Қазақстан республикасының 2015 – 2019 жылдарға арналғАН


Әлеуметтік сала және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту



бет5/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#125368
1   2   3   4   5   6

4.3 Әлеуметтік сала және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту

Орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік саясат Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасында көзделген қағидаттарға сәйкес іске асырылады.


4.3.1 Білім беру

Инновациялық экономиканы қалыптастыру үшін динамикалық экономикалық өсудің және қоғамның әлеуметтік дамуының алғышарттары, ел әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің алғы шарттары болынтабылатын білім беру жүйесін жаңғырту жалғасатын болады.

Білім беру секторы әлеуетінің өсуі білім беру мазмұнын жаңарту, оқу-әдістемелік әдебиеттерді дамыту, білім берудің прогрессивті және тиімді әдістемелерін енгізу арқылы іске асырылатын болады. Педагогикалық технологиялар балалар денсаулығын сақтау және нығайтуға жәрдем беретін оқу ортасын қалыптастыратын болады.

Білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын жоғарылату басты назарға алынатын болады.

Мемлекеттік және жеке бала бақшалар, шағын-орталықтарды салу және ашу, мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк тетігін дамыту арқылы мектепке дейінгі білім берудің инфрақұрылымын кеңейту жалғасатын болады.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі Кепілдендірілген міндетті орта білім беру болып қалады.

Апаттық және үш мезгілді мектептерді жою, оқушылар орындарының жетіспеушілігін төмендету және тірек мектептерінің санын – аз комплектті мектептер үшін ресурстік орталықтарды арттыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Білім беру ұйымдарында Назарбаев Университетінің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ әлемдік деңгейдегі колледждарының тәжірибесі кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін сапалы және қолжетімді білім беру ортасын құру үшін инклюзивті білім беруді одан әрі кешенді дамыту бойынша іс-қимылдар жоспары әзірленетін болады.

Жыл сайын техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыс артатын болады. Техникалық, кәсіби және жоғары білім беруге оқыту бағдарламалары экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағдарланатын болады.

Кәсіби стандарттар негізінде жаңа білім беру бағдарламалары әзірленетін болады.
4.3.2 Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы саясат сапалы, қолжетімді медициналық көмек ұсынуға және сапалы, қауіпсіз дәрілік құралдармен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Денсаулық сақтаудың одан әрі дамуы мынадай басым бағыттарды көздейтін болады:

1. Ауруларды болдырмау және саламатты өмір салтын ынталандыру.

2. Сапалы, қолжетімді медициналық көмекті беру, оның ішінде диагностиканың, емдеудің және қалпына келтірудің жоғары технологиялық әдістерін ұсыну.

3. Денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру.

4. Сапалы және қауіпсіз дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету.

5. Медициналық білімді және ғылымды дамыту.

Осыған байланысты, Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді.

Халықтың нысаналы топтары үшін Ұлттық скринингтік бағдарламаны жетілдіру және іске асыру жалғасады.

Дәлелді медицина медициналық көмек сапасының негізі болады, 2015 жылға дейін республикада халықаралық стандарттарға сәйкес клиникалық хаттамалар әзірленеді.

2015 жылдан бастап зертханалық диагностиканың жаңа стандарттары енгізіледі және науқастарды, оның ішінде туберкулезден табысты емдеуге және АИТВ-инфекциясының таралуын ұстауға мүмкіндік беретін стандарттар жетілдіріледі.

2015 жылға қарай еліміздің барлық аумағы Ұлттық телемедициналық желімен 100% қамтамасыз етіледі.

«Смарт–медицина», қашықтықтан профилактикалау және емдеу, «электрондық медицина» қызметтері енгізілетін болады және азаматтарды міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері пысықталатын болады.

Санамаланған бағыттарды дамыту халықтың жалпы өлімін 30 %-ға төмендету арқылы халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
4.3.3 Мәдениет

Мәдениет саласындағы басым бағыттар «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын одан әрі іске асыру, мәдени құндылықтарға тұрғындардың қолжетiмдiлiгiн арттыру, отандық мәдениет өнімін көрсетілетін қызметтер нарығында жылжыту болады.

2015 жылы Мәдени саясаттың тұжырымдамасы қабылданады.

Кітапхананың рөлі айтарлықтай артады, оның мәдени, білім беру және ақпараттық орталық ретіндегі мәртебесі күшейеді.

2020 жылға дейін ұлттық кітапханалық кітап қорын толық кешенді цифрландыру жүзеге асырылады.

Мұражайлар басым дамуға ие болады, мұражайлық инфрақұрылымды жаңғырту, олардың қорларын кеңейту бойынша шаралар іске асырылады.

2015 жылға қарай азаматтардың жекелеген санаттарына мәдениет саласында жеңілдетілген қызметтер ұсыну жүйесі пысықталады.
4.3.4 Жұмыспен қамту

Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету және оның өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыздар және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға, кадрлық әлеуетті дамытуға, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру арқылы жалғасады.

Бағдарлама шеңберінде инфрақұрылым мен ТКШ дамыту; ауыл кәсіпкерлігін дамыту; тірек ауылдарды кешенді дамыту; еңбек ресурстарының кәсіби және аумақтық ұтқырлығын арттыруға, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу арқылы халықты жұмыспен тұрақты және өнімді қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жалғастырылатын болады.

Бағдарламаның іс-шаралары жыл сайын 100 мыңнан астам адамды қамтитын болады.

Еңбек нарығын болжамдау тиімділігін арттыру үшін олар арқылы еңбек ресурстарының теңгерімі (сұраныс пен ұсыныс) қалыптастырылатын Өңірлерде жұмыспен қамту карталары әзірленетін болады.

Еңбек нарығын тұрақтандыру және экономиканың білікті еңбек ресурстарына қажеттілігін қанағаттандыру үшін - кәсіпорындарда; Жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын халықтың нысаналы топтарын даярлау және кайта даярлау курстарында және оқу циклдарында; оқу орындарында кәсіптік даярлаудың үш буынды жүйесін дамыту шаралары қабылданатын болады.



4.3.5 Көші-қон саясаты

Мемлекеттік көші-қон саясаты мыналарға:

1) ішкі көші-қонды дамытуға жәрдемдесу - азаматтардың экономикалық өсу нүктелеріне ерікті көшулеріне;

2) шетелдік жұмыс күшін тарту, іріктеу және пайдаланудың сараланған тетіктерін әзірлеуге;

3) көшіп-қонушылардың бейімделуіне жәрдемдесу, көшіп-қонушылар мен қабылдаушы қоғамдастық арасында конструктивті өзара іс-қимыл қалыптастыруға;

4) заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталады.

Сыртқы және ішкі көші-қон мәселелерін шешу үшін Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден келетін көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру жалғастырылатын болады.

Заңсыз сыртқы көші-қонды бақылау және оған қарсы іс-қимылды күшейту үшін шетел жұмыс күшін заңсыз тартатын жұмыс берушілердің, заңсыз көшіп-қонушылардың жүріп-тұруы мен жұмысқа орналасуына жәрдем жасайтын заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылардың жауапкершілік шараларын күшейту бөлігінде нормативтік құқықтық базаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жалғастырылады.


4.3.6 Әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамсыздандыру саласының негізгі бағыттары ана мен баланы қорғауға, қоғамның осал топтары – зейнеткерлерді, мүгедектерді, еңбекке жарамсыздарды және басқаларды әлеуметтік қолдауға бағдарланатын болады.

Мемлекет міндеттемелері сақталады және әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар іске асыралатын болады.

Халықтың осал санаттарына және табысы аз азаматтарға қатысты мемлекеттің міндеттемері сақталады, бірақ әлеуметтік көмектің және қолдаудың идеологиясы өзгеретін болады.

Азаматтарға/отбасыларға олардың нақты мұқтаждығын ескере отырып, «өзара міндеттер» қағидаларындағы шартты әлеуметтік көмекке ауысу жүзеге асырылатын болады.

2015 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мөлшері 25 %-ға өсетін болады.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісі енгізіледі. Нәтижесінде еңбекақы атқарған жұмыстың күрделігіне және жауапкершілігіне, білім деңгейіне және біліктілігіне байланысты саралынады.

Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың ұзақмерзімді тұжырымдамасы шеңберінде зейнетақы төлемдері көлемінің барабарлығын және зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын кепілдендіру үшін мемлекеттің, жұмысшының және жұмыс берушінің жауапкершілігін арттырумен қолданыстағы көп деңгейлі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін сақтаумен 2030 жылға дейінгі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту бойынша шаралар кешені жүзеге асырылатын болады.


4.3.7 Халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту

Халықты қолайлы өмір сүру жағдайларымен, қолжетімді тұрғын үймен, сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында оларды біріктіру негізінде қабылданған «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде бұрын қолданыста болған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың бағдарламасын, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» және «2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламаларын іске асыру жалғасатын болады.

Тұрғын үйдің қолжетімділігін одан әрі жоғарылату үшін көрсетілген Бағдарлама шеңберінде мемлекет қаражаты есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру көлемін айтарлықтай ұлғайту мәселесі қаралатын болады.

Алдыңғы қатарлы технологияны қолдану және үлгі жобаларды пайдалану негізінде құрылыстың өзіндік құнын төмендетуге байланысты шаралар қабылданатын болады.

Техникалық объектілерді реконструкциялау және жаңғырту бойынша іс-шараларды іске асыру қажетті шығындардың нақты деңгейін көрсететін жалпы әрбір нақты қала бойынша қажетті инвестициялар және жоспарланған жұмыстар көлемін жүргізудің техникалық-экономикалық негіздемесін ұсынғаннан кейін жүргізілетін болады.

Өмірді қамтамасыз ететін саладағы қатынастарды құқықтық реттеуге, ауыз сумен жабдықтаудың мемлекеттік кепілдігін анықтауға, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің өкілетіліктері мен міндеттерін, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру қызметі тұтынушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтауға бағытталған сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Тұтынушылардың барынша кең аумағын экономикалық тиімді газбен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында тауарлы және суйытылған мұнай газына Қазақстанның ішкі қажеттілігін қамтамасыз етудің артықшылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы шеңберінде ішкі газ тұтыну жүйесі реттелетін болады, оған сәйкес республика аумағын газдандыру жүзеге асырылады.
4.4 Теңгерімді өңірлік даму және урбандалу процесін басқару

Өңірлік саясаттың өндірістік қуаттарды, еңбек ресурстарын және инвестицияларды экономикалық даму үшін бәсекелік басымдылықтары бар өңірлерде шоғырландыру болып табылады.

Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын жүзеге асыру үшін бірыңғай Бағдарлама «2020 жылға дейіңгі өңірлерді дамыту» (бұдан әрі – Бағдарлама) қабылданып, бес бағдарламаны («Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы», 2011 - 2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту (ТКШ), «2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ», «Қолжетімді баспана 2020») біріктіру арқылы халықтың өмір сапасын жоғарылатуға (тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту – энергия және жылу көздерін, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру), өңірлердің экономикалық потенциалын дамытуға бағытталды.

Мемлекет басшысының қойған жаңа міндеттерін ескере отырып өңірлік дамудың барлық жүйесіне жаңғырту жүргізілетін болады. Республика ішілік өңіраралық (трансөңірлік) және макроөңірлік деңгейдегі стратегиялық басқару жүйесін ұйымдастыру мемлекеттің, өңірлердің, қоғамдық бірлестіктердің, бизнестің және эксперттік қауымдастықтың стратегиялық жоспарлау институттарының рөлін жоғарылатумен бірге жүреді.

Астана, Алматы, Шымкент, және Ақтөбе қалаларында орталықтары болатын агломерацияларды басымды түрде дамыту арқылы ел экономикасының өсу полюстерін қалыптастыру жалғастырылады, басқа аумақтар үшін «локомотив» рөлін атқаруға және елдің өңірлік жаһандық нарықтармен интеграциялануына мүмкіндік береді.

Бәсекелес артықшылықтарды ескере отырып «Назарбаев Университет», «Астана-жаңа қала» АЭА құрамындағы индустриялық парк негізінде, Ұлттық медициналық холдингтің медициналық кластері негізінде Астана агломерациясы жоғарғы технологиялар мен инновациялар орталығы ретінде айқындалады. Бұл агломерация Щучинск-Бурабай курорттық аймағының, Қарағанды, Теміртау қалаларының және олардың серіктерінің («Бурабай – Астана – Қарағанды автобаны бойында) Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамыту міндеттерін ескере отырып «өсу аймағының» желісі ретінде дамитын болады.

Алматы агломерациясы Қазақстанның сауда-логистикалық және қаржы орталығы ретінде («Қорғас» ШЫХО, G4 City жобасы және басқа жобалар негізінде), «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» АЭА негізіндегі инновациялық кластер ретінде, туризм, спорт және халықаралық деңгейдегі рекреациялық қызмет көрсету индустриясы ретінде дамитын болады.

Шымкент агломерациясы агроөнімдерді қайта өңдеу, жеңіл (тоқыма кластері) және фармацевтік өнекәсіп орталығы ретінде айқындалатын болады. Шымкент қаласының айналасындағы ірі ауылдарды индустрияландыру және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқынды өнеркәсіптік дамуымен азық-түлік белдеуін құру бойынша кешенді шаралар қабылданатын болады.

Ақтөбе агломерациясы металлургиялық кластер және өңірдің көлік-логистикалық, химия өнеркәсібінің өңдеуші және құрылыс индустриясының орталығы ретінде айқындалады. Ақтөбенің серіктес қалаларының ұзақ мерзімді мамандануын анықтау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Агломерацияның дамуы елдің одан әрі урбанизациялануымен байланысты болады, агломерациялардың қалыптасуының нақты қарқыны халықтың тығыздығына және ірі қалалардың экономикалық дамуына байланысты болады. Бұл Қазақстандағы бірыңғай кеңістіктік дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы өңірлерінің экономикалық тығыздығы саралаудың жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді және елдің өңірлік бөлінісіндегі экономикалық дамуының біркелкі еместігін сипаттайды. Урбанизациялау процесі денсаулық сақтау және білім беру сияқты қызметтерге халықтың қолжетімділігін жоғарылатуға, сондай-ақ табыстардың теңсіздігін қысқартуға алып келуі тиіс.

Урбанизацияланған өңірлер мұнай емес ЖІӨ-нің өсуіне ықпал етеді және оның негізгі қозғалтқыш болып табылады.


4.5 Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру

«Қазақстан – 2050» стратегиясы шеңберінде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыты кадрлық құрамды жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату бойынша мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бойынша нақты тапсырмаларды іске асыруға бағытталатын болады.

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасына сәйкес неғұрлым лайықты кадрларды таңдау, олардың жеке қызметін мойындау негізінде кәсіпкерлік және мансаптық жылжуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Мемлекеттік қызметтің автоматтандырылған ақпарттық жүйесін құру жөніндегі тұжырымдаманың ережесін іске асыру шеңберінде 2015 жылдың соңына қарай «Е-қызмет» интеграцияланған ақпарттық жүйесі енгізілетін болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруды одан әрі қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы заңнаманы талдау арқылы жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау жолымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін одан әрі кеңейту қамтамасыз етілетін болады.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді 100% стандарттау және регламенттеу қамтамасыз етілетін болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын қоғамдық мониторинг жүргізуге қатысу арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын мемлекеттік емес секторды тарту мақсатымен және Қоғамдық кеңестерде өзара және ынтымақтастық жүргізуге, жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемелекеттңк қызмет көрсету мәселелері бойынша қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған мемлекеттік органдардың ішкі ведомстволық және ведомство аралық бизнес-процестеріне талдауды жүзеге асыруды ескере отырып мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді одан әрі оңтайландыру және автоматизацияландыру жалғасатын болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ХҚО арқылы көрсетуге кезең-кезеңімен ауысу жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру сапасының тетіктері мен құралдарын жақсартуды қамтамасыз ететін мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізілетін болады.

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін одан әрі ажырату бойынша, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық дербестігін күшейту, өз жұмыстарының нәтижелері үшін жергілікті билік органдарының жауапкершілігін арттыру, корпоративті басқаруқағидаттарын Корпоративті басқаруды жетілдіру мәселесі бойынша заң жобасының тұжырымдамасына әзірленетін болады.

Құжат айналымын одан әрі қысқарту және алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибе негізінде ақпараттық ағымдарды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

2014 – 2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде мемлекеттік активтерді басқару тиімділігін жоғарылату және экономикадағы мемлекет пен жеке бизнестің рөлін нақты бөлуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және квазимемлекеттік компанияларды жекешелендіру жалғасатын болады.

«Халықтық IPO» бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады.

2020 жылға дейін экономикадағы мемлекеттік меншіктің үлесі ЖІӨ-нің 15 % - ЭЫДҰ елдері деңгейіне дейін төмендетілетін болады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іске асырудың сапасын жоғарылату шеңберінде сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту, сондай-ақ «электрондық үкіметті» дамыту жалғасатын болады.
4.6 Халықаралық интеграция және өзара іс-қимыл

Қазақстанның интеграциялық процестерге қатысуы өткізу нарықтарын кеңейту және инвестицияларды тарту негізінде тұрақты экономикалық өсу, салалардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту құралдарының бірі болып табылады.

Еуразиялық интеграция өнімді өткізу нарықтарын кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, саудадағы алуан түрлі кедергілерді жою мәселелерін қамтиды.

2014 жылғы 24 мамырда Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерацииясы Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) қол қойды.

Мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы нарығын қалыптастыру бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде өзара саудада экспорттық кедендік баждар мен шектеулерді қолданбау, сондай-ақ газ-көлік инфрақұрылымының қолжетімді болуы көзделген.

Газ бойынша қолжетімділікті ұсыну шарттарының бірі ретінде нарықтық баға белгілеу қарастырылған.

2019 жылға қарай Белоруссия, Қазақстан және Ресей ұлттық электр энергиясы нарықтарын интеграциялау жолымен жалпы электр энергетикасының нарығы қалыптастырылатын болады.

2015 – 2016 жылдары жалпы электр энергетикасы нарығын кезең-кезеңмен қалыптастыру шеңберінде жалпы электр энергетикасы нарығын қалыптастырудың тұжырымдамасы мен бағдарламасы әзірленетін болады, 2019 жылғы 1 шілдеге дейін жалпы электр энергетикасы нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт жасалады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен нарықтарын дамытуды теңгерімдеу, ішкі және сыртқы нарықтардағы өндірушілерді қорғау үшін үйлестірілген агроөнеркәсіптік саясат жүргізілетін болады.

2015 жылғы 1 шілдеге дейін автомобиль тасымалдаушыларына ішкі нарыққа қолжетімділікті ұсыну үшін 2016 – 2025 жылдарға арналған тасымалдауларды (каботажды тасымалдар) ырықтандыру бағдарламасы әзірленеді.

Шартта Қазақстан тарапының бастамасы бойынша ұлттық талаптарға сәйкес халықаралық тасымалдарды (үшінші елдерден/елдерге) жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған.

2016 жылдан бастап тиісті фармацевтикалық практикалар стандарттары (GMP) негізінде дәрілік заттардың жалпы нарығы жұмыс істей бастайды. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көрсетілетін қызметтердің жекелеген секторларында бірыңғай нарықты кезең-кезеңмен қалыптастыру жоспарлануда. Ырықтандыруды көрсетілетін қызметтер секторларының тізбесін жасау негізінде кезең-кезеңмен жүзеге асыру болжануда, оны мемлекеттер басшылары бекітетін болады.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде уағдаластықтарды іске асыру үшін Шартқа сәйкес Халықаралық құжаттар мен актілерді әзірлеу жоспары әзірленді.

Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмысына кедергі жасайтын алып қоюлар мен шектеулерді жою жөніндегі жұмыс қол қойылған Шарт ескеріле отырып жалғасуда.

Қырғыз Республикасы мен Армения Республикасының Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке қосылуының «Жол карталары» бойынша жұмыс жалғасатын болады.

4.6.1 Сыртқы сауда саясаты

Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаты елдің экономикалық мүдделерінің ілгерілеу мен қорғауының тиімді және жылдам жүйесін әлемдік сауда жүйесіне бірігу арқылы жасау болады:

Қазақстан Республикасының көп жақты сауда жүйесіне қатысуын кеңейтуге (Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздерді аяқтау);

отандық тауар өндірушілер мен тұтынушыларды қолдау мақсатында кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу, сондай-ақ демпингке қарсы, өтемақы және арнайы қорғау шараларын қолдану бойынша жедел жұмысты жалғастыруға;

сыртқы сауданы реттеу құралдарын тиімді қолдануға шоғырлануды қамтитын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде сыртқы сауда саясатын дамыту стратегиясын әзірлеу және іске асыруға;

сыртқы сауданы реттеу шараларын қарау және қабылдаудың жеделдігін арттыруға бағытталған ұлттық заңнаманы жетілдіруіге;

ДСҰ-ның IX Министрлік конференциясында қол жеткізілген келісімді есепке ала отырып сауданы жеңілдету;

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде еркін сауда тәртібін жетілдіру және тереңдету бағытылатын болады.

Еуропалық еркін сауда қауымдастығына қатысушы елдерімен (Швейцария, Лихтенштейн, Норвегия, Исландия), Жаңа Зеландия, Вьетнаммен преференциялық сауда туралы келiсiмдер жасасу бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Израильмен келіссөздер жүргізіледі және Индия, Перу, Эквадор және басқа елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасаудың орындылығы қаралатын болады.

5. 2015 – 2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

2015 – 2019 жылдары экономиканың өсу қарқыны 4,8-6,7 %-ды құрайтын болады.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің номиналды өсуі орташа есеппен 10,2 %-ды құрайтын болады және 2019 жылдың соңына қарай 21 738,4 АҚШ долл. деңгейінде бағаланады.

Экономика әлемдік экономика өсуінің қалыпты қарқындары және шикізат тауарларына сұранысты қалпына келтіру жағдайында дамитын болады. Сонымен қатар инфрақұрылым мен халықтың тұтынуына мемлекеттік инвестициялардың ұлғаюы есебінен тұрақты және үдемелі экономикалық серпін күтілуде.

Әлемдік экономикада сыртқы сұраныстың қысқаруы бірге жүретін дағдарыс құбылыстарының қайталануы мүмкiн болғандықтан, 2015 – 2019 жылдары экономиканың өсуі негізінен белгіленген кезеңде орташа есеппен 6,4 % қарқынында өсетін ішкі сұранысқа сүйенетін болады.
5.1 Экономикалық өсудің факторлары

Болжамды кезеңдегі пайдалану бойынша ЖІӨ-нің құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды. ЖІӨ-де үй шаруашылықтары тұтынуының үлес салмағының 2015 жылы 52,6 %-дан 2019 жылға қарай 59,1 %-ға дейін өсуі байқалатын болады.


5-сурет

Инвестициялар экономикалық өсуді қолдаудың елеулі факторы болады. Ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік инвестициялар ішкі сұраныс серпініне инвестиция салымын арттыруға мүмкіндік береді. Инвестицияның орташа жылдық өсу қарқыны 6,3 % шегінде күтілуде.

2015 жылдан кейін тауар және қызмет экспорты шамамен орташа жылдық көріністе 6,7 % шегінде өсетін болады. Тұрақты оңтайлы өсу экспорт құрылымындағы энергетикалық тауарлардың жоғары үлес салмағымен, сондай-ақ жоспарланған мұнай өндірісінің көлемін 2017 – 2019 жылдары ұлғайтумен түсіндіріледі.

2-кесте



 

2015

2016

2017

2018

2019

ЖІӨ

104,8

105,3

106,7

105,8

106,5

Ішкі сұраныс

107,2

105,9

106,3

105,9

106,7

Импорт

94,8

100,9

101,9

115,6

105,7

Ішкі өндіріс

107,1

106,6

107,5

106,9

106,7

Сыртқы сұраныс (экспорт)

89,0

110,4

104,9

106,5

105,1

Ішкі сұраныстың өсімін (төмендеуінің) жабу көздерінің құрылымы*:

100,0 %

100,0%

100,0 %

100,0 %

100,0 %

Импорт

24,4 %

23,5 %

22,8 %

22,4 %

22,4 %

Ішкі өндіріс

75,6 %

76,5 %

77,2 %

77,6 %

77,6 %

* тиісті кезеңнің бағаларында

















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет