Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министірлігі


Өндірістік-технологиялық тәжірибені өткізуді ұйымдастыру



бет8/41
Дата24.04.2024
өлшемі175.23 Kb.
#499755
түріНұсқаулар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
каз Прогр. и методуказ. практики 23

1.4 Өндірістік-технологиялық тәжірибені өткізуді ұйымдастыру


1.4.1 «Тамақ және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» кафедрасының міндеттері

Өндірістік-технологиялық тәжірибеге жалпы басшылықты техникалық факультеттің "Т және ҚӨӨТ" шығарушы кафедрасы жүзеге асырады және әрбір тәжірибенің оқу-әдістемелік дайындығын жүргізеді:



  • өндірістік тәжірибе бағдарламасын әзірлейді;

  • тәжірибе басталар алдында студенттердің ұйымдастырушылық жиналысын өткізеді;

  • оларды қажетті құжаттамамен қамтамасыз етеді (бұл - "Өндірістік-технологиялық тәжірибенің бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары"; тәжірибеге жолдау; күнделік).

Оқу жүктемесінің сағаттарын кафедра оқытушылары арасында бөлуге сәйкес әрбір студентке университеттен (кафедрадан) өндірістік-технологиялық тәжірибеге жетекшісі тағайындалады.
Тәжірибе басталар алдында университеттен (кафедрадан) оқытушы-тәжірибе жетекшісі студенттерге "Өндірістік-технологиялық тәжірибе бойынша бағдарламалар мен әдістемелік нұсқаулар" талаптарының негізінде тәжірибеден өту туралы мынадай мәселелер бойынша кеңес береді:

  • университеттің тәжірибелік-өндірістік цехтарында немесе өндірісте тәжірибенің белгілі бір түрін (оқыту курсына байланысты) ұйымдастыру және өткізу бойынша;

  • бастапқы құжаттар мен есепті рәсімдеу бойынша;

  • қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама өткізуді ұйымдастырады.



1.4.2 Университеттен тәжірибе жетекшісінің міндеттері

Университеттің (кафедраның) тәжірибе жетекшісі міндетті:



  • машықтанушы студентке нақты кәсіпорынның (цехтың) ерекшеліктеріне және бағдарламаға сәйкес өндірістік тәжірибеден өтудің күнтізбелік жоспарын (күнделікте) жасау бойынша әдістемелік көмек көрсету;

  • өндірістік-технологиялық тәжірибе бағдарламасында көзделген тапсырмалардың, сондай-ақ жеке тапсырмалардың орындалуын бақылау;

  • есеп пен дипломдық жұмысты (жобаны) жазу үшін мәліметтер жинауды, сондай-ақ оларды студенттің игеру дәрежесін жүйелі түрде бақылауды жүзеге асыру;

  • студент-практикантқа тәжірибеден өту барысында туындайтын оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық сипаттағы барлық мәселелер бойынша кеңес беру;

  • тәжірибе аяқталғанға дейін 3 күн бұрын студенттің кафедраға тәжірибе туралы есепті құрастыруы мен ұсыну уақытын бақылауды қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет