Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері



Pdf көрінісі
бет35/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
31-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері 
1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. 
2. Еңбек шарты: 
1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес 
жасқа толған азаматтармен; 
2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын 
жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен; 
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, 
цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей
шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақтың 2) 
тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған 
адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 3-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке 
толмаған адаммен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс. 
32-бап. Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар 
1. Еңбек шартын жасау үшін мынадай құжаттар: 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 (
бұр.ред.қара
); 2020.13.05. № 327-VІ 
Заңымен
 (2021 ж. 
2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
) 1) тармақша өзгертілді
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы 
азаматының паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлік) қажет. 


Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 2) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
2) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы 
жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын 
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі; 
3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу 
кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы 
туралы құжат; 
4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін); 
5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай 
куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) қажет. 
2. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу, демалысты 
ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз 
ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу 
үшін адам: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына 
және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе 
террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны 
туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады. 
2020.30.12. № 393-VI ҚР 
Заңымен
 3-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
3. Азаматтық қызметке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа тұру кезінде 
адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі 
туралы анықтама ұсынады. 
4. Жұмыскер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс берушімен 
жасасу үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары (жұмыс орны, 
лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама ұсынады. 
5. Мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерлері тартылған кезде еңбек шартын 
жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 
шетелдік жұмыскерлерді тарту тәртібіне сәйкес айқындалады. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 6-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
6. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген 
жағдайларды қоспағанда, жұмыс беруші осы бапта көзделмеген құжаттарды талап етуге 
құқылы емес. 
7. Құжаттардың төлнұсқаларын жұмыс берушіде сақтауға не Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындау үшін уақытша 
қалдыруға жұмыскер келіскен жағдайда, жұмыс беруші жұмыскерге құжаттарды қайтару 
туралы жазбаша міндеттеме береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет