Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясының басқа мемлекеттік органдармен



Pdf көрінісі
бет127/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
еңбек кодексі (1)

  
196-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясының басқа мемлекеттік органдармен 
және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуы 
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы өз қызметін басқа мемлекеттік қадағалау және 
бақылау органдарымен, жұмыскерлердің өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа да 
ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. 
2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік еңбек инспекторына Қазақстан Республикасы 
еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерін 
орындауына жәрдемдесуге міндетті. 
  
197-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР 
Заңымен
 алып тасталды 
(
бұр.ред.қара
)
  
198-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек 
инспекторының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау 
тәртібі 


2020.26.06. № 349-VI ҚР 
Заңымен
 1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау 
жүзеге асырылған кезде жұмыс берушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған 
жағдайда, жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) 
жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға және (немесе) сотқа осы баптың 3-тармағының 
талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
тәртіппен шағым жасауға құқылы. 
2. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы немесе облыстың, 
республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік еңбек инспекторы 
әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе актілерге жеке және (немесе) заңды тұлғалардың 
өтініштері (шағымдары) бойынша шешім шығарылғанға дейін төмен тұрған мемлекеттік 
еңбек инспекторы актілерінің орындалуын тоқтата тұруға, олардың күшін жоюға не кері 
қайтарып алуға құқылы. 
2020.26.06. № 349-VI ҚР 
Заңымен
 3-тармақпен толықтырылды 
3. Жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқамаға жоғары тұрған мемлекеттік 
еңбек инспекторына немесе сотқа нұсқама алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде 
шағым жасалуы мүмкін. 
Нұсқама мемлекеттік еңбек инспекторы белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда 
және шағым жасауға арналған мерзім өткеннен кейін, егер оған шағым жасалмаса
нұсқама көрсетілген мерзімдер өткен соң үш жұмыс күнінен кешіктірілмей 
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан 
Республикасының 
Заңына
сәйкес аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот 
орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. 
Нұсқамаға шағым келіп түскен күннен бастап жоғары тұрған мемлекеттік еңбек 
инспекторы он жұмыс күні ішінде шағым бойынша тиісті шешім қабылдайды. 
Нұсқамаға сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, ол сот актісі заңды күшіне енген 
күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей «Атқарушылық іс жүргізу және сот 
орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңына
сәйкес 
аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік 
палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. 
199-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР 
Заңымен
 алып тасталды 
(
бұр.ред.қара
)
2018.24.05. № 156-VI ҚР 
Заңымен
 200-бап өзгертілді (
бұр.ред.қара
); 2020.04.05. № 321-VІ 
ҚР 
Заңымен
 200-бап жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет