Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Бақыланатын әуе кеңістігінде тік, көлденең және бүйірге қарай эшелондау ережелері



бет7/26
Дата12.06.2016
өлшемі1.95 Mb.
#129917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

67-параграф. Бақыланатын әуе кеңістігінде тік, көлденең және бүйірге қарай эшелондау ережелері
      341. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тігінен эшелондау жартылай шеңбер жүйесі бойынша жүзеге асырылады:
      1) әуе жолдарын, жергілікті әуе желілерін және бағыттарды 0-ден 179 градусқа дейінгі (қоса алғанда) ақиқат жол бұрыштарымен белгіленген бағыттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 900м, 1500м (FL50), 2150м (FL70), 2750 (FL90), 3350м (FL110), 3950м (FL130), 4550м (FL150), 5200м (FL170), 5800м (FL190), 6400м (FL210), 7000м (FL230), 7600м (FL250), 8250м (FL270), 8850м (FL290), 9450м (FL310), 10050м (FL330), 10650м (FL350), 11300м (FL370), 11900м (FL390), 12500м (FL410), 13700м (FL450), 14950м (FL490);
      2) әуе трассаларын, жергілікті әуе жолдарын және белгіленген бағыттарды 180-нен 359 градусқа дейінгі (қоса есептегенде) нағыз жолдық бұрыштармен бағыттағанда ұшудың мынадай эшелондары белгіленеді: 1200м, 1850м (FL60), 2450м (FL80), 3050м (FL100), 3650м (FL120), 4250м (FL140), 4900м (FL160), 5500м (FL180), 6100м (FL200), 6700м (FL220), 7300м (FL240), 7900м (FL260), 8550м (FL280), 9150м (FL300), 9750м (FL320), 10350м (FL340), 10950м (FL360), 11600 м (FL380), 12200м (FL400), 13100м (FL430), 14350м (FL470).
      342. АҰЕ бойынша ұшқанда тігінен эшелондаудың мынадай ең төмен аралықтары қолданылады:
      1) 8850 метрден төмен ұшу эшелонында (- FL 290,) - 300 метр (1000 фут);
      2) 8850 м (FL290) және 12500 м (FL410) ұшу эшелондары арасында:
      300 м (1000 фут) - RVSM бойынша ұшуға жіберілген әуе кемелері арасында;
      600 метр (2000 фут) 12500 м (FL410):
      RVSM бойынша ұшуға жіберілмеген мемлекеттік әуе кемелері, және RVSM әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын басқа әуе кемелері арасында;
      RVSM әуе кеңістігіндегі топ құрамында ұшуды орындайтын барлықмемлекеттік әуе кемелері мен басқа әуе кемелері арасында;
      RVSM-мен және басқа әуе кемесімен ұшуға жіберілмеген әуе кемелері арасында RVSM-дан/ға өтудің әуе кеңістігінде;
      радиобайланыстан бас тартқан ұшуды орындайтын әуе кемелері мен кез келген басқа әуе кемелері арасында, кейде қос әуе кемесі RVSM әуе кеңістігіндегі ұшуды орындайды;
      3) 12500 метрден жоғары ұшу эшелонында (FL410) - 600 метр (2000 фут).
      RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде турбуленттілік туындаған жағдайда, авариялық жағдайларда немесе ӘК бортындағы жабдықтар істен шығып қалған жағдайда, ӘҚҚ органы тік немесе бойлап эшелондаудың ұлғайтылған минимумдарын қамтамасыз етеді және (немесе) ӘК Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету нұсқаулығында белгіленген тәртіпте RVSM қолданылатын әуе кеңістігінен шығарады.
      Ұшу эшелонын (биіктігін) белгілейді ӘҚҚ органы жүзеге асырады:
      1) өту эшелонында және одан жоғары – осы Қағиданың 341-тармағына сәйкес ұшу эшелоны нөмірлерімен (ӘК экипажының сұрауы бойынша ұшудың тиісті эшелоны метрмен белгіленеді);
      2) өту эшелонынан төмен (төменгі қауіпсіз эшелонынан) – метрмен.
      343. Төменгі эшелоннан төмен ұшқанда төменгі эшелон мен ұшу биіктігі арасындағы тігінен болатын қашықтық 300 метрден кем белгіленбейді.
      Төменгі эшелоннан төмен биіктікте әуе кемелерінің КҰЕ бойынша (КҰЕ ең төмен жағдайлары бойынша ұшулар) 300 км/сағат аспайтын жылдамдықпен ұшу 150 метрден кейін, 300 км/сағ. асатын жылдамдықпен ұшу - барлық жағдайларда 300 метрден кейін эшелонады.
      344. Шеңбер бойынша ұшу биіктігі мен күту аймағының төменгі эшелоны арасындағы тігінен болатын қашықтық 300 метрден кем болмауы тиіс.
      345. Әуеайлақ ауданында әуе кемелері арасындағы тігінен  болатын қашықтық 300 метрден кем болмауы тиіс. Төменгі эшелоннан төмен көзбен шолып ұшу ережесі бойынша ұшуды орындайтын А санатындағы ұшақтар мен тікұшақтар үшін "В", "С", "Д" санаттарындағы ұшақтардың ұшу бағыттарының қиылысатын жерінде, радиолокациялық бақылау кезінде және олардың арасындағы көлбеу қашықтық 5 км кем болмаса - тігінен болатын ара қашықтық кемінде 150 метр болуы тиіс.
      346. Әуе кемелерінің КҰЕ бойынша және АҰЕ бойынша ұшуы үшін бір уақытта бірдей эшелон (биіктік) тағайындауға тыйым салынады.
      347. Бағыттардың бұрылыс пунктінде эшелонды ауыстырғанда, ұшудың жалпы бағыты өзгергендіктен, жаңа эшелонды алу ӘҚҚ органдардың рұқсатымен, осы Қағидада белгіленген ара қашықтық сақтала отырып көрсетілген пункті ұшып өтуден 20 км бұрын орындалады.
      348. Егер жолдың (бағыттың) басым учаскелерінің берілген ақиқат жол бұрыштары бір шеңбердің жартылай шегінде, ал жекелеген учаскелерде - бір шеңбердің басқа шегінде болса, онда барлық әуе жолы (бағыты) үшін ұшудың қауіпсіздік шаралары сақтала отырып бірыңғай эшелондар белгіленуі мүмкін.
      349. Әуеайлақ (аэроторап) ауданында және күту аймақтарында тігінен эшелондау белгіленген ара қашықтықтарға сәйкес ұшудың берілген жол бұрыштарына тәуелсіз жүргізіледі.
68-параграф. КҰЕ бойынша ұшқанда көлденең эшелондаудың ең аз ара қашықтығы
      350. КҰЕ бойынша ұшқанда ӘК арасындағы көлденең эшелондаудың ең аз ара қашықтығы бір эшелонда (биіктікте) бір бағыт бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерінің арасы - 2км.
      351. Басқа әуе кемесі ұшып келе жатқан ұшу эшелонын (биіктігін) қиып өткен, сондай-ақ бір эшелонда (биіктікте) ұшу бағытын қиып өткен кезде КҰЕ бойынша ұшқанда көлденең эшелондаудың ең аз ара қашықтығы:
      1) ұшу жылдамдығы 300 км/сағат және одан аз болатын әуе кемелері үшін - 2 шақырым;
      2) ұшу жылдамдығы 300 км/сағаттан асатын әуе кемелері үшін - 5 шақырым.
      352. КҰЕ және АҰЕ бойынша ұшатын ӘК арасындағы бойлап эшелондау ара қашықтығы АҰЕ бойынша ұшу үшін белгіленген ара қашықтықтан артық белгіленеді.
69-параграф. Радиолокациялық бақылаумен аспаптар бойынша ұшу ережелері бойынша ұшқанда көлденең эшелондаудың ең аз аралығы
      353. Бір эшелонда (биіктікте) бір бағыт бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерінің арасы:
      1) әуе жолдарында, жергілікті әуе жолдарында және белгіленген бағыттар бойынша - 30км;
      2) ӘКБ автоматтандырылған жүйесін пайдаланғанда (бұдан әрі - ӘКБ АЖ) әуе жолдарында, жергілікті әуе жолдарында және белгіленген бағыттар бойынша - 20км;
      3) әуеайлақ ауданында (өту аймағында) - 20км;
      4) әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдаланғанда (бұдан әрі - ӘКБ АЖ) әуеайлақ ауданында (өту аймағында) - 10км;
      5) ұшу және қону аймағында - ұшу салмағы 136 т және одан көп болатын әуе кемелерінің соңынан ұшқан барлық әуе кемелері үшін - 10км. Қалған барлық жағдайларда - 5км.
      354. Басқа әуе кемесі иеленген қарсы эшелонды (биіктікті) қиып өткен кезде - қиып өтетін сәтте 30 км (10 км бүйірдегі ара қашықтықты сақтай отырып).
      355. Басқа әуе кемесі иеленген ілеспе эшелонды (биіктікті) қиып өткен кезде - 20 км, ал жақын келетін аймақта ӘКБ АЖ пайдалану кезінде - қиып өтетін сәтте 12 км.
      356. Радиолокациялық бақылаумен аспаптар бойынша ұшу ережелері бойынша ұшқанда көлденең эшелондаудың ең аз аралығы бір эшелондағы (биіктіктегі) қиып өтетін бағыттар бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерінің арасы - қиып өтетін сәтте 40 км.
70-параграф. Радиолокациялық бақылау болмаған кезде аспаптар бойынша ұшу ережесі көлденеңінен эшелондаудың ең аз уақыттық аралығы
      357. Бір бағыт бойынша бір эшелонда (биіктікте) ұшып келе жатқан әуе кемелерінің арасындағы уақытша ара қашықтықтар:
      1) әуе жолдары, жергілікті әуе жолдары бойынша, белгіленген бағыттар бойынша және жақын келетін аймақта - 10 минут;
      2) ұшу және қону аймағында қонуға бағытталған сұлба бойынша маневрді орындағанда - 3 минут.
      358. Басқа әуе кемесі иеленген ілеспе немесе қарсы эшелонды (биіктікті) қиып өткен кездегі уақытша ара қашықтықтар - қиып өткен сәтте 20 минут.
      Бір эшелондағы (биіктіктегі) қиып өтетін бағыттар бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелері арасындағы уақытша ара қашықтық - қиып өткен сәтте 15 минут.
      359. Әуеайлақ ауданында радиолокациялық бақылау жоқ болғанда, АҰЕ бойынша ұшқан жағдайда бір биіктікте бір ғана әуе кемесі болуы тиіс.
      360. КҰЕ және АҰЕ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерінің арасындағы көлденеңінен эшелондаудың ара қашықтығы АҰЕ бойынша ұшу үшін белгіленген ара қашықтан кем болмауы тиіс.
71-параграф. Бүйірден эшелондаудың ең аз арақашықтығы
      361. КҰЕ бойынша бір биіктікте ұшқанда бүйірден эшелондаудың ең аз арақашықтығы:
      1) төменгі эшелоннан төмен жергілікті әуе жолдарымен ұшқанда ажыратылған бағыттар үшін - 5 км;
      2) алдында ұшып бара жатқан әуе кемесін оң жағынан басып озғанда (әуеайлақтық шеңберде - сырт жағынан) - 500 метр.
      362. Радиолокациялық бақылауда АҰЕ бойынша ұшу үшін бүйірден эшелондаудың ең аз арақашықтық:
      1) қатарлас әуе жолдары осьтерінің арасы - 50 км;
      2) ілеспе әуе кемесі иеленген эшелонды (биіктікті) қиып өткенде - қиып өткен сәтте 10 км;
      3) қарсы ұшып келе жатқан әуе кемесі иеленген эшелонды (биіктікті) қиып өткенде - қиып өткен сәтте 10 км (30 км бүйір ара қашықтығын сақтай отырып);
      4) қарсы ұшып келе жатқан әуе кемесі иеленген эшелонды (биіктікті) қиып өткенде, әуеайлақ ауданында әуе кемелері бірімен бірі қатар ұшса - қиып өткен сәтте 12 км.
      363. Радиолокациялық бақылау болмаған жағдайда АҰЕ бойынша ұшу кезінде бүйірден эшелондауға тыйым салынады.
72-параграф. Ұшу эшелонын (биіктігін) өзгерту тәртібі
      364. Ұшу эшелонын (биіктігін) белгіленген эшелондау ара қашықтарын сақтай отырып ӘҚҚ органның рұқсатымен өзгертуге болады.
      365. Берілген эшелонда (биіктікте) ұшуды орындайтын әуе кемесі осы эшелонды (биіктікті) алуға рұқсат сұраған экипаждың әуе кемесінің алдында артықшылығы бар.
      366. Әуе кемесі иеленген эшелон, егер эшелондаудың басқа түрін қолдану мүмкіндігі болмаса алғашқы әуе кемесінің экипажы төмендеу немесе биікке көтерілу туралы баяндағаннан соң ғана басқа әуе кемесіне беріледі.
      367. Берілген эшелонда ұшу қауіпсіздігіне қатер төнсе (қауіпті метеорологиялық құбылыстарға кез болу, авиация техникасындағы ақау) әуе кемесінің командиріне эшелонды (биіктігін) дербес өзгертуге құқық беріледі және ол осы жайында әуе қозғалысын тікелей басқаруды жүзеге асырушы ӘҚҚ органына жедел баяндайды.
      Мұндай жағдайда командир ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертпей, әдетте әуе кемесін бағыт осінен 30о оңға бұруға және 20 км ұшып өткеннен кейін, кемені бір мезгілде қалаған эшелонына дейін биіктікке өзгерте отырып бастапқы бағытқа шығаруға міндетті. Маневрдің орындалғаны туралы әуе кемесінің командирі ӘҚҚ органға хабарлайды.
      Ескерту. 367-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      368. Әуе трассаларына және/немесе ЖӘЖ-ға кіру, олардан ұшып кету және олармен қиылысу алдын ала келісілген эшелондарда (биіктіктерде және учаскелерде орындалады.
      369. Әуе трассасын (жергілікті әуе желісін) қиып өту немесе оған кіру үшін эшелон (биіктік) оның шекарасына дейін 10 км бұрын белгіленеді.
      370. Азаматтық авиацияның ӘК ұшуларды орындаған кезде ӘК экипажына әуе трассасына (жергілікті әуе желісіне) кіру үшін ӘҚҚ органынан шекараға жеткенге 5 минут бұрын рұқсат пен кіру талаптарын алу қажет.
      371. Егер ұшып шығу әуеайлағы әуе трассасына (жергілікті әуе желісіне) жақын орналасқан болса, оны қиып өтуге рұқсат пен талаптар ӘҚҚ және ӘҚБ органдары арасында келісіліп, ӘК ұшар алдында беріледі.
      372. ӘК бірнеше әуе трассасынан немесе жергілікті әуе желісінен кезекпен өткен жағдайда ӘҚҚ (ӘҚБ) органы ӘКК бірнеше әуе трассасынан немесе жергілікті әуе желісінен өтуге бір немесе бірнеше рұқсат береді.
73-параграф. Әуеайлақ (аэроторап) ауданындағы ұшулар
      373. Әуеайлақ (аэроторап) ауданында ұшулар) Ұшуды орындаудың негізгі қағидаларының талабына сәйкес әуеайлақты пайдаланушылар дайындаған осы әуеайлақ (аэроторап) ауданында ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулыққа, (әуеайлақтың аэронавигациялық паспортына) сәйкес орындалады.
      Ескерту. 373-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      374. Әуеайлақ ауданында ұшу:
      1) ұшудың белгіленген бағыттары бойынша;
      2) ұшып шығудың белгіленген схемалары бойынша;
      3) қонуға кірудің белгіленген схемалары бойынша немесе айналып келіп қонуға кіру схемасының бір бөлігі бойынша;
      4) Ұшудың негізгі қағидаларына сәйкес әзірленген Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес (әуеайлақтың аэронавигациялық паспорты) ӘҚҚ органы белгілейтін траектория бойынша;
      5) көзбен шолып қонуға кіру әдістері бойынша орындалады.
      Әуеайлақ (аэроторап) ауданындағы ұшулар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларына сәйкес орындалады.
74-параграф. Көзбен шолып қонуға бет алу
      375. Айналымнан көзбен шолып қонуға бет алу (бұдан әрі – КҚБ) Ұшуды жүргізу нұсқаулығында (аэронавигациялық паспортта) көзделген болса барлық санаттағы ӘК үшін, сондай-ақ қонуға бет алудың осы түрі үшін белгіленген пайдалану минимумы жарияланған, «жеңіл» санатына жататын ӘК үшін әуеайлақтарда күндіз және кешқұрым қолданылады.
      376. Қонуға көзбен шолып бет алудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн көзбен шолып маневр жасау аймағы белгiленедi, оның шектерiнде төмендеудiң ең төменгi биiктiктiгi мен ҚКБ-ның ең аз мөлшерiнiң есебi жағдайында кедергiлердi ескеру керек.
      Бақыланатын әуеайлақта қонуға көзбен шолып кіруді орындау үшін аэронавигациялық ұйым ӘС әр санаты үшін құжаттарда аэронавигациялық ақпаратты анықтап, жариялайды:
      1) көзбен шолып маневрлеу аймағында абсолюттік/қатыстылық кедергілер аралығын (ОСА/Н);
      2) төмендеудің ең төменгі абсолюттік/қатыстылық биіктігін (MDA/H);
      3) қонуға көзбен шолып кіруді орындау үшін көріністің ең төменгі мәні.
      377. Айналымнан ҚШК үшін минимумдар мен төмендеудің ең төменгі биіктігінің есебі мен кедергілерді есепке алу тәртібі «ӘК ұшуларын жүргізу» ИКАО (Doc 8168 OPS/611)құжатының талаптарына сәйкес белгіленеді.
      378. ҚШК төмендегілерді қарастырады:
      1) алдын ала қонуға тікелей шығу үшін көзбен шолып маневрлеудің белгіленген аймағы шегінде әуеайлақ ауданында көзбен шолып маневрлеу;
      2) қону курсына бұрылу басталған сәтке дейін төмендеудің белгіленген ең төменгі биіктігін сақтай отырып;
      3) ұшу жолағы шегінде ҚШК және (немесе) болжамдармен тұрақты көзбен шолып байланысуды белгілеу және сақтау;
      4) ҰЕҚ бойынша қонуға кіру және ҰЕҚ бойынша екінші айналымға кетудің белгіленген схемасына шыға отырып, ҚШК және (немесе) оның болжамдарымен көзбен шолып байланысуды жоғалтып алған жағдайда, айналымнан ҚШК кез келген нүктесінен екінші айналымға кету.
      379. Айналып келіп қонуға бет алу КШК ымыртта ҰҚЖ жарық  техникалық құралдары қосылып тұрған кезде орындалады.
      Айналып келіп қонуға бет алу КШК көзбен көріп шолу арқылы үздіксіз байланыс жағдайында орындалады (ҰҚЖ алдында немесе жарық техникалық қонуға бет алу құралдары арқылы).
      380. Айналып келіп қонуға бет алу ӘК КШК көзбен көріп шолу арқылы маневрлеу аймағына кіргеннен кейін және ӘҚҰ органынан рұқсат алған соң басталады.
      Айналып келіп қонуға бет алу КШК кезінде төмендеудің жарияланған ең төменгі биіктік (бұдан әрі - ТЕБ) мәні сақталады және көзбен көріп шолу арқылы маневрлеу аймағында белгіленген шекте ӘК болуы қамтамасыз етіледі.
      ӘҚҚ органы төмендегі талаптар сақталған жағдайда жер үстіндегі болжамдар мен көзбен шолып байланысуды белгілеу туралы ӘК экипажының баяндамасынан кейін қонуға көзбен шолып кіруге рұқсат береді.
      1) бұлттардың төменгі шегінің биіктігі КҰЕ бойынша қонуға кірудің бастапқы учаскесі үшін белгіленген ұшу биіктігіне (эшелон) сәйкес келеді немесе асады;
      2) Әуе кемесінің осы санаты үшін белгіленгеннен кейін төмен емес метеореологиялық көрінуі;
      3) Аспаптар бойынша төмендеу алдын-ала жазылған траектория бойынша немесе ӘҚҚ органы көрсеткен кіруді бастау нүктесіне белгіленген биіктікке дейін, ал рәсім басталғаннан кейін ЖӘК дейін жүргізіледі;
      Қону мақсатында ӘК-нің ЖӘЖ-ден төмендеуі қонар алдындағы сызық бұрылым басталғаннан кейін жүргізіледі.
      382. КШК-мен көзбен шолып маневрлеудің кез келген нүктесінде КШК-мен көзбен шолу байланысын жоғалтып алған кезде төмендеу тоқтатылып, қонуға бет алудың осы бағыты үшін белгіленген аспаптар бойынша екінші айналымға кету схемасын жаза отырып, биіктіктің ең төменгі қауіпсіз биіктікке көтеріле отырып, КШК-ға қарай ұшу орындалады.
      383. ӘКК Айналып келіп КҚБ кезде мыналарға жауап береді:
      1) төмендеу және аспаптар бойынша қонуға бет алу схемаларын сақтауға;
      2) ҰҚЖ және (немесе) оның бағдарлары көрінбеген жағдайда көзбен шолып маневр жасауға;
      3) көзбен шолып маневр жасау кезінде қону бағытына бұрылып келгенше төмендеудің белгіленген ең төменгі биіктігін сақтауға;
      4) ҰҚЖ және (немесе) оның бағдарлары көрінбеген жағдайда немесе көзбен шолып маневр жасаудың белгіленген аймағынан шығып кеткен жағдайда уақытында екінші айналымға кетуге;
      5) оның алдында көзбен шолып қонуға бет алған ӘК-мен қауіпсіз аралықты ұстап тұруға.
      384. Айналып келіп КҚБ ережелері бойынша басшылық етуімен ұшу орындалып жатқан ӘҚҚ органы:
      1) Айналып келіп КҚБ орындау мүмкіндігін әуедегі жағдай мен метеожағдайды талдау негізінде анықтауға;
      2) экипаждың айналып келіп КҚБ басталғанға дейін радиолокациялық бақылау болған кезде төмендеу және аспаптар бойынша қонуға бет алу схемаларын сақтауына;
      3) экипажға көзбен шолып маневр жасаудың белгіленген аймағына кірген кезде айналып келіп КҚБ-ға рұқсат беруге;
      4) радиолокациялық бақылау болған жағдайда экипаждың екінші айналымға кету схемаларын сақтауына;
      5) экипажға әуедегі жағдайды, метерологиялық және орнитологиялық жағдайды уақытында хабарлауға жауапты.
      Ескерту. 384-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      385. Ұшу жылдамдығы 300 км/сағ аспайтын ӘК үшін КҚБ күндіз,  кешқұрым және түнде қолданылады.
      Түнде және кешқұрым КҚБ жарық-техникалық жабдықтармен жабдықталған әуеайлақтарда (қону алаңдарында) орындалады.
      386. КҚБ бұлттардың төменгі шекарасының нақты биіктігі (бұдан әрі – БТШБ) және көру мүмкіндігі осы Қағиданың 5-қосымшасында келтірілген Көзбен шолып ұшу талаптарында көрсетілген биіктіктен төмен болмаған жағдайда орындалады.
      387. Әзірленген пайдалану тәртіптемесіне сәйкес КҚБ жердегі бағдарлар үнемі көрініп тұрған кезде орындалады.
75-параграф. Күту аймағындағы ұшулар
      388. Күту аймағы, әдетте, әуеайлақтың (дәліздің) немесе нүктелердің координаттарымен белгіленген радионавигациялық нүктесінің үстінде белгіленеді.
      389. Күту аймағындағы ұшу қағидасы және қонуға бет алу үшін күту аймағынан шығу тәртібі әуеайлақтың (аэротораптың) ауданында ұшуларды жасайтын нұсқаулықпен (аэронавигациялық паспортпен) айқындалады және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады. Күту аймағындағы ұшулар эшелондау қағидасына сәйкес жүргізіледі. Күту аймағының төменгі эшелоны өту эшелоны болып табылады.
      Егер күту аймағына кіру және одан шығу тәртібі аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланбаса, онда осы Қағиданың 8-қосымшасында келтірілген күту аймағына кіру және одан шығу тәртібінің талабын басшылыққа алу керек.
      Ескерту. 389-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      390. Күту аймағында ұшу биіктігін (эшелонын) өзгерту осы әуе кемесінің ұшуына қызмет көрсетуді (басқару) жүзеге асыратын ӘҚҚ (УВД) органның рұқсатымен жүргізіледі.
      391. Егер күту аймағындағы әуе кемесіне дереу қону қажет болса, ӘҚҚ орган осы әуе кемесіне кезектен тыс қонуды қамтамасыз етеді.
      392. Күту аймағындағы ұшу күту аймағындағы ұшулар үшін жарияланғаннан көп емес жылдамдықта, ал егер олар жарияланбаса, онда осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес мәннен аспайтын жылдамдықта орындалады.
      393. Күту аймағына кіру және күту рәсімдерін орындау 25о кренмен немесе бұрылудың 3 град/секундтан кем емес бұрыштық жылдамдықпен орындалады.
      394. Қашықтау жолының сызығына бұрылу әуе кемесінің күтудің бақылау нүктесіне шыққан сәтінде басталады.
      Жақындау жолының сызығына бұрылу бұрылудың басталуы навигациялық параметрдің берілген мәніне жету сәтінде (жердегі навигациялық құралдан қашықтығы немесе пеленга) немесе навигациялық құралдың үстінен ұшып өткен сәтте берілетін жағдайларда ескертусіз басталады.
      395. Жақындау жолының сызығына бұрылу басталған сәт көрсетілмеген жағдайда, онда экипаж штильді жағдайға тең, күтудің бақылау нүктесінің траверзінен қашықтау жолының сызығы бойынша ұшу уақытын басшылыққа алады:
      1) егер күту эшелоны (биіктігі) 140 (4250 м.)-ден аспаса 1 минут;
      2) егер күту эшелоны (биіктігі) 140 (4250 м.)-ден асса 1,5 минут.
      Ескерту. 395-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      396. Күту рәсімдерінің талаптарын орындау мүмкін болмаған жағдайда, ӘК командирі әуе кемесі оның бақылауындағы ӘҚҚ органына хабарлайды.
76-параграф. Ұшуларды орындау бағыттары мен аудандары
      397. Пайдаланушы ұшулар ол үшін тек бір ғана бағытта және ауданда орындалатынына:
      1) ұшудың жоспарланған түріне сәйкесетін метеорологиялықты қоса алғанда, жер бетінде қамтамасыз етуге;
      2) ұшу ауданының қауіпсіз биіктігін ұстану талаптарына сәйкес келетін әуе кемесінің сипаттамасына;
      3) әуе кемесінің бортындағы жабдықтардың ұшудың жоспарланған түріне арналған ең төмен талаптарға сәйкес келуіне;
      4) жарамды ұшу картасы мен схемасының бар болуына;
      5) екі қозғалтқышты әуе кемелерін пайдаланғанда ұшу уақыты мен қашықтығы бойынша шектеулер шегінде қолайлы әуеайлақтардың бар болуына;
      6) бір қозғалтқышты әуе кемелерін пайдаланғанда мәжбүрлі қонуды орындауға мүмкіндік беретін қолайлы алаңдардың болуына көз жеткізеді.
      398. Пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген ұшу бағыттарындағы және аудандарындағы барлық шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді.
      399. Әуе трассалары, МВЛ және метеорологиялық жағдайларға, әуе кемелері түрлерінің және олардың жабдықтарына байланысты белгіленген бағыттар бойынша ұшулар трассаның белгіленген енінің шегінде (ЖӘЖ, белгіленген бағыттың) ұшудың берілген биіктігінде (эшелонында) АҰЕ мен КҰЕ бойынша орындалады.
      400. Ұшудың қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда ұшудың берілген биіктігін (эшелонын) өзгертуге және берілген жол сызығынан жалтаруға рұқсат етіледі. Берілген жолдың белгіленген сызығынан немесе ұшу биіктігінен жалтарған кезде ӘК командирі өзінің әрекеттері туралы әуе кемесі оның басқаруындағы ӘҚҚ органға дереу хабарлайды.
      401. Міндетті хабар жеткізу пунктінің ұшып өтетін есепті уақыты 3 минуттан артық шамаға өзгергенде ӘК командирі нақтыланған есепті уақытты ӘҚҚ органына хабарлайды.
      402. ӘК командирі әуе трассасына (ЖӘЖ, белгіленген бағыт) кіргенге дейін 5 минуттан кешіктірмей осы әуе трассасы (ЖӘЖ, белгіленген бағыты) бойынша әуе қозғалысын басқаруды (қызмет көрсетуді) жүзеге асыратын ӘҚҚ органынан рұқсат сұрайды және кіру жағдайын нақтылайды.
      403. Әуе кемесі әуеайлақтан, оған жақын орналасқан әуеайлақтан ұшып көтерілген кезде (ЖӘЖ, белгіленген бағыт) әуе трассасына кіруге ӘКК рұқсатты және нақтыланған жағдайды ұшып көтерілгеннен кейін бірден сұрайды.
      Ескерту. 403-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      404. ӘК командирі әуе трассасынан (ЖӘЖ, белгіленген бағыттан) шыққанға дейін 5 минуттан кешіктірмей әуе кемесі әуе трассасынан (ЖӘЖ, белгіленген бағыттан) шыққаннан кейін әуе қозғалысына тікелей басқаруды (қызмет көрсетуді) жүзеге асыратын ӘҚҚ органнан рұқсат алады және шығу жағдайын нақтылайды.
      405. Әуе трассасына (ЖӘЖ, белгіленген бағыт) кіру және оның шегінен шығуды әуе кемесі эшелонда (биіктікте) ӘҚҚ органымен алдын ала келісілген көлденең ұшу режимінде жүргізеді.
      Ескерту. 405-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      406. Әуе трассасына (ЖӘЖ, белгіленген бағыт) кіру эшелонына (биіктігіне) шығу оның шекарасына дейін кемінде 10 км ішінде жүргізіледі.
      Ескерту. 406-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      407. Әуе трассасынан (ЖӘЖ, белгіленген бағыттан) шыққаннан кейін ұшу биіктігін (эшелонын) өзгерту әуе трассасының (ЖӘЖ, белгіленген бағыттан) шекарасынан кемінде 10 км қашықтықта жүргізіледі.
      408. ӘКК басқаруды беру межесіне жақындағанға дейін 5 минуттан кешіктірмей ӘҚҚ органымен радиобайланыс орнатады, ол әуе қозғалысын басқаруды (қызмет көрсетуді) жүзеге асыратын болады, оған ұшу биіктігін (эшелонын), өзінің тұрған жерін, есепті уақыт пен басқаруды беру межесіне шығатын орынды баяндайды, ӘҚҚ органның аймаққа кіруге және ұшу жағдайына (ұшу туралы ақпарат) рұқсат алады. Алынған рұқсат туралы ӘК командирі осы әуе кемесінің әуе қозғалысын тікелей басқаруды (қызмет көрсетуді) жүзеге асырушы ӘҚҚ органына баяндайды.
      409. Осы әуе кемесінің әуе қозғалысын тікелей басқаруды жүзеге асырушы ӘҚҚ пункті диспетчерінің нұсқауы бойынша әуе қозғалысын немесе қайталама радиолокаторды басқарудың автоматтандырылған жүйесінен әуе қозғалысына қызмет көрсету пунктіндегі әуе жағдай туралы ақпарат болғанда, ӘКК міндетті жеткізу пунктеріннен ұшып өткенде ӘҚҚ пунктімен байланыс орнатудан босатылуы мүмкін.
      410. КҰЕ бойынша ұшқанда ӘК командирі әуеайлақты қауіпсіз қашықтан әуеайлақты қауіпсіз қашықтан немесе сақтықты барынша сақтай отырып ӘҚҚ органының нұсқауымен белгіленген бағыт бойынша айналып өтеді.
      411. Елдi мекеннің үстiнен ұшу әуе кемесi бұзылған жағдайда сол елдi мекеннің шегінен тысқары жерде қонуға мүмкiндiк беретiндей биiктiкте орындалады.
      412. Метеорологиялық жағдайлар белгіленген биіктікті ұстап тұруға мүмкiндiк бермейтiн жағдайда әуе кемесінің командирі, егер айналып өтудің басқа тәртібі белгіленбесе, елді мекендерді оң жағынан айналып өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет