Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік



Pdf көрінісі
бет130/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
еңбек кодексі (1)

  


203-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік 
кеңес 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 1-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
1. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе) жұмыскерлердің не олардың 
өкілдерінің бастамасы бойынша он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылады. Оның құрамына 
еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды қоса алғанда, жұмыс берушінің 
өкілдері, жұмыскерлердің өкілдері тепе-теңдік негізде кіреді. 
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің құрамы жұмыс 
берушінің және жұмыскерлер өкілдерінің бірлескен шешімімен бекітіледі. 
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесті екі жылда бір 
рет мерзімділікпен ротациялық негізде жұмыс берушінің және жұмыскерлер өкілдерінің 
арасынан кеңес мүшелері сайлайтын төраға басқарады. 
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімдері 
жұмыс беруші және жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады. 
2020.04.05. № 321-VІ ҚР 
Заңымен
 4-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес жұмыс беруші 
мен жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, 
өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-
қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі техникалық 
инспекторлардың жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбектің қорғалуына 
тексерулер жүргізуін ұйымдастырады. 
5. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен бекітіледі. 
Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың мәртебесі, құқықтары мен 
міндеттері, сондай-ақ олардың бақылауды жүзеге асыру тәртібі еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет