біліктіліктер берудің кешенді жүйесін іске асыру үшін тиісті кәсіптік стандарттар болған
кезде талаптарды ескеруге тиіс.
2. Жұмыс беруші жұмыскерлерді немесе өзімен еңбек қатынастарында тұрмайтын
өзге адамдарды (білім алушы) кәсіптік даярлауды, қайта
даярлауды және олардың
біліктілігін арттыруды:
1) тікелей ұйымда (жұмыс берушіде);
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында;
3) кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін
арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргізеді.
3. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім алушыларды кәсіптік даярлау, қайта
даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқыту шартына
сәйкес жұмыс берушінің
қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де
қаражат есебінен жүзеге асырылады.
4. Оқыту шартында:
2018.04.07. № 172-VI ҚР
Заңымен
1) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1) білім алушы алатын нақты мамандыққа, біліктілікке және (немесе) біліктілік
курсының атауына сілтеме;
2) жұмыс беруші мен білім алушының құқықтары
мен міндеттері;
3) оқыту мерзімі және оқыту аяқталғаннан кейін жұмыс берушіде жұмыспен өтеу
мерзімі;
4) оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеудің өтелмеген мерзіміне
пропорционалды түрде жұмыс берушіге өтеу тәртібі мен жағдайлары;
5) оқытуға байланысты кепілдіктер
мен өтемақы төлемдері;
6) тараптардың жауаптылығы қамтылуға тиіс.
Оқыту шартында тараптардың келісімімен айқындалған өзге де талаптар қамтылуы
мүмкін.
5. Кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілікті арттырудан өтетін
жұмыскерлер жұмыс берушімен келісім бойынша жұмыстан
босатылуы не жұмысты
толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін.
6. Келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында оқытуға байланысты
жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін.
7. Жұмыс беруші техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру
ұйымдарына кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың
біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі.
2018.04.07. № 172-VI ҚР
Заңымен
8-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
8. Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының білім туралы
заңнамасына
сәйкес
кәсіптік практикадан, сондай-ақ өндірістік оқытудан өту үшін орындар ұсынады, қауіпсіз
жағдайлар жасайды және шарттарда көзделген міндеттерді орындайды.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 172-VI ҚР
Заңымен
(
бұр.ред.қара
) 119-бап өзгертілді
Достарыңызбен бөлісу: