Қазақстан республикасының 2015 – 2019 жылдарға арналғАН



бет4/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#125368
1   2   3   4   5   6

Химия өнеркәсібіндегі саясат қосылған құны жоғары өнім өндірісіне бағытталатын болады.

Қойылған мақсатты іске асыру үшін химиялық кластерлерді құру, озық технологиялар негізінде жаңа бәсекеге қабілетті химиялық өндірістер құрылады.

жоғары технологияларды әзірлеу және енгізу, өнімді сыртқы нарықтарға жылжыту және сала кәсіпорындарының қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету жолымен кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін дамыту қамтамасыз етіледі.

Мыналар көзделген: «Павлодар» АЭА базасында химиялық кластер құру және «Тараз» АЭА химиялық паркін құру, Жамбыл облысында «Еврохим-Тыңайтқыштар» ЖШС кешенді минералдық тыңайтқыштар өндірісі бойынша жобаны іске асыру.



Атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат уран өндіру көлемін ұлғайту, ядролық отын циклінің жаңа өндірістерін құру, атом энергетикасы және атом ғылымының инфрақұрылымын дамыту арқылы елдің жедел индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшін атом энергетикасын құруға бағытталады.

Туристік саланы дамыту жөніндегі саясат Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде инфрақұрылымды жасау және дамыту жолымен туризм индустриясын орнықты дамытуға, Қазақстанның туристік бағыт ретінде тартымдылығын арттыру үшін оның имиджін қалыптастыруға бағытталатын болады.

Бес туристік кластерді ұлттық, өңірлік жобаларды дамыту болжанып отыр.

Туризмді дамытудың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мастер-жоспарлары қайта қаралып, әзірленетін, жұмыс жасайтын туристік ұйымдардың түрлері бойынша орналастыру орындарын құрайтын туристік инфрақұрылым объектілері тізбесі жаңартылатын болады.

Туризм және сабақтас салалар қызметінде мемлекеттік қолдау тетіктерін айқындау бойынша бизнес-құрылымдары мен туризм кадрларын дайындауды жүзеге асыратын оқу орындарымен жұмыс күшейеді.

Шетелдік және отандық инвесторларға маңызды туристік жобаларды іске асыруда мемлекеттік қолдау көрсету үшін арнайы туристік аймақтар, ұзақ мерзімді қарыздық қаржыландыру тетігін, әлеуметтік туристік сертификаттарды енгізу, визалық және миграциялық режимді оңайлату мәселелері пысықталады.

Машина жасауды дамыту саясаты қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға және экспортты кеңейтуге бағытталатын болады.

Еңбек өнімділігі деңгейінің артуы қолда бар және жаңадан іске қосылған өндірістік қуаттың пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Автомобиль өнеркәсібі және автомобиль бөлшектері өндірісінің өнеркәсібі машина жасау құрылысы үшін іргетасқа айналуы тиіс. 2020 жылы отандық өндірушілер 300 мың бірлік автомобиль шығаратын болады.

Фармацевтика саласындағы саясат 2018 жылға қарай жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту және жаңа өндірістерді салу, саланы білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету, жобаларды бірлесіп іске асыру үшін инвестиция тарту жолымен отандық өндіріс есебінен елдің дәрілік препараттарға қажеттіліктерін 60% жеткізуге бағытталатын болады.

2015 – 2019 жылдары онкологиялық, туберкулезға қарсы, кардиологиялық, диабетке қарсы, вирустарға қарсы, гастроэнтерологиялық препараттар, инфузиондық ерітінділер, антибиотиктер және медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіріс бойынша жобалар іске асырылатын болады.



Құрылыс индустриясында құрылыс индустриясымен индустриялық-инновациялық дамыту, құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау және сметалық баға белгілеу жүйесін жетiлдiру, және елді мекендердің қала құрылысын дамыту есебінен тұрақты және теңгерімді өндіру құрылыс материалдарын тұрақты және теңгерімді өндіру қамтамасыз етілетін болады.

2014 – 2015 жылдары «құрғақ тәсілмен» цемент өндіру бойынша 3 цемент зауытын («Көкшецемент» ЖШС, «Рудный цемент зауыты» ЖШС, «Сырцемент» ЖШС) іске қосу жоспарланды.

«Құрғақ тәсілге» көшу жолымен цементті өндіруге көшу «Шымкент цемент» АҚ (Оңтүстік Қазақстан облысы) және «Карцемент» АҚ-ның (Қарағанды облысы) «құрғақ тәсілді» желісін қалпына келтіру жоспарланып отыр.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қызылорда облысында өндіріс көлемі жылына 197,1 мың тонна жоғары технологиялық энергия үнемдеуші шыны өнімін деңгейлес біріктірілген тозаңы бар энергия үнемдеуші шыны зауытының құрылысы бойынша жобаны іске асыру басталды.



Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша саясат орта мерзімді кезеңде әртараптандыруға және оның әлеуметтік тиімділігін күшейте отырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталады.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының 2015 – 2019 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді жоспары әзірленеді.

Қолданыстағы қуаттылықтарды кеңейту және:

тоқыма өнеркәсібін, мақта талшығын өңдеу көлемдерін 30 %-дан 60 %-ға дейін ұлғайту үшін құру және оны өңдеу ассортиментін кеңейту;

450,0 млн. кв.дм (жалпы көлемнің 25%-дан) дейін терілерді бастапқы өңдеу бойынша;

аяқ киім кәсіпорындарын жалпы қуаттылығы 10,0 мың. кв. дм; шикізатпен қамтамасыз ету үшін келесі терілерді өңдеу бойынша;

қылшық жүнді 20,0 мың тоннаға дейін өңдеу және қуаттылығы 5,0 мың тонна тоқыма жүн мен мата өндірісі және кәсіпорындар құру жұмысу жүргізілетін болады.

Электр энергетикасындағы экономикалық саясаттың мақсаты экономиканың электр энергиясына қажеттілігін және еліміздің энергетика тәуелсіздігін қамтамасыз ету болады.

Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешеніни дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экологиялық проблемаларды шешуге және электр энергетика саласын орнықты дамытуды қамтамасыз етеді.

Электр қуатының қазақстандық моделін құру және электр энергетикаға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасау электр энергетика және табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді көздейді.

Елдің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі, өнеркәсіпті технологиялық жаңғырту, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады.

Елдің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай кемінде 20%-ға және 2020 жылға қарай кемінде 25%-ға төмендету көзделеді.

Энергия үнемдеу саясатын жүргізу энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық база, 2012-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспары және «Энергия үнемдеу - 2020» салалық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Энергия үнемдеу саласындағы негізгі міндеттер:

- энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

- энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасу;

- өндірісті жаңғырту арқылы ірі өнеркәсіп орындарын энергия тиімділігін арттыруға ынталандыру болы табылады.

Елдің мұнай-газ секторын дамыту мұнай өнімдері мен газға деген ішкі нарық қажеттілігін қамтамасыз етуге, жаңа құбыржолдар салуға, мұнай және газ экспортын ұлғайтуға, мұнайды тасымалдаудың экспорттық бағыттарын әртараптандыруға бағытталатын болады.

Мұнай-газ секторын одан әрі дамыту жаңа кен орындарын ашу есебінен қордың өсімімен қамтамасыз етілуі тиіс. Көмірсутегі шикізаты қорларының өсімі көбіне Каспий маңындағы бассейндегі кен орындары есебінен болады.

Геологиялық барлау мен құрлықтағы өндіруге инветициялары, рентабельділігі төмен кен орындарын дамыту, интеграциялық процестерді ескере отырып, венчурлық тетіктерді қалыптастыруды ынталандыру мақсатында саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Мұнай көлемінің өспелі экспортын қамтамаыз ету үшін «КҚА» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының өткізу қабілетін арттыру арқылы көлік дәліздерінің кеңеюі жоспарланады.

2020 жылға қарай МӨЗ-ді жаңғырту бойынша жоспарланған индустриалық-инновациялық жобаларды, хош иісті көмірсутектер (бензол, параксилол) өндірісін құру, интеграцияланған газ-химиялық кешенді (полипропилен, полиэтилен) қалыптастыруды іске асыру аяқталады.

Газ ресурстарын тиімді жүйелі бөлу және қажетті газ-көлік жүйесін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлеу жоспарланады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес – 2020» бағдарламасы шеңберінде іске асырылады.



Өсімдік шаруашылығы саласында дақылдарды өндірудің ғылыми негізделген ылғал-ресурс үнемдеуші технологияларына көшу жолымен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы айналымына жаңа және қазіргі кезде пайдаланылмайтын жерлерді тартуға негіз күш-жігер жұмсалатын болады.

Егістік алқапты ұлғайту үшін басым ауыл шаруашылығы дақылдарын (майлы, азықтық, бақшалық) егістік алқаптарын әртараптандыру жалғасады.

Шығымдылықты арттыру мақсатында минералдық тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдарын, тұқымдар мен көшеттерді сатып алғанда шығындардың орнын толтыру субсидиялау түрінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау қамтамасыз етеді.

Саланың ауа-райының қолайсыз жағдайларына тәуелділігін азайту үшін суармалы жерлердің алаңдары қалпына келтіріп, суды үнемдеу технологияларын қолданған кезде инвестициялық субсидиялау тетігі енгізіледі.

Элеваторлар мен бидай тасығыштардың жетіспеушілігі проблемаларын шешу үшін бидайды өңдеу және сақтау, сондай-ақ оны тасымалдау үшін қуаттылықтар құрылып, оны кеңейтілді пысықталатын болады.

Мал шаруашылығы саласында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді (бұдан әрі – АШТӨ) мал шаруашылығын дамытуға ынталандыру жұмысы жалғасатын болады, асыл тұқымды базаны дамыту және мал мен құстың генетикалық әлеуетін арттыру, оның ішінде одан әрі өсіру үшін асыл тұқымды малдың импорты есебінен арттыру жұмысы жалғасатын болады.

Дәстүрлі мал шаруашылығы салаларын дамыту үшін жайылымдық мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын дамытуға ынталандыратын іс-шаралар кешені қабылданады.

Сондай-ақ шағын және орта формалар мен отбасылық типтегі шаруашылықтар құру жұмысы күшейтілетін болады.

Мал шаруашылығы азық базасын құру үшін шахталық және құбырлық құдықтарды қалпына келтіру кезінде жайылымдарды суландыруға және азық дақылдарды өсіру үшін суғаратын жүйені енгізу кезінде АШТӨ-ге инвестициялық салымдардың бір бөлігі қайтарылады, сондай-ақ мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы кәсіпорындарын сапалы және теңдестiрілген азықпен қажеттілігін қамтамасыз ету үшін құрама азық зауыттары салынған.

Мал шаруашылығында еңбек өнімділігін, ауыл шаруашылығы малдарын суаруды қамтамасыз ету үшін қуаң аймақтарда суды сақтау жүйесін енгізуге бағытталған заманауи технологиялар енетін болады.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу саласында күш-жігер өндірісті техникалық және технологиялық қайта жаңарту, халықаралық сапа стандарттарына көшу, КО бойынша әріптес елдермен бәсекелесу үшін тең жағдайларды құру мақсатымен азық-түлік тауарлар ассортиментін кеңейтуге бағытталатын болады.

Отандық тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі нарығын кеңейту үшін ішкі нарықты жасырын демпингті импорттық тауардан қорғау, сауда желілеріндегі сөрелерде отандық өнімге қол жеткізу тетігін жетілдіру, сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сыртқы нарықтарға отандық өнімді ілгерілету шаралары қабылданады.

Озат технологияларды енгізу мақсатында жекелеген дақылдарды тікелей субсидиялаудан бiртiндеп жеңiлдіктi қаржыландыру арқылы қолдауға, сондай-ақ жобаларды іске асыру кезінде инвестициялық субсидиялауға көшу көзделіп отыр.

Жоспарланған ДСҰ-ға кіруді ескере отырып ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға аса назар аударылады.

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде заңнама базасы жетілдірілетін болады, мал ауруларымен күресу стратегиясы қайта қаралады, ауруларды бақылау, қадағалау және мониторингтеу үшін интеграцияланған ақпараттық жүйесіне ие кеңейтiлген лабораториялар желісі құрылады.



Ғарыш саласы

Ғарыш қызметін дамыту жөніндегі саясат ИИДМБ шеңберінде толыққанды ғарыш саласын құрудың екінші кезеңінің іске асырылуына бағытталатын және келесі іс-шаралар жүргізілетін болады.

жерүстi ғарыш инфрақұрылымының тәжірибелік өндірісімен ҒT АКТБ, ҒА ҚұСК, ЖСНЖ сияқты негізгі объектілердің жобалау қуатына шығуы;

«Зенит» ЗТ базасында «Байтерек» ғарыштық зымырандық кешенінің құрылуы;

«Назарбаев Университеті» ҰҰ АБҚ базасында ғарыштық технологиялардың ұлттық зертханасының құрылуы;

«Астана – Жаңа қала» АЭА Ұлттық ғарыш орталығының 2-ші кезектегі объектілерінің салынуы;

«KazSAR 1» айыру қабылеті жоғары радиолокациялық ҒА мен ҚР ЖҚЗ ҒЖ тиісті жерүсті сегментімен жарақтандырылған ғылыми-технологиялық мақсаттағы ҒА пайдалануға енгізілуі;

ғарыш өнімдері мен қызметтерін түпкі пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және экономиканың сабақтас салаларын дамыту үшін ЖСНЖ, ЖҚЗ және байланыс ғарыш жүйелерінің қызметтері мен өнімдері тізбесінің кеңейтілуі;

шетелдік ЖҚЗ ҒА түсірілімдерін сатып алу мен шетелдік спутниктерінен байланыс арналарын жалдау бойынша қызметтер импортының қысқартылуы;

ЖҚЗ және байланыс ҒА спутниктік сыйымдылығын шетелдік операторларға жалға беру қызметтер экспортының кеңеюі;

жаңа ғарыш технологияларының өндіріске енгізілуі, ғарыш қызметі саласындағы заңнаманың жетілдірілуі, ғарыш өнімдері мен қызметтерін енгізу және пайдалану әдістемелері мен стандарттарының әзірленуі.

Міндеттердің нәтижелі орындалуы әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде ғарыш қызметінің нәтижелерін пайдалануға, әлемдік ғарыш нарығында Қазақстанның қатысуын кеңейтуге, ғарыш кеңістігін маңызды зерттеу мен пайдалану міндеттерін шешуге ықпал етеді.

Жасыл экономика

Жасыл экономика саясаты Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы (бұдан әрі ) іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.

- ресурстардың тиімділігін арттыру;

- қазақстандық инфрақұрылымды жетілдіру;

- халықтың әл-ауқатын жақсарту.

Тұжырымдама үш кезеңде 2050 жылға дейін іске асырылады.

Орта мерзімді кезеңде қойылған міндеттерге қол жеткізу ресурстарды пайдаланудағы және табиғатты қорғау қызметінің, сондай-ақ «жасыл» инфрақұрылымды құруды көздейтін Қазақстан Республикасының 2013 – 2020 жылдары «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Іс-шаралар жоспары негізінде іске асады.

Тұжырымдаманы іске асыру қолданыстағы Қазақстан экономикасы даму траекториясының өзгеруін қажет етеді, ол 2030 жылға қарай су және жер ресурстарын қалпына кетіруге және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына - қатысушы елдердің табиғи капиталды пайдалану тиімділігі орташа көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкіндік береді.

«Жасыл экономика» дамуныын басты бағыттарының бірі баламалы және жаңартылатын энергетиканы дамыту айқындалды. Жаңартылатын энергетика барлық түрлерінің (күн, жел, гидро, биомасса и геотермалдық қайнар көздер) әлеуеті бойынша атласы әзірленеді.

«Болашақтың энергиясы» «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу елдегі жаңартылатын энергетика көздерін және баламалы энергетиканың кластерлік моделінің дамуы бойынша шараларды әзірлеуді дамытуға жеделдетеді.

Қоршаған ортадағы ластану деңгейін төмендету үшін қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру шаралары көзделіп, шығарындылар бойынша жаңа стандарттар әзірленеді.

Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшудің тәжірибелік тетігі болып өңірлерде «жасыл» өсуді қамтамасыз етуге бағытталған «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы болып табылады. Орта мерзімді кезеңде «Жасыл көпір» бағдарламасының құрылымы мен жалпы принциптері айқындалады.



Инновациялар

Инновацияларды дамыту жөніндегі саясат инновациялық-технологиялық дамытуды басқару жүйесін құру, салалар мен өңірлерді инновациялық дамыту есебінен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық жүйелерді құруға бағытталатын болады. Сондай-ақ жоғары технологиялық шағын және орта бизнесті дамыту және еліміздің ғылыми және инжинирингтiк әлеуетін арттыру үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады.

Сондай-ақ, инновацияны енгізетін жұмысын жаңа бастаған және жас кәсіпкерлерді қолдау жаңа тетіктерін енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады.

Көлік инфрақұрылымы

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көлік қызметтерінің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және шалғайдағы өңірлер мен халық тығыз орналаспаған өңірлерде «инфрақұрылымдық орталықтар» құру, сондай-ақ ауылды қажетті көлік қатынасымен қамтамасыз ету мәселесін шешу қамтамасыз етіледі.

Көлік саласында басымды жобалар болып:

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің аяқталу құрылысы болып анықталды. Қазақстанның аумағы бойынша «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің ұзындығы 2 787 км құрайды, соның ішінде қайта жаңартуға 2 452 км, жалпы жобаның құны 825 млрд. теңге;

Үш бағыт бойынша заманауи жолдардың құрылысын жалғастыру:

Орталық-Оңтүстік (Астана – Қарағанды – Алматы), Орталық-Шығыс (Астана – Павлодар – Қалбатау - Өскемен) және Орталық-Батыс (Астана – Арқалық – Торғай – Іргіз – Шалқар – Бейнеу – Ақтау). Үш дәлізінің жалпы ұзақтығы 3535 км., болжамды құны – 1588 млрд.теңге құрайды.

Нарықтық тәсілдерді енгізу мақсатында «ҮАААЖ» жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік-жеке әріптестіктің тетігі қолданылады және халықаралық маршруттарға ақылы автожолдар енгізу арқылы өзін-өзі өтеу жолына көшу жүзеге асырылады.

Тасымалдаудағы халықтың және экономиканың қажеттілігін және қамтамасыз ету үшін Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл темір жол желілері қолданысқа беріледі, ол 1 200 км-ге «Шығыс-Батыс» бағыты бойынша маршрут аралығын қысқартуға, жаңа маршрут қалыптастыруға, Орталық Ресей және Солтүстік Қазақстанды Орталық Азия және Иран мемлекеттермен қосуға мүмкіндік береді.

Жетіген – Қорғас маршруты бойынша жоғары жүк тасқыны деңгейімен байланысты Алматы торабынан салмақты төмендету мақсатында 2020 жылға дейін Алматы станциясын темір жол торабын айналып өтетін темір жол желілерінің құрылысы жоспарланған.

Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Астана қаласында өткізу мүмкіндігі тәулігіне 12-35 мың жолаушыларды құрайтын халықаралық стандарттарға сай жаңа вокзал кешенін салу қарастырылған.

Теміржол машина жасау саласында Астанада электровоздар өндірісін одан әрі дамыту бойынша жұмыс жалғасады, зауыттың өндірістік қуаты жылына 50 электровозды құрайды, бұл локомотив паркінің тапшылығын төмендетуге және 2020 жылға қарай теміржол саласының локомотивтік тартымға қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Теңіз көлігі саласында негізгі күш-жігер порт инфрақұрылымының дамуына, кеме санын көбейтуге және жаңғыртуға ерекше назар бөлінеді.

Азаматтық авиация саласында инфрақұрылымды дамыту мақсатында жолаушылар тасымалдау көлемін арттыру және әуетасымалдау нарығында бәсекелестікті дамыту үшін жаңа әуе кемелер сатып алынады және ұшу географиясы кеңейеді.

Автомобильмен жолаушылар тасымалдарын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасында жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі шаралар кешені қабылданды, автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пунктері мен автобус тасымалдаушылары және такси қызметтерін көрсетудің мемлекеттік стандарттары әзірленген және бекітілген.

Халықаралық қызмет көрсету нарығында қазақстандық автотасымалдаушылардың үлесін 48 %-ға дейін арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Халықаралық деңгейде «көліктік-логистикалық жүйесін» құру мақсатында инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту бойынша инвестициялық жобалар іске асырылады, ұлттық көліктік-логистикалық оператор құрылады және транзиттік әлеует іске асады.

Логистикалық оператор «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен Ляньюньган (ҚХР) портында терминалды инфрақұрылымды құру және агенттік пункттердің сыртқы желісін құру және құрылысы немесе логистикалық терминалдарды Еуропа, Балтық және Қара теңізі елдерінде құрудың орындылығын анықтау бойынша жұмыс басталды.
Ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылымы

Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы дамуы ғылыми-техникалық төңкерістің кезекті кезеңі ақпараттык-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) өмірдің барлық салаларына енгізумен сипатталады, бұл технологиялар адам өмірінің салтын өзгертіп, ақпараттық қоғамға, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жоғары қоғамға көшу үшін іргетас әрі материалдық база болады.

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытудың түйінді бағыттары «Ақпаратты Қазақстан – 2020» (бұдан әрі – Бағдарлама) мемлекеттік бағдарламасында айқындалған.

Осы бағыттардың шеңберінде АКТ-ны жаппай енгізу арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ашық және «ұтқыр үкімет» құру, ақпараттық инфрақұрылымның қолжетімділігін дамыту жөніндегі міндеттер шешіледі.

Азаматтарға электрондық білім алу арқылы ақпараттық технологияларды игеруге және олармен жұмыс істеу дағдыларын алуға, өмір бойы оқуға және дайындалуға, қашықтан жұмыс істеуге, қолжетімді электрондық денсаулық сақтау қызметтерін алуға мүмкіндік беру үшін жағдайлар көзделген.

Еліміздің неғұрлым ашық, қолжетімді және бәсекеге қабілетті экономикасын құру үшін экономиканың негіз қалаушы салаларына зияткерлік жүйелерді барынша енгізу көзделген.

Ақпаратты қоғамға көшу саясатының тиімділігі АКТ кеңінен қолдану және электрондық қызметтер көрсету бойынша бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін шоғырландыруға байланысты болады.

Маршруттардың үлесі (рейстер, бағыттар) электрондық форматта билеттер сатуымен 2017 жылда 40 %-ға, ал 2020 жылға – 100 %-ға жетеді; географияның ұлғайтуы болады 2017 жылда шетелдік елдерде 100 қазақстандық теледидар арнасына дейін таратылады, 2020 жылда – 110 арнасына дейін; халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 2020 жылға – 80 %-ға дейін көтеріледі.



Жергілікті қамту

Интеграциялық процестер шеңберінде (БЭК, ДСҰ), жұмыс істеп тұрған отандық өндірісті жаңғырту және жаңаларын дамытуды ынталандыру бойынша бірқатар іс-шаралар оңтайлы мерзімде іске асырылатын болады. Мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты отандық экономиканың өсуіне, шикізат емес сектор мен жергілікті қамтудың үлесін ұлғайтуға, жаңа өнімдер шығаруға және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Жергілікті қамтудың өсуіне жәрдемдесу саясаты мен әдістерін жетілдіру саласындағы мемлекеттің қызметі:

ішкі нарықта жоғары сапалы бәсекеге қабілетті тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірушілерін сервистік қолдауға;

кәсіпкерлердің қажетті тауарлар мен қызметтер жөніндегі хабардарлылығын арттыру үшін «Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізілімі», «Қазақстандық қамту» Интернет-ресурсы» ақпараттық жүйелерін сүйемелдеуге және одан әрі дамытуға;

отандық өндірушілердің және әлеуетті тапсырыс берушілердің қатысуымен өткізілетін көрмелердің, форумдардың, кеңестердің, кездесулердің, дөңгелек үстелдердің тиімділігін арттыру, оқыту және ағарту сипатындағы анықтамалық әдебиеттер мен брошюраларды басып шығаруға бағытталады.


4.2.2 Тарифтік және монополияға қарсы саясат

Тарифтік саясат мынадай міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады:

- тиімсіз ағымдағы шығындарды алып тастау және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін субъектілердің активтерін жаңғыртуға және жаңартуға инвестициялар салуды ынталандыру;

- субъектілердің реттелетін қызметтеріне тарифтердің тұрақтылығын және болжамдылығын арттыру;

- нормативтік техникалық шығындар деңгейлерін төмендету, сондай-ақ электр энергиясы мен судың сараланған тарифтерін енгізу жолымен энергия үнемдеу;

- шикізат және материалдар, отын мен энергия шығыстары, әкімшілік шығыстар нормаларын оңтайландыру жолымен ресурсты үнемдеу.

Тарифтік реттеуді жүзеге асыру кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізу қажеттілігі, оның ішінде инфляцияны болжанған дәлізде ұстап тұруды қамтамасыз ету үшін елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, жыл сайын анықталатын реттелетін қызметтердің инфляцияға салымының көрсеткіші ескерілетін болады.

Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру мақсатында:

табиғи монополия субъектілерінің жауапкершілігі күшейтілетін;

табиғи монополия субъектілері және реттелетін нарық субъектілерінің қызметі жеңілдетілетін;

тариф белгілеу процесінің айқындылығын жоғарылатын;

табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының орындалуын бақылау күшейтілетін;

реттелетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау қамтамасыз етілетін және реттелетін қызметтердің сапасы арттылатын болады.

Монополияға қарсы саясат тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамытуға және қорғауға, тауар нарығына кіруге кедергі келтіретін кедергілерді тиімді жоюға және бәсекелестікті шектеуге жол бермеуге бағытталатын болады.

Нарық субъектілері үстем жағдайын асыра пайдаланған жағдайларда тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін мыналар:

жосықсыз бәсекелестіктің кез келген түрлерінің және нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері мен іс-қимылдарының жолын кесу және тыйым салу;

тауар нарығына кіруге үшін кедергілерді жою;

экономиканың инфрақұрылымдық салаларында экономикалық шоғырлануды төмендету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Бәсекелестікті тоқтайтын факторларын жою мақсатында 2015 – 2016 жылдарға арналған экономиканың негізгі салаларында бәсекелестікті, дамыту монополиясыздандыру және кедергілерді жою бойынша Кешенді жоспар іске асырылатын болады.
4.2.3 Бизнес ахуалды жақсарту

Бизнес-ахуалды одан әрі жақсарту үшін рұқсат беру жүйесін реформалау, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру және Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жалғасатын болады.

2015 жылға дейінгі рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалау тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заң жобасы негізделмеген жаңа рұқсаттарды енгізуге тыйым салу бизнес үшін 739 рұқсаттар мен хабарламалардан тұратын тізбе әзірленді. Кәсiпкерлiк қызметтi реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған жағдайда ғана жаңа рұқсат құжатын енгізу мүмкін болады.

Рұқсат беру рәсімдерін автоматтандыру мақсатында 2015 жылдан бастап барлық рұқсаттамаларды беру электрондық түрде жүзеге асырылатын болады.

Заңдардың талаптарын сақтауды, жоспарлаудың айқындығын жоғарылату және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметіне объективті талдау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару (жоспарлау, тіркеу, тексерулер жүргізу және олар бойынша есепті сатысында) жүйесін толық автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірленеді.

2020 жылға дейін кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы шеңберінде кезең-кезеңмен және норма жүйесін жақсарту негiзiнде кунделікті әсердi талдау (КӘТ) және нормативтік-құқықтық атк жобаларды талқылау және бизнес мүдделерін қозғайтын жекелеген құралдарын реттеу.

«Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызметті жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерге өзгерiс пен толықтыруларды енгiзу туралы» заң жобасы әзірленеді:

- кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жоспарлы тексерiстерiн тоқтату арқылы тәуекелдердi бағалау негiзiнде тексерiстердiң жүзеге асырулуын айқындау;

- кәсiпкер туралы жан-жақты ақпаратты талдау арқылы бұзуларды iске асырудың ықтималдығының бағалау мақсатында мемлекеттiк органмен (инспектормен) жүргiзіледі, нәтиже бойынша кәсiпкер тексерiс түрiнде жоғары бақылауға алынады немесе тек ғана мониторинг немесе заңнаманы сақтау туралы хабарлама;

- Ұлттық палата кәсiпкерлердің заңнамалық тексерiсті өткiзiлген қорытындысы бойынша бизнестiң дамуына кедергi келтiрелетiн нормаларды тоқтату енгiзуiнiң арқылы аудиторлық ұйым салық төлеушiлердi ерiктi тарату қорытындылар негiзiнде оңайтылған тәртiпке кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау (бизнес - омбудсмен) уәкiлтті институтының енгiзу.

Сәулет – жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды беру рәсімін жетілдіру мақсатында қолданыстағы актілерге және нормативтік-техникалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бизнес пен биліктің арасындағы тиімді іс-әрекет үшін және кәсіпкерлік қызметтегі мемлекеттік реттеудің жекелеген қызметтерін тұтынушыларға шығын тудырған бұзушылықтар үшін кәсіпкерлердің жауапкершіліктерін жоғарылатумен бірге бизнес-ортаға беру мүмкіндігін көздейді.

Шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады, ҮИИДМБ екінші бесжылдығын ескере отырып «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы өзектендірілді.
4.2.4 Инвестициялық ахуалды жақсарту және мемлекеттік - жекешелік әріптестікті дамыту, бес жылдық кезеңге арналған негізгі капиталға мемлекеттік инвестициялар көлемінің болжамы

Қазақстанның инвестициялық саясаты қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған және экономикалық прагматизм: пайдалылық, инвестициялардың қайтарымдылығы және бәсекеге қабілеттілік, сондай-ақ экономикалық өсудің жаңа нүктелерін дамыту және жаңа нарық тауашаларын анықтау арқылы экономикалық әлеуеттің өсуін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

Инвестицияларды тарту үшiн экономиканың басым секторлары шикізат емес экспортқа бағдарланған және жоғары технологиялық өндiрiстерді, инфрақұрылымды дамыту, баламалы және «жасыл» энергетикалық технологияларды дамыту болып табылады.

Инвестицияларды тарту технологиялар трансферті және жоғары технологиялық өндірістерді құру жағдайларында жүзеге асырылады, бұл инвестициялық қызмет және бизнесті жүргізу үшін неғұрлым бәсекелі шарттарды қамтамасыз етуді талап етеді.

Инвестициялық қызмет саласындағы Қазақстанның заңнамалық базасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарының стандарттарымен үндестірілетін болады.

Ішкі және шетел инвесторларын тарту мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жобасы іске асырылады, келесі бар шарттарды инвестицияларды тарту үшін ескерілетін өңдеуші салада, жасасатын келісімшарттар шеңберінде инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары: 10 жылға КТС төлеуден босату, 10 жылға жер салығын төлеуден босату, 8 жылға жылжымайтын мүлікке салық төлеуден босату, объекті пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет тарапынан инвесторлардың күрделі шығындарын 30 %-ға дейін өтеу (инвестициялық субсидиялар) енгізіліп отыр.

Инвесторлармен келісімшарт жасасқан сәттен бастап 10 жылдық мерзімге салық ставкаларының (ҚҚС және акциздерден басқа), экологиялық төлемдер мен алымдардың «тұрақтылығын» енгізу көзделіп отыр;

Жоғарыда аталған ынталандырулар пакеті ИИДМБ сәйкес экономиканың басым салаларындағы құны 20 млн. АҚШ долларынан кем емес жаңа инвестициялық жобалар үшін берілетін болады.

Инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында заңды негізде «инвестициялық омбудсмен» институты енгізілуде.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын іске асыру үшін заңнамалық және институционалдық негізді құру мақсатында ҚР-да МЖӘ дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жалғасады.

2015-2019 жылдарда МЖӘ тетігі бойынша мыналар:

- автожол саласында «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ)» пилоттық жобасы;

- Өскемен және Қарағанды қалаларында ауруханалардың құрылысы бойынша пилоттық жобалар іске асырылатын болады.

Пилоттық жобаларды іске асыру тәжірибесін ескере отырып, экономиканың басым секторларында, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі – ТКШ) білім беру, денсаулық сақтау, көлік және спорт секторының кейінгі жобалар іске асырылатын болады.


4.2.5 Ішкі сауда

Ішкі сауданы одан әрі дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді (бұдан әрі – Заң жобасы).

Сауда қызметін жүйелеу үшін (ішкі, биржалық және электрондық сауда) Заң жобасында жаңа нормалар:

ішкі сауда бөлігінде:



- Қазақстан Республикасы Үкіметінің азық-түлік тауарларының табиғи шығындалу нормаларын бекіту;

- әскери, нысанды және арнаулы киім белгiлерiне жататын тауарларды еркін сатуға шектеу енгізу;

биржалық сауда бөлігінде:

- толық электрондық сауда-саттыққа көшу;

- «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын сақтамағаны үшін:

тауар биржаларының есептілікті сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға уақтылы ұсынбауы бойынша;

биржалық сауда-саттықтардың нәтижелері туралы ақпаратты меншікті интернет-ресурсында жариялау бойынша;

тауар биржаларының электрондық сауда жүйесі бойынша;

биржалық тауарлар тізбесіне кіретін тауарларды қосарланған қарсы аукцион режимі арқылы 15%-дық көлемді орындамай, тауар биржалары арқылы іске асыру бойынша әкімшілік жауапкершілікті белгілеу.

электрондық сауда бөлігінде:

- электрондық сауда ұғымдарын электронды сауданы ұйымдастыру шарттарын және сатушының электрондық сауданы жүзеге асыру барысында шот-фактура жазып беру міндетін бекітуді енгізу;

- жеке кәсіпкерлік субъектілерінің іс жүзінде жұмысты орындамай телекоммуникациялық желілерде мәміле (мәмілелер) жасасуы бойынша әкімшілік жауапкершілікті енгізу нормалары айқындалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет