«Қазақстан республикасының Қаржы қҰҚЫҒЫ»



бет6/6
Дата12.07.2016
өлшемі1 Mb.
#195508
1   2   3   4   5   6




11-тақырып. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері

Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру.

Жоспары:

Қазақстан Республикасының банк жүйесі.

Банк қызметін мемлекеттік реттеу.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары. Қазақстан Республиқасы Ұлттық банкінің ақшақорлары.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006


12 - тақырып. Мемлекетің ақша қорлары мен кірістерін құқықтық реттеу.

Бюджеттік құқық қаржылық құқықтың басты бөлімі ретінде

Салықтық құқық: пәні, әдістері, жүйесі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006






13- тақырып. Банктік қызметтің құқықтық негіздері.

Қаржылық-банктік құқық қаржылық құқықтық бөлімі ретінде

Қаржылық-сақтандыру құқығы қаржылық құқықтың бөлімі ретінде

Қаржылық-шаруашылық құқығы қаржылық құқықтың бөлімі

ретінде .

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011

2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996.

3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006







Семинар сабақтарына дайындалудың әдістемелік нұсқауы.

Семестрдің барысында семинар (практикалық) сабақтыра өткізіледі. Семинар ол оқу жұмысының белсенді формасы болып келеді, онда студенттердің өздік жұмыстарының нәтежиесі мен алған білмідері бекітіліп, бір – бірін жетілдіріп отырады.

Семинар сабағының мақсаты: студенттердің теориялық дәрежелерін жетілдіру, зерттеген тақырыпты терең түсіну, сонымен қоса теорияда алған білімдерін іс – жүзінде қолдана білу икемдерін арттыру. Семинар барысында студенттер өз ойларын тұйіңдеп, өз ойларын аудиторияға жеткізе білуіне үйренеді.

Семинар сабақтарының сапасы негізінен студенттің дайындық дәрежесіне негізделеді, сол себептен семинар сабақтарына дайындалуда ең алдымен арнайы және негізгі әдбиеттермен танысып алу қажетті. Семинар барысында студенттер әр сұрақты жан – жақты қарастырып, талдап, қорытындылайды. Студенттердің белсенділіктерін арттыру үшін, семинар сабағының жоспары бойынша құқықтық мәселерді шешіп, қарастырады.

Практикалық сабақтарының түрлерінің бірі, ол студенттерді тесттер арқылы тексеру (сұрақтары төменде келтірілген)

4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС/ЖОБА оқу жоспары бойынша қарастырылмаған.
5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Тапсырма:

1 Азамат Свиридов темір балқыту жұмысыңа түсті. Ай сайың оған алатың табысың 35000 тенге деп уәде берп, сол айлығың уақытымен алып отырды. Осы қатыңас қаржылық қатыңастар санатыңа жата ма? Осы айлық мөлшердегі ақша «қаржы» санатыңа жата ма?

2 ЖШС «Ромат» оған көрсетілген қызмет үшін ЖШС «Стройиндустрия» фирмасыңа 500 мың теңге аударды. Осы аударылған ақша қозғалысы мемлекеттің қаржы қызметіне жата ма?

3 Салық төлеуші жеке кәсіпкер Иванов салық сомасың Қазыңа Комитетіне Халық банкі арқылы төледі. Осы қатыңас мемлекеттің қаржы қызметіне жата ма?

4 Салық төлеуші жеке кәсіпкер Мосқаленко салық сомасың Қазыңа Комитетіне Халық банкі арқылы төледі. Осы қатыңас мемлекеттің қаржы қызметіне жата ма, және де егер жататың болса мемлекеттің қаржы қызметін жүргізудің қай әдісіне жатады?

Бақылау сұрақтары:

Мемлекетік қаржы мен жеке меншік қаржының айырмашылығы неде? Мемлекеттің қаржы қызметі қандай процестерден тұрады? Материалдық тұрғыда мемлекеттің қаржы жүйесі дегеніміз не? Мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу деп қандай әдістерді білесіздер?



Тапсырма 2:

1 Облыстық бюджет субвенция ретінде райондық бюджетке 1 миллион теңге қаржы-қаражат берді. Осы қатынас қаржы жүйесіне жата ма, жататын болса қандай бөлігіне жатады?



  1. Салық төлеуші фирма косымша құн салығын мемлекеттің кірісіне 350 мың теңге уақытымен аударды. Бұл қатынас қандай құқықтық реттеу әдісімен реттеліп отыр?

  2. ҚР қаржы құқығынан бақылау жұмысын жазғанда студент Марков төмендегідей сұрақтарға жауап берді:

Сіз қалай ойлайсыз мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу әдістері мен қаржы-құқықтық қатынастарды реттеу әдістері бір түрлі зат па, әлде әр түрлі зат па? Жауабы екеуі де бірдей. Осы жауап дұрыс па?

«Қаржы-қуқығы» және «Қаржы заңнамалары» - осы екі түсінік бірдей ме жоқ па? Жауабы бірдей емес. Осы жауап дұрыс па?

Әкімшілік-құқықтық және қаржы-құқықтық қатынастардың реттеу пәні бірдей ме, жоқ па? Жауабы екеуі де бірдей. Осы жауап дұрыс па?

Бақылау сұрақтары:


  1. Қаржы құқығыңыц пәні неде?

  2. ҚР қаржы құқығының жүйесі қанша бөлімнен тұрады, және қандай?

  3. ҚР қаржы құқығының қандай қайнар көздерін білесіздер, атап шығыңыз?

Әдебиеттер

  1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  2. Қаржы құқығы: Оқулық / Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  3. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.

Тапсырма 3:

1 10.03.2007 ж. азамат Киселев жеке кәсіпкер ретінде Тіркеуте тұрды. 15.03.2007 ж. Киселев жол транспорт оқиғасына түсті, емханада жатып тек қана 20.04.2007 ж. шықты. Үйінде ол тұрғылықты орныңдағы салық комитетінің хабарлама қағазын көріп салық комитетіне тез арада келіп кетуін сұрағанын білді. Келесі күні оған салық инспекторының қаулысын ұсыңды. Бұл қаулы бойынша оған салық органдарына тіркеуге тұрудың мерзімін бұзған ушін 5000 теңге салық санкциясының айыппұлы салынғанын аңғарды. Киселев бұл айыппұлды түгелімен төлеген.

Қалай ойлайсыз бұл жағдайда қаржы-құқықтық нормалар бұзылды ма? Заңды фактілерге анализ беріңіз.

2 Белгілі бір фирма декларацияда көрсетпей кеден шекарасынан кеден заңнамасымен белгілі бір шектеудегі товарларды өткізіп жіберді. Бұл жағдай қаржы полициясымен ашыла сала, олар осы фирманың басшысын ҚР ҚК-нің 209-бабымен анықталған «Экономикалық контрабанда» қылмысқа тартып қылмыстық істі сотқа шешім шығаруға жіберді.Сот сол фирманың басшысына 400 айлық есептік керсеткіште айыппұл салды.

Бұл жағдайда қаржы-құқықтық норманың қандай белгісі көрініс тапты?

Шығарылған шешімде қаржы-құқықтық норма санкцияларының қандай ерекшелігі көрініс тапты?

3 ҚР қарулы күштер қатарында қызметін атқарып келген Петров ЖШС «Трон» атты фирманы ашып тіркеуге тұрғызды. 4 күн өткеннен кейін ол Алматы қаласының салық органыңда тіркеуге тұрды. Ол осы кәсіпкерлікті жүргізу мақсатыңда «БТА» банкінен 4 млн. теңге мөлшерінде шұжық жасау тетігін сатып алу негізінде несие алды. Жасалған шарт бойынша банк осы жоғарыда аталған соманы тетік алу орнына аударды.

Бұл тетікті ала салысымен Петров кеден баждарын төлеп және мүлік салығын төлеп, осы шұжық жасау тетігін «НСК» сақтандыру компаниясыңда сақтандыру шартын жасасты. Осы қатынастардың барлығы қандай заңды фактілер негізінде жүргізілді?



Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржы-құқықтық нормалардың қандай белгілерін білесіз?

  2. Қаржы-құқықтық норма санкцияларының қандай көзге көрінер белгілерін білесіз?

  3. Қаржы-құқықтық нормалар қандай элементтерден тұрады?

Әдебиеттер:

  1. Қаржы құқығы. Практикум.. Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  2. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  3. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.

Тапсырма 4 :

1 Бақылау жұмысыңда студент Комаров нақты қаржы басқару органдарына мыналарды жатқызды:



  • ҚР Үкіметі

  • ҚР Парламенті:

  • Қаржы полициясы қызметін;

  • ҚМ-ның республикалық бюджетін орыңдаудағы бақылау жүргізетін Есеп Комитетін;

  • аудандық салық комитеттерін;

  • мемлекеттік кәсіпорыңдар мен мекемелердің қаржы бөлімдерін;

  • ҚР қаржы министрлігін;

  • ҚР Ұлттық банкін;

  • Коммерциялық ұйымдардың есеп бөлімдерін.

Студент Комаровтың ұйғарымы дұрыс па, анализ жасаңыз, өз пікіріңізді айтыңыз?

2 Тәжірибе сабағында студент Родин ҚР банктік жүйесінің кұрамына нелер кіреді деген сұрақтарға былай жауап берді:



  • ҚР Ұлттық банкі;

  • Үй құрылыс жинақ банкі;

  • Қазақстанның даму банкі:

  • Коммерциялық банктер;

  • ҚР зейнеткер қорлары.

Сіз қалай ойлайсыз жауабы дұрыс па? Сіз қалай жауап берер едіңіз?

3 ҚР Ұлттық банкі жаңа ақша белгілерінің шыққаны туралы ақпарат берді. Ұлттық банктің Қарағанды облысы бойынша бөлімі тұрғындарға былай деп хабарлады. Бұл тек қана облыс тұрғыңдарына үш күн арасыңда белгілі бір соманы ғана айырбастап алуға болады деп. Осының нәтижесінде көп тұрғыңдар және жеке кәсіпкерлер өз ақшаларын айырбастап үлгере алмай қалды. Ұлттық банктің Қарағанды облысы бойынша бөлімінің бұл жұмысына құқықтық баға беріңіз. Жеке кәсіпкерлердің және тұрғыңдардың мүлігін құқықтық корғауға қандай мүмкіншіліктер бар?



Бақылау сұрақтары:

  1. Ақша нысандары (түрлері), олар қандай болады?

  2. Мемлекеттің ақша жүйесінің элементерш атаңыз.

  3. ҚР-ның ақша жүйесі қашан құрылды?

Әдебиеттер:

1 Қаржы құқығы. Практикум.. Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

2 Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

3 Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.



Тапсырма 5 .

1 ҚР ҚМ-нің республиқалық бюджеттің орыңдалуын бақылайтын Есеп Комитетінің ҚР-ның өкілетті органдар қатарына жағып, мемлекеттің қаржы қызметін Үкімет атынан жүргізетін орган деп студент Туленов жауап берді.

Туленовтң осы жауабымен келісесіз бе? Келіспесеңіз қай жерде қателіктер бар?

2 Салық Комитетінің инспекторы Мурзин салық салу негізіндегі кұжаттарды уақытыңда тапсырмағаны үшін «Маяк» ЖШС-ннің, бірінші тоқсан бойы банктік шотын тоқтатып қойды.


«Маяк» ЖШС-нң өтініші бойынша «ЦентрКредитБанк» наурыз айыңда біршама есеп операцияларын жүргізіп үлгерді. Аудан салық комитетінің басшысы Петрова осы ЖШС-нің басшысына, бас бухгалтеріне және банк басқарушысына әрбіреуіне 20 АЕК ретінде айыппұл салған.

Осы жағдайға заңды талдау жасаңыз.

3 Қаржы бақылауының әдістерін атау керек деген сұраққа студент қаржы кұқығы сабағыңда былай жауап берді:


  • Қадағалау;

  • Әңгімелесу;

  • ревизия;

  • құжаттық тексеру;

  • тексеру;

  • фактілік қадағалау;

  • нақты анықтау.

Михайловтың жауабына талдау жасаңыз, өз пікіріңізді айтыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қаржы саласындағы басқарудың анықтамасы.

  2. ҚР қаржы министрлігінің қаржы саласындағы құзіретін айтыңыз?

  3. Жоспарлау дегеніміз не?

Әдебиеттер:

  1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  2. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006.

  3. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін.



Білімалушыладың оқытушымен орындайтын өздік жұмыстарын (жеке дара өздік жұмыстарын) тиімді ұйымдастыру үшін нұсқамалар

Өткен материалды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалдың толық және тереңірек пысықталуы, өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындаған кезде жеңілдік туғызады. Алғашқы сабақтан бастап, өткен дәріс материалдарымен жүйелі түрде жұмыс жасау, келесі дәрістердің материалдарын түсіну үшін және практикалық және лабораториялық сабақтардың материалдарын игеруге қажетті талаптар болып табылады.

Материалды пысықтауға кірісу кезінде қажет:



  • дәрістердің конспектісі болуы;

  • курс бағдарламасының болуы;

  • ұсынылған әдебиеттердің болуы (оқулық, оқу құралы, есептер жинағы), қажетті жағдайда керекті құралдардың, материалдардың және құрылғылардың болуы;

Жұмыс әдісі:

  • дәріс материалдарын мақсатты түрде пысықтау;

  • конспектпен жұмыс жасау барысында әдебиеттерге сілтеме жасау тиімді болады (бұл емтиханға дайындалған кезде қажет болады) және қеректі толықтырулар, ал қажет жағдайда өзгерістер енгізу тиімді болады;

  • тақырыппен жұмыс жасау, материалды толық түсінгенге және есте сақтағанға дейін жалғасуы тиіс;

  • тақырыппен жұмыс жасау, оқулықтарда және оқу құралдарында келтірілген мысалдар мен есептерді талықлаумен және оларды шешудің әдістерін толық игергеннен кейін аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар туындаса, оларды оқытушымен келесі дәрісте талқылау қажет.

Студенттердің өздік жұмыстарының орындалуының әдістемелік нүсқауы

Жоғарғы оқу орындарында мамандарды даярлауда студенттер алдына негізгі екі міндет қояды:

өз мамандығы бойынша қазіргі кездегі ғылыми және практикалық білімдермен икемділіктерге ие болу;

өзі жеке басымен ойлануға, ғылыми және өңдірістік мәселелерді шешу және талдау қабілетіне ие болу.

Өздік жұмыстарын орындау алдында ең алдымен еңбек құқығының жалпы және ерекше бөлімдерін, нормативті – құқықтық актілермен, негізгі әдебиеттермен танысып, зерттеп алыңыздар. Негізгі теориялық мәселені бөліп, талдап алыңыз, практика материалдарымен бекітіп алыңыздар. Еңбек құқығы саласындағы практикамен қалалық, аудандық кәсіподақ ұйымдарында, кадр бөлімдерінде танысып, алуға болады.

Өздік жұмысын орындауда қиындықтар кездесетін болса, оқытуша жолығып, кеңес алыңыздар. Өздік жұмысты орындаған кезде зерттеген әдебиеттерде кездескен ой – пікірлерге, өз көзқарасыңызды білдіруге қажет. Қойылған мәселені түсінбеу, монографиялар, мақалалардан, әдебиеттерден механикалық тұрғыда көшіріп алу жұмыстын сапасзыдығына әкеліп срқтырады. Ал ол баға қою саясатына әсерін тигізу мүмкін. Өздік жұмыстар орындалу барысында логикалық тұрғыда жазылып, пайдаланылаған әдебиеттер тізімі көрсетілуі қажет.



Студенттің өздік жұмысы студенттердің терең ойлап, өзі меңгеріп жатқан пәндер саласында әр түрлі мәселелерді көтеріп қана қоймай, оны шеше алу қабілеттерінің жетілуіне ықпалын тигізеді. Өздік жұмысты орындау барысында студент ізденеді, ойланады, өзіндік пікірін қалыптастыруда әр түрлі тәсілдерді таңдап алады. Сондықтан өздік жұмысты жүргізуде бірнеше нысандарды таңдап алуға болады. Олар: баяндама, реферат, кроссворд, сканворд , ғылыми мақалаларға сарапнама беру т.с.с. Өздік жұмыс арқылы студент оқылып жатқан пәндердегі айтылмай кеткен немесе көлеңкеде қалып қойған мәселелерге жауап таба алады, өзінің теориялық білімін шыңдайды және ғылыми ізденіске жол ашады.

Студенттің өздік жұмысы оқушының өздік жұмысымен салыстырғанда әлдеқайда көш ілгері болуы керек.

Өздік жұмыстарға қойылатын талаптар:

  • Жазбаша баяндамалар сауатты, ұғынықты түрде, тақырыпты аша отырып жазылуы тиіс. Баяндама арқылы студент бір сұраққа немесе бір мәселенің ашылуын қамтамасыз етеді.

  • Реферат қойылған талаптарға жауап бере отырып жазылуы керек Ол көлемі, пайдаланған әдебиеттер тізімі, жоспары, кіріспе және қорытынды сияқты бөлімдері арқылы баяндамадан өзгешеленеді. Реферат студенттің қай курста оқитындығына да қатысты жазылады. Себебі бірінші курс пен жоғарғы курстың студенттерінің жазған рефераттарының арасында айырмашылық болады, яғни олардың көтеріп отырған мәселе ауқымында. Рефератты жазу барысында студент жетекшімен ақылдасып отыруы қажет. Жетекші болып курстың оқытушысы табылады. Реферат көлемі 10-15 парақ, бір интервалмен немесе әр жолы 28 – 29- дан кем болмауы шарт. Рефераттың міндетті түрде жоспары болуы шарт. Жоспар кіріспеден басталады. Кіріспеде студент тақырыптың өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін келтірсе, қорытындыда өз тұжырымын беруге тырысуы қажет. Әр бөлім тақырыпшасы қайтадан жазыла отырып, ашылуы қажет. Пайдаланылған әдебиет көлемі 3 -10 – дай болуы қажет.

Реферат - ғылыми жұмыстың алғашқы баспалдағы болып саналады, сондықтан студент рефератты тек механикалық тұрғыда көшіру арқылы ғана емес, ғылыми ойлау қабілетін көрсете отырып жазады.

  • Кроссворд, сканвордтар 30 сұрақтан кем болмауы керек. Оны құрастыруда қателердің кетпеуін, яғни сааутты құрастырылғандығына көз жеткізіп алыңыз. Сұрақтар дұрыс жауабымен өткізіледі.

  • Ғылыми мақаланы студент басқа мақалалардан ажырата білуі керек. Алдыменен таңдап алынған мақалаға тақырыпқа сай болуы шарт, екінші кезекпен мақалаға талдау жасалады, яғни талқыланады, содан кейін мақалаға қатысты студент өз пікірін білдіреді.

  • Сұрақ – жауап (әлеуметтік сауал) жүргізу. Сауал жүргізу тақырып бойынша көтерілген мәселелерді дәлелдеуге бағытталады. Сауал міндетті түрде қорытындыланады, яғни пайыздық немесе сандық көрсеткіштер арқылы беріледі.

Өздік жұмыстың қай нысанын орындасаңыз да оны қорғау қажет болады. Қорғауға сізге 2 – 3 минөт уақыт берідеді, сондықтан сіз өз жұмысыңыз туралы тек мағлұмат қана бересіз.

Ескерту: Ұсынылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер тізімі әрекеттегі заңдылықтар есебімен өзгеруі мүмкін (силлабусты қараңыз).

Білімалушылардың өздік жұмыстарының тақырыптары
1 рубежді бақылау – пікір - талас

2 рубежді бақылау – дөңгелек үстел.
Өздік жұмыстарын орындау талаптары:
Өздік жұмысын жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.

         Берілген жұмыс түрі студенттің білімін аралық немесе қорытынды бағалау, үшін оқытушының жеке сұрағына немесе тапсырмасына жазбаша жауап.



         Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады.
ТАҚЫРЫПТАР:




Тапсырма

Дайындық формасы

балл

Тапсыру

мерзімі

1.

  1. Валюталық реттеудің құқықтық негіздері.

  2. Валюталық реттеудің құқықтық ұғымы.

  3. Валюталық жүйе.

  4. Валюталық реттеудің органдары және олардың құзыреттері.

  5. Валюталық реттеудің әдістері.

  6. Валюталық операциялар ұғымы.

  7. Валюталық операциялардың түрлері және валюталық операцияларды жүргізу ережелері.

Пікір-талас

3-5

6 апта .

2.

  1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

  2. Бюджеттің кірістері.

  3. Бюджеттің шығыстары.

  4. Бюджеттің қоры.

  5. Бюджеттің түсінігі.




Дөңгелек үстел

3-5

14 апта .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет