Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



бет32/37
Дата12.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#129656
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

196. Беріктігі
      1327. Көмекші қозғалтқыш детальдарындағы статикалық және динамикалық кернеулер, деформациялар мен түскен салмақтар, сондай-ақ оның ілінген және агрегаттардың бекітілуі тұсындағы дірілдер пайдалану тәжірибесі мен арнайы сынақ нәтижелерін ескере отырып белгіленген, конструкцияның осындай ерекшеліктерінің, қолданылған материалдардың және қабылданған шығару технологиясының кезінде белгіленген көрсеткіштерден аспауы қажет.
      1328. Компрессордың немесе турбинаның жұмыс күрекшесінің үзілуі, сондай-ақ оның үзілуі нәтижесінде (басқа күрекшелердің қирауы, ротор дисбалансының ұлғаюы, жергілікті температураның көтерілуі және т.б.) туындайтын қайталама құбылыстар қауіпті зардаптарға әкелмеуі қажет.
      1329. Қирауы кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқыш корпустарының ішіндегі қирауларды оқшауландыру қамтамасыз етілмеген көмекші газ турбиналы қозғалтқыш роторларының дискілері ең жоғары пайдалану және күтіліп отырған пайдалану жағдайларында түсетін механикалық және жылу салмақтарына төтеп беру үшін жеткілікті дәрежеде берік болуы қажет.
      1330. Қирауы кезінде көмекші қозғалтқыштың корпустары көтере алмайтын роторлардың элементтеріне (дискілер, біліктер) технологиялық құжаттамадағы нұсқауларға сәйкес өндірістің барлық кезеңдерінде қалтқысыз бақылау, соның ішінде әрбір дайындаманың пайдалы бөлігінен кесіп алынған үлгілердің материалдың механикалық қасиеттеріне бақылау жасалуы тиіс.
      1331. Істен шығуларды талдау арқылы және қажет болған жағдайда тиісті сынақтар арқылы турбина немесе компрессор біліктерінің қирауы, олардың айналасындағы детальдарға қатысты ажырауы және жылжуы қауіпті зардаптары бар істен шығуларға әкелмейтіндігі не болмаса мұның мүмкін еместігі көрсетілуі қажет.
197. Материалдар
      1332. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышты жасау үшін қолданылатын материалдар осы Норманың 1327-тармағының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
      1333. Титан қорытпаларынан жасалған компрессорлардың шығару бөлігіндегі детальдар үшін материалдарды таңдау талаптарды ескере отырып жүргізілуі қажет. Титан негізінде жасалған жаңа материалдар үшін көмекші газ турбиналы қозғалтқыш конструкциясының үлгілеріне немесе элементтеріне арнайы сынақтар жүргізу арқылы олардың өздігінен жану қасиеттерінің жоқ болуы расталуы қажет (осы Норманың 1327-тармағы).
198. Ресурстар
      1334. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш конструкциясы белгілі бір пайдалану уақыты (белгіленген ресурс) аралығында ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, пайдалану барысында түсетін салмақтардың қайталамалы әсерін еш күйреусіз көтеру қажет.
      Көмекші қозғалтқышты «ӘК-ге орнатқанға дейінгі» сертификаттау кезінде күтіліп отырған пайдалану жағдайларына сәйкес көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың (оның негізгі детальдарының) бастапқы белгіленген ресурсы мен алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі көмекші қозғалтқыштың бастапқы ресурсы орнатылады.
      1335. Ресурстар көмекші қозғалтқыш және оның негізгі детальдарына сынақтар жүргізу арқылы расталады.
      1336. Агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдардың ресурстары көмекші қозғалтқыш жүйесіндегі оларға жүргізілген сынақтардың, сондай-ақ арнайы қондырғылардағы автономды сынақтардың негізінде белгіленеді.
199. Сенімділігі
      1337. Авариялық жағдайларда қолдану кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың ұшу барысында іске қосылмай қалу жағдайының болу мүмкіндігі, сондай-ақ оның ұшу барысында іске қосылғаннан кейін өшіп қалу жағдайының болу мүмкіндігі 10-4-тен аспауы қажет.
      1338. Егер көмекші қозғалтқыштың атқарған жиынтық жұмысы (сағаттарда немесе қанша рет іске қосылғандығы бойынша есептелген) талаптарды растауға жеткіліксіз болған жағдайда көмекші газ турбиналы қозғалтқыш элементтері және (немесе) функционалдық жүйелерінің эксперимент арқылы анықталған істен шықпауына байланысты көрсеткіштерін есептеу бойынша сенімділігі расталады.
      Көмекші қозғалтқыш элементтерінің істен шықпауына байланысты көрсеткіштерін анықтау элементтердің автономдық сынақтары мен ресурстық стендтік және ұшу сынақтары кезінде көмекші қозғалтқыш жүйесіндегі олардың жұмысы барысында атқарған жұмысы мен істен шығуының жиынтығы бойынша жүргізілуі қажет.
200. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың отын жүйесі
      1339. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың отын жүйесі осы Норманың 1316-тармағының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
      1340. Отын форсункаларға көмекші газ турбиналы қозғалтқыштан (немесе басқа бір энергетикалық құрылғыдан) берілетін жоғары қысымды сорғы (сорғылар) арқылы берілуі қажет. Сорғының толық өнімділігі барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың қалыпты жұмысы үшін қажетті қуат алудың техникалық құжаттамадағы көзделген ең жоғары мөлшерінен кем болмауы қажет. Екі сорғы болған жағдайда олардың әрқайсысының дербес жетегі болуы қажет; бір сорғының істен шығуы жетекке немесе басқа сорғының сипаттамасына әсер етпеуі қажет.
      1341. Жоғары қысымды негізгі отын сорғысының соратын жолында өткізу және тазалау қабілеттілігі осы Норманың 1326-тармағының талаптарына сәйкес сүзгі орналастыру қажет.
      1342. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш қадамдық қозғалтқыштар сияқты отындармен іске қосылуы және жұмыс істеуі қажет.
      1343. Отын сүзгіштерінің конструкциясы:
      1) сүзгі элементі отын ішіндегі судың қатуы нәтижесінде пайда болатын механикалық қоспалармен немесе мұзбен ластанған жағдайда сақтандырғыш өткізу клапаны арқылы қажетті отынның жұмсалуын қамтамасыз етеді. Сүзгі қысымның сүзгідегі ең жоғары өзгеруін білдіретін сигнализатормен жабдықталуы қажет;
      2) механикалық қоспалармен және еркін сумен берілген деңгейде ластанған отынмен жұмыс істеу барысында сүзгілерді қарап тазалау үшін көзделген ең жоғары мерзім аралығында сүзгіден өткізудің қажетті дәрежесін қамтамасыз етуі қажет.
201. Көмекші газ трубиналы қозғалтқыштың май жүйесі
      1344. Май жүйесінің агрегаттары мен элементтері осы Норманың 1317-тармағының талаптарын қанағаттандыруы қажет.
      1345. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш қадамдық қозғалтқыштар жұмыс істеген май маркаларында жұмыс істеуі қажет.
      Толтырылған жүйе кезінде бактағы майдың қажетті қоры:
      1) техникалық құжаттамада көрсетілген майдың сағаттық жұмсалуына сәйкес ұшу барысында жұмсалатын май мөлшерінің, бірақ алтыдан кем емес сағаттық жұмсалуы;
      2) көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың барлық жұмыс режимдерінде ол арқылы майдың тұрақты айналуын қамтамасыз ету үшін қажетті ең төменгі рұқсат берілген май мөлшерінің;
      3) мүмкін болатын салмақтың мөлшерден көп түсуі кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқышты реттегіш агрегаттарына беру үшін бактың арнайы бөлігінде қалуы қажет май мөлшерінің;
      4) майалғыштың ойығынан төмен бактың ішіндегі май мөлшерінің жиынтығы арқылы анықталады.
      1346. Май багының:
      1) құю түтігі және бактан майды төгуге арналған, өз-өзіне бақылау жасайтын қысымды үлгідегі краны бар құрылғысы;
      2) майды құю барысында бактың толып кетуін болдырмайтын құрылғысы және көлемі стандартты келген штуцері бар, майды қысыммен жабық дистанциялық құюға арналған клапаны;
      3) құю түтігінің оңай ағытылатын қақпағы;
      4) құю түтігінде 0,2 мм қоспаларды сүзгіден өткізбейтін алынып-салынатын торлы сүзгісі;
      5) бактағы майдың мөлшерін өлшеуге арналған құрылғысы және бактағы майдың ең төменгі рұқсат берілген мөлшерін білдіретін сигнал беру құралы;
      6) маймен толтырылмайтын көлем (ұлғаю) бак көлемінен кем дегенде 20% көлемі;
      7) май құйғаннан кейін құю түтігінде және оның жанында май қалдықтарының жиналуын болдырмайтын конструкциясы;
      8) құю түтігінің жанында бактың сыйымдылығы көрсетілген және «май» деп жазылған сөзі бар трафареті;
      9) көмекші газ турбиналы қозғалтқышқа майдың түсуін және майсыз көмекші газ турбиналы қозғалтқышының қысқа уақыт аралық жұмыс істеуіне жол берілмейтін күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы түскен салмақ пен эволюциялар кезінде ішкі қуыстың суфлирленуін қамтамасыз ететін құрылғысы болуы қажет.
202. Реттеуді және басқаруды салқындату жүйесі
      1347. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышты салқындату жүйесі осы Норманың 195-тарауының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
      1348. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышты реттеу және басқару жүйесі осы Норманың 1317-тармағының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
      1349. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш күтіліп отырған пайдалану жағдайларында мынадай функциялардың:
      1) көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың іске қосылуы мен ажыратылуы;
      2) барлық режимдерде берілген дәлдіктері кезінде және реттегіш құрылғыларда қолданылатын жұмыс денесінің сыртқы жағдайлары мен температурасының мүмкін болатын өзгеруі кезінде берілген реттеу бағдарламасына сәйкес реттеліп отырған өлшемдерді автоматтық қолдау;
      3) техникалық құжаттамада айтылған шектерде реттеліп отырған өлшемдерді өзгерте отырып, режимнен режимге бір қалыпты ауысуын;
      4) көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың шектеулі өлшемдерінің тікелей немесе жанама түрде шектелуін қамтамасыз ететін автоматтандырылған реттеу және басқару жүйесімен жарақталуы қажет.
203. Іске қосу және ауа жинақтау жүйесі, мұздануға қарсы жүйе
      1350. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышты іске қосу жүйесі осы Норманың 1317-тармағының талаптарын қанағаттандыруы қажет.
      1351. Іске қосу жүйесі автоматтандырылған болуы тиіс және мынадай талаптарды:
      1) басқару органына (іске қосу түймешесіне, тумблерге) ықпал ету арқылы іске қосылуы;
      2) қолмен ешқандай қосымша операциялар жасамастан бос жүріс (шағын газ) режиміне көмекші газ турбиналы қозғалтқыш шыққанға дейін, автоматты түрде қалыпты іске қосу процесін қамтамасыз етуі;
      3) автоматты түрде өшуі және келесі іске қосылуға автоматты түрде дайындалуы қажет.
      1352. Ауа жинақтау жүйесі осы Норманың 1317-тармағының талаптарын қанағаттандыруы қажет.
      1353. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың мұздануға қарсы жүйесі талаптарды қанағаттандыруы қажет. Көмекші қозғалтқыштағы мұз қатуға қарсы жүйе, егер ӘК-де күтіліп отырған көмекші газ турбиналы қозғалтқышты жинақтау кезінде мұз қатуға қарсы жүйесі қажет еместігі көрсетілсе, ол қолданылмауы мүмкін.
204. Турбинаның шамадан тыс қызуынан қорғану жүйесі
      1354. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышта турбинаның қызуынан қорғайтын автоматты жүйе көзделген болуы қажет. Жүйе көмекші қозғалтқыштың рұқсат берілген көрсеткіштен асатын газ температурасында жұмыс істеуіне жол берместен, оның жұмыс істеу қабілетінің жай-күйінің сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
      Газ температурасының рұқсат берілген көрсеткіштен асуын болдырмас үшін көмекші газ турбиналы қозғалтқышты төмен режимге автоматты түрде ауыстыру немесе оны ажырату қажет.
      1355. Егер турбинаның қызып кетуінен қорғануы басқа құралдар немесе әдістер арқылы қамтамасыз етілген және Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта айтылған болса, онда автоматты жүйенің ажыратылуына жол беріледі.
205. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың жану камерасы, гидрожетектер, агрегаттар және олардың жетектері
      1356. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың жану камерасы осы Норманың 1307-тармағының талаптарын қанағаттандыруы қажет.
      1357. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышта орнатылған гидрожетектер осы Норманың 1317-тармағының талаптарын қанағаттандыруы қажет.
      1358. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың агрегаттары мен олардың жетектері осы Норманың 1317-тармағының талаптарына, ал айнымалы және тұрақты токтың электр генераторлары осы Норманың 157-тарауының талаптарына жауап беруі қажет.
206. Бақылау және сигнал беру аппаратурасы
      1359. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышта қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес көмекші газ турбиналы қозғалтқышының дұрыстығын тексеруді және оның техникалық жай-күйін болжауды қамтамасыз ететін бақылау аппаратурасы орнатылуы қажет. Бақыланатын өлшемдердің тізбесі Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілуі қажет.
      1360. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш олардың дамуының бастапқы кезеңдеріндегі істен шығуларды және пайдалану барысындағы көмекші қозғалтқыштың техникалық жай-күйін анықтау үшін механикалық зақымдарды анықтау құралдарымен жарақталуы қажет. Бұл құралдарға:
      1) май жүйесіндегі магниттік тығындар және құрамында темірдің және басқа да металдардың мөлшерін талдауға арналып, ыңғайлы орналасқан майды уақыт өте алып отырудың төгу крандары;
      2) оптикалық, ультрадыбыстық, құйынтокты және басқа да зонд үлгісіндегі приборлардың көмегімен газ-ауа трактысының детальдарын кезеңді тексеріп отыруға арналған құрылғылар (терезелер, люктар).
      Ескертпе: терезелер мен люктардың саны және орналасуы Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген тізбе бойынша компрессор, турбина баспалдақтары жұмыс күрекшелерінің, жану камерасы бетінің және конструкцияның басқа да элементтерінің жай-күйін бағалауға мүмкіндік беретіндей етіп таңдалуы қажет;
      3) техникалық жай-күйді бақылауға және көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың мүмкін болатын істен шығуларды анықтауға арналған датчиктер жатады.
      Ескертпе: датчиктердің тиісті тізбесі Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылуы қажет.
      1361. Датчиктер көмекші қозғалтқышта:
      1) қысым алу нүктесі магистральдың арынды учаскесінде сүзгіден кейін, егер соңғысы жүйеде көзделген болса;
      2) оны өлшеуге және реттегіш құрылғыға әсер етуге арналған параметр алу нүктелері тракт учаскесінде өлшеу және реттегіш құрылғыларға бірдей әсер етуді қамтамасыз ететіндей орналасуы;
      3) датчиктердің электр сымдары мүмкін болатын зақымданулардан сенімді қорғалған және зақымданудан қауіпсіз көмекші газ турбиналы қозғалтқыштағы орындарға орналасуы қажет.
      1362. Бақылау-өлшеу приборларына қарай кететін әрбір магистраль тармақтарының жанында құбырлар қираған жағдайда сұйықтықтың ағып кетуін шектейтін құрылғы көзделу ұсынылады.
      1363. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышты бақылау, реттеу және басқару үшін қажетті аппаратура мен приборлардың тізбесі ұсынылуы қажет. Осы аппаратура мен приборлармен өлшеудің қажетті дәлдік шектері көрсетілуі тиіс. Тиісті деңгейде аппаратура мен приборлардың көлеміне байланысты олардың рұқсатты мүмкіндігі мен дәлдігі және т.б. ескерілуі қажет.
      1364. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышында мына өлшемдердегі:
      1) роторлардың айналыс жиіліктерін;
      2) газ температурасын;
      3) көмекші газ турбиналы қозғалтқышына кіре берістегі (немесе шыға берістегі) майдың температурасын өлшеу датчиктері орнатылуы қажет.
      Ескертпе: көмекші газ турбиналы қозғалтқышында қажетті деп танылған өлшемдердің қосымша өлшеулері жүзеге асырылуы мүмкін. Көмекші қозғалтқышта оның істеген жұмысын объективті есептеуге арналған құрылғының орнатылуы көзделу тиіс.
      1365. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышы:
      1) майдың ең төмен қысымын;
      2) май багындағы майдың ең төмен қалдығын;
      3) отын сүзгісіндегі рұқсат берілген ең жоғары отын қысымының өзгеруін;
      4) ротор (роторлар) айналысының рұқсат берілген ең жоғары жиілігін;
      5) газдың ең жоғары температурасынан асуын;
      6) дірілдердің рұқсат берілген деңгейден асуын білдіретін қажетті сигнал беру құрылғыларымен жарақталуы қажет.
      Ескертпе: егер қажетті деп танылған жағдайда, басқа да сигнализаторлар орнатылуы мүмкін.
      1366. Көмекші қозғалтқышта орнатылған сигнал беру құралдары қосылған кездегі экипаждың іс-қимылдары бойынша ұсынымдар Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа енгізілуі қажет.
      1367. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышында қолданылатын құбырлар, ажырату және қосу осы норманың 1316-тармағының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
207. «ӘК-ге орнатқанға дейінгі» сертификаттау кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқышын сынақтан өткізу
      1368. «ӘК-ге орнатқанға дейінгі» сертификаттау кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқышы және оның детальдары мынадай стендтік сынақтардан:
      1) арнайы сынақтардан;
      2) 150-ші сынақтардан;
      3) ресурстарды белгілеу бойынша сынақтардан қанағаттанарлық дәрежеде өтуі қажет.
      1369. Көмекші қозғалтқышты сертификаттау кезінде барлық стендтік сынақтар нәтижесін бағалау үшін көмекші қозғалтқышты жетілдіру тарихын ескеру қажет.
      1370. Қажетті үйлесімі шегіндегі сынақтар кезінде мынадай өлшемдер өлшенуі қажет:
      1) барометрлік қысым, атмосфералық температура мен ылғалдылық;
      2) көмекші қозғалтқышқа кіре берісте тежелген ауа ағынының қысымы;
      3) көмекші қозғалтқышқа кіре берістегі тежелген ауа ағынының температурасы;
      4) турбокомпрессор мен еркін турбина (егер ол бар болса) роторлары айналысының жиіліктері;
      5) компрессордан шыға берістегі тежелген ауа ағынының қысымы мен температурасы;
      6) турбинаның арт жағындағы тежелген газ ағынының температурасы;
      7) отын шығыны;
      8) алынатын және қайта жіберілетін ауаның шығыны;
      9) көмекші қозғалтқыштан алынатын ауаның қысымы мен температурасы;
      10) көмекші қозғалтқышқа кіре берістегі отынның қысымы мен температурасы;
      11) отын коллекторы форсункаларының алдындағы отын қысымы;
      12) көмекші қозғалтқыштағы май жүйесіндегі майдың қысымы;
      13) көмекші қозғалтқышқа кіре берістегі майдың температурасы;
      14) көмекші қозғалтқыштан шыға берістегі майдың температурасы;
      15) майдың айдалуы;
      16) май шығыны;
      17) көмекші газ турбиналы қозғалтқышы корпустарының дірілі;
      18) көмекші қозғалтқыш компрессорының реттелетін элементтерінің жағдайы;
      19) электр генераторларға түсетін салмақтың тогы;
      20) электр генераторлардың клеммаларындағы кернеу;
      21) электр генераторлар алдындағы салқындататын ауаның қысымы;
      22) электр генераторларға дейінгі және кейінгі салқындататын ауаның температурасы;
      23) электр генераторлар щеткалары мен корпустарының температурасы.
      Ескертпе: көмекші газ турбиналы қозғалтқышының, оның жүйелерінің немесе сынақ түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты көрсетілген өлшенетін өлшемдердің тізбесі өзгеріп отыруы мүмкін.
      1371. 150-сағаттық стендтік сынақтар мен ресурстық сынақтарға арналған көмекші қозғалтқыштың жинақталуы мемлекеттік сынақтарға арналған көмекші газ турбиналы қозғалтқышының жинақталуына толық сәйкес болуы қажет. Арнайы сынақтарға арналған көмекші қозғалтқыш жинақталуының мемлекеттік сынақтарға арналған көмекші газ турбиналы қозғалтқышының жинақталуына ұқсастығы ең болмағанда тексеріліп жатқан көмекші газ турбиналы қозғалтқышының сипаттамалары мен қасиеттеріне әсер ете алатын конструкция элементтері бойынша сақталу қажет.
      Егер көмекші қозғалтқыш конструкциясында ауа жинағыш көзделген болса, көмекші қозғалтқыштың 150 сағаттық стендтік сынақтары оның ауа жинағышпен жүргізілуі қажет. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышы орналасқан бөлімнің оның параметрлеріне, компрессор жұмысының орнықтылығына (күрекшелердің діріл кернеулеріне) әсері ескерілуі тиіс арнайы сынақтар компрессорға кіре берістегі (бөлімді елестететін орында) ауа ағынының күтіліп отырған ұшу наразылықтарын бейнелей отырып жүргізілуі қажет. Сынақтар штаттық шығу құрылғысымен жүргізілуі қажет. Қажет болған жағдайларда конструкциясы өзгеше келген шығу құрылғысын қолдануға болады.
      1372. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышы компрессорына түсіп тұратын атмосфералық ауаны ылғалдайтын жасанды құралдар арнайы алдын ала келісілген жағдайларда айтпағанда, қолданылмауы тиіс.
      1373. Көмекші қозғалтқышқа арналған техникалық құжаттамада көрсетілген отын мен май сынақтарда қолданылуы қажет. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышты отынмен және маймен қуаттандырудың стендтік жүйелері көмекші газ турбиналы қозғалтқышы үшін штаттық құралдарында көзделген, отын мен майды тазалауды қамтамасыз ететін сүзгілермен жабдықталуы қажет.
      1374. Егер отын мен майдың әртүрлі маркалары қадамдық қозғалтқыштарында қолданылатын бірнеше ӘК үлгілерінде көмекші газ турбиналы қозғалтқышының қолданылуы күтіліп отырса, онда көмекші қозғалтқыштың барлық арнайы стендтік сынақтарын отын мен майдың бірдей маркаларында жүргізуге болады. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының отын мен майдың басқа маркаларындағы жұмысы ұзақ сынақтар арқылы, сондай-ақ отын мен майдың физикалық-химиялық қасиеттерінен шыға отырып, қажетті деп танылған арнайы сынақтар арқылы тексерілуі қажет.
      1375. Егер нақты сынақтарға қойылатын талаптарда өзге еш нәрсе айтылмаған болса, сынақтар кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқышына арналған барлық реттегіштер орнатылған болуы қажет. Реттегіштерді бабына келтіру элементтерін әрбір сынақ алдында реттеп отыру қажет. Реттеу осы сынақтың аяғына дейін және барлық тексеру орындалғанға дейін өзгертілмеуі қажет.
      1376. Сынақтар кезіндегі стендтің барлық жүйелерінің жинақталуы (құбырлардың көлемі мен конфигурациясы, электр сымдарының сипаттамалары, сүзгіден өткізудің сызбасы, жүйелердің сыйымдылықтары және т.б.) осы элементтерге байланысты көмекші қозғалтқыштың күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы бейнеленуін қамтамасыз етуі қажет.
      1377. Реттелетін 150 сағаттық сынақ процесінде тек көмекші газ турбиналы қозғалтқышына қалыпты қызмет көрсетуге және шағын жөндеу жұмыстарына ғана рұқсат беріледі. Егер, әдеттен тыс, едәуір жөндеу немесе детальдарды ауыстыру жұмыстарына жүгінуге рұқсат беру болады деп танылған жағдайда, онда қосымша сынақтар өткізу қажет. Бұл қосымша сынақтардың мазмұны мен талаптары жүргізілген жөндеу жұмыстарының немесе детальдарды ауыстыру жұмыстарының сипаты мен көлеміне байланысты анықталады.
      Ескертпе: сынақ стендін қоршаған ортадан көмекші газ турбиналы қозғалтқышының ішіне шаң мен лай жиналған жағдайларда, 150-сағаттық сынақтың кейбір кезеңдерінде көмекші газ турбиналы қозғалтқышын бөлшектеместен көмекші қозғалтқыш трактысын шаюға жол берілуі мүмкін.
      1378. Көрсеткіштері атмосфералық жағдайларға тәуелді, көмекші газ турбиналы қозғалтқышының сынақтары кезінде өлшенген өлшемдер берілген деректермен салыстыру үшін стандарттық атмосферада келтірілуі қажет.
      1379. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының сынақтары кезінде өлшенген:
      1) көмекші қозғалтқыш арқылы өтетін шығыны мен жиналатын ауа шығынының шамасы;
      2) компрессор турбинасының ротор айналысы жиілігі мен еркін турбина (егер ол бар болса) арқылы қозғалысқа келтірілетін қосымша компрессор айналыс жиілігінің шамасы;
      3) жиналатын ауа қысымының шамасы;
      4) жиналатын ауа температурасының және турбинаның арт жағындағы газ температурасының шамасы;
      5) отынның сағат бойынша шығынының шамасы.
      1380. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышы үлгілеріндегі, олардың реттеу жүйелеріндегі, стенд конструкцияларындағы айырмашылықтар және нақты көмекші газ турбиналы қозғалтқышына арналған осындай формулаларға түзетулер стандарттық атмосфера талаптарына өлшенген шамаларды келтіру әдістеріне түзетулер енгізуі мүмкін. Стандарттық атмосфера талаптарына келтіру үшін, сондай-ақ көмекші газ турбиналы қозғалтқыш үлгілерін, олардың реттеу жүйелерін, стенд конструкцияларын ескере отырып, есептеліп жасалған номограммалар немесе келтіру графикалары қолданылуы мүмкін.
      1381. Егер кез келген сынақтардың нәтижесінде немесе жүргізілген модификациялаудың нәтижесінде конструкцияға қандай да болмасын өзгеріс енгізілетін болса, онда енгізілген өзгеріс әсер етуі мүмкін барлық аяқталған сынақтар қайтадан өтуі қажет.
      1382. Осы Норманың 224-тарауымен регламенттелетін арнайы сынақтар аяқталғаннан кейін, осы сынақтар жүргізілген көмекші газ турбиналы қозғалтқыш оның агрегаттарына сынақтардың бағдарламасында немесе әдістемесінде аталған көлемде дефектация жүргізілуі қажет.
208. Арнайы стендтік сынақтар
      1383. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш және оның детальдары қанағаттанарлық дәрежеде мынадай:
      1) көмекші қозғалтқыштың корпустарының беріктігін, қатаңдығын, тіреу мүмкіндігін және циклдық ұзақтығын тексеру бойынша;
      2) көмекші қозғалтқыштың діріл сипаттамаларын анықтау бойынша;
      3) турбина алдындағы газ температурасының және роторлар айналысы жиіліктерінің («ыстық сынақтар») пайдалану барысында мүмкін болатын ең жоғары көрсеткіштері кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру бойынша;
      4) көмекші қозғалтқыштың газ динамикасы тұрақтылығының қоры жеткілікті екенін тексеру бойынша;
      5) көмекші қозғалтқыштың компрессоры мен турбинасы күрекшелерінің қирау салдарларын анықтау бойынша;
      6) көмекші қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесінің тиімділігін тексеру бойынша;
      7) қоршаған ортаның түрлі температурасындағы жердегі көмекші қозғалтқыштың іске қосылу қасиеттерін тексеру бойынша;
      8) ауа жинағышқа бөгде заттардың түсуі кезіндегі көмекші қозғалтқыштың жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру бойынша;
      9) көмекші қозғалтқыш роторларының беріктігін тексеру бойынша;
      10) турбина алдындағы газдың жоғары температурасы кезіндегі көмекші қозғалтқыштың роторларын тексеру бойынша;
      11) жоғары айналыс сәтіндегі еркін турбиналы көмекші қозғалтқыштың жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру бойынша;
      12) көмекші қозғалтқыштың отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесін тексеру бойынша;
      13) ротордың ең жоғары айналыс жиілігінен асқан кезіндегі көмекші қозғалтқыштың жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру бойынша;
      14) көмекші қозғалтқыштың редукторларының беріктігін тексеру бойынша;
      15) көмекші қозғалтқыштың біліктерінің беріктігін тексеру бойынша;
      16) термобарокамерадағы көмекші қозғалтқыштың биіктікте іске қосылуын тексеру бойынша;
      17) помпаж кезіндегі көмекші қозғалтқыштың қорғаныс құралдарын тексеру бойынша;
      18) турбинаның қызып кетуінен қорғаныс жүйелерін тексеру бойынша;
      19) көмекші қозғалтқыш конструкциясының негізгі элементтерін термоөлшеу бойынша;
      20) көмекші қозғалтқыштың гидравликалық және пневматикалық коммуникация элементтерінің герметикалығы мен беріктігін тексеру бойынша;
      21) көмекші қозғалтқыштың жану камерасының жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру бойынша;
      22) көмекші қозғалтқыштың май жүйесінің сипаттамаларын анықтау бойынша;
      23) көмекші қозғалтқыштың биіктік-жылдамдық сипаттамаларын анықтау бойынша;
      24) көмекші қозғалтқыш роторларының сырғақ (подшипник) тіректерін тексеру бойынша;
      25) көмекші қозғалтқыштың бақылау жарамдылығының деңгейін тексеру бойынша арнайы сынақтардан өтуі қажет.
      Барлық сынақтар әрбір нақты көмекші қозғалтқышқа арналып әзірленген бағдарламалар бойынша жүргізілуі тиіс және 150 сағаттық сынақтарға ұсынылған көмекші қозғалтқышта, сондай-ақ көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың басқа бір данасында да орындалуы мүмкін.
      1384. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш корпустарының беріктігін, қатаңдығын, тіреу мүмкіндігін және циклдық ұзақтығын сынақтан өткізу талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс.
      1385. Турбина алдындағы газ температурасының және роторлар айналысы жиіліктерінің («ыстық сынақтар») пайдалану барысында мүмкін болатын ең жоғары көрсеткіштері кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқышының жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру.
      Егер қалыпты пайдалану жағдайларында газ температурасының ең жоғары көрсеткіштері 20оС-тан астам және көмекші газ турбиналы қозғалтқыш роторларының айналыс жиіліктері 150 сағаттық сынақтар барысында ең жоғары (ең ұзақ) режимдегі мәннен 1%-ға артқан болса «ыстық сынақтарды» жүргізу қажет.
      «Ыстық сынақтардың» ұзақтығы кемінде 75 сағат құрауы қажет, ал газ температурасы мен айналыс жиілігінде ең жоғары мүмкін болатын пайдалануы барысындағы істеген жиынтық жұмысы осы көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың 150 сағаттық сынақтары үшін белгіленген ең жоғары және ең ұзақ режимдеріндегі істеген жиынтық жұмысына тең болуы қажет.
      Пайдалануы барысындағы ең жоғары мүмкін болатын газ температурасы мен роторлар айналысы жиілігі күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы сыртқы ауаның температурасын, отын шығынына арналған рұқсаттарды, әуеайлақтардың орналасу биіктігін, көмекші қозғалтқышқа кіре берістегі ауа ағынының мүмкін болатын біркелкі еместігін ескере отырып есептелген көмекші газ турбиналы қозғалтқышының биіктік-жылдамдық сипаттамалары бойынша анықтау қажет.
      1386. Қалыптасқан режимдердегі және ауыспалы процестер кезіндегі сынақтар арқылы (іске қосу, шағын газдан бос жүріске ауысу, түскен салмақтың өзгеруі) көмекші газ турбиналы қозғалтқыш компрессорында және еркін турбинамен (егер ол бар болса) қозғалысқа келтірілетін қосымша жетекті компрессорда күтіліп отырған пайдалану жағдайларында помпаждың туындамайтыны және газ динамикасы тұтастығының жеткілікті қоры қамтамасыз етілетіндігі көрсетілуі тиіс.
      1387. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш компрессоры мен турбинасы күрекшелерінің қирау салдарларын осы Норманың 1316-тармағының талаптарына сәйкес анықтау.
      1388. Компрессор мен турбина күрекшелерінің қирау салдарларын анықтау бойынша сынақтар осы Норманың 1408-тармағының талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
      1389. Сынақтар өткізу барысында компрессордың немесе турбинаның жұмыс дөңгелегінен айналыс жиілігінің ең жоғары мүмкін болатын пайдалануы барысында түбір қимасындағы бір күрекше бөлінуі қажет. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш күрекше бөлінгеннен кейін талдау арқылы белгіленген өзгермейтін жұмыс режиміндегі белгілі бір уақыт аралығында кем дегенде 15 секунд немесе өзі өшкенге дейін жұмыс істеуі қажет.
      1390. Көмекші қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесінің тиімділігін тексеру осы Норманың 1316-тармағының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      Көмекші қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесінің тиімділігі мынадай режимдерде:
      1) шағын газ (егер ол бар болса) режимінде;
      2) бос жүріс режимінде;
      3) ең ұзақ режимде;
      4) бағдарламада көрсетілген басқа да қалыптасқан режимдерде тексерілуі қажет.
      Көмекші қозғалтқыштың жұмыс істеп тұрған мұз қатуға қарсы жүйесін жердегі режимдердің әрқайсысында сынау ұзақтығы:
      1) осы Норманың 454-тармағында көрсетілген температураға, суға және тамшылардың диаметріне сәйкес келетін мұздану жағдайларында 30 минут;
      2) осы Норманың 455-тармағында көрсетілген температураға, суға және тамшылардың диаметріне сәйкес келетін мұздану жағдайларында 5 минут.
      Сынау уақыты осы режим үшін Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген үздіксіз жұмыс уақытынан аспауы қажет.
      Ескертпе: әрқайсысы температуралар үшін белгіленген тұрақты суда жүргізілетін бірнеше сынақтар жүргізуге жол беріледі. Осы тармақтың орындалу тәртібі мен бірізділігі сынақтардың бағдарламасында көрсетілу қажет.
      Шағын газ бен бос жүріс режимдерінде қозғалтқышты тексеру аяқталған соң, минус 10оС-тан 0оС-қа дейінгі температуралар диапазонында және су шамасында режимдері өзгерген кездегі (шағын газдан бос жүріске және бос жүрістен ең ұзақ және ең жоғары режимдерге ауысқанда) көмекші газ турбиналы қозғалтқыш жұмысына тексеру жүргізілуі тиіс. Тексерулердің саны сынақтар бағдарламасында көрсетілуі қажет.
      Көмекші қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесі мен ауа жинағыштың мұз қатуға қарсы жүйесінің іске қосылуы кешіккен кезде көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру стендтік сынақтардағы шағын газ немесе бос жүріс режимдерінде және мұздану жағдайларындағы сынақтар бағдарламасында көзделген басқа да қалыптасқан режимдерде жүргізілуі қажет.
      Көрсетілген мұз қатуға қарсы жүйенің іске қосылуының кешігуі штаттық мұздану сигнализаторларының қосылу мезетіне қатысты бір минут құрауы қажет.
      Ескертпе: егер, ӘК осы жинағында ауа жинағыштан бөлінген мұз кесектерінің көмекші қозғалтқышқа түсуі мүмкін емес деп көрсетілсе, ауа жинағыштың мұз қатуға қарсы жүйесінің іске қосылуының кешігуіне байланысты тексеру жүргізілмейді.
      1391. Қоршаған ортаның түрлі температурасындағы жердегі көмекші газ турбиналы қозғалтқышының іске қосылу қасиеттерін көмекші газ турбиналы қозғалтқышын іске қосуды тексеру бойынша сынақтармен тексеру кезінде:
      1) қуат көздерінің өлшемдеріндегі мүмкін болатын шектен шығу ауытқуларын ескере отырып, борттық қуат көзінен болсын, сондай-ақ әуеайлақтық қуат көздерінен болсын көмекші қозғалтқышты іске қосу жүйесі жұмысының жеткілікті сенімді екендігі;
      2) іске қосуды қамтамасыз ету үшін отын аппаратурасын бірыңғай реттеудің жеткілікті екендігі көрсетілуі қажет.
      Ескертпе: реттелуі бірыңғай болып келетін іске қосуды тексеру барысында отын реттегіш аппаратураға техникалық жағдайлармен белгіленетін отын шығыны кезіндегі көмекші қозғалтқыштың қалыпты іске қосылу мүмкіндігі расталуы қажет.
      1392. Ауа жинағышқа бөгде заттардың түсуі кезіндегі көмекші қозғалтқыштың жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру осы Норманың 1316-тармағында баяндалған талаптарды ескере отырып, келісілген бағдарлама бойынша жүргізілуі тиіс. Егер күтіліп отырған пайдалану жағдайларында бөгде заттардың ауа жинағышқа түсуі мүмкін емес деп көрсетілсе, онда ауа жинағышқа бөгде заттардың түсуіне байланысты сынақ жүргізілмейді.
      1393. Ротор мен оның жекелеген детальдарының шағын циклдық қажуын және ұзақ уақытқа арналған беріктігін тексеру баламалы-циклдық сынақтардың бағдарламалары бойынша көмекші қозғалтқышта немесе арнайы жабдықталған үдемелі стендіде жүргізілуі қажет.
      1394. Турбина алдындағы газдың жоғары температурасы жағдайында көмекші қозғалтқыш роторларын тексеру ең жоғары айналыс жиілігі мен турбина алдындағы газдың, егер көмекші қозғалтқышқа ең жоғары режим көзделмеген болса, ең жоғары немесе ең ұзақ режимдерге сәйкес келетін, ең жоғары температурадан кемінде 450С-тан асатын температурасы кезінде 5 минут ішінде сынақ арқылы жүргізілуі қажет.
      Сынақтардан кейін көмекші қозғалтқыш роторларының жай-күйі олардың одан әрі қарай пайдалану жарамдылығын растауы қажет. Біреуден артық роторы бар көмекші қозғалтқыштың әрбір роторы турбина алдындағы газдың тиісті жоғары температурасы кезінде сынақтан өтуі қажет. Егер осы сынақтардың температуралық және уақыттық факторларының турбинаның ыстық детальдарына әсері бойынша талаптары әлдеқайда қатаңдау екендігі немесе ең болмағанда көрсетілген талаптарға барабар екендігі көрсетілетін болса, онда бұл сынақты ауыстыруға немесе онымен біріктіруге болады.
      1395. Жоғары айналыс мезеті кезіндегі еркін турбиналы көмекші газ турбиналы қозғалтқышының жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру кезінде еркін турбиналы көмекші қозғалтқыш не еркін турбинаның білігіндегі ең жоғары рұқсат берілген айналыс мезеті кезінде, не берілген ең жоғары айналыс мезетінен (қайсысы үлкен соған байланысты) 3%-дан асатын айналыс мезеті кезінде сынақтан өтуі қажет.
      Жоғары айналыс мезеті кезінде өтетін сынақтар реттелетін 150 сағаттық сынақтардың бір бөлігі немесе арнайы стендтік сынақтар ретінде жүргізілуі мүмкін. Егер осы сынақтарды алмастыратын басқа эксперименттерден алынған дәлелдер ұсынылған болса, онда сынақтарды жүргізбесе де болады. Мұндай дәлелдер жалпы көмекші қозғалтқыш сынақтарының нәтижелерінен немесе оның элементтерінің жекелеген топтарына жүргізілген, оларға тең бағаланатын сынақтардан алынуы мүмкін.
      Сынақтар еркін турбина білігіндегі талап етілетін жоғары айналыс мезетін алуға мүмкін болатын режимдегі және еркін турбина ротор айналыс жиілігінде осындай айналыс мезетімен мүмкін болатын режимдегі көмекші газ турбиналы қозғалтқышының жұмысы барысында тежегіш құрылғымен жабдықталған стендте өткізілуі қажет. Егер ең жоғары айналыс жиілігі кезінде жоғары айналыс жиілігіне жетпеген жағдайда, онда сынақты осындай айналыс мезетін алуға мүмкін болатын айналыс жиілігінде жүргізу қажет. Еркін турбинаға кіре берістегі газ температурасы ең жоғары немесе ең ұзақ режимдердің қайсысында газ температурасы үлкен болуына байланысты осы режимдердің ең жоғары температурасына тең болуы қажет, ал көмекші қозғалтқышқа кіре берістегі майдың температурасы еркін турбина сырғақтарының аса ауыр жұмыс жағдайларынан шыға отырып белгіленуі қажет. Жоғары айналыс мезеті кезіндегі сынақтар:
      1) ең ұзақ режим қуатының шамамен 75%-на сәйкес келетін режиміндегі көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың 5 минут бойы үздіксіз жұмысынан;
      2) режимдердің бірінде көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың 15 минут бойы жұмысынан (үздіксіз циклдар арқылы әрқайсысы ұзақтығы кемінде 3 минут) құралуы қажет.
      Сынақтар барысында өлшемдер, сондай-ақ еркін турбина сырғақтарының температурасы өлшенуі қажет.
      Егер сынақтардан кейін детальдардың дефектациясы олардың одан әрі қарай жарамдылығын растайтын болса, сынақ нәтижелері қанағаттанарлық деп танылады.
      1396. Көмекші қозғалтқыштың отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесін тексеру талаптарға сәйкес жүргізілуі қажет.
      Күтіліп отырған пайдалану жағдайларында техникалық құжаттамасында көрсетілген көмекші қозғалтқышқа кіре берістегі отынның тазалану дәрежесі, ең жоғары және ең төмен қысымдары мен температуралары кезінде көмекші қозғалтқыштың отын жүйесінің жұмыс істеу мүмкіндігін растайтын сынақтар жүргізілуі қажет. Көмекші қозғалтқыштың отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесінің жұмыс істеу мүмкіндігі бейін үлгісі бойынша кем дегенде ең ұзақ ұшу уақтысының жартысына тең болатын уақыт аралығында, отын сүзгісінде отын тазалағыш жоқ болған жағдайда сақтала беретіндігі көрсетілуі қажет. Барлық сынақтар жекелеген агрегаттарда, жүйелерде немесе көмекші қозғалтқышта жүргізілуі мүмкін.
      Көмекші газ турбиналы қозғалтқышқа күрт салмақ түскен кездегі, сондай-ақ рұқсат берілген шектен аспаса да түскен салмақты, көмекші қозғалтқыш пен оның автоматты реттеу жүйесінің жұмыс істеу мүмкіндігін айқындайтын реттелетін өлшемдердің тербелісін немесе істен шыққанын күрт алып тастаған кездегі автоматты реттеу жүйесі агрегаттарының жұмыс істеу мүмкіндігі расталған болуы қажет.
      1397. Пайдалану барысында мүмкін болатын берілген ең жоғары ротор (роторлар) айналысы жиілігінің қысқа уақыт аралық асуы жағдайында көмекші қозғалтқыштың жұмыс істеу мүмкіндігін растау үшін ең жоғары айналыс жиілігінің 103%-на тең болатын айналыс жиілігі кезінде арнайы сынақтар жүргізілген болуы қажет.
      Айналыс жиілігі осындай (103%) режимде істеген жиынтық жұмыс көмекші қозғалтқышты бос жүріс режиміндегі 2,5 минут бойы циклдер арасында ұстай отырып, циклдары үздіксіз 3 минут жүретін 15 минутты құрауы қажет.
      Сынақтар пайдалану барысында турбинаның алдындағы рұқсат берілген ең жоғары газ температурасы мен көмекші қозғалтқышқа кіретін майдың ең жоғары температурасы кезінде жүргізілуі қажет. Қажетті газ температурасын алу үшін, мысалы, сопло аппараттарының өткізу қималарын өзгертуге жол беріледі. Егер отын шығынына байланысты шектеулер салдарынан қажетті айналыс жиілігі турбина алдындағы ең жоғары емес температура кезінде жасалса, онда сынақтар сынау үшін қажетті айналыс жиіліктерін қамтамасыз ететін турбина алдындағы ең жоғары газ температурасы кезінде жүргізілуі қажет.
      Бірнеше роторы бар көмекші газ тубиналы қозғалтқышындағы әрбір ротор осы ротордың тиісті ең жоғары айналыс жиілігін асыра отырып тексеріледі.
      Егер төмендегі жайттар көрсетілген болса, сынақ нәтижелері оң бағаланады:
      1) ротор (роторлар) ең жоғары айналыс жиілігінен асқан кезде қауіпті зардаптарға әкелетін істен шығуларға еш негіз жоқ болса;
      2) сынақтан өткен көмекші қозғалтқыш детальдарының дефектациясы олардың одан әрі қарай пайдалану мүмкіндігін растайтын болса.
      1398. Бұзылуы қауіпті зардаптары бар істен шығуларға әкелуі мүмкін көмекші газ турбиналы қозғалтқышының редукторлары элементтерінің (іске қосу құрылғысының, агрегат жетектері қораптарының) беріктігі сынақтар арқылы тексерілуі қажет. Редуктор элементтерінің (тісті берілістердің, біліктердің, шлицель қосылыстарының, муфталардың) беріктігін тексеру ең жоғары айналыс мезеті кезінде немесе пайдалану барысында мүмкін аса үлкен сындық салмақ түскен кезде жүргізілуі қажет.
      Сынақтар кезінде пайдалану барысында көрсетілген салмақтардың ресурс ішіндегі әсер ету уақыты бейнеленуі қажет.
      Егер редукторлар конструкциясының жекелеген элементтеріне түсетін салмақтар ең жоғары айналыс мезеті кезінде әсер ететіндерден айырмашылығы болса, онда осы элементтерге түсетін артық салмақтардың ресурс ішіндегі әсерін бейнелей отырып, қосымша тексерулер енгізу қажет.
      Редукторлардың беріктігі:
      1) редукторлардың стендтік сынақтарындағы;
      2) көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың 150 сағаттық стендтік сынақтарындағы;
      3) баламалы-циклдық сынақ бағдарламасы бойынша көмекші газ турбиналы қозғалтқышын жинақтауда редукторлардың стендтік сынақтарындағы көрсеткен қанағаттанарлық нәтижелері арқылы расталуы қажет.
      Егер сынақтардан кейін редукторлардың детальдарында олардың одан әрі қарай пайдалануына кедергі келтірмейтін ақаулар жоқ болса, сынақ нәтижелері қанағаттанарлық деп танылады:
      1) жол берілмейтін тозулар, қажалулар, жамаулар және басқа да түйіндесу беттерінің ақаулары;
      2) жүгіру жолдарының жиырылуы, сепараторлардың бұзылуы және сырғақтардың басқа да жол берілмейтін зақымданулары;
      3) конструкцияның тіреу детальдарындағы сызаттар;
      4) негізгі қадам қателіктеріндегі және тісті қосылыстардың эвольвентограммасындағы жол берілмейтін ауытқулар және т.б.
      1399. Роторлар біліктерінің және агрегат жетектері біліктерінің беріктігі біліктердің аса ауыр жұмыс режимі үшін анықталған болуы қажет және мыналар:
      1) ротор біліктері дірілінің жағдайын зерттеу;
      2) арнайы сынақтардың нәтижелерін талдау;
      3) көмекші газ турбиналы қозғалтқышының 150 сағаттық стендтік сынақтары кезінде біліктердің беріктігін және жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру;
      4) көмекші газ турбиналы қозғалтқышының осы үлгісін жетілдіру және тәжірибелі пайдалану немесе конструкциясы ұқсас басқа көмекші қозғалтқышты пайдалану процесінде байқалған істен шығулардың салдарларын талдау негізінде расталуы тиіс.
      Ротор біліктерінің салмақты дірілі шағын газдан (немесе бос жүрістен) ең және ең ұзақ көмекші газ турбиналы қозғалтқышының барлық жұмыс режимі диапазонындағы стендтік сынақтары кезінде тензоөлшеу арқылы анықталу қажет.
      Беріктік талаптары бойынша айнымалы кернеу деңгейіндегі жоғары режимдерді анықтаған жағдайда біліктің шыдамдылық шегін анықтау мақсатында оның беріктігінің қажуына сынақ жүргізу қажет.
      Біліктердің қажуына байланысты сынақтарды ұшу барысында оларға түсетін салмақтардың жиынтығы кезінде жүргізу қажет. Жекелеген жағдайларда сынақтар үшін біліктің беріктігін айқындайтын негізгі түскен салмақ таңдалуы мүмкін. Басқа түсетін салмақтардың беріктік қажуына әсері есептеу арқылы бағалануы мүмкін.
      1-ескертпе: салмақ түсіру және температура циклы ассиметриясының әсеріне білік материалының шыдамдылық шегінің көрсеткішіне түзетулер үлгілерді зерттеу нәтижесінде енгізілуі мүмкін.
      2-ескертпе: жекелеген жағдайларда біліктің шыдамдылық шегі конструкциясы ұқсас біліктерді сынау нәтижелері арқылы бағалануы мүмкін.
      Термобарокамерада көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың іске қосу құрылғысымен роторды айналдыра отырып, отын аппаратурасының бірыңғай реттеуімен көмекші қозғалтқыштың биіктікте іске қосу шекаралары тексерілуі қажет. Қалыпты іске қосу аралығын анықтау қомақты атқарған жұмысы бар, мысалы, ұзақ сынақтардан кейін, көмекші қозғалтқышта жүргізілуі қажет. Сынақтар арқылы отын шығынын реттеу шегі бойынша жеткілікті қоры бар көмекші қозғалтқышты қалыпты іске қосу мүмкіндігі расталуы қажет.
      1400. Помпаж кезіндегі көмекші газ турбиналы қозғалтқышының қорғаныш құралдарын тексеру кезінде, егер көмекші қозғалтқыш помпаж кезіндегі қорғаныш жүйесімен жабдықталған болса, онда жүйенің жұмысын тексеру бойынша сынақтар осы Норманың талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
      1401. Турбинаның қызып кетуінен қорғаныш жүйесін тексеру кезінде, турбинаның қызып кетуінен қорғаныш жүйесінің іске қосылу сенімділігін растау үшін, қорғаныш жүйесі жұмысқа кірісуі қажет режимдерде турбинаның алдындағы газ температурасының көтерілуін имитация жасау арқылы көрсетіп арнайы сынақ жүргізу қажет.
      Статистика және сынақтар арқылы турбинаның қызып кетуінен қорғаныш жүйесінің жалған іске қосылуы күмәнді екендігі көрсетілуі қажет.
      1402. Детальдарды термоөлшеу бойынша сынау осы Норманың талаптары мен ережелеріне сәйкес жүргізілуі қажет.
      Негізгі детальдардың температурасын анықтау үшін және қалыптасқан режимдерде және айнымалы процестерде осы элементтердің конструкцияларының қауіпті жергілікті қызып кетулері жоқ екендігін бағалау үшін компрессорға, жану камераларына, турбиналарға, шығу құрылғысына және біліктерге термоөлшеу жүргізу қажет.
      Термоөлшеуге жататын детальдардың нақты тізбесі сынақтар бағдарламасы арқылы белгіленеді. Міндетті термоөлшеуге:
      1) компрессор бойынша - корпустар, дискілер және соңғы сатылардың басқа элементтері (сынақтар бағдарламасымен нақтыланады);
      2) жану камерасы бойынша - қаптама, алғышеп бөліктері мен қыздыру құбырларының қабырғалары;
      3) турбина бойынша - сопло аппараттарының күрекшелері, сопло аппараттарының білезіктері, әрбір ротор сатысының жұмыс күрекшелері, дискілер, турбина роторларының тіреулері, корпус және турбина күрекшелері арасындағы беріктік пен радиалдық саңылауларды анықтайтын корпус детальдары жатады. Қалыптасқан режимдерде детальдардың температураларын және температуралық өрістерді өлшеу көмекші газ турбиналы қозғалтқышын қыздырғаннан кейін Техникалық пайдалану нұсқаулығына сәйкес жүргізілуі қажет.
      Айнымалы процестер кезінде детальдардың температурасын өлшеу қыздырылған және қыздырылмаған көмекші қозғалтқышта орындалған болуы қажет.
      1403. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышы жану камерасының жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру кезінде, көмекші қозғалтқыштың жұмыс режимдері, сондай-ақ ӘК-нің қырынжақтарын, ұшу биіктіктері мен жылдамдықтарын ескере отырып, сынақтарды жүргізудің талаптары көмекші қозғалтқыштың нақты үлгісін сынау бағдарламасында көрсетілуі қажет.
      1404. Көмекші қозғалтқыш май жүйесінің сипаттамаларын анықтау бойынша сынақтар талаптар мен ережелерге сәйкес жүргізілуі тиіс.
      Май жүйесін сынау кезінде мынадай жұмыстардың жүргізілуі көзделуі қажет:
      1) майдың айдалуы мен майға жылу берілуін анықтау;
      2) көмекші қозғалтқыш багынан майдың кеткендігін тексеру;
      3) қозғалтқышқа майдың берілуі қамтамасыз етілетіндігін және оның рұқсат етілген қысымдарымен және температураларымен, соның ішінде Техникалық пайдалану нұсқаулығы бойынша рұқсат етілген майдың бактағы ең төмен және ең жоғары мөлшері кезіндегі сорылуын тексеру (май жүйесінің биіктігі);
      4) ең ұзақ ұшу уақытының жартысы аралығында жұмыс үшін бактағы майдың және ондағы май қорының жеткілікті көлемде екендігін және осы Норманың 1316-тармағының талаптарына май шығынының сәйкестігін тексеру;
      5) маймен жуылатын май жүйесінің негізгі детальдары мен көмекші газ турбиналы қозғалтқышының детальдарын термоөлшеу;
      6) көмекші қозғалтқыштың газ-ауа трактысына майдың ағып кетпеуін тексеру;
      7) теріс температура жағдайларындағы көмекші қозғалтқышты іске қосу кезінде жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру;
      8) бактағы рұқсат берілген ең жоғары мөлшері кезінде бакты суфлирлеу жүйесінің жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру;
      9) май жүйесінің жұмысын сигнализациялау және бақылау элементтерінің жұмыс істеу мүмкіндігін тексеру.
      Көмекші қозғалтқыш май жүйесінің көрсетілген сипаттамалары техникалық құжаттамадағы берілген сипаттамаларға сәйкес келетіні көрсетілу қажет.
      Ескертпе: стендтік жағдайларда көрсетілген тексерулерді орындау мүмкін емес жағдайда оларды ұшу зертханаларында ұшу сынақтары кезінде жүргізуге рұқсат етіледі.
      Майдың айдалуы мен майға жылу берілуін анықтау техникалық құжаттамадағы айтылған майдың ең төмен және ең жоғары қысымдарындағы май температуралары кезінде ең жоғары, ең ұзақ, бос жүріс (шағын газ) режимдерінде жүргізіледі.
      Майдың айдалуы мен майға жылу берілуін майдың берілген температурасы мен қысымында қозғалтқыштың берілген жұмыс режиміне шыққаннан кейін 5 минут өткен соң жүргізілген өлшеулер бойынша анықтауға болады.
      Көмекші қозғалтқышқа майдың кетуін анықтауға арналған сынақтар өткізу барысында бактағы майдың деңгейін (майдың жылудағы ұлғаюын ескере отырып):
      1) көмекші газ турбиналы қозғалтқыш іске қосылған кездерде - іске қосылғанға дейін және бос жүріс (шағын газ) режимінде 5 минут жұмыс істегеннен кейін;
      2) көмекші газ турбиналы қозғалтқышының негізгі режимдерде жұмысы кезінде - режимге шығардың алдында және режимде 5 минут жұмыс істегеннен кейін;
      3) көмекші газ турбиналы қозғалтқышы өшірілгеннен кейін тәулік ішінде - алғашқы сегіз сағат аралығында әрбір екі сағат сайын және кейінірек 8-10 сағат сайын өлшеу қажет.
      Маймен жуылатын көмекші газ турбиналы қозғалтқышының детальдары мен май жүйесін термоөлшеу мынадай көлемде жүргізілуі қажет:
      1) шағын газ, бос жүріс, ең ұзақ және ең жоғары қалыптасқан режимдердегі көмекші газ турбиналы қозғалтқышының жұмысы кезінде мынадай талаптар барысында:
      көмекші қозғалтқышқа кіре берістегі ең жоғары май температурасы мен ауаның атмосфералық температурасы кезінде;
      пайдалануға ең жақын майдың, отынның және ауаның температуралары кезінде.
      Ескертпе: көмекші қозғалтқышқа кіре берістегі ауаны қыздыру құралдары жоқ болған жағдайда майды қосымша қыздыруға жол беріледі немесе майдың жылу алмастырғышындағы оның салқындатылуын шектейді;
      2) көмекші газ турбиналы қозғалтқышы ажыратылғаннан кейін ол өшірілген сәттен бастап 3-5 сағат ішінде:
      ол ажыратылардың алдында Техникалық пайдалану нұсқаулығына сәйкес шағын газ және (немесе) бос жүріс режимінен көмекші газ турбиналы қозғалтқышын салқындата отырып, осы режимде;
      көмекші газ турбиналы қозғалтқышын салқындатпай шағын газ және (немесе) бос жүріс режимінен;
      көмекші қозғалтқышты салқындатпай ең жоғары және ең ұзақ режимдерден (шұғыл ажыратуды имитациялау үшін).
      Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының жұмысын көзделген термоөлшеу және жұмыс параметрлерін өлшеуді төмендегідей жүргізу қажет:
      1) сынақтар кезінде әрбір режимде кемінде 5 минут ішінде;
      2) сынақтар кезінде ажыратылғаннан кейін үздіксіз бір сағат ішінде, ал содан кейін әрбір 15-30 минут сайын 2-3 минут маймен жуылып жатқан детальдардың температурасы 500С төмендегенге дейін.
      Санамаланғандардан басқа мынадай параметрлер өлшенуі қажет:
      1) май сүзгісіндегі сүзгі элементінде қысымның өзгеруі;
      2) ротор тіреулерінің май қуыстарындағы ауа қысымы;
      3) ротор тіреулерінің нығыздалған май қуыстарындағы қысымның өзгеруі;
      4) жылу алмастырғышқа кіре берістегі және көмекші қозғалтқыштың конструкциясында көзделген болса, одан шыға берістегі май мен отынның температуралары;
      5) май багындағы майдың деңгейі;
      6) суфлирлеу жүйесіндегі ауа қысымы.
      1405. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының биіктік-жылдамдық сипаттамаларын анықтау бойынша сынақтар мынадай мақсатпен:
      1) техникалық құжаттамаға сәйкес есептелген жағдайларда көмекші газ турбиналы қозғалтқышының негізгі деректерінің сәйкестігін растау;
      2) көмекші газ турбиналы қозғалтқышының негізгі деректерін техникалық құжаттамасы бойынша оның жұмыс талаптарына сәйкес биіктіктер мен жылдамдықтар диапазонында анықтау.
      Ескертпе: термобарокамерада көмекші газ турбиналы қозғалтқышының биіктік-жылдамдық сипаттамаларын эксперименттік растау мүмкін болмаған жағдайда, тексеру ұшу сынақтарында ұшу зертханаларында немесе ӘК орындалуы қажет.
      Сынақтар күтіліп отырған пайдалану жағдайларында көмекші қозғалтқышының жұмысы кезінде кіре берісінде тиісті ауа өлшемдеріне тең болатын, тежелген ағын өлшемдеріндегі ауаны және берілген ұшу биіктігіндегі атмосфералық қысымға тең болатын қысымды алғанға дейінгі көмекші қозғалтқыштың шығу құрылғысының артындағы газды көмекші қозғалтқышқа бере отырып, ұшудың биіктік-жылдамдық талаптарын модельдеу арқылы стендте жүргізілуі тиіс. Көмекші қозғалтқышты қоршап тұрған ауа температурасы сынақтар барысында көмекші газ турбиналы қозғалтқышқа кіре берістегі ауа температурасына жақын болуы қажет. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының биіктік-жылдамдық сипаттамаларын анықтау кезінде осы Норманың 1463-тармағында көрсетілген критерийлерден басқа:
      1) көмекші қозғалтқышқа кіре берістегі қимада тежелген ауа ағынының қысымдары мен температураларының өрісі;
      2) көмекші қозғалтқышқа кіре берістегі сол қимадағы және шығу құрылғысының шығу қимасындағы орташа статикалық қысым;
      3) турбинаның арт жағындағы тежелген газ ағынының температурасы;
      4) 1 кг құрғақ ауадағы су буларының салмақтық мөлшерімен анықталатын ауаның көмекші қозғалтқышына түсетін ылғал. Көмекші қозғалтқыш пен стендтің ылғалдануы көмекші қозғалтқыштың өлшемдеріне елеулі әсер етпеуі қажет. Қажет болған жағдайда көмекші қозғалтқыштың өлшемдеріне ылғалданудың әсері арнайы стендтік сынақтарда ескерілуі мүмкін.
      Көмекші қозғалтқыштың анықталатын сипаттамаларының көлемі мен түрлері сынақтар бағдарламасында белгіленуі қажет.
      Сипаттамаларды анықтау бойынша сынақтарға дейін және ол сынақтарды жүргізгеннен кейін есепті ұшу жағдайларында көмекші қозғалтқыштың жердегі статикалық жағдайлардағы бақылау сипаттамалары анықталуы және олардың ұқсастығы тексерілуі тиіс.
      1406. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш роторларының сырғанақтарын тексеру кезінде қалыптасқан режимдерде және айнымалы процестер кезінде ротор сырғанақтарына әсер ететін кіндік күштердің өлшенуі жүргізілген болуы қажет және сырғанақтардың динамикалық жүк көтергіштігіне олардың сай екіндігі бағалануы тиіс. Кіндік күштерді өлшеу мүмкін болмаған жағдайда, тиісті қысымдарды өлшеу негізінде олардың есепті анықталуына жол беріледі.
      Көмекші қозғалтқыштың 150 сағаттық сынақтары арқылы көмекші қозғалтқышты дефектациялау кезінде сырғанақтардың жай-күйі бойынша бағаланатын олардағы бөлініп шыққан жылу мен майларды бұру үшін ротор тіреулерінің сырғанақтарынан майдың жеткілікті айдалуы тексерілуі қажет.
      1407. Көмекші қозғалтқыштың бақылау жарамдылық деңгейін тексеру.
      1) тиісті жобалау құжаттамасын талдау арқылы;
      2) көмекші қозғалтқышта орнатылған бақылау құралдарының жұмысы туралы деректер енгізілген материалдарды талдау арқылы жүргізілуі қажет.
      Ескертпе: көмекші қозғалтқышта орнатылған бақылау құралдарын тексеру 150 сағаттық стендтік сынақтардың бағдарламасына енгізілу қажет.
      Бақылау жарамдылығы деңгейін тексеру кезінде:
      1) бақылау жарамдылық бойынша толық техникалық құжаттаманың болуы;
      2) бақылауға арналған өлшемдерді дұрыс таңдау және көмекші қозғалтқышты тиісті бақылау құралдарымен қамтамасыз етілгендігі;
      3) көмекші қозғалтқыштың бақылау жарамдылығын қамтамасыз ету бойынша конструктивті іс-шаралардың тиімділігі;
      4) көмекші қозғалтқышта орнатылған датчиктер мен басқа да бақылау құралдарының жұмыс істеу мүмкіндігі мен сенімділігі;
      5) жердегі бақылау құралдарының көмекші қозғалтқыштағы (пайдаланылатын түйісу элементтері, кабельдері, көшіргіштері бойынша және т.б.) тиісті бақылау құралдарымен түйіндесуі бағалануы қажет.
      Көмекші қозғалтқышта орнатылған бақылау құралдары:
      1) пайдалану барысындағы көмекші қозғалтқыш жұмысын сенімді бақылауды;
      2) ақауларды олардың пайда болуы мен дамуының алғашқы кезеңдерінде анықтауды;
      3) «техникалық жағдайы бойынша» пайдалану үшін көмекші қозғалтқыш жүйесінің өткізу бөлігінің жай-күйі мен жұмысы туралы ақпаратты алуды қамтамасыз ететін болса, қанағаттанарлық деп танылады.
      Ескертпе: кешенді бақылау жүйелерімен жабдықталған ӘК пайдалануға арналған көмекші қозғалтқышы үшін бақылау құралдарының қанағаттандыратын бағалау стендтік аппаратуралармен сынақтар кезінде жүргізілуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет