Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы



бет5/26
Дата12.06.2016
өлшемі1.95 Mb.
#129917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

3. Пайдалану рәсімдері
46-параграф. Пайдалану рәсімдерін әзірлеу
      205. Пайдаланушы жерде және ұшу кезінде пайдалану қызметінің барлық түрлеріне арналған экипаж мүшелері мен жер үсті персоналының қызметтік міндеттерін қамтитын, әуе кемесінің әрбір пайдаланатын үлгісі бойынша рәсімдер мен нұсқаулықтар әзірлейді.
      206. Пайдаланушыда экипаж әрекетінің ҰПН және/немесе ҰЖН-да бар рәсімдерге сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында қалыпты, күрделі және авариялық жағдайларда барлық ұшу кезеңдері басталғанға дейін, ол уақытта және ол аяқталған соң экипаж пайдаланатын бақылау карталарының жүйелері болады.
      207. Пайдаланушы экипаж мүшелерінен ұшудың жауапты (күрделі) учаскелерінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерден басқа, қандай да бір әрекеттерді орындауын талап етпейді.
      208. Пайдаланушы оның пайдаланушы сертифакатының негізінде орындалатын кез-келген ұшуды пайдаланушылық басқаруды жүзеге асырады (АОС – ағылшын тіліндегі қысқартылған сөз).
47-параграф. Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқама
      209. Пайдаланушы ҰЖН әзірлейді және ұшу жүргізумен айналысатын авиациялық персоналды ҰЖН-ның тиісті бөліктермен қамтамасыз етеді. ҰЖН талаптары оған қатысты бөлігінде пайдаланушының барлық персоналының орындауы үшін міндетті болып табылады.
      210. ҰЖН мазмұны Қазақстан Республикасы үкіметінің төмендегі:
      1) 2010 жылғы 18 қазан күнгі № 1070 «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидасын бекіту туралы»;
      2) 2010 жылғы 18 қазан күнгі № 1069 «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы»;
      3) 2010 жылғы 31 желтоқсан күнгі «Жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларын ұшуға жіберу қағидасын бекіту туралы» қаулыларында келтірілген.
48-параграф. Авиациялық персоналдың біліктілігі
      211. Әуе кемесіне жер үсті қызметін көрсетуге және ұшу пайдалануға қатысатын немесе тікелей қатысатын авиациялық персонал тиісінше оқытылады, машықтанудан өткеннен кейін және машықтануды жүргізетін лауазымдық тұлғаның өз бетінше кәсіби қызметке жіберу мүмкіндігі туралы шешімінен кейін өз бетінше кәсіби қызметке жіберіледі.
      212. Авиациялық персонал иеленген қызметiне сәйкестiкке арналған аттестациядан өтедi.
      Ескерту. 212-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 20.09.2013 № 733 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
49-параграф. ӘҚҚ органдарымен өзара әрекеті
      213. Пайдаланушы олардың ұшуы әуе кеңістігінде орындалатын аудандар мен мемлекеттер үшін белгіленген ӘҚҚ органдарымен өзара әрекет ету рәсімдерін сақтауды қамтамасыз етеді.
      214. Пайдаланушы 2011 жылғы 12 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 506 қаулысымен бекітілген, ӘҚҚ органдарына Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес ӘҚҚ органдарына ұшу жоспарын (әуе кеңістігін пайдалануға арналған өтінімді) уақтылы ұсынады.
50-параграф. Әуеайлақтарды пайдалану
      215. Пайдаланушы тек әуе кемесінің үлгілері мен ұшу түрлері бойынша пайдалану талаптарына сәйкес келетін әуеайлақтарын ғана пайдаланады.
      216. Пайдаланушы әуе кемелерінің пилоттары мен мүшелерін даярлау әдістерін айқындау және әуе қозғалысының жоғары тығыздығы, жергілікті бедерлердің географиялық ерекшеліктері мен қонуға енудің күрделі схемалары, сондай-ақ ұшып келу мен ұшып кетудің схемалары бар аудандар мен әуеайлақтарына оларды жіберу мақсатында әуеайлақтарының күрделілік санаттарын белгілейді.
      217. Әуеайлақтары күрделігіне қарай «А», «В», «С» санаттарына жіктеледі және пайдаланушының ҰЖН-на енгізіледі.
      218. Әуеайлақтарын күрделілік санаты бойынша жіктеу әдісі осы Қағиданың 3-қосымшасында келтірілген.
51-параграф. Әуеайлақ минимумы
      219. Пайдаланушы осы ережелердің 4-қосымшасына, «Кез келген ауа-райы жағдайында ұшу жөніндегі нұсқау» ИКАО құжатына (Doc 9365 AN/910 ИКАО) сәйкес пайдалану үшін рұқсат берілген әрбір әуеайлақтың минимумын (ұшып көтерілу, қону үшін және қосалқы әуеайлақ ретінде) айқындайды.
      220. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілейтін әуеайлақ минимумының кез келген жоғарлауын пайдаланушы ескереді.
      221. Енудің нақты режимі мен қону үшін таңдалған минимум:
      1) қонуға ену картасына сәйкес көрсетілген және ену мен қону рәсімін қамтамасыз ететін жер үсті жабдығы ақаусыз және қосылған болса;
      2) қонуға енудің бұл үлгісі үшін қажеті борттық жүйелер жұмысқа қабілетті болса;
      3) Әуе кемесінің ҰПН мен ҰЖН-да айқындалған ұшу сипаттамалары
минимумға сәйкес болса;
      4) экипаждың тиісті рұқсаты болса қолданылады.
52-параграф. Аспаптар бойынша қонуға бет алу және шығу процедуралары
      222. Пайдаланушы мемлекет белгілеген әуеайлақ орналасқан қонуға бет алу және шығу схемасын пайдаланады.
      223. Белгіленгеннен ерекшеленетін аспаптар бойынша қонуға бет алу және шығу схемасы уәкілетті органның келісімі бойынша әуеайлақ орналасқан мемлекеттің рұқсатымен ғана қолданылады.
      224. ӘК командирі ұшудың нақты жағдайларын ескере отырып кедергілердің көріну мүмкіндігі мен оларды ұшып өту қағидаларын орындау кезінде қонуға бет алу мен шығудың жарияланған схемасынан ауытқуға диспетчер берген рұқсатты қабылдайды. Қонуға бет алғанда қонуға бет алудың соңғы учаскесі көзбен шолып немесе аспаптар бойынша қонуға бет алудың белгіленген схемасына сәйкес орындалады.
      225. Жергілікті әуе желісінің әуе трассасы бойынша ӘК ұшуды аяқтау нүктесінен қонуға бет алудың бастапқы кезеңінен бақылау нүктесіне дейін маневрлеу (бұдан әрі - ЖЭЖ) ӘҚҚ диспетчері сұратқан траекториялар немесе келу бағыты (бұдан әрі – STAR, қысқартылған атауы ағылшын тілінде) бойынша жүргізіледі.
      226.Ұшу және қонуға бет алған кезде бақылау нүктелерін (пунктерді, межелерді) ұшып өту берілген биіктікте аспаптар бойынша ұшу, қонуға бет алу схемасында көрсетілген ұшудың аспаптық жылдамдықтары бойынша белгіленген шектеулерді сақтай отырып берілген биіктікте жүргізіледі.
      227. Ұшып шығу және қонуға бет алудың схемасын, аспаптар бойынша ұшып шығу және қонудың стандартты бағытын желдің әсерін ескере отырып, ұшу экипажы орындайды.
      228. Ұшып шығу схемасы (қонуға бет алу) және аспаптар бойынша ұшып шығудың (келу) стандартты бағыты бойынша ұшқан кезде Ұшып шығу схемасы (қонуға бет алу) және аспаптар бойынша ұшып шығу бағыты негізделген навигациялық құралдар пайдаланылады.
      229. Аймақтық навигацияның схемалары болып табылмайтын ұшу, қонуға бет алудың бастапқы кезеңі, күту, екінші айналымға кету схемалары төмендегі шарттарды сақтаған кезде аймақтық навигацияның жабдықтарын қолданумен орындалады:
      1) әуе кемесінде орнатылған аймақтық навигация жабдықтары сертификатталған және ұшу экипажы осы үлгінің схемасын орындау үшін пайдалануға жіберілген;
      2) берілген траектория қолданыстағы борттық дерекқорда сақталады және ұшу экипажы оның жарияланған схемаға сәйкес келуіне көз жеткізгенде.
      230. Векторлауды жүзеге асырған кезде ӘҚҚ органы ұшып келетін ӘК қатысты векторлау басталған болса жер үстіндегі кедергілердің қауіпсіз өтуіне жауап береді, және ол жалғаса береді:
      1) ӘК аспаптар бойынша қонуға бет алудың соңғы учаскесіне
шыққанға дейін;
      2) қонуға көзбен шолып кіруді орындауға рұқсат алғанға дейін.
      231. Әуе кемесінің қонуға бет алудың соңғы учаскесіне жақындауы түзу сызықты көлденең ұшу режимінде глиссадаға кіруді орындауға мүмкіндік беретін қашықтықта 45о көп емес бұрышпен (әдетте, 30обұрышпен) қамтамасыз етілуі тиіс.
      232. Кіруге рұқсат соңғы берілген бағытпен бір мезгілде беріледі, бұл ретте өз құралдарымен ұшуды жаңарту туралы нұсқау берілмейді. Әуе кемесі қонуға бет алудың соңғы учаскесінің траекториясына шығу үшін айналған сәт аспаптар бойынша қонуға бет алу үшін радиолокациялық дәлдеудің аяқталуы болып табылады. Радиолокациялық дәлдеу аяқталған сәттен бастап қонуға бет алуды жалғастыруға жауаптылық ӘК командиріне жүктеледі.
      233. Қонуға бет алу және аспаптар бойынша қонуға бет алу схемасын пайдалана отырып қонулар былайша жіктеледі:
      1) қонуға дәл емес бет алу және қону. Бүйірден дәлдеуді пайдаланып, бірақ тігінен дәлдеуді пайдаланусыз аспаптар бойынша қонуға бет алу және қону;
      2) қонуға бет алу және дәлдеумен қону. Бүйірден және тігінен дәлдеуді пайдаланып, бірақ қонуға дәл бет алу және қону үшін белгіленген талаптарға жауап бермейтін аспаптар бойынша қонуға бет алу және қону. Бүйірден және тігінен дәлдеу жердегі навигациялық құралдардың көмегімен қамтамасыз етілетін, немесе навигациялық деректерді компьютермен қалыптастыратын дәлдеуді білдіреді;
      3) қонуға дәл бет алу және қону. Қонуға бет алудың және қонудың анықталатын санаттарының минимумдарында дәл бүйірден және тігінен дәлдеуді пайдалана отырып аспаптар бойынша қонуға дәл бет алу және қону.
      234. Радиомаяк жүйесі (РМЖ) бойынша қонуға дәл бет алу:
      1) РМЖ бойынша қонуға бет алу глиссадаға кіру нүктесі болып табылатын қонуға бет алудың соңғы кезеңінің нүктесінде басталады;
      2) КҰЕ-мен экипаждың көзбен шолу байланысы болған кезде бағыт және/немесе глиссада бойынша дәлдеуді жоғалтқан жағдайда қонуға көзбен шолып бет алу қағидасына өту жүзеге асырылады. КҰЕ-мен көзбен шолатын байланыс жоқ болғанда, егер нақты метеорологиялық жағдай бет алудың осы үлгісі үшін белгіленген пайдалану минимумынан жаман болмаса, тігінен дәлдеумен қонуға дәл емес бет алу немесе қонуға бет алуды кейіннен дайындай және орындай отырып екінші айналымға кету схемасы бойынша үзілген бет алу орындалады.
      235. Қону локаторы бойынша қонуға бет алу:
      1) қону локаторы бойынша қонуға бет алуды орындаған кезде ұшқыш ӘҚҚ пункті диспетчерінің әмірін орындайды;
      2) ұшқыш бағыт бойынша берілген траекториядан ауытқыған кезде бұл туралы ӘҚҚ пункті диспетчерінің арнайы нұсқауынсыз түзететін әрекет қолданбайды;
      3) ұшқыш биіктік бойынша берілген траекториядан ауытқыған кезде(глиссада бойынша ауытқу) ӘҚҚ пункті диспетчері ұсынған ақпараттың негізінде түзететін әрекет жасайды.
      236. Қонуға дәл емес бет алу:
      1) қонуға бет алудың соңғы кезеңінде төмендеу қонуға бет алудың соңғы кезеңінің бақылау нүктесінде, ал «ипподром» рәсімін немесе кері схемаларды орындау кезінде – қону алдындағы түзуге шыққаннан кейін басталады;
      2) қонуға бет алудың соңғы кезеңінде төмендеудің ең аз биіктігіне дейін (ТАБ) төмендеу желді ескере отырып төмендеу градиентімен анықталатын есепті тік жылдамдықпен жүзеге асырылады (спутниктік навигациялық жүйе бойынша (СНЖ) бет алған кездегі траекторияның еңіс бұрышы).
      237. Бақылау нүктесінің сатылы төмендеуі болған кезде аталған биіктіктен төмен төмендеу осы нүктені ұшып өткенге дейін жүргізілмейді.
      238. Белгіленген шектен асып түсетін шамаға әуе кемесі ауытқығанда қонуға бет алу тоқтатылады. Екінші айналымға кету рәсімі екінші айналымға кету нүктесін ұшып кеткеннен кешікпей басталады.
      239. Бүйірден және тігінен дәлдеуді пайдалана отырып қонуға бет алу осы қонуға бет алу қонуға бет алу картасында жарияланғаннан төмен әуеайлақтағы температурада орындалмайды.
      240. Қонуға бет алу глиссадаға кіру нүктесі болып табылатын қонуға бет алудың соңғы кезеңі басталған нүктеде басталады.
      241. КҰЕ-мен көзбен шолу байланысы болғанда тігінен дәлдеу тоқтатылған жағдайда қонуға көзбен шолып бет алуға өту жүзеге асырылады. КҰЕ-мен көзбен шолу байланысы болмағанда егер нақты метеорологиялық жағдай қонудың осы түрі үшін белгіленген пайдалану минимумынан жаман болмаса, қонуға дәл емес бет алуды кейін орындай отырып екінші айналымға кету орындалады.
53-параграф. Шуды азайту рәсімдері
      242. Пайдаланушы ИКАО-ның қолданыстағы қағидалары (Doc. 8168-OPS/611 «Әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету – ұшуды жүргізу қағидасы» (PANS- OPS)) мен олардың қолданысқа енуіне қарай басқа да қолданылатын құжаттарға сәйкес аспаптар бойынша ұшуды орындау кезінде шуды азайту рәсімдерін белгілейді.
      243. Әуе кемелері пайдаланылатын, барлық үлгілер үшін пайдаланушы белгілейтін жергілікті жерде шуды шектеу бойынша шараларды қолдана отырып, ұшып көтерілу және биіктік алу рәсімі барлық әуеайлақтар үшін бірдей болуы тиіс.
54-параграф. Ұшақтардың екі қозғалтқышпен ұлғайтылған қашықтыққа ұшуы (ЕТОРS - ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура)
      Ескерту. 54-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      244. Пайдаланушы 57-параграф талаптарына жауап бермейтін бағыт бойынша және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ETOPS approval) берген тиісті рұқсат болмаса ұшуды орындамайды.
      245. ETOPS бойынша сертификаттау кезінде ұшақ жүйелерінің техникалық сипаттамалары мен сенімділігіне қатысты қолданылатын өлшемдер ұшу жарамдылығы бойынша техникалық нұсқамада (Doc. 9760) бар.
      246. ETOPS бойынша ұшуды орындау кезінде пайдаланушы бағыттың кез келген нүктесінен қону үшін жарамды қашықтағы қосалқы әуеайлақтар отын қоры жететін және ең аз жабдық тізбесінің (MEL) сенімділігі бойынша айқындалған уақыт аралығы шегінде екеніне көз жеткізеді.
55-параграф. ЕТОРS бойынша ұшуға рұқсаттамасыз екі қозғалтқышты ұшақтарды қондыру үшін жарамды әуеайлаққа дейінгі ең көп қашықтық
      Ескерту. 55-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      247. Уәкілетті органның арнайы рұқсаты (ЕТОРS рұқсаты) жоқ болған кезде пайдаланушы қону үшін жарамды әуеайлақтарынан қашық қандай да бір нүктесі бар бағыт бойынша екі қозғалтқышты ұшақтармен мынадан астам қашықтыққа ұшуды орындамайды:
      1) 20-дан астам ең көп мақұлданған жолаушылар саны бар немесе 45500 кг. астам барынша ұшып көтерілу массасы бар осы Қағиданың 248-тармағына сәйкес айқындалған крейсерлік жылдамдықта бір жұмыс істейтін қозғалтқышымен 60 минут ұшатын А сыныбының ұшу-техникалық сипаттамаларын бар әуе кемелер үшін;
      2) 19-дан аз ең көп жолаушылар орнының мақұлданған саны, немесе 45500 кг аз ең көп ұшып көтерілу массасы, крейсерлік жылдамдықта бір жұмыс істейтін қозғалтқышпен 120 минут немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен кезде турбореактивті ӘК үшін 180 минутке дейін ұшатын А сыныбының ұшу-техникалық сипаттамалары бар немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен кезде осы Қағиданың 248-тармағына сәйкес айқындалған А сыныбының ұшу-техникалық сипаттамалары бар турбореактивті әуе кемелері үшін 180 минутке дейін әуе кемелері үшін;
      3) осы Қағиданың 248-тармағына сәйкес айқындалған крейсерлік жылдамдықта бір жұмыс істейтін қозғалтқышпен 120 минут ұшатын, 300 теңіз миль (аз мәні алынады) В немесе С сыныбының ұшу-техникалық сипаттамалары бар әуе кемелері үшін.
      Ескерту. 247-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      248. Пайдаланушы пайдаланылатын екі қозғалтқышты ұшақтардың әрбір үлгісі үшін қолайлы әуеайлаққа дейін барынша қашықтау есебіне арналған жылдамдықты айқындайды.
      Ескерту. 248-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      249. Пайдаланушы ұшақтардың әрбір үлгісі мен модификациясына жататын мына ақпараттың ҰЖН-ға енгізілуін қамтамасыз етеді:
      1) бір жұмыс істейтін қозғалтқышпен осы Қағиданың 247-тармағына сәйкес айқындалған крейсерлік жылдамдық; және
      2) осы Қағиданың 247-248-тармағына сәйкес айқындалған қолайлы әуеайлаққа дейінгі барынша көп қашықтық.
56-параграф. Авариялық тастап шығу құралдары.
Авариялық-құтқару жабдығына еркін қол жеткізу
      250. Пайдаланушы жермен бұрыла жүру, ұшып көтерілу және қону, сондай-ақ ұшудың әртүрлі кезеңдеріндегі басқа да қажетті жағдайларда авариялық эвакуациялау құралдарын уақтылы ашуды қамтамасыз ететін рәсімдерді белгілейді.
      251. ӘК командирі барлық авариялық-құтқару құралдарына жеңіл қол жеткізілетініне және дереу пайдалануға дайын екендігіне көз жеткізеді.
57-параграф. Креслолар, байлау жүйелері мен қауіпсіздік белдіктері
      252. Экипаж мүшелері:
      1) ұшып көтерілу және қону уақытында, сондай-ақ ӘК командирі мұны қауіпсіздік мүддесі үшін қажет деп санаса экипаждың әрбір мүшесі жұмыс орынында қолда бар барлық қауіпсіздік белдіктерін байлайды.
      2) ұшудың басқа кезеңдері уақытында ұшу экипажының әрбір мүшесі жұмыс орнында болған кезде қауіпсіздіктің бел белдігін байлайды.
      253. Жолаушылар:
      1) Ұшып көтерілу және қону алдында, жермен жүру кезінде, сондай-ақ қажет болған жағдайларда қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, әуе кемесінің командирі барлық жолаушылардың өз орындарына отырғанына және қауіпсіздіктің бел, егер болса иық белдіктерін байлағанына көз жеткізеді;
      2) пайдаланушы екі жасқа дейінгі балаларды тасымалдау үшін олардың ұшу кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қажетті құралдарымен қамтамасыз етеді, ал әуе кемесінің командирі оған көз жеткізеді не олар қауіпсіздіктің бір белдігін пайдалана отырып, ересектермен бірге отырады.
58-параграф. Ұшу экипажы кабинасының, жолаушылар кабинасының және буфет-асүйлердің қауіпсіздігі
      254. Жолаушыларды тасымалдайтын ең жоғарғы сертификатталған ұшу салмағы 45 500 кг-нан асатын немесе 60 адамнан артық жолаушы сиятын ӘК-де ӘК әзірлеушісі бекітілген құрылымның ұшу экипажы кабинасының есігін атыс қаруы мен гранаталардың жарықшағының тесіп шығуына, сонымен қатар, бөгде тұлғалардың зорлықпен баса-көктеп кіруіне қарсы тұра алатындай етіп жобалаған.
      255. Бұл есікті әр ұшқыштың жұмыс орнынан жабу және ашу мүмкіндігі қамтамасыз етілген, сонымен қатар кіруге ниет білдірген адамдарды және күдікті іс-әрекеттер немесе әлеуетті қауіпті байқау мақсатында ұшу экипажы кабинасының сыртқы жағынан есіктің барлық аумағын бақылау құралы қарастырылуда.
      256. Жолаушыларды түсіргеннен кейін ӘК барлық ішкі есіктері жабылған сәттен бастап, оларды түсіру үшін мұндай есіктердің кез келгенін ашқанға дейін, бұған құқы бар тұлғалардың кіру және шығу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет болған кезден басқа жағдайларда ұшу экипажы кабинасының есігі жабық және бекітулі болады.
      257. Пайдаланушы жермен жүру, ұшып көтерілу және қону алдында барлық авариялық шығыстарға еркін баруды және жолаушылар кабинасын (салонын) тастап шығу құралдарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін рәсімдерді әзірлейді.
      258. ӘК командирі ұшып көтерілу және қону алдында, сондай-ақ қауіпсіздік мүдделері үшін қажет басқа да жағдайларда жолаушылар кабинасының (салонының) барлық жабдықтары мен багаж тиісті түрде бекітілгеніне көз жеткізеді.
59-параграф. Әуе кемесіне май құю
      259. Әуе кемесіне сапа паспорттары жоқ жанар және жағармай материалдарын (бұдан әрі – ЖЖМ) құюға тыйым салынады.
      260. Берілетін жанар және жағармай материалдарына сапа паспорттары (олардың куәландырылған көшірмесі) ұшу кемесінің ұшу экипажының мүшесіне немесе пайдаланушының өкіліне әуе кемесіне май құю алдында олардың талап етуі бойынша көрсетіледі.
      261. Егер әуе кемесінің бортында жолаушылар болса, буланудың жоғары деңгейі бар (авиациялық бензин) отынды құюға, қосымша құюға, ағызуға тыйым салынады.
      262. Егер бұл ҰПН-ға қайшы болмаса бұрамасы айналып тұрған кезде тікұшақтарға булану деңгейі төмен (реактивті отын) отынды құюға, ағызуға рұқсат етіледі.
      263. Қауіпті жағдай туындаған кезде немесе талаптар бұзылған кезде бортында жолаушылары бар, сондай-ақ отырғызған және шығарған кезде әуе кемесіне отын құю, қосымша құю, ағызу рәсімдері тоқтатылады.
60-параграф. Отын және май құюды есептеу
      264. Пайдаланушы отын мен май құю есебін жүргізеді, ол коммерциялық тасымалдар кезінде әрбір ұшуды орындауда 697-тармағында бар параграфта мазмұндалған талаптардың қанағаттандырылғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді.
      265. Отын мен май құю есебінің құжаттарын пайдаланушы 3 ай бойы сақтайды.
61-параграф. Бортында жолаушылар бар, жолаушыларды отырғызу және шығару уақытында отын құю/ағызу
      266. Жолаушыларды отырғызу кезінде, олар бортта болған кезде немесе түсірген кезде ұшаққа май құю бортта ӘК ішіндегі жолаушыларды дереу шығаруға тиісті дайындығы бар және оны жүзеге асыруға басшылық ете алатын персонал болған жағдайда ғана жүргізіледі.
      267. Жолаушыларды отырғызу кезінде, олар бортта болған кезде немесе түсірген кезде ұшаққа май құю кезінде майдың дұрыс құйылуын бақылап тұрған жердегі персонал мен борттағы дайындығы бар персонал арасында ұшақтағы сөйлесу құрылғысы немесе тиісті байланыс құралдарын қолдану арқылы екіжақты байланыс жүргізіледі.
      Бортында жолаушылар бар уақытта, сондай-ақ оларды отырғызу немесе шығару кезінде әуе кемесіне буланудың төменгі деңгейі бар (реактивті отын) отынды құюды, қосымша құюды, ағызуды мына шарттар сақталған кезде:
      1) әуе кемесінің бортында жолаушылармен бірге өрт сөндіру құралдарын пайдалануға, қажет болған жағдайда жолаушыларға нұсқама беруге және авариялық эвакуацияны ұйымдастыруға қабілетті арнайы дайындалған персонал болса;
      2) әуе кемесінің персонал мен жолаушыларға қызмет көрсететін экипажына отынды құю, қосымша құю немесе ағызу жүргізілетіні туралы ескертілсе;
      3) «Белдікті байлау» деген табло сөніп тұрса;
      4) «Темекі шекпеңіз» деген табло мен авариялық шығыстардың жарықтық сілтемелері қосылып тұрса;
      5) жолаушылар қауіпсіздік белдіктерін байламаса;
      6) персонал саны жолаушыларды дерек эвакуациялауды ұйымдастыру үшін жеткілікті болса;
      7) әуе кемесінің тұрағы мен әуе кемесін авариялық тастап шығу құралдары ашылатын аймақ кедергілерден бос болса;
      8) әуе кемесіндегі шығу есігі біреу болған кезде траптың немесе екі және одан астам шығу есіктері болған кезде кемінде екі траптың болуын қоса алғанда, әуе кемесінен адамдарды қауіпсіз және тез эвакуациялауға арналған жағдайлар жасалса;
      9) ішкі байланыстың борттық жүйесі немесе басқа да тиісті құралдар көмегімен қосымша май құюды бақылауды жүзеге асыратын жер үсті персоналы мен борттағы экипаж арасында байланыс (екі жақты) ұсталса жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
62-параграф. Оттегі қоры
      269. Әуе кемесінің экипажы ұшу алдында:
      1) кабинадағы барометрлік биіктік 3000 метрден 4000 метрге дейінгі биіктіктерде 30-дан астам минутты құрайтын ұшу кезінде – барлық экипаж мүшелерінде және 30 минуттен асатын уақыт кезеңі ішінде жолаушылардың 10%-ында;
      2) кабинадағы барометрлік биіктік 4000 метрден астам биіктіктерде ұшу кезінде барлық уақыт ішінде экипаждың барлық мүшелері және жолаушылар үшін оттегі қорының болуын және экипаж мүшелері мен жолаушылардың дем алуы үшін пайдалануын бақылайды;
      3) герметизацияланған кабинасы бар әуе кемесі үшін - абсолюттік биіктігі 7600 м ұшу кезінде немесе абсолюттік биіктігі 7600 м төмен ұшу кезінде егер әуе кемесі кабинадағы барометрлік биіктік 4000 м биіктікке дейін 4 минут ішінде қауіпсіз төмендей алмаса кабинадағы қысым түскен кезде төтенше жағдайда пайдалану үшін барлық экипаж мүшелері мен жолаушылар үшін кемінде 10 минуттық оттегі қоры қамтамасыз етіледі.
      270. Ұшуға жарамдылығы туралы жеке куәлік 1998 жылғы 9 қарашаға дейін немесе одан кейін берілген әуе кемелері автоматты түрде орналасқан оттегі жабдығымен жарақтандырылады. Оттегі аспаптарының жалпы саны экипажға қызмет көрсететін мүшелері мен жолаушыларға арналған орындардың санынан кемінде 10% артық.
4. Ұшу ережесі
      271. Әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының кеңістігінде ұшуы:
      1) көзбен шолып ұшу ережесі бойынша (КҰЕ);
      2) аспаптар бойынша ұшу ережесі (АҰЕ) бойынша орындалады.
      272. Көзбен шолып ұшу ережесі жердегі бағдарлар және басқа материалдық объектілерге қатысты табиғи көкжиектер бойынша әуе кемесінің тұрған жері мен кеңістіктік жағдайын айқындауға мүмкіндік беретін жағдайларда ұшуды орындау тәртібін көздейді.
      273. КҰЕ:
      1) ӘК-ның ұшуды пилотаждық-навигациялық аспаптар бойынша «А» және «С» сыныбындағы бақыланатын әуе кеңістігі шегінде орындауын;
      2) бақыланатын әуе кеңістігінде ұшуға диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді көздейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет