Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет124/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
5-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ 
САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ 
  
21-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ 
САҚТАЛУЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ 
  
191-бап. 
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын 
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру 
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік 
бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. 
2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына: 
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы - еңбек жөніндегі 
уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы; 
2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік 
органның лауазымды адамдары; 
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек 
инспекторы - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек 
инспекциясы жөніндегі жергілікті органының басшысы
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары - облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды 
адамдары жатады. 
3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңмен 
қорғалады 
және 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясын

Қазақстан 
Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа 
алады. 
4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі 
келтірген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 
2018.24.05. № 156-VI ҚР 
Заңымен
 5-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)


5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау, 
егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше 
көзделмесе, Қазақстан Республикасының 
Кәсіпкерлік кодексіне
сәйкес тексеру және 
бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында 
жүзеге асырылады. 
6. 2018.24.05. № 156-VI ҚР 
Заңымен
 алып тасталды 
(
бұр.ред.қара
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет