Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы


параграф. Шектеулі көзбен көру жағдайындағы ұшулар – әуеайлақтарға қойылатын талаптар



бет16/26
Дата12.06.2016
өлшемі1.95 Mb.
#129917
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26

144 параграф. Шектеулі көзбен көру жағдайындағы ұшулар – әуеайлақтарға қойылатын талаптар
      927. Пайдаланушы егер ол тіркелген мемлекеттің авиациялық әкімшілігі мұндай ұшуларға әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) рұқсат етілмесе (сертификатталмаса), II және III санаттары бойынша қонуға бет алуды орындамауы тиіс.
      Ескерту. 927-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      928. Пайдаланушы әуеайлақта (тікұшақ айлағында) көрінудің төмендеуі кезінде (LVP) ұшу рәсімдерінің іс-әрекеті белгіленгеніне және енгізілгеніне көз жеткізеді.
145 параграф. Шектелген көзбен көру жағдайындағы ұшулар – ұшу экипажы мүшелерін даярлау және біліктілігі
      929. Пайдаланушы II және III санаттары бойынша шектеулі көріну (LVTO) және/немесе қонуға бет алған жағдайда ұшып көтерілуді орындау алдында мыналарды:
      1) ұшу экипажының әрбір мүшесі II немесе III санаттарына рұқсат етуге байланысты ҰҚЖ (RVR) және ШҚБ (DH) көрінудің әртүрлі мәні кезіндегі іс-әрекеттер бойынша тренажерда дайындалуды қамтитын дайындықтан және тексеруден өтуін; және
      2) дайындық пен тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен және пайдаланушының ҰЖН енгізілген бағдарламаларға сәйкес жүргізілуін;
      3) ұшу экипажының әрбір мүшесі ұшақтың осы түрінде тиісті минимум бойынша ұшулар үшін қажетті арнайы дайындықтың болуын қамтамасыз етеді.
      930. Пайдаланушы шектеулі көріну жағдайында ұшуға дайындық бағдарламасы ұшу экипажының жердегі жаттығу құрылғысында және/немесе ұшуға дайындалуды құрылымдық қамтуын қамтамасыз етеді. Пайдаланушы егер қысқа курстің мазмұнын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мақұлдаса 939 және 940-тармақшаларында көрсетілген сияқты қысқартылған бағдарлама бойынша жаттығулар жүргізеді.
      931. II немесе III санаттары бойынша бұрын ұшуларды орындамаған ұшу экипажының мүшелері 146, 147 және 148 параграфтарына сәйкес дайындықтың толық бағдарламасын аяқтайды.
      932. II немесе III санаттары бойынша бұрын ұшуларды орындаған ұшу экипажының мүшелері қысқартылған бағдарлама бойынша жерде дайындық жүргізеді.
      933. II немесе III санаттары бойынша бұрын ұшуларды орындаған ұшу экипажының мүшелері мазмұны 947-тармақтың 1) тармақшасының немесе 948-тармақтың, 950-тармақтың 2) тармақшасының талаптарын қамтитын қысқартылған бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі мүмкін.
      934. Пайдаланушы шектеулі көріну жағдайында (LVP) бастапқы жердегі дайындықтар мынадай тақырыптарды қамтуын қамтамасыз етеді:
      1) ILS және/немесе MLS сипаттамалар мен шектеулер;
      2) жарық және басқа көзбен көру жабдықтарының сипаттамасы;
      3) тұман сипаттамасы;
      4) қонуға бет алу кезінде нақты жүйелердің қолданыстағы мүмкіндіктері мен шектеулері;
      5) жауын-шашын, мұздану, төмен биіктікте желдің жылдамдығы мен тынымсыз ұшу жағдайында кіруге бет алу;
      6) ұшақ жүйесі мен жабдықтары жұмысының істен шығуы;
      7) ҰҚЖ (RVR) көрінуі және метеорологиялық көріну мәндерін бағалау;
      8) қауіпсіз биіктікті айқындау қағидалары;
      9) жердегі жабдық істен шыққан жағдайдағы іс-әрекет;
      10) 400м және одан кем көру жағдайлары ұшақтың жердегі қозғалысы кезіндегі қажетті алдын алудың рәсімдері мен шаралары және 150 м (D санаттағы ұшақтар үшін 200 м) төмен жағдайда ұшып көтерілу кезіндегі қосымша талаптар;
      11) олардың көрсеткіштеріне, сондай-ақ қонуға бет алу және қонудың автоматты жүйесінің жұмысына жақындау аймағының жер үсті бейінінің ықпалын есепке ала отырып, радио биік өлшегіштер дабылы бойынша ҰЖҚ (DH) айқындау әдістемесі;
      12) Радио биік өлшегішті баға қоюшының қоятын ескерту биіктігінің (Alert Heigt) маңыздылығы мен мәні және қол жеткізу бойынша және осы биіктіктен төмен қандай да бір ақаулы жағдайдағы іс-қимыл тәртібі;
      935. Жердегі дайындыққа, сондай-ақ ұшып көтерілу (LVTO) мен қонудың (CAT II/CAT III) төменгі көру жағдайындағы ұшуларды орындауға рұқсат алу және растау кезінде ұшқыштар арналған біліктілік талаптарын білуі және ұшқыш орындығында дұрыс қону мәні мен көру бұрышын қамтиды.
146 параграф. Тренажер және/немесе ұшу дайындығы
      936. Шектеулі көру жағдайында ұшуға тренажнер және/немесе ұшуға дайындалуда Пайдаланушы мыналарды қамтиды:
      1) жердегі және ұшудағы жабдықтардың жұмыс істеу қабілетін тексеру;
      2) белгіленген жердегі жабдықтардың мәртебесіне байланысты минимумды пайдаланудың дұрыстығы;
      3) қонуға бет алудың автоматты жүйесінің және осы жүйенің жұмысындағы істен шығу және ауытқу жағдайлары бойынша автоматты қону жүйесінің жұмысын талдау;
      4) қозғалтқыштардың, электр жүйелері, гидравлика немесе автоматты басқару жүйелерінің істен шығуы және түрлі ақаулар кезіндегі іс-әрекет;
      5) жабдықтардың ықтимал ақауларымен және жабдықтардың (MEL) ең аз тізбесін пайдалана отырып, ұшулар;
      6) ұшуларға дайындығы туралы Куәлікте көрсетілген пайдалануға беру шектеулерін қолдану;
      7) ШҚБ (DH) көзбен көруге арналған ҰҚЖ және аспаптар бойынша және қонуға бет алу және қонуды жалғастыру туралы шешім қабылдауғақатысты ұшақтың ауытқуларын айқындау;
      8) Радио биік өлшегішті бағалаушының қоятын қол жеткізу бойынша және ескерту биіктігінен (Alert Heigt) төмен қандай да бір ақаулы жағдайдағы іс-қимыл тәртібі;
      937. Пайдаланушы ұшу экипажының әрбір мүшесі жұмыс технологиясын зерделеуіне және экипаж құрамында жаттырғудан өтуіне көз жеткізеді. Жаттығудың осы түрі үшін барынша тренажер пайдаланылады.
      938. Дайындық кезең кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең күтілетін ауа-райы жағдайына ұқсатып, бірақ жабдықтар мен жүйелердің істен шығуына ұқсамайтын жаттығуларды қамтиды. Екінші кезең, сондай жағдайларда II / III санаттары бойынша қонуға бет алуды қамтамасыз ететін жабдықтардың істен шығуының имитациясын қамтиды. Егер ұшақ жабдықтары қосымша жүйелерді пайдалануды көздесе, тренажерді дайындау кезінде аталған жүйені пайдалану қажет.
      939. Жаттығу кезінде II / III санаттары бойынша шектеулі көрінулер (LVTO) және қонуға бет алу жағдайында ұшып көтерілуді орындау үшін қажетті дағдылар іс жүзінде өңделуі тиіс.
      940. II санатының минимумы бойынша қонуға бет алудың көзбен көру фазасын өңдеу үшін тренажері жоқ ұшақтарға арналған жаттығулар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы мақсат үшін мақұлданған тренажерде жүргізіледі. Мұндай жаттығулар 4 қонуға бет алу минимумын қамтиды. Ұшудың осы түріне сәйкес келетін жұмыстардыңтехнологиясын және басқа да рәсімдерін өңдеу ұшақта жүргізіледі.
      941. II/III санаттары бойынша ұшуға дайындықтың бастапқы бағдарламасы қалай болғанда да мынадай жаттығуларды қамтиды:
      1) ШҚБ дейін ұшақта орнатылған тиісті басқарушы, автоматты және бақылаушы жүйелерін, көзбен көріп ұшу және қонуға ауысуды пайдалана отырып, қонуға бет алу;
      2) екінші айналымға кетумен шешім қабылдау биіктігіне дейін тиісті басқарушы, автоматты және бақылаушы жүйелерін пайдалана отырып, барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштармен қонуға бет алу; барлығы сыртқы көзбен көру байланысынсыз;
      3) мүмкіндігіне қарай, автоматты теңесу, қону және рульдеуді қамтамасыз ететін қонудың автоматты жүйесін пайдалана отырып, қонуға бет алу; және
      4) көзбен көру контактісінің болуы және жоғалуы кезінде ШҚБ жүйесі бойынша қонуға бет алу кезіндегі қарапайым іс-қимыл.
      942. Кейінгі дайындық фазалары, қалай болғанда да мыналарды қамтиды:
      1) қонуға бет алудың түрлі кезеңдерінде қозғалтқыш істен шыққан ұшулар;
      2) ең қажетті жабдықтың істен шығумен қонумен бет алу (электр жүйесі, автоматты басқару, жердегі және/немесе борттық жабдықтар сияқты жүйелер, аспаптық жабдықтар және дисплейлер үшін пайдаланылады);
      3) өңдеу үшін кішкене биіктіктегі ұшуды автоматты басқару жүйесі жабдығының істен шығуымен қонуға бет алу:
      теңесу, қону және рульдеу, сондай-ақ екінші айналымға кету үшін ұшудың қолмен басқаруға ауысу;
      ШҚБ (DH) екінші айналымға кетуді немесе төмен биіктікте, сондай-ақ ШҚБ жанасқаннан кейін екінші айналымға кетуді орындау үшін ұшуды қолмен, немесе толық емес автоматты басқаруға ауысу;
      4) ұшудың санаттары бойынша ең аз рұқсат етілген көзбен көру жағдайлары кезінде ШҚБ дейін немесе төмен, курс және/немесе глиссада бойынша айтарлықтай істен шығуларға әкелуі мүмкін жүйелердің ақаулығы; және
      5) қателік сипаттамасы және оларды ұшақтың үлгісі немесе нұсқасы бойынша түзету іс-әрекеті.
      943. Жаттығу бағдарламасы оларды жасау кезінде көтерілу тарапына қайта қарау минимумы жүргізілетін қателіктерді талдау тәжірибесі қарастырылады.
      944. Бағдарлама III санат бойынша автоматты қонудың пассивті жүйесін пайдалану кезінде, автопилоттың өздігінен немесе қателесіп ажырату немесе ШҚБ төмен кезінде, 300м және одан аз (RVR) жолағында көріну кезінде ұшақты қолмен басқару бойынша жаттығуларды қамтиды.
      945. 400м және одан төмен (RVR) көріну жағдайында көтеріліп ұшу бойынша жаттығу бағдарламасы қозғалтқыш пен жүйе істен шыққан кезде ұшып көтерілуді тоқтату және жалғастыру бойынша дайындықты қамтиды.
147 параграф. ӘК басқа да үлгісінде осы жағдайларда ұшуға бұрыннан рұқсаты бар ұшу құрамына арналған (LVР, CAT II/III) шектеулі көріну жағдайындағы дайындықтарға қойылатын талаптар.
      946. Пайдаланушы, ӘК басқа үлгісіне ауысуы кезінде (LVР, CAT II/III) шектеулі көріну жағдайындағы ұшуларды орындауға рұқсаты бар ұшу экипажының мүшелерінің қысқартылған бағдарлама бойынша дайындықтан өтуін қамтамасыз етеді.
      947. Жердегі дайындық. Тиісті талаптар 147 параграфте көрсетілген, бұл ретте ұшулардың II/III санаты бойынша ұшу экипажының дайындығы мен тәжірибесін ескеру қажет.
      948. Тренажерде және/немесе ұшу дайындығы мыналарды қамтиды:
      1) Тренажер 8 қонуға бет алу және/немесе қону минимумы.
      2) қандай да болмасын, екінші айналымға 1 кетуді қоса алғанда, әуе кемесінде 3 қонуға бет алу минимумының тренажері болмаған кезде.
      3) Тиісті қосымша дайындық, егер әуе кемесінде арнайы жабдық орнатылса.
      949. Ұшу экипажы мүшелерінің біліктілігі. Пайдаланушы ұшу экипажы мүшелерінің біліктілігіне қойылатын арттыру талаптары орындалатын ұшу ерекшелігі мен қиындығын айқындайды.
      950. Пайдаланушы ұшу экипажының әрбір мүшесі II / III санаты бойынша ұшуларды орындағанға дейін тиісті тексеруден өтуіне кепілдік береді.
      951. 950-тармағында көрсетілген тексеру ретінде, артықшылық түрінде тренажерде және/немесе ұшу дайындығы табысты аяқталды деп есептеледі.
      952. Рейстік дайындық бақыланады. Пайдаланушы, экипаждың барлық мүшелері рейстік дайындық бақылауынан өтуіне кепілдік береді:
      1) II санат үшін қажет болған жағдайда автопилотты ажырата отырып, 3 минимум қолмен ұшуды басқару режимінде қону;
      2) III санат үшін ұшу дайындығын талап етпейтін тренажерда 939-тармаққа сәйкес дайындықтан өткен жағдайда 3 автоматты қону немесе 1 қону минимумы.
      953. Санат бойынша ұшуларды орындауды бастағанға дейін (ӘК-ны басқару берілген командирлер мен ұшқыштар) ұшақ үлгісіндегі мынадай бастапқы тәжірибе қажетті шарт– бақыланатын ұшуларды қоса алғанда, ӘК үлгісіндегі 50 сағат ұшу немесе 20 қону.
      954. Бақыланатын рейстік дайындықты қоса алғанда, осы минимум бойынша бұрын ұшуларды орындамаған ұшу экипажы мүшелері үшін ШҚБ (RVR) көрінуі бойынша, ӘК осы үлгідегі 100 с ұшу немесе 40 қонуға қол жеткізу бойынша II/III санатының жарияланған минимумына 100 метрді қосуы қажет.
148 параграф. Көріну жағдайында (RVR) кемінде 150/200 м ұшып көтерілу
      955. Пайдаланушы көріну жағдайында (RVR) кемінде 150/200 м (D санатты ұшақтарға арналған 200 м төмен) ұшып көтерілуді орындауға рұқсат алғанға дейін мынадай дайындықтың орындауға кепілдік береді:
      1) ШҚБ (RVR) ең аз рұқсат етілген көріну жағдайындағы қалыпты ұшып көтерілу;
      2) қауіпсіз жағдайларға сүйене отырып, V1….V2 диапазон жылдамдығында немесе осы диапазонға жақын қозғалтқыштың істен шығумен ҰҚЖ (RVR) ең аз рұқсат етілген көріну жағдайындағы ұшып көтерілу;
      3) V1жылдамдығына дейін істен шығумен және ұшып көтерілуді тоқтатумен ШҚБ (RVR) ең аз рұқсат етілген көріну жағдайындағы ұшып көтерілу.
      956. Пайдаланушы 955-тармағының талаптарына сәйкес дайындықтыңтренажерда орындалуын тексереді. Осы дайындық кез келген арнайы рәсімдер мен жабдықтарды пайдалануды қамтиды. Тренажер болмаған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, артықшылық түрінде ШҚБ (RVR) ең аз рұқсат етілген көріну жағдайындағы ұшып көтерілу бойынша талаптарына сәйкес тренажерда дайындықсыз әуе кемесінде дайындықты орындауға рұқсат етеді.
      957. Пайдаланушы, ұшу экипажы мүшесінің кемінде 150 м (D санатты ұшақтарға арналған 200 м төмен) (RVR) көріну жағдайында ұшып көтерілуге рұқсат алғанға дейін қажетті тексеруді орындағанына көз жеткізеді. Тексеру ретінде ӘК басқа үлгісін қайта дайындау кезінде 930-тармағының талаптарына сәйкес тренажерда және/немесе ұшу дайындығында дайындықты табысты аяқталды деп есептеледі.
149 параграф. Мерзімдік дайындық және шектеулі көріну жағдайындағы (LVР – ағылшын тіліндегі аббревиатура) ұшуларды тексеру.
      958. Пайдаланушы қолданыстағы рұқсат етулерді сәйкес ұшулардың нақты санатына байланысты тапсырмаларды орындау үшін қажетті мерзімді дайындықтар мен тексерулердің негізгі түрлерін, білім мен ептілікті тексеруді орындауды қамтамасыз етеді. Рұқсат етудің қолданысы кезеңінде кемінде 3 тексерудің қонуға бет алуын орындайды, олардыңішінде II немесе III санаттары бойынша әуе кемесінде қонуға бет алу және қону орындалады. Осы қонуға бет алудың бірі екінші айналымға кетумен орындалады. Егер Пайдаланушы кемінде 150/200 м ШҚБ (RVR) көрінуі кезінде ұшып көтерілуді орындауға рұқсаты бар болса, белгіленген кезеңде кәсіби тексерулерді орындау кезінде, қалай болғанда да ең аз рұқсат етілген көріну (RVR) жағдайы кезінде бір ұшып көтерілуді (LVTO) орындайды.
      959. III санат бойынша кәсіби дағдыларды, тексерулерді және жаттығуларды қолдау үшін Пайдаланушы тренажерды пайдаланады.
      960. Пассивті автоматты басқару жүйесімен әуе кемесіндегі III санаты ұшуларды орындау үшін пайдаланушы ШҚБ (DH) тең және төмен биіктікте автопилотты ажырата отырып, әрбір үш жүйелі тексеру кезеңінде ШҚБ (RVR) 300м және одан кем көріну кезінде, екінші айналымға кетумен бір қонуға бет алуды орындауды қамтамасыз етеді.
      961. Аталған ӘК үшін тренажер жоқ болған кезде, азаматтықавиация саласындағы уәкілетті орган II санат және ұшақта төменгі көріну (LVTO) жағдайындағы ұшып көтерілу бойынша ұшуларға мерзімдік дайындықтар мен тексерілуді орындауға рұқсат беруі мүмкін.
      962.Төменгі көріну (LVTO) жағдайында және II/III санаттары ұшуға рұқсат беру ұзартуды осы параграфтың талаптарына сәйкес мерзімдік тексерулер мен дайындықтарды орындау кезінде жүзеге асырады.
150 параграф. Шектеулі көріну жағдайындағы ұшулар – орындау тәртібі
      963. Пайдаланушы төмен көріну (ВНВ, LVTO) кезінде ұшып көтерілу, II және III санаты қонуға бет алу және қонулар үшін оларды орындау бойынша рәсімдер мен нұсқаулықтарды белгіленеді.
      Бұл рәсімдер пайдаланушының ҰЖН қамтылған және ұшып көтерілуді рульдеу, қонуға бет алу, теңесу, қону, қонудан кейінгі жүрісі және 2 айналымға кетуі кезіндегі ұшу экипажы мүшелерінің міндеттерін қамтиды.
      964. Мұндай рәсімдерді орындау алдында ӘК командирі мыналарға көз жеткізеді:
      1) жердегі көзбен көру және радиотехникалық құралдарының жай-күйі төмен көріну, қонуға бет алу мен II және III санаты бойынша қону кезінде ұшып көтерілу қамтамасыз етеді;
      2) әуеайлақтақ (тікұшақ айлағында) ТКР (LVP) (ӘҚҰ органының ақпараты бойынша) қамтамасыз ететін құралдар қолданысқа енгізілді және жұмыс істейді; және
      3) ұшу экипаж мүшелері кемінде 150м (А, В, С санаттары бойынша ӘК үшін) немесе 200м (D санатты ӘК үшін) ҰҚЖ (RVR) көріну жағдайлары және II немесе III санаттары бойынша қонуға бет алу кезіндегі ұшып көтерілуді орындау үшін тиісті дайындығы бар.
      965. Төмен көріну кезіндегі ұшулар мынадай операцияларды қамтиды:
      1) штурвал режиміндегі ұшып көтерілу (дәлдеудің электрондық жүйелерін пайдалану немесе пайдаланбау).
      2) ШҚБ-ға дейін және одан төмен автоматты режимде қонуға бет алу, теңесу, қону және штурвал режиміндегі жүрісі.
      3) автоматты режимде қонуға бет алу, автоматты теңесу және қону, штурвал режиміндегі жүрісті басқару.
      4) қонуға бет алу, теңесу, қону және автоматты режимдегі қонудан кейінгі жүрісі, ондағы ҰҚЖ (RVR) көрінуі бойынша жарияланған минимум кемінде 400 м.
151 параграф. Шектеулі көріну жағдайындағы ұшулар – әуе кемелерінің жабдықтарына қойылатын талаптар
      966. Пайдаланушы ҰЖН ең аз жабдықтар тізбесін қамтиды, олар төмен көріну (LVTO), қонуға бет алу және ҰПН-ға не басқа да мақұлданған құжатқа сәйкес II және III санаттары бойынша қону кезінде ұшып көтерілуді орындау үшін пайдалануға жарамды.
      967. ӘК командирі әуе кемесінің жабдықтары мен жүйелерінің мәртебесі төмен көріну кезіндегі алдағы ұшу түрлеріне сәйкестігіне көз жеткізеді. Бұл ретте әуе кемесінің ҰПН және пайдаланушының ҰЖН пайдаланылады, онда тиісті нұқсаулықтар бар.
152 параграф. Шектеулі көріну жағдайындағы ұшулар – пайдаланушының борттық жүйесін көрсету.
      968. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан II және III санаттары бойынша ұшуға рұқсат алу үшін пайдаланушы әуе кемесінің борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігін көрсетеді.
      969. Пайдаланушы II және III санаттары бойынша ұшақтың жаңа түрлерін ұшуға дайындау кезінде 948-тармағында көрсетілген талаптарды орындайды.
      970. II және III санаттары бойынша әлдеқашан пайдалануға берілген әуе кемелерінің барлық түрлері үшін 936-тармағында көрсетілген пайдалануға беру бағдарламасы қолданылады.
      971. II және III санаттары бойынша ұшулардың табыстылықтың талап етілетін деңгейі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгіленген талаптарынан жаман болмауы тиіс.
      972. Қонуға бет алу мынадай жағдайда сәтті болып есептеледі, егер:
      1) Ұшу жарамдылығы бойынша басшылығымен (ИКАО 9760, АN/967) белгіленген шектеулі көрініс кездегі қонуға бет алудың сәттілік өлшемдері қолданылады;
      2) қонуға бет алуды қамтамасыз ететін борттық жүйе істен шыққан жоқ.
153 параграф. Борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігі туралы деректер жинағы.
      973. Пайдаланушы II және III санаттары бойынша ұшуларды орындауға рұқсат алу үшін белгіленген кезең ішінде борттық жүйе жұмысының қабілеттілігі туралы ақпаратты тіркеу, жинау және мерзімділік талдау жүйесін белгілейді.
      974. Бұл жүйе қонудың барлық сәтті және сәтсіз бет алуларын, қонуға арналған сәтсіз қонуға бет алудың себептерін (егер бар болса), төмен көріну кезінде ұшуларды орындау кезінде пайдаланатын борттықжабдықтардың істен шығу жағдайларын тіркеуді қамтиды.
      975. Деректерді жинау жүйесі ұшу экипажы мүшелерінің баяндамасына және борттық өздігінен жазатындардың жазбаларын ашып жазу нәтижелеріне негізделеді.
      976. Пайдаланушы орындайтын рейстік ұшулар және/немесе кез келген басқа да ұшулар кезінде өздігінен жазатындарға жазба жазуға рұқсат етіледі.
154 параграф. Борттық жүйе жұмысы туралы дректер жинау – кемінде 15 м (50 фут) ШҚБ ұшулары.
      977. Кемінде 15 м (50 фут) ШҚБ ұшулар үшін пайдаланушының, ал қажет болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өкілдері борттық жүйе жұмысы туралы деректер өңделеді.
      978. Ұшу экипажы мүшелерімен мынадай дұрыс мәліметтер жазылады:
      1) әуеайлақ және пайдаланылатын ҰҚЖ;
      2) ауа-райы жағдайы;
      3) уақыты;
      4) сәтсіз (штаттан тыс) қонудың немесе екінші айналымға кетудің (егер орны болса) себептері;
      5) күш тарту автоматы арқылы жылдамдықты басқарудың тиімділігі;
      6) автоматты қону жүйесінің (АҚЖ) ажырау сәтіндегі ұшақтың жағдайы;
      7) автоматтық жүйе жұмысының аспаптар көрсеткіштеріне және басқару командасына сәйкестігі (барабарлығы);
      8) 30м биіктікті қиып өту кезінде ILS курстық желілеріне қатысты ұшақ жағдайының көрсеткішіне индикацияланатын;
      9) жерге қону орны.
      979. II және III санаттары бойынша ұшуларды орындауда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның рұқсатын алу үшін жұмыстыңсенімділігін 90%-ға және қонуға бет алудың 95% сәтті болу мүмкіндігін дәлелдеу үшін бірінші сатыда орындалған қонуға бет алулардыңжеткілікті саны қажет.
155 параграф. Борттық жүйенің жұмысы туралы деректер жинау - 15 м (50 фут) ШҚБ-мен немесе белгіленбеген ШҚБ-сыз қонуға бет алу.
      980. Ұшу экипажы мүшелерінің баяндамасына қосымшада борттық жүйелер берілген сипаттамаларға сәйкес жұмыс істейтінін растау үшін борттық өздігінен жазатындар немесе басқа да жабдықтар пайдаланылады.
      981. Ұшу экипажы мүшелерінің ұсынған мәліметтері мыналарды қамтиды:
      1) Н = 30 метр (100 фут) ШҚБ өсіндегі, жерге қону нүктесіндегі, жүрістегі бағытты ұстап қалу жүйесін ажырату сәтіндегі ауытқулар, және осы нүктелер арасындағы ауытқулардың ең жоғарғы мәні;
      2) жанасу (жерге қону) кезінде.
      982. Кез келген штаттан тыс ұшулар олардың себептерін анықтау мақсатында барлық ықтимал құралдардың көмегімен тексеріледі.
156 параграф. Пайдаланушы үшін әуе кемелерінің жаңа үлгілерін пайдалануды бағалау.
      983. Пайдаланушы әуе кемелерінің жаңа түрлерін пайдалануға енгізу кезінде осы тармақта қамтылған талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді.
      1) Автоматты қону жүйесі пайдалануға жағдайларында мәлімделген сипаттамаларға және жұмыстың сенімділігіне сәйкес келеді.
      2) Ұшақтың әрбір үлгісінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның талаптарын сәйкес пайдалануға берудің қарапайым жағдайларында және/немесе қонудың және жүрістің автоматты жүйесін пайдалана отырып, дайындық кезінде сәтті қонудың белгіленген саны орындалады.
      984. II және III бойынша ILS пайдалана отырып, ұшулар өткізіледі.
      Алайда, Пайдаланушының шешімі бойынша автоматты қону жүйесінің (АҚЖ) қанағаттанарлықсыз жұмысының себебін айынқтау үшін деректердің жеткілікті санын жинау талаптары кезінде қонудың басқа жүйесін пайдалана отырып, ұшулар өткізілуі мүмкін.
      985. Егер пайдаланушы әуе кемесінің бірдей үлгісінде біркелкі АҚЖ (АСУП) немесе әртүрлі АҚЖ (АСУП) бір үлгісіндегі әуе кемесінің әртүрлі түрленулері бар, ол барлығының борттық жүйе сипаттамасыныңнегізгі өлшемдеріне сәйкес келетінін көрсетеді, бұл ретте әуе кемесінің түрлендіруге толық көрсетілім өткізуінің қажеттілігі жоқ.
      986. II және/немесе III санаттары бойынша ұшуға рұқсат етілген әуе кемелерінің жаңа үлгілерін пайдаланушы сатып алған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган көрсетілген әуе кемелерін пайдалануды бағалау бағдарламасын қысқартуға рұқсат етіледі.
157 параграф. Үздіксіз бақылау.
      987. Төменгі көріну кезінде ұшуды бастауға рұқсат алғаннан кейін бұл ұшуларды пайдаланушы олар қауіпті болмастан бұрын қандайда бір ұнамсыз үрдістерді айқындау мақсатында үнемі бақылап отырады. Бұл үшін ұшу экипажы мүшелерінің баяндамалары пайдаланылады.
      988. 12 ай ішінде мынадай ақпараттар жиналады және өңделеді:
      1) рейстік жағдайындағы және дайындық кезіндегі сияқты II және III санаттары бойынша қонуға бет алу кезінде пайдаланылатын борттық жабдықтарды қоса отырып, қонуға бет алулар мен қонулардың (әуе кемелерінің үлгілері бойынша, метеожағдайға байланысты) жалпы саны.
      2) мынадай себептер бойынша сәтсіз қонуға бет алулар және/немесе автоматты қонулар туралы ұшу экипажы мүшелерінің баяндамалары:
      борттық жүйенің істен шығуы;
      жердегі құралдардың тұрақсыз жұмысы;
      диспетчерді көрсету бойынша екінші айналымға кету;
      басқа да себептер.
      989. Пайдаланушы әрбір әуе кемесінде автоматты қону жүйесінің жұмыс өлшемдерін бақылау тәртібін белгілейді.
158 параграф. II немесе III санаттары бойынша пайдаланушыдан рұқсат алу шарты
      990. Пайдаланушы II немесе III санаттары бойынша ұшу тәжірибесіз егер осы әуе кемесінде I санат бойынша кем дегенде, алты ай тәжірибесі бар болса, II немесе IIIА санаттары бойынша ұшуға рұқсат алады.
      Осы әуе кемесінің үлігісінде II немесе IIIА санаттары бойынша алты ай кезеңіндегі ұшулардың аяқталуы бойынша пайдаланушы IIIВ санаты бойынша ұшуға рұқсат алады. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан рұқсат алу кезінде ауыспалы кезеңде қандай да бір уақыт кезеңінде жоғары минимумды белгілейді.
      991. Жоғары минимум, әдетте, ҰҚЖ көрінуін арттыру және/немесе  «ҰҚЖ-сыз» минимумды қолдану бойынша шектеулерді білдіреді және кейіннен ұшу рәсімдеріне қандайда болмасын өзгерістерді енгізуды талап етпейтін сияқты таңдалады.
      992. II немесе III санаттары бойынша ұшу тәжірибесі бар пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өтінімі бойынша ауысу кезеңін қысқартуге рұқсат алады.
      993. Төмен көріну кезінде ұшуларды қамтамасыз ететін жабдықтарға техникалық қызмет көрсету. Пайдаланушы дайындаушы зауытпен келісім бойынша ұшларды автоматты басқарудың борттық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулық әзірлейді және оларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан бұған алдын ала рұқсат алып, әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету бағдарламасына қосады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет