Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі



Pdf көрінісі
бет92/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
141-бап. 
Азаматтық 
авиацияның 
авиация 
персоналына 
жататын 
жұмыскерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктері 
Ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты, азаматтық және эксперименттік авиацияның 
авиация персоналына жататын жұмыскерлердің еңбегі азаматтық авиация саласындағы 
халықаралық стандарттар мен нормативтер ескеріле отырып, жұмыс уақыты мен тынығу 
уақыты 
режимі 
ұзақтығының 
ерекше 
нормаларын 
белгілейтін 
«Қазақстан 
Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан 
Республикасының 
Заңында
және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік 
құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі. 
  
142-бап. Теңiз кемелерi экипаждарының (жүзу құрамы) мүшелерiне жататын 
жұмыскерлердің еңбегін реттеу 
Теңiз кемелерi экипаждарының (жүзу құрамы) мүшелерiне жататын жұмыскерлердің 
еңбегі теңiз кемелерiнің экипаждары (жүзу құрамы) мүшелерiнің еңбегін, еңбегіне ақы 
төлеуді, жұмыс уақытын және тынығу уақытын реттеудің ерекшеліктерін белгілейтін 
«Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңында
және 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген 
ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі. 
  
143-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті мен 
мәслихаттары депутаттарының, судьяларының еңбегін реттеу  
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің, Парламенті мен мәслихаттары 
депутаттарының, судьяларының еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың 
ерекше шарттары мен тәртібін, еңбектің ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу 
жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді 
белгілейтін Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының 
өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы 
Кодекспен реттеледі. 
2019.26.11. № 273-VІ ҚР 
Заңымен
 143-1-баппен толықтырылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет