Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету


Ауа райының авиациялық болжамдары



бет3/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#128397
1   2   3   4   5   6   7

5. Ауа райының авиациялық болжамдары

232. Кеңістікте және уақытта метеорологиялық элементтердің өзгеруіне, сондай-ақ кейбір элементтерді болжау және анықтау әдісінің жетілмегеніне байланысты болжамды алушы болжамда көрсетілген кейбір элементтің нақты мағынасын осы элемент болжамның әрекет ету кезеңі ішінде барынша ықтимал өлшем ретінде қарайды. Көрсетілген қандай да бір құбылыстың пайда болуы немесе элементтің өзгеру уақыты барынша ықтимал уақыт ретінде қаралады.

233. Пайдалану жағынан дұрыс болжамдардың нақтылығына қатысты тапсырмалар осы Қағидалардың 2-қосымшасында қамтылған.

234. Метеорологиялық орган жаңа болжамды шығару, мысалы әуеайлақ бойынша тұрақты болжам, бұрын бір типті сол уақыттың кезеңіне, сол жерге шығарылған кез келген болжам жаңа болжамның әрекет ету кезеңінің (немесе оның бөлігі) сәтінен бастап автоматты түрде жойылады.


1. Әуеайлақ бойынша болжамдар, ұшу және қону үшін болжамдар


235. Әуеайлақ бойынша болжамды уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған әуеайлақ метеорологиялық органы жасайды.

236. Әуеайлақ бойынша болжам белгіленген уақытта шығарылады және уақыттың белгіленген кезеңі бойына әуеайлақ ауданында күтілетін метеорологиялық жағдайлар туралы қысқа мәліметтен тұрады.

237. Әуеайлақ бойынша болжамдар және оларға түзетулер TAF болжамдары түрінде шығарылады және көрсетілген тәртіппен мынадай ақпаратты қамтиды:

1) болжам түрінің сәйкестендіргіші;

2) орналасу жерінің көрсеткіші;

3) болжамды шығару уақыты;

4) жоқ болжамның сәйкестендіргіші, қолданатын жағдайда;

5) болжамның әрекет ету күні және кезеңі;

6) жойылған болжамның сәйкестендіргіші, қолданатын жағдайда;

7) жер бетіндегі жел;

8) көріну;

9) ауа райы;

10) бұлттылық;

11) әрекет ету кезеңі ішінде осы элементтердің бірі немесе бірнешеуінің ауа температурасы және күтілетін маңызды өзгерістері.

238. Әуеайлақ бойынша Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым ұсынған TAF код нысанында шығарылады.

239. Осы Қағидалардың 238-тармағына сәйкес TAF болжамдарын таратуға қосымша TAF болжамдары мемлекеттер арасындағы екіжақты келісімдер негізінде таратылады.

240. TAF болжамдары және оларға түзетулер OPMET деректердің халықаралық банктеріне, Қазақстан Республикасы ақпаратты жинау және өндеу орталықтарына таратылады.

241. TAF болжамдарын жасайтын метеорологиялық органдар болжамдарға үнемі бақылау жүргізеді және оларға уақытылы тиісті түзетулерді енгізеді. Болжамдар мәтіндерінің көлемі және оларды көрсетілген өзгерістер минимумға жеткізіледі.

242. Үнемі жаңартылмайтын TAF болжамдары жойылады.

243. TAF әуеайлағы бойынша тұрақты болжамдарының әрекет ету кезеңі кемінде 6 сағатты құрайды және 30 сағаттан аспайды, осы кезең пайдаланушымен жасалған келісімге сәйкес белгіленеді. 12 сағаттан кем кезеңімен TAF тұрақты болжамдары әр 3 сағат сайын, ал 12 ден 30 сағатқа дейінгі әрекет ету кезеңімен әр 6 сағат сайын шығарылады.

Жазылған әуеайлақтар бойынша ауа райы болжамының ұзақтығы 6 сағатты құрайды.

244. TAF шығару кезінде әуеайлақтың метеорологиялық органы әуеайлақта кез келген уақытта бір TAF қолданыстағы болжамынан артық болмауын қамтамасыз етеді.

245. Таулы әуеайлақтар бойынша ауа райының болжамдарына 2000 метр биіктікте және одан кем әуеайлақ деңгейінде орта қабаттың бұлттылығы пайда болу күтілсе, барлық жағдайларда бұл туралы деректер енгізіледі.

CAVOK термині таулы әуеайлақтар бойынша ауа райының болжамдарында қолданылмайды.

246. Синоптиктік бөлігі бар әуеайлақтың метеорологиялық органдары жоқ әуеайлақтар уәкілетті метеорологиялық орган мен ақпарат пайдаланушыларының арасындағы келісім бойынша жақын маңда орналасқан синоптиктік бөлігі бар әуеайлақтық метеорологиялық органының аудан (алаң) бойынша ауа райының болжамдарымен қамтамасыз етіледі.

247. Қосымша әуеайлақтар бойынша нақты ауа райы туралы ақпарат болмаған жағдайда болжам шамамен жасалады. Ауа райы мәліметі алынғаннан кейін шамамен болжам жасалған нақтыланады және тұрақты болжам жасалады.

Шамамен жасалған болжам әуеайлақтық метеорологиялық органның ұшу құжаттамасында көрсетіледі.

248. TAF болжамдарына өзгерту топтарын енгізу немесе оларға түзету енгізу кезінде мынадай өлшемдер пайдаланылады:

1) болжамға сәйкес жер бетіндегі жақын желдің орташа бағыты 60° орта жылдамдығы кезінде өзгертіледі және (немесе) өзгертілгеннен кейін 5 м/с немесе одан көп;

2) болжамға сәйкес жер бетіндегі жақын желдің орташа жылдамдығы 5 м/с немесе одан астамға өзгертіледі;

3) болжамға сәйкес жерге жақын желдің орта жылдамдығынан ауытқу 5 м/с ұлғаяды немесе орта жылдамдығы барысында және (немесе) өзгертілгеннен кейін 8 м/с өзгереді.

4) болжамға сәйкес жерге жақын желдің өзгеруі пайдалануға қатысты маңызды мәндерді арттырады; шектеулі өлшемдер, желдің өзгеруін ескеріп, ӘҚҰ тиісті уәкілетті органымен және мүдделі пайдаланушылармен келісіп, уәкілетті метеорологиялық орган белгілейді, бұл:

пайдаланылатын ҰҚЖ ауыстыруды талап етеді;

және ҰҚЖ бүйірден және жолшыбай компоненттерінің өзгерілуі осы әуеайлақта ұшуларды орындайтын типтік әуе кемелері үшін негізгі пайдалану шектері болып табылатын мағыналарды арттырады;

5) болжамға сәйкес көріну жақсарады және мынадай мағыналардың бірін немесе бірнешеуіне жетеді немесе арттырады немесе болжамға сәйкес көріну нашарлайды және мынадай мағыналардың бірінен немесе бірнешеуінен кем болады:

150, 350, 600, 800, 1500 немесе 3000 метр;

5000 метр – шолу ұшулардың Қағидалары бойынша ұшулардың маңызды саны орындалған жағдайда.

6) мынадай ауа райы құбылыстарының немесе олардың үйлесуінің кез келген қарқындылығының басталуы немесе тоқтатылуы немесе өзгертілуі:

мұзданатын жауын шашын;

орташа немесе қатты жауын шашын (соның ішінде нөсер түріндегі);

найзағай (жауын-шашынмен);

шаңды боран;

құмды боран;

7) ауа райының немесе олардың үйлесімінің мынадай құбылыстарының кез келгенінің басталуы немесе тоқтатылуы болжанады:

мұз кристалдары;

мұзданатын тұман;

шаңды, құмды немесе қарлы жаяу бұрқасын;

шаңды жаяу боран, құмды боран немесе қарлы жаяу боран;

найзағай (жауын-шашынмен немесе жауын шашынсыз);

дауыл;


құйғыш тәрізді бұлт (торнадо немесе құйын);

8) болжауға сәйкес BKN немесе OVC ұзақтығымен төменгі қабаттың немесе бұлт алабының төменгі шетінің биіктігі мынадай мағыналардың бірін немесе бірнешеуінен арттырады немесе жетеді немесе болжауға сәйкес BKN немесе OVC ұзақтығымен төменгі қабаттың немесе бұлт алабының төменгі шетінің биіктігі мынадай мағыналардың бірін немесе бірнешеуінен азаяды:

30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200 , 500 немесе 1000 фут);

450 метр (1500 фут) – шолу ұшулардың қағидалары бойынша ұшулардың маңызды санын орындау жағдайында;

9) болжауға сәйкес қабаттың немесе бұлттардың алабы 450 метр (1500 фут) өзгертіледі:

NSC, FEW немесе SCT бастап BKN немесе OVC дейін;

BKN немесе OVC бастап NSC, FEW немесе SCT дейін.

10) қою жаңбырлы бұлттардың дамуы немесе таралуы болжанады;

11) болжауға сәйкес тік көріну жақсарады және мына мәндердің біріне немесе бірнешеуіне жетеді немесе арттырады немесе болжауға сәйкес тік көріну нашарлайды және мына мәндердің бірінен немесе бірнешеуінен азаяды немесе кем болады;

30, 60, 150 немесе 300 метр (100, 200 500 немесе 1000 фут);

12) осы әуеайлақтың пайдалану минимумында негізделген және уәкілетті метеорологиялық орган мен мүдделі пайдаланушы арасында келісілген кез келген басқа өлшемдер.

249. Болжамдар, оның басталуына дейін кемінде 1 сағат бұрын шығарылады. Болжамдардың әрекет ете бастауының стандартты уақыт Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) бойынша 00.00 сағаттан бастап белгіленеді.

250. Тәулік бойы жұмыс істемейтін әуежайларда, бірінші болжамның кезеңінің басталуы стандартынан ауытқуы мүмкін, ал шығарылу алды әрекеттің басталуына дейін кемінде 1 сағатты құрайды.

251. Әуеайлақ бойынша ауа райының болжамы ашық мәтінмен және қысқартулармен тарату үшін TAF, оларға түзетулер TAF AMD деп белгіленеді. TAF AMD әрекет ету кезеңі уақыт тобында көрсетіледі және қалған барлық әрекет ету кезеңіне таратылады.

252. Қону үшін болжамдарды тиісті уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған метеорологиялық орган жасайды. Мынадай болжамдар жергілікті пайдаланушыларды, сондай-ақ әуеайлақтан 1 сағат ұшу уақытының шегінде орналасқан әуе кемелері үшін арналған.

253. Қону үшін болжамдар «тренд» болжамдары түрінде жасалады.

254. «Тренд» түріндегі болжам осы әуеайлақта жергілікті тұрақты мәліметке немесе арнайы мәліметке немесе МЕТАR немесе SPECI мәліметтеріне қоса берілетін метеорологиялық жағдайлардың күтілетін өзгерістерді қысқаша мазмұндаудан тұрады.

255. «Тренд» түрінде қону үшін болжам әрекет ету кезеңі қону үшін болжамның бөлігі болып табылатын мәліметке жасалған уақыттан бастап 2 сағатты құрайды.

256. «Тренд» түріндегі болжамда ол қоса берілетін мәліметтегідей сол бірліктері және шкалалар қолданылады. «PROB» көрсеткіші «тренд» түріндегі болжамда қолданылмайды.

257. ӘҚҰ диспетчерлерінің және әуе кемелері экипаждарының сұрауы бойынша қону үшін болжамдар ашық мәтінмен таратылады.

258. Ұшу үшін болжамдарды тиісті уәкілетті метеорологиялық орган тағайындаған метеорологиялық орган жасайды.

259. Пайдаланушыларға және ұшу экипажының мүшелеріне сұраныс бойынша күтілетін ұшу уақытына дейін 3 сағат ішінде ұсынылады.

260. Ұшу үшін болжам белгіленген уақыт кезеңіне жатады және ҰҚЖ кешенінің ауданында күтілетін метеорологиялық жағдайлар туралы ақпаратты қамтиды. Ұшу үшін болжам жерге жақын желдің жылдамдығы, ауа температурасы, қысым (QNH) және жергілікті келісім жасалған басқа кез келген элементтер туралы ақпаратты қамтиды.

261. Болжам нысаны уәкілетті метеорологиялық орган мен тиісті пайдаланушы (пайдаланушылар) арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Ұшуға арналған болжамдарда қолданылатын элементтердің, терминологияның, бірліктердің және шкалалардың тұру тәртібі әуеайлақ бойынша мәліметтердің тиісті компоненттеріне баламалы болып табылады.

262. Ұшу үшін шығаратын болжамдарды метеорологиялық органдар болжамдарға үнемі бақылау жүргізеді және қажет болған жағдай бойынша оларға уақытымен түзетулерді енгізеді.

263. Ұшу үшін болжамдарға түзетулерді шығару өлшемдері уәкілетті метеорологиялық орган мен тиісті пайдаланушылар арасындағы келісім бойынша белгіленеді. Осы өлшемдер нақты әуеайлақ үшін белгіленген арнайы мәліметтерді жасау өлшемдеріне сәйкес болады.

2. Ұшулардың бағдарлары және аудандары бойынша болжамдар
264. Ұшулардың бағдарлары және аудандары бойынша болжамдар жел, биіктіктегі ауаның температурасы, ауа райының ерекше құбылыстары, бұлттылық, көріну, сондай-ақ ұшулар сипаттамасына және орындалатын авиациялық жұмыстардың түрлеріне тәуелді басқа элементтер туралы ақпаратты қамтиды. Осы ақпарат ұшуларды жүргізуде қойылатын талаптарды көрсетеді, оларды қамтамасыз етуге ұшу уақыты мен биіктігін және бағдардың географиялық ұзақтығын ескере отырып, осы болжамдар арналған.

265. Ауа райының ерекше құбылыстарына мыналар жатады:

1) найзағай

бүркемелі,

жиі,

дауыл желісі бойынша,



бұршақпен бүркемелі,

дауыл желісі бойынша жиі;

2) қатты дауылдың желісі;

3) 100 (немесе таулы аудандарда ұшу эшелонына дейін 150) эшелоннан төмен 15 м/с асатын жер бетіндегі жақын жел;

4) орташа немесе қатты турбуленттік (жаппай бұлттылық немесе ашық аспан кезінде);

5) аса суытылған жаңбырдың нәтижесіндегі бұлттардағы орташа немесе қатты мұздану;

6) таулы толқын;

7) ақ жауынды құмды (шаңды) боран;

8) 250 асатын ұшу эшелоны үшін 1) – 7) тармақшаларда аталған құбылыстарға байланысты түйдек-жаңбырлы бұлттар;

9) 100-250 ұшу эшелоны үшін 1) – 7) тармақшаларда аталған құбылыстарға байланысты бұлттылық;

10) жанартау күлінің бұлттары;

11) радиоактивті бұлттар;

12) 100 эшелоннан төмен ұшу үшін (немесе таулы аудандардағы 150 ұшу эшелонына дейін) тұман, жауын-шашын, сондай-ақ 5000 метр (таулы аудандар үшін 10 километр кем) мағыналарға дейін жер бетінде көрінуді нашарлайтын басқа құбылыстар (BR, DS, DZ, FG, FU, GR, GS, HZ, IC, PL, RA, PO, SA, SG, SN, SS, SQ, немесе VA).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет