«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қаулы етемін


Түйінді бағыт: экономиканы әртараптандыруды жеделдету



бет2/4
Дата29.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#33839
1   2   3   4

Түйінді бағыт: экономиканы әртараптандыруды жеделдету
Стратегиялық жоспар – 2020-ны іске асыру кезеңінде үдемелі индустрияландыру жолымен экономиканы әртараптандыру жеделдетіледі.

Экономикадағы еңбек өнімділігін кешенді арттыруға бағытталған елді индустрияландыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

1) шикізат өндірістерін кейіннен неғұрлым жоғары бөліністерге өткізе отырып, дәстүрлі салаларды: мұнай-газ секторын, тау-кен металлургиясы кешенін, атом және химия өнеркәсібін дамыту;

2) жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттің сұранысына негізделген секторларды: машина жасауды, құрылыс индустриясын, қорғаныс өнеркәсібін, фармацевтиканы дамыту;

3) шикізат секторына байланысты емес және негізінен экспортқа бағдарланған өндірістерді: агроөнеркәсіптік кешенді, жеңіл өнеркәсіпті, туризмді дамыту;

4) әлемдік экономикада алдағы 15-20 жылда басым рөл атқаратын «болашақтың экономикасы» бағыттарын: ақпараттық, коммуникациялық және ғарыш технологияларын, биотехнологияларды, баламалы энергетиканы дамыту.

Қазақстанды индустрияландыру қолайлы экономикалық ортаны қалыптастырумен және табысты индустрияландырудың айқын қағидаттарын сақтаумен, оның ішінде ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығындағы Қазақстанның үлесін арттырумен бірге жүреді.
Қолайлы экономикалық орта қалыптастыру
Қолайлы экономикалық ортаға ұтымды макроэкономикалық саясатпен, тиімсіз жобаларға қарсы іс-қимыл жүйесін құрумен, ұлттық инновациялық жүйені қалыптастырумен, оның ішінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жобалар (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) жүйесін жетілдірумен қолдау жасалады.

Экономиканы әртараптандыруды қолдау үшін макроэкономикалық басқару
Қазақстан шикізат ресурстарын ірі экспорттаушы ретінде шикізатты экспорттаудан түсетін қаржыны пайдалану мен экономиканың барлық салаларында өсуге ықпал ететін макроэкономикалық жағдайды жасау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді.

Табиғи ресурстардан түскен пайданы тез жұмсау валютаның айырбас бағамын жоғарылатады және «экономиканың саудаласпайтын салаларын» (қаржы секторы, жылжымайтын мүлікпен операциялар және қызмет көрсету саласы) дамытуға жетелейді. Қазақстанда валюталық бағамды бақылауды жоғалту салдарынан кезінде жанданған агроөнеркәсіптік кешенінің және өңдеуші өнеркәсібін іс жүзінде жоғалуына тап болған табиғи ресурстарға бай басқа елдердің тәжірибесі ескеріледі.

Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеу тұжырымдамасы жетілдіріліп, оның сақтандырушы функциясы күшейтіледі.
Тиімсіз жобаларға қарсы іс-қимыл
Экономиканы әртараптандыруды жеделдету процесінде мемлекет тиімсіз жобалардың іске асырылуына қарсы тұрады. Мемлекеттік қаражатты жұмсау процесінің ашықтығы мен айқындығы артады. Мемлекеттік қаржыландыруды алатын барлық жобалар үшін қаржылық және экономикалық рентабельділік стандарттары енгізіледі. Мемлекет қаржыландыратын инвестициялық жобаларды бағалау шетелдік оң тәжірибені ескере отырып күшейтіледі.
Ұлттық инновациялық жүйені құру
Шетелдік тәжірибені талдау әлемнің барлық үздік инновациялық жүйелерінің бәрі, көп жағдайда қомақты мемлекеттік қолдауға ие болатынын айғақтайды.

Мемлекет экономиканы әртараптандыру шеңберінде ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуын мынадай қағидаттармен қамтамасыз етеді:

1) әлемдік деңгейдегі университеттер құру және ҒЗТКЖ-ның озық жүйесін қалыптастыру үшін университеттік ғылымды одан әрі дамыту;

2) гранттар жүйесі негізінде мемлекет үшін басым ҒЗТКЖ қаржыландыру. Елдің индустрияландыру басымдықтарына сәйкес ҒЗТКЖ басымдықтарын айқындауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия жүзеге асырады;

3) шетел мамандарын қоса алғанда, сарапшыларды тарта отырып, гранттарға өтінімдерді бағалаудың транспарентті процесін енгізу;

4) ұлттық қажеттіліктерге бейімделген тиімді шетелдік технологияларды қолдану.


Табысты индустрияландыру қағидаттары
Қазақстанды индустрияландыру мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) мемлекеттік және жекеше секторлардың рөлдерін нақты айқындау;

2) компаниялар мен мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын барынша арттыру;

3) тауарлардың сапасын және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтің өнімділігін өсірудің, олардың құнын төмендетудің жетекші факторы ретінде бәсекелестікті қамтамасыз ету.

Елдің экономикалық мүдделерін қорғау мен ілгерілетудің сенімді жүйесін қалыптастыру, отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін сыртқы нарықтарға қолжетімділік жасау және жосықсыз бәсекелестікті жою мақсатында тиімді сауда саясаты жүргізіледі.

Өзара сауданы дамыту, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігін арттыру мен инвестициялардың өсуіне жәрдемдесу мақсатында Қазақстан ТМД-дағы ықпалдасу процестерінің белсенді қатысушысы болады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының қалыптасуы мен дамуы серпінді жоба болып табылады. Үш елдің ықпалдасуының келесі кезеңі Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру болды.

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын қалыптастыратын келісімдер күшіне енді. Қазіргі уақытта Бірыңғай экономикалық кеңістікті, оның ішінде келісімдердің құқықтық ережелерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

ТМД-дағы өңірлік экономикалық бірлестіктерді қолдай отырып, республика Дүниежүзілік сауда ұйымына елдің экономикалық даму басымдықтарына сай келетіндей талаптармен кіру процестерін жеделдетеді.


Әртараптандырудың басымдықтары
Бірінші кезеңде (2010 – 2014 жылдар) отандық экономиканы үдемелі әртараптандыру, бірінші кезекте, жеті бағыт бойынша іске асырылады. Бұл – агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі; мұнайды өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы; металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру; химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі; энергетика; көлік және телекоммуникация.

Осы бағыттар, сондай-ақ туризм индустриясын және машина жасауды дамыту Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтары болады.

Екінші кезеңде (2015 – 2019 жылдар) әртараптандырудың басым бағыттары мен түйінді көрсеткіштері Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижелерін ескере отырып айқындалатын болады.

Экономиканы табысты әртараптандыру республиканың орнықты дамуымен тығыз байланысты, оның ішінде:

1) жаңартылатын ресурстар мен энергия көздері негізінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу. Жел энергетикасын, күн энергетикасы мен геотермалдық энергетиканы дамыту үшін ынталандырушы жағдайлар жасалады, су ресурстарын бірігіп басқару қағидаттарын ескере отырып, елдің су ресурстарын тиімді пайдалану технологиялары енгізіледі, сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде одан әрі іс-қимыл жасалады;

2) инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, антропогендік жүктеменің келеңсіз әсерін азайту, табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияны азайту жөніндегі жауапкершілігін күшейту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мәселелерін де қамти отырып, орнықты дамуды басқару жүйесін оңтайландыру және төмен көміртекті экономиканың «жасыл» саясатын енгізу.

Экономиканы әртараптандыру экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру мен халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру жөніндегі жоспарлармен үйлестіріледі.

Қазақстанның елордасы – Астананың одан әрі дамуына ерекше мән берілетін болады. Астана қаласының орнықты дамуының 2030 жылға дейінгі бекітілген стратегиялық жоспарына сәйкес басты міндеті Қазақстанның астанасын бәсекеге қабілетті экономикасы, ел азаматтары мен туристер үшін тартымды, қолайлы қоршаған ортасы бар қала ретінде қалыптастыру болып табылады. Стратегиялық жоспар-2020 іске асыру кезеңінде Астана қаласының 2030 жылға қарай әлемнің ең бәсекеге қабілетті 30 қаласының қатарына кіруі үшін қажетті жағдайлар жасалады.

Елдің басқа аймақтарын дамыту бойынша олардың экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған шаралар қабылданатын болады.
Экономиканы әртараптандырудың стратегиялық мақсаттары


2020 жылға қарай

ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде 13 %-ды құрайды;
жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 45 %-ды құрайды;
шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісінің кемінде 50 %-ын құрайды;
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кем дегенде 2 есеге ұлғаяды;
агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 4 есеге ұлғаяды;
шикізаттық емес сектордың өзіндік құрылымындағы көліктік шығыстардың үлесі кемінде 15 %-ға қысқарады;
ІЖӨ энергия сыйымдылығы кемінде 25 %-ға азаяды;
инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 20 %-ға дейін ұлғаяды

2015 жылға қарай

ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі кемінде 12,5 %-ды құрайды;
жалпы экспорт көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі кемінде 40 %-ды құрайды;
шикізаттық емес экспорттың көлемі өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісінің кемінде 43%-ын құрайды;
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі кемінде 1,5 есеге ұлғаяды;
агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 2 есеге ұлғаяды;
шикізаттық емес сектордың өзіндік құрылымындағы көліктік шығыстардың үлесі кемінде 8 %-ға қысқарады;
ІЖӨ энергия сыйымдылығы кемінде 10 %-ға азаяды;
инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі 10 %-ға дейін ұлғаяды


Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
Жер ресурстарына бай Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту жағынан ұзақ мерзімді салыстырмалы басымдығы бар. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру және ауыл шаруашылығындағы өңдеудегі қосылған құнды ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғасады. Ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдаланудың артуымен қатар, өсімдік шаруашылығын жаһандық жылынудың ықтимал салдарына бейімдеу жөніндегі шаралар іске асырылады.

Ауылдық жерлерде ел халқының шамамен 50 %-ы тұратынын ескерсек, аграрлық саланы дамыту ауыл халқының өмір сүру сапасын арттырудың түйінді факторы болып табылады. Осыған байланысты ауылдың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, оңтайлы ауылдық орналастыруды модельдеу жұмысы жалғасады.


Ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

агроөнеркәсiп кешенiнде еңбек өнімділігі кем дегенде 4 есе ұлғаяды;
бидай түсімі 1 гектардан 1,4 тоннаны құрайды

2015 жылға қарай

экспорттың жалпы көлемінде аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 8 %-ға дейін ұлғаяды;
агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі кемінде 2 есеге ұлғаяды;
етті өңдеу 27 %-ға дейін, сүтті өңдеу – 40 %-ға дейін, жеміс пен көкөністі өңдеу – 12 %-ға дейін ұлғаяды


Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндірісі
Экономиканың өсуімен құрылыс қызметі мен құрылыс материалдарына деген сұраныс артады. Құрылыс материалдарының 50 %-ы елге импортталатынын ескерсек, құрылыс индустриясының және құрылыс материалдары өндірісін дамытуға айтарлықтай мүмкіндік бар.


Құрылыс саласындағы стратегиялық мақсаттар


2015 жылға қарай

құрылыс материалдарының 80 %-ы ел ішінде шығарылады;
құрылыс және құрылыс материалдары саласындағы өндіріс көлемінің 20 %-ы экспортталады


Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ саласының инфрақұрылымы
Елдің бай минералдық ресурстары мұнай мен газ экспортының өсуіне ықпал етіп қана қоймайды. Жаңа құбыржолдарды салумен қатар мұнайды және газды өңдеу секторы, оның ішінде интеграцияланған мұнай газ-химия кешенін салу есебінен дамытылатын болады.
Мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы саласындағы стратегиялық мақсаттар


2016 жылға қарай

Бейнеу - Бозой - Шымкент газ құбыры елдің оңтүстігін жылына 6 млрд. текше метр көлемге дейін газбен қамтамасыз етеді

2014 жылға қарай

отандық мұнай өңдеу зауыттары елдің отынға деген сұранысын толық қанағаттандырады


Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісі
Металл кенінің зор қорына ие бола отырып, Қазақстанда дайын металлургиялық өнімдердің отандық өндірісін дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар.
Металлургия саласындағы стратегиялық мақсаттар


2015 жылға қарай

металлургиялық өнім өндірісі мен экспорты екі есе өседі


Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі
Химия өндірісін дамыту мақсатында қазірдің өзінде 18 жоба іске асырылуда. Химия өнеркәсібін одан әрі дамыту органикалық химия мен полимерлердің, бейорганикалық химияның базалық өнімдерін, арнайы химикаттар мен тұтыну химиясын шығарумен байланысты болады. Фармацевтика өндірісі дамиды. Қорғаныс өнеркәсібінде елдің Қарулы Күштерін жаңғырту бағдарламалары іске асырылады.
Химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібіндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

мемлекеттік қорғаныс тапсырысының 80 %-ын отандық өндіріс қамтамасыз етті;
химия өнімдерінің жалпы өндірісі 3 есеге өседі;
химия өнімдерінің 20-дан астам жаңа түрін өндіру ұйымдастырылды

2015 жылға қарай

каустикалық сода бойынша хлор-сілті өндірісі жылына
100 мың тоннаға дейін кеңейтілді;
минералды тыңайтқыштардың әрқилы түрлерін шығару жылына 3 млн. тоннадан асады;
куаты жылына 400 мың тонна кальцийлендірілген сода өндірісі ұйымдастырылды;
химиялық өндіріс үшін шикізатты қайта өңдеу және байыту қуаттары енгізілді;
күкірт қышқылының өндірісі жылына 2500 мың тоннадан артық көлемге жеткізілді

2014 жылға қарай

елдегі дәрілік заттарды тұтынудың жартысын отандық өндіріс қамтамасыз етеді


Атом энергетикасы мен энергияның баламалы көздерін қоса алғанда, энергетиканы дамыту
Экономикалық өсу қарқыны және экономиканы әртараптандыру энергетика секторына айтарлықтай қысым жасайды. Өнеркәсіптің отандық салалары біршама энергияны қажет етеді және энергия үнемдеудің айтарлықтай әлеуеті бар. Энергияны пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асырумен қатар ішкі қажеттіліктерді, әсіресе батыс және оңтүстік өңірлерде қанағаттандыру үшін оның өндірісін үдету талап етіледі. Осыған байланысты энергия көздері мен электр желісі кәсіпорындарында қазіргі қуаттарды кеңейту мен реконструкциялау және жаңаларын салу жөнінде жұмыстар жүргізілетін болады.

Энергетика секторын дамыту шеңберінде Қазақстан жаһандық мақсатқа – парниктік газдарды шығаруды азайтуға жәрдемдеседі.

Неғұрлым арзан, экологиялық жағынан таза энергия алу әдістерінің бірі атом энергетикасын дамыту болып табылады. Атом энергетика кешендері қолда бар отын және минералдық ресурстарды оңтайлы әрі теңгерімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Энергияның баламалы көздерін пайдалану үлесі жалпы энергия пайдалану көлемінің 1 %-ынан аз. Экологиялық проблемаларды шешу қажеттігін ескере отырып, электр энергетикасын дамытудың басым бағыттарының бірі жаңартылатын энергетика ресурстарын (гидроэнергия, жел және күн энергиясы) пайдалану болып табылады, олардың Қазақстандағы пайдаланылмай отырған әлеуеті өте зор.

Электр энергетикасы секторында нарықтық жағдайларда саланың дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін баға және тариф түзу реформалары жүргізіледі. Электр желілері компаниялары үшін тариф түзудің жаңа тетігі енгізілетін болады.
Энергетика саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

өзіміздің көздерден экономика қажеттіліктерін қанағаттандыратын энергия шығару 100 %-ды құрайды;
энергияның баламалы көздерін пайдалану үлесі энергия тұтынудың жалпы көлемінде 3 %-дан артық болады;
электр энергиясын өндіруде газ электр станцияларының үлесі 20% құрайды;
АЭС және Балқаш ЖЭС салынды және пайдалануға енгізілді;

ядролық отын циклімен тігінен кіріктірілген компания құрылды;


жұмыс істеп тұрған генерациялайтын энергия қуаттары және таратушы энергия желілері реконструкцияланды және жаңартылды

2015 жылға қарай

энергияның баламалы көздерін пайдалану үлесі энергия тұтынудың жалпы көлемінің 1,5 %-ынан артық болды;
Балқаш ЖЭС бірінші кезегінің құрылысы аяқталды

2012 жылға қарай

электр энергиясының бағаларын және электр энергиясын беру мен тарату тарифтерін қалыптастырудың ұзақ мерзімді тарифтік саясаты әзірленді және енгізілді


Көлік және телекоммуникация
Көлікті дамытудың негізгі бағыттары көлік инфрақұрылымының негізгі төрт құрамдас бөлігі: теміржол, автомобиль, әуе және су көлігінің тиімділігін арттыру және интеграциялау болып табылады.

Елдің транзиттік әлеуеті кеден және шекара рәсімдерін реформалаумен үндестірілген, көлік инфрақұрылымына нысаналы инвестициялар салу арқылы арттырылатын болады.



Елдің ішкі континенталдық орналасуы және теңізге шығудың болмауы қазақстандық тауарларды сыртқы өткізу нарықтарына жеткізуде, импорттық өнімдерді әкелуде, Ресеймен және Қытаймен сауда байланыстарын дамытуда, сондай-ақ Түрікменстан және Иран арқылы Парсы шығанағының порттарына қол жеткізуде көліктің рөлін күшейте түседі.


Теміржол көлігі
Теміржол саласын реформалау мемлекеттік реттеуді жетілдіруді, жеке бастамаларға жағдайлар жасауды, сондай-ақ негізгі құралдарды айтарлықтай жаңарту мен жаңғыртуды көздейді. Саланың институционалдық құрылымындағы түйінді өзгерістер қызметтің инфрақұрылымдық және тасымалдау түрлерін ұйымдық, қаржылық және операциялық бөлуге; мемлекет тарапынан тасымалдау қызметін бағалық реттеуді жоюға; тәуелсіз тасымалдаушылардың магистральдық теміржол инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар шығынды тасымалдауларды мемлекеттік субсидиялауға саяды.
Теміржол көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

республика ішінде және Қазақстан шегінен тыс жүктер мен жолаушыларды жеткізуді жеделдету үшін 1400 км жуық жаңа теміржол желілері салынды, бұл ретте құрылысты қаржыландырудың кем дегенде 50 %-ы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда;
теміржол көлігінің негізгі активтерінің тозуы 40 %-ға дейін төмендеді;
жүк поездарының теміржолдың транзиттік учаскелерінің бойымен қозғалуының орташа техникалық жылдамдығы 55 км/сағ-тан кем болмайды;
экспорттық өнімнің өзіндік құнындағы теміржол көлігімен тасымалдау шығыстарының үлесі 20 %-ға төмендеді;
электрленген теміржол желілерінің үлесі жалпы теміржол ұзындығының 40 %-ынан кем болмайды;
әрбір оператор үшін нарықтағы үлесі кемінде 7 % болатын жүк және жолаушыларды тасымалдау саласында 5 немесе одан көп тәуелсіз ірі операторлар жұмыс істейді, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдаудың көлемі екі еседен астам артады;
теміржол көлігі саласында Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдаудың көлемі екі еседен астам артады

2014 жылға қарай

жүк және жолаушылар тасымалы саласында жаңа тариф саясаты іске асырылды және магистральдық теміржол желісі қызметтерінің 10 жылға арналған шекті тарифтері бекітілді

2013 жылға қарай

Жетіген — Қорғас темір жол желісі салынды;
темір жол көлігін басқарудың жаңа жүйесі енгізілді

2012 жылға қарай

Өзен — Түрікменстанмен мемлекеттік шекара темір жол желісі салынды


Автожол саласы және автомобиль көлігі
Автожол саласын одан әрі дамыту институционалдық реформалар мен жолдарды күтіп ұстауды жетілдіруге және магистральдық инфрақұрылымға салынатын инвестицияларды қамтамасыз етуге бағытталған саланы одан әрі ырықтандыру жөніндегі шараларды үйлестіру арқылы қамтамасыз етіледі.

2020 жылға қарай Қазақстанның ірі қалалары мен елді мекендерін өзара байланыстыратын қазіргі заманғы автожол желісі салынады. Бұл ретте жергілікті маңызы бар автожолдарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.


Автожол саласы мен автомобиль көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар




2020 жылға қарай

республикалық маңызы бар 16 мың км жуық автомобиль жолдары салынды және реконструкцияланды;
Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдау көлемі екі еседен астам артады

2016 жылға қарай

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі реконструкцияланды

2015 жылға қарай

республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының орта есеппен 85 %-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;
жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының орта есеппен 70 %-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда

2014 жылға қарай

халықаралық тасымалдауда цифрлы тахографтар енгізілді;
республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде ақылы жүйе енгізілді

2013 жылға қарай

«Евро-3» экологиялық стандарттары енгізілді


Авиакөлік
Азаматтық авиацияны дамыту әуе тасымалдауын реттеуді бірте-бірте ырықтандырумен, авиатасымалдау инфрақұрылымын қолдауға инвестицияларды жүзеге асырумен, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды жоғарылатумен қатар жүреді.
Авиакөлік саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

15 әуежай ИКАО санатына ие болды;
әуе тасымалының бәсекелі нарығы құрылды;
4 халықаралық әуежай – «хаб» жұмыс істейді;
транзиттік тасымалдаулардың көлемі екі еседен астам артады

2015 жылға қарай

халықаралық әуе қатынастарының саны екі есе артты;
еуропалық авиациялық стандарттар толық енгізілді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет