Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы


Халықаралық стандарттарды ескере отырып банк заңнамасын жетiлдiру



бет5/7
Дата17.06.2016
өлшемі338.5 Kb.
#142033
1   2   3   4   5   6   7
4. Халықаралық стандарттарды ескере отырып банк заңнамасын жетiлдiру
      Қазақстанның банк секторын реттеудi халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында Қазақстанның банк жүйесiнiң Банктiк қадағалау жөнiндегi Базель комитетiнiң "Капитал есебiнiң және капитал стандарттарының халықаралық конвергенциясы" (International Convergence of Capital Measurment and Capital Standars) (Базель II) капитал барабарлығының жаңа келiсiмiне көшуiн жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады. Орта мерзiмдi перспективада Базель II көшудi аяқтау жөнiндегi жұмыс жүргiзiлетiн болады, ол бiрқатар шараларды жүзеге асыруды ұйғарады, атап айтқанда:
      1) Агенттiктiң Базель II көшу кестесiн Базель II енгiзу жөнiндегi Топтың (Accord Implementation Group) өкiлдерiмен келiсу;
      2) Базель II қағидаттарымен кеңiнен танысу және оларды көбiнен түсiну мақсатында Агенттiктiң ресми сайтында оның мәтiнiнiң орыс тiлiндегi нұсқасын орналастыру;
      3) елдердiң қадағалау органдарына олардың Базель II көшу ойлары мен шарттары туралы тиiстi сұрау салулар жiберу;
      4) отандық банктердiң орталықтандырылған рейтингтер әдiсiн пайдалану орындылығын қарастыру;
      Бұдан басқа, банктердiң қызметiне қойылатын талаптарды арттыру, халықаралық практиканы ескере отырып екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылатын болады.
      5. Қадағалау ақпаратымен алмасу үшiн шетелдiк мемлекеттердiң қадағалау органдарымен өзара iс-әрекет жасасу
      Халықаралық стандарттарды ескере отырып, банк заңнамасын әсiресе Қазақстанның банк жүйесiнiң Базель II көшуiн жүзеге асыру бөлiгiнде жетiлдiру жөнiндегi шаралар шеңберiнде елдердiң Қазақстанда қаржы ұйымдарының еншiлес қаржы ұйымдары бар барлық реттеу органдарымен (АҚШ, Нидерланды) және тиiсiнше Қазақстанның қаржы ұйымдарының еншiлес ұйымдары мен филиалдары бар елдермен ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы меморандумдарды жасасу жөнiндегi жұмыстарды жеделдету, сондай-ақ Қазақстанда еншiлес банктерi бар бас банктердiң (атап айтқанда, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания) қадағалау органдарымен бас банктердiң Базель II ережелерiн қолдануда өзара iс-әрекет стратегиясын әзiрлеу, оның iшiнде техникалық ынтымақтастық саласында шет елдердiң қадағалау органдарымен қарым-қатынастарды орнату ұйғарылады.
      6. Депозиттердi мiндеттi кепiлдендiру жүйесiн дамытуды жетiлдiру 
      Қазақстандық депозиттердi кепiлдендiру жүйесiнiң (бұдан әрi - Жүйе) үздiк халықаралық практикаға сәйкес келуi мақсатында мынадай негiзгi шараларды жүзеге асыру қажет:
      үздiк әлемдiк тәжiрибенi және Халықаралық депозиттердi сақтандыру жүйелерi қауымдастығының (IАВI) ұсынымдарын ескере отырып, Жүйенi одан әрi жетiлдiру;
      2007 жылдан бастап Жүйеге қатысушы банктер үшiн мiндеттi күнтiзбелiк жарналардың әртараптандырылған ставкаларын енгiзу;
      мәжбүрлеп таратылған банктiң мiндеттемелерi мен мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң екiншi банкке (банктерге) бiр уақытта берiлуi жөнiндегi операцияларды жүргiзу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеуге қатысу.
      7. Елдiң банк секторының сыртқы қарыз алуын басқару тиiмдiлiгiн арттыру
      Ағымдағы жылы қабылданған халықаралық қаржы ұйымдарының ұсынымдарын ескере отырып, халықаралық практиканы зерделеуге негiзделген банктердiң сыртқы қарыз алуын шектеу жөнiндегi шараларды, перспективада, қалыптасқан жағдай шеңберiнде және көрсетiлген шаралардың банк секторының сыртқы қарыз алу көлемiне әсер етуiн назарға ала отырып, қажет болған кезде банктердiң қызметiн пруденциялық реттеудi жетiлдiру шеңберiнде осы бағыттағы жекелеген нормативтер мен лимиттердi қайта қарау мүмкiн.
      8. Қаржы статистикасын жетiлдiру
      Экономиканың қаржы секторының ұзақ мерзiмдi кредит беру статистикасының жоқтығы банк жүйесiнiң өнеркәсiптiң негiзгi құралдарын құру және жаңғыртуға инвестициялық кредит беруiн тиiсiнше бағалауды жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi.

      4.1.2. Банктiк емес ұйымдардың секторы



      Мақсаты мен мiндетi
      Қазақстан Республикасында да, шет елдерде де банктiк емес ұйымдарды дамыту мен олардың қызметiнiң негiзгi мақсаты халықты, шағын және орта кәсiпкерлердi кредиттiк ресурстармен қамтамасыз ету осы ұйымдардың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығының деңгейiн арттыру болып табылады.
      Банктiк емес ұйымдар қаржылық қызметтер нарығындағы екiншi деңгейдегi банктер жасауы мүмкiн ақауларды толтыруға ықпал етуге тиiс.
      Ағымдағы жағдай
      Банктiк емес ұйымдардың секторын одан әрi жетiлдiрудi қамтамасыз етуде қаржы жүйесiн елеулi тәуекелдерден, ал халықты - бір жағынан қағидатсыз iс-әрекеттерден қорғау, екiншi жағынан - инновацияны дамыту және кәсiпкерлiктi дамыту үшiн кедергiлердi жеңу арасында балансқа қол жеткiзу қажеттiлiгi маңызды рөл ойнайды.
      Негiзгi шаралар
      1. Ипотекалық ұйымдар қызметiн реттеудiң заңнамалық және нормативтiк базасын одан әрi жетiлдiру
      Ипотекалық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тәуекелдерiн ырықтандыру мақсатында оларды Базель комитетiнiң банктiк қадағалау жөнiндегi ұсынымдары мен Еуродирективаларға сәйкес пруденциалдық реттеу көзделген.
      3 жылға есептелген олардың мөлшерiн кредит ұйымдары үшiн 2000 жылғы 20 наурыздағы 2000/12/EC директивасымен көзделген 2009 жылдың 1 қаңтарына 800 млн. теңгеге дейiн жеткiзе отырып, ипотекалық ұйымдардың жарғылық және жеке меншік капиталын арттыруды жүзеге асыру ұйғарылады. Бұл түпкiлiктi сатыда ипотекалық нарықта төмен капиталдандырылған ипотекалық ұйымдардың қатысу болжамын жоюға мүмкiндiк бередi.
      Перспективада ипотекалық ұйымдар қызметiнiң нәтижелерiн талдау негiзiнде, оларды тиiмдi қалыптасуы мен жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау мақсатында реттеушi төрелiк пен бәсекелестiктегi кедергiлердi болдырмауға негiзделген ипотекалық ұйымдардың қызметiн реттеудiң заңнамалық және нормативтiк базасын жетiлдiру ұйғарылады.
      Бұдан басқа, ипотекалық компаниялардың тәуекел-менеджментi жүйесiн жетiлдiру мәселелерiне көңiл бөлiнетiн болады.
      2. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге құқықты ұйымдардың тiзбесi бойынша шектеулердi енгiзу
      "Қазақстан Республикасында банктер мен банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында банктiк қарыз операцияларын жүзеге асыруға, оның iшiнде ипотекалық қарыздар беруге құқықты ұйымдардың (банктер, ипотекалық ұйымдар, брокерлер және (немесе) жалғыз акционерi (қатысушысы) мемлекет болып табылатын атаулы ұстаушы және заңды тұлға ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар дилерлер).
      Бұл  ретте  мемлекеттiк  даму  институттарын  қоспағанда,  барлық көрсетiлген ұйымдар үшiн олардың қызмет ерекшелiгiн ескере отырып пруденциалдық реттеу көзделдi. Мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде құрылған мемлекеттiк даму институттары үшін пруденциялық реттеу көзделмеген, өйткенi нормативтiк реттеудi енгiзу осы бағдарламаларды іске асыруға кедергі келтiруi мүмкiн.
      Пруденциялық реттеу көзделген және осы реттеу көзделмеген ұйымдардың қаржы қызметтерiнiң бiр нарығында қызметi бiрiншiсiн теңсiздiк жағдайына қояды. Бұдан басқа, ипотекалық кредит беру нарығының, атап айтқанда қарыз алушының төлем қабілетсiздiгiне және жылжымайтын мүлiк нарығында, атап айтқанда тұрғын үй нарығында бағаның мүмкiн күрт ауытқуларына байланысты жоғары тәуекелдер тән ерекшелiгiн ескеру қажет.
      Осыған байланысты, заңнамалық деңгейде екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық ұйымдарды енгiзе отырып, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге құқықты ұйымдардың тiзбесiн шектеген жөн.
      3. Жылжымайтын мүлiкпен жасалатын алыпсатарлық мәмiлелердiң көлемiн тежеу жүйесiн енгiзу
      Жылжымайтын мүлiк нарығының дамуын талдау Қазақстанда коммерциялық (офистер, қоймалар) және тұрғын үй жылжымайтын мүлiктiң түрлi секторларына салымдар бойынша кiрiстiлiк орташа есеппен алғанда жылдық 12-16%-ды құрайтындығын куәландырып отыр, ол банк салымдары бойынша кiрiстiлiктен асып түседi. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда жеке тұлғалардың мерзiмдi салымдары бойынша орташа өлшемдi пайыздық ставка соңғы 2 жылда тұрғын үйге бағаның өсуi жылына 48%-ды құрағандығына қарамастан, теңгемен жылдық 9,4%-ды шетел валютасымен 5,9%-ды құрайды.
      Бұдан басқа, жылжымайтын мүлiктi жалға беру кiрiстiлiгiн талдауды жүргiзу кезiнде республикада алыпсатарлықтың негiзгi объектiсi құны 50 мың АҚШ долларынан асатын жылжымайтын мүлiк болып табылатындығы анықталды, ол жалға берушiге орташа алғанда жылдық 17,2% кiрiстi қамтамасыз етедi.
      Мұндай ахуал тұрғын үй нарығында сақталып отырған бағаның өсу үрдiсiмен қатар кейiннен сату және құнының өсуiнен кiрiс алу мақсатында тұрғын үйді сатып алуға мүдделiктi ынталандырады. Тұрғын үйге сұраныс пен ұсыныс арасында тепе-теңдiктiң болмауы, тұрғын үйдi сатып алу-сатумен айналысатын делдал ұйымдардың көптiгi, делдал және құрылыс компанияларының қызметiне қатаң мемлекеттiк бақылаудың болмауы және т.б. сияқты факторлармен қатар тұрғын үй алыпсатарлығы "сабынды көпiршiк" қаупiн және тұрғын үйге бағаның "құлау" қауiптілiгiн тудырады, ол ипотекалық кредиттер бойынша кепiл құнын төмендету мағынасында қаржы ұйымдары үшiн шынайы қауiптiлiктi бiлдiредi.
      Тұрғын үймен алыпсатарлық мәмiлелердi жасауды азайту мақсатында мынадай шараларды енгiзу орындылығы қарастырылатын болады:
      1) қосымша тұрғын үй сатып алушылар үшiн қосымша бiржолғы салық және/немесе мұндай салыққа жоғары салық салу;
      2) сатып алғаннан кейiн екi-үш жылдың iшiнде тұрғын үй сатушылар үшiн салық салуды (оның iшiнде капиталдың өсiмiнен) қатаңдандыру.

      4.2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары



      Мақсаты мен мiндетi
      Орта мерзiмдi перспективада жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
      жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бәсекелестiктi дамыту;
      Қазақстанның бүкiл халқы үшiн зейнетақы қызметтерiнiң қол жетiмдiлiгi мен сапасын арттыру;
      жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялау жөнiндегi мүмкiндiктерiн арттыру;
      зейнетақы жинақтауларының сақталуын қамтамасыз ету және зейнетақы, төлемдерi мен аударымдары жүйесiнiң салымшылары мен алушыларының құқықтарын қорғау жөнiндегi тетiктердi одан әрi жетiлдiру;
      мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жүйесiнiң жұмыс істеу тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
      Ағымдағы жағдай
      Қазiргi уақытта зейнетақы қорлары iшкi бағалы қағаздар нарығындағы аса iрi институционалдық инвесторлардың бiрiне айналды. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының қор нарығында тартымды, сонымен бiрге сенiмдi әрi өтiмдi бағалы қағаздардың тапшылығы аясында зейнетақы активтерi инвестициялануы мүмкiн бағалы қағаздардың кiрiстiлiгiн азайту жөнiндегi орнықты үрдiс байқалды.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1359 қаулысымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес салымшылардың әрқилы топтары үшiн бiр-бiрiнен инвестициялық портфельдi әртараптандыру дәрежесiмен, кiрiстiлiгiмен және инвестициялық тәуекел дәрежесiмен ерекшеленетiн зейнетақы жоспарларын енгiзу көзделген. Осыған байланысты таңдап алынған инвестициялық стратегияның сипатына негiзделе отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi портфелiндегi қаржы құралдарының тiзбесiне қойылатын талаптарды белгiлеу қажет.
      Бiр-бiрiнен инвестициялық портфельдi әртараптандыру дәрежесiмен ерекшеленетiн зейнетақы жоспарларын енгiзу шеңберiнде зейнетақы активтерiнiң бiр бөлiгiн басқару үшiн резидент еместердi тарту мүмкiндiгiн қарау, портфельдi мұндай басқарушылар үшiн ең төменгi қажеттi рейтингтi белгiлеу жоспарланып отыр.
      Негiзгi шаралар
      1. ЖЗҚ қызметiн бағалауды енгiзу жолымен бәсекелестiктi ынталандыру
      Қазiргi уақытта жинақтаушы зейнетақы қорының орташа өлшемдi атаулы кiрiстiлiгiнiң көрсеткiшiн қоспағанда, қорды таңдау үшiн нақты бағдарға зейнетақы қорларының сомасы және салымшылардың саны жоқ. Портфель тәуекелiн бағалау мүмкiндiгiн беретiн көрсеткiштер жүйесiн әзiрлеудiң негiздi қажеттiлiгі бар. Бiр-бiрiнен инвестициялық портфельдi ырықтандыру деңгейiмен, салымшылардың түрлi топтары үшiн инвестициялық тәуекел кiрiстiлiгiмен және деңгейiмен ерекшеленетiн зейнетақы қорлары инвестициялық портфельдерiнiң сапасын қолдау мақсатында салымшылар үшiн зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiнiң көрсеткiштерiн жүйесiн жетiлдiру мүмкiндiгiн, сондай-ақ салымшының инвестициялық портфельдердiң түрлi нұсқаларын таңдау мүмкiндiктерiн кеңейту мәселесiн қарау ұйғарылады.
      Бұдан басқа, инвестициялар портфелiнiң кiрiстiлiгi мен тәуекелi негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн көрсететiн көрсеткiштердi енгiзу.
      2. Қаржы құралдарының, оның iшiнде зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн валюталық және өзге тәуекелдердi хеджерлеу жөнiндегi спектрiн кеңейту және бағалы қағаздар нарығында өтiмдiлiктi арттыру үшiн ынталандырулар жасау
      Қаржы құралдарының, оның iшiнде зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн валюталық және өзге тәуекелдердi хеджерлеу жөнiндегi спектрiн кеңейту және бағалы қағаздар нарығында өтiмдiлiктi арттыру үшiн ынталандырулар жасау өзектi мәселе болып қалып отыр. Осыған байланысты Yкiметтiң кепiлдерi және/немесе кепiлдемелерi негiзiнде басым жобаларды, секьюрителендiру мәмiлелерiнiң негiзiнде басым жобаларды қаржыландыру үшiн ЖЗҚ активтерiн пайдалану, сондай-ақ қорлардың активтерiн хеджерлеу экономикалық дамудың басым бағыттарына да, зейнетақы активтерiнiң сапасын арттыруға да сәйкес келетiн болады. Алайда осы мiндеттердi шешу үшiн осы өнiмдердi бағалау мен есепке алудың әдiстемесi жөнiндегi нормативтiк реттеудi, активтердi қаржы құралдарының көрсетiлген түрлерiне инвестициялаудың және оларды iс жүзiнде қолданудың практикалық тетiгі жөнiндегi әдiснамалық аспектiлердi әзiрлеу қажет.
      3. Халықты қамтуды кеңейту, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау деңгейiн арттыру мақсатында жинақтау жүйесiнде қатысу үшiн ынталандыру жасау
      Әлеуметтiк шаралар ретiнде кезектi көлеңкелi жұмыспен қамтуды қысқарту мақсатында жауапкершiлiктi мемлекет, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер арасында ұтымды бөлудi ұйғаратын, формалды секторда - жұмыспен қамтамасыз ету уәждемесiн ынталандыратын әлеуметтiк қамсыздандырудың үш сатылы жүйесiн қалыптастыру жоспарланып отыр.
      Сондай-ақ нашарлап бара жатқан демографиялық жағдайда зейнетақы жасындағы азаматтарды толық әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi мiндеттемелердiң бiр бөлiгiн мемлекеттен және салық төлеушiден алып тастау мақсатында өз пайдасына да, үшiншi тұлғалардың пайдасына да ерiктi зейнетақы жарналарының салымшылары үшiн барынша қолайлы жағдай жасай отырып, кәсiптердiң шектелген тiзбесi бойынша ғана емес, барлық жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiнiң пайдасына ерiктi және ерiктi кәсiби зейнетақы жарналарын төлеу шарттарын беруiн қарау қажет. Ерiктi және ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары жүйесiнiң тартымдылығын арттыру мақсатында жинақтау мерзiмдерi бойынша ерiктi және ерiктi кәсiби зейнетақы жарналарын төлеудi жеңiлдiктеу мәселесiн қарау қажет.
      Халықты, әсiресе өмiрi үшiн жоғары тәуекел деңгейi бар өнеркәсiп салаларында жұмыс iстейтiн қызметкерлерге қатысты әлеуметтiк қорғау деңгейiн арттыру мақсатында мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарын енгiзу мүмкiндiгiн қарау ұйғарылып отыр.
      Халықты хабардар етудiң, сондай-ақ салымшылар үшiн зейнетақы қорлары қызметiнiң айқындылығы деңгейiн арттыру саласында ЖЗҚ инвестициялық декларацияларын және оларды орындау нәтижелерiн жариялау жөнiндегi талаптарды енгiзу орынды.
      4. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесiне төлемдердi оңтайландыру және мiндеттi зейнетақы жарналары жөнiндегi агенттердiң берешегiн азайту
      Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығының (МЗТО) негiзiнде бiрыңғай есепке алу орталығын құру жолымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп жүзеге асырылады. 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап мiндеттi зейнетақы жарналарын, оның iшiнде берешектi аудару МЗТО тiкелей жүргiзiледi. МЗТО мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақылық қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiне сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде төлемдердi оңтайландыру салымшыға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшiн жинақтаушы зейнетақы қорын дербес iрiктеу құқығын iске асыруға; салымшының, жұмыс берушi мен зейнетақы жүйесi кәсiби қатысушыларының жалпы шығындарын азайта отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесiне ақпараттық және қаржы ағындарының өтуiн оңтайландыруға мүмкiндiк бередi; түрлi жинақтаушы зейнетақы қорларында ашылған жеке зейнетақы шоттарының қайталануын болдырмау үшiн жағдай жасау; мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен соңғы шарт жасалған қорға салымшының зейнетақы жинақтауларын автоматты түрде аударуға мүмкiндiк бередi; мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агенттердiң мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасын аудару рәсiмiн жеңiлдету.
      Зейнетақы шартын жасасу, жинақтауларды аудару және төлеу жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде салымшының электрондық бiрегейлендiруiн жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологиялар негiзiнде халыққа қызмет көрсетудiң электрондық жүйесiне кезең-кезеңмен көшу жоспарланып отыр (пилоттық жобалар түрiнде электрондық карточкаларды енгiзу).
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорларын және зейнетақы активтерiнiң құрамына енетiн құралдардың тәуекелiне байланысты зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды капиталдандыруды арттыру, сондай-ақ тәуекелдердi басқару жүйелерiн енгiзу
      Құралдардың тәуекелi мен кiрiстілiгiн салыстыру негiзiнде зейнетақы активтерiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру және инвестициялық портфельдi қалыптастыру мақсатында зейнетақы активтерiнiң есебiнен инвестициялық объектiлердi iрiктеу өлшемдерi ретiнде бағалы қағаз эмитентiнде немесе бағалы қағаздың өзiнде ең аз рейтингтiк бағалаудың болуын пайдалану мүмкiндiгiн қарау және Қазақстан Республикасының немесе шетелдiк мемлекеттiң ұйымдастырылған нарығында мiндеттi айналдыру ұйғарылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорларының және басқарушы компаниялардың инвестициялық портфельдерiнде қамтылған құралдардың тәуекелiне қарай көрсетiлген тәуекелдерге барабар капиталды қалыптастыру тәртiбi енгiзiлетiн болады. Жинақтаушы зейнетақы қорларын және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды зейнетақы активтерiнiң есебiнен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің сапасына қарай қалыптастырылатын жеке капиталдың жеткiлiктi коэффициентi бөлiгiнде пруденциялық реттеудi одан әрi жетiлдiру жоспарланады.
      Сондай-ақ бұдан әрi жинақтаушы зейнетақы қорларында және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарда менеджердiң де, Директорлар кеңесi мүшелерi мен акционерлердiң жауапкершiлiгiн қатаңдандыра отырып, осы ұйымдардың мiндеттерiне енетiн инвестициялық және басқа шешiмдердi қабылдауға байланысты рәсiмдердi белгiлеу және регламенттеу бөлiгiнде тәуекел-менеджментi жүйесiн жетiлдiру ұйғарылады. Бұдан басқа, зейнетақы активтерiн сақтандырудың жекелеген элементтерiн енгiзу мүмкiндiгiн қарау орынды болып отыр.

      4.3. Сақтандыру секторы



      Мақсаты мен мiндетi
      Орта мерзiмдi перспективада сақтандыру нарығын дамытудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi мыналар болып табылады:
      азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң сақтандыруды қорғаудағы қажеттiлiктерiн қанағаттандыру және мемлекет экономикасын дамыту үшiн ұзақ мерзiмдi инвестициялық ресурстарды шоғырландыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру;
      халықты әлеуметтiк қорғаудың құралы ретiнде өмiрдi сақтандыруды дамыту мiндеттi сақтандыру жүйесiн жетiлдiру;
      халықтың сақтандыру ұйымдарына сенімiн және сақтандыру қатынастары барлық субъектiлерiнiң сақтандыру мәдениетiн арттыру;
      үздiк халықаралық практика негiзiнде сақтандыру қадағалауын жетiлдiру.
      Ағымдағы жағдай
      Соңғы жылдары республика экономикасының тұрақты өрлеуi және ұлттық сақтандыру индустриясын реформалау жөнiнде мемлекет қабылдаған шаралар осы саланың шапшаң дамуына ықпал еттi. Сақтандыру нарығының негiзгi көрсеткiштерiнiң бiрнеше жыл iшiндегi серпiнiне оң баға берiлуде. Дегенмен, елде өмiрдi сақтандыру және жинақтаушы және ұзақ мерзiмдi сақтандырудың өзге түрлерi нарығы жеткiлiксiз дамыған. Қазiргi кезде өмiрдi сақтандыру жөнiндегі сақтандыру ұйымдарының инвестициялық мүмкiндiктерiн кеңейту мәселесi өзектi болып қалып отыр. Сақтандыру ұйымдарын капиталдандыру төмен деңгейде, олар жинаған сақтандыру сыйлықақыларының басым бөлiгi қайта сақтандыру арналары арқылы шет елдерге берiледi.
      Бұдан басқа, мiндеттi сақтандыру жүйесiнде бiрқатар проблемалар бар. Айталық, мiндеттi сақтандырудың ұлттық жүйесiнiң өзiнiң барлық әлеуетiн толық көлемде пайдалануға мүмкiндiк бермейтiн бiрқатар проблемалары бар. Мiндеттi сақтандырудың тиiмдiлiгiн төмендететiн басты проблемалардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
      сақтандырушылардың мiндеттi сақтандыру туралы заңнаманы сақтауын мемлекеттiк қадағалау деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi мен қолданыстағы заңнаманың жетiлдiрiлмегендiгi;
      мiндеттi сақтандыруды қолдану туралы нормаларды қамтитын салалық заңдарды әзiрлеудi шектеу қажеттiлiгi.
      Көлiк құралдары иелерiнiң АҚЖ-ын мiндеттi сақтандыру сақтандырудың бұқаралық түрлерiнiң бiрi болып табылады, бұл көлiк құралдары иелерiнiң және жол қозғалысының басқа қатысушыларының мүдделерiн қозғайды. Сондықтан сақтандыру нарығында осы сақтандырудың проблемалары неғұрлым өткiр сезiледi.
      Жақын арадағы жылдары сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту бөлiгiндегi маңызды мәселе өзара сақтандыру жүйесiн дамыту болады. Өзара сақтандыру қазiргi заманғы сақтандыру нарығы элементтерiнiң бiрi болып табылады. Өзара сақтандырудың қажеттiгi, ең алдымен әрқилы себептерге: көп шығынға, сақтандыру сомаларының жоғары мәнiне байланысты коммерциялық сақтанушылар сақтандыруға қабылдаудан бас тартатын тәуекелдердiң көп болуымен негiзделген.
      Бұдан басқа, сақтандыру ұйымдарында тәуекелдердi басқару жүйесi дамытуды талап етедi.
      Негiзгi шаралар
      1. Сақтандыру ұйымдары қызметiнiң ашықтық деңгейiн арттыру (шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру) - осы сәтте қолданыстағы шоғырландырылған қадағалау туралы заңнамада қаржы ұйымының нақты меншiк иесiн, қаржы ұйымының шешiмдерiн анықтайтын аффилиирленген тұлғалар тобын анықтау мүмкiндiгi көзделдi, қаржы ұйымы қабылдайтын шешiмдерге елеулi әсер ететiн қаржы ұйымдарының акционерлерiн анықтау бөлiгiнде банктермен сақтандыру және зейнеткерлiк заңнаманы бiрiздендiру жүргізілді.
      Жүйелiк тәуекелдерi бар неғұрлым iрi сақтандыру ұйымдары банк конглометрлерiне жатады және оларды шоғырландырылған негiзде реттеу банк конглометрi арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар банк конгломератына жатқызылмаған 24 сақтандыру ұйымына шоғырландырылған негiзде пруденциялық реттеудi жүзеге асыру мүмкiндiгi аз қолданылады.
      Бұл кең көлемде олардың арасында қаржы кангломератын құрайтын заңды тұлғалар тобының iс жүзiнде жоқтығымен түсiндiрiледi.
      Осылайша осы бағыттағы келесi саты осы сақтандыру ұйымдары мен олар құрған топтар үшiн шоғырландырылған негiзде пруденциалдық реттеудi жүзеге асыру болады.
      2. Мiндеттi сақтандыру жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру
      Қазiргi уақытта Қазақстанда мiндеттi сақтандыру жүйесi, тұтастай алғанда қалыптасты. Мiндеттi сақтандырудың енгiзiлген түрлерi субъектiлердiң ауқымды шеңберiн түрлi, оның iшiнде қаржылық, әлеуметтiк, экологиялық, табиғи, техногендiк тәуекелдерден сақтандырумен қамтиды.
      Сонымен қатар, мiндеттi сақтандырудың ұлттық жүйесiнiң өзiнiң барлық әлеуетiн толық көлемде пайдалануға мүмкiндiк бермейтiн бiрқатар проблемалары бар.
      Мiндеттi сақтандыру жүйесiн неғұрлым нақты ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуi мақсатында мыналар:
      сақтандыру ұйымдарының сақтандырудың мiндеттi түрлерi бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиялар алу үшiн шарттар анықтау;
      қаржылық есептiлiк нысандарын жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру;
      Үкiмет тарапынан сақтандырушылардың мiндеттi сақтандыру туралы заңнаманы сақтауын мемлекеттiк бақылау жүйесiн ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау жөнiндегi бiрқатар шаралар жүргізiлетiн болады.
      Осымен бiр уақытта мiндеттi сақтандыру жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру бойынша шараларды қабылдау қажет.
      Көлiк құралдары иелерiнiң АҚЖ сақтандыру өзектi мәселелерiнiң бiрi сақтандыру тарифтерi мөлшерiнiң республикадағы жол қозғалысы тәуекелдерiнiң деңгейiне барабарлығы мәселесi болып отыр. Төмен рентабельдiкке, ал кейбiр сақтандыру ұйымдарында сақтандырудың осы түрi бойынша операциялардың шығындылығына байланысты сақтандыру ұйымдарының сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырудан бас тартатын, сақтандыру шарттарын жасасудан бас тартатын, агенттiк пункттер санын қысқартатын жағдайлар орын алып отыр, бұл сайып келгенде, сақтандырушыларға және жол-көлiк оқиғасының нәтижесiнде зардап шеккен тұлғаларға келеңсiз әсер етедi.
      Жолдарда апаттардың жоғары деңгейiн, елдiң автопаркiнiң икемсiз өсуiн және сақтандыру төлемдерiнiң көлемiне әсер ететiн өзге факторларды ескере отырып, көлiк құралдары иелерiнiң АҚЖ сақтандыруының және тарифтерге байланысты проблемаларға жедел әрекет етудiң тұрақты мониторингiн ұйымдастыру қажеттiлiгi туындайды.
      Көлiк құралдары иелерiнiң АҚЖ сақтандыру жөнiндегi, оның iшiнде сақтандыру жағдайын қарау тәртiбiн жеңiлдету және қысқарту және сақтандыру төлемiн жүзеге асыру мақсатында заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет. Халықаралық тәжiрибенi және осы жүйенi қолдану практикасын ескере отырып, шығындарды тiкелей реттеу жүйесiн енгiзу мүмкiндiгi әзiрленетiн болады.
      Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" атты 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президентiнiң 2006 жылғы 11 сәуiрдегi N 86 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi көлiк стратегиясы әзiрленген болатын, оның негiзгi мақсаттары көлiк-коммуникациялық кешенiн одан әрi дамыту, сондай-ақ Қазақстанның көлiк жүйесiн дүниежүзiлiк көлiк жүйесiмен ықпалдастыру болып табылады.
      Жоғарыда көрсетiлген стратегия атап айтқанда Қытай мен Ресей сияқты елдердi қамтитын пайдалы, сенiмдi және қол жетiмдi транзиттiк бағыттарды құра отырып, елдер арасында өсiп отырған сауда байланыстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
      Осыған байланысты Еуразия экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ), немесе Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) шеңберiнде қолданыстағы "Жасыл карта" халықаралық автосақтандыру жүйесiне ұқсас көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн сақтандырудың халықаралық жүйесiн құру мүмкiндiгi әзiрленетiн болады. ЕурАзЭҚ немесе ШЫҰ шеңберiнде көлiк құралдары иелерiн сақтандырудың халықаралық жүйесiн енгiзу Қазақстанның "Жасыл карта" жүйесiне қосылуы жөнiндегi жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ мемлекетаралық автомобиль қатынасы проблемасын шешуге мүмкiндiк бередi.
      Отандық практиканы және халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүргiзу ережелерi мен тәртiбiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi жұмысты жалғастыру қажет. Бұл ретте экономикалық қызмет түрлерiн кәсiби тәуекел топтарына жатқызу тiзбесiн нақтылау және сақтандырудың осы түрiнiң басқа шарттарын жаңғырту қажет. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру сақтандырудың мiндеттi түрi болып табылатындығын ескере отырып, оның жүргiзудiң барлық шарттары айқын және осы құқық қатынастарының барлық қатысушылары үшiн түсiнiктi болуы тиiс. Осыған байланысты сақтандырудың осы түрi бойынша аннуитеттi өнiмдерге қатысты бiрыңғай ең төменгi мiндеттi талаптарды белгiлеу мүмкiндiгi зерделенетiн болады.
      

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет