Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


Мұз қатуға қарсы жүйе, әуе винті агрегаттарының жетектері



бет36/37
Дата12.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#129656
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

229. Мұз қатуға қарсы жүйе, әуе винті агрегаттарының жетектері
      1519. Әуе винтінің мұз қатуға қарсы жүйесі қалақтарды әуе кемесінің ұшу-пайдалану сипаттамаларына қолайсыз әсерлерсіз мұздың үдемелілігінен сақтандыруды қамтамасыз етуі керек.
      Мұз қатуға қарсы жүйе қозғалтқыш жұмыстарының әр режимі үшін РП көрсетілген уақыт кезеңділігі ішінде әуе винтінің пайдаланудың күтілетін жағдайында қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек.
      1520. Әуе винті агрегаттарының жетектері мен олардың бекіту элементтері әуе винтінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей жобалануға және орындалуға тиіс.
230. Реттегіш, тұр құбырлары, ажыратқыштар, қосылыстар
      1521. Реттегіш істен шыққан жағдайда, олардың белгіленген мәндерінен тыс айналу жиілігін қауіпті арттыруды болдырмайтын шаралар көзделуге тиіс.
      1522. Көрші агрегаттардың демонтажынсыз әуе винтінің реттегішіне техникалық қызмет көрсету, тексеру, реттеу және ауыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
      1523. Әуе винтінің жүйелеріндегі труба құбырлары, ажыратқыштар, қосылыстар осы Норманың 236-тарауының талаптарын қанағаттандыруға тиіс.
231. Бақылау аппаратурасы
      1524. Әуе винті және оның агрегаттарының әрбір үлгісі үшін өлшеулердің дәлдік шегі талап етілетін, әуе винтін реттеу мен басқаруға қажетті аппаратуралар мен приборлардың тізбесі ұсынылуға тиіс.
      1525. Бақылау-өлшеу приборларына әрбір тармақтың жақындығында труба құбырларының пломбасы кезіндегі жұмыстық сұйықтықтың ағуын шектейтін құрылғыны көздеу ұсынылады.
      1526. Сынақтарға ұсынылатын әуе винті және оның агрегаттарында сынақтар кезінде қолданылатын приборлар үшін қосымша жарақтар орнатылуы мүмкін.
      1527. Әуе винтінің агрегаттарында әуе винті мен оның агрегаттарының жарамдылығын ұшар алдында тексеруді қамтамасыз ететін датчиктер немесе оларға шығарымдар орнатылуы тиіс.
232. «ӘК-ге орнатқанға дейін» сертификаттау кезіндегі әуе винті сынақтары
      1528. «ӘК-ге орнатқанға дейін» сертификаттау кезінде әуе винтінің мынадай текшелік сынақтардан қанағаттанарлықпен өтуге тиіс:
      1) арнаулы сынақтар;
      2) 150 сағаттық сынақтар;
      3) ресурстарды белгілеу жөніндегі сынақтар.
      1529. Әуе винтінің сертификаттау кезінде текшелік сынақтардың нәтижелерін бағалау үшін әуе винтінің бабына жеткізу тарихын ескерген жөн.
      1530. Қажетті үйлесулердегі сынақтар кезінде мынадай өлшемдер өлшенуге тиіс:
      1) әуе винтінің айналу жиілігі;
      2) қозғалтқыштың валына айналдыру сәті;
      3) отынның шығысы;
      4) қозғалтқышқа кіре берістегі және одан шыға берістегі майдың температурасы;
      5) әуе винтінің қадаммен басқарылатын арналарындағы және әуе винтінің реттегішіне кіре берістегі майдың қысымы;
      6) әуе винтінің қалақтарының флюгерлік жағдайға енгізуге қажетті майдың саны;
      7) әуе винтінің және флюгерлік сорғылардың электр қозғалтқыштары МҚЖ тоғының кернеуі мен күші;
      8) электр дабылдары: флюгерлік сорғыны қосу және ажырату, әуе винтінің қалақтарының тіркемесін аралық таянышпен қосу және ажырату, отын кранын жабу, қозғалтқышты ажырату;
      9) әуе винтінің қалақтарын орнату бұрышы.
      Ескертпе: өлшемдердің көрсетілген тізбесі әуе винтінің ерекшеліктеріне қараудың өзгеруі мүмкін.
      1531. Әуе винтінің арнаулы сынақтарын өткізген кезде реттеу мен басқару жүйелерінің істен шығуын имитациялау мақсатында пысықтау жүргізілген агрегаттарды пайдалануға рұқсат беріледі.
      1532. РП-да аталған сынақтарда май пайдалануға тиіс. Сынақтар барысында майдың үлгілері талдау жасау үшін мезгіл-мезгіл алынуға тиіс.
      1533. Әуе винтінің сынақтары кезінде оған арналған барлық агрегаттар мен құрылғылар, егер нақты сынақтарға қойылған талаптарда өзгеше ескерілмесе, орнатылуға тиіс. Реттелетін элементтердің жағдайы тексерілуге және белгіленуге тиіс:
      1) әуе винтінің әрбір жасалымы кезінде;
      2) реттелетін элементтерінің жағдайы өзгерген кезде, егер бұл сынақтар бағдарламасында көзделсе.
      1534. Тексеру жүйелерін тұтастыру (труба құбырларының көлемі, конфигурациясы, электр сымдарының сипаттамасы, сүзгіш схемасы және т.б.) әуе винтінің сынақтары кезінде осы элементтерге тәуелді әуе винтінің пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге тиіс. Әуе винтінің қуатының сипатын айқындау үшін әуе винтінің тікелей қызмет көрсетуіне арналмаған қозғалтқыштың агрегаты ажыратылуға тиіс және компрессордан әуе кеменің мұқтажы үшін ауаны таңдап алу жүргізілмеуге тиіс. Әуе винтінің қуат сипаттамаларын айқындау мақсаты жоқ сынақтары мүмкіндігіне қарай, ӘК қозғалтқышына орнатылған агрегаттары бар, сынақтар бағдарламасына сәйкес жүктемеленген мүмкіндік бойынша жүргізілуге тиіс.
      1535. 150 сағаттық сынақтар барысында РП сәйкес әуе винтінің қызмет көрсету мен жөндеу ғана жүргізуге рұқсат етіледі. Егер бөлшектердің елеулі жөндеуіне немесе айырбастауына ұмтылу қажет болса, онда қосымша сынақтар жүргізілуге тиіс.
      Осы қосымша сынақтардың мазмұны мен талаптарын бөлшектердің жүргізілген жөндеу жұмыстарының немесе айырбастаудың сипаты мен көлеміне қарай белгіленеді.
      1536. Маңызы атмосфера жағдайларына байланысты қозғалтқышта өлшенген әуе винтінің сынақтары кезінде өлшенген негізгі өлшемдердің шамасы (айналу жиілігі, отын шығысы, әуе винтінің қуаты және т.б.) СА жағдайларына әкелуге тиіс.
      1537. Егер кез келген сынақтардың нәтижесінде немесе жаңғырту нәтижесінде әуе винтінің конструкциясына қандай да бір өзгеріс енгізілсе, онда енгізілген өзгеріс әсер етуі мүмкін аяқталған сынақтар қайталануға тиіс.
      150 сағаттық текшелік сынақтар және ресурстарды белгілеу жөніндегі сынақтар үшін әуе винтін тұтастыру мемлекеттік сынақтар үшін топтастыруға толық сәйкес келуге тиіс. Арнаулы текшелік сынақтар кезінде әуе винтінің мемлекеттік сынақтарға арналған оның жиынтығымен баламалы ұстап тұруға тиіс, бірақ, ақыр аяғында, тексерілген сипаттамаларға немесе әуе винтінің қасиеттеріне әсер етуі мүмкін конструкция элементтері бойынша шыдауға тиіс.
      1538. Әуе винтінің арнаулы сынақтары және 150 сағаттық текшелік сынақтар ол тағайындалған жұмыстарға арналған сол үлгінің қозғалтқышына жүргізілуге тиіс. Сынақтардың әрбір кезеңі, әдеттегідей, үзіліссіз өткізілуге тиіс.
      1539. 150 сағаттық сынақтар немесе арнаулы сынақтар аяқталғаннан кейін әуе винтінің мен оның агрегаттары сынақтар бағдарламасында көрсетілген көлемдегі ақауға душар болуы мүмкін.
233. Арнаулы текшелік сынақтар
      1540. Әуе винті мен оның бөлшектері мынадай арнаулы сынақтардан қанағаттарлықпен өтуге тиіс:
      1) әуе винті қалақтарының мұз қатуға қарсы жүйесін тексеру бойынша;
      2) центрден тепкіш жүктемеге арналған;
      3) әуе винтінің ең жоғары айналу жиілігін арттыра отырып;
      4) оның қорғағыш құрылғылары іске қосылған кезде әуе винтінің сипаттамасын тексеру бойынша;
      5) әуе винтінің арналарынан майдың ең жоғары ұйғарынды ағуын анықтау бойынша;
      6) оның қалақтарын флюгирлеу кезінде әуе винтінің жұмысын тексеру бойынша;
      7) оның жекелеген жүйелерінің істен шығуын имитациялау кезінде әуе винтінің жұмыс қабілетін айқындау бойынша;
      8) әуе винтінің беріктігін тексеру бойынша;
      9) кері қимылдайтын режимдегі әуе винтінің жұмысын тексеру бойынша.
      1541. Қозғалтқыштағы текшелік сынақтар кезінде әуе винті қалақтарының мұз қатуға қарсы жүйесін тексеру сынақтардың бағдарламасына сәйкес «құрғақ» ауадағы қыздырылған беттерін термометрлендірумен жүргізілуге тиіс. Әуе винтінің қалақтарының МҚЖ тексеру мынадай:
      1) газы аз жерде;
      2) сынақтар бағдарламасында көрсетілген аралық белгіленгендер;
      3) шарықтау режимдерде өткізілуге тиіс.
      1542. Қалақтарды әуе винтінің төлкесіне бекіту туралы әуе винті жиілігінен айналу кезінде оған ықпал ететін ең жоғары центрден тепкіш күш жүктемесінен көрі жарықтың режиміне сәйкес екі есе көп жүктемеге тап болуы мүмкін. Сынақ не әуе винті айналу кезінде, не созуға арналған статикалық сынақтар кезінде жүргізілуі мүмкін.
      Артық жүктеме қосымшасының ұзақтығын сынақтар бағдарламасы белгіленуге тиіс.
      1543. Әуе винтінің айналудың ең жоғарғы жиілігін арттырумен сынау.
      Сынақ қозғалтқышы бар әуе винтінің бірлескен жұмысы кезіндегі мүмкін болатын қысқа мерзімді шығарып тастау шамасына арналған оның ең жоғарғы айналу жиілігінен асатын немесе олардың қайсысының көптігіне қарай шарықтау режиміндегі айналу жиілігі 5%-ға асатын жиілікпен әуе винтінің айналуы кезінде 10 минут (30 с бойынша 20 цикл) бойы жүргізілуге тиіс.
      Ескертпе. Жұмыстың жиынтық ұзақтығын сақтау кезінде 10 минут бойы айналу жиілігін арттырумен циклдардың ұзақтығын азайтуға рұқсат беріледі.
      1544. Әуе винтінің осы көзделген режимдерінде қорғау құрылғыларының істелген жұмысы кезіндегі, жекелеген жүйелердің істен шығу имитациясы кезіндегі сипаттамасы, сондай-ақ әуе винті кері қимылдайтын режимдегі сипаттамасы қозғалтқышы бар әуе винтінің сынақтары кезінде аэродинамикалық трубада немесе, егер бұл мүмкін болмаса, ӘК-де (ұшу зертханасында) анықталуы тиіс.
      1545. Сынақ кезінде үлкен, шағын қадамның және қадамды тіркегішін басқару арналары бойынша қалақтар қадамының бөлектеп өзгеру тетігінен және екі арнадан бір мезгілде ағыстар жағдайында майдың ең жоғары ұйғарынды ағуы анықталуы тиіс.
      Сынақтар жүргізген кезде әуе винтінің арналарынан ағыстарды бірізділікпен көбейтетін (5 л/минут арқылы) имитация өткізуге мүмкіндік беретін қосымша құрылғыларды пайдалануға рұқсат беріледі.
      Майдың ең жоғарғы ұйғарынды ағыстарымен әуе винті қозғалтқышпен бірлесіп техникалық құжаттамада берілген өлшемдерден ауытқымай жұмыс істеген жағдайда осындай аса жоғары ағыстар танылуы мүмкін.
      1546. Әуе винтінің жұмысын оның қалақтарын флюгирлеу кезінде тексеру пайдалануға жіберілген қозғалтқышқа кіре берістегі майдың ең төмен және ең жоғарғы температурасы кезінде жүргізілуге тиіс және әуе винтінің флюгирлеу өлшемдері техникалық құжаттамада белгіленген шектерде:
      1) флюгирлеу жүйесін қолмен қосу кезінде - қозғалтқыштың жұмыс режимдерінің барлық диапазонында, сондай-ақ ажыратылған қозғалтқышта;
      2) флюгирлеу жүйесін автоматты түрде қосу кезінде - техникалық құжаттамада көзделген қозғалтқыштың жұмыс режимдерінің диапазонында;
      3) флюгирлеу жүйесін авариялық қосу кезінде - қозғалтқыштың жұмыс режимдерінің барлық диапазонында көрсетілуі тиіс.
      1547. Әуе винтінің текшелік сынақтары кезінде төменде көрсетілген істен шығу имитациясы жүргізілуі тиіс. Бұл ретте, істен шығу ұйғаруынсыз теріс тартымның туындауына және әуе винтінің айналу жиілігін ұйғаруынсыз арттыруға алып келмейтіндігін көрсетуі тиіс:
      1) жеке-дара істен шығуы бойынша - қалақтарды орнату бұрышын азайтуға команда беру жағдайында әуе винтінің алу жиілігін реттейтін центрден тепкіш тетігі реттегішінің тұрып қалуы;
      Анықталған ағу шамасы бойынша көлемінен асып түсетін әуе винтінің арналарынан ағатын ағыстар;
      2) қосарлы істен шығулар бойынша - қалақтарды орнату бұрышын азайтуға команда беру жағдайында әуе винтінің айналу жиілігін реттейтін центрден тепкіш тетігінің рет тығынының тұрып қалуы және қадамның центрден тебу фиксаторының бір мезгілде істен шығуы.
      Әуе винтінің нақты үлгісі үшін істен шығулар мен сынақтардың түрлері сынақтар бағдарламасымен белгіленуі тиіс.
      1548. Әуе винтінің негізгі бөлшектерінің беріктігі (қалақтар, корпустар, стакандар, картерлер мен валдар, оның ішінде тең осьті әуе винтінің валдары):
      1) сынақтар кезінде әуе винтінің негізгі бөлшектерінің жүктемелерін (кернеулерін) тексерумен;
      2) пайдалануда жүктемелікті көрсететін жүктемелер кезінде әуе винтінің негізгі бөлшектерінің шыдамдылығын динамикалық зертханалық сынақтармен;
      3) әуе винтінің ресурстарын белгілеу жөніндегі сынақтармен;
      4) беріктік қорларының берілген мәндеріне сәйкес тексерумен;
      5) флаттерден қорғалуын тексерумен және әуе винті қалақтарының жиілік сипаттамаларын анықтау бойынша зертханалық сынақтармен расталуы тиіс.
      Валдағы немесе валдардағы (көршілес бұрамдардағы) ауыспалы кернеулерінің беріктік шарттары бойынша әуе винтінің айналу иілігінің  жұмыс диапазоны шегінде көтеріңкі деңгейлі режимдер табылған жағдайда, пайдалануда валдарға әсер ететін жүктемелердің жиынтығын салу кезіндегі шыдамдылық шегін анықтау бойынша сынақтар жүргізілуі тиіс. Валға осындай жүктеме жиынтығымен сынақтар жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, оның қажу беріктігін айқындайтын негізгі жүктеме салынуға тиіс. Сынақтар кезінде ұдайы өндірілмейтін жүктемелердің валдың қажу беріктігіне әсері есеп айырысу жолымен бағалануы тиіс.
      Ескертпе. Жекелеген жағдайларда валдардың шыдамдылық шегі баламалы конструкциялар сынақтарының нәтижелері бойынша бағалануы мүмкін.
      1549. Қалақтардың бұрылу жылдамдығының сәйкестігі оларды техникалық құжаттамада берілген мәннің кері қимылдайтын жағдайына өту кезінде тексерілуі тиіс.
      Әуе винтінің ең жоғарғы және ең төмен айналу жиілігі мен кері қимылдайтын тартым режиміне өту кезінде оның айналу жиілігінің өзгеру жатықтығы анықталуы тиіс.
      Сынақтармен әуе винті қалақтарының кері қимылдайтын жағдайға өз бетімен өтуінің болмайтындығы көрсетілуі тиіс.
234. 150 сағаттық текшелік сынақтар
      1550. 150 сағаттық текшелік сынақтар кезінде:
      1) әуе винтінің техникалық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкестігі;
      2) әуе винтінің оның реттеу мен басқару жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі анықталуы тиіс.
      Әуе винтінің 150 сағаттық текшелік сынақтарының бағдарламасы:
      1) дайындық жұмыстарын;
      2) әуе винтінің және оның қозғалтқыштағы жүйелерінің сипаттамалары мен жұмыс қабілеттілігін тексеруді;
      3) әуе винтінің қозғалтқышпен бірлескен сынағын;
      4) әуе винтінің қосымша сынақтарын;
      5) сынақтардан кейінгі жұмыстарды қамтуы тиіс.
      150 сағаттық текшелік сынақтар алдындағы дайындық жұмыстарына:
      1) әуе винтінің сынақта ұсынылған материалдарын зерделеу мен тексеру;
      2) әуе винтінің сынаққа қабылдау, олар мыналарды қамтиды:
      әуе винтінің барлық бөлшектерін сырттай қарап шығуды және үйкелген бөлшектерді микрометриялық өлшеуді;
      әуе винтінің жинауды және статикалық теңдестіруді;
      әуе винтінің геометрикалық сипаттамаларын тексеруді;
      әуе винтінің өлшенуін;
      әуе винтінің және айналу жиілігін реттегішті зертханалық тексеруді;
      Ескертпе. Зертханалық тексеру текшелерді қозғалтқышсыз жүргізіледі және мысалы, әуе винтінің басқару арналары бойынша ағу шамасын, қорғау құрылғыларының және т.б. реттеуді анықтауды қамтиды.
      өлшеу аппаратурасын дайындау және текшеге орнату;
      әуе винтінің қозғалтқышқа орнату және реттеу кіруге тиіс.
      1551. Әуе винтінің және оның қозғалтқыштағы жүйелерінің сипаттамалары мен жұмыс қабілеттілігін тексеруге:
      1) әуе винтінің белгіленген айналу жиілігін ұстап тұру орнықтылығын қозғалтқыш жұмысының әртүрлі режимдеріне тексеру;
      2) тең осьтік әуе винтінің техникалық құжаттамада берілген айналу жиілігінің әртүрлілігін тексеру;
      3) қалақтарды қозғалтқыштың әртүрлі белгіленген режимдерінде орнатудың оң және теріс бұрыштары кезіндегі әуе винтінің жұмысын тексеру;
      4) әуе винтінің қозғалтқыштың ауыспалы процестері кезіндегі жұмысын тексеру;
      5) қорғау құрылғыларының жұмыс қабілеттілігін: аралық таяныш, қалақтар қадамының фиксаторы, қалақтар қадамының тартып қысқышының центрден тебуін және т.б. тексеру;
      6) қалақтарды флюгирлеу жүйесінің жұмыс қабілеттілігін соңғысын Фmin флюгерлік жағдайға енгізу кезінде немесе Фрев сынақ бағдарламасы белгілеген қозғалтқыштың жұмыс режимдері кезінде және флюгерлік жағдайдан шығару кезінде:
      қалақтардың флюгерлік жағдайға енгізуге арналған жүйені қолмен қосу кезінде;
      әртүрлі көзделген дабылдардан жүйені (айналдыру сәті бойынша, теріс тартылыс және т.б. бойынша) автоматты түрде қосу кезінде; флюгирлеудің авариялық жүйесін қосу кезінде;
      әуе винтінің қадамын өзгерту тетігімен басқару арналарындағы майдың қысымын тексеру;
      қозғалтқыштың кіре берісіндегі май температурасының әуе винтінің берілген айналу жиілігін ұстап тұруға тигізетін әсерін тексеру.
      1552. Әуе винтінің қозғалтқышпен бірлескен сынақтары қозғалтқыштың 150 сағаттық текшелік сынақтарының бағдарламасы бойынша жүргізілуге тиіс.
      Қадамды өзгерту тетігін қайта қосулар мен қалақтарды 6.5.3 бойынша текшелік сынақтарды ескере отырып флюгерлік жағдайға енгізудің жалпы санының мына төмендегілерден кем болмауы үшін қосымша текшелік сынақтар жүргізілуге тиіс:
      1) әуе винтінің тетігін қозғалтқыштың жердегі аз газ режимінен максимальді ұзақ режимге дейін және керісінше өзгерте отырып 375 қайта қосу;
      2) әуе винтінің тетігін қозғалтқыштың жердегі аз газ режимінен максимальді ұзақ және кері режимге дейін 0,6-0,85 сәйкес 875 қайта қосу;
      3) қозғалтқыштың ауыспалы процестері кезінде 6.5.3.13.4 сәйкес 300 тексеру;
      4) қозғалтқыштың жұмыс режимі өзгерген жағдайда қалақтардың аралық таянышын 1450 ажырату;
      5) жұмыс істеп тұрған козғалтқышқа флюгирлеу жүйесінің қолмен қосқан кезде қалақтардың флюгерлік жағдайға 60 және ажыратылған қозғалтқыш кезінде 15 енгізу;
      6) флюгирлеу жүйесін автоматты қосу кезінде қалақтарды флюгерлік жағдайға 100 енгізу;
      7) флюгирлеу жүйесін автоматты қосу кезінде қалақтарды флюгерлік жағдайға 40 енгізу;
      8) қалақтарды ішінара 190 флюгирлеу;
      9) кері қимылдайтын жұмыс режимі бар әуе винтінің тетігінің Фп.у-дан Фрев-ге дейін және кері 400 қайта қосу.
      Ескертпе. Әуе винтінің қадамын өзгерту тетігін қосымша қайта қосу сол бір үлгідегі қозғалтқыштың басқа данасында немесе зертханалық текшелерде жүргізуге рұқсат беріледі.
      1553. 150-сағаттық текшелік сынақтардың ұзақтығы 25% ішінде әуе винті қалақтарының МҚЖ қосылуы тиіс. Қосылған МҚЖ-ы бар жұмыс режимдері сынақтардың бағдарламасымен анықталуы тиіс.
      1554. 150 сағаттық сынақтардан кейін мынадай жұмыстар орындалуы тиіс:
      1) әуе винті мен айналу жиілігінің реттегішін зертханалық зерттеу;
      2) әуе винті мен айналу жиілігінің реттегішін бөлшектеу, олардың қозғалтқыштарын қарап шығу және олардың ақауларын табу;
      3) әуе винті мен айналу жиілігі реттегішінің үйкелген бөлшектерін микрометриялық өлшеу;
      4) әуе винті мен айналу жиілігі реттегішінің бөлшектерін техникалық құжаттарға сәйкес арнайы бақылау;
      5) әуе винті мен айналу жиілігі реттегішінің ақаулы бөлшектерін сынау;
      6) сынақтар материалдарын өңдеу және сынақтардың нәтижелері бойынша акт жасау.
      1555. 150 сағаттық текшелік сынақтардың нәтижелері, егер техникалық құжаттамалармен белгіленген әуе винтінің талаптарына сәйкес расталған болса, қанағаттанарлық деп танылуы мүмкін.
235. Әуе винтінің ресурстарын белгілеу жөніндегі сынақтар
      1556. Әуе винтінің ресурстарын белгілеу үшін 1613-тармақта көзделген сынақтар жүргізілуге тиіс.
      1557. «ӘК-де орнатылғанға дейін» сертификациясы кезінде әуе винті ұшу сынақтарына қанағаттанарлықпен өтуге тиіс, олар:
      1) әуе винтті және оның жүйелерін негізгі пайдалану режимдерінде реттеу мен басқарудың ұшу-пайдалану сипаттамаларын;
      2) әуе винті элементтерінің тербелістік жүктемесін;
      3) мұз қатуға қарсы жүйесінің жұмыс қабілеттілігін;
      4) әуе винтінің қол жетімсіз теріс тартымнан қорғаудың автоматты жүйелерінің жұмыс кабілеттілігін;
      5) әуе винтінің кері қимылдайтын тартым жүйесінің жұмыс қабілеттілігін;
      6) әуе винтінің үлгілік бейімі бойынша ұшулардағы жұмысын тексеруді қамтиды.
      1558. Мемлекеттік сынақтарға ұсынылған әуе винтінің конструкция мен негізгі деректері бойынша сәйкес келетін әуе винтіне жіберілуі тиіс. Сынақты жоғарыдан көрсетілген айырмашылығы бар тексерілетін сипаттарға елеуі түрде әсер етпейтін сол бір үлгінің басқа әуе винтінің жүргізілуі мүмкін.
      1559. Сынақтар әуе винтінің жұмысына арналған сол үлгінің қозғалтқышында жүргізілуге тиіс. Әуе винтінің жұмыс режимдерін айқындайтын қуат пен қозғалтқыштың басқа деректері мемлекеттік сынақтарға ұсынылып отырған қозғалтқыштың осы түрінің үлгісінің деректеріне сәйкес келуге тиіс.
      1560. Сынақтарды қозғалтқышты әуе винтінің тағайындалған сол үлгідегі ӘК олардың ұшу сынақтары үшін (ұшу зертханасында) арнайы жабдықталған не басқа үлгідегі ӘК орындауға рұқсат беріледі. Бұл ретте, сыналып отырған әуе винтіне кіретін қуатты қондырғы элементтерінің, сондай-ақ әуе винтінің жұмысына әсер ететін ӘК элементтері мен жүйелерінің конструкциясы мен топтамасы осы элементтерге тәуелді (мысалы, әуе винтінің агрегаттары орналасқан жердегі ортаның температурасы, оның тетіктерінің жұмыстық сұйықтықтары температурасында, агрегаттардың электр қорегінің өлшемдері бойынша) әуе винтінің пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуі тиіс. Осы жағдайларды жасайтын имитацияларды пайдалануға жол беріледі.
236. Ұшу сынақтары
      1561. Ұшуды пайдалану жағдайларындағы тексеру әуе винтінің жұмыс қабілеттігін, оның қанаттарын орнату бұрыштарының негізгі тіркелген таяныштарын таңдаудың дұрыстығын, сондай-ақ басқа да әуе винтінің ұшу-пайдалану сипаттамаларын, оның реттеу мен басқару жүйелерін, талаптарына кіретін жұмысты бақылау құралдарын және техникалық құжаттама деректерін тексеруді көрсетуі тиіс.
      Тексеру жерде және ұшу сынақтарымен жүргізілуі тиіс, мұнда:
      1) әуе винтінің айналу жиілігін реттеудің орнықтылығы мен дәлдігі және қозғалтқыш тексерілетін барлық белгіленген режимдегі осьтік әуе винтінің айналу жиілігінің әртүрлігі;
      2) әуе винті қалақтарының бұрылу механизмінің жұмыс қабілеттігі және оның айналу жиілігін, оның ішінде максимальді шамасын реттеудің сапа сипаттамасы мен әуе винтінің айналу жиілігінің қозғалтқыштағы ауыспалы процестері кезінде, ол тексерілетін іске қосуды қоса, оның тепе-теңдік мәндеріне ауытқу ұзындығы;
      3) қалақтарды флюгерлік жағдайға енгізу жүйелері бар мәжбүрлі (қолмен) қосу кезінде және ұшудың барлық үлгілік кезеңдерінде одан шығару кезінде қозғалтқыш деңгейлес "алаңдарда" және маневрлерде тексерілетін әуе винтінің қалақтарының бұру тетігінің жұмыс қабілеттілігі;
      4) әуе винтінің қалақтарын орнатудың флюгерлік бұрышын таңдау дұрыстығы. Тексеру пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу жылдамдығының диапазонында, әуе винті не айналады, не 0,5 с-1 аспайтын жиілікпен жұмыс бағытына айналатынын көрсетуге тиіс;
      5) әуе винтінің қалақтарын орнатудың ең аз бұрамын таңдау дұрыстығы, жердегі жағдайлар кезінде (ӘК тұрақтағы кезінде):
      бір валды қозғалтқышты қалыпты іске қосу;
      жердегі аз газ режимінде май жүйесінің жылу алмастырушының жеткілікті үрлеуін;
      техникалық құжаттамада көрсетілген шектерде жердегі аз газды режимдегі әуе винтінің тартымы қамтамасыз етілуге тиіс;
      6) оның конструкциясына кіретін әуе винтінің жұмысын бақылау құралдарының жұмыс кабілеттілігі бағалануға тиіс.
      Сынақтар кезінде крейсерлік ұшуда әуе винтінің ұзақ жұмысының қалақтардың бұрылу тетігінің жұмыс қабілеттігіне және қозғалтқыштағы ауыспалы процестері кезінде және әуе винтінің қалақтарының флюгерлік жағдайға енгізу және одан шығару кезіндегі реттеу мен басқару жүйелерінде әсерін бағалаған жөн. Тексеруді 400С-тан жоғары атмосфералық ауа температурасы кезінде РП-да көрсетілген жоғары крейсерлік режимінде кем дегенде екі сағат бойы немесе осы режимдегі, ал екі сағаттан кем болса, пайдаланудағы ең мүмкін болатын жұмыс ұзақтығының ішінде жұмыстар кейін жүргізген жөн.
      1562. Тексеру әуе винтінің ұшудағы пайдалану жағдайын әуе винтінің шыдамдылығы мен ресурсы бойынша 4.9.3 талаптарына сәйкес қол жетпейтін оның элементтерінің тербелістік жүктемеден кейін сол тәрізді көбейтуге алып келмейтіндігін көрсетуі тиіс.
      Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
      1) ол тексерілетін турбовинттік қозғалтқыш жұмыс жердегі жағдайлары мен режимдерінде әуе винтінің элементтерін, тербелістік жүктемесінің сипаты мен деңгейі;
      2) ол тексерілетін турбовинттік қозғалтқыштың барлық ұшу режимдері мен жұмыстарында әуе винтінің элементтерін тербелістік жүктеменің сипаты мен деңгейі бағалануға тиіс.
      Сынақ кезінде жердегі желді жағдайларда әуе винтінің элементтерін тербелісті жүктемеден кейінгі әсері бағалануы тиіс.
      Тербелісті жүктемені анықтауға арналған тексеруге әуе винтінің қалақтары, сондай-ақ әуе винтінің осы үлгісінің текшелік сынақтары нәтижелерінің негізінде анықталуы тиісті валдары, корпусы және оның басқа да элементтері, тізбесі және баламалы конструкциясы бар басқа да әуе винтін бабына келтіру тәжірибесі жатады.
      1563. Тексеру әуе винтінің конструкциясына кіретін оны басқару мен бақылау құралдарының элементтері бар мұздануға қарсы жүйенің ұшудағы пайдалану жағдайларында жұмысқа қабілеттілігін және қозғалтқыштың өлшемдеріне қол жетімсіз әсер етпейтінін көрсетуі тиіс.
      Тексеруді «құрғақ» ауада ғана орындауға рұқсат ететін жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн.
      Ұшу сынақтары 11000 метрге дейінгі әртүрлі ұшу биіктіктерінде немесе әуе винтінің пайдаланудағы күтілетін жағдайына сәйкес максимальді биіктікке дейін, егер ол 11000 метрден кем болса, ұшу жылдамдығы диапазонының пайдалануда күтілетін диапазонын қамти отырып, жүргізілуге тиіс. Қозғалтқыштың әртүрлі режимдерінде жердегі (ұшудағы) газы аз режимнен шарықтау (максимальді) режиміне дейінгі диапазондағы сынақтар кезінде:
      1) мұз қатуға қарсы жүйесі жұмыс қабілеттігі (мысалы, мұз қатуға қарсы жүйесі электржылытқыштарының жұмысын сипаттайтын өлшемдер бойынша), әуе винтінің конструкциясына кіретін мұз қатуға қарсы жүйесін басқару мен бақылау құралдарының жұмыс қабілеттігі;
      2) мұз қатуға қарсы жүйесі жұмысының қозғалтқыш өлшеміне әсері бағалануы тиіс.
      1564. Әуе винтінің қол жетпейтін теріс тартымынан қорғаудың автоматты жүйелерінің жұмыс қабілеттігін тексеру.
      1) әуе винтінің қол жетпейтін теріс тартымынан қорғау жүйелерінің жұмыс қабілеттігі мен кедергіден қорғаныстығы;
      2) жүйелердің ұшу-пайдалану сипаттамаларының техникалық құжаттама деректеріне сәйкестігі;
      3) әуе винтінің конструкциясына кіретін пайдаланудағы қорғаныстық жүйелерді бақылау құралдарының жұмыс қабілеттігі көрсетілуге тиіс.
      Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен өткізген жөн, бұл жерде:
      1) әуе винтті қалақтарын флюгерлеудің автоматты жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі, теріс тартымды шектеу, осы жүйелер жұмыс істей бастауға тиісті режимдерде қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде және әуе винтінің қозғалтқышы мен реттеу және басқаның жүйелерінің істен шығу имитациясы кезінде қалақтарының аралық жағдайын шектеу бағалануы тиіс. Бұл ретте, ұшу өлшемдері (режимдері) бойынша жүйелердің сенімсіз жұмыс істеу шекаралары анықталуға, қозғалтқыш тартымының өзгерісі, оның ішінде әуе винтінің авторотация режимінде оның қалақтарының аралық және минималды винттердің тіректеріндегі орнату жағдайы кезінде (егер РП көзделген ұшуда ең төмен бұрыш пайдаланылса) тікелей немесе жанама тәсілмен бағалануы тиіс;
      2) жүйелердің жұмысына кіру көзделмеген, қозғалтқыштың қалыпты жұмысы режимдерінде оның жұмыс істеп кетуін болдыртпайтын, автоматты флюгирлеу жүйелердегі датчиктерінің жұмыс істеп кету өлшемдері бойынша қорлардың жеткіліктілігі;
      3) пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы қону режимдерінде қозғалтқыштың орнықты жұмысы енгізілуге тиісті әуе винтінің қалақтарын орнатуда аралық бұрыштың таңдаудың дұрыстығы және техникалық құжаттамаға сәйкес талап етілетін оның мүмкіндігі, ол теріс тартымның шамасы авторотациясы кезінде минималды мүмкіндікте болуға тиіс;
      4) әуе винтінің конструкциясына кіретін пайдаланудың қорғау жүйелерін бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі бағалануға тиіс.
      Сынақтар кезінде атмосфералық ауа температурасының оның өзгеріс диапазонына әсерін, егер осы әсер едәуір күтілетін болса, бағаланған жөн.
      1565. Әуе винтінің кері қимылдайтын тартылым жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін тексеру;
      1) кері қимылдайтын тартым жүйесінің жұмыс қабілеттілігін;
      2) қозғалтқыш пен әуе винтті жұмысының орнықтылығын және кері қимылдайтын тартым режимдеріндегі олардың өлшемдерінің техникалық құжаттама деректеріне сәйкестігін;
      3) оның конструкциясына кіретін әуе винттің жүйесін бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігін көрсетуге тиіс.
      Тексеруді жерде және ұшу сынақтарымен жүргізген жөн, оларды:
      1) кері қимылдайтын тартқышы жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, белгіленген режимдердегі және, жүйені пайдалану рұқсат етілген ұшудың сол бір ұшу кезеңіндегі жүйені қосу, жұмыста ажырату кезіндегі жұмыстар мен өлшемдердің орнықтылығы;
      2) қалақтардың кері қимылдайтын режимдеріне көшу кері тартқыш жетістігі және оң тартқыш режиміне көшу уақыты;
      3) оның конструкциясына кіретін әуе винтінің кері қимылдайтын тартқышы жүйесінің жұмысын бақылайтын құралдардың жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
      Сынақтар кезінде анықталған жел жағдайының және жердегі атмосфералық ауаның сипаттамасына әсері (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануы тиіс.
      1566. Әуе винтінің текшелік ресурстық сынақтар бағдарламаларының режимдерін таңдау шынайылығын растау үшін кем дегенде 50 ұшу айналымы циклдары көлемі мен пайдаланудың күтілетін жағдайдағы үлгілік бейіндері бойынша ұшуда тексеру жүргізілуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет