Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы


Микроқаржыландыру: сектордың Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң бiр бөлiгi ретiнде мiндеттерi мен оны дамыту



бет7/7
Дата17.06.2016
өлшемі338.5 Kb.
#142033
1   2   3   4   5   6   7
4.5. Микроқаржыландыру: сектордың Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң бiр бөлiгi ретiнде мiндеттерi мен оны дамыту

      Мақсаты мен мiндеттерi
      Микроқаржы қызметтерiне қол жеткiзу арқылы халықтың әлеуметтiк осал топтарының және қазiргi уақытта банк секторының қаржылық қызметтерiмен қамтылмаған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүмкiндiгiн кеңейту, ол мыналарға мүмкiндiк бередi:
      кәсiпкерлiк бастамасын дамыту;
      жұмыспен қамтылуын арттыру;
      өмiр сүру деңгейiн көтеру;
      қаржылық бiлiмдiлiк деңгейiн көтеру.
      Ағымдағы жағдай
      Қазақстанда бiрқатар микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) жұмыс iстейтiнiне қарамастан, олар ұсынатын қызметтердiң саласы мен көлемi әлi де шектеулi. Қазақстанда МҚҰ микрокредиттердi ғана ұсынады және олардың қызметiнiң қамтуы әзiрше шағын.
      Қазақстанда микроқаржы қызметтерi ұйымдардың төрт түрiн ұсынады: коммерциялық банктер (УВRD бағдарламалары арқылы), банктiк емес қаржы ұйымдары, кредиттiк серiктестiктер мен микрокредиттiк ұйымдар.
      Кредиттiк серiктестiктер нарығының дамуын талдау қадағаланып отырған үрдiстердiң нарық қажеттiлiктерiне сәйкес келмейтiнiн көрсетедi. Кредиттiк серiктестiктердiң жиынтық кредиттiк портфелi олар қамтитын клиенттер санымен қатар барынша мардымсыз әрi банктердiң осыған ұқсас сипаттамаларымен салыстыруға келмейтiн болып табылады.
      Кредиттiк серiктестiктердiң, оның iшiнде кредиттердi беру жөнiндегi қызметi қатысушылардың тар аясымен шектелгендiгiн назарға ала отырып, кредиттiк серiктестiктердiң даму деңгейiнiң төмен екендiгiн бекiтуге болады.
      Осы уақытқа дейiн микроқаржыландыруды тежеп отырған негiзгi фактор микроқаржыландыру жүйесiн дамытуға деген тұжырымдамалық көзқарастың, осы секторды мемлекет тарапынан кешендi қолдаудың болмауы болды.
      Қаржы секторында бәсекенi арттыру жөнiнде шаралар қабылдауға шақыратын Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бәсекенi дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде мiндеттер қойды. Кредиттiк серiктестiктер мен микрокредит ұйымдары сияқты ұйымдар неғұрлым ұтқыр және мамандандырылған қаржы институттары бола отырып, банктiк қызметтерге балама қызметтер ұсына алар едi.
      Негiзгi шаралар
      Халықтың қаржы ресурстарына қол жеткiзуiн, кредиттiк серiктестiктер мен микрокредит ұйымдары ұсынатын қызметтердiң спектрiн кеңейту, қосымша жұмыс орындарын құру, кедейлiк деңгейiн төмендету және халықтың табысын ұлғайту жолымен әлеуметтiк проблемаларды шешу, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту, қаржы нарығында бәсекенi ынталандыру, МҚҰ-ларды қаржыландыру көздерiмен қамтамасыз ету, республиканың қаржы жүйесiнiң бiр бөлiгi ретiнде орнықты микроқаржы секторын құру мақсатында орта мерзiмдi перспективада мынадай шараларды қабылдау қажет:
      кредиттiк серiктестiктер мен микрокредит ұйымдарын мемлекеттiк қолдау тетiгiн одан әрi жетiлдiру;
      микроқаржы ұйымдарының кәсiби қызметтер мен ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ететiн көмекшi қызметтер мен инфрақұрылымды дамыту үшiн ынталандырушылар жасау;
      кредиттiк серiктестiктер мен микрокредит ұйымдарының қызметiн мониторингтеудi жүргiзу сапасын арттыру, оның iшiнде олар статистика органдарына беретiн есеп нысандарын жетiлдiру.

      5. Қаржы лизингi



      Ағымдағы жағдай
      2005 жылы лизингтiк компаниялар 1358 қаржы лизингі шартын жасасты, ол бойынша 4191 бiрлiк мүлiк сатылды. Қаржы лизингi шарттары бойынша берiлген мүлiктiң iс жүзiндегi құны 20,8 млрд. теңгеден астамды құрады. Соңғы жылдары лизингтiк мәмiлелер портфелiнiң көлемі 6 есеге дерлiк өсті және бағалау бойынша 350,0 млн. АҚШ долларынан асты. Жасалған лизинг шарттар санының төрт еседен астамға артқандығы байқалды. Негiзгi капиталға инвестициялардың жалпы көлемiндегi лизингтің үлесi 1,8%-ға өстi. Лизингтiк қызметтер нарығы инвесторлар үшiн де, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi өндiрушiлер үшiн де барған сайын тартымды болып отыр.
      Соңғы жылдардың iшiнде лизингтiң ең аз мөлшерiн 2004 жылға дейiн шектеу лизингтi дамытудың тежеуiш факторларының негiзгi болып табылды. Пайдалану қызметiнiң мерзiмi 10 - 20 жылды құраған негiзгi қаражатты iс жүзiнде лизингке беру мүмкiн болмады. Лизинг мерзiмi 8 - 16 жылдан кем болмауы тиiстiгiне және меншiк құқығы осы мерзiм аяқталғаннан кейiн ғана лизинг алушыға берiлуi мүмкiн болғандығына байланысты. Бұл мәмiле бойынша тәуекелдi елеулi арттырды.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаржы лизингін дамыту үшiн түрлi шаралар қабылдады. Атап айтқанда, бұл 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енген Қазақстан Республикасының "Бюджетке салықтар және басқа мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) кодексiне өзгерiстер мен толықтыруларды қабылдау. Бұл Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы лизингi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңы. Салық және азаматтық заңнамада қаржы лизингiн реттеу халықаралық стандарттарға жақындатылған, бұл шағын және орта бизнестi дамытуға, кәсiпорындарда негiзгi қаражатты жаңарту қарқынын жеделдетуге ықпал етедi. Мынадай өзгерiстер мен толықтырулар неғұрлым маңызды болып табылады: лизинг мерзiмiн 3 жылға дейiн қысқарту бөлiгiнде қаржы лизингiнiң анықтамасы; "қайталама лизинг" ұғымын енгiзу, бұл терiс пиғылды лизинг алушылардан алу кезiнде лизинг заттарын қайталап беру мүмкiндiгiн бередi, бұл лизинг берушiлер тәуекелiн азайтады; бұйрық өндiрiсi тәртiбiмен терiс пиғылды клиенттерден лизинг заттарын алып қою; лизинг мерзiмiн анықтау, мысалы, лизинг берушiде меншiк құқығын сақтаған кезде лизинг шартын бұзу лизинг мерзiмiн бұзуға әкеп соқтырмайды, бұл лизинг затын бiр лизинг алушыдан қайтарған және екiншiсiне берген жағдайда өте маңызды, сондай-ақ лизинг шартын бұзуға және мүмкiн салық шығындарына байланысты лизинг берушiнiң тәуекелдерi азайтылды; жылжымайтын мүлiк және көлiк бөлiгiнде тiркелуi басқа заңнамалық актiлермен көзделгендердi қоспағанда, лизинг шарттарын мiндеттi тiркеудi жою.
      Тұтастай алғанда азаматтық-құқықтық мәселелердi және лизингтiк операцияларға салық салуды реттейтiн жеткiлiктi оң заңнамалық база құрылды.
      Негiзгi шаралар
      Салық саясаты, тiркеу рәсiмдерi, статистикалық мәлiметтер мәселелерiн, қоса алғанда лизингтiк операцияларды одан әрi жетiлдiру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет