Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы



бет13/26
Дата12.06.2016
өлшемі1.95 Mb.
#129917
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

122-параграф. Отын және май қоры
      736. Поршеньді қозғалтқышы бар ұшақ бортындағы отын мен май саны мыналарға мүмкіндік беруі тиіс:
      1) әуеайлақтың тағайындалған қону әуеайлағына дейін және одан кейін ұшу жоспарында және ӘҚҚ үшін ұшу жоспарында көрсетілген қосымша әуеайлақтың отынды жұмсау тұрғысынан анағұрлым сындарлыға (отын шығынына қарай) дейін ұшуды орындау және одан кейін ұшуды тағы 45 минут ішінде жалғастыру;
      2) тағайындалған пунктінің таңдалған қосымша әуеайлағы бар ұшуды орындау кезінде кету шегіне қарай кету мүмкіндігі;
      қосымша әуеайлаққа дейін ұшуды кетудің белгілі бір шегі арқылы орындау және одан кейін ұшуды 45 минут ішінде жалғастыру;
      3) қосымша әуеайлаққа дейін ұшуды орындау және ұшу уақытының бағыты бойынша ұшуға жоспарланған 15% отынды құрайтын қосымша отын қорын көздей отырып, одан кейін ұшуды 45 минут ішінде жалғастыру бірақ екі сағаттан астам емес;
      4) қосымша тағайындалған әуеайлақсыз ұшуды орындау кезінде ұшуды тағайындалған әуеайлаққа дейін орындау және оны тағы 45 минут ішінде жалғастыру.
      737. Газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақ бортындағы отын мен май саны мыналарға мүмкіндік беруі тиіс:
      1) тағайындалған пунктінің таңдалған қосымша әуеайлағы бар ұшуды орындау кезінде тағайындалған қону әуеайлағына дейін орындау, қонуға бет алуды және екінші шеңберге кетуді жүзеге асыру, ұшудың жұмыс жоспарында және ӘҚҚ үшін ұшу жоспарында көрсетілген қосымша әуеайлаққа дейін ұшуды орындау;
      2) одан кейін стандартты температуралық жағдайлар кезінде қосымша әуеайлақ үстінен 450 м биіктікте күту аймағында ұшу жылдамдығымен 30 минут ішінде ұшуды орындау, қонуға бет алуды және қонуды орындау;
      3) кез келген жағдайлар туындауына байланысты отын шығынының ұлғаюы кезінде ұшу үшін пайдаланушының немесе ӘКК көзқарасы бойынша отынның жеткілікті мөлшеріне ие болу.
      Тағайындалған пунктінің таңдалған қосымша әуеайлағы бар ұшуды орындау кезінде осы Қағиданың 455-тармағының 1)-7) тармақшасының талаптарын бұлттардың төменгі шекарасынан 50 м-ге және осы Қағиданың 461-тармағының талаптарын сақтай және көрініс қашықтығы бойынша 500 асырған кезде кету шегінен болуы мүмкін:
      ұшуды жоспарланған кету шегі арқылы қосымша әуеайлаққа дейін орындау, одан кейін оны қосымша әуеайлақ үстінен 450 м биіктікте 30 минут ішінде жалғастыру;
      немесе ұшуды тағайындалған қону әуеайлағына дейін орындау және одан кейін крейсерлік режимде отынды қалыпты жұмсау кезінде бір сағат ішінде жалғастыру;
      кез келген жағдайлар туындауына байланысты отын шығынының ұлғаюы кезінде ұшу үшін пайдаланушы көрсеткен немесе ӘКК назарға алған отынның қосымша жеткілікті мөлшеріне ие болу.
      Тағайындалған пунктінің қосымша әуеайлағысыз ұшуды орындау кезінде осы Қағиданың 460-тармағының талаптарын сақтау кезінде ұшуды тағайындалған әуеайлаққа дейін орындау:
      стандартты температура жағдайларында әуеайлақ үстінен отынның қалыпты шығыны кезінде 450 м биіктікте 1 сағат ішінде жалғастыру;
      кез келген жағдайлар туындауына байланысты отын шығынының ұлғаюы кезінде ұшу үшін пайдаланушы көрсеткен немесе ӘКК назарға алған қосымша отын мөлшерін қарастыру.
      Мүмкіндікті төтенше жағдайлар туындаған кезде қажетті отын мөлшері ұшып шығу әуеайлағынан тағайындалған әуеайлағына дейін ұшу кезінде шығындалатын отыннан 3% кем емес есебінен қабылданады.
      738. КҰҚ бойынша ұшу кезінде тікұшақ әуеайлағының бортында отын мен май саны қонуға тағайындалған тікұшақ айлағына дейін ұшуды орындауды, одан кейін ұшуды отынды жұмсау тұрғысынан оптималды жылдамдықта 20 минут ішінде жалғастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
      739. АҰҚ бойынша ұшу кезінде тікұшақ әуеайлағының бортында отын мен май саны мынаны қамтамасыз етуі тиіс:
      1) қосымша тікұшақ айлағына қажеттілік болмаған кезде (осы Қағиданың 735-тармағының «1» тармақшасында көзделген жағдайларда) ұшуды тағайындалған тікұшақ айлағына дейін орындау, одан кейін стандартты температура жағдайларында қосымша тікұшақ айлағы үстінен 450 м биіктікте күту аймағындағы жылдамдықпен 30 минут ішінде жалғастыру және қонуға бет алуды және қонуды орындау;
      2) қосымша тікұшақ айлағына (әуеайлаққа) қажеттілік болған кезде ұшуды тағайындалған тікұшақ айлағына дейін (әуеайлаққа) орындау, қонуға бет алуды және қонуға кешігіп бет алуды (екінші шеңберге кету) жүзеге асыру, одан кейін ұшуды ұшу жоспарында көрсетілген қосымша тікұшақ айлағына (әуеайлаққа) дейін жалғастыру, одан кейін ұшуды стандартты температура жағдайларында қосымша тікұшақ айлағы (әуеайлақ) үстінен 450 м биіктікте күту аймағындағы жылдамдықпен 30 минут ішінде орындау, қонуға бет алуды және қонуды орындау;
      3) табиғи қосымша тікұшақ айлағына (әуеайлаққа) қажеттілік болмаған кезде (осы Қағиданың 735-тармағының «2» тармақшасында көзделген жағдайларда) ұшуды тағайындалған тікұшақ айлағына дейін (әуеайлаққа) орындау және одан кейін тағайындалған тікұшақ айлағы (әуеайлақ) үстінен 450 м биіктікте күту аймағындағы жылдамдықпен бір сағат ішінде жалғастыру.
      740. Отын мен май санын есептеу кезінде мыналар ескеріледі:
      1) болжанған метеорологиялық жағдайлар;
      2) ӘҚҚ органдарының нұсқауы бойынша және метеожағдайлар бойынша бағыттан болжанған ауытқу, сондай-ақ әуе қозғалысымен байланысты кешігу;
      3) АҰҚ бойынша ұшуды орындау кезінде тағайындалған қону әуеайлағына аспаптар бойынша қонуға бір рет бет алу, сондай-ақ екінші шеңберге кету;
      4) әуе кемесінің қонуын кешіктіретін немесе отынның және (немесе) майдың көп жұмсалуын туындататын кез келген басқа жағдайлар.
      Ұшу бағыты өзгерген орыннан бастап Қағиданың осы тармағының 1)-4) тармақтарының талаптары сақталынуы мүмкін жағдайларда бағыттың өзгеруі және басқа әуеайлаққа бару мақсатында ұшудың ұшу жоспарында өзгеріс жасауға рұқсат етіледі.
123-параграф. Ұшуды орындау кезіндегі қосымша талаптар
      741. Пайдаланушы әуе кемесінің бортынан метеорологиялық қадағалауды жүргізу және оның нәтижелерін ӘҚҚ органына хабарлау, сондай-ақ ұшудың қарсы қауіпті жағдайлары туралы хабарлау тәртібін ҰЖН-де айқындайды.
      742. Бағыттың кез келген нүктесінен әуеайлаққа қону үшін жарамдығына дейін асатын тымық стандарттық атмосфера жағдайлары кезінде бір жұмыс істемейтін қозғалтқыштың крейсерлік жылдамдығында 60 минутқа сәйкес келетін қашықтықтағы бағыттарда ең жоғары ұшып көтерілу салмағы 45500 кг екі газтурбиналық қозғалтқышы бар ұшақтар пайдаланушылары мына қағидаларды (ETOPS) орындайды:
      1) ұшуларды, мүшелері осындай ұшуды орындау үшін арнайы даярлығы бар әуе кемесінің экипажы орындайды;
      2) пайдаланушы әуе кемесінің осындай ұшу экипаждарының мүшелерін даярлаудың тиісті бағдарламасын әзірлейді және ҰЖН-ге енгізеді, олар мыналарды қамтуы тиіс:
      бағытты және бағыттағы қосымша әуеайлақтарды таңдау қағидасы;
      бағыттың кез келген нүктесінен әуеайлаққа қону үшін жарамдығына дейін асатын тымық стандарттық атмосфера жағдайлары кезінде бір жұмыс істемейтін қозғалтқыштың крейсерлік жылдамдығында 60 минутқа сәйкес келетін қашықтықтағы бағыттарда ұшуды орындау кезінде ең аз жабдықтар тізімін қолдану;
      ұшар алдында және ұшуда отын қорына қойылатын талаптар;
      қосымша әуеайлаққа бағытта метеожағдайдың нашарлауы кезінде іс-қимыл тәртібі;
      крейсерлік ұшуда қозғалтқыштардың бірі тартылысты толық жоғалтқан кезде іс-қимылдар бойынша жаттығу;
      генераторлардан электр қорегін толық жоғалтқан кезде іс-қимыл жаттығуы.
      3) ұшуды жоспарлау кезінде, бағытта жарамды қосымша әуеайлақтарды таңдау кезінде келудің есептік уақытына дейін және кейін бір сағат ішінде әуеайлақтағы метеорологиялық жағдайлар мынадай болуы тиіс:
      дәл бет алу кезінде – бұлттардың төменгі шекарасының төменгі биіктігі көріністің мәлімденген қашықтығы мәнінен жоғары 800 м қашықтықта көріну кезінде 60 м ұлғайған DA/DH мәнінен төмен емес;
      дәл емес және көзбен шолып бет алу кезінде - бұлттардың төменгі шекарасының төменгі биіктігі көріністің мәлімденген қашықтығы мәнінен жоғары 1500 м қашықтықта көріну кезінде 1200 м ұлғайған MDH/MDA мәнінен төмен емес;
      4) пайдаланушы пайдаланушының сертификатына ерекшелікте әуе кемесінің түрі мен әуеайлағына қону үшін жарамды стандартты атмосфералық жағдайларда бас тартқан бір қозғалтқыш бар крейсерлік жылдамдықта ұшып өтіп бара жатқан қашықтыққа сәйкес келетін ең жоғарғы уақытты көрсете отырып, ETOPS қағидалары бойынша ұшуды орындауға рұқсаты бар.
124-параграф. Ұшу-техникалық сипаттамаларды
шектеуді есепке алу
      Ескерту. 124-параграф жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      743. Әуе кемесі ұшу жарамдығы сертификатының ережелеріне (ұшуға жарамдығы туралы куәлік) сәйкес және ӘК осы түріндегі ҰПН-да қамтылған ұшу-техникалық сипаттамалардың пайдалану шектеулерінде бекітілген шегінде пайдаланылады.
      744. Әуе кемесі ҰПН-да қамтылған ұшу-техникалық сипаттамасы туралы ақпарат алдағы ұшулар кезінде мынадай төмендегі:
      1) ұшақтар үшін – осы Қағидалардың 745, 747-752 тармақтарындағы;
      2) тікұшақтар үшін – осы Қағидалардың 745, 756-762 тармақтарындағы талаптар орындалуы мүмкін екендігін көрсеткен жағдайда ғана ұшуға рұқсат беріледі.
      Көрсетілген талаптарды орындау кезінде ӘК ұшу-техникалық сипаттамасына (салмағы, әуеайлақты асуға тиісті барометрлік биіктігі, температурасы; ҰҚЖ бейімделуі және ҰҚЖ жай-күйі, судың және (немесе) мұздың болуы, гидроұшақтар үшін су бетінің жай-күйі) әсер ететін барлық факторларды ескеру қажет.
      745. ӘК салмағы ұшып шығар алдында егер олар максималды ұшып шығу салмағын анықтауға арналған параметрлер ретінде пайдаланылса, нақты метерологиялық жағдайдың есебімен әуеайлақты асуға тиісті барометрлік биіктіктерге арналған ҰПН-да көрсетілгендей максималды ұшып көтерілу салмағынан аспайды.
      746. Бір қозғалтқышы бар ұшақтар қозғалтқыш істен шыққан жағдайда мәжбүрлі қонуды орындауға мүмкіндік беретін бағыттарда және олардан сондай істен шығуда ауа райы жағдайларында және жарықтықта ғана пайдаланылады.
      747. Ұшып көтерілу басындағы ұшақтың салмағы осы Қағидалардың 749-752 тармақтарында көрсетілген ұшу және отынды құю барысында салмақтың болжамды азаюын ескере отырып, осы Қағидалардың 750 және 751-тармақтарында көзделген себептер бойынша, ал қосалқы әуеайлақтар үшін – осы Қағидалардың 748 және 752-тармақтарында көрсетілген салмақтан аспайды.
      748. Тағайындалған қону әуеайлағына және тағайындалған пункттің кез келген қосымша әуеайлағына қонудың есептік уақытына әуе кемесінің есептік салмағы сол әуеайлақтардың асуына сәйкес барометрлік биіктік үшін, сондай-ақ кез келген басқа да жергілікті атмосфералық жағдайлар үшін, егер олар қону кезінде ең жоғары рұқсат етілген салмақты анықтау үшін өлшемдер ретінде пайдаланса, ҰПН-де көрсетілген ең жоғары ұшып көтерілу салмағынан аспайды.
      749. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы ұшып көтерілудің кез келген нүктесінде сындарлы қозғалтқыш істен шыққан жағдайда, ұшып көтерілуді тоқтатуға және үзілген ұшып көтерілудің орын алған қашықтығы шегінде тоқтап алуға немесе ұшып көтерілуді жалғастыруға және осы Қағидалардың 750-тармағында қамтылған талаптарды орындамағанша, жеткілікті қормен ұшу траекториясы бойынан барлық кедергілерден ұшып өтуге мүмкіндік береді.
      ҰҚЖ-ның орын алған ұзындығын айқындау кезінде ұшып көтерілу алдындағы осьтік жолға ұшақты шығару қажеттілігіне байланысты оның азаю мүмкіндігі ескеріледі.
      750. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы бағыттың кез келген нүктесінде немесе одан қосымша бағыттардан бас тартқан жағдайда жоспарланған сындарлы қозғалтқыштың істен шыққан жағдайда, ұшуды осы Қағидалардың 752-тармағының талаптары орындалуы мүмкін әуеайлаққа дейін, ең төменгі рұқсат берілген биіктікке дейін еш жерге төмендемей жалғастыруға мүмкіндік береді.
      751. Қосымша әуеайлақтарда орналасқан кез келген бағыттағы үш немесе одан көп қозғалтқыштары бар ұшақтардың ұшуы кезінде және ұшудың жалпы ұзақтығы қауіпсіздіктің жалпы деңгейін сақтау үшін екінші қозғалтқыштың істен шығуын ескеру қажет, ұшақ кез келген екі қозғалтқыш істен шыққан жағдайда, бағыттағы қосымша әуеайлаққа дейін ұшуды жалғастыруға және қонуға қабілетті.
      752. Ұшақтың ұшу-техникалық сипаттамасы биіктік қорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең төмендігімен қонуға бет алу траектория бойынан барлық кедергілерді ұшып өткеннен кейін және, егер гидроұшақ туралы сөз болса, тоқтау қажеттілігін, орын алған қону қашықтығының шегіндегі жеткілікті төмен жылдамдыққа қол жеткізуді ескере отырып, тағайындалған қону әуеайлағына немесе кез келген қосымша әуеайлаққа қонуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ӘК командирі, егер бұл ұшу-техникалық сипаттаманы белгілеу кезінде ескерілмесе, қонуға бет алу және қонуды орындау кезінде ұшу техникасында болжанған айырмашылықтарды ескереді.
      753. 3 классты тікұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы бар тікұшақтағы ұшу траекториясының кез келген нүктесінде қозғалтқыш істен шыққан кезде осы Қағидалардың 743-тармағында көрсетілген талаптар қолданылады.
      754. Ұшуды қауіпсіз жалғастырған кезде қозғалтқыш істен шыққан жағдайда қамтамасыз етілмейді, тікұшақта тасымалдау қауіпсіз жерге мәжбүрлі қону жағдайын орындау есебімен жүзеге асырылады.
      755. 3 классты ұшу-техникалық сипаттамалары бар тікұшақтарда АҰҚ бойынша жолаушылар тасымалын орындау осы Қағидалардың 756-тармағындағы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      756. 2 классты тікұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы ҰПН-де анықталған ұшып көтерілгеннен кейінгі нүктеге қол жеткізгеннен кейін кез келген сәтте сындарлы қозғалтқыштың бас тартуы жағдайында, осы Қағидалардың 758-тармағында көрсетілген талаптарды орындамағанша, ұшу траекториясының бойымен барлық кедергілердің тиісті қорын ұшып өтуді қамтамасыз ете отырып, ұшып көтерілуді жалғастыруға мүмкіндік береді.
      ҰПН-де анықталған ұшып көтерілгеннен кейінгі нүктеге қол жеткізгенге дейін сындарлы қозғалтқыш бас тартқан кезде осы Қағидалардың 754-тармағында көрсетілген талаптар қолданылады.
      757. 1 классты тікұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы мыналарға:
      1) ұшып қону кезінде шешім қабылдау нүктесінде немесе сол нүктеге дейін анықталатын сындарлы қозғалтқыштың істен шығуы жағдайында, ұшып көтерілуді тоқтатуға және үзілген ұшып көтерілудің орын алған аймағында тоқтауға;
      2) ұшып қону кезінде шешім қабылдау нүктесінде немесе сол нүктеге дейін анықталатын сындарлы қозғалтқыштың істен шыққан жағдайында, тікұшақ осы Қағидалардың 758-тармағында көрсетілген талаптарды орындамағанша, ұшу траекториясының бойымен барлық кедергілердің тиісті қорын ұшып өтуді қамтамасыз ете отырып, ұшып көтерілуді жалғастыруға мүмкіндік береді.
      758. 1 немесе 2 классты тікұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы бағыт бойынша ұшу траекториясының кез келген нүктесінде қозғалтқыш істен шыққан жағдайда, осы Қағидалардың 760-тармағында немесе 761-тармағында көрсетілген шарттарды орындай алатын орынға дейін, ұшудың кез келген нүктесінде рұқсат берілген биіктіктен төмен тікұшақтың төмендеуіне жол бермей, ұшуды жалғастыруға мүмкіндік береді.
      759. 3 классты тікұшағының ұшу-техникалық сипаттамасы барлық жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштар кезінде өзі тағайындаған бағыт бойынша немесе ұшудың кез келген нүктесінде ең төменгі абсолютті тиісті биіктігінен төмендеуге жол бермей, жоспарлы өзгерген бағыт бойынша ұшуды орындауға мүмкіндік береді.
      760. 1 классты тікұшағы қонуының ұшу-техникалық сипаттамасы туралы шешім қабылданған нүктеге дейін қонуға бет алу және қону кезеңінің кез келген нүктесінде сындарлы қозғалтқыш істен шыққан жағдайда, қонуға бет алу траекториясының бойында барлық кедергілерді ұшып өткеннен кейін тағайындалған тікұшақ айлағына немесе кез келген қосымша тікұшақ айлағына қонуды орындауға және орын алған қону қашықтығы шегінде тоқтауға немесе екінші шеңберге кетуді жүзеге асыруға және траектория бойында барлық кедергілерді ұшып өтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қону туралы шешім қабылдаған нүктеден кейін сындарлы қозғалтқыштың істен шыққан жағдайда, тікұшақтың қонуының ұшу-техникалық сипаттамасы қонуды орындауға және орын алған қону қашықтығы шегінде тоқтауға мүмкіндік береді.
      761. Қонуға дейін тән нүктеге дейін сындарлы қозғалтқыш істен шыққан жағдайда, 2 классты тікұшағы қонуының ұшу-техникалық сипаттамасы қонуға бет алу траекториясының бойында барлық кедергілерді ұшып өткеннен кейін тағайындалған тікұшақ айлағына немесе кез келген қосымша тікұшақ айлағына қонуды орындауға және орын алған қону қашықтығы шегінде тоқтауға немесе екінші шеңберге кетуді жүзеге асыруға және ұшу траекториясы бойында барлық кедергілерді ұшып өтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көрсетілген нүктеден кейін және қонуға дейін қозғалтқыш істен шыққан кезде осы Қағидалардың 753-тармағының талаптары қолданылады.
      762. Егер, әуеайлақта ұшып көтерілу, биіктікті бастап таңдау, қонуға бет алу және қону рәсімдері айқындалмаған жағдайда, пайдаланушы ҰПН белгілеген әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамасын ескере отырып, осындай рәсімдерді әзірлеу үшін кедергілер туралы деректерді пайдаланады.
125-параграф. Кеме құжаттары
      763. Әуе кемесінде 121, 122, 123-тармақтарда көрсетілген құжаттар болуы тиіс, оларды әуе кемесінің экипаж мүшелері уәкілетті лауазымды тұлғалардың талабы бойынша ұсынады.
      121, 122, 123-тармақтарға қосымша әуе кемесінің бортында мыналар болуы тиіс:
      1) MEL;
      2) «Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер бойынша азаматтық ӘК экипажына Нұсқаулық бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 6478 тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 365 бұйрығы;
      3) техникалық қызмет көрсету және оның пайдалануға жарамдылығы туарлы куәлік (борт журналындағы жазба);
      4) әуе кемелері үшін жиынтық жүктеме көрінісі;
      5) бас декларация (халықаралық ұшулар кезінде);
      6) жолаушылар ведомосы (манифест);
      7) жүк ведомосы (манифест), сондай-ақ қауіпті жүк туралы ақпаратты қамтитын құжат.
      764. Осы Қағиданың 121, 122, 123-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа әуе кемесінің бортында ұшу орындалатын аумақ үстінен мемлекет қағидалары бойынша талап етілетін өзге де құжаттар болуы тиіс.
      765. Осы Қағиданың 121-тармағында көрсетілген ұшуға тапсырма мына жазбаларды қамтуы тиіс:
      1) мемлекеттік және тіркеу тану белгілері бар әуе кемесі;
      2) ұшу күні;
      3) әуе кемесі экипаж мүшелерінің тегі және олар орындайтын міндеттемелер;
      4) ұшып кету және келу пункттері;
      5) ұшып көтерілудің және қонудың жоспарланған және нақты уақыты;
      6) ұшу мақсаты, рейс нөмірі;
      7) ұшуға қатысты ескертулер;
      8) ӘКК қолы;
      9) пайдаланушы белгілеген өзге де жазбалар.
      Ұшуға арналған тапсырма нысанын және оны жүргізу тәртібін пайдаланушы айқындайды.
126-параграф. Ең аз түзетілген жабдықтар тізбесі
      766. Қандай да болмасын аспаптың, жабдықтың немесе жүйенің істен шығуы кезінде коммерциялық әуе тасымалын орындауға талаптары осы Қағиданың 5-параграфында келтірілген MEL негізінде рұқсат беріледі.
      767. ТМД елдерінің әуе кемелерінде ұшуды орындау, істен шыққан аспаптармен, жабдықтармен немесе жүйемен ұшуды орындау үшін негіздеме ретінде ҰПН ережесі қолданылады.
127-параграф. Борттық аспаптар және жабдықтар
      768. Әуе кемесінің бортында пайдаланылатын әуе кемесіне және ұшу орындалуы тиіс шарттарына байланысты осы Қағиданың 33-параграфында, сондай-ақ 767-772 тармақтарында көрсетілген аспаптар мен жабдықтар орнатылады немесе болады.
      769. Әуе кемесі, әуе кемесінің ұшу экипажына ұшу траекториясын бақылауға, Қағидада талап етілетін кез келген маневрлерді жасауға және пайдаланудың күтілетін шарттарында осы ұшаққа қатысты пайдаланушылық шектеулерді сақтауға мүмкіндік беретін аспаптармен жабдықталады.
      770. Осы Қағиданың 33-параграфының талаптарына қосымша әуе кемесі мыналармен жабдықталады:
      1) жеңіл қол жетімді орындарда және осы әуе кемесінің тасымалында рұқсат берілген жолаушылардың санына сәйкес келетін санда, алғашқы жәрдемнің бір немесе бірнеше жиынтығын қамтитын қажетті медициналық құралдардың қоры;
      2) 250 астам жолаушыларды тасымалдау рұқсат етілген ұшақтарда ұшуда жедел медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер немесе басқа білікті тұлғалар пайдалану үшін медициналық құралдар жиынтығы;
      3) ұшақ ішінде улы газдардың қауіпті шоғырлануын құрамайтын көшпелі өрт сөндіргіш. Әуе кемесінің ұшу экипажының кабинасында және ұшу экипажының кабинасынан бөлектенген және экипаж мүшелері тікелей қол жеткізе алмайтын әрбір жолаушылар салонында кемінде бір өрт сөндіргіш орнатылады.
      771. АҰҚ бойынша ұшулар үшін ең жоғары ұшып көтерілу салмағы 5700 кг астам болатын әуе кемесі осы Қағиданың 155-173-тармақтарының талаптарына қосымша әуе кемесінің кеңістік жағдайын көрсететін электр аспаптар үшін авариялық қоректену көзімен жабдықталады, ал 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін пайдалануға берілген әуе кемелері электр жабдықтаудың негізгі жүйесіне байланысты емес және кемінде 30 жұмысты қамтамасыз ететін және ӘКК авиакөкжиекке қарық түсіретін авариялық қоректену көзімен жабдықталады.
      Авариялық қорек көзі электрмен қамтудың негізгі жүйесі толық бас тартқаннан кейін автоматты түрде тоқталады және аспапты тақтада әуе кемесінің авиакөжиегі (авиакөкжиектері) авариялық қорек көзінен жұмыс істейтіндігі нақты көрсетіледі.
      772. Жоғары ұшып көтерілу салмағы 5700 кг астам болатын немесе бортында 9 астам жолаушыларды тасымалдауға рұқсат берілген өзге әуе кемелер ұшу бағытындағы аймақтың бағалау функциясы бар, әуе кемесінің ұшу экипажына жер бетінің әлеуетті қауіпті жақындығы туралы ескертуді автоматты түрде ұсынатын, жердің жақындығы (GPWS-қысқартылған атауы ағылшын тілінде) туралы ескерту жүйесімен жабдықталады.
      773. Ұшып көтерілу салмағы 5700 кг астам немесе бортында 19 астам жолаушыларды тасымалдауға рұқсат берілген газтурбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтар соқтығысуларды ескертудің борттық жүйесімен (СЕБЖ) жабдықталады.
      Ескерту. 773-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      774. Сурет үлбіріне жазылған ұшу деректерінің ұшу өлшемдерін (өздігінен жазғыш) борттық тіркеуді пайдалануға тыйым салынады.
      775. Өздігінен жазу болған кезде оларды әуе кемесінің экипажы ұшар алдында қолмен немесе автоматты түрде енгізеді және барлық ұшу кезінде енгізілмейді.
      776. Авиациялық оқиға немесе соқтығыс жағдайында, әуе экипажының борттық өздігінен жазбасы ұшу аяқталған бойда енгізеді және «Авиациялық оқиға немесе соқтығыс жағдайын тексеру Қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысымен көзделген тәртіпте берілгенге дейін жаңадан енгізілмейді.
      777. Пайдаланушы электронды навигациялық деректері бар бағдарламалық өнімдерді пайдалануға қатысты осы Қағиданың 695-тармағының талаптарын орындайды.
128-параграф. Авиациялық қауіпсіздік
      778. ӘК-дегі ұшу экипажы кабинасының есігі (ол орнатылған жерде) осы Қағиданың 106-тармағында көзделген тұлғалардың кіруі мен шығу мүмкіндігін қамтамасыз етуге қажетті жағдайларды қоспағанда, оларды шығару үшін кез келген осындай есік ашылғанға дейін жолаушыларды отырғызғаннан кейін барлық сыртқы есіктер жабылған сәттен бекітілген қондырғыда жабық тұрады.
      779. Пайдаланушы әуе кемесін тексерудің бақылаушы тізбенің әуе кемесінің бортында болуын қамтамасыз етеді, оны болжанған диверсия жағдайында жарылғыш қондырғыны іздеу кезінде және әуе кемесін жасырылған қару, жарылғыш заттар немесе басқа қауіпті қондырғыны анықтау мәніне тексеру кезінде, әуе кемесі авиация саласындағы қызметке заңсыз араласу актісіне кезігуіне қатысты күдік болғанда басшылыққа алу қажет.
      780. Пайдаланушы саласындағы қызметке заңсыз араласу салдарларының ең азын мәлімдеуге бағытталған және мына элементтерді:
      1) оқиғаның қауіптілік деңгейін бағалауды;
      2) экипаж мүшелері арасындағы байланысты және үйлестіруді;
      3) өзін қорғаудың тиісті шараларын;
      4) экипаж мүшелеріне арналған қорғаныс қондырғыларын қолдануды;
      5) террористердің мінез-құлқын және жолаушылар реакциясын бақылау әдістермен танысуды;
      6) әртүрлі жағдайларды, қауіптерді ескере отырып, нақты жағдайдағы іс-қимылды пысықтау бойынша оқытуды;
      7) әуе кемесін қорғау мақсатында ұшу экипажының кабинасындағы іс-қимыл тәртібін;
      8) әуе кемесін қарап тексеру қағидалары және қауіпті заттарды орналастыру үшін анағұрлым қауіпті орынға қатысты ұсынымдарды өзінде қамтитын анағұрлым дұрыс іс-қимылдарды экипаж мүшелерін қабылдауды қамтамасыз ететін авиациялық қауіпсіздік бойынша әуе кемесінің экипаж мүшелерін даярлық бағдарламасын белгілейді және орындайды.
      781. Пайдаланушы, оның қызметкерлері терроризм актілерін немесе азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласудың басқа нысандарын тоқтатуға ықпалын тигізе алатындай, өз қызметкерлерін әуе кемесінде тасымалдауға арналған жолаушыларға, багаждарға, жүктерге, поштаға, жабдықтарға, қорлар мен борттық тамақтарға қатысты ескерту шараларымен және әдістерімен таныстыру мақсатында даярлау бағдарламаларын белгілейді және орындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет