«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қаулы етемін



бет3/4
Дата29.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#33839
1   2   3   4

Су көлігі
Су көлігі саласын дамытудың басым бағыттары порт және қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту, сауда флотын қалыптастыру, кадрлық әлеуетті дамыту және кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Су көлігі саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

Қазақстанның теңіз порттарының өткізу қабілеті 48 млн. тоннаға дейін жеткізілді

2016 жылға қарай

ұлттық теңіз сауда флоты Қазақстан Республикасының порттарынан Каспий теңізіне мұнай тасымалдау көлемінің 2/3 бөлігін және құрғақ жүк тасымалдау көлемінің 1/2 бөлігін қамтамасыз етеді

2015 жылға қарай

Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы мен ішкі су жолдарында кемелердің қауіпсіз жүзуі қамтамасыз етілді


Телекоммуникация
Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуы мен бейімделуі экономикалық көрсеткіштерге ғана емес, адамдардың өмір сүру салтына да ықпал ете отырып, қоғамды жаңғыртудың басты факторларына айналып отыр. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті қалыптастыру мақсатында телекоммуникация саласының дамуын ынталандыру, АКТ саласының заманауи инфрақұрылымын құру, телекоммуникациялық және электрондық қызметтерді кеңінен тарату, сондай-ақ серпінді ақпараттық қоғамның негіздерін құру жалғасады.


Ақпараттық-коммуникация саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

жоғары жылдамдықты заманауи оптикалық және сымсыз технологияларға негізделетін, халыққа және ұйымдарға мультимедиалық қызметтер ұсынуға бағытталған телекоммуникация инфрақұрылымы қалыптасты;
АКТ саласындағы базалық қызметтерге халықтың қол жетімділігінің жүз пайыздық деңгейі қамтамасыз етілді;
халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 80 %-ға дейін артты;

2016 жылға қарай

Қазақстан Республикасының бүкіл халқы үшін телефон байланысы қызметтеріне қосылу мен Интернет жетімділік мүмкіндігі қамтамасыз етілді;

Қазақстанның халқын цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамту 95 % құрайды



2015 жылға қарай

жергілікті телефон байланысын цифрландырудың 100 пайыздық деңгейіне қол жеткізілді;
халық саны 1 000 адам және одан да көп болатын елді мекендердің барлығы ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілді;
салалық стандарттау деңгейі халықаралық нормаларға дейін жеткізілді және Қазақстан Республикасында АКТ-ның дамуына ықпал ететін құқықтық негізі қалыптастырылды;
халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі 54 %-ға дейін артты;
«электрондық үкімет» және «электрондық әкімдіктер» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсетулердің кемінде 100 %-ын электрондық нысанға көшіру қамтамасыз етілді;
Интернет желісінің қазақстандық сегментін мемлекеттік қолдау шараларының жүйесі құрылды


Ғарыш саласындағы қызмет
Экономиканың және қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын толыққанды ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыш инфрақұрылымы, ғарыш қызметінің ғылыми және ғылыми-технологиялық базасы құрылуда және дамытылуда.
Ғарыш саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға

қарай


ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш аппараты ұшырылады және пайдалануға енгiзілді;
елiмiздiң дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация қызметтеріне деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру дәрежесі ҚР аумағын 80%-ын жабу;
тұтынушыларға берiлетiн ғарыш деректерiнiң жалпы санындағы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттары деректерiнiң үлесi 60%;
ғылымды көп қажет ететін 12 технология, оның ішінде ғарыш техникасы мен материалдардың экспериментік үлгілері әзірленді және енгізілді

2015 жылға

қарай


«KazSat-3» байланыс және хабар тарату ғарыш аппараты ұшырылды және штаттық пайдалануға енгiзілді;
Жерді қашықтықтан зондтау орта және жоғары шешiмдi оптикалық спутниктері ұшырылды және штаттық пайдалануға енгiзілді;
тiркелген спутниктiк байланыс арналарында елiмiздiң қажеттiлiгiн қанағаттандыру дәрежесі 100%;
елiмiздiң дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация қызметтеріне деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру дәрежесі ҚР аумағының 55%-ын жабу;
тұтынушыларға берiлетiн ғарыш деректерiнiң жалпы санындағы қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппараттары деректерiнiң үлесi 50%;
Астана қаласында ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы және тәжірибелік өндірісі бар ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенi салынды


Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл» экономикаға көшу
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама Қазақстан халқының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын арттыру және елдің әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруі арқылы қоршаған ортаға түсетін жүктеме мен табиғи ресурстардың тозуын барынша азайта отырып, жаңа тұрпаттағы экономикаға көшу мақсатында терең жүйелі жаңартулар үшін негіз қалайды.

Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:

1) ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін арттыру;

2) қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;

3) қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельді жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру;

4) су ресурстарымен қамтамасыз ету.

Тұжырымдамаға сәйкес «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шаралар мынадай 7 бағыт бойынша іске асырылатын болады:

1) су ресурстарын ұтымды пайдалану;

2) орнықты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту;

3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру;

4) электр энергетикасын дамыту;

5) қалдықтарды басқару жүйесін дамыту;

6) ауаның ластануын азайту;

7) экожүйелерді сақтап қалу және тиімді басқару.


Қоршаған ортаны қорғау және «жасыл» экономикаға көшу саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

ІЖӨ энергия сыйымдылығы 2008 жылғы деңгейден 25%-ға төмендейтін болады;
электр энергиясын өндіруде баламалы көздердің үлесі кемінде 3%-ды құрайды;
Ақмола және Қарағанды облыстарын газдандыру жүзеге асырылатын болады;
электр энергиясын өндіруде газбен жұмыс істейтін электр станцияларының үлесі 20 %-ды құрайды;
электр энергетикасындағы көмірқышқыл газының қалдықтары 2012 жылғы деңгейге дейін төмендейтін болады


Су ресурстарын басқару
Су ресурстарын басқару саласында су ресурстарының тапшылығын қысқарту бойынша мынадай шаралар мен тетіктер іске асырылуы тиіс:

  1. ауыл шаруашылығында суды үнемдеу;

  2. өнеркәсіпте суды пайдаланудың тиімділігін арттыру:

энергия тиімділігі жоғары технологиялар енгізу;

сарқынды суларды қайта пайдалану және айналымдық сумен жабдықтау;

өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін суды тарту және тазарту стандарттарын жоғарылату;


  1. коммуналдық шаруашылықта су пайдаланудың тиімділігін арттыру;

  2. су ресурстарының қолжетімділігі мен сенімділігін арттыру.

Бұдан басқа, су ресурстарын басқару саясатын жетілдіру талап етіледі:

1) барлық секторларда және барлық деңгейлерде суды пайдаланушылармен тиімді өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету үшін су ресурстарын ұлттық деңгейде және бассейндер деңгейінде басқару жүйесін жақсарту;

2) судың толық құнын көрсететін тарифтерді айқындау; су үнемдеуді қолдау үшін субсидиялар мен ынталандыруды қайта қарау.
Су ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

республика халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін қамтамасыз ету – 100 %;
ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20%-ына ауыл халқының орталықтандырылған су тартуға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
орталықтандырылған су бұруға қала халқының қолжетімділігін қамтамасыз ету – 100 %;
алаңы 1800 мың гектар суармалы жерлердің ирригациялық жүйелерін дамыту, реконструкциялау және қайта жаңғырту арқылы суармалы сумен қамтамасыз ету;
республика бойынша орташа суару нормасын 9180 текше метр /гектардан (м3/га) 8500 м3/га дейін азайту;
суармалы алаңдардың 5 % тамшылатып суару жүйелерін және суарудың басқа да су үнемдеуші технологияларын енгізу;
ирригациялық және дренаждық жүйелердің 30 %-ын қазіргі заманғы гидробекеттермен, суесептегіш құралдармен және технологиялық процесті автоматтандырылған басқару жүйесінің құралдарымен қамту


Түйінді бағыт: болашаққа инвестициялар
Адами ресурстардың дамуы елдің ұзақ мерзімді даму стратегиясының жоғарғы басымдығы ретінде айқындалады. Болашақтағы экономикалық пайда жұмыс күшінің сапасы мен өнімділігін елеулі түрде арттыратын білім беру, ғылым мен денсаулық сақтауға инвестициялар салумен тығыз байланысты.

Сондықтан келесі онжылдықта білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыруға ерекше мән берілетін болады. Халық санының, бірінші кезекте, оның табиғи өсімі мен ұтымды көші-қон саясатын жүргізу есебінен ұлғаюына зор көңіл бөлінеді.

Отбасылық қолайсыздық пен әлеуметтік жетімдіктің, қараусыз және қадағалаусыз қалудың, құқық бұзушылық пен қылмыстың профилактикасы мен алдын алу мәселелерін кешенді түрде шешуге бағытталған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігі артатын болады.

Мемлекеттік жастар саясаты бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруға бағытталады, олар қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңаруларға белсенді қатысады. Жас ұрпақпен өзара іс-қимыл жасаудың отансүйгіштік сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, белсенді қоғамдық ұстаным мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуетті дамытуға, жас таланттарды табуға және қолдауға бағытталған тиімді моделі әзірленетін болады.


Білім беру
2020 жылға қарай білім беру жүйесінің барлық деңгейлері – мектепке дейінгі білімнен жоғары білімге дейін түбегейлі жаңғыртылатын болады. Білім берудің әрбір деңгейінде білім алу, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті арттыру, адамның бүкіл өмір бойы тұрақты түрде жаңа білім мен дағдыларды алу мүмкіндіктері ұсынылады.

Мемлекет тұратын жеріне және отбасының табысына қарамастан, барлық балаларға мектепке дейінгі тәрбие беру және оқу мүмкіндіктерін ұсынатын болады.

Орта білім беру жүйесінде оқытудың 12 жылдық моделіне көшу жүзеге асырылады, ол он жыл ішінде жалпыға бірдей міндетті білім беруді және екі жыл ішінде бейінді білім беруді көздейді. Бұл ретте білім беру бағдарламаларының мазмұны өмірде және кәсіпте қажетті құзыреттерді дамытуға барынша назар аударылатындай қайта қаралатын болады.

«Назарбаев зияткерлік мектептері» жобасы орта білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал ететін түйінді жобалардың біріне айналады. Бұл мектептер балабақшалар мен мектеп алдындағы даярлық үшін оқу-тәрбие бағдарламаларын, сондай-ақ 12 жылдық оқытудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу және байқап көру жөніндегі бастапқы алаңдар болып табылады. Бұл бағдарламалар қазақстандық білім берудің озық дәстүрлері мен әлемдік педагогикалық тәжірибенің озық үлгісімен үйлесетін болады, физика-математикалық және химия-биологиялық бағыттағы пәндер бойынша бағдарлануды көздейді, тілдерді кеңінен зерделеуге ықпал ететін болады.

Білікті кадрларды даярлау елді индустрияландыру жөніндегі жоспарлармен байланыстырылатын болады. Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беруде заманауи еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін жүйеге көшу жүзеге асырылады, ал білім беру стандарттары ұлттық біліктілік жүйесі арқылы кәсіптік стандарттармен қалыптасатын болады.

Орта, техникалық, кәсіптік және жоғары білім беруде электрондық оқыту жүйесі (e-learning) енгізіледі.

Жоғары оқу орындарына корпоративтік менеджмент қағидаттары енгізіле отырып, академиялық еркіндік берілетін болады.

Астана қаласында әлемдік деңгейдегі беделді жоғары оқу орны – «Назарбаев Университетінің» құрылуы білім берудегі маңызды жобалардың бірі болып табылады. Бұл университет Қазақстанның ұлттық брендіне айналып, отандық инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлауда және қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыруда сапалы серпінді қамтамасыз етеді.

Университеттің құрамына кіретін әрбір мектептің (институттың) тиісті бейіндегі жетекші жоғары оқу орындары арасынан шетелдік академиялық әріптесі, білімді, ғылым мен өндірісті интеграциялауды қамтамасыз ететін мықты ғылыми және өндірістік базасы болады.

Университет бағдарламасының «Назарбаев зияткерлік мектептері» жобасының мектепке дейінгі және орта білім берудің оқу бағдарламаларымен сабақтастығы қамтамасыз етіледі.

Білім беру қызметтерінің сапасын арттыру білім беруді қаржыландыру жүйесін жақсартумен, үкіметтік емес, коммерциялық емес агенттіктерді енгізу есебінен білім беру жүйесінің инфрақұрылымын кеңейтумен, халықаралық стандарттар бойынша оқу орындарын аккредиттеудің тәуелсіз ұлттық жүйесін және тәуелсіз рейтингтерді құрумен, оқу орындарына бірлесіп басқару элементтерін енгізумен, оның ішінде осы процеске азаматтарды тартумен, білім беру сапасын бақылау тетіктерін жетілдірумен сүйемелденетін болады. Қомақты мемлекеттік қолдаудың арқасында ұстаз мамандығының беделі айтарлықтай артады.

Мемлекет денсаулығы бұзылған, тұрмыс төмен отбасылардағы және тәуекел топтарына жататын балалар үшін білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады.

Ғылым саласында қазіргі заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық инфрақұрылым құру есебінен ғылыми жетістіктермен алмасу үшін Қазақстанның тартымдылық деңгейін арттыру, ғылымды дамытудың басым бағыттарының шеңберінде әлемдік деңгеймен салыстыруға келетін ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу, сондай-ақ қолданбалы зерттеулердің экономикалық тұрғыдан қабылдануын ынталандыру және әлемдік ғылым мен технологияның перспективалық бағыттары бойынша инновациялық даму үшін әлеуетті жинақтау күтілуде.

Мемлекет біліктілігі жоғары ғылыми кадрлар даярлау жүйесінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері өндіріске енгізілетін болады.

Ғылыми қызметкерлер үшін, оның ішінде жастарды ғылымға тарту, ғылыми-техникалық қызметті және ғалым, инженер мамандығын көпшілікке танымал ету үшін материалдық және шығармашылық ынталандыру жүйесі құрылатын болады.


Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

мемлекет қалаларда да, ауылдық жерлерде де балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен толықтай қамту үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етілді

2015 жылға қарай

әрбір елді мекенде кем дегенде бір мектепке дейінгі ұйым бар немесе мектепке дейінгі тәрбиелеудің басқа нысандарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалды;
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту қызметтерін жеке жеткізушілерді дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасалды;
мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен 70 пайыздық қамтуды қамтамасыз ететін мемлекеттік және жеке меншік балабақша желісі дамыды;
өңірлердің ерекшеліктеріне байланысты мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың алуан түрлі модельдері жұмыс істеуде және дамуда


Орта білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

жалпы білім беретін мектеп білімді, жоғары өнегелі, сыншыл ойлайтын, денесі де, рухани жағынан да дамыған, өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа ұмтылатын азаматты қалыптастыруға ықпал ететін академиялық білім беріп, дағдыларды ұсынады;
қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушылары PISA, TIMSS, PIRLS сияқты халықаралық салыстырмалы зерттеулерде жоғары нәтижелерге жетеді

2015 жылға қарай

жалпы білім беретін мектептер оқытудың 12 жылдық моделі бойынша, орта білім берудің жаңартылған ұлттық стандарттары, оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жұмыс істейді;
орта мектептерді жан басына қаржыландыру тетігі енгізілді, мектептердің қамқоршылық кеңестері жұмыс істейді;
Қазақстанның барлық өңірлерінде «Назарбаев зияткерлік мектептері» жобасы шеңберінде 20 мектеп жұмыс істейді


Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірілген техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесі жұмыс істейді;
ішкі және сыртқы еңбек нарықтары танитын Ұлттық біліктілік жүйесі енгізілді;
жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары түлектерінің білімдері мен дағдыларының жоғары сапасын мойындайды

2015 жылға қарай

еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білім берудің стандарттары, оқу жоспарлары/бағдарламалары жаңартылды;
жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі салалық және өңірлік кеңестердің жұмысына қатысады;
жасына, білім деңгейіне және кәсіптік біліктілігіне қарамастан, бүкіл өмір бойы оқу үшін жағдайлар жасалды


Жоғары, жоғары оқу орнынан кейін білім беру және ғылым саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

Қазақстанның жоғары білім беру сапасы білім беру саласындағы әлемнің ең үздік тәжірибелеріне сәйкес келеді;
Қазақстанның кемінде екі ЖОО әлемдік үздік университеттер рейтингіне енгізілді;
отандық жоғары оқу орындарының түлектері жұмыс берушілер тарапынан сұранысқа ие болды;
әлемдік рейтингті ғылыми журналдардағы Қазақстан ғалымдары жарияланымдарының саны жылына кемінде 2000 құрайтын болады;
жалпы ішкі өнімнің ғылымға арналған шығыстарының үлесі кемінде 2 %-ға жетеді

2017 жылға қарай

Қазақстандық ғалымдардың ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы;
әлемдік стандарттарға сай біліктілігі жоғары ғылыми кадрлар даярлаудың тиімді жүйесі жұмыс істейді;
ғылыми зерттеулер көлемінде ғылыми-техникалық әзірлемелер үлесі 35-40%-ды құрайтын болады

2015 жылға қарай

Қазақстанның жоғары мектебі Болон процесінің негізгі параметрлеріне сәйкес тиімді әрі табысты жұмыс істейді;
жоғары білім беру жүйесі барлық деңгейлерде транспарентті, басқару мен қаржыландырудың қазіргі заманғы тетіктері енгізілді, сыбайлас жемқорлық деңгейі айтарлықтай азайтылды;
қазақстандық ЖОО-лардың 50 %-ы халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтеді;
университеттер жанындағы зерттеу орталықтары технологиялардың сәтті трансферті үшін тетіктер әзірледі;
«Назарбаев Университеті» біліктілігі жоғары мамандар мен жас ғалымдарды оқытып шығарады;
ғылыми қызметкерлер үшін материалдық және шығармашылық ынталандыру, жастарды ғылымға тарту, ғалымның беделін арттыру жүйесі құрылды


Денсаулық сақтау
Азаматтар өмірінің межеленген ұзақтығын арттыру мақсатында азаматтар денсаулығын нығайту саясаты жүргізілетін болады, бұл түпкі нәтижесінде бәсекеге қабілетті дені сау ұлттың қалыптасуына алып келеді. Медициналық қызметтер көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын енгізу, медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту, кадр әлеуетін дамытуды ынталандыру, балалар денсаулығын қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін енгізу, жеке медицинаны дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылданады.
Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

халықтың өмір сүруінің межеленген ұзақтығы 73 жасқа дейін өседі;
аналар өлімі 3 есе азаяды;
сәбилер өлімі 2 есе азаяды;
жалпы өлім 30 %-ға азаяды;
туберкулезбен ауыру 20 %-ға азаяды

2015 жылға қарай

халықтың өмір сүруінің межеленген ұзақтығы 71 жасқа дейін өседі;
аналар өлімі 2 есе азаяды;
сәбилер өлімі 1,5 есе азаяды;
жалпы өлім 15 %-ға азаяды;
туберкулезбен ауыру 15 %-ға азаяды

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру денсаулық сақтау жүйесінің бірінші кезекті міндеті болады. Бұл үшін мемлекеттік медициналық ұйымдарды басқару және денсаулық сақтау жүйесінде инвестициялық саясат жүргізу тәсілдері қайта қаралады, нәтижелерге бағдарланған медициналық қызметтерге ақы төлеу және қаржыландыру жүйесі енгізіледі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің сапалы әртүрлі жүйесі құрылады.

Саламатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидаты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың да, сондай-ақ халықтың күнделікті өмірінің де ажырамас бөлігі болады. Бұл темекі тарту, алкогольді шектен тыс пайдалану, стресс, дене қимылы белсенділігінің темен болуы және дұрыс тамақтанбау салдарынан ауруларға шалдығуды қысқартуға мүмкіндік береді. Адамның зиянды әдеттеріне қарсы күрестің тиімді құралдарының бірі елдегі бұқаралық дене шынықтыру-спорт қозғалысын дамыту болады.
Денсаулық сақтаудағы қаржыландыру және басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі стратегиялық мақсаттар


2020 жылға қарай

әлеуметтік бағдарлы алғашқы медициналық-санитариялық көмекті (бұдан әрі - МСАК) басым дамытуға негізделген, денсаулық сақтауды қаржыландырудың және медициналық қызметтерге ақы төлеудің тиімді жүйесі құрылды;
денсаулық сақтауды басқарудың халықаралық стандарттарға сай келетін жүйесі құрылды;
азаматтардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттырудың жаңа тетіктері енгізілді;

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде жеке медициналық қызмет көрсетушілердің үлесі 20% -дан кем болмайды



2015 жылға қарай

дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдау жүйесі енгізілді;
республика азаматтары үшін тұратын жеріне қарамастан, ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді алуда тең жағдайлар жасалды;

мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізіне меншік нысанына қарамастан, ТМККК қызметтерін көрсетушілерге қолайлы бәсекелес орта жасалды;
ТМККК қаражатын денсаулық сақтаудың мамандандырылған деңгейінен бастауыш буынына қайта бөлу тетіктері іске асырылды;
халықтың жеке бейресми төлемдерінің деңгейі төмендейді және қолданыстағы ТМККК жүйесімен қатар тең төлеу тетігі енгізілді;
денсаулық сақтауға салынған инвестициялардың тиімділігін бағалау жүйесі әзірленді;
тиімді тарифтік саясат енгізілді

2013 жылға қарай


Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптасты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет