2)
белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек
функциясы);
3) жұмыстың орындалатын орны;
4) еңбек шартының мерзімі;
5) жұмыстың басталу күні;
6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі;
7) еңбекке ақы төлеу мөлшері
мен өзге де шарттары;
8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды және (немесе)
қауіпті жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепілдіктер
мен жеңілдіктер;
9) жұмыскердің құқықтары мен міндеттері;
10) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртібі;
12)
тараптардың жауаптылығы;
13) жасалу күні мен реттік нөмірі болуға тиіс.
2. Мүгедекпен жасалатын еңбек шартында жұмыс орындарын олардың жеке
мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықтау жөніндегі талаптар қамтылуға тиіс.
3. Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының
заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: