1.1 Өндірістік-технологиялық тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері
Өндірістік-технологиялық тәжірибенің негізгі мақсаттары:
– В068 "Тамақ өнімдерінің өндірісі" мамандығы және 6В07201 "Тамақ өнімдерінің технологиясы" білім беру бағдарламасының оқыту бағыты бойынша кәсіби қызметтің тәжірибелік дағдылары мен тәжірибесін меңгеру;
оқытылатын арнайы пәндер бойынша негізгі құзыреттерді бекіту;
тамақ кәсіпорындарының (цехтардың) қызметін талдай білу;
кәсіпорында (цехта) технологиялық процесті басқару және жоспарлау;
тәжірибелік дағдыларды игеру және қызмет көрсету;
тамақ кәсіпорындарының (цехтардың) қызметін стратегиялық жоспарлау, дұрыс шешімдер қабылдау;
шикізат пен дайын өнімнің сапасын, баға мен ассортименттік саясатты талдау әдістерін қолдану;
дербес қолданбалы зерттеулерді орындау, алынған нәтижелерді жинау, талдау және түсіндіру мен шешімдер қабылдау дағдыларын меңгеру.
Өндірістік-технологиялық тәжірибенің негізгі міндеттері:
кәсіпорын (цех) қызметінің негізгі өндірістік-технологиялық процестерімен танысу;
студенттерге тамақ өнімдерінің өндірістік процестері туралы теориялық білім ғана емес, сонымен қатар өндірістік дағдыларын нығайтуға мүмкіндік беру;
зерттелетін кәсіпорынның нарықтағы орны мен рөлін анықтау;
кәсіпорын (цех) қызметінің бағыттарын зерттеу;
қызметкерлердің өндірістік функцияларын зерттеу;
келесі бағыттар бойынша дағдыларды игеру: шикізатты және дайын тамақ өнімдерін қабылдауды, өңдеуді және сақтауды ұйымдастыру;
технологиялық процестерді жүргізу, әртүрлі мақсаттағы тамақ өнімдерін сақтау, ауыстыру, қабылдау және босату процестерін бақылау;
барлық операциялар – жедел және есеп беру бойынша қажетті құжаттаманы жүргізу;
тамақ өнімдері технологиясының өндірістік процестері бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |