Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Астықты қабылдау және өңдеудің принципиалды сұлбасы



бет10/23
Дата21.10.2022
өлшемі1.52 Mb.
#463173
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
àçà ñòàí ðåñïóáëèêàñûíû àóûëøàðóàøûëû ìèíèñòðë³ã³

1.3 Астықты қабылдау және өңдеудің принципиалды сұлбасы

Астықты жинағаннан кейінгі өңдеу процесі кезінде астықты қабылдау


кәсіпорындарына физикалық, физико - механикалық және физиология -
биохимиялық көрсеткіштері бойынша ерекшеленетін астық түседі. Сондықтан келіп түсетін астық көлеміне қарай, элеваторда өткен жылдан
қалған астықтың мөлшеріне қарай, кәсіпорында бар қондырғына есепке
алып, өңдеудің әр түрлі технологиялық сұлбалар, машиналар мен жұмыс режимдерін қолдану қажет.
Қазіргі кезде астық қабылдау кәсіпорындардың технологиялық және
траспорттық қондырғылармен жарықтану дәрежесіне байланысты үш негізгі
сұлба бойынша астықты өңдейді:

  • қабылдау - сақтау - арту;

  • қабылдау - сыйымдылықта сақтау - өңдеу - сақтау - арту;

  • қабылдау - өңдеу - сақтау - арту.

Екі соңғы сұлба екі ағынмен келіп түсетін астықты өңдеу үшін қолданылады, әдетте заманауи кәсіпорындарында пайдаланылады. Астықты қабылдау кәсіпорындарын жобалап құрастырған кезде оперативті сыйымдылықтары бар технологиялық линиялар мен астық жинағаннан кейін өңдеу процесін жүргізетіндей мүмкіндік болуы қажет. Мұндай сыйымдылықтарға келесілерді айтуға болады

1. Элеватордың негізгі қондырғыларына байланыссыз үздіксіз автомобиль ағынын қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдау кезінде жинау сыйымдылықтары;


2. Астық тазалағыш қондырғыларының өнімділігін өзгертуге мүмкіндік беретін астық тазалағыш қондырғылар асты және үсті сыйымдылықтар;
3. Астық кептіргіштердің өнімділігін өзгертуге мүмкіндік беретін кептіргіш асты және үсті сыйымдылықтар;
4. Элеватор қондырғыларының қуаттылығы аз кезінде вагондарды жіберуін жоғарылататын вагондарға арту сыйымдылықтары;
5. Астықты жинау үшін суға жіберу сыйымдылықтары. Олар элеватордың негізгі қондырғыларына байланыссыз астықты кемелерге артып жібере алады.
Астықты машиналардың бірінен кейін бірі орналасатын және қосымша сыйымдылықтары бар технологиялық линияларда өңдеу еңбек шығынын, машинаға түсетін жүктемені қысқартуға мүмкіндік береді. Механикаландырылған астық қоймаларында технологиялық линиялардың икемділігі төмен. Себебі, мұндай мұнараларда астық қозғалысы белгілі бір маршрутқа ғана негізделген.
Астықты жинағанда транспорттау және астық жиналғаннан кейінгі
өңдеу кезінде тура және жанама шығындар болады. Жанама шығындар - машиналардың жұмыс органдарымен механикалық ақауларды айтады. Мемлекетке сатуға дейін бұл ақаулар келесідей болады: жүгері - 90-95%, қара бидай - 85 - 90%, қатты бидай - 80 - 85%, жұмсақ бидай - 45 - 50%.
Тың және тыңайған жерледі игеру басталғаннан кейін астықты ағында
өңдеу кеңінен қолдана бастады. Солтүстік аймақтарда өсетін атықтың
ылғалдылығы жоғары болатындықтан оны кептіру мәселесі туындады.
Осыған байланысты жоғары өнімділікті КДП - 80, 100; ЗСМ - 100
сепараторлар мен ДСП – 12, 24, 32 - 32 ОТ, Целинная - 50 кептіргіштер
қолданыла бастады, олар астықтың ақаулығын төмендетеді.

1-сұлба: Астықты қабылдау және жинағаннан кейінгі өңдеудің жалпы


технологиялық принциалды сұлбасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет