«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қаулы етемін


Медициналық қызметтер көрсетуді жетілдіру жөніндегі



бет4/4
Дата29.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#33839
1   2   3   4

Медициналық қызметтер көрсетуді жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

МСАК жұмсалатын шығыстар деңгейі ТМККК-ге бөлінетін қаражат жалпы көлемінің 40 %-ына дейін жеткізілді;
стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының негізгі көрсеткіштері (төсек саны, емде болудың орташа ұзақтығы және т.б.) тиімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді;
16 жасқа дейінгі жастағы балаларды медициналық қызмет көрсетудің бүкіл спектрімен 100 пайыздық қамту

2015 жылға қарай

МСАК дәрігерлерінің жалпы санындағы жалпы практика дәрігерлерінің үлес салмағын 50 %-ға дейін ұлғайту;
стационарлық көмек негізінен көп бейінді ауруханаларда көрсетіледі


Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі енгізілді

2015 жылға қарай

ТМККК көрсету үшін пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қолжетімділік, әсіресе ауылдық жерлерде арттырылды;
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары сатып алатын дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу енгізілді


Саламатты өмір салты саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыру идеологиясы қалыптасты;
дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 30 %-ға дейін ұлғайды;
дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 15 %-ға дейін ұлғайды

2015 жылға қарай

дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 25 %-ға дейін ұлғайды;
дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12 %-ға дейін ұлғайды;
халық арасында темекі тарту, нашақорлық және алкогольді шамадан тыс пайдалану 15 %-ға азайды


Мәдениет және ақпарат
Мәдениет – әлеуметтік жаңғыртудың қазіргі заманғы адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін маңызды құрауышы. Қазақстан мәдениеті елдің барлық азаматтары үшін отансүйгіштіктің өзегіне айналады, бейбітшілік пен келісімнің жалпыұлттық құндылықтарын нығайтуда оның рөлі мен маңызы күшейтілетін болады.

Мемлекет мәдениет саласын ақпараттандыру, көркемөнер шығармашылығы мен инновациялық қызмет үшін жағдайлар жасау, халықтың мәдени құндылықтарға қол жеткізуін кеңейту және әлемдік мәдениет процесіне ықпалдасу бойынша белсенді шаралар қабылдайды.

Ақпарат және мәдениет кеңістігін кеңейту қазақстандықтардың өздерін ойдағыдай көрсетуіне ықпал ете отырып, олардың рухани денсаулығының қажетті даму көзі болады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың серпiндi дамуын ескере отырып, Қазақстанда прогрессивті ақпараттық қоғамды жеделдете қалыптастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.

Мәдени игіліктердің барынша қолжетімді болуы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру көрсеткіштерінің біріне айналады.

Мемлекеттің тиімді саясат жүргізуі үшін Қазақстан Республикасында мемлекеттік мәдениет саясатының тұжырымдамасы әзірленеді және іске асырылады.


Мәдениет және ақпарат саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

бәсекеге қабілетті отандық мәдени өнім қазақстандық жаңа отансүйгіштікті қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға және «еңбек адамы» бейнесін дамытуға бағытталады;
қазақтың және жалпы Қазақстанның мәдени мұрасы ақпаратты ілгерілетудің ең жаңа технологиялары арқылы жаһандық кеңістікке интеграцияланды;
мәдени құндылықтар мен зияткерлік ақпаратқа қолжетімділіктің инновациялық нысандары дамиды, Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының қоры кеңейтілді;
өңіраралық мәдени алмасу кеңейді;

мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 95%-ды құрайды;


қазақ тілін латын графикасына көшіруге дайындық жұмыстары аяқталды;
аударма саласы нығайтылады, қазақ тіліндегі заманауи шығармаларды шетел тілдеріне, сондай-ақ шетелдік авторлардың әйгілі шығармаларын қазақ тіліне аудару қамтамасыз етілді;
бәсекеге қабілетті отандық ақпараттық кеңістік құрылды, отандық БАҚ-қа ауқымды жаңғырту жүргізілді

2017 жылға қарай

қазақстандық мәдениет EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу шеңберінде сәтті таныстырылды



Еңбек ресурстары
Экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды іске асыру қажетті дағдысы бар еңбек ресурстарын ұлғайтуды талап етеді. Олардың ұзақ мерзімді өсуі халық санының өсуімен қамтамасыз етілетін болады. Халықтың табиғи өсімі мен көші-қонның жағымды сальдосының ұлғаюы демографиялық көрсеткіштерді жақсартады.

Білім беру мен денсаулық сақтаудағы қайта құрулармен қоса, мемлекеттің ерекше назары қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, елге білікті мамандардың, оның ішінде тарихи отанына оралғысы келетін отандастардың келуіне ықпал ететін көші-қон процестерін ұтымды басқаруға және экономиканың дамуына өз үлесін қосуына бөлінетін болады.

Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбек заңнамасының негіздеріне және еңбек дауларында келіссөздер жүргізу және консенсусқа қол жеткізу дағдылары бойынша сауаттылықтарын арттыруға аса маңызды назар аударылатын болады.

Халықаралық еңбек ұйымының еңбекті қорғауды басқару жүйесінің талаптарына сәйкес келетін қауіпсіздік стандарттары өндірісте еңбекті қорғауды басқарудың негізі болып табылады. Ірі және шағын кәсіпорындарға халықаралық және мемлекетаралық еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі стандарттарын енгізу ұсынылатын болады.

Мемлекет еңбек ресурстарының экономиканың заңды секторына өтуі үшін қосымша ынталандыруларды қалыптастырады.

Нәтижелі жұмыспен қамту және инновациялық өсу үшін біліктілігі жоғары кадрлар даярлау мақсатында білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасында өзара байланыс Ұлттық, салалық біліктілік шеңберлері және кәсіптік стандарттарды әзірлеу арқылы қамтамасыз етілетін болады.

2015 жылға қарай жұмыс берушілердің қатысуымен кәсіптік стандарттардың 30 %-ы әзірленеді, ал 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 %-ға жетеді. Жалпы кәсіптік стандарттар еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, тұрақты негізде өзектілендіріліп тұрады.
Еңбек ресурстарының санын ұлғайту жөніндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

Қазақстан халқы санының өсуі кемінде 10 %-ды құрайтын болады;
шетелдік жұмыс күшін тартудың мемлекеттік квотасы шеңберінде көшіп келушілер арасындағы білікті мамандар санының 70 %-ға дейін өсуі қамтамасыз етілді;
еңбекке қабілетті жастағы этникалық репатрианттардың 80 %-ын жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасалды;
100 % кәсіптік стандарттар әзірленді

2015 жылға қарай

шетелдік жұмыс күшін тартуға мемлекеттік рұқсаттарды, оның ішінде маусымдық рұқсаттарды берудің икемді жүйесі енгізілді (шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота 1,5 % құрайды);
еңбекке қабілетті жастағы этникалық репатрианттардың 70 %-ын жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасалды;
30 % кәсіптік стандарттар әзірленді



Түйінді бағыт: азаматтарға қызметтер көрсету
Мемлекет азаматтардың мұқтаж санаттарын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құруды жалғастырады, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің – электрмен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, сумен жабдықтаудың, су бұрудың (кәріз), газбен жабдықтаудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді көрсету мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінде мемлекеттік органдардың қызметін айтарлықтай үйлестіруді және қызметтердің белгіленген стандарттарға сәйкес көрсетілуі үшін жауаптылықты арттыруды талап етеді. 


Халықты әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік орнықтылықты нығайту мақсатында атаулылыққа және масылдықты болдырмайтын тиімділікке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құру жалғастырылады.

Әлеуметтік қамтамасыз етудің көп сатылы жүйесі осы заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне сәйкес болады. Базалық әлеуметтік төлемдерді көтеру, зейнетақы төлемдерін сатылы түрде көтеру, халықты әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту егде жастағы адамдар, мүгедектер, асыраушысынан айырылған адамдар және әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж өзге де азаматтар үшін лайықты тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етеді.

Атаулы әлеуметтік көмек және халықтың осал санаттарын қолдау жүйесінің одан әрі дамуы әлеуметтік тәуекелдерді төмендетуге және кедейлікті белсенді еңсеру мүмкіндігін кеңейтуге бағытталатын болады. Атаулы әлеуметтік көмек азаматтардың нақты мұқтаждығын және «өзара міндеттемелер» жүйесін енгізуді ескере отырып тағайындалатын болады. Осыған байланысты өнімді жұмыспен қамтуды ынталандыруға, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуының жалпы деңгейін арттыруға, жұмыссыздықтың және өнімді емес өз бетінше жұмыспен қамтылғандар санын төмендетуге бағытталған шаралар кешені іске асырылатын болады.

Азаматтардың өз мүмкіндіктерін толық іске асыруын және еңбек ресурстары теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ана мен баланы әлеуметтік қолдау жүйесі маңызды орын алады. Оның басты мақсаты тек бала туудың деңгейін реттеу ғана емес, болашақ ұрпаққа лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, балаларға жан-жақты тәрбие беру, олардың толыққанды ақыл-ой, дене, өнегелі, рухани және әлеуметтік дамуын кепілді түрде қамтудан тұратын болады. Осыған байланысты материалдық және материалдық емес ынталандыруларды қамтитын іс-шаралар кешенін әзірлеу арқылы бала тууды ынталандыру және көп балалы болуды қолдау жүйесі жетілдіріледі.



Әлеуметтік қызмет көрсету саласының кеңеюіне елеулі мән берілетін болады. Мемлекеттік стандарттарды енгізу мен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру, бәсекелес ортаны дамыту және азаматтық қоғамның мүмкіндігін кеңінен пайдалану мұқтаж адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
Өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

жұмыссыздық деңгейі 5 %-дан аспайды;
жұмыспен қамтамасыз етілген халықтың арасында жоғары білікті жұмыс күшінің үлес салмағы 80 %-ға дейін өседі;
ірі және орта кәсіпорындарды ұжымдық-еңбек қатынастары жүйесімен 90-95 пайыздық қамту қамтамасыз етілді

2015 жылға қарай

жұмыссыздық деңгейі 5 %-дан аспайды;
өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өнімді жұмыспен қамтылғандар үлесі 62,5 %-ға дейін ұлғаяды



Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

зейнетақы жүйесінің барлық деңгейлерінде зейнетақының барабар және әлеуметтік әділ деңгейі қамтамасыз етілді;
жинақтаушы зейнетақы жүйесімен жалдамалы қызметкерлерді 100 пайыздық және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды 40 пайыздық қамтуға қол жеткізілді

2015 жылға қарай

базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 60 % деңгейіне дейін жеткізілді;
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2010 жылғы деңгейге қатысты кемінде 1,2 есе ұлғайды;
жинақтаушы зейнетақы қорларының нақты оң кірістілігі қамтамасыз етілді



Әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8 %-ға дейін төмендейді;
«өзара міндеттемелер» қағидатына негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейінің 100%-на дейін артады;
арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететіндердің қамтылған саны 100 %-ды құрайды

2015 жылға қарай

«өзара міндеттемелер» қағидатына негізделген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің шекті деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %-на дейін артады;
атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 30%-ға дейін төмендейді;
мемлекет кепілдік берген арнайы әлеуметтік қызметтер заңнамада белгіленген көлемде ұсынылады



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Сапалы коммуналдық қызметтер ұсыну және тұрғын үй қатынастарын жетілдіру тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі - ТКШ) саласында ынталандырушы нарықтық жағдайлар жасау және азаматтардың, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді көрсетушілердің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құқықтары мен жауапкершілігін айқын бөле отырып, олардың тиімді өзара іс-қимылы арқылы қамтамасыз етіледі.

ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту үлестік пайдалану шығындарының төмендеуімен, ресурстар үнемдейтін технологияларды енгізумен, табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтен жоғары шығындарын жоюға және нормативтік шығындарын қысқартуға мүмкіндік беретін тарифтік реттеудің тиімділігін арттырумен қатар жүреді.

ТКШ саласындағы мемлекеттік инвестициялар экономикалық негіздеу, осы заманғы ресурс үнемдеуші технологияларды және корпоративтік басқару стандарттарын енгізу жөніндегі талаптарды қамтитын инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттен бірлесе қаржыландыру инвестициялық жобаларды іске асырудың міндетті шартына айналады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

тұтынушыға тасымалдау кезінде нормативтік ысырап деңгейі жылу энергиясына – 17 %, суға – 15 % және электр энергиясына – 12 % құрайды;

орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу ауылдық жерлерде ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80 %-ын, шағын қалаларда – 100 %-ын құрайды;


елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 70 %-ы коммуналдық қызметтер көрсету сапасына қанағаттанады

2015 жылға қарай

тұтынушыға тасымалдау кезінде нормативтік шығындар деңгейі жылу энергиясына – 20 %, суға – 19 % және электр энергиясына – 15 % құрайды;
орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу ауылдық жерлерде ауылдық елді мекендердің жалпы санының 50 %-ын, шағын қалаларда – 70 %-ын құрайды;
елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 50 %-ы коммуналдық қызметтер көрсету сапасына қанағаттанады;
кондоминиум объектілерін басқару органдары тұрғын үй қорын нормативтік пайдалануды дербес қамтамасыз етеді;
мемлекет ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жобаларға нысаналы қарыздар береді;
коммуналдық сектор кәсіпорындарында менеджменттің осы заманғы әдістерін енгізу қамтамасыз етілді

2011 жылға қарай

жүргізілген түгендеу негізінде тұрғын үй қоры мен коммуналдық қызметтер инфрақұрылымның жай-күйінің жаңартылатын тұрақты деректер базасы жасалды



Түйінді бағыт: ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету
Ішкі саяси тұрақтылықты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретіндегі дамуының аса маңызды шарты болып табылады. 2020 жылға дейінгі кезеңде негізгі күш-жігер мемлекеттің одан әрі нығаюы мен дамуына, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен сын-тегеуріндерді бейтараптандыруға, қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыруға шоғырландырылатын болады.

Ішкі саяси салада 2020 жылға дейінгі кезеңде бейбітшілік пен келісімді, Қазақстан қоғамының орнықтылығы мен тұрақтылығын сақтау негізгі мақсаттар болып қала береді. Мемлекеттің сыртқы саясаты әлемдік аренада ұлттық мүдделерді қарқынды ілгерілетуге, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қолдауға және елдің халықаралық беделін нығайтуға бағытталатын болады.

Ішкі тұрақтылықты қолдау
2020 жылға дейін «Қазақстан-2030» стратегиясының ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның шоғырлануын қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді басымдығын іске асыру шеңберінде саяси жүйені одан әрі жаңғырту, этникалық және діни келіспеушіліктердің алдын алу, республиканың барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне негізделген Қазақстан халқының бірлігін нығайту бойынша жүйелі жұмыс жалғасатын болады.

Белгіленген экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерге кол жеткізу Қазақстан қоғамының бірлігі мен ынтымағын талап етеді. Қазақстанның ел бірлігі доктринасы қазақстандық қоғамның шоғырлану процесінің басты құралына айналады.

Қоғамның шоғырлануына, отансүйгіштік сезімнің нығаюына және жалпыұлттық идеялар мен бірыңғай құндылықтар негізінде қазақстандықтардың ерекшелігін қалыптастыруға ықпалын тигізетін теңдестірілген ұлттық саясатты іске асыру бойынша бірегей және тиімділігі жоғары институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы одан әрі дамитын болады.


Этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

діни сенім бостандығына құқықтарды одан әрі іске асыру, сондай-ақ Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің еркін дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалды;
этносаралық және конфессияаралық жанжалдардың профилактикасы мен ертерек алдын алудың тиімді жүйесі құрылды

Саяси жүйені жаңғырту жалғасады. 2020 жылға қарай Қазақстанда өкілді биліктің мәні арта түседі, саяси партиялардың рөлі мен жауапкершілігі артады, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүйесі тиімді жұмыс істейтін болады. Демократиялық институттар мен азаматтық қоғамның құрылымдары егемен Қазақстанның әлеуметтік-саяси жүйесінің үйлесімді элементтеріне айналады.

Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты сапалы қамтамасыз етудің нысандары мен әдістері жетілдіріледі.


Саяси жүйені одан әрі жаңғырту саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

елдің саяси жүйесін жаңғырту аяқталды, оның табысты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды;
таңдаулы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жергілікті өзін-өзі басқарудың және азаматтық қоғамның тиімді институттары құрылды;
заманауи, тиімді әрі ашық сайлау және партия жүйелері қалыптасты, өкілді биліктің рөлі күшейді;
мемлекет пен азаматтық қоғамның, билік пен бизнестің, билік пен оппозицияның сындарлы диалогының тетіктері жолға қойылды;
Қазақстан Республикасының саяси элитасын қалыптастырудың тиімді жүйесі құрылды, мемлекеттік қызмет өз қатарында Қазақстан халқының таңдаулы өкілдерін шоғырландырады;
гендерлік теңдік нығайтылды

Ұлттық қауіпсіздік


Ұлттық қауіпсіздік жүйесі сындарлы әрі қауіпсіз сыртқы және ішкі ортаны қалыптастыру бойынша белсенді іс-қимылдарға, елдің орнықты дамуы мен Қазақстанның мүдделерін өңірде және әлемде кешенді ілгерілету үшін қолда бар және әлеуетті мүмкіндіктерді пайдалануға бағдарланатын болады. Туындайтын қауіптерді алдын ала айқындау мен жою ұлттық қауіпсіздіктің негізіне алынатын болады.

Халықаралық терроризмге, діни экстремизмге, халықаралық есірткі бизнесіне және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылатын болады. Есірткі трафигі мен заңсыз көші-қонның жолын кесуді қоса алғанда, Ауғанстанмен байланысты проблемалар кешенін шешуге қатысу қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында орта мерзімді перспективаға арналған маңызды басымдық болып қала береді.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жүйесі түрленуінің аса маңызды бағыттарының бірі жаңа қатерлер мен сын-тегеуріндерді уақтылы анықтауға, сондай-ақ ден қоюдың барабар шараларын әзірлеуге мүмкіндік беретін болжамдық-талдау жұмысының тиімділігін арттыру болады.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

мемлекеттің әлеуетті қатерлерге барабар қарсы тұруға қабілетті сенімді қорғаныс қабілеті қамтамасыз етілді;
Қазақстан шекарасының периметрі бойынша тәуекелдер барынша азайтылады, өңірде аумақтық және шаруашылық даулардың туындау себептері жойылды;
адам мен қоғамның қауіпсіздігі, азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етілді;
әлемдегі сапалы жаңа сауда-қаржы жағдайларында елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді;
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі  қамтамасыз етілді, бәсекеге қабілетті отандық ақпараттық кеңістік құрылды;
экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру, тәуекелдерді азайту және техногендік авариялардан, апаттардан, дүлей зілзалалардан болатын зардаптарды барынша азайту бойынша жағдайлар жасалды;
ұлттық мүддені ескере отырып, халықаралық қауіпсіздік жүйесімен кіріктірілген ұлттық қауіпсіздіктің тұтас және тиімді жүйесі қалыптасты


Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған сыртқы саяси бағыты Сыртқы саясат тұжырымдамасына негізделетін болады. Ұлттық мүдделерді, елдің халықаралық беделін арттыруды және ұлттық, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған алдын ала белсенді, кешенді және теңгерімді сыртқы саясат жүргізілетін болады.

Қазақстанның ұзақ мерзімді басымдықтары мыналар болып табылады: елдің дамуы мен оның осы заманғы әлемдегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыру және қолдау; Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау; шет елдерде Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, мүдделерін қорғау; Қазақстан Республикасының жағымды бейнесін және әлемде осы заманғы нарықтық экономикасы, орнықты саяси жүйесі, ашық және төзімді қоғамы бар демократиялық құқықтық мемлекет ретінде қабылдануын қалыптастыру; халықаралық аренада елдің экономикалық мүддесін қорғау; бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұйымдар мен форумдарға белсенді қатысу.

Халықаралық қатынастардың жаңа сәулетін және әлемдік сауда-қаржы жүйесінің сұлбасын қалыптастыру кезінде Қазақстанның жаһандық шешімдерді қабылдау процестеріне қатысуы үшін жағдайлар жасаудың ерекше мәні бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттен жоғары резервтік валюталарды қалыптастыру туралы мәселеде өз мүддесін тиянақты ілгерілететін және белсенді қорғайтын болады. Осы іс-қимылдың нәтижелілігі көп жағдайларда Қазақстанның дағдарысқа қарсы шараларды табысты іске асыруына, ел экономикасының дағдарыстан кейінгі және орнықты даму бағытына шығу қарқынына, инновациялық және әртараптандырылған экономиканы құру саласындағы нақты жетістіктерге байланысты болады.

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының ықпалды мүшесі, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бастамашысы бола отырып, ұжымдық қауіпсіздіктің қазіргі жүйелері арасында стратегиялық диалогты құруға белсенді қатысатын болады. Қазақстан жанталаса қарулануды болдырмау, халықаралық қауымдастықтың ядролық қарусыздану және Ядролық қаруды таратпау туралы шарт режимін нығайту саласындағы күш-жігерін қолдауға арналған өзін ақтаған бағытты жалғастырады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының беделді халықаралық ұйымдардағы (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Ислам Конференциясы Ұйымы және басқалары) төрағалығы шеңберіндегі мүмкіндіктері барынша іске қосылатын болады.

Қазақстанның саясаты Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің, ислам және христиан әлемдерімен көпір ретіндегі өз рөлін нығайтуға бағытталған өркениетаралық және конфессияаралық диалогты нығайту бойынша күш-жігерін жалғастыратын болады. Төзімділіктің қазақстандық үлгісі халықаралық аренада кеңінен танылатын болады және басқа да елдердің практикасында қолданылатын болады.

Қазақстан өзінің бірегей географиялық орналасуын тиімді пайдаланып, әлемдік және өңіраралық көлік коммуникациялары жүйесіндегі қайталанбайтын рөлін барынша нығайтатын болады. Қазақстанның әлемдік энергетикалық және азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі айтарлықтай арта түседі. Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісінде лайықты орнын алады және Дүниежүзілік сауда ұйымының қатысушысы болады.

Қазақстан Орталық Азияда, Еуразия кеңістігінде әртүрлі жылдамдықтағы және көпдеңгейлі интеграциялауды күшейтуге арналған бағытын жалғастырады. Қазақстан Ресеймен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық және Кеден одағының орнықты өзегін құрайтын болады.
Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

қолайлы халықаралық орта қалыптасты, барлық мемлекеттермен тең құқықты ынтымақтастықтың достық қатынастарына қолдау көрсетіледі;
ұлттық экономиканы әртараптандыру негізінде Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа және әлемдік шаруашылық байланыстарға интеграциялануының жоғары деңгейіне қол жеткізілді;
өңір мемлекеттерінің саяси және экономикалық интеграциясы үшін жағдайлар мен алғышарттар қамтамасыз етіледі;
Қазақстан өңірлік қауіпсіздіктің және саяси-экономикалық ынтымақтастықтың тиімді жүйесінің басты қатысушысы болып табылады;
Қазақстан халықаралық және өңірлік қаржылық және саяси жетекші құрылымдардың басшы органдарында өкілдік етеді;
Қазақстан халықаралық қатынастардың белсенді субьектісі болып табылады және әлемдік саясат үшін маңызды мәні бар шешімдерді қабылдауға қатысады

».
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президентi Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 11 қараша


№ 689


1 Бұдан әрі Стратегиялық жоспар-2020 мәтіні бойынша өзгеше көрсетілмесе, 2009 жылғы деңгейге қарағанда нысаналы индикаторлар (көрсеткіштер) мәнінің өзгерісі көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет