Көлік және телекоммуникация
Көлікті дамытудың негізгі бағыттары көлік инфрақұрылымының негізгі төрт құрамдас бөлігі: теміржол, автомобиль, әуе және су көлігінің тиімділігін арттыру және интеграциялау болып табылады.
Елдің транзиттік әлеуеті кеден және шекара рәсімдерін реформалаумен үндестірілген, көлік инфрақұрылымына нысаналы инвестициялар салу арқылы арттырылатын болады.
Елдің ішкі континенталдық орналасуы және теңізге шығудың болмауы қазақстандық тауарларды сыртқы өткізу нарықтарына жеткізуде, импорттық өнімдерді әкелуде, Ресеймен және Қытаймен сауда байланыстарын дамытуда, сондай-ақ Түркіменстан және Иран арқылы Парсы шығанағының порттарына қол жеткізуде көліктің рөлін күшейте түседі.
Теміржол көлігі
Теміржол саласын реформалау мемлекеттік реттеуді жетілдіруді, жеке бастамаларға жағдайлар жасауды, сондай-ақ негізгі құралдарды айтарлықтай жаңарту мен жаңғыртуды көздейді. Саланың институционалдық құрылымындағы түйінді өзгерістер қызметтің инфрақұрылымдық және тасымалдау түрлерін ұйымдық, қаржылық және операциялық бөлуге; мемлекет тарапынан тасымалдау қызметін бағалық реттеуді жоюға; тәуелсіз тасымалдаушылардың магистральдық теміржол инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар шығынды тасымалдауларды мемлекеттік субсидиялауға саяды.
Теміржол көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
республика ішінде және Қазақстан шегінен тыс жүктер мен жолаушыларды жеткізуді жеделдету үшін 1400 км жуық жаңа теміржол желілері салынды, бұл ретте құрылысты қаржыландырудың кем дегенде 50%-ы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда;
теміржол көлігінің негізгі активтерінің тозуы
40%-ға дейін төмендеді;
жүк поездарының теміржолдың транзиттік учаскелерінің бойымен қозғалуының орташа техникалық жылдамдығы 55 км./сағ-тан кем болмайды;
экспорттық өнімнің өзіндік құнындағы теміржол көлігімен тасымалдау шығыстарының үлесі 20%-ға төмендеді;
электрленген теміржол желілерінің үлесі жалпы теміржол ұзындығының 40%-ынан кем болмайды;
әрбір оператор үшін нарықтағы үлесі кемінде 7% болатын жүк және жолаушыларды тасымалдау саласында 5 немесе одан көп тәуелсіз ірі операторлар жұмыс істейді, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдаудың көлемі екі еседен астам артады;
теміржол көлігі саласында Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдаудың көлемі екі еседен астам артады
|
2014 жылға қарай
|
жүк және жолаушылар тасымалы саласында жаңа тариф саясаты іске асырылды және магистральдық теміржол желісі қызметтерінің 10 жылға арналған шекті тарифтері бекітілді
|
2013 жылға қарай
|
Жетіген-Қорғас теміржол желісі салынды;
теміржол көлігін басқарудың жаңа жүйесі енгізілді
|
2012 жылға қарай
|
Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара теміржол желісі салынды
|
Автожол саласы және автомобиль көлігі
Автожол саласын одан әрі дамыту институционалдық реформалар мен жолдарды күтіп ұстауды жетілдіруге және магистральдық инфрақұрылымға салынатын инвестицияларды қамтамасыз етуге бағытталған саланы одан әрі ырықтандыру жөніндегі шараларды үйлестіру арқылы қамтамасыз етіледі.
2020 жылға қарай Қазақстанның ірі қалалары мен елді мекендерін өзара байланыстыратын қазіргі заманғы автожол желісі салынады. Бұл ретте жергілікті маңызы бар автожолдарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Автожол саласы мен автомобиль көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
республикалық маңызы бар 16 мың км. жуық автомобиль жолдары салынды және реконструкцияланды;
Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдау көлемі екі еседен астам артады
|
2016 жылға қарай
|
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі реконструкцияланды
|
2015 жылға қарай
|
республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының орта есеппен 85%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;
жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының орта есеппен 70%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда
|
2014 жылға қарай
|
халықаралық тасымалдауда цифрлы тахографтар енгізілді;
республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде ақылы жүйе енгізілді
|
2013 жылға қарай
|
«Евро-3» экологиялық стандарттары енгізілді
|
Авиакөлік
Азаматтық авиацияны дамыту әуе тасымалдауын реттеуді бірте-бірте ырықтандырумен, авиатасымалдау инфрақұрылымын қолдауға инвестицияларды жүзеге асырумен, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды жоғарылатумен қатар жүреді.
Авиакөлік саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
15 әуежай ИКАО санатына ие болды;
әуе тасымалының бәсекелі нарығы құрылды;
4 халықаралық әуежай - «хаб» жұмыс істейді;
транзиттік тасымалдаулардың көлемі екі еседен астам артады
|
2015 жылға қарай
|
халықаралық әуе қатынастарының саны екі есе артты;
еуропалық авиациялық стандарттар толық енгізілді
|
Су көлігі
Су көлігі саласын дамытудың басым бағыттары порт және қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту, сауда флотын қалыптастыру, кадрлық әлеуетті дамыту және кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Су көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
Қазақстанның теңіз порттарының өткізу қабілеті 48 млн. тоннаға дейін жеткізілді
|
2016 жылға қарай
|
ұлттық теңіз сауда флоты Қазақстан Республикасының порттарынан Каспий теңізіне мұнай тасымалдау көлемінің 2/3 бөлігін және құрғақ жүк тасымалдау көлемінің 1/2 бөлігін қамтамасыз етеді
|
2015 жылға қарай
|
Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы мен ішкі су жолдарында кемелердің қауіпсіз жүзуі қамтамасыз етілді
|
Телекоммуникация
Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуы мен бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес, адамдардың өмір сүру салтына да ықпал ете отырып, қоғамды жаңғыртудың басты факторларына айналып отыр. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті қалыптастыру мақсатында телекоммуникация саласының дамуын ынталандыру, АКТ саласының заманауи инфрақұрылымын құру, телекоммуникациялық және электрондық қызметтерді кеңінен тарату, сондай-ақ серпінді ақпараттық қоғамның негіздерін құру жалғасады.
Ақпараттық-коммуникация саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
жоғары жылдамдықты заманауи оптикалық және сымсыз технологияларға негізделетін, халыққа және ұйымдарға мультимедиалық қызметтер ұсынуға бағытталған телекоммуникация инфрақұрылымы қалыптасты;
АКТ саласындағы базалық қызметтерге халықтың қол жетімділігінің жүз пайыздық деңгейі қамтамасыз етілді;
халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 80%-ға дейін артты;
|
2016 жылға қарай
|
Қазақстан Республикасының бүкіл халқы үшін телефон байланысы қызметтеріне қосылу мен Интернет жетімділік мүмкіндігі қамтамасыз етілді;
Қазақстанның халқын цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту 95%-ды құрайды
|
2015 жылға қарай
|
жергілікті телефон байланысын цифрландырудың 100 пайыздық деңгейіне қол жеткізілді;
халық саны 1 000 адам және одан да көп болатын елді мекендердің барлығы ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілді;
салалық стандарттау деңгейі халықаралық нормаларға дейін жеткізілді және Қазақстан Республикасында АКТ-ның дамуына ықпал ететін құқықтық негізі қалыптастырылды;
халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 54%-ға дейін артты;
«электрондық үкімет» және «электрондық әкімдіктер» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсетулердің кемінде 100%-ын электрондық нысанға көшіру қамтамасыз етілді;
Интернет желісінің қазақстандық сегментін мемлекеттік қолдау шараларының жүйесі құрылды
|
Ғарыш саласындағы қызмет
Экономиканың және қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын толыққанды ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыш инфрақұрылымы, ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасы құрылуда және дамытылуда.
Ғарыш саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға
қарай
|
ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш аппараты ұшырылады және пайдалануға енгiзілді;
елiмiздiң дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация қызметтеріне деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру дәрежесі ҚР аумағының 80%-ын жабу;
тұтынушыларға берiлетiн ғарыш деректерiнiң жалпы санындағы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттары деректерiнiң үлесi 60%;
ғылымды көп қажет ететін 12 технология, оның ішінде ғарыш техникасы мен материалдардың экспериментік үлгілері әзірленді және енгізілді
|
2015 жылға
қарай
|
«KazSat-3» байланыс және хабар тарату ғарыш аппараты ұшырылды және штаттық пайдалануға енгiзілді;
Жерді қашықтықтан зондтау орта және жоғары шешiмдi оптикалық спутниктері ұшырылды және штаттық пайдалануға енгiзілді;
тiркелген спутниктiк байланыс арналарында елiмiздiң қажеттiлiгiн қанағаттандыру дәрежесі 100%;
елiмiздiң дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация қызметтеріне деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру дәрежесі ҚР аумағының 55%-ын жабу;
тұтынушыларға берiлетiн ғарыш деректерiнiң жалпы санындағы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттары деректерiнiң үлесi 50%;
Астана қаласында ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы және тәжірибелік өндірісі бар ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенi салынды
|
Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл» экономикаға көшу
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама Қазақстан халқының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру және елдің әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруі арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктеме мен табиғи ресурстардың тозуын барынша азайта отырып, жаңа тұрпаттағы экономикаға көшу мақсатында терең жүйелі жаңартулар үшін негіз қалайды.
Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:
1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін арттыру;
2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;
3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельді жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру;
4) су ресурстарымен қамтамасыз ету.
Тұжырымдамаға сәйкес «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шаралар мынадай 7 бағыт бойынша іске асырылатын болады:
1) су ресурстарын ұтымды пайдалану;
2) орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту;
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру;
4) электр энергетикасын дамыту;
5) қалдықтарды басқару жүйесін дамыту;
6) ауаның ластануын азайту;
7) экожүйелерді сақтап қалу және тиімді басқару.
Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл экономикаға» көшу саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
ІЖӨ энергия сыйымдылығы 2008 жылғы деңгейден 25%-ға төмендейтін болады;
электр энергиясын өндіруде баламалы көздердің үлесі кемінде 3%-ды құрайды;
Ақмола және Қарағанды облыстарын газдандыру жүзеге асырылатын болады;
электр энергиясын өндіруде газбен жұмыс істейтін электр станцияларының үлесі 20%-ды құрайды;
электр энергетикасындағы көмірқышқыл газының қалдықтары 2012 жылғы деңгейге дейін төмендейтін болады
|
Су ресурстарын басқару
Су ресурстарын басқару саласында су ресурстарының тапшылығын қысқарту бойынша мынадай шаралар мен тетіктер іске асырылуы тиіс:
1) ауыл шаруашылығында суды үнемдеу;
2) өнеркәсіпте суды пайдаланудың тиімділігін арттыру:
энергия тиімділігі жоғары технологиялар енгізу;
сарқынды суларды қайта пайдалану және айналымдық сумен жабдықтау;
өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін суды тарту және тазарту стандарттарын жоғарылату;
3) коммуналдық шаруашылықта су пайдаланудың тиімділігін арттыру;
4) су ресурстарының қолжетімділігі мен сенімділігін арттыру.
Бұдан басқа, су ресурстарын басқару саясатын жетілдіру талап етіледі:
1) барлық секторларда және барлық деңгейлерде суды пайдаланушылармен тиімді өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету үшін су ресурстарын ұлттық деңгейде және бассейндер деңгейінде басқару жүйесін жақсарту;
2) судың толық құнын көрсететін тарифтерді айқындау; су үнемдеуді қолдау үшін субсидиялар мен ынталандыруды қайта қарау.
Су ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
республика халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін қамтамасыз ету - 100%;
ауылдық елді мекендердің жалпы санының
20%-ына ауыл халқының орталықтандырылған су тартуға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
орталықтандырылған су бұруға қала халқының қолжетімділігін қамтамасыз ету - 100%;
алаңы 1800 мың гектар суармалы жерлердің ирригациялық жүйелерін дамыту, реконструкциялау және қайта жаңғырту арқылы суармалы сумен қамтамасыз ету;
республика бойынша орташа суару нормасын 9180 текше метр /гектардан (м3/га) 8500 м3/га дейін азайту;
суармалы алаңдардың 5% тамшылатып суару жүйелерін және суарудың басқа да су үнемдеуші технологияларын енгізу;
ирригациялық және дренаждық жүйелердің 30%-ын қазіргі заманғы гидробекеттермен, суесептегіш құралдармен және технологиялық процесті автоматтандырылған басқару жүйесінің құралдарымен қамту
|
Түйінді бағыт: болашаққа инвестициялар
Адами ресурстардың дамуы елдің ұзақ мерзімді даму стратегиясының жоғарғы басымдығы ретінде айқындалады. Болашақтағы экономикалық пайда жұмыс күшінің сапасы мен өнімділігін елеулі түрде арттыратын білім беру, ғылым мен денсаулық сақтауға инвестициялар салумен тығыз байланысты.
Сондықтан келесі онжылдықта білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыруға ерекше мән берілетін болады. Халық санының, бірінші кезекте, оның табиғи өсімі мен ұтымды көші-қон саясатын жүргізу есебінен ұлғаюына зор көңіл бөлінеді.
Отбасылық қолайсыздық пен әлеуметтік жетімдіктің, қараусыз және қадағалаусыз қалудың, құқық бұзушылық пен қылмыстың профилактикасы мен алдын алу мәселелерін кешенді түрде шешуге бағытталған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігі артатын болады.
Мемлекеттік жастар саясаты бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруға бағытталады, олар қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңаруларға белсенді қатысады. Жас ұрпақпен өзара іс-қимыл жасаудың отансүйгіштік сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық ұстаным мен саламатты өмір салтын қалыптастыруға, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетті дамытуға, жас таланттарды табуға және қолдауға бағытталған тиімді моделі әзірленетін болады.
Білім беру
2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері - мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге дейін түбегейлі жаңғыртылатын болады. Білім берудің әрбір деңгейінде білім алу, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіндіктері ұсынылады.
Мемлекет тұратын жеріне және отбасының табысына қарамастан, барлық балаларға мектепке дейінгі тәрбие беру және оқу мүмкіндіктерін ұсынатын болады.
Орта білім беру жүйесінде оқытудың 12 жылдық моделіне көшу жүзеге асырылады, ол он жыл ішінде жалпыға бірдей міндетті білім беруді және екі жыл ішінде бейінді білім беруді көздейді. Бұл ретте білім беру бағдарламаларының мазмұны өмірде және кәсіпте қажетті құзыреттерді дамытуға барынша назар аударылатындай қайта қаралатын болады.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» жобасы орта білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін түйінді жобалардың біріне айналады. Бұл мектептер балабақшалар мен мектеп алдындағы даярлық үшін оқу-тәрбие бағдарламаларын, сондай-ақ 12 жылдық оқытудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және байқап көру жөніндегі бастапқы алаңдар болып табылады. Бұл бағдарламалар қазақстандық білім берудің озық дәстүрлері мен әлемдік педагогикалық тәжірибенің озық үлгісімен үйлесетін болады, физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттағы пәндер бойынша бағдарлануды көздейді, тілдерді кеңінен зерделеуге ықпал ететін болады.
Білікті кадрларды даярлау елді индустрияландыру жөніндегі жоспарлармен байланыстырылатын болады. Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беруде заманауи еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін жүйеге көшу жүзеге асырылады, ал білім беру стандарттары ұлттық біліктілік жүйесі арқылы кәсіптік стандарттармен қалыптасатын болады.
Орта, техникалық, кәсіптік және жоғары білім беруде электрондық оқыту жүйесі (e-learning) енгізіледі.
Жоғары оқу орындарына корпоративтік менеджмент қағидаттары енгізіле отырып, академиялық еркіндік берілетін болады.
Астана қаласында әлемдік деңгейдегі беделді жоғары оқу орны - «Назарбаев Университетінің» құрылуы білім берудегі маңызды жобалардың бірі болып табылады. Бұл университет Қазақстанның ұлттық брендіне айналып, отандық инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлауда және қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыруда сапалы серпінді қамтамасыз етеді.
Университеттің құрамына кіретін әрбір мектептің (институттың) тиісті бейіндегі жетекші жоғары оқу орындары арасынан шетелдік академиялық әріптесі, білімді, ғылым мен өндірісті интеграциялауды қамтамасыз ететін мықты ғылыми және өндірістік базасы болады.
Университет бағдарламасының «Назарбаев зияткерлік мектептері» жобасының мектепке дейінгі және орта білім берудің оқу бағдарламаларымен сабақтастығы қамтамасыз етіледі.
Білім беру қызметтерінің сапасын арттыру білім беруді қаржыландыру жүйесін жақсартумен, үкіметтік емес, коммерциялық емес агенттіктерді енгізу есебінен білім беру жүйесінің инфрақұрылымын кеңейтумен, халықаралық стандарттар бойынша оқу орындарын аккредиттеудің тәуелсіз ұлттық жүйесін және тәуелсіз рейтингтерді құрумен, оқу орындарына бірлесіп басқару элементтерін енгізумен, оның ішінде осы процеске азаматтарды тартумен, білім беру сапасын бақылау тетіктерін жетілдірумен сүйемелденетін болады. Қомақты мемлекеттік қолдаудың арқасында ұстаз мамандығының беделі айтарлықтай артады.
Мемлекет денсаулығы бұзылған, тұрмысы төмен отбасылардағы және тәуекел топтарына жататын балалар үшін білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.
Ғылым саласында қазіргі заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық инфрақұрылым құру есебінен ғылыми жетістіктермен алмасу үшін Қазақстанның тартымдылық деңгейін арттыру, ғылымды дамытудың басым бағыттарының шеңберінде әлемдік деңгеймен салыстыруға келетін ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу, сондай-ақ қолданбалы зерттеулердің экономикалық тұрғыдан қабылдануын ынталандыру және әлемдік ғылым мен технологияның перспективалық бағыттары бойынша инновациялық даму үшін әлеуетті жинақтау күтілуде.
Мемлекет біліктілігі жоғары ғылыми кадрлар даярлау жүйесінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Ғылыми-зерттеулердің нәтижелері өндіріске енгізілетін болады.
Ғылыми қызметкерлер үшін, оның ішінде жастарды ғылымға тарту, ғылыми-техникалық қызметті және ғалым, инженер мамандығын көпшілікке танымал ету үшін материалдық және шығармашылық ынталандыру жүйесі құрылатын болады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
мемлекет қалаларда да, ауылдық жерлерде де балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен толықтай қамту үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етілді
|
2015 жылға қарай
|
әрбір елді мекенде кем дегенде бір мектепке дейінгі ұйым бар немесе мектепке дейінгі тәрбиелеудің басқа нысандарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалды;
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметтерін жеке жеткізушілерді дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасалды;
мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен 70 пайыздық қамтуды қамтамасыз ететін мемлекеттік және жекеменшік балабақша желісі дамыды;
өңірлердің ерекшеліктеріне байланысты мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алуан түрлі модельдері жұмыс істеуде және дамуда
|
Орта білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
жалпы білім беретін мектеп білімді, жоғары өнегелі, сыншыл ойлайтын, денесі де, рухани жағынан да дамыған, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа ұмтылатын азаматты қалыптастыруға ықпал ететін академиялық білім беріп, дағдыларды ұсынады;
қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушылары PISA, TIMSS, PIRLS сияқты халықаралық салыстырмалы зерттеулерде жоғары нәтижелерге жетеді
|
2015 жылға қарай
|
жалпы білім беретін мектептер оқытудың 12 жылдық моделі бойынша, орта білім берудің жаңартылған ұлттық стандарттары, оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жұмыс істейді;
орта мектептерді жан басына қаржыландыру тетігі енгізілді, мектептердің қамқоршылық кеңестері жұмыс істейді;
Қазақстанның барлық өңірлерінде «Назарбаев зияткерлік мектептері» жобасы шеңберінде 20 мектеп жұмыс істейді
|
Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірілген техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесі жұмыс істейді;
ішкі және сыртқы еңбек нарықтары танитын Ұлттық біліктілік жүйесі енгізілді;
жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің білімдері мен дағдыларының жоғары сапасын мойындайды
|
2015 жылға қарай
|
еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім берудің стандарттары, оқу жоспарлары/бағдарламалары жаңартылды;
жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің жұмысына қатысады;
жасына, білім деңгейіне және кәсіптік біліктілігіне қарамастан, бүкіл өмір бойы оқу үшін жағдайлар жасалды
|
Жоғары, жоғары оқу орнынан кейін білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
Қазақстанның жоғары білім беру сапасы білім беру саласындағы әлемнің ең үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді;
Қазақстанның кемінде екі ЖОО әлемдік үздік университеттер рейтингіне енгізілді;
отандық жоғары оқу орындарының түлектері жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие болды;
әлемдік рейтингті ғылыми журналдардағы Қазақстан ғалымдары жарияланымдарының саны жылына кемінде 2000 құрайтын болады;
жалпы ішкі өнімнің ғылымға арналған шығыстарының үлесі кемінде 2 %-ға жетеді
|
2017 жылға қарай
|
Қазақстандық ғалымдардың ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы;
әлемдік стандарттарға сай біліктілігі жоғары ғылы-
ми кадрлар даярлаудың тиімді жүйесі жұмыс істейді;
ғылыми зерттеулер көлемінде ғылыми-техникалық әзірлемелер үлесі 35-40%-ды құрайтын болады
|
2015 жылға қарай
|
Қазақстанның жоғары мектебі Болон процесінің негізгі параметрлеріне сәйкес тиімді әрі табысты жұмыс істейді;
жоғары білім беру жүйесі барлық деңгейлерде транспарентті, басқару мен қаржыландырудың қазіргі заманғы тетіктері енгізілді, сыбайлас жемқорлық деңгейі айтарлықтай азайтылды;
қазақстандық ЖОО-лардың 50 %-ы халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтеді;
университеттер жанындағы зерттеу орталықтары технологиялардың сәтті трансферті үшін тетіктер әзірледі;
«Назарбаев Университеті» біліктілігі жоғары мамандар мен жас ғалымдарды оқытып шығарады;
ғылыми қызметкерлер үшін материалдық және шығармашылық ынталандыру, жастарды ғылымға тарту, ғалымның беделін арттыру жүйесі құрылды
|
Денсаулық сақтау
Азаматтар өмірінің межеленген ұзақтығын арттыру мақсатында азаматтар денсаулығын нығайту саясаты жүргізілетін болады, бұл түпкі нәтижесінде бәсекеге қабілетті дені сау ұлттың қалыптасуына алып келеді. Медициналық қызметтер көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу, медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту, кадр әлеуетін дамытуды ынталандыру, балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін енгізу, жеке медицинаны дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылданады.
Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
халықтың өмір сүруінің межеленген ұзақтығы 73 жасқа дейін өседі;
аналар өлімі 3 есе азаяды;
сәбилер өлімі 2 есе азаяды;
жалпы өлім 30%-ға азаяды;
туберкулезбен ауыру 20%-ға азаяды
|
2015 жылға қарай
|
халықтың өмір сүруінің межеленген ұзақтығы 71 жасқа дейін өседі;
аналар өлімі 2 есе азаяды;
сәбилер өлімі 1,5 есе азаяды;
жалпы өлім 15 %-ға азаяды;
туберкулезбен ауыру 15 %-ға азаяды
|
Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру денсаулық сақтау жүйесінің бірінші кезекті міндеті болады. Бұл үшін мемлекеттік медициналық ұйымдарды басқару және денсаулық сақтау жүйесінде инвестициялық саясат жүргізу тәсілдері қайта қаралады, нәтижелерге бағдарланған медициналық қызметтерге ақы төлеу және қаржыландыру жүйесі енгізіледі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапалы әртүрлі жүйесі құрылады.
Саламатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидаты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың да, сондай-ақ, халықтың күнделікті өмірінің де ажырамас бөлігі болады. Бұл темекі тарту, алкогольді шектен тыс пайдалану, стресс, дене қимылы белсенділігінің төмен болуы және дұрыс тамақтанбау салдарынан ауруларға шалдығуды қысқартуға мүмкіндік береді. Адамның зиянды әдеттеріне қарсы күрестің тиімді құралдарының бірі елдегі бұқаралық денешынықтыру-спорт қозғалысын дамыту болады.
Денсаулық сақтаудағы қаржыландыру және басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
әлеуметтік бағдарлы алғашқы медициналық-санитариялық көмекті (бұдан әрі - МСАК) басым дамытуға негізделген, денсаулық сақтауды қаржыландырудың және медициналық қызметтерге ақы төлеудің тиімді жүйесі құрылды;
денсаулық сақтауды басқарудың халықаралық стандарттарға сай келетін жүйесі құрылды;
азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттырудың жаңа тетіктері енгізілді;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде жеке медициналық қызмет көрсетушілердің үлесі 20% -дан кем болмайды
|
2015 жылға қарай
|
дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау жүйесі енгізілді;
республика азаматтары үшін тұратын жеріне қарамастан, ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді алуда тең жағдайлар жасалды;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізіне меншік нысанына қарамастан, ТМККК қызметтерін көрсетушілерге қолайлы бәсекелес орта жасалды;
|
|
ТМККК қаражатын денсаулық сақтаудың мамандандырылған деңгейінен бастауыш буынына қайта бөлу тетіктері іске асырылды;
халықтың жеке бейресми төлемдерінің деңгейі төмендейді және қолданыстағы ТМККК жүйесімен қатар тең төлеу тетігі енгізілді;
денсаулық сақтауға салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау жүйесі әзірленді;
тиімді тарифтік саясат енгізілді
|
2013 жылға қарай
|
Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптасты
|
Медициналық қызметтер көрсетуді жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
МСАК жұмсалатын шығыстар деңгейі ТМККК-ге бөлінетін қаражат жалпы көлемінің 40 %-ына дейін жеткізілді;
стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының негізгі көрсеткіштері (төсек саны, емде болудың орташа ұзақтығы және т.б.) тиімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді;
16 жасқа дейінгі балаларды медициналық қызмет көрсетудің бүкіл спектрімен 100 пайыздық қамту
|
2015 жылға қарай
|
МСАК дәрігерлерінің жалпы санындағы жалпы практика дәрігерлерінің үлес салмағын 50 %-ға дейін ұлғайту;
стационарлық көмек негізінен көпбейінді ауруханаларда көрсетіледі
|
Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі енгізілді
|
2015 жылға қарай
|
ТМККК көрсету үшін пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қолжетімділік, әсіресе, ауылдық жерлерде арттырылды;
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары сатып алатын дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу енгізілді
|
Саламатты өмір салты саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыру идеологиясы қалыптасты;
денешынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 30 %-ға дейін ұлғайды;
денешынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 15 %-ға дейін ұлғайды
|
2015 жылға қарай
|
денешынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 25 %-ға дейін ұлғайды;
денешынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12 %-ға дейін ұлғайды;
халық арасында темекі тарту, нашақорлық және алкогольді шамадан тыс пайдалану 15 %-ға азайды
|
Мәдениет және ақпарат
Мәдениет - әлеуметтік жаңғыртудың қазіргі заманғы адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін маңызды құрауышы. Қазақстан мәдениеті елдің барлық азаматтары үшін отансүйгіштіктің өзегіне айналады, бейбітшілік пен келісімнің жалпыұлттық құндылықтарын нығайтуда оның рөлі мен маңызы күшейтілетін болады.
Мемлекет мәдениет саласын ақпараттандыру, көркемөнер шығармашылығы мен инновациялық қызмет үшін жағдайлар жасау, халықтың мәдени құндылықтарға қол жеткізуін кеңейту және әлемдік мәдениет процесіне ықпалдасу бойынша белсенді шаралар қабылдайды.
Ақпарат және мәдениет кеңістігін кеңейту қазақстандықтардың өздерін ойдағыдай көрсетуіне ықпал ете отырып, олардың рухани денсаулығының қажетті даму көзі болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың серпiндi дамуын ескере отырып, Қазақстанда прогрессивті ақпараттық қоғамды жеделдете қалыптастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.
Мәдени игіліктердің барынша қолжетімді болуы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру көрсеткіштерінің біріне айналады.
Мемлекеттің тиімді саясат жүргізуі үшін Қазақстан Республикасында мемлекеттік мәдениет саясатының тұжырымдамасы әзірленеді және іске асырылады.
Мәдениет және ақпарат саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
бәсекеге қабілетті отандық мәдени өнім қазақстандық жаңа отансүйгіштікті қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға және «еңбек адамы» бейнесін дамытуға бағытталады;
қазақтың және жалпы Қазақстанның мәдени мұрасы ақпаратты ілгерілетудің ең жаңа технологиялары арқылы жаһандық кеңістікке интеграцияланды;
мәдени құндылықтар мен зияткерлік ақпаратқа қолжетімділіктің инновациялық нысандары дамиды, Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының қоры кеңейтілді;
өңіраралық мәдени алмасу кеңейді;
мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 95%-ды құрайды;
қазақ тілін латын графикасына көшіруге дайындық жұмыстары аяқталды;
аударма саласы нығайтылады, қазақ тіліндегі заманауи шығармаларды шетел тілдеріне, сондай-ақ, шетелдік авторлардың әйгілі шығармаларын қазақ тіліне аудару қамтамасыз етілді;
бәсекеге қабілетті отандық ақпараттық кеңістік құрылды, отандық БАҚ-қа ауқымды жаңғырту жүргізілді
|
2017 жылға қарай
|
қазақстандық мәдениет EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу шеңберінде сәтті таныстырылды
|
Еңбек ресурстары
Экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды іске асыру қажетті дағдысы бар еңбек ресурстарын ұлғайтуды талап етеді. Олардың ұзақ мерзімді өсуі халық санының өсуімен қамтамасыз етілетін болады. Халықтың табиғи өсімі мен көші-қонның жағымды сальдосының ұлғаюы демографиялық көрсеткіштерді жақсартады.
Білім беру мен денсаулық сақтаудағы қайта құрулармен қоса, мемлекеттің ерекше назары қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, елге білікті мамандардың, оның ішінде тарихи отанына оралғысы келетін отандастардың келуіне ықпал ететін көші-қон процестерін ұтымды басқаруға және экономиканың дамуына өз үлесін қосуына бөлінетін болады.
Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының негіздеріне және еңбек дауларында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдылары бойынша сауаттылықтарын арттыруға аса маңызды назар аударылатын болады.
Халықаралық еңбек ұйымының еңбекті қорғауды басқару жүйесінің талаптарына сәйкес келетін қауіпсіздік стандарттары өндірісте еңбекті қорғауды басқарудың негізі болып табылады. Ірі және шағын кәсіпорындарға халықаралық және мемлекетаралық еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі стандарттарын енгізу ұсынылатын болады.
Мемлекет еңбек ресурстарының экономиканың заңды секторына өтуі үшін қосымша ынталандыруларды қалыптастырады.
Нәтижелі жұмыспен қамту және инновациялық өсу үшін біліктілігі жоғары кадрлар даярлау мақсатында білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасында өзара байланыс Ұлттық, салалық біліктілік шеңберлері және кәсіптік стандарттарды әзірлеу арқылы қамтамасыз етілетін болады.
2015 жылға қарай жұмыс берушілердің қатысуымен кәсіптік стандарттардың 30 %-ы әзірленеді, ал 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 %-ға жетеді. Жалпы, кәсіптік стандарттар еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, тұрақты негізде өзектілендіріліп тұрады.
Еңбек ресурстарының санын ұлғайту жөніндегі стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
Қазақстан халқы санының өсуі кемінде 10 %-ды құрайтын болады;
шетелдік жұмыс күшін тартудың мемлекеттік квотасы шеңберінде көшіп келушілер арасындағы білікті мамандар санының 70 %-ға дейін өсуі қамтамасыз етілді;
еңбекке қабілетті жастағы этникалық репатрианттардың 80 %-ын жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасалды;
100% кәсіптік стандарттар әзірленді
|
2015 жылға қарай
|
шетелдік жұмыс күшін тартуға мемлекеттік рұқсаттарды, оның ішінде маусымдық рұқсаттарды берудің икемді жүйесі енгізілді (шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота 1,5 % құрайды);
еңбекке қабілетті жастағы этникалық репатрианттардың 70 %-ын жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасалды;
30% кәсіптік стандарттар әзірленді
|
Түйінді бағыт: азаматтарға қызметтер көрсету
Мемлекет азаматтардың мұқтаж санаттарын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құруды жалғастырады, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің - электрмен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, сумен жабдықтаудың, су бұрудың (кәріз), газбен жабдықтаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді көрсету мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінде мемлекеттік органдардың қызметін айтарлықтай үйлестіруді және қызметтердің белгіленген стандарттарға сәйкес көрсетілуі үшін жауаптылықты арттыруды талап етеді.
Халықты әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік орнықтылықты нығайту мақсатында атаулылыққа және масылдықты болдырмайтын тиімділікке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құру жалғастырылады.
Әлеуметтік қамтамасыз етудің көпсатылы жүйесі осы заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне сәйкес болады. Базалық әлеуметтік төлемдерді көтеру, зейнетақы төлемдерін сатылы түрде көтеру, халықты әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту егде жастағы адамдар, мүгедектер, асыраушысынан айырылған адамдар және әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж өзге де азаматтар үшін лайықты тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етеді.
Атаулы әлеуметтік көмек және халықтың осал санаттарын қолдау жүйесінің одан әрі дамуы әлеуметтік тәуекелдерді төмендетуге және кедейлікті белсенді еңсеру мүмкіндігін кеңейтуге бағытталатын болады. Атаулы әлеуметтік көмек азаматтардың нақты мұқтаждығын және «өзара міндеттемелер» жүйесін енгізуді ескере отырып тағайындалатын болады. Осыған байланысты өнімді жұмыспен қамтуды ынталандыруға, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуының жалпы деңгейін арттыруға, жұмыссыздықтың және өнімді емес өз бетінше жұмыспен қамтылғандар санын төмендетуге бағытталған шаралар кешені іске асырылатын болады.
Азаматтардың өз мүмкіндіктерін толық іске асыруын және еңбек ресурстары теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесі маңызды орын алады. Оның басты мақсаты тек бала туудың деңгейін реттеу ғана емес, болашақ ұрпаққа лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, балаларға жан-жақты тәрбие беру, олардың толыққанды ақыл-ой, дене, өнегелі, рухани және әлеуметтік дамуын кепілді түрде қамтудан тұратын болады. Осыған байланысты материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын іс-шаралар кешенін әзірлеу арқылы бала тууды ынталандыру және көпбалалы болуды қолдау жүйесі жетілдіріледі.
Әлеуметтік қызмет көрсету саласының кеңеюіне елеулі мән берілетін болады. Мемлекеттік стандарттарды енгізу мен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру, бәсекелес ортаны дамыту және азаматтық қоғамның мүмкіндігін кеңінен пайдалану мұқтаж адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
жұмыссыздық деңгейі 5 %-дан аспайды;
жұмыспен қамтамасыз етілген халықтың арасында жоғары білікті жұмыс күшінің үлес салмағы 80 %-ға дейін өседі;
ірі және орта кәсіпорындарды ұжымдық-еңбек қатынастары жүйесімен 90-95 пайыздық қамту қамтамасыз етілді
|
2015 жылға қарай
|
жұмыссыздық деңгейі 5 %-дан аспайды;
өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өнімді жұмыспен қамтылғандар үлесі 62,5 %-ға дейін ұлғаяды
|
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде зейнетақының барабар және әлеуметтік әділ деңгейі қамтамасыз етілді;
жинақтаушы зейнетақы жүйесімен жалдамалы қызметкерлерді 100 пайыздық және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды 40 пайыздық қамтуға қол жеткізілді
|
2015 жылға қарай
|
базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 60 % деңгейіне дейін жеткізілді;
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2010 жылғы деңгейге қатысты кемінде 1,2 есе ұлғайды;
жинақтаушы зейнетақы қорларының нақты оң кірістілігі қамтамасыз етілді
|
Әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар
2020 жылға қарай
|
табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8 %-ға дейін төмендейді;
«өзара міндеттемелер» қағидатына негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейінің 100%-на дейін артады;
арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететіндердің қамтылған саны 100 %-ды құрайды
|
2015 жылға қарай
|
«өзара міндеттемелер» қағидатына негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %-на дейін артады;
атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 30%-ға дейін төмендейді;
мемлекет кепілдік берген арнайы әлеуметтік қызметтер заңнамада белгіленген көлемде ұсынылады
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Сапалы коммуналдық қызметтер ұсыну және тұрғын үй қатынастарын жетілдіру тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі - ТКШ) саласында ынталандырушы нарықтық жағдайлар жасау және азаматтардың, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді көрсетушілердің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құқықтары мен жауапкершілігін айқын бөле отырып, олардың тиімді өзара іс-қимылы арқылы қамтамасыз етіледі.
ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту үлестік пайдалану шығындарының төмендеуімен, ресурстар үнемдейтін технологияларды енгізумен, табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтен жоғары шығындарын жоюға және нормативтік шығындарын қысқартуға мүмкіндік беретін тарифтік реттеудің тиімділігін арттырумен қатар жүреді.
ТКШ саласындағы мемлекеттік инвестициялар экономикалық негіздеу, осы заманғы ресурс үнемдеуші технологияларды және корпоративтік басқару стандарттарын енгізу жөніндегі талаптарды қамтитын инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттен бірлесе қаржыландыру инвестициялық жобаларды іске асырудың міндетті шартына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |