Қорытынды
Сүт мен сүт өнімдері адамдардың тамақтануында маңызды рөл атқарады. Сүт пен сүт өнімдерін диетаға қосу оның толықтығын арттырады, басқа тағамдық компоненттердің жақсы сіңуіне ықпал етеді. Алайда, емдік және диеталық диетадағы ашытылған сүт өнімдері функционалды қасиеттері бойынша сүттен асып түседі, өйткені олардың құрамында сүттің барлық компоненттері сіңімді түрде болады.
Құрғақ сүтті екі әдіспен – қабыршақты және шашыратып кептіру арқылы алады. Кептіру алдында сүтті май және құрғақ зат мөлшері бойынша нормалайды, пастерлейді, құрғақ зат концентрациясы 40-48% болғанша қоюландырады. Кейбір жағдайда шашыратып кептіру кезінде қоюландырылған сүтті ауа оттегісімен жеңіл тотығатын бос май қышқыл мөлшерін азайту үшін гомогендейді.
Қабыршақты кептіруде қою сүтті қарама-қарсы айналатын біліктер арқылы өткізеді. Ондағы ішкі температура 105-120ºC. Барабан айналғанда сүттен бос ылғал жойылады да, құрғақ қабық түзіледі, оны беттен металл пышақпен түсіріп ұнтақтайды.
Шашыратып кептіруде дайындалған сүтті айналмалы диск көмегімен қарама-қарсы ыстық ауа жіберіп, майда тамшыларға дейін шашыратады. Тамшылар тез көбейеді де, сфера формалы бөлшектер аппараттың төменгі бөлігіне тұнады да, ол жерден үздіксіз алынып отырады. Аппаратқа түсетін ауа температурасы- 170-180ºC, ал шашырату зонасында - 60ºC дейін.
Суытылған құрғақ сүтті ірі ыдыстарға –крафт-қаптарға, фанерлі штампталған бөшкелерге картон қораптарға салады.
Қорытындылай келе, кәсіпорынның кең ауқымды жобасы жүзеге
асырылды деп айтуға болады, қажеттіліктері мен пайдалану талаптарына негізделген жабдықтыңорналасуына дейінгіөндірістік масштабта сүт өндіретін сүт зауыттарының құрылдары есептелді.
|