Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-1-бап. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан



Pdf көрінісі
бет93/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   131
еңбек кодексі (1)

143-1-бап. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан 
Республикасы Заңының талаптары қолданылатын адамдардың еңбегін 
реттеу 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 
Заңының
 
талаптары қолданылатын адамдардың еңбегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерімен осы Кодексте 
реттеледі. 
144-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау 
органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің 
еңбегін реттеу 


Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен 
мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны өткеру 
мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы 
төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді 
белгілейтін Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және Қазақстан 
Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен 
бірге осы Кодекспен реттеледі. 
  
145-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ведомстволары 
жұмыскерлерінің еңбегін реттеу 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары жұмыскерлерінің 
еңбегі лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше 
еңбек жағдайларын, еңбекақы төлеу жүйесі мен жағдайларын, сондай-ақ артықшылықтар 
мен шектеулерді белгілейтін «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 
Қазақстан Республикасының 
Заңында
және Қазақстан Республикасының өзге де 
нормативтік құқықтық актілерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 
актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен реттеледі. 
  
2019.03.07. № 262-VІ ҚР 
Заңымен
145-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан 
бастап қолданысқа енгізілді) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет