Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы


Жалпы мақсаттағы жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің



бет14/26
Дата12.06.2016
өлшемі1.95 Mb.
#129917
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

10. Жалпы мақсаттағы жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің
ұшуды орындау ерекшеліктері
129-параграф. Планерларда, дельтапландарда, парапландарда ұшу
      782. Ұшу-қону алаңында ұшуды ұйымдастыру, әуе кеңiстiгiн пайдалану және дельтопландарда ұшуды басқару азаматтық авиация қызметі және әуе кеңістігін пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      783. Дельтопландарда ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында мынадай ерекшелiктер ескерiлуi тиiс:
      1) ұшудың биiктiгi мен бағыты бойынша ауыспалы профилi, ол экипаждың ауаның шығыс ағындарын іздеуіне байланысты;
      2) қалқу үшiн метеожағдайдың болмауынан бағыттың кез келген учаскесiнде ұшуды мәжбүрлi тоқтату мүмкiндiгi;
      3) бағытты ұшуды орындайтын экипаждармен сенiмдi радио-байланыстың болмауы.
      784. Дельтопландарда бағытты ұшудың қауiпсiздiгiне:
      1) бағыттар бойында мәжбүрлi қону жағдайына арналған алаңы бар қауiпсiздiк жолағын (дәлiзiн) орнатумен;
      2) дельтопландардың ұшу ауданына басқа ұшу аппараттарының кiруiне тыйым салумен;
      3) экипаждың байқағыштығымен;
      4) ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз ету арқылы қол жеткiзiледi.
      785. Егер екi немесе одан көп ауадан ауыр ұшу аппараттары қону мақсатында әуеайлаққа жақындаса, неғұрлым жоғары деңгейдегi әуе кемесi неғұрлым төменгi деңгейдегi әуе кемесiне жол бередi, алайда соңғы кеме бұл ереженi қонуға бағыт алудың соңғы сатысындағы басқа әуе кемесiнiң жолын кесiп өту үшiн немесе осындай әуе кемесiн басып озу мақсатында пайдаланбайды. Күш қондырғысымен қозғалысқа келтiрiлген ауадан ауыр әуе кемесi планерларға жол бередi.
      786. Басып озылатын ұшу аппараты бiрiншi кезектiлiк құқығын пайдаланады, ал озып кеткен ұшу аппараты оның биiкке көтерiлгенiне, төмендегенiне немесе көлденең ұшқанына қарамастан, оңға бұрылып жол бередi; бiр-бiрiне қатысты осы екi ұшу аппаратының қозғалысындағы бұдан кейiнгi ешқандай өзгерiстер жеткiлiктi қашықтауды қамтамасыз еткен кезде озу толығымен аяқталғанға дейiн озып кеткен ұшу аппаратын осы талапты орындаудан босатпайды.
      787. Екi ұшу аппараты қарама-қарсы бағытта немесе қарама-қарсыға жақын бағытта жақындаған кезде және бұл ретте соғысып қалу қаупi болса, онда осы ұшу аппараттарының әрқайсысы оңға бұрылып кетедi.
130-параграф. Аэростаттарда ұшуды орындау
      788. Аэростаттарда ұшу коммерциялық, спорттық және ғылыми мақсатта тәулiк бойы орындалуы мүмкiн. Ұшуға мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерi бар ұшуда пайдалануға жарамды және ӘҚҚ органдарымен байланыс құралы бар аэростаттар жiберiледi.
      789. Аэростатты пайдалану аумағынан оны ұшыру жүргiзiлетiн мемлекеттiң уәкiлеттi авиациялық органдарының рұқсатымен жүргiзiледi.
      790. Аэростаттың басқа мемлекеттiң аумағы арқылы ұшуы осы мемлекеттiң рұқсатын алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады. Егер ұшуды дайындау кезiнде аэростат басқа мемлекеттiң аумағының әуе кеңiстiгiнде самғауы мүмкiн деп нақты күтiлсе, мұндай рұқсат аэростаттың ұшуы алдында алынады.
      791. Аэростат тiркеу мемлекетi және аумағының үстiнен ұшу ұйғарылатын мемлекет (мемлекеттер) анықтайтын шарттарға сәйкес пайдаланылады.
      792. Аэростаттарда ұшуды жоспарлау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      793. Ұшқыш аэростаттың стартынан кейiн дереу ұшуды басқару орталығына және ӘҚҚ органына мынадай ақпарат бередi:
      1) аэростаттың ұшуын (мақсатын) белгiлеу;
      2) старт орны, шақыру белгiлерi;
      3) iс жүзiндегi старт уақыты;
      4) ұшу биiктiгiн алудың есептi уақыты;
      5) ӘҚҚ органына алдын ала хабарланған ақпараттағы кез келген өзгерiстер.
      794. Ұшу процесiнде ұшу биiктiгiн өзгерту қажет болған кезде аэростаттың ұшқышы, егер ұшуға өтiнiмде ұшу ауданының шегiндегi барлық биiктерде ұшуға рұқсат көрсетiлмесе, ұшуды басқару орталығынан немесе ӘҚҚ диспетчерiнен осы маневрге рұқсат алуы тиiс.
      795. Ұшудың бүкiл ұзақтығында аэростаттың ұшқышы жауапкершiлiк аймағында орналасқан ӘҚҚ органы жұмысының белгiленген байланыс радиожилiгiн тыңдайды.
      796. Жоспарланған төмендеу басталғанға дейiн 20 минут бұрын ұшқыш ұшуды басқару орталығына және ӘҚҚ тиiстi органына мынадай ақпаратты жiбередi:
      1) осы сәттегi орналасқан орны;
      2) ұшудың эшелоны (барометрлiк биiктiгi);
      3) жерге қонудың есептi уақыты мен орны.
      797. Ұшуды аяқтау үшiн төмендеудiң тiкелей алдында аэростаттың ұшқышы ұшуды басқару орталығына және ӘҚҚ органына өзiнiң шақырылу белгiсiн, жерге қону орнын (ауданын) және жерге қонудың ұйғарылатын уақытын хабарлайды.
      798. Жерге қонғаннан кейiн аэростаттың ұшқышы егер радиобайланыс мүмкiндiк берсе, 5 минуттан кешiктiрмей ұшуды басқару орталығына және ӘҚҚ органына ұшудың аяқталғаны және бұдан кейiнгi iс-әрекеттерi туралы баяндайды.
      799. Аэростатты, дирижабльдi басқаруға жасы 18-ден кiшi емес, арнайы дайындық алған, аэростаттарда және дирижабльдерде ұшу құқығына тиiстi құжаттары бар адамдар жiберiледi.
      800. Ұшу уақытында аэростатта, дирижабльде мынадай құжаттар мен жабдық болуы тиiс:
      1) тiркеу туралы куәлiк;
      2) ұшуға жарамдылығы туралы куәлiк;
      3) борт журналы;
      4) ұшу картасы;
      5) борт радиостанцияларына рұқсат;
      6) Ұшуды басқару орталығымен және ӘҚҚ органдарымен радиобайланыс жасауға мүмкiндiк беретiн борт радиостанциялары;
      7) ұшу биiктiгiн есептеуге және бақылауға арналған барометр (биiктiк өлшегiш);
      8) компас;
      9) өрт сөндiрудiң алғашқы құралдары.
      801. Аэростаттарда, дирижабльдерде ұшуды орындауға рұқсат етiлетiн ең төменгi метеорологиялық жағдайлар түрлi аудандар үшiн әзiрленетiн ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтарда келтiрiледi.
      802. Ұшулардың орындалуын жоспарлау болжанатын метеожағдайлардың негiзiнде: көру мүмкiндiгi 5000 м кем емес және бұлттардың төменгi шекарасы 400 м кем емес биiктiкте жүзеге асырылады.
      803. Ұшуларды орындау iс жүзiндегi ауа райында жүргiзiледi, бұл ретте жерде желдiң жылдамдығы 5 м/сек-тен аспауы тиiс, ұшудан төмен биiктiктегi бұлт мөлшерi 4 октанттан аспауы тиiс.
      804. Аэростаттардың, дирижабльдердiң iрi қалалардың немесе кенттердiң халық қоныстанған аудандарының үстiнен, сондай-ақ ашық ауада адамдардың шоғырының үстiнен ұшып өтуiн 300 м төмен емес биiктiкте жүргiзуге рұқсат eтiледi.
      805. Ұшуды басқару орталығынан, ӘҚҚ органдарынан бағыт бойынша аэростат үшiн қауiптi метеорологиялық құбылыстардың (найзағай, бұршақ  бұлғақтау, желдiң жылжуы, мұз қату, құйын, дауыл, шаңды боран, күштi нөсерлеткен жауын-шашын) бар болуы туралы ақпарат алған немесе өзi дербес қадағалаған жағдайда аэростат ұшқышы, ұшуды басқару орталығы мен ӘҚҚ органын жерге қону туралы хабардар ете отырып, жақын маңдағы бұл үшiн ыңғайлы жерге оны қондыруды қамтамасыз етуi тиiс.
11. Авиациялық жұмыстарды жүргiзу кезiндегi ұшу
      806. Пайдаланушылар авиациялық жұмыстарды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесіне қарай азаматтық ӘК қолдана отырып орындайды.
      807. Авиациялық жұмыстарды орындау үшiн ұшу олардың мақсатына, орындау қағидаларына және орындау технологиялары ерекшеліктеріне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:
      1) авиациялық-химиялық жұмыстар;
      2) әуеден суретке түсiру;
      3) орманавиациялық жұмыстар;
      4) құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстары;
      5) көлік-байланыс жұмыстары;
      6) ашық теңiздер мен мұхиттар аралдарында ұшу;
      7) теңiз кемелерiнен және теңiздегi бұрғылау қондырғыларынан ұшу;
      8) халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық iс-шаралар жүргiзу мақсатында ұшу;
      9) тәжiрибелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшін ұшу;
      10) парашюттерді десанттауға немесе парашюттерде жүкті түсіру  бойынша ұшу;
      11) авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары;
      12) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үстіндегі құралдары, авиациялық радиобайланыс және әуеайлақтық схемалар;
      13) басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесіне қарай мамандандырылған операциялардың орындалуына байланысты басқа да авиациялық жұмыстардың түрлері.
      808. Авиациялық жұмыстардың белгілі бір түрін орындау ерекшеліктерін пайдаланушы ҰЖН-де көздейді, оның ішінде:
      1) авиациялық жұмыстың нақты (белгілі бір) түрлерін орындау шарттары және тәртібі;
      2) пайдалану тәртібін айқындау, ал қажет жағдайда бақыланбайтын әуеайлақтарды, отыру орындарын және олардың жабдықтарын пайдаланушылық жағдайда ұстау;
      3) олардың ерекшеліктері тұрғысынан авиациялық жұмыстарды орындауды қамтамасыз етудің санитарлық, экологиялық және өзге шарттары;
      4) тиісті аумақтың экологиялық ерекшеліктерімен немесе осы аумақта көлік құралдары мен адамдардың болудың ерекше режимімен байланысты авиациялық жұмыстарды орындауға шектеу;
      5) әуе кемесінің экипаж мүшелерінің демалысы үшін тұрғын үй-тұрмыстық шарттарын құру және пайдалану тәртібі;
      6) олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
      809. Жұмыс технологиясымен көзделген жағдайда, әуе кемесінің ұшу экипажының құрамында тиісті үлгідегі және белгіленген тәртіпте сақтандырылған қолданыстағы куәлігі (сертификаты) бар тапсырыс берушінің мамандары (қадағалаушы ұшқыштар, штурмандар, бортоператорлары және т.б.) енгізілуі мүмкін.
      810. Авиациялық жұмыстарды орындау үшін жіберілетін ұшу құрамы мен басқа да мамандар тиісті арнайы дайындыққа ие болуы тиіс.
      811. Негізгі әуеайлақтан алыста жұмыс істеу кезінде ұшуға арналған тапсырма жұмыстың барлық кезеңіне беріледі.
      812. Авиациялық жұмыстарды жасау мақсатында ұшу ауа райы жағдайында және аталған жұмыс түрі үшін белгіленген тәулік уақытында орындалады.
      813. Жұмыстар басталар алдында, ал бар ауа райы болжамының қолдану мерзімін асыратын, уақытта тағайындалған пунктте (жұмыс процесінде) әуе кемесінің кезігуі кезінде ӘК командирі қажет уақыт кезеңінде қолданылатын басқа болжамды алады, нақты ауа райына талдау жасайды және ұшуды орындауға шешім қабылдайды.
      814. Жер үсті арналары бойынша ауа райы болжамын алу мүмкін болмаған жағдайда ӘК командиріне нақты ауа райы кезінде радио бойынша ауа райы болжамын алу үшін ӘК командирі минимумынан төмен емес ұшып көтерілуді жасауға рұқсат етіледі.
      Ауа райы болжамысыз қайта ұшуды орындау немесе авиациялық жұмыстарды жасауға тыйым салынады.
      815. Әуе кемесінің ӘК командиріне аралық қонудан кейін авиациялық жұмыстарды орындау кезінде, ал қайта ұшып көтерілу кезінде негізгі әуеайлақта шешім қабылдауға рұқсат беріледі, ал ӘҚҚ органына мына жағдайларды:
      1) алдағы ұшуға даярлық жұмыс басталар алдында толық жүргізілгендігін (әуе кемесі командирінің баяндамасы бойынша);
      2) негізгі және қосымша әуеайлақтарға (алаңдарға) бағытта ұшуды орындауға кедергі болатын өзгерістер болмауын;
      3) ауа райы болжамының қолданыс мерзімі ұшуға арналған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуін (ауа райы болжамын радио бойынша беруге рұқсат етіледі);
      4) әуе кемесінде тоқтау уақыты бір сағаттан аспайтынын сақтау кезінде радио бойынша ұшып кетуге рұқсат береді.
      Бұл жағдайда ұшып кетуге шешім қабылдау негіздемесі үшін жауапкершілік әуе кемесінің командиріне жүктеледі.
      816. Бақыланатын әуе кеңістігінде авиациялық жұмысты орындау бойынша ұшу кезінде ӘК командирі ол тұрған жауапкершілік аймағында жұмыстың басталуы туралы ӘҚҚ органына баяндайды және онымен әрбір 60 минуттен жиі емес, егер осы ӘҚҚ органы өзге тәртіпті белгілемесе, радио бақылаушы байланысты қолдайды.
      817. Қону алаңдары (әуеайлақтары) әдеттегідей жер үсті іздеумен таңдалады. Жеке жағдайларда, тиісті рұқсат болған кезде әуе кемесінің командиріне әуеден оларды қағып алуға рұқсат беріледі.
      818. Әрбір әуеайлаққа (қону алаңына) Ұшудың негізгі қағидаларының талаптарына сәйкес ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулық әзірленеді.
      819. Әуеден қону алаңдарын таңдай отырып, ұшуға мыналар жатады:
      1) процесінде алдын ала дайындалмаған жер учаскесіне қону жасалатын ұшу, сондай-ақ әуеайлақтан тыс салбырау режимінде тікұшақтар орындалатын операциялар;
      2) ӘҚҚ органдарымен радиобайланысты құралдар болмаған кезде, қолайлы дайындалған әуежайларға және қону алаңдарына қона отырып, авиациялық-химия жұмыстарынан басқа, ӘК командиріне алғашқы ұшу.
      820. Әуеайлақтан тыс ниетті қонуды орындау кезінде әуе кемесінің экипажы қонуға бет алу алдында болжанған қону орнын, оның өлшемін, еңісін және бедер жағдайын бағалау мақсатында қарап шығуы тиіс.
      Қарап шығу кедергілер үстінен кемінде 100 метр биіктіктен басталуы және таңдалған қону бағытында кемінде 10 метр биіктікке дейін төмендей отырып, орындалуы тиіс.
      821. Өндірістік қажеттілік мақсатында тапсырыс беруші өкілінің өтінімі бойынша ӘК командиріне жұмыс ауданы шегінде ұшу бағыты мен қону орнын, бұл туралы әуе кеңістігінде бақылайтын ӘҚҚ органына алдын ала хабарлай отырып, өзгертуге рұқсат беріледі.
      822. Осы Қағиданың, авиациялық жұмыс түрлерін және ұшуға арналған тапсырманы орындау қағидаларының талаптарына қайшы келетін тапсырыс беруші нұсқауларын (өтінішін, ұсынысын) орындауға тыйым салынады.
      823. Сыртқы аспаларды қолдана отырып, тікұшақтарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын, түсіру-тиеу операцияларын, жүк тасымалдарын жасауға рұқсат берілмейді, егер тапсырыс беруші:
      1) тасымалдауға және техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтауға жүктерді даярлау технологияларын сақтауды қамтамасыз етпесе;
      2) өз тарапынан ресми тәртіпте көрсетілген жұмыс түрлерін жауапты басшыны тағайындамаса.
      Бұл жағдайларда тікұшақ командирі ұшуға өтінімнің кері жағында тиісті жазбаны жасайды.
      824. Тапсырыс берушiнiң өтiнiмдерi бойынша әуе кемелерiнде тасымалданатын жолаушылар және жүктер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1522 қаулысымен бекiтiлген Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларына сәйкес ресiмделедi.
      Ескерту. 824-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 20.09.2013 № 733 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      825. Жүктің нақты салмағының тасымалдау үшін өтінімде берілген мәндерге сәйкестігіне тапсырыс беруші жауапты болады.
      Әуе кемесінің шекті ұшып көтерілу және қону салмағын сақтау үшін жауапкершілік әуе кемесінің командиріне жүктеледі.
      826. Негізгі әуеайлағынан жұмыс орнына және кері, сондай-ақ бір жұмыс әуеайлағынан (алаңынан) басқа авиация жұмысы ауданына жеке өздігінен ұшуға (тасымалдаусыз) әуеден қону алаңын таңдауға құқығы бар трассадан тыс ұшуға рұқсат берілген әуе кемесінің командирі орындайды.
131 параграф. Авиациялық-химиялық жұмыстар
      827. Жаппай авиациялық-химиялық жұмыстарды (бұдан әрі – АХЖ) орындау кезеңінде техникалық қызмет көрсету және ұшуды қамтамасыз ету үшін пайдаланушы жедел басшылықты және бақылауды сүйеніш базаның жұмыс істеуінде ұйымдастыра алады.
      Әрбір әуе кемесі әуеайлағынан алғаш ұшып кету алдында толық ұшу салмағында және орнатылған ауыл шаруашылығы аппаратурасында бақылаушы ұшып кетуде (аралап ұшуда) тексеріледі.
      Аралап ұшу нәтижелері формулярға және әуе кемесінің борттық журналына жазылады.
      828. Негізгі әуеайлағынан АХЖ орнына және кері, сондай-ақ бір жұмыс әуеайлағынан (қону алаңынан) басқаға ұшулар КҰҚ бойынша орындалады
      829. АХЖ орындау рұқсат етіледі:
      1) тегiс және қыратты жерлерде – кемінде 3000 м көріністе (тікұшақта – 2000 м) және бұлттардың төменгі шекарасынан кемінде 150 м биіктікте, ал таулы жерлерде және таулы далада еңістерден ұшудың соңғы нүктесінен қашықтықта кемінде 5 км;
      2) таулы жерде - кемінде 5 км көріністе және ұшу биіктігінен бұлттар шекарасынан төмен кемінде 100 м биіктіктен асуды қамтамасыз ете отырып, бұлттар төменгі шекарасынан кемінде 300 м биіктікте.
      830. ӘКК мына жағдайда:
      1) қауіпті метеоқұбылыс болмаса;
      2) АХЖ орындауға нақты ауа райы мен бұлттардың төменгі шегінің биіктігі мен көрінуі бойынша ауа райы болжамы минимумнан төмен болмаса;
      3) жұмыс ауданында ұшуға тыйым салынбаса АХЖ орындауға шешім қабылдайды.
      831. Ұшуларды орындау тәртібі, ауа райы болжамы АХЖ орындау үшін минимумға сәйкес келмесе, жұмыс ауданындағы командалық-ұшу құрамы өзіне бағынатын экипажға белгіленген минимумнан төмен емес нақты ауа райы кезінде ұшуды орындауға рұқсат береді. Ұшуды орындауға рұқсат берген командалық-ұшу құрамының адамы ұшудың барлық кезеңінде ауа райының өзгерісін қадағалап, ол бұзылған жағдайда ұшуға тыйым салады.
      832. АХЖ-ға өздігінен шабуылдың кемінде 500 сағатқа ие ӘК командирінің шешім қабылдауы, әуеден қону орындарын таңдау құқығы бар ұшуға рұқсаты және ұшуға арналған тапсырмаға, мына жағдайларда нақты ауа райы бойынша ұшуды орындауға тиісті рұқсаты:
      1) көрінісі 5000 м және астам;
      2) бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі белгіленген минимумнан 100 м жоғары;
      3) желдің жылдамдығы осы үлгідегі немесе АХЖ түрі әуе кемесі үшін рұқсат етілгеннен астам емес;
      4) өңделетін учаскеге дейінгі ұшу уақыты 20 минуттан астам емес.
      Төменде көрсетілген ескертулерден ауа райы нашарлаған жағдайда әуе кемесінің командирі ұшуды орындауды тоқтатады.
      833. Учаскені пысықтауды бастағанға дейін ӘК командирі кедергілердің орналасуын және тән бағдарларды айқындайды (жер үсті тәсілімен немесе ауадан).
      Осындай мақсатпен учаскені аралап ұшу кедергілер үстінен кемінде 50 м биіктікте тікбұрышты бағыт бойынша орындалады.
      834. Учаскелерді (алаңдарды, бақшаларды, жүзімдерді және т.с.) пысықтау кезінде жер бедерінде 5 м төмен емес биіктікте, орманның жеке ағаштары ұшында – 10 төмен емес биіктікте орындалуы тиіс.
      835. Учаскелерді пысықтау үшін ұшу күн шыққанға дейін 30 минуттен кеш емес, ал таулы жерде – күндіз (күн шыққаннан кейін) бастауға рұқсат етіледі. Көрсетілген ұшуға күн батқаннан кейін тыйым салынады.
      836. Пысықталатын учаскелерге және кері әуе кемесінде ұшу кедергілер үстінен кемінде 50 м биіктікте қысқа қауіпсіз бағыт бойынша орындалады.
      837. Учаскелерді пысықтау кезінде кедергілер үстіндегі бұрылыстар ұшақтарда кемінде 50 м және тікұшақтарда 30 м биіктікте орындалуы тиіс. Әуе кемесінің жантаюы ҰПН-ге немесе оған ұқсас құжатқа сәйкес ұсталады.
      Учаске шекарасында орналасқан кедергілерді кемінде 10 м, ал жоғары вольтты ЭБЖ (бұдн әрі -ЭБЖ) үстінен – кемінде 20 м аса түсіп ұшып өтуге рұқсат етіледі.
      838. Күрделі жер бедерінде, сондай-ақ оларда жоғары вольтты ЭБЖ болған кезде пысықтау учаскелері бойынша ұшуды орындау тәртібі мен шарттары белгіленген тәртіпте бекітілетін осындай учаскелерді пысықтау бойынша нұсқаулықта айқындалады.
      839. Әуе байланыс желілері мен электр таратқыштармен қиылысатын учаскелер үстінен сым бойы ұшып өтуге желдің жылдамдығы кезінде сымдар желілерінен кемінде 50 м қашықтықта 8 м/с аспай жел жақтан; желдің жылдамдығы кезінде сымдар желілерінен кемінде 50 м қашықтықта 5 м/с дейін ық жақтан, және 6-дан 8-ге дейін м/с жел жылдамдығы кезінде 100 м кем емес рұқсат беріледі.
      840. Тау еңістерінде учаскелерді пысықтау үшін бет алу бағыттары әдеттегідей тік еңіс бойы орындалады. Еңіс бойы жоғары бет алу жұмыс биіктігін және белгіленген ҰПН кем емес жылдамдықты сақтау кезінде жасауға рұқсат беріледі.
      841. АХЖ орындау кезінде айналмалы бұрамалары бар тікұшақты жүктеу тек авиациялық-техникалық құрам тұлғасының басшылығымен жасалады.
      842. АХЖ-де ұшуды орындау кезінде әуе кемесінің ұшу экипажына мынаған:
      1) химикаттардың шығуын қадағалау үшін артқа қарауға;
      2) егер көкжиек үстінен күннің шығуы 15 градустан кем болса, ал күннің бұрышы 30 градустан кем болса, учаскелерді өңдеу, ұшып көтерілу және қонуды орындауға;
      3) химикаттардың шығуын кешіктіруді жою мақсатында эволюцияны орындауға;
      4) елді мекендер үстінен шоғырланбаған ұшуды жасауға және әуе кемесінің бортына тапсырманы орындаумен байланысты емес тұлғаларды алуға;
      5) ұшу экипажының мүшелеріне ұшу аяқталғанға дейін жұмыс орнын босатуға тыйым салынады.
132 параграф. Әуеден суретке түсiру
      Ескерту. 132-параграф жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      843. Әуеден суретке түсiру бойынша ұшуға мыналар жатады:
      1) аэрофото түсiру;
      2) iздестiру-суретке түсiру;
      3) аэросурет түсiру;
      4) аэро көзбен шолу.
      Жұмыс басталар алдында, суретке түсiру ауданының (қауiптiлiгi аз биiктiкте) байқап зерттеп ұшуды жасайды.
      844. Түсiру ұшуларын орындау кезiнде 50 м кем нақты биiктiкте:
      1) бұрылулар кемiнде 50 м биiктiкте жасалады;
      2) қисаю бұрышы 30 градустан астам емес;
      3) шығару қондырғыларымен – қисаю бұрышы 20 градустан астам емес.
      845. Егер паралельдi бағыттар арасындағы қашықтық кемiнде 20 км болса, бiр учаске үстiнен екi әуе кемесiне бiр уақытта ұшуға рұқсат берiледi. Бұл ретте ӘК командирi өзiнiң орналасқан орны туралы уақытылы ақпараттандыру үшiн бiр-бiрiмен радиобайланыста тұрады.
      Әуе кемесінің тобына әуе суретке түсіруді орындауға пайдаланушы белгіленген тәртіпте нұсқаулықты бекітуге дайындалады.
      846. Аэрофото түсiру ұшулары аэрофото түсiру аппаратурасымен жабдықталған әуе кемелерiмен фото түсiру мақсатында жасалады.
      Аэрофото түсiру учаскесiнiң үстiнен ұшу 760 мм рт.ст. (1013,25 мбар/пГа) стандартты атмосфералық қысым бойынша берiлген шығуда жасалады.
      Учаскеден учаскеге ұшулар және ұшу эшелонының (биiктiгiнiң) өзгеруi кезiнде фотоға түсiру ӘҚҚ органының рұқсатымен жасалады.
      847. Iздестiру-суретке түсiру ұшулары аэрогеофизикалық суретке түсiрудiң әр түрлi түрлерiн өткiзу мақсатында орындалады.
      Iздестiру-суретке түсiру ұшулары шектi шағын биiктiкте өткiзiлуi мүмкiн.
      Шығару қондырғылары бар аппаратурамен жабдықталған әуе кемесiнiң iздестiру-суретке түсiру ұшуларын орындау кезiнде, егер осы әуе кемесi немесе сурет түсiру аппаратурасы үшiн басқа шектеулер болмаса, ұшудың ең төменгi рұқсат етiлген биiктiгi жiберiлген тросс ұзындығына ұлғаяды.
      Мезеттiк қимылдағы автоматты троскескiштiң болмауы кезiнде шығарылатын қондырғылары бар әуе кемелерiнде ұшуға рұқсат етiлмейдi.
      848. Тау жерде ұшу кезiнде күннiң жарығы түскен және ық жақта тұрған еңiстерден ұстану қажет.
      Мыналарды орындауға:
      1) шайқалу кезiнде жел жақтағы еңiсте тау шыңында сурет түсiру үшiн ұшуға;
      2) кемiнде 100 м нақты биiктiкте, тауда – кемiнде 200 м биiктiкте, көкжиектен кемiнде 15 градус және бағыттық бұрыштан кемiнде 30 градус күн биiктiгi кезiнде жазық және ойлы-қырлы жерде күнге қарсы ұшуға;
      3) еңi берiлген биiктiкте әуе кемесiнiң осы түрi үшiн қисаю бұрышы 20 градус кезiнде бұрылыстан үш радиустен кем болатын тұйық аңғарлар мен тау шатқалдарында ұшуға тыйым салынады.
      849. Аэросурет түсiру ұшулары берiлген аудандарда белгiленген бағыт бойынша геологиялық карталау, қашықтықтан аймақтау және қоршаған ортаның жағдайын бақылау мақсатында орындалады.
      Аэрофото түсiру ұшуларын орындау кезiнде барометрлiк өлшеуiш бойынша тұрақты биiктiкте ұсталатын шағын, орта және үлкен биiктiктер пайдаланылады.
      Сурет түсiру бағыттарының ұзақтығын, ұшу биiктiгiн, бағыттар арасындағы қашықтықты және ұшудың басқа параметрлерiн тапсырыс берушi бередi.
      850. Аэрокөзбен шолу ұшулары объектiлердi көзбен шолып тексеру және орындағы жағдайды (ЭБЖ, байланыс желiлерiн, газ және мұнай құбырларын, өзендердi, арналарда, автомагистральдерiн патрульдеу, мұзды барлау; балық пен жануарлар қорын барлау; жабайы жануарларды түгендеу және т.с.с.) қадағалау мақсатында орындалады.
      Аэрокөзбен шолу ұшуларды әдеттегiдей әуе кемесiнiң бортында тапсырыс берушiнiң қадағалаушысы орындайды.
      851. Аэрокөзбен шолу ұшуларды бортта тапсырыс берушiнiң қадағалаушысысыз орындау жағдайында, ұшу экипажы кемiнде екi ұшу экипажының мүшелерiнен тұруы қажет.
      852. Белсендi ұшуды орындайтын ұшу экипажының мүшесi аэрокөзбен шолып қадағалауды жасай алмайды.
      853. Аэрокөзбен шолу ұшуларды күндiз КҰҚ бойынша орындалады:
      1) жазық және ойлы-қырлы жерлерде – кемiнде 2000 м көрiнiсте және бұлттардың төменгi шекарасынан кемiнде 150 м биiктiкте;
      2) таулы жерде (2000 м дейiн) - кемiнде 5000 м көрiнiсте және бұлттар төменгi шекарасынан кемiнде 400 м биiктiкте;
      3) таулы жерде (2000 м жоғары) - кемiнде 8000 м көрiнiсте және бұлттар төменгi шекарасынан кемiнде 400 м биiктiкте.
      854. Аэрокөзбен шолу ұшуларды орындау кезiнде объектiлердi алыстан егжей-тегжейлi қадағалау үшiн әуе кемесiн төмендетудi кедергiлер үстiнен кемiнде 10 м биiктiкке дейiн, ал жоғары вольтты электр беру желiлерiн қарау кезiнде – тiреуiштер үстiнен кемiнде 20 м биiктiкке дейiн орындауға рұқсат етiледi.
      855. Мұздық барлау ұшудың кемiнде 100 м нақты биiктiгiнде екi және одан көп қозғалтқышы бар әуе кемесiнде орындалады.
      Мұз жағдайын нақтылау мақсатында әуе кемесiнiң кедергiлер үстiнен 50 м дейiн төмендеуге рұқсат етiледi.
      856. Кемеге мұз жағдайының картасын немесе өзге құжатты борттықфототелеграф аппаратурасы бойынша беру мүмкiн болмаған кезде оны жалаушамен түсiруге рұқсат етiледi. Бұл ретте кеме мачталары үстiнен ұшу биiктiгi кемiнде 25 м болуы тиiс.
      857. Балықтың немесе теңiз жануарының шоғырлану жерiнiң үстiнен ұшуға кемiнде 100 м биiктiкте орындауға рұқсат етiледi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет