Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі



Pdf көрінісі
бет97/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
151-бап. Келісімдерді тіркеу 
1. Тараптар қол қойған салалық, өңірлік келісімдер қосымшаларымен бірге он күн 
мерзімде хабарламалық тіркеу үшін жіберіледі. 
2. Облыстық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді еңбек 
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 
3. Қалалық, аудандық деңгейлерде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді 
тіркеуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 
  
152-бап. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің тараптары, түрлері 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара

1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің 
республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен республикалық кәсіптік 
одақтар бірлестіктері арасында бас келісім жасалады. 
2. Салалық деңгейде тиісті қызмет саласының уәкілетті мемлекеттік органдары, 
жұмыс берушілердің өкілетті өкілдері мен салалық кәсіптік одақтар арасында салалық 
келісімдер жасалады. 
3. Өңірлік деңгейде жергілікті атқарушы органдар және жұмыс берушілердің өкілетті 
өкілдері мен аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктері арасында өңірлік (облыстық, 
қалалық, аудандық) келісімдер жасалады. 
  
153-бап. Әлеуметтік әріптестік келісімдерінің мазмұны 
1. Келісімдер:
1) қолданылу мерзімі туралы
2) орындалуын бақылау тәртібі туралы; 
3) келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы; 
4) тараптардың өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы 
жауаптылығы туралы ережелерді қамтуға тиіс. 
2. Бас келісімнің мазмұнын республикалық комиссия әлеуметтік әріптестіктің барлық 
тараптары немесе солардың біреуі ұсынған бас келісім жобаларын негізге ала отырып 
айқындайды. 
3. Салалық және өңірлік келісімдердің мазмұнын салалық және өңірлік комиссиялар 
әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе солардың біреуі ұсынған келісімдер 
жобаларының негізінде айқындайды. 
4. Бас келісімде: 
1) әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын қарау туралы; 
2) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды 
болғызбау жөніндегі іс-шаралар туралы
3) еңбек нарығын дамыту, халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу туралы; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 4) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

4) ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы; 
5) еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік 
туралы; 
6) әлеуметтік әріптестікті және диалогті дамыту туралы
7) салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысу 
үшін байқаушылар тобын қалыптастыру тәртібі және оның қызметі туралы ережелер 
көзделуге тиіс. 


5. Салалық келісімдерде: 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 1) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

1) тиісті саланың бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау туралы; 
2) салада әлеуметтік әріптестікті және диалогті дамыту туралы; 
3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды 
болғызбау жөніндегі іс-шаралар туралы; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 4) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара

4) саланың еңбекке ақы төлеу жүйесінің негізгі қағидаттары туралы, оның ішінде: 
саладағы ең төмен тарифтік мөлшерлемелерді (айлықақыларды); 
разрядаралық коэффициенттердің ең төмен мәндерін; 
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда 
істейтін жұмыскерлерге қосымша ақы белгілеудің бірыңғай тәртібін белгілеу; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 5) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

5) салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы ережелер көзделуге тиіс. 
6) - 9) 2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 алып тасталды 
(
бұр.ред.қара

6. Өңірлік келісімдерде: 
1) өңірде әлеуметтік әріптестікті және диалогті дамыту; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 2) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара

2) өңірдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын қарау
3) әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және ереуілдердің алдын алу және оларды 
болғызбау жөніндегі іс-шаралар; 
4) жұмыс берушілерге және жұмыскерлердің өкілдеріне еңбек дауларын реттеуге 
жәрдемдесу; 
5) жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық деңгейін қысқартуға 
бағытталған шараларды қолдану; 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 6) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара

6) Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу мәселелері жөніндегі 
кеңестің қызметі туралы ережелер көзделуге тиіс. 
7. Келісімнің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда 
жұмыскердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және 
қолданылмауға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет