Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі



Pdf көрінісі
бет90/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   131
еңбек кодексі (1)

138-бап. Қашықтықтан жұмыс істеу 
1. Қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық- коммуникациялық 
технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден 
тысқары жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады. 
2. Жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) 
береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. 
Жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, 
жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім 
бойынша белгіленеді. 


Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерге жұмыс 
беруші үшін жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, 
судың құны және және басқа да шығыстар) өтелуі мүмкін. 
3. Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген 
есебі белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 4-тармақпен толықтырылды
4. Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау жөніндегі, сондай-ақ еңбек міндеттерін қауіпсіз орындауды қамтамасыз ету 
жөніндегі талаптарды сақтау тәртібі жұмыс берушінің актісінде айқындалады. 
139-бап. Азаматтық қызмет 
1. Азаматтық қызметке кіру тағайындау тәртібімен не конкурс бойынша жүзеге 
асырылады. 
2. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын 
ұйымдастырады және өткізеді. 
3. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін 
шығару арқылы жүзеге асырылады. 
4. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам азаматтық қызметке басқару 
функцияларын орындаумен байланысты лауазымға қабылданбайды.
5. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының 
тізілімін
әзірлеу мен бекітуді еңбек 
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келісу бойынша тиiстi қызмет салаларының 
уәкiлеттi мемлекеттiк органдары жүргізеді. 
6. Азаматтық қызметші: 
1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, 
басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта 
пайдалануға; 
2) азаматтық қызметтің қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық міндеттерді 
атқаруға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға; 
3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта пайдалануға; 
4) азаматтық қызметті өткеру кезеңінде белгілі болған, 
мемлекеттік құпияларды

қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге 
құқылы емес. 
7. Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің 
тәртібі мен шарттарын
тиісті 
қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органы айқындайды. 
8. Азаматтық қызметші өзінің жазбаша өтініші бойынша тиісті ұйымдардың 
басшылары арасындағы келісу бойынша басқа мемлекеттік мекемеге, қазыналық 
кәсіпорынға жұмысқа ауыстырылуы мүмкін. 
2017.15.06. № 73-VІ ҚР 
Заңымен
9-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап 
қолданысқа енгізілді) (
бұр.ред.қара
)
9. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы 
төлеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн 
денсаулық сақтау

әлеуметтiк қамсыздандыру

бiлiм беру

мәдениет

спорт
 , 
ветеринария

орман шаруашылығы
 және 
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
 саласындағы мамандарға, 
егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi 
органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен 
қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және 
мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған 
лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленедi. 
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн 
денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт , ветеринария, 
орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар 


лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы 
орган айқындайды. 
10. Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық 
айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы 
күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек 
демалысы беріледі.
Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берген кезде 
сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді. 
  
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 140-баптың тақырыбы өзгертілді (
бұр.ред.қара



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет