2011 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша мемлекеттік органдардың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін атқарған және жоспарлап отырған шаралары туралы жиынтық есеп



жүктеу 428.76 Kb.
бет1/3
Дата30.06.2016
өлшемі428.76 Kb.
  1   2   3





2011 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша мемлекеттік органдардың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін атқарған және жоспарлап отырған шаралары туралы жиынтық ЕСЕП


МАЗМҰНЫ


1.

«Макроэкономика» факторы

3-6

2.

«Бизнес» факторы

6-9

3.

«Инновации и технологии» факторы

9-11

4.

«Адами даму» факторы

11- 20

5.

«Институттар» факторы

20-23


«Макроэкономика» факторы

Макроэкономика» факторы көрсеткіштерін жақсарту үшін мемлекеттік органдармен келесідей мақсатты шаралар қолданылуда:



  • Нормативті-құқықтық база жетілдіруде:

- қысқа мерзімді тұтынушылық кредиттерді және экспресс-кредиттерді қоса алғанда кредит бойынша ставкалардың өсуін шектеуіне ықпал ететін «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтердi тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң қабылданды;

- Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Рессей Федерациясының Кеден одағы шеңберіндегі қабылданған халықаралық шарттарға сәйкестендіруге бағытталған «Сауда қызметiн реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң қабылданды

- Кедендік одақтың бірыңғай кедендік аумағында таралуға жататын арнайы қорғау және демпингке қарсы шаралар тізімі бекітілген.

- ҚР Үкіметінің Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару және орындалмаған іс-шараларды Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына интеграциялау жөніндегі тұжырымдамасы іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарының күші жойылды деп тануды көздейтін қаулысы қабылданды.

- Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеу қағидасы бекiтiлді.

- Жекелеген әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар кешені бекітілді, оған сәйкес бағалардың ауытқуына мемлекеттің әсері мынадай бағыттар бойынша: 1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын құру; 2) жеміс-көкөніс өнімдерін өндірумен, дайындаумен және өткізумен айналысатын субъектілер үшін есептелген ҚҚС-ті 100% -ға азайту; 3) азық-түлiк тауарларының өндірісін дамыту; 4) халықтың әлеуметтік осал бөлігін атаулы қорғау жүзеге асырылатын болады.



  • Бұрын қабылданған құжаттар шеңберінде іс-шаралар іске асырылуда:

- Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында жаңа преференциялық сауда Келісімдерін жасасу мүмкіндігі бөлігінде қолданыстағы үшінші елдермен сауда режимдерін бірегейлендіру бойынша жұмыстар, сондай-ақ Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің өзара сауда-саттықтағы экономикалық емес сипаттағы тыйым салулар мен шектеулерін бірегейлендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде;

- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышын қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесін, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының негізгі көрсеткіштерін және ден қою шараларын қабылдау үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау жүргізуді есепке алу және талдау жүргізілуде;

- қарыз берушілер алдында борыштық міндеттемелерді орындау уақтылы және толық жүргізілуде, сонымен қатар борышқа қызмет көрсету бойынша шығыстардың өсуін кідірту бойынша белгіленген шектеулер сақталуда, борыштың борыш индикаторлары ретінде айқындалатын қауіпсіз деңгейі қамтамасыз етілуде;

- 2011 жылы инфляция бойынша негізгі мақсатқа (6-8%) қол жеткізу шеңберінде ақша нарығындағы өтімділікті реттеу бойынша шаралар қабылданды. Артық өтімділікті байланыстыру мақсатында үлкен көлемде тазалау операциялары, атап айтқанда, қысқа мерзімді ноталар шығару және депозиттер тарту жүргізілді. Атап айтқанда, 2011 жылдың 1-жартыжылдығында 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шығарылған қысқа мерзімді ноталар көлемі 22,8%-ға ұлғайды және 2,1 трлн.теңгені құрады. 2011 жылғы маусымдағы айналымда болған ноталар көлемі 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 47,9%-ға 1,3 трлн.теңгеге дейін өсті.

- осы кезеңде банктерден сомасы 8,1 трлн. теңгеге депозиттер тартылды, бұл 2010 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 18,9%-ға төмен. 2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда банктердің депозиттері бойынша Ұлттық банктегі қалдықтар 23,4%-ға өсті және 2011 жылғы маусымның аяғындағы жағдай бойынша 529,6 млрд. теңгені құрады.

- қайта қаржыландырудың ресми ставкасы 50 базистік тармаққа 7,5%-ға дейін көтерілді, ең төмен резервтік талаптардың нормативтері 2011 жылғы 31 мамырдан бастап банктердің ішкі міндеттемелері бойынша 2,5% және банктердің өзге міндеттемелері бойынша 4,5% деңгейінде (бұдан бұрын – 1,5% және 2,5%, тиісінше) арттырылды.

- тамақ өнімдеріне бағаның тұрақтандыру бойынша іс-шаралар іске асырылуда. Осылай, өңірлерді жеміс-жидек өнімдерімен толтыру үшін бағаны тұрақтандыру мақсатында өңірлерді жеміс-жидек өнімдерімен толтыру процесіне Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын (ӘКК) тарту Схемасы әзірленді. Осы схема бойынша барлық өңірлік ӘКК-лер жұмыс істейді.

- сезімтал нарықтар, оның ішінде мұнай өнімдері (бензин және дизель отыны) мен азық-түлiк тауарлары нарықтарының мониторингі мен талдауы тұрақты түрде жүргізіледі. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері айқындалған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады.

- тарифтердің негізсіз көтерілуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Реттелетін қызметтерге тарифтердің 2011 жылы 1,58%-дан аспайтын деңгейде көтерілуі инфляцияға қосқан үлестің жиынтық деңгейін Үкімет мақұлдады. Ағымдағы жылдың алты айының қорытындылары бойынша реттелетін қызметтер тарифтерінің инфляцияға деңгейі 0,54%-дан аса құрады.

- шет елдік нарықтарға жылжыту үшін Экспортқа бағдарланған өндіруші кәсіпорындардың тізімі қалыптастырылды;

- Ұлттық Банктің Алтын-валюта активтерін (бұдан әрі - АВА) басқару бойынша инвестициялық стратегиясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылай АВА құрылымы «Дамушы нарықтардың қоржыны» сияқты жаңа қоржынды қосу жолымен өзгертілді, бұдан басқа, абсолюттік кірістілік қоржыны негізінде «Стратегиялық қоржын» құрылды.

- АВА-ның инвестициялық қоржынының валюталық әртараптануын тереңдету шеңберінде 2011 жылғы 1 шілдеден бастап мынадай валюта бөлулер күшіне енді: 30% - АҚШ доллары; 35% - Еуро; 10% - Фунт стерлинг; 10% - жапон йені; 5% - Австралия доллары; 5% - Канада доллары; 5% - Оңтүстік-корея вондары.

- Стратегиялық қоржын үшін активтердің нысаналы бөлінуі мынадай: 30% - Инвестициялық деңгейдегі жаһанды корпоративтік бағалы қағаздар (Global Investment Grade Corporates); 30% - Дамыған елдердің акциялары (Global Equity); 30% - Дамушы нарықтардың облигациялары (Emerging market debt); 10% - Айырбасталатын корпоративтік облигациялар (Convertible corporates) бөлінісі болып табылады.


  • Ақпараттық-ұйымдастырушылық іс-шаралар өткізілуде:

- ҚР қаржылық тұрақтылығы мен қаржы нарығының дамуы жөнінде кеңестің отырысы өтті (11.03.2011), онда екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасын жақсарту Тұжырымдамасы қабылданды. Осы құжат проблемалы несиелерді сатып алу арқылы банктердің несие портфельдерін сауықтыру және олардың құнын қалыпына келтіру үшін, сондай-ақ басқару және/немесе одан кейінгі сату/қайта құрылымдау/қорғау мақсаттары үшін банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын және активтерін сатып алатын ұйымдарды екінші деңгейлі банктердің құруды «Проблемалы несиелер қоры» АҚ құруды жоспарлайды.

- Қазақстанның ЖСҰ кіру мәселелері жөнінде Еуропа Одағымен, АҚШ және Сауд Аравиямен екіжақты келіссөздер өткізілді;

- «OIC EXPO» Шарджа қ. (БАӘ) 13-ші көрмесі шеңберінде отандық тауарларды презентециялар і, сондай-ақ Тәжікстан Республикасында сауда миссиясы өткізілд;

- Азия және ЕО, Ресей, Украина, Беларусь, Иран, Индия елдерінің үш мамандандырылған шетелдік баспасөздерде қазақстандық кәсіпорындар және олар шығаратын өндімдер туралы ақпаратты жайғастыру қамтамасыз етілді.

Осылайша, көрсетілген шаралар мынадай нәтижелер түрінде көрініс табады:

2011 жылдың бірінші жартыдылдығы қорытындылары бойынша пайыздық спрэдттің мөлшері 1,64%-ды құрады, ал 2010 жылдың қорытындылары бойынша аталған көрсеткіш 1,19%-ды құраған.

2010 жылдың соңына қарағанда Ұлттық валютаның АҚШ долларына қүшеюі, ағымдағы жылғы маусымның соңында атаулы көріністе бар болғаны 0,78%-ды құрады.

А.ж. маусымда инфляция деңгейі 8,4%-ды құрады, бұл 2010 жылғы маусымдағыдан 1,6 п.т. төмен. А.ж. маусымда инфляцияның нақты мәні Ұлттық Банктің 2011 жылға бекіткен 6-8 %-дәлізінен 0,4 п.т. жоғары қалыптасты.

2011 жылдың бірінші жартыдылдығында жалпы халықаралық резевтер 22,4%-ға өсті және 34,6 млрд. АҚШ долларын құрады. 2011 жылдың бірінші жартыдылдығында АВА инвестициялық портфелінің АҚШ доллары көрінісіндегі табыстылығы 3,85%-ды құрады.

Жалпы сыртқы қарыз 2011 жылдың 1 тоқсанында 4,9 млрд. АҚШ долларына ұлғайды және 2011 жылдың 31 наурызында 124,2 млрд. долларды құрады немесе ЖІӨ-нің 81,4%-ы.

Ресей және Беларусь елдерімен өзара саудасын есепке ала отырып 2011 жылғы қаңтарда-маусымда 61,6 млрд. АҚШ долл. құрап, 2010 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 44,7%-ға өсті, оның ішінде экспорт – 44,9 млрд. АҚШ долл. (51,8%-ға өсті), импорт – 16,6 млрд. АҚШ долл. (28,4%-ға өсті). Сауда теңгерімінің оңтайлы сальдосы 28,3 млрд. АҚШ долларын құрады (2010 жылғы қаңтар-маусымда – 16,6 млрд. АҚШ доллары).

2011 жылдың бірінші жартыдылдығы қорытындылары бойынша майыздық спрэд мөлшері 1,64%-ды құрады, ал 2010 жылдың қорытындылары бойынша көрсеткіш 1,19%-ды құраған.

А.ж. қаңтар-маусымының қорытындылары бойынша экспорттың жалпы көлеміндегі шикішаттық емес экспорттың үлесі 23,07%-ды құрады және 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-ға төмендеді1.

Жалпы алғанда фактор көрсеткіштерін жақсарту үшін келесідей шаралар қабылданады:

- елдегі бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-несие саясаты жалғастырылады;

- экономикадағы ақша ұсынымын тиісті деңгейде ұстау және реттеу бойынша шаралар қабылдынады;

- стерилизациялық операциялар жалғастырылады. Бұл мақсатта 2011 жылдың 2 жартысында 9 айға дейінгі қысқа мерзімді ноталар шығарылады (қазіргі кезде олардың мерзімі 3 және 6 ай);

- АВА портфелінің әртараптандырылуы жалғасады;

- Қазақстанның ішкі нарығында бәсекелік ортаны дамытуға бағытталған шаралар қабылданады, сауда инфрақұрылымын дамыту, тамақ өнімдеріне бағаның тұрақтандыру бойынша іс-шаралар іске асырылады;

- мемлекеттік қарыздың мониторингін жүргізу және қарыз берушілер алдында қарыздарды өтеудің толық орындалуы қамтамасыз етіледі;

- Кеден Одағы шеңберінде кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеуді дамыту шаралары іске асырылады;

- Қазақстанның БСҰ-на енуі туралы (АҚШ, ЕҰ, Сауд Арабиясы) екі жақты келіссөздер аяқаталады;

- Қазақстанның 6 жеңіл өнеркәсіп көомпанияларының Мәскеу қаласындағы «ТекстильЛегПром» көрмесіне қатысуы ұйымдастырылады.

«Бизнес» факторы

Республикадағы бизнес-ортаны жақсарту жөніндегі жұмыстар басымдық болып табылады және тұрақты негізде жүргізіліп отырады. «Бизнес» факторларының көрсеткіштерін жақсарту үшін мемлекеттік органдар келесі мақсатты шараларды қолданады:



  • Нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде:

  • тексерілетін субъектілерге талаптар орнататын нормативтік құқытық актілерді қабылдауға мемлекеттік органдардың құзыретін жоятын «Тексерілетін субъектілерге талаптар орнататын нормативтік құқытық актілерді қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органдар мен ҚР Үкіметінің құзыретін қарастыру мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, ол үшін 5 кодекске және 42 заңға өзгерістер енгізілді;

  • «Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды, онда анықталған 1015 рұқсаттарының 348 немесе 34%-ы жойылды;

  • «ҚР арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заң қабылданды, оған сәйкес, инвесторларды тарту үшін қосымша салықтық жеңілдіктер енгізілетін болады. Одан басқа, әкімшілік Заңына сәйкес АЭА АЭА қызмет етуін қамтамасыз ететін басқарушы компаниялармен ауыстырылатын болады;

  • «Бірыңғай принциптер мен бәсеке ережелері жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды. Келісімді іске асыру бірыңғай бәсекелестік саясатты жүргізуге,Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тиімді қызмет ету негіздерін және Кеден одағына қатысушы-мемлекеттердің тауар нарығындағы бәсеке шарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

  • кеден баждарынан босату ұсынылатын тауарлар тізімін кеңейту бөлігінде кедендік баждарды төлеуден босату түрінде инвестициялық переференциялардың таратылуын қарастыратын «Қазақстан Республикасының инвестиция мәселелері туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы келісу және пысықтау кезеңінде;

  • мемлекеттің экономикаға араласуын жоғары деңгейде қысқартуды және Ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің қорғану қабілеттілігін, қоғамдық тәртіпті, адам құқықтары мен бостандықтарын, тұрғындардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің кәсіпкерлік қызметте қатысуын талап ететін ерекше жағдайларда мемлекеттік монополияны жүргізуді қарастыратын «Мемлекеттік монополия мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жоба әзірленіп ҚР Парламент мәжілісіне енгізілді;

  • жеңіл өнеркәсіп, ойыншықтар және балаларға арналған тауарларды қоса алғанда кейбір тауар түрлеріне міндетті сәйкестілікті растауға тиісті (сертификаттау және декларациялау) өнімге сәйкестік туралы Бірыңғай сертификат пен декларация енгізілді;

  • ҚР бизнесті жүргізу шарттарын жақсартуды және инвестициялық беделді арттыру жөніндегі шараларды қабылдауды қарастыратын ҚР шикізаттық емес секторына инвестициялар тарту жөніндегі Ұлттық жоспар әзірленді;

  • бұдан бұрын қабылданған құжаттар шеңберінде шаралар іске асырылуда;

  • ҚР 2010-2014 жылдарға арналған инвестиция тарту, АЭА дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде шикізаттық емес экспортқа бағытталған және жоғарытехнологиялы өндірісі;

  • «2020 Бизнес жол картасының» үш бағыты шеңберінде жобаларды субсидиялау жұмыстары жүргізілуде. Ең көп келісілген жобалардың мынадай салаларда байқалады: 131жоба – агроөндірістік кешен, 98 жоба – жеңіл өндіріс және жихаз өндіру, 78 жоба - металургия, метал өңдеу, машинақұрылыс.

  • «2020 өнімділік» бағдарламасы іске асырылуда. «Қазақстандық индустрия және және даму институты» АҚ – Бағдарламаның үйлестірушісімен 113 жоба қарастырылып, 3 – жоба мақұлданды.

  • ҚР 2010 -2014 жылдарға арналға көлік инфроқұрлымын дамыту бағдарламасы шеңберінде көлік инфроқұрлымын модернизациялау бойынша шаралар қолданылуда. Жекелеп айтқанда, теміржол көлігі бойынша: (31 бірлік) локомотивті парк жаңартылды, (1360 бірлік) жүк вагодары және контейнерлер сатылып алынды, әуе көлігі бойынша: Ақтау қаласы әуе-жайының ұшып-қону сызығын қайта жаңғырту жобасын іске асыру жалғастырылуда, Көкшетау қаласы әуевокзал әуе-жайының ұшып-қону сызығын қайта жаңғырту жобаларын іске асыру жалғастырылуда; су көлігі бойынша: «Солтүстік бағытта Ақтау қаласының портын кеңейту» жобасын іске асыру жалғастырылуда, «2011-2013 жылдарға арналған Ақтау қаласы портының өнімділік тиімділігін арттыру бағдарламасын» іске асыру бойынша шаралар қолдануда; автомобиль көлігі бойынша: ағымдағы жылдың 1 жартыжылдық қортындысы бойынша республикалық жол жүйесі бойынша 640 км құрылды (оның құрылыс және қайтажаңғырту - 308 км және жөндеу жұмыстары 319 км); жергілікті жол жүйесі бойынша 333,6 км (оның құрылыс және қайтажаңғырту – 64,9 км;, 94,3 км - күрделі жөндеу және 174,4 км орташа жөндеу).

  • Қазақстан Республикасында 2010 – 2014 жылдарға арналған бәсекелестікті дамыту бойынша бағдарламасы іске асырылуда, оның шеңберінде сауда нарығындағы шоғырлану деңгейін төмендету шаралары қаьылдануда;

  • «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 78 бабына сәйкес) мемлекеттің қатысуы бар кәсіпорындарды бәсекелестік ортаға тапсыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2011 жылдың 1 жартыжылдың қортындысы бойынша мемлекеттік меншігіндегі 50% акция (улесі бар) және олармен үлестес болатын тұлғалармен мемлекеттік кәсіпорындардан және заңды тұлғалардан 468 хадатайствалар келіп түсті, сонымен бірге 35 мемлекеттік мекеме бәсекелесті ортаға өткізілді;

  • Шығыс Қазақстан облысында, сонымен қатар Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұрын ірекет еткен өлкен кәсіпорындар және өндірістік аумақтар базазы негізінде индустриялық аумақтарды ұйымдастыру бойынша жұмыстар басталды.

  • Ақпараттық-ұйымдастырушылық шаралар өткізілуде:

- 2011 жылдың 1 жартыжылдығында 6 бизнес-форум өткізілді, негізгісі: «Экономикалық ынтымақтастық үшін инмпульстар» Германо-Қазақстандық экономикалық форум (Берлин қаласы 24 мамыр), 7-ші Дүниежүзілік исламдық Экономикалық Форум (Астана қаласы 7-9 маусым)

-үйлестіру одағының бірінші отырысы өтті (24 маусым 2011 жылы), оның барысында мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимыл тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы мәселелер талқыланды.



  • Бәсекестіктті қорғау агенттігі және Қазақстан Ұлттық тұтынушылар одағы арасында бірлескен қызмет туралы Меморандумға қол қойылды.

Жалпы, берілген шаралардың практикалық нәтижелері жыл сайынғы белсенді жұмыс жасайтын жеке кәсңпкерліктің өсу санының серпінділігі, шығаратын өнімнің мөлшері, экономикалық өңдеу секторына инвистициялардың өсуі және бизнес үшін әкімшілік кедергілердің төмендеуі түрінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 1 шілдеге өткен жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда кіші және орта кәсіпкерліктің (одан әрі - КОК) белсенді субъектілерінің саны 8,1%, өсіп, 677956 бірлікті құрады.

Экономиканың өңдеу секторына инвестициялар мөлшерінің көрсеткіштері бойынша оң үрдістер байқалуда. Сонымен, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өңдеу секторында тікелей шетел инвестицияларының мөлшері 709,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,5% көп.

Бұл ретте, 2011 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар мөлшері (691 млн. тнг) ішкі жалпы өнімге қатысты 13,4% құрады, бұл 2010 жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 2,1% төмен.

Еңбек өнімділігінің индексіне келетін болсақ, 2011 жылдың 1 тоқсанында өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда еңбек өнімділігінің индексі жалпы экономика бойынша 104,8% құрады.

2011 жылдың 1 жартыжылдығында жүк айналымның өскені байқалды, ол 39,8 млрд.тқм-ді құрды, бұл 2010 жылдың ұқсас кезеңдегіден 42,3%-ға көп. Жүк айналымның өсуі теміржол және автомобиль тасымалындағы жүк ағымына байланысты жалпы жүк айналымында оның көлемі маңызды (тиісінше 49,6% және 25%) болып отыр.




Жалпы, фактордың көрсеткіштерін жақсарту үшін келесі шаралар қабылданатын болады:



  • бірнеше кезеңнен тұратын рұқсат беру жүйесінің қайта құрылу жұмысы. Бірінші кезең лицензия мен рұқсат беру қағаздарын 30% қысқарту және жеке рұқсат беру қағаздарын хабарландыру жүйесіне көшіру. Бұдан әрі қауіпсіздік деңгейі бойынша санаттарға бөле отырып рұқсаттардың бір заңдағы түпкілікті тізбесі айқындалады және оларды беру рәсімдерінің бірыңғай талаптары белгіленеді.

Үшінші кезеңде барлық рұқсат беру қағаздары толығымен электронды түрге ауыстырылса, одан да көбін халыққа қызмет ету орталықтары арқылы берілу көзделген;

  • ҚР инвестициялық заңнамасын одан әрі жетілдіру (ҚР «Инвестициялар туралы» Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу);

  • Бұдан әрі қауіпсіздік деңгейі бойынша санаттарға бөле отырып рұқсаттардың бір Заңдағы түпкілікті тізбесі айқындалады және оларды беру рәсімдерінің бірыңғай талаптары белгіленеді.

  • ҚР Ұлттық шикізат емес секторына инвестициялар тарту жоспарын бекіту және жүзеге асыру;

  • ҚР инвестициялық имиджін ілгерілету (бизнес форумдар жүргізу және т.б.);

  • мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу үлесін төмендету бойынша түрлі іс-шаралар өткізу;

  • экономика құрайтын саладағы монополиясыздандыру және монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына жол бермеуді бақылау;

  • 27 кәсіпорынға қазіргі заманға сай басқару және өндірістік технологияларды енгізу, мамандандырылған жобалар және инжинирингті ұйымдарды тарату;

  • 2011 жылдың 2 жартыжылдығына арналған мемлекеттік және салалық бағдармалары шеңберіндегі іс-шараларды толық орындау.



«Инновациялар және технологиялар» факторы

Еліміздің инновациялық және технологиялық потенциалының даму деңгейі әлі де төмен, алайда бәсеке қабілеттіліктің бұл факторының көрсеткіштерін жақсарту бойынша мемлекеттік органдарбелсенді жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда мемлекеттік органдар келесідей шаралар қабылдануда:



  • Нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде:

- «Ғылым туралы» заң қабылданды, аталған заңға сәйкес зерттеулерді қаржыландырудың жаңа жүйесін енгізу көзделеді: базалық, гранттық, бағдарламалық-мақсаттық. Бұдан басқа ғалымдардың рөлі артты, яғни жобалар мен бағдарламаларды орындау туралы шешімдер ғалымдардың өздерімен қабылданады. Бұл мақсатта ғылымды басқару жүйесінде стратегиялық, әкімшілік және сарапшылық қызметтердің ара-жігін ажырату көзделеді.

- «Патенттік құқық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды.

- жер қойнауын пайдаланушы түскен пайданың 1% кем емесін ҒЗТКӘ-ға міндетті түрде аударуды және көтерген шығындар көлемінің 150% тең ҒЗТКӘ өткізуге шығындар соммасына салық төлеушінің салыққа салынатын табысты азайтуды көздейтін заңнамаға өзгерсітерді енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленіп, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілді;

- инжинирингтік қызмет көрсетіду сатып алу бойынша жобаларды бірігіп қаржыландыруды, осы замаңғы басқару және өндірістк технологияларды ендіруді, шетелдік мамандарды және технологиялар трансфертін тартуды көздейтін «Өнімділік 2020» бағдарламасы қабылданды

- «Жоғары және орта технологиялық өндірс қызметі түрлерінің тізімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді. Аталған тізімдегі өнім елдің инновациялық дамуына басымды болп табылады.

Қабылданған құжаттар шеңберінде іс-шаралар іске асырылуда:

- технологиялар трансферті жөнінде шетел компаниялармен келіссөздер жүргізілді (минералды мақта өндіруге арналған итальян желісін сатып алу, Қазақстанда Германия инвесторларымен бірлескен қауіпсіздікті басқару жүйелері өндірісін құру. Қарағанды ("Calsys" ЖШС) қаласында жылдамдығы жоғары сым өндірісін іске қосу);

- «Қазахтелеком» АҚ телекоммуникациялардың магистралды желілерін кеңейту бойынша шаралар қабылдануда. Атап айтқанда «Петропавловск-Астана», «Ақтөбе-Көкшетау-Астана», «Ақтөбе-Қандыағаш-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Алматы», «Ақтөбе-Орал-Атырау-Ганюшкино-Мақат-Ақтау» бағыттарында құрылғылар қондырылды;


  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет