымен шалғай елді мекендерде тұратын азаматтар үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі қамтамасыз ету;
«бір терезе» қағидатынан «бір өтініш» қағидатына көшуді жүзеге асыру, яғни, барлық туындаушы іс-қимылдарды кешенді түрде қамти отырып, мемлекеттік қызметтер жиынтығын көрсету.
білікті кадрларды қамтамасыз ету арқылы адами ресурстар әлеуетін және персоналды дайындау мен қайта даярлау жүйесін арттыру.
Қабылданатын шаралар халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану дәрежесін 60%-ға дейін көтеруге мүмкіндік береді.
5. Мемлекеттік қызметті одан әрі кәсібилендіру Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің жеке тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметтің аражігін ажырату көзделіп отыр, оның құрылымында жоғары әкімшілік қызметшілердің корпусы, яғни А басқарушылық корпусы қалыптастырылады және олармен кадрлық жұмыстың тиімді тетіктері айқындалады.
Мемлекеттік қызметте персоналды басқарудың қолданыстағы тетіктері жаңғыртылады және жаңа тиімді тетіктері құрылады, бұл ретте мемлекеттік қызметке орналасудың жаңа тәртібі кәсіби кадрларды іріктеуді қамтамасыз етеді.
Оқыту жүйесін одан әрі жетілдіру мемлекеттік қызметшілерге жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыруға бағдарланған үздіксіз кәсіби дамуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмысы мен этикалық мінез-құлқының сапасын бағалау жүйесі жетілдірілетін болады.
Мемлекеттік қызметшілерді уәждеу жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін оларға еңбекақы төлеу жүйесі, сондай-ақ ынталандырудың монетарлық емес жүйесі жетілдірілетін болады.
6. Квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру қызметінің жекелеген түрлерін бәсекелес ортаға беру жолымен оның мөлшерлерін қысқарту есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Квазимемлекеттік секторды дамыту саласындағы мемлекеттік саясат олардың стратегиялары мен жоспарлары шеңберінде осы секторды ұйымдастырудың нақты мақсаттарын, міндеттері мен даму көрсеткіштерін айқындауға бағытталатын болады.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу тәртібі нақтыланатын және мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеудің бірыңғай тәртібі, сондай-ақ оларды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар қабылданатын болады.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекетің рөлін ескере отырып қорғану қабілеттілігін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті және төтенше жағдайлардың алдын ала отырып, оларды жоюды нығайту жөніндегі шараларды іске асыру басым бағыты болады.
5. 2012 – 2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТІК ПАРАМЕТРЛЕРДІҢ БОЛЖАМЫ 5.1. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Ұлттық қордың және Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары
Экономиканың базалық сценарий бойынша дамуының болжанатын сыртқы шарттары мен экономика салаларын дамытудың болжанып отырған қарқынын ескере отырып, 2012 – 2014 жылдары мемлекеттік бюджет кірістерінің (трансферттерді есепке алмай) 2012 жылғы 4 309,2 млрд. теңгеден 2014 жылы 5 220,9 млрд. теңгеге дейін өсуі болжанады.
2-кесте
Мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы (трансферттерді есепке алмай), млрд. теңге
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Кірістер (трансферттерді есепке алмай)
|
4 309,2
|
4 664,1
|
5 220,9
|
Салықтық түсімдер
|
4 204,9
|
4 566,0
|
5 111,0
|
Салықтық емес түсімдер
|
64,7
|
67,8
|
73,7
|
Капитал операциясынан түскен кіріс
|
39,5
|
30,3
|
36,2
|
2012 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы Салық және Кеден кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін, Кеден одағының ықпалын ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде есептелді және Кеден одағында кедендік баждардың сомаларын есепке жатқызу және бөлу тетігін қолдануды болжайды.
Бюджет кірістерінің өсуі негізінен салық түсімдерінің болжанатын ұлғаюымен қамтамасыз етілетін болады, ол мемлекеттік бюджеттің кірістеріне шамамен 97-98 %-ын қамтиды.
Салықтық түсімдердің ұлғаюына экономиканың болжанатын өсуі, тауарлар импортының өсуі, салаларда өндірістің, оның ішінде Индустриалдандыру картасының инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде жаңа өндірістердің енгізілуін ескере отырып, ұлғаюы, сондай-ақ 2011 жылдан бастап мұнайға салынатын экспорттық кедендік баждың тоннасына 40 долларға артуы ықпал ететін болады.
Ұлттық қордан 1 200,0 млрд. теңге мөлшерінде кепілдендірілген трансферттердің тартылуын ескере отырып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің жалпы көлемі 2012 жылы 5 514,1 млрд. теңгеден өсе отырып, 2014 жылы 6 425,8 млрд. теңгеге дейін өсуі болжамдалады.
12-сурет
Бюджет тапшылығын азайту саясатына сәйкес болжанатын ЖІӨ-ге қатысты оны 2012 жылы 2,6% -дан 2014 жылы 1,3% -ға дейін немесе абсолюттік мәнде 758,5 млрд. теңгеден 460,2 млрд. теңгеге дейін тиісінше қысқарту жоспарланып отыр.
Болжанатын түсімдер мен тапшылықтың жоспарланатын азаюын негізге ала отырып, мемлекеттік бюджет шығыстарын 2012 жылы 6 272,6 млрд.теңгеден 2014 жылы 6 886,0 млрд.теңгеге (ЖІӨ-нің 21,7-19,5%-ға) дейін ұлғайту болжанып отыр.
13-сурет
Мемлекеттік шығыстардың жоспарланып отырған ұлғаюы экономиканың орнықты өсуі үшін қажетті ішкі сұраныс пен мемлекеттік инвестициялар есебінен негізгі капитал жинағын ұстап тұратын болады және бұл ретте номинал ЖІӨ-нің өсу қарқынынан аспайды, бұл фискалдық саясаттың контрлық циклді қағидаттары шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.
14-сурет
Мұнайдың күтілетін өндірілуін, Brent мұнайының әлемдік бағасы бойынша болжамды өлшемдерін, АҚШ долларының есеп айырысатын айырбас бағамын, Ұлттық қорға тікелей салықтарды ескере отырып, 2012 жылы 2 230,5 млрд. теңге, 2013 жылы – 1 849,0 млрд. теңге, 2014 жылы – 1 794,3 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр.
2012 – 2013 жылдары әлемдік мұнай бағасының елеусіз төмендеуінің күтілуіне байланысты Ұлттық қорға мұнай түсімдерінің болжанатын қысқаруына қарамастан Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті шектеу және оны перспективада ұлғайтпау Қорда мұнай кірістерінің таза жинағына ықпал ететін болады.
15-сурет
Бұдан басқа, мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлемінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт түрінде тартылатын қаражаттың үлесін азайту жоспарланып отыр.
16-сурет
Мемлекеттің мұнай кірістерін ұлғайту аясында бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігі саясатына сәйкес кепілдендірілген трансферт көлемінде Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды шектеу мұнай емес тапшылықтың 2014 жылы ЖІӨ қарағанда 4,7% -ына дейін қысқаруына ықпал ететін болады.
17-сурет
Осы фискалдық қағидаларды сақтау Ұлттық қордағы мұнай кірістерінің таза жиналуын және оның 2014 жылы болжам бойынша 72,5 млрд. АҚШ долларын (ЖІӨ-нің 30,4%-ы) құрайтын көлемінің ұлғаюын қамтамасыз ететін болады.
18-сурет
Осылайша, Қордың тұрақтандыру және жинақтау функцияларын орындау қамтамасыз етілетін болады.
Ұлттық қор активтерінің көлемі 2015 жылға қарай 72,5 млрд. АҚШ доллары немесе ЖІӨ –ге қарағанда 30,4% деңгейінде болжанып отыр, ол Ұлттық қор активтерінің мерзімінен бұрын 90 млрд. АҚШ долларына немесе ЖІӨ-ге 30%-ға дейін ұлғаюын қамтамасыз етеді.
Ұлттық қорды толықтыру елдің егемен рейтингін арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде инвестицияларды ынталандыру үшін сыртқы қаржы ресурстарын неғұрлым тартымды және жеңілдікті шарттармен тартуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және қазақстандық экономикадағы жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен жедел және икемді шаралар қабылданатын болады.
2012 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттер параметрлерінің болжамы қосымшада келтірілген.
5.2. 2012-2014 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары
Ағымдағы шығыстардың 2012 – 2014 жылдардағы негізгі басымдақтары:
Халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жол бермеу;
Мемлекеттік ақпарттың жұмыс істеуін және олардың мемлекеттік функцияларды орындауын қамтамасыз ету;
өңірлердің экономикалық әлеуетін ұтымды кеңістіктік ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында оларды қаржылық қолдау болып табылады.
2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына «Болашақтың іргесін бірге қалайық» атты Мемлекет басшысының жолдауын іске асыруға бағытталған мемлекеттік бюджеттік және инвестициялық саясаттың төменде көрсетілген басымдықтарын ескере отырып басым бюджеттік инвестициялар қамтылған:
Индустрияландыру бағдарламасы. «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020», Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялды-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және энргетикалық, көлік және газ инфроқұылымдарын қамтамасыз етуді, арнайы экономикалық аймақ құруды қоса алғанда оны іске асыруда қабылданған басқа да салалық бағдарламалар басым қаржыландырылатын болады. Агроөнеркәсіп кешенін қолдау жөніндегі іс –шараларды қаржыландыруға басты назар аударылатын болады.
Әлеуметтік саланы жаңғырту Бірінші кезектегі тәртіпте «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы білімді дамыту, «Балапан» және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламаларын қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.
Әлеуметтік инфрақұрылымдарды (балабақшалар, метептер, ауруханалар, емханалар), Назарбаев зияткерлік мектеп желілерін, «Кәсіпқор» холдингінің әлемдік деңгейдегі колледждерін, кадрларды дайындау және қайта даярлау бойынша өңіраралық орталықтарды одан әрі дамыту, сондай-ақ Назарбаев университетін салу жалғасатын болады.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру шеңберінде бюджеттік шығыстар азаматтарды дайындау және қайта даярлау, ауылда шағын кредит беруді дамыту және азаматтарды төмен экономикалық әлеуеті бар елді мекендерден экономикалық өсу орталықтарына көшіру жқніндегі іс шараларды қаржыландыруға бағытталатын болады.
Халықтың тіршілік жағдайларын жақсарту. Осы бағыт шеңберінде Қазақстан Республикасында 2011 – 2020 жылдарға арналған Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 2010 – 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламаларын іске асыру, өңірлерді дамыту басым болып табылады.
Өсу нүктелерін қалыптастыру (Астана мЕн Алмата қалалары және т.б.) өңірлерді дамыту бағдарламасын, Астана қаласын 2030 жылға дейін тұрақты дамытудың стратегиялық жоспарын Алматы қаласын дамыту бағдарламасын, Астана қаласына іргелес жатқан елді мекендерді әлеуметтік экономикалық дамытудың 2011 – 2014 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде инфрақұрылымдарды, әлеуметтік саланы дамыту, ТКШ жаңғырту арқылы өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Мемлекеттік қызмет сапасын және мемлекеттік функцияларды іске асыруды арттыру. Осы бағытта халыққа қазмет көрсету орталықтарын, е-Үкімет, е-Салықтар, е-лицензиялауды дамыту, қорғану қабілетін, ұлттық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп шараларын және төтенше жағдайлардың алдын ала ескерту және жою шараларын нығайту жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру көзделген.
Әр басым бағыт бойынша тиісті мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Парламент пен Үкімет ұсыныстарын іске асыруды қамту көзделген.
2012 – 2014 жылдарға арналған бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған жобаларды қосу:
бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мақсаттарының әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарына сәйкестігін;
белгіленген тәртіпте бекітілген бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің, сондай-ақ заңнамада көзделген экономикалық және өзге сараптамалардың болуы;
бюджеттік заңнаманың талаптарына сәйкес бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің және ол бойынша оң қорытындысының болуын негізге ала отырып жүзеге асырылды.
2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында сомасы 2 642,5 млрд. теңге, оның ішінде 2012 жылы сомасы 1 068,98 млрд. теңге сомасына бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру көзделеген.
2010 – 2014 жылдарға арналған Республикалық басым бюджеттік инвестициялардың тізбесі (мемлекеттік, салалық, секторалдық бағдарламалар бөліндісінде ) 2-қосымшада ұсынылған.
Жергілікті бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарына білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету, газдандыру, табиғатты қорғау іс-шаралары, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік қамтамасыз ету объетілері, мәдениет және спорт саласындағы жобалар жатқызылған.
Басым емес бағыттарына - 44,5 млн. теңгені немесе жергілікті бюджеттің инвестициялық жобаларына арналған шығындарының жалпы сомасының 19,3% құрайтын жолдар, мемлекеттік органдар объктілерін салу және өзге де шығыстар жатқызылған.
______________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |