85-параграф. КҰҚ бойынша ұшып шығуға және ұшып келуге шешім қабылдау ерекшеліктері
462. КҰҚ бойынша ұшуды орындау үшін ӘК командирі мынадай:
1) ұшып шығу, белгіленген және қосалқы әуеайлақта нақты уақытына ауа райы ӘК командирінің минимумына сәйкес келетін және КҰҚ бойынша ұшу үшін көзделген ауа райынан төмен болмайтын;
2) авиациялық жұмыстар ауданындағы бағыт бойынша белгіленген және қосалқы әуеайлақтар бойынша болжанатын көріну мен бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі ӘК командирі минимумынан және КҰҚ бойынша ұшу үшін көзделген минимумнан төмен болмайтын;
3) белгіленген шектеулер шеңберінде екпінді есепке алмай жел болжамы;
4) ұшу бағыты бойынша (авиациялық жұмыстар ауданы) айналып өту мүмкін емес қауіпті метеорологиялық құбылыстар жоқ болған немесе болжанып отырған шарттармен ұшып шығуға шешім қабылдайды.
463. Қосалқы әуеайлақ болмаған кезде КҰҚ бойынша ұшып шығуға шешім қабылдауға мынадай жағдайда рұқсат етіледі:
1) егер ұшып келу уақытына белгіленген әуеайлақта белгіленген минимумнан 500 м жоғары көріну және 50 м жоғары бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі болжанып отырса;
2) тікұшақта авиациялық жұмыстарды орындау кезінде – егер бағыт бойынша және авиациялық жұмыстар ауданында болжанып отырған көріну мен бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі КҰҚ бойынша ұшуға арналған тікұшақ командирі минимумынан және авиациялық жұмыстардың осы түріне арналған минимумнан төмен болмаса.
464. Авиациялық жұмыстар ауданындағы бағыт, белгіленген және қосалқы әуеайлақтар бойынша КҰҚ бойынша ұшуға шешім қабылдау кезінде көрінудің және (немесе) бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің болжанып отырған уақытша (ТЕМПО) өзгерістері олардың барынша төмен мәні бойынша ескеріледі.
Бұл ретте көрінудің және (немесе) бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің уақытша (ТЕМПО) өзгерістері егер, әуе кемесінің командиріне және әуе кемесіне АҰҚ бойынша ұшуға рұқсат етілген болса ескерілмеуі мүмкін.
465. Авиациялық жұмыстар ауданындағы бағыт, ұшып шығу, белгіленген және қосалқы әуеайлақтар бойынша бұлттардың төменгі шекарасы биіктігі, егер олардың нақты және болжанатын көлемі екі октанттан астам ұшу биіктігінен төмен болса және бұлттардың жоғарғы шекарасының үстінен кемінде 300 м көтеріліп ұшу қамтамасыз етілсе, ескерілмейді.
466. Әуейлақтық метеорологиялық органдардың қызмет көрсету мүмкіндігі жоқ кезде оперативті нүктеде авиациялық жұмыстарды бастамас бұрын ӘК экипажы, ӘҚҚ диспетчеріне болжам жасауға жауапты әуеайлақтық метеорологиялық органға хабарлау үшін ауа райы туралы мәлімет береді.
Авиациялық жұмыстарды орындау үшін ұшып шығуға шешімді ауданның жұмысы бойынша алынған болжам негізінде ӘК командирі қабылдайды.
86-параграф. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету
467. Әуе кемесін пайдаланушы мыналарды қамтамасыз етеді:
1) әуе кемесін ұшуды орындау үшін жарамды жағдайда ұстау;
2) жоспарланған ұшуға қажетті әуе кемесінің, оның компоненттерінің және авариялық жабдықтың дұрыстылығы;
3) ұшу жарамдылығының қолданыстағы сертификатының болуы (ұшуға жарамдылық туралы куәлік).
468. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету әуе кемесін тіркейтін мемлекет үшін қолайлы пайдаланушылық құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады. Егер, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуі орындалмаса және пайдаланушы құжаттамада және (немесе) тиісті құжатта (техникалық қызмет көрсету туралы куәлік) қажетті жазбалармен расталмаса, оны пайдалануға тыйым салынады.
469. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеуді азаматтық авиацияның әуе кеңістігі мен қызметін пайдалану саласында Қазақстан Республикасының заңына сәйкес азаматтық авиация саласында уәкілетті орган берген немесе актілеріне сәйкес танылған қолданыстағы куәлігі бар авиациялық персонал, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша сертификатталған ұйымдар жүргізеді.
470. Әуе кемесін пайдаланушы мынадай тіркелетін деректерді сақтауды қамтамасыз етеді:
1) шектелген ресурсты немесе қызмет мерзімі бар әуе кемесінің және олардың барлық агрегатының басты пайдалануынан бастап жалпы уақыт (ресурстар және қызмет мерзімі);
2) ұшу жарамдылығын сақтау туралы барлық қолданыстағы міндетті ақпаратты сақтау туралы ағымдағы мәлімет;
3) модификациялау және жөндеу туралы деректер;
4) әуе кемесінің немесе оның агрегатының соңғы күрделі жөндеуінен кейін пайдалану уақыты (ресурстар және қызмет мерзімі);
5) техникалық қызмет көрсету туралы деректер.
Жоғарыда көрсетілген, тіркелетін деректер әуе кемесінің тиісті компоненті пайдаланудан түпкілікті алынғаннан кейін кемінде 3 ай сақталады, ал осы Қағиданың 470 тармағының «5» тармақшасында көрсетілген, тіркелетін деректер техникалық қызмет көрсету туралы куәлікке қол қойылғаннан кейін кемінде бір жыл сақталады.
Иегер уақытша немесе тұрақты ауысқан жағдайда, тіркелетін деректер жаңа иегерге ұсынылады.
471. Әуе кемесінің барлық модификациясы және жөндеу әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі.
87-параграф. АҰҚ бойынша ұшуды орындаудың жалпы қағидасы
472. АҰҚ бойынша ұшу кезінде әуе кемесінің экипажы көзбен шолып және борттық радиотехникалық құралдарды пайдалана отырып, әуедегі және метеорологиялық жағдайды тұрақты түрде бақылауды жүргізеді.
473. АҰҚ бойынша ұшуды орындау кезінде ӘК командирі:
1) аэронавигациялық ақпаратта белгіленген әуеайлақ ауданынан және қонудан шығу схемаларын орындайды;
2) аэронавигациялық ақпаратта және ӘҚҚ органы белгілеген ұшу эшелонын (биіктігі) және бағытын, ұшу траекториясы мен параметрлерін ұстап тұрады;
3) ӘҚҚ органына оның сұрауы бойынша әуе кемесінің нақты тұрған жері, ұшу биіктігі мен шарттары туралы хабарлауды қамтамасыз етеді;
4) ӘҚҚ органының нұсқауларын орындайды.
474. Әуе кемелері арасындағы аралықты реттеу мақсатында ӘҚҚ органы векторлауды жүргізеді, сондай-ақ, осы әуе кемесі үшін рұқсат етілетін үдемелі және тік жылдамдықтар режимін береді.
Әуе кемесінің экипажы ӘҚҚ органынан тиісті нұсқау және егер векторлауды орындау нәтижесінде әуе кемесі бұдан бұрын берілген бағыттан ауытқыса әуе кемесінің тұрған жері туралы хабарды алғаннан кейін дербес ұшақ жүргізуді жаңартады.
88-параграф. Рульдеу
475. Кабинада жұмыс орындарын иеленгеннен кейін әуе кемесінің экипажы ӘК командирінің басшылығымен ұшуға даярлықты жүргізеді. Ұшуды бастар алдында ӘК командирі әуе кемесі экипажының ұшуға дайындығына көз жеткізеді.
476. Бақыланатын әуеайлақта жермен жүруді және тіркеп сүйреуді ӘҚҚ органынан (перрондағы қозғалысты басқару органы) жермен жүруге тиісті рұқсат және әуеайлақ бойынша жермен жүру схемасы туралы ақпарат алғаннан кейін пилот орындайды.
Пилотқа ӘҚҚ органы жермен жүрудің немесе тіркеп сүйреудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да ақпарат береді.
Бақыланатын әуеайлақтарда және алаңдарда әуе кемесінің жермен жүруін бастар алдында ӘК командирі ұшу алаңын тексеріп қарауды жүзеге асырады және жермен жүру бағытын таңдайды.
477. Әуеайлақ бойынша әуе кемесінің қозғалысын басқарушы ӘҚҚ органы:
1) әуе кемелерінің экипаждарына шектеулер туралы хабарлайды;
2) белгіленген схема бойынша әуе кемесінің әуеайлақ бойынша қозғалысы туралы нұсқаулар береді;
3) әуе кемелерінің экипаждарына, оның ішінде 400 м көріну шарттарымен жермен жүру кезінде бір бағыт бойынша кейінгі әуе кемелерінің өзара орналасуы туралы хабарлайды.
478. Әуеайлақтың маневр жасау алаңында әуе кемесінің қозғалысын басқару жөніндегі функцияларды ӘҚҚ органы жүзеге асырады.
479. Тіркеп сүйреудің қауіпсіздігін тіркеп сүйреуді басқаратын тұлға қамтамасыз етеді. Әуе кемесін тіркеп сүйреу кезінде тіркеп сүйреуді басқаратын тұлға мен әуе кемесінің экипажы арасында радио арқылы немесе белгіленген дабылдар көмегімен көзбен шолып сөйлесу құрылғысы бойынша екіжақты байланыс ұсталуға тиіс.
Тіркеп сүйреу әуе кемесінде қосылған аэронавигациялық шырақтармен және жарқырағыш манарларымен жүргізіледі.
480. Бақыланатын әуеайлақтарда қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) іске қосу басталғанға дейін әуе кемесінің экипажы автоматты хабар тарату болған кезде метеорологиялық ақпаратты тыңдайды және ол басқаруында болатын органға ағымдағы ақпарат индексін баяндайды, одан қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) іске қосуға рұқсат сұрайды және алады.
481. Қозғалтқышты іске қосу алдында қозғалтқышты іске қосатын тұлға адамдардың қауіпсіздігіне және іске қосу кезінде бұзылуы немесе қауіп төндіруі мүмкін бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізеді және жарқырағыш манарларды қосады. Іске қосудың қауіпсіздігіне жеке көз жеткізу мүмкін болмаған кезде қозғалтқышты іске қосатын тұлға жерден қозғалтқыштардың іске қосылуын басқаратын тұлғадан радио арқылы немесе белгіленген дабылдар көмегімен көзбен шолып сөйлесу құрылғысы бойынша қажетті ақпаратты алады.
482. ӘК командирінің бақыланатын әуеайлақта қозғалтқышты іске қосуға немесе бақыланатын әуеайлақта ұшуды жүргізу мақсатында қозғалтқышты іске қосуға сұрауы ұшудың басында шешім қабылдауды білдіреді.
483. Әуе кемесін тұрақ орнынан жермен жүргізу әуе кемесін шығаруды қамтамасыз ететін тұлғаның белгісі бойынша, ол болмаған кезде - ӘК командирінің шешімімен орындалады.
Түнде, сондай-ақ, көріну 2000 м төмен кезде күндіз жермен жүру қосылған аэронавигациялық шырақтармен және шамдармен жүзеге асырылады.
484. Әуе кемесін тұрақ орнына жермен жүргізу қарсы алатын тұлғаның тұрағында әуе кемесін орналастыру жүйесінің дабылдары бойынша, ал олар болмаған кезде - ӘК командирінің шешімімен орындалады.
Егер таңбалау белгілері бойынша орнатылмаған болса, ӘК командирі бұл туралы ол басқаруында тұрған әуеайлақ органына шұғыл түрде хабарлауға міндетті.
Жарық-дабылды құрылғылармен және радиостанциямен жабдықталған ілесіп жүру автомобилі:
1) әуе кемесі экипажының талабы;
2) шектелген көріну жағдайы;
3) әуеайлақтың маневрлеу алаңындағы қозғалыстың күрделі схемасы;
4) әуеайлақта ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта (әуеайлақтың аэронавигациялық төлқұжатында) көзделген жағдайларда қолданылады.
485. Әуе кемесінің экипажына жермен жүруді бастауға немесе жалғастыруға тыйым салынады, егер:
1) тежеу жүйелеріндегі қысым пайдалану шектеулеріне сәйкес келмесе немесе тежегіштердің басқа да бұзылу белгілері бар болса;
2) бақыланатын әуеайлақта ӘҚҚ органының рұқсаты алынбаса;
3) рульдеудің қауіпсіздігі кедергілердің болуы, тұрақ орнының немесе жермен жүру жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы салдарынан қамтамасыз етілмесе.
Рульдеу басталғанда әуе кемесінің экипажы тежеу жүйесінің жұмысқа қабілеттігін тексереді.
486. Әуе кемесі ұшу экипажының мүшелері рульдеу уақытында қоршаған орта жағдайына, радиоалмасуға қарайды және ӘК командиріне кедергілер туралы ескертеді.
Рульдеу бағытында кедергілер табылған кезде ӘК командирі соқтығысудың алдын алу бойынша шараларды қабылдайды және ӘКҚ органына кедергілердің бар екендігі туралы баяндайды.
487. Рульдеу жылдамдығын ӘК командирі рульдеу жүргізілетін үстіңгі беттің жағдайына, кедергілердің бар-жоқтығына және көріну шарттарына байланысты таңдайды.
488. Әуе кемелерін бір-біріне қарама-қарсы рульдеу кезінде ӘК командирі сол жақ борттардан айырылып оң жақты ұстай отырып, рульдеу жылдамдығын қауіпсіз жылдамдыққа дейін азайтады.
Қиылысатын бағыттарда әуе кемесінің жақындауы кезінде ӘК командирі оңға қозғалып бара жатқан әуе кемесін өткізіп жібереді.
Рульдеу үстіндегі әуе кемесін басып озуға тыйым салынған.
489. ҰҚЖ немесе жермен жүру жолын қию, иелену алдында ӘКҚ органынан алынған нұсқауға қарамай әуе кемесінің ұшу экипажы және (немесе) әуе кемесін тіркеп сүйреуді жүзеге асыратын тұлғалар маневр жасаудың қауіпсіздігіне көз жеткізеді.
490. Ұшып көтерілу басталғанға дейін әуе кемесінің экипажы нақты ауа райының ұшып көтерілуге арналған минимумға және ҰҚЖ жағдайының әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларының шектеулеріне сәйкестігіне көз жеткізеді.
ҰҚЖ ұзақ иелену қажет болған жағдайда ӘКК оны иеленгенге дейін ӘКҚ органына ұшып көтерілуге дайындық үшін қажетті уақыт туралы хабарлайды.
89-параграф. Ұшып көтерілу
491. Ұшып көтерілу алдында:
1) әуе кемесінің ұшу экипажы ҰПБ-ға сәйкес барометрлік биіктікті өлшегіштер шкаласының көрсеткіштерін салыстырып тексеру тәртібін сақтай отырып, осы Қағиданың 330 және 331 тармақтарының ережелеріне сәйкес биіктікті өлшегіштер қондырғысын тексереді;
2) ӘК командирі әуе кемесінің және әуе кемесі экипажының ұшып көтерілуге дайындығына көз жеткізеді;
3) ӘК командирі ҰҚЖ-да және ұшып көтерілу траекториясы бойынша алда кедергілердің жоқтығына көз жеткізеді;
4) ӘКК нақты ауа райының ұшып көтерілуге арналған минимумға және ҰҚЖ жағдайының әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларының шектеулеріне сәйкестігіне көз жеткізеді;
5) бақыланатын әуеайлақта ӘК экипажы ӘКҚ органынан ұшып көтерілуге рұқсат алады.
492. ҰҚЖ үш бөліктеріндегі көріну туралы ақпарат болған кезде хабарланған әуеайлақ ауданындағы ақпаратты автоматты тарату қызметі немесе ӘҚҚ органы бойынша (бұдан әрі - ATIS) ӘКК ҰҚЖ-дағы көрінудің ұзақтығын ұшып көтерілудің қауіпсіздігі мақсатында (екпін алған кезде, ортаңғы нүктеде және ҰҚЖ аяғында) бағалайды.
Аймақ бойынша (RVR) ҰҚЖ-дағы көрінудің алынған ұзақтығы ұшуға арналған аз жағдайы бойынша ескеріледі.
Егер ұшып көтерілу тоқтатылған арақашықтық есебі ҰҚЖ 2/3 ұзақтықтан аспаса, екпін алған кезде және ҰҚЖ ортаңғысында ҰҚЖ (RVR)-дағы көрінудің ұзақтығын - «А», «В» және «С» санаттарындағы ӘК үшін ескеру рұқсат етіледі.
«D» санатындағы ӘК үшін (RVR) ҰҚЖ-дағы көрінудің ұзақтығы ұшуға арналған аз жағдайы бойынша ескеріледі.
ӘКК шамасы кем дегенде 600 м дейін метеорологиялық көрініс нашарлайтын нөсерлі жауын түріндегі жауын-шашынның бар екендігі туралы ӘҚҚ органынан немесе АТІS хабарланған ақпарат алса, егер ӘК желдің жақындағандығы туралы алдын ала ескерту жүйесімен жабдықталмаса ұшып көтерілуді орындамайды.
Ескерту. 492-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
493. ҰҚЖ бөліктерінде минимумнан төменгі мәнге дейінгі көрінуді нашарлататын метеоқұбылыс немесе өндірістік түтін болған кезде тікұшақ командиріне ӘҚҚ органының келісімі бойынша метеожағдай оның минимумына сәйкес келетін ҰҚЖ бөліктерінде ұшып көтерілуге рұқсат беріледі.
494. Егер әуе кемесінің экипажы ұшып көтерілу қонуға үзілісті кіруді (екінші айналымға кету) орындайтын әуе кемесіне кедергі жасайтындығы туралы ақпаратты алса, ұшып көтерілуді орындауға тыйым салынады.
495. Осы Қағиданың 138-параграфында көзделген жағдайларды қоспағанда жұмыс істеп тұрған жарық-дабылды жабдықтары жоқ әуеайлақта (тікұшақ әуеайлақ, қону алаңында) түнде ұшып көтерілуді жүргізуге тыйым салынады.
496. Әуе кемесінің ұшып көтерілуі екпін алудың басталу орнынан әуе кемесінің нақты ұшып көтерілу массасы және ұшып көтерілу шарттары үшін талап етілетін ҰҚЖ орналасатын сипаттамалары сәйкес келетін ҰҚЖ-дағы нүктеден бастап жүргізіледі.
497. Бақыланбайтын әуеайлақтарда ұшып көтерілу басталатын орын мен оның бағытын ӘК командирі анықтайды. Ұшып көтерілу алдында ӘК командирі ӘКҚ органы жиілігінде ол тұрған жауапкершілік ауданында ұшып көтерілу орнын және магниттік бағдарын береді.
498. Ұшып көтерілуді ӘК командирі немесе оның нұсқауы бойынша екінші пилот орындайды.
499. Егер әуе кемесі ұшып көтерілу кезінде берілген бағыттан екпін алуды жалғастыру қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтындай ауытқыса, ұшып көтерілу тоқтатылады. Әуе кемесінің жерден ҰПБ-да белгіленген жылдамдықтан төмен жұлқа көтерілуіне тыйым салынады.
500. Қозғалтқыш істен шыққан кезде немесе ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқа да ақаулар пайда болған кезде, егер ұшып көтерілуді жалғастыруға шешім қабылдау жылдамдығына қол жеткізілмесе, ұшып көтерілу дереу тоқтатылады. Бұл жағдайда ұшып көтерілудің тоқтатылуына әкеп соққан себептер анықталып, жойылғанға дейін қайта ұшып көтерілуге тыйым салынады.
501. ӘК командирінің шешімі бойынша әуе кемесінің ұшып көтерілуі кемінде 50 м биіктікке дейін қосылған шамдармен жүргізіледі.
502. Әуе кемесінің экипажына әуе кемесінің екпін алуы басталған сәттен бастап 200 м биіктікке көтерілгенге дейін бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда радиобайланыс жүргізуге, ал ӘКҚ органына әуе кемесінің экипажын шақыруға тыйым салынады.
Егер ұшып көтерілуден кейін ұшу 200 м төмен биіктікте орындалатын болса, көрсетілген тыйым көлденең ұшу басталғанға дейін күшінде болады.
90-параграф. Биіктікке көтерілу
503. Ұшып көтерілуден кейін биіктікке көтерілу әуеайлақ үстінен:
1) егер жұмыстар 50 және одан төмен биіктікте орындалатын болса, авиациялық жұмыстарды орындау кезінде әуе кемесінде 50 м;
2) егер ҰПБ-да өзгеше белгіленбесе, 120 м төмен емес биіктікке дейін ұшу бағдарымен жүргізіледі.
504. Әуе кемесінің бақыланатын әуеайлақтан шығуы белгіленген схема бойынша немесе ӘКҚ органы нұсқаулары бойынша жүзеге асырылады.
505. Биіктікке көтерілу кезінде өту биіктігін қиып өткен кезде әуе кемесінің экипажы барометрлік биіктікті өлшегіштердің қысым шкаласын стандартты атмосфералық қысымға (QNE) аударады және олардың көрсетулерін салыстырады.
506. Биіктікке көтерілу барысында әуе кемелерінің экипаждары соқтығысулардың алдын алу борттық жүйесінің (бұдан әрі – САБЖ (TCAS)) жұмыс істеуін болдырмау үшін 7 м/с тік жылдамдық бойынша берілген эшелонға (биіктік) дейінгі 300 м ұсынылған шектеулерге шыдайды.
507. Егер әуе кемесі ӘКҚ органы белгілеген немесе берген орынға ӘКҚ органымен берілген эшелонға (биіктікке) жете алмаса, әуе кемесінің экипажы бұл туралы ӘКҚ органына уақтылы хабарлайды.
508. Берілген эшелонға жету аяқталған соң әуе кемесінің ұшу экипажы барометрлік биіктікті өлшегіштердің көрсетулерін салыстыруға тиіс.
91-параграф. Крейсерлік ұшу (бағыт бойынша ұшу)
509. Әуе кемесінің экипажы ұшуда әуе кемесінің тұрған орнын тұрақты түрде бақылап отырады.
510. Егер бақыланатын ұшу барысында ағымдағы ұшу жоспарынан байқаусызда ауытқу орын алса, әуе кемесінің экипажы мынадай іс-қимылдарды қабылдайды:
1) егер әуе кемесі жол торабынан ауытқыса, әуе кемесінің экипажы берілген жол торабына жылдам қайта оралу мақсатында әуе кемесінің бағдарын түзетеді;
2) егер екі бақылау пункттері арасындағы крейсерлік эшелондағы нақты әуе жылдамдығының орташа мәні айнымайтын болып табылса немесе оның ұшу жоспарында көрсетілген нақты әуе жылдамдығынан плюс-минус 5%-ға өзгеретіндігі күтілетін болса, бұл туралы ӘКҚ органына хабарланады;
3) егер кезекті жоспарланған бақылау пунктінен ұшып өтудің нақтыланған есептік уақыты ол туралы ӘКҚ органына хабарланған уақыттан 2 минуттан астам ерекшеленетіндігі байқалса, әуе кемесінің экипажы ӘКҚ органына нақтыланған уақыт туралы хабарлайды.
511. Басқа әуеайлаққа бару бағытын өзгерту мақсатында ұшу жоспарындағы өзгеріс ұшу бағытын өзгерту жүргізілген орыннан бастап осы Қағиданың 433-тармақ талаптарының сақталу шартымен жүргізіледі.
512. Ұшуда қауіпті метеорологиялық құбылыстар аймағына жақындау белгілері туындаған немесе тиісті ақпарат алынған кезде ӘКК егер күтілетін шарттарда ұшуға ҰПБ-да рұқсат етілмесе қауіпті аймақты айналып өтуге арналған шараларды қабылдайды. Қауіпті метеорологиялық құбылыстар салдарынан межелі орынға дейін ұшуды жалғастыру мүмкін болмаған кезде ӘК командиріне қосалқы әуеайлаққа қонуды жүргізуге немесе ұшып шығу әуеайлағына қайтып оралуға рұқсат етіледі.
Қабылданған шешім және өзінің іс-қимылдары туралы ӘК командирі байланыс болған кезде одан әрі ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдайтын ӘКҚ органына хабарлайды.
513. Қосалқы әуеайлаққа ұшу оңтайлы ұшу бейінімен ӘКҚ органы қамтамасыз етеді, әуе кемесі экипажының сұрауы бойынша – әуе жолдарынан тыс (мүмкіндігіне қарай) ең қысқа арақашықтық бойынша қамтамасыз етіледі.
514. Ұшу кезінде әуе кемесінің ұшу экипажы келіп түсетін белгіленген әуеайлақта және қосалқы әуеайлақтарда ұшу бағыты бойынша аэронавигациялық және метеорологиялық ақпаратты талдайды және отын шығынын қадағалауды жүргізеді.
515. Метеорологиялық жағдайлардың нашарлауы немесе белгіленген әуеайлақтың немесе қауіпсіз қонуды жүргізуге мүмкіндік бермейтін қосалқы әуеайлақтың техникалық жағынан дайын еместігі туралы ақпарат алынған кезде басқаруында әуе кемесі болатын ӘКҚ органы бұл туралы дереу әуе кемесінің экипажына хабарлайды.
516. Аэронавигациялық және метеорологиялық жағдайды талдау негізінде ӘК командиріне ұшуда қосалқы әуеайлақты таңдауға рұқсат етіледі.
517. АҰҚ бойынша ұшу белгіленген қону әуеайлағы бағытында тек қана, егер ең соңғы қолда бар ақпарат ұшып келудің есептік кезеңіне көрсетілген әуеайлақта немесе межелі орынның қосалқы әуеайлағының бірінде қону пайдалану минимумдары пайдаланыла отырып орындалуы мүмкін екендігін көрсеткен жағдайда жалғастырылады.
518. Қосалқы әуеайлаққа кету шебі тұрған ӘКҚ ауданына шығу кезінде әуе кемесінің экипажы ӘКҚ органына кету шебінен ұшып өтудің есептік уақыты және таңдап алынған қосалқы әуеайлақ туралы хабарлайды.
Егер әуе кемесі ВОЛМЕТ автоматтандырылған жүйесінің хабар тарату аймағынан тыс қалған жағдайда көрсетілген ақпаратты алу кезінде ӘҚҚ органы шұғыл түрде нақты және болжанып отырған ауа райы туралы деректерді, сондай-ақ, қосалқы әуеайлақтың немесе белгіленген әуеайлақтың әуе кемесін қабылдауға техникалық дайындығын растауды сұратады және бұл мәліметтерді әуе кемесінің экипажына жеткізеді.
519. Кету шебінен белгіленген әуеайлаққа дейін ұшуды жалғастыруға шешімді, ӘК командирі егер соңғы ақпарат:
1) ұшып келу уақытына ауа райы болжамы осы Қағидада белгіленген қосалқы әуеайлаққа арналған талаптарға сәйкес келетін метеожағдайлар көзделетінін;
2) белгіленген әуеайлақтағы нақты ауа райы минимумнан төмен болмайтынын;
3) белгіленген әуеайлақтың әуе кемесін қабылдауға техникалық дайындығы туралы растау алынғанын көрсететін болса, қабылдайды.
92-параграф. Төмендеу, қонуға кіру және қону
520. Қонуға кіру басталғанға дейін әуе кемесінің экипажы ӘК командирінің басшылығымен қонуға дайындықты жүргізеді.
521. ҰҚЖ, қону бағдарын ауыстырған немесе бұрын қабылданған шешімдерді өзгертуді талап ететін шарттар пайда болған кезде әуе кемесінің экипажы қосымша дайындықты және орындалған операцияларды қайта тексеруді жүргізеді.
522. Бақыланатын ұшу кезінде ұшудың крейсерлік эшелонынан (биіктігінен) төмендеуі ӘКҚ органының рұқсаты бойынша орындалады. Төмендеу ҰПБ шектеулерінен аспайтын режимдерде ұшу бағыты және белгіленген схема бойынша жүргізіледі.
Құжаттарда аэронавигациялық ақпарат, сондай-ақ, ӘКҚ органының ақпаратында төмендеу шарттары мен шектеулері жоқ болған жағдайда әуе кемесінің ұшу экипажы төмендеуді ҰПБ-да белгіленген режимдерде жүргізеді.
523. Әуе трассасы бойынша (МВЛ) ұшуды аяқтау нүктесінен бастап қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесіне дейін ӘК маневрлеу ӘҚҚ диспетчері сұратқан қонудың белгіленген бағыты (аспаптар бойынша келіп қонудың стандартты бағыты) траекториясы бойынша жүргізіледі.
524. АҰҚ бойынша таулы әуеайлақ аудандарында ұшу кезінде диспетчер сұратқан траекториялар бойынша ӘК төмендеуі радиолокациялық бақылау, борттық навигациялық жабдықтың тұрақты жұмысының болуы, экипажбен диспетчердің ӘК орналасқан орнын білген кезінде ұшуларды жүргізу жөніндегі (аэронавигациялық төлқұжат) нұсқауда анықталған, қауіпсіз эшелонды (биіктік) қамтығанға дейін жүргізіледі.
525.ӘК минималды қауіпсіз эшеллоннан төмен таулы әуеайлаққа қону үшін төмендеуі мына жағдайларда:
1) АҰҚ бойынша ұшу кезінде – қонуға кіру схемасын сақтай отырып, радиолокациялық бақылау немесе борттық навигациялық жабдықтың тұрақты жұмысы болған кезде төмендеу басталғанда белгіленген шебін аралап ұшқаннан кейін;
2) КҰЕ бойынша ұшу кезінде – қонуға кірудің радиотехникалық құралдарын міндетті түрде қолдана отырып осы деректерге сәйкес жүргізіледі.
526. Борттық навигациялық жабдықтың тұрақты жұмысы, үздіксіз радиолокациялық бақылау (экипаждың баяндамасы бойынша) немесе тұрақсыз екі жақты радиобайланыс болмаған кезде минималды қауіпсіз эшелоннан (биіктіктен) төмендету, төмендету және маркирленген шепті аралап ұшқаннан кейін ғана қонуға кіру схемасы бойынша рұқсат етіледі.
527. Осы Қағиданың 138-параграфында көрсетілген жағдайлардан өзге, қолданыстағы жарық сигналы жабдықтары жоқ әуеайлақта (тікұшақ айлағы, қону алаңында) түнде қонуға тыйым салынады.
528. Төмендеу барысында әуе кемелерінің экипаждары САБЖ (TCAS) іске қосылуын болдырмау үшін 7 м/с тік жылдамдық бойынша берілген эшелонға (биіктік) дейінгі 300 м ұсынылған шектеулерге шыдайды.
529. Белгіленген немесе берілген шепке берілген эшелонға (биіктікке) шығу мүмкін болмаған кезде әуе кемесінің экипажы бұл туралы ӘКҚ органына уақтылы хабарлайды.
530. Әуе кемелері арасындағы аралықты реттеу мақсатында ӘҚҚ органы векторлауды жүргізеді, сондай-ақ, осы әуе кемесі үшін рұқсат етілетін шектерде үдемелі және тік жылдамдықтар режимін береді. Векторлауды жүзеге асыру кезінде ӘҚҚ органы беретін параметрлерді ұстап тұру дәлдігін әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларын ескере отырып, әуе кемесінің ұшу экипажын қамтамасыз етеді.
Векторлау пилотқа әуе кемелерінің экипаждарына қажетті жол торабын ұстап тұруға мүмкіндік беретін нақты бағдарларды көрсету арқылы қамтамасыз етіледі.
531. Егер әуе кемесі бұдан бұрын берілген бағыттан ауытқи отырып, дәлдене бастаса, пилотқа ӘКҚ органы мұндай дәлдеудің масаттары туралы хабарлайды.
532. Әуе кемесін векторлауды ӘКҚ органы ӘКҚ диспетчері пилотқа дербес ұшақ жүргізуді жаңартуға нұсқау және егер әуе кемесін векторлауды орындау нәтижесінде бұдан бұрын берілген бағыттан ауытқыса - әуе кемесінің тұрған жері туралы хабар бергеннен кейін тоқтатады.
533. Аспаптар бойынша қонуға кіру кезінде бастаған векторлау әуе кемесі аспаптар бойынша қонуға кірудің аяқталу кезеңіне шығуына дейін немесе ӘКҚ органынан көзбен шолып кіруге рұқсат алғанға дейін жалғастырылады.
Қонуға кірудің аяқталу кезеңі траекториясына шығу үшін әуе кемесін толық бұру сәті векторлаудың аяқталуы болып табылады. Кіруге рұқсатты ӘКҚ органы соңғы берілген бағдармен бір уақытта береді.
534. Кіруге рұқсат алғаннан кейін әуе кемесінің ұшу экипажы қонуға кірудің аяқталу кезеңінде дәлдеу құралдарының қолданыс аймағына кіруге дейін соңғы берілген бағдарды ұстап тұрады, одан кейін ӘКҚ органының қосымша нұсқауынсыз қонуға кірудің жалғастырылған аяқталу кезеңінде дәлдеу құралымен берілген желіде әуе кемесін толық бұруды және тұрақтандыруды орындайды.
535. Шұғыл қону талап етілетін әуе кемесіне қонуға кезектен тыс кіру қамтамасыз етіледі.
ӘКҚ органына жалпы кезек тәртібінде қонуды күту үшін отынның жеткіліксіз қалдығы туралы хабарлаған әуе кемесінің экипажы шұғыл қону талап етілетін әуе кемелерінен басқа әуе кемелері алдында төмендеуге және кіруге маневр жасауды орындауда басым құқыққа ие болады.
536. Екі әуе кемесі қонуға бір уақытта кірген кезде қонуға кіруді орындау басымдығына алдында, сол жақтан және төмен ұшып келе жатқан әуе кемесі бірінші ие болады.
537. Қонуға кірер алдында әуе кемесінің экипажы:
1) өту эшелонында барометрлік биіктікті өлшегіштердің әуайлақтың QFE немесе QNH қысымына қысымдар шкаласын белгілейді;
2) барлық биіктікті өлшегіштердің көрсетулерін салыстырады;
3) қонуға дайындықты тексереді.
538. Қонуға көзбен шолып кіру немесе шеңберлі маневр жасауды қолдана отырып, кіру кезінде әуе кемесінің экипажы ӘКҚ органына ҰҚЖ-мен және (немесе) оның бағдарларымен көзбен шолу байланысы орнатылғандығы туралы хабарлайды және қонуға кіруді жалғастыруға рұқсат алады.
539. Бақыланбайтын әуеайлаққа немесе әуеайлақ (әуе және (немесе) жерүсті) қозғалысына қызмет көрсету уақытша жүргізілмейтін қону алаңы мен бақыланатын әуеайлаққа ұшу кезінде қонуға кірер алдында ӘК командирі:
1) бақыланатын әуе кеңістігінде ұшуды орындау кезінде қонудың мөлшерленген уақыты мен орнын ӘҚҰ органына хабарлайды;
2) ӘКК қонуға кіру алдында:
әуеден ҰҚЖ тексеріп қарауды және оның жағдайы мен жарамдылығын бағалауды орындайды;
ол тұрған жауапкершілік ауданында ӘҚҚ органының байланыс жиілігінде қону орны және магниттік бағдары туралы мәліметтерді жеткізеді. ӘКҚ органымен байланыс болған кезде жерге қонғаннан кейін оған қону туралы хабарлайды.
Ескерту. 539-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
540. Егер хабарланған метеорологиялық көріну немесе ҰҚЖ-дағы көріну мәні белгіленген пайдалану минимумынан төмен болса, АҰҚ бойынша қонуға кіру аэронавигациялық ақпарат құжаттарында белгіленген глиссадаға кіру биіктігіне дейін жалғастырылады.
541. Егер глиссадаға кіру биіктігінен ұшып өткеннен кейін белгіленген пайдалану минимумынан төмен метеорологиялық көріну немесе ҰҚЖ-дағы көріну мәні алынса, экипажға DА/Н немесе МDА/Н дейін төмендеуді жалғастыруға және жақындау шырақтарымен немесе қону бағыты бойынша басқа да бағдарлармен, ал ИКАО III санаты бойынша қонуға кіру кезінде ҰҚЖ осьтік және қону шырақтарымен сенімді көзбен шолу байланысы орнатылса және көріну шарттары ҰҚЖ кірме ұшын (ҰҚЖ кірме шектегіш шырақтары) үздіксіз бақылауға мүмкіндік берсе, қонуда жүргізуге рұқсат етіледі. ӘКК көрсетілген жағдайда ұшу қауіпсіздігіне жауап береді.
Ескерту. 541-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
542. ҰҚЖ-дағы көріну белгіленген пайдалану минимумдарының сақталуын айқындау үшін пайдаланылатын бір немесе бірнеше бақылау нүктелерінде (ҰҚЖ жерге қону нүктесі, ортаңғы нүктесі және алыстағы аяғы)
ҰҚЖ-ның үш бөлігінде көріну ұзақтығы туралы ақпарат болған кезде (ҰҚЖ жерге қону аймағы, ортаңғы нүктесі және соңғы) ӘҚҚ органының немесе АТIS хабарлары бойынша, ӘКК қонуды орындау үшін ҰҚЖ-дағы көрінудің хабарланған мәндері бойынша мыналарды ескереді:
1) қолмен жүргізу тәртібінде:
ҰҚЖ жерге қону аймағы, ортаңғы нүктесінде – пайдалану минимумынан төмен емес жерде;
ҰҚЖ-ның соңғы нүктесінде – 75 м кем емес;
1) автоматты режимде:
жерге қону аймағында - пайдалану минимумынан төмен емес жерде;
ҰҚЖ ортаңғы нүктесінде – 125 м кем емес;
ҰҚЖ-ның соңғы нүктесінде – 75 м кем емес;
Ескерту. 542-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
542-1. 3В (САТ ШВ) санаты бойынша қонуға кіру кезінде ҰҚЖ-дағы көрінудің ұзақтығы пайдалану минимумынан төмен болмауы тиіс.
Ескерту. 542-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
543. ӘК командирi, егер:
1) 800 м төмен қатты нөсерлі жаңбыр түріндегі метеорологиялық көріну мүмкіндігі ӘК желдің қатты тұруы туралы алдын ала ескерту жүйесімен жабдықталмаған;
2) қону қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құстардың топтануы байқалады;
3) төмендеу глиссадасында төмендеу градиентiн ұстап тұру үшiн егер ҰПБ-да өзгеше көзделмесе барынша номиналды қозғалтқыштардың жұмыс режимiн ұлғайту талап етiлсе;
4) жақындау шырақтарымен немесе қону бағыты бойынша басқа да бағдарлармен сенiмдi көзбен шолу байланысы орнатылғанға дейiн шешiм қабылдау биiктiгi және (немесе) жерге қауiптi жақындау дабылы iске қосылса;
5) коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыру кезiнде қонуға кiру егер ҰПБ-да өзгеше белгiленбесе, аспаптық метеорологиялық жағдайларда ұшу кезiнде әуеайлақ деңгейiнен 300 м биiктiкке жету кезiнде немесе көзбен шолу метеорологиялық жағдайларында ұшу кезiнде әуеайлақ деңгейiнен 150 м биiктiкке жету кезiнде ҰЖБ-да белгiленген талаптар бойынша тұрақтандырылмаса;
6) қонуға дәлме-дәл кiру кезiнде немесе қонуға тiгiнен дәлдеу арқылы кiру кезiнде DA/H жетуге дейiн жақындау шырақтарымен (ҰҚЖ шырақтары) немесе жерүстi бағдарларымен сенiмдi көзбен шолу байланысы орнатылмаса;
7) аспаптық метеорологиялық жағдайларда қонуға дәлме-дәл емес схемасы бойынша кіру кезінде үзілісті кіру нүктесіне жеткенге дейін жақындау шырақтарымен (ҰҚЖ шырақтары) немесе жерүсті бағдарларымен сенімді көзбен шолу байланысы орнатылмаса;
8) кеңiстiктегi әуе кемесiнiң жағдайы және ҰҚЖ-ға қатысты оның қозғалыс параметрлерi қонудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпесе;
9) DA/H немесе MDA/H төмен құлдилау кезiнде жақындау шырақтарымен (ҰҚЖ шырақтары) немесе жерүстi бағдарларымен көзбен шолу байланысы жоғалса;
10) әуе кеңiстiгiнде немесе ұшу жолағында ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн кедергiлер пайда болса;
11) қонуға есеппен кiру оны орындау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпесе;
12) ӘК ҰҚЖ-дағы ұшу-техникалық сипаттамасының нақты ауа-райын есепке ала отырып шектеу жағдайының сәйкес еместігі туралы ақпарат алынса төмендеудi тоқтатады және үзiлiстi қонуға кiрудi (екiншi айналымға кету) орындайды.
Ескерту. 543-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
544. Қонуға үзілісті кіруді (екінші айналымға кету) орындағаннан кейін ӘК командирі отын көлеміне және қосалқы әуеайлаққа қону немесе одан ұшудың күтілетін шарттарына байланысты қонуға қайта кірудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
545. Әуе кемесінің түнде қонуы қону шамдары қосылып орындалады. Тұманда және жарықты экран қалыптастыратын басқа да метеорологиялық құбылыстарда қону кезінде шамдарды қосу биіктігі мен оларды пайдалану тәртібін ӘК командирі айқындайды.
ҰҚЖ бөлігінде минимумнан төменгі мәнге дейінгі көрінуді нашарлататын, метеоқұбылыс немесе өндірістік түтін болған кезде тікұшақ командиріне қызмет диспетчерінің келісімі бойынша метеожағдай оның минимумына сәйкес келетін ҰҚЖ сол бөлігіне қонуға рұқсат беріледі.
546. Әуеайлақтағы ұшып шығулар, қонулар және ерекше метеорологиялық жағдайлардағы бағыттар бойынша ұшулар осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес орындалады.
Ескерту. 546-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Достарыңызбен бөлісу: |