Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


болатын жағдайларда жұмыскерлерге берілетін өтемақы төлемдері



Pdf көрінісі
бет84/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131
еңбек кодексі (1)

болатын жағдайларда жұмыскерлерге берілетін өтемақы төлемдері 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 1-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

1. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелері, 
елді мекендер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын кезде 
жұмыскерлерге тұрақты тұрғылықты жерінен тыс жерде болған әрбір күні үшін келісімде, 
ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген 
тәртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 2-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

2. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету 
учаскелері, елді мекендер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты жұмыскерлерге 
теміржол, өзен, теңіз, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, газ 
тарату жүйелері (оның ішінде елді мекендер шегіндегі сапарлар кезінде), магистральдық 
құбыржолдар, магистральдық байланыс желілері және олардағы құрылысжайлар, 
радиорелелік желілер және олардағы құрылысжайлар, электр берудің әуе желілері және 
олардағы құрылысжайлар, байланыс объектілері жұмыскерлері, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасы Мемлекеттік шекарасының учаскелеріне қызмет көрсететін жұмыскерлер 
жатады. 


3. Жұмыскерлер айдың барлық жұмыс күндерінде емес, белгілі бір күндерінде сапарда 
болған жағдайда, төлем жұмыс (жұмыс өндірісі) орнына баруға және кері қайтуға жол 
жүрген нақты күндер санына пропорционалды түрде жүргізіледі. 
  
131-бап. Жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері 
1. Жұмыс беруші мынадай жағдайларда: 
1) жұмыс беруші заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлға қызметін 
тоқтатқан жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде
2) жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің 
бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде; 
3) жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда жұмыскердің 
бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде 
жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді. 
2. Жұмыс беруші жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп 
соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер көлемі азайған 
жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде екі айдағы 
орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін 
жүргізеді. 
3. Еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде жұмысынан 
айырылуына байланысты өтемақы төлемінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет