2020.26.06. № 349-VI ҚР
Заңымен
1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын
мемлекеттік бақылау
жүзеге асырылған кезде жұмыс берушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған
жағдайда, жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға және (немесе) сотқа осы баптың 3-тармағының
талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген
тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы немесе облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік еңбек инспекторы
әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе актілерге жеке және (немесе)
заңды тұлғалардың
өтініштері (шағымдары) бойынша шешім шығарылғанға дейін төмен тұрған мемлекеттік
еңбек инспекторы актілерінің орындалуын тоқтата тұруға, олардың күшін жоюға не кері
қайтарып алуға құқылы.
2020.26.06. № 349-VI ҚР
Заңымен
3-тармақпен толықтырылды
3. Жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқамаға жоғары тұрған мемлекеттік
еңбек инспекторына немесе сотқа нұсқама алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде
шағым жасалуы мүмкін.
Нұсқама мемлекеттік еңбек инспекторы белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда
және шағым жасауға арналған мерзім өткеннен кейін,
егер оған шағым жасалмаса,
нұсқама көрсетілген мерзімдер өткен соң үш жұмыс күнінен кешіктірілмей
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан
Республикасының
Заңына
сәйкес аумағы бойынша тиісті
әділет органына не жеке сот
орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі.
Нұсқамаға шағым келіп түскен күннен бастап жоғары тұрған мемлекеттік еңбек
инспекторы он жұмыс күні ішінде шағым бойынша тиісті шешім қабылдайды.
Нұсқамаға сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, ол сот актісі заңды күшіне енген
күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей «Атқарушылық іс жүргізу және сот
орындаушыларының мәртебесі туралы»
Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес
аумағы бойынша тиісті әділет органына не жеке сот орындаушыларының өңірлік
палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі.
199-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР
Заңымен
алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
2018.24.05. № 156-VI ҚР
Заңымен
200-бап өзгертілді (
бұр.ред.қара
); 2020.04.05. № 321-VІ
ҚР
Заңымен
200-бап жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
Достарыңызбен бөлісу: