1.2 Өндірістік-технологиялық тәжірибенің мерзімі мен ұзақтығы
В068 "Тамақ өнімдерін өндіру" мамандығының 6В07201 "Тамақ өнімдерінің технологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша оқыту бағытының студенттері үшін өндірістік-технологиялық тәжірибенің мерзімі мен ұзақтығы оқу жұмыс жоспарымен (ОЖЖ) реттеледі. Өндірістік тәжірибе кезеңі жыл сайын бекітілетін оқу процесінің кестесімен айқындалады.
Өндірістік-технологиялық тәжірибенің ұзақтығы "Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" кафедрасында тәжірибеге бөлінген кредиттер санына сәйкес белгіленген.
Ескертпе - университеттің тәжірибелік-өндірістік цехтарында оқу сабақтарынан қол үзбей тәжірибені өткізу кезінде бес күндік жұмыс аптасында, күн сайын кемінде 3 сағат бөлінеді.
Оқу процесінде барлық курстардың студенттері өндірістік-технологиялық (кәсіптік) тәжірибеден келесі мерзімдерде өтеді:
1 курс = 1 кредит – оқу өндірістік-технологиялық тәжірибе;
2 курс = 5 кредит – 1-ші өндірістік-технологиялық тәжірибе;
3 курс = 3 кредит – 2-ші өндірістік-технологиялық тәжірибе;
4 курс = 5 кредит (10 семестр) және 5 кредит – 3-ші өндірістік-технологиялық (диплом алды) тәжірибе.
Өндірістік-технологиялық тәжірибеден өту қорытындылары бойынша студенттер кафедраға есеп береді, оны тәжірибе жетекшісі тексереді және "Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" кафедрасы меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды.
Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша сараланып бағаланады.
1.3 Өндірістік-технологиялық тәжірибе объектілері
"Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" кафедрасының қазіргі заманғы техникалық базасы өндірістік-технологиялық тәжірибені білікті өткізу объектілері болып табылады. Бұл университет аумағында орналасқан тәжірибелік-өндірістік цехтар, атап айтқанда: нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша цех; өсімдік майын өндіру бойынша цех; ет және ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша цех; сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша цех.
Барлық тәжірибелік-өндірістік цехтар дайын тамақ өнімдерін өндіруге арналған заманауи жабдықтармен және аппараттармен жабдықталған, бұл білім алушыларға технологиялық процесті зерделеуге және тамақ өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін жүргізу, ұйымдастыру және басқару бойынша тәжірибелік дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ өндірістік тәжірибе объектілері әртүрлі қызмет түрлерін жүзеге асыратын (тамақтандыруды ұйымдастыру, тамақ өнімдерінің даму мәселелерін зерделеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары, тамақтану ұйымдарындағы маркетинг, бизнес) әртүрлі меншік нысанындағы (жеке, мемлекеттік), әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындар (серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және т.б.) болуы мүмкін.
Тәжірибе объектісі ретінде нарықта кем дегенде үш жылдан астам уақыт жұмыс істейтін ірі немесе орташа кәсіпорынды таңдаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |