213. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың ӘК-ні сертификаттау кезіндегі сынақтары
1441. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың ӘК-ні сертификаттау кезіндегі ұшу сынақтарынан мынадай тексерулер бойынша қанағаттанарлықпен өтуі тиіс:
1) осы Норманың 1434-тармағына сәйкес бос жүріс пен жүктеме режимдеріндегі көмекші газ турбиналы қозғалтқыш жұмысы;
2) көмекші қозғалтқышты реттеу жүйелері;
3) көмекші қозғалтқышты іске қосу;
4) ұшақты жинақтау жағдайларында көмекші газ турбиналы қозғалтқыш элементтерінің тербелісті сипаттамалары;
5) турбинаны қызып кетуден қорғау жүйелері;
6) көмекші қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйелері және оның табиғи мұз қату жағдайларындағы жұмыс қабілеттілігі;
7) көмекші қозғалтқыштың газдинамикалық тұрақтылық қорларының жеткіліктігі;
8) қадамдық газ турбиналы қозғалтқыш пен көмекші қозғалтқыштан шығатын газдардың көмекші қозғалтқышқа кіру мүмкіндігі және түсу салдарлары;
9) ӘК-ні көмекші газ турбиналы қозғалтқышын пайдалану циклының өлшемдері;
10) көмекші газ турбиналы қозғалтқышты пайдалану технологиясы.
1442. Мемлекеттік сынақтарға ұсынылатын немесе олардан өткен көмекші қозғалтқыш конструкциясы және осы түр үлгісінің негізгі деректері бойынша толық сәйкес келетін көмекші қозғалтқыш сыналуы тиіс. Сынақтар жоғарыда көрсетілген үлгіден өзгешелігі бар, тексеріліп отырған сипаттамаларға елеулі ықпал етпейтін сол үлгідегі басқа көмекші қозғалтқышта жүргізілуі мүмкін.
1443. Сынақтар көмекші қозғалтқыш тағайындалған сол бір үлгідегі ӘК жүргізілуі тиіс. Сынақтардың жекелеген бөліктерін ұшу зертханасында, егер онда көмекші қуатты қондырғы элементтерінің, сондай-ақ көмекші қозғалтқышқа байланысты немесе оған көмекші қозғалтқыш тағайындалған ӘК элементтері мен жүйелерінің жұмысы әсер ететін конструкциясы мен топтамасы жеткілікті түрде толық (тексерілетін сипаттамаларға қатысты) ұдайы өндірілген болса, орындауға рұқсат беріледі.
1444. Сынақтар кезінде көмекші қозғалтқышпен байланысты ӘК функционалдық жүйелерінің жұмысындағы болуы мүмкін ауытқуларға әсері, егер осы әсерді елеулі деп есептеу негіз болса, бағалаған жөн.
1445. Көмекші қозғалтқыш тағайындалған ӘК-ні сертификаттау кезінде және оның ресурсы бірінші күрделі жөндеуге дейін «ӘК-ге орнатылғанға дейін» көмекші қозғалтқышты сертификаттау кезінде белгіленгенмен салыстыру кезінде сынақтардың осы уақытына алып келген нақты көлеміне сәйкес ұлғаюы мүмкін.
Бұл ретте, сынақ циклына ұшу сынақтарының деректеріне сәйкес нақтылаулар енгізілуі мүмкін. Белгіленген бастапқы ресурстың бірінші жөндеуге дейінгі растауында ӘК-нің көмекші қозғалтқышты пайдалану сынақтары жүргізілуі тиіс. Екі көмекші қозғалтқыш сынақтарының барысында бірінші күрделі жөндеуге дейінгі бастапқы ресурстың кем дегенде жартысын олардың біреуінің кейіннен ақауын табу арқылы ӘК аяқтауы тиіс.
Егер басқа көмекші қозғалтқыштың ұшудағы істелген жұмысы ӘК-ні сертификаттау сәтінде белгіленген бірінші күрделі жөндеуге дейінгі ресурсынан кем болса, онда ол баламалы-циклдық сынақтар бағдарламасы бойынша немесе кейіннен бөлшектеу мен дефектациясын табу арқылы белгіленген ресурсқа тең жалпы істелген жұмысқа дейінгі пайдалану бағдарламасы бойынша стендтік сынақтарға тап болуы тиіс.
214. ӘК көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың ұшу сынақтары
1446. Бос жүріс пен жүктеме режимдеріндегі көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың жұмысын тексеру кезінде жұмыстың белгіленген режимдеріне көмекші қозғалтқыш және оны ӘК пайдалану жағдайларындағы, қозғалтқыштың барынша еңкеюі мен оның роторына гироскопиялық жүктеме жасайтын ұшу режимдерін қоса алғанда, ауыспалы процестер кезінде көмекші қозғалтқышты тексеру:
1) көмекші қозғалтқыш және оның отын және май жүйелерінің жұмыс тұрақтылығы мен өлшемдерінің техникалық құжаттамада көрсетілген деректерге сәйкестігі;
2) көмекші қозғалтқыш жұмысын бақылау құралдарының пайдаланудағы және ауа мен электр қуаттарын жинақтау агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі расталуы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) көмекші қозғалтқыш және оның отын мен май жүйелерінің Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықта регламенттелген белгіленген режимдердің негізінде, көмекші қозғалтқышты реттеу мен басқару бағдарламалары үшін тән белгіленген аралық режимдеріне, шағын газды режимнен бос жүріс режиміне дейін өту кезіндегі ауыспалы процестер кезінде және әр түрлі қабылдағыштарды жекелей және рұқсат етілген бір мезгілде қосу кезіндегі ауа мен электр қуатын жинақтауды қосу және ажырату кезінде жер жағдайлардағы жұмысының сипаты мен өлшемдері;
2) барлық үлгілік режимдерде және көмекші қозғалтқышты пайдалануға Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта рұқсат етілген ұшу кезеңдерінде көмекші қозғалтқыш және оның отын мен май жүйелері жұмыстарының сипаты мен өлшемдері, оның ішінде:
әртүрлі биіктіктерде пайдаланудың күтілетін жағдайларына сәйкес келетін ұшу жылдамдығының диапазоны қамтылған КГТҚ пайдаланудың күтілетін ең жоғары биіктігін қоса алғанда, көлденең белгіленген ұшуда бағалануы тиіс. Бұл ретте, көмекші газ турбиналы қозғалтқыш жұмысы белгіленген режимдерде және ауыспалы процестерде тексерілуі тиіс;
ӘК шекті - қол жетімді өлшемдермен, атап айтқанда, жүктемелердің ең жоғары қол жетімді шамасы кезінде ең жоғары қол жетімді кренді оң және сол вираждармен; оң және теріс жүктемелер "дөңестер" мен "сырғанаулар" ең жоғары қол жетімді шамамен және ең жоғары болуы мүмкін немесе қол жетімді ұзақтықпен туындайтын іс-әрекетпен; биіктікті алумен және ӘК тангажының оң және теріс бұрыштарымен пайдалануда күтілетін ең жоғары төмендеумен маневрлер орындау кезінде бағалануы тиіс. Сынақтарға көмекші қозғалтқыштың осы жағдайлардағы барлық режимдерінің қамтылуы тиіс;
3) қозғалтқыштың ұшуда пайдалану жұмыстарын бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі;
4) көмекші қозғалтқыш конструкциясына кіретін ауаны және электр қуатын жинақтау агрегаттарының жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде көмекші қозғалтқыш жұмысының сипаты мен өлшеміне жердегі жел жағдайлары атмосфералық ауаның температурасы мен қысымының әсері (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануы тиіс.
Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың реттеу жүйесін тексеру кезінде ӘК көмекші қозғалтқышты пайдалану жағдайындағы тексеру осы көмекші қозғалтқыштың реттеу жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, реттеу сапасы мен жүйесінің басқа ұшу-пайдалану сипаттамалары және техникалық құжаттама деректері мен талаптарына сәйкестігін растауы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) көмекші қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимдерінде реттеудің функционалдық кіші жүйелерінің әрқайсысының жұмыс аймағындағы реттелетін және шектелетін өлшемдерді қолдау тұрақтылығы мен дәлдігі;
2) ауыспалы процестерді реттеудің берілген бағдарламаларымен (іске қосу кезінде және бос жүру (шағын газды) режимінен жұмыс режиміне және кері режимге өтуі), осы процестер кезінде реттелетін және шектелетін өлшемдердің ең жоғары шамасы мен ауытқулар ұзақтығы өлшемдерін қолдау тұрақтылығы мен дәлдігі;
3) электрондық блоктар жүйесінің оған ӘК басқа функционалдық жүйелері мен қызмет көрсетудің жердегі құралдарының, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, электрлік магниттік сәуле шығарудың қуатты көздерін қосу кезіндегі ықпалы жағдайындағы кедергіден қорғалғыштығы;
4) жүйенің өзін-өзі және оның жұмысын пайдалану кезінде бақылайтын құрылғылардың жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде мынадай факторлардың жүйе жұмысының сипаттамаларына әсер етуі (егер ол елеулі болып көрінсе) бағалануы тиіс:
1) әрбір функционалдық кіші жүйелердің жұмысы саласындағы ұшу биіктігі мен жылдамдығының өзгеруі;
2) ӘК кеңістіктегі және ұшудың динамикалық факторларындағы (тік жылдамдығы, жүктелімдер) жағдайы;
3) реттеу агрегаттарын қоршаған ортаның температурасы.
1447. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышты іске қосуды тексеру кезінде ӘК пайдалану жағдайларындағы көмекші қозғалтқышты тексеру талаптарына және пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы жерде және ұшуда көмекші қозғалтқышты суықтай және ыстықтай іске қосудың техникалық құжаттамасының деректеріне сәйкес өрт қауіпсіздігін және қамтамасыз етілгендігін растауы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен өткізген жөн, олардың:
1) көмекші қозғалтқыш өлшемдері мен жердегі суықтай және ыстықтай іске қосу жағдайындағы іске қосу жүйелері;
2) ауа жинағыштың ашық және жабық жармалары жағдайында ұшудағы көмекші қозғалтқыш ротациясы режиміндегі айналу бағыты мен жиілігі;
3) көмекші қозғалтқыш өлшемдері мен оның ұшудағы іске қосу жағдайында, оның ішінде оның жұмысындағы ұзақ жылдық үзілістен кейін үлгілік крейсерлік ұшу ішінде авариялық энергия көздерінен іске қосу кезіндегі іске қосу жүйелері;
4) көмекші қозғалтқышты іске қосу кезінде, соның ішінде Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес орындалатын қайталап іске қосу кезінде пайдаланудың өрт қауіпсіздігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде көмекші қозғалтқышты іске қосу қасиеттеріне мынадай факторлардың әсер етуі бағалануы тиіс:
1) жердегі іске қосулар кезінде жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) көмекші қозғалтқышты ажырату сәттері мен оның келесі іске қосылуының басталуы арасындағы үзілістің ұзақтығы;
3) іске қосу құрылғысының іске қосу кезіндегі және энергия қорегінің өлшемдеріндегі көмекші қозғалтқышты басқару мен реттеу аппаратураларының реттеудегі техникалық жағдайларымен жол берілетін ауытқулары.
1448. Ұшақты жинақтау жағдайларындағы көмекші қозғалтқыш элементтерінің тербелісті сипаттамаларын тексеру тексерудің стендтік жағдайларында тербелістік деңгеймен салыстырғанда ұшулардағы пайдалану жағдайларында көмекші қозғалтқыш корпустары мен агрегаттарының тербелістерін қол жетімсіз көбейтудің болмауын белгілеуге және тербелістер деңгейінің нормативтік-техникалық құжаттамасының сәйкестігін көрсетуге, сондай-ақ көмекші қозғалтқыш тербелістерін бақылаудың борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігін көрсетуі тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен өткізген жөн, оларды:
1) көмекші қозғалтқыш тексерілетін жағдайлар мен режимдердегі көмекші қозғалтқыштың корпустары мен агрегаттарының тербелісті сипаты мен деңгейі, сондай-ақ ажыратылған көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың корпустары мен агрегаттарының тербеліс деңгейі;
2) көмекші газ турбиналы қозғалтқыш тербелістерін бақылаудың борттық жүйесінің жұмыс қабілеттілігі, жарамды көмекші қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде осы өлшемнің ауытқуларын өтеу үшін талап етілетін тербелістердің ең жоғары деңгейінің авариялық белгі берушінің істелген жұмыс өлшемі бойынша қордың жеткіліктілігі бағалануы тиіс.
Сынақтар кезінде көмекші қозғалтқыштың тербелісті сипаттамаларына мынадай факторлардың әсер етуі (егер ол елеулі күтілетін болса) бағалануға тиіс:
1) жердегі жел жағдайлары, атмосфералық ауаның температурасы мен қысымы;
2) қадамдық қозғалтқыштардың жұмысы.
Көмекші қозғалтқыш корпустарының сипаты мен тербеліс деңгейін тексеруді оның ӘК-ге бекітілетін тораптарының орналасу жазықтықтарында және пайдаланудағы тербелістің борттық бақылауына арналған орындарда орындаған жөн.
Тербелісі тексерілуге тиісті көмекші қозғалтқыш агрегаттарының тізбесі сынақтардың нәтижелері бойынша белгіленеді.
1449. Турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесін тексеру кезінде ӘК-дегі жұмыс жағдайларында көмекші газ турбиналы қозғалтқышын тексеру жүйенің жұмыс қабілеттілігінің және кедергіден корғалғыштығының және оның басқа ұшу-пайдалану сипаттамалары және техникалық құжаттама деректері мен талаптарына сәйкестігін растауы тиіс.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен жүргізген жөн, олардың:
1) жүйенің жұмыс қабілеттілігі және көмекші қозғалтқыш жұмысы өлшемдерінің, оның істелген жұмыс имитациясы кезіндегі өзгеруі. Имитация белгіленген режимдерде және жердегі және ұшудағы газдың ең жоғары температурасымен көмекші қозғалтқыштың ауыспалы процестері кезінде орындалуы тиіс;
2) жүйенің электр блоктарының оларға ұшақтың басқа функционалдық жүйелерінің ықпалы кезіндегі және жердегі қызмет көрсету құралдарының, мысалы, электр қорегі өлшемдерінің ауытқулары, электрлік магниттік сәуле шығару және т.б. қуат көздерін қосу кезіндегі кедергіден қорғалғыштығы;
3) пайдаланудың күтілетін жағдайларында ӘК (турбинаның қызып кетуінен қорғау жүйесінің жалған жұмыс істеп кетуін болдырмау үшін) көмекші қозғалтқыштың қалыпты жұмысы кезінде болуы мүмкін газдың ең жоғары температурасының ауытқуларын өтеуге талап етілетін істелген жұмыс жүйесінің елшемі бойынша қордың жеткіліктілігі;
4) пайдаланудағы жүйенің жұмысын бақылау құралдарының, егер ол бар болса, жұмыс қабілеттілігі бағалануы тиіс.
1450. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесінің және табиғи мұз қату жағдайларындағы оның жұмыс қабілеттілігін тексеру жұмыс жағдайларында көмекші қозғалтқыш ӘК тексеру сынақтардың және жүйенің ұшу сынақтарының есеп айырысу нәтижелерін және олармен жиынтығы ескерілген жағдайларда ӘК Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мұз қатуға қарсы жүйені пайдалану кезінде көрсетуді, көмекші қозғалтқыш жұмысында бұрмалаушылықтардың туындауы мүмкін еместігін растауы тиіс.
Ескертпе: табиғи мұз қату жағдайларында ӘК пайдалану кезінде көмекші қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін бағалау бойынша сынақтардың, егер көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесі қолданылмайтын жағдайда, жүргізілгені жөн.
Тексеруді жердегі және ұшудағы сынақтармен "құрғақ" ауада және мұз қатуды бақылау жағдайларында жүргізген жөн. Сынақтардың көмекші қозғалтқышты қолданудың диапазонға сәйкес келетін жылдамдықтардағы ұшу биіктіктерін диапазонда белгіленген бағдарламамен жүргізілуі тиіс.
Сынақтар көмекші қозғалтқыш қолданылатын диапазонға сәйкес ұшу жылдамдығының биіктік диапазонының белгіленген бағдарламасында жүргізілуі тиіс.
Сынақтармен:
1) көмекші газ турбиналы қозғалтқышы мұз қатуға қарсы жүйесінің жұмыс қабілеттілігінің сипаттамалары (мысалы, мұздануға қарсы жүйенің түріне байланысты жылытатын элементтердің жылу жағдайы, жылыту жүйесінің өлшемі;
2) мұз қатуға қарсы жүйе жұмысының көмекші газ турбиналы қозғалтқышының өлшемдеріне әсері бағалануы керек.
3) мұз қату жағдайындағы мұз қатуға қарсы жүйенің тиімділігі, көмекші қозғалтқыш жұмысына қалған мұз түзудің әсері.
Сынақтар кезінде 1 минут ұзақтықта мұз қатуға қарсы жүйе қосылуының кешігуі көмекші газ турбиналы қозғалтқышының жұмысына әсері, сонымен қатар мұз қату жағдайында және ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес анықталған ұшу ұзақтығының әсері бағалануы керек.
1451. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының газдинамикалық тұрақтылық қорларының жеткіліктілігін тексеру ӘК-де пайдалану жағдайындағы көмекші қозғалтқышты пайдалануда барлық күтілетін жағдайларда көмекші қозғалтқыштың берілген түріндегі тұрақты жұмыс атқаруына кепілдік беретін газдинамикалық тұрақтылық қорының жеткілікті болуын тексеруді растауы тиіс.
Көмекші қозғалтқыштың газдинамикалық тұрақтылығының қоры бойынша дағдарысты деп танылған пайдалану режимі жағдайындағы жер бетіндегі және ұшу сынақтарына тексеру жүргізу керек. Қордың жеткілікті екенін расталған кезде төмендегі әдістердің бірі пайдаланылуы мүмкін:
1) көмекші қозғалтқыштың газдинамикалық тұрақтылық қоры әдейі кішірейтілген, мысал, құралым элементтерінің, реттеу бағдарламаларының езгеруі, сыртқы әсердің ұлғаюы есебінде бір данасының орнықты жұмыс істеуін көрсету. Қосалқының азаюы сынақ кезінде тікелей қайта өндірілмейтін (мысалы, көмекші қозғалтқышты жасағанға және реттеуге шартты рұқсат қордың шашылуы, ресурстарды қайта өндірілгеннен қордың азаюы) барлық берілген көмекші қозғалтқыш түрі үшін факторлардың әсеріне еліктеу керек. Қордың әдейі азайтудағы көлемі сынақ бағдарламасымен бекітілуі керек;
2) дұрыс жасалған және реттелген, жеткілікті деп танылған көмекші қозғалтқыштың көп мөлшердегі тұрақты жұмысын көрсету.
Сынақ жағдайын таңдаған кезде мына факторлар көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың газдинамикасы тұрақтылығына (егер ол маңызды деп күтілсе) әсері есептелуі керек:
1) көмекші қозғалтқыш режимдерімен шартталған диапазонда компрессор жұмыс режимдерінің, оны реттеу жүйесін және атмосфералық ауа температурасын реттеуге рұқсат беруінің өзгеруі;
2) жердегі желді жағдай (сынақ кезінде жасанды жолмен алынатын ауа ағыны пайдаланылуы мүмкін);
3) ӘК пайдаланудың күтіліп отырған мүмкін және рұқсат етілген, ұшу және маневр жасау жағдайларымен шарттасқан, қозғалтқышына кіре берістегі ауа ағыны өлшемдерінің деңгейі және оның біркелкі болмауы.
Сынақ тек дағдарыс жағдайларын және көмекші қозғалтқыштың газдинамикалық тұрақтылық қорының жеткіліктілігіне көз жетерлік дәлел алынбаса стендтік сынақ кезінде пайдалану режимдерін тексеруге жол береді.
1452. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың кіре берісіне қадамдық газ турбиналы қозғалтқыштар мен көмекші газ турбиналы қозғалтқыштардың пайдаланылған газдарының келу мүмкіндігі мен салдарларын тексеру қадамдық газ турбиналы қозғалтқыштар мен көмекші қозғалтқыштардың пайдаланылған газдарының көмекші қозғалтқыш кіре берісіне келуі, егер ол ӘК-де мүмкін болса, онда соңғысының жұмыс тұрақтылығының бұзылуына және өлшемдерінің жол берілмейтін ауытқуларына әкелмейтінін көрсету керек.
Тексеруді жұмыс орнында немесе ӘК-ні басқарғандағы жердегі сынақта жүргізу керек, онда мыналар бағалануы тиіс:
1) көмекші козғалтқыштың кіре берісіне әр түрлі режимдердегі қолданыстағы қозғалтқыштардан пайдаланылған газдардың келу мүмкіндігі;
2) көмекші қозғалтқыштың кіре берісіне пайдаланылған газдардың келу кезіндегі оның жұмысының сипаты және өлшемдері;
3) көмекші қозғалтқыштың кіре берісіне пайдаланылған газдардың келуі режимдерінде ӘК кондиционерлеу жүйесі үшін көмекші газ турбиналы қозғалтқыштан келетін ауаның тазалығы. Бұл жағдайда ауа тазалығын бағалау қажет.
Сынақ кезінде мынадай факторлардың анықталатын сипаттамаларына әсері бағалануы тиіс:
1) желді жағдайларды пайдалануда рұқсат етілген диапазонында желдің бағыты мен жылдамдығы;
2) қадамдық газ турбиналы қозғалтқыш және көмекші қозғалтқыш жұмыстарының режимі. Қадамдық қозғалтқыштар жұмыс істеп тұрған және сол сияқты жұмыс істемей тұрған кезде бағалану қажет. Көмекші қозғалтқыштың кіре берісіне пайдаланылған газ келген жағдайда, оның жұмыс сипатын жұмыс режимдерінде, сол сияқты іске қосу кезінде бағалаған жөн.
1453. ӘК-де көмекші газ турбиналы қозғалтқышының пайдалану циклының өлшемдерін тексеру кезінде көмекші қозғалтқыштың пайдалану циклының өлшемдері, жұмыс режимдері, олардың ұзақтығы және баламалы-циклдық сынақтар мен пайдалану бағдарламасы бойынша сынақтардың сыналу циклдарын нақтылау мақсатында осы үлгідегі ӘК көмекші қозғалтқыштың күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы қайталануын пайдалану циклінің өлшемдері анықталуы тиіс. Көлемі ұшу сынақтарының бағдарламасымен анықталады.
1454. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың пайдалану технологиясын тексеру ӘК-ні пайдалану жағдайларында көмекші қозғалтқышты, олардың детальдарын, тораптарын және агрегат жүйелерін көмекші қозғалтқыштың Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулығы мен Техникалық қызмет көрсету жөніндегі регламенттегі нұсқауларға сәйкес қараудың, техникалық қызмет көрсету және ауыстырудың ыңғайлы, қауіпсіз және бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Техникалық қызмет көрсету регламентінде жазылған тұрақта орналасу және басқа да жағдайлардағы тікелей ӘК жүргізу қажет тексеру кезінде:
1) Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулық пен Техникалық қызмет көрсету жөніндегі регламенттегі талаптар мен нұсқауларға сәйкес көмекші қозғалтқыштың детальдары, тораптарына, агрегаттарына, механикалық бұзылуды байқайтын құралдарға ыңғайлы, қауіпсіз және бақылау қадағалау, техникалық қызмет көрсету және ауыстыру қамтамасыз етілетінін;
2) консервация және расконсервациялау рәсімдерінің қамтамасыз етілетінін;
3) көмекші қозғалтқыш роторының (роторларын) баяу айналымын қамтамасыз етілуі және ыңғайлығын;
4) гидрожетектерді тексеру және реттеудің қамтамасыз етілетінін бағалаған жөн.
ӘК-нің әртүрлі климаттық жағдайлардағы пайдаланылуын тексеру қажет.
215. Көмекші газтурбиналы сериялық және жөндеу қозғалтқыштарының сынақтары
1455. Көмекші газтурбиналы сериялық және жөндеу қозғалтқыштары бағдарламалармен нұсқалған өткізу және бақылау текшелік сынақтар мен іріктеулерге, қажет болған жағдайда тағы да қосымша сынақтарға тап болады. Қажет болған жағдайда жөндеуді Көмекші газтурбиналы қозғалтқыш сынаған кезде нұсқаулығын өткізу және бақылау бағдарламаларынан айырмашылығы бар сынақтардың әдістері мен шарттары көзделуі мүмкін.
Көмекші газтурбиналы қозғалтқыш бөлшектелгеннен кейін бөлшектер жағдайларын тексеру мен сынақтар және іріктеулер мөлшері, егер құраманың, сапаның және жасап шығаруды бақылаудың кемелдігі, сонымен қатар жөндеу аралық ресурстар ішінде көмекші газтурбиналы қозғалтқыш жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін сынақтардың әдістері көрсетілсе, қысқартылуы мүмкін.
1-ескертпе: көмекші газтурбиналы қозғалтқыш кез келген сынақтар немесе іріктеулер мөлшерін кеміту пайдалануда немесе оның құралымында едәуір өзгерістер енгізген кезде көмекші газ турбиналы қозғалтқыш жұмыс қабілеттілігінің нашарлауы кезінде қайта қаралуы мүмкін.
2-ескертпе: көмекші газтурбиналы қозғалтқыш жөндеулік сынағының көлемі топтамалық көмекші газ турбиналы қозғалтқыш сынағы көлемінен айырмашылығы болуы мүмкін.
3-ескертпе: өндіріс кезінде көмекші газтурбиналы қозғалтқыш аз топтамалы сынақтары мен іріктеулер саны көмекші газтурбиналы қозғалтқыш берілген мөлшеріндегі сынақтардың оң нәтиже негізінде емес, қолдануда берілген көмекші газ турбиналы қозғалтқыш түрінің жалпы істелген жұмыс негізінде кемітілуі мүмкін.
1456. Көмекші газтурбиналы қозғалтқыш жөндеулік және топтамалық сынақтар өткізу мен бақылау деп бөлу керек.
Өткізу сынақтардың мақсаты:
1) көмекші қозғалтқыш жасау және жинау сапасының техникалық шарттарына сәйкес тексеру;
2) көмекші қозғалтқыш жиынтығындағы бөлшектер мен агрегаттарын жұмыс істетуді жүргізу;
3) көмекші қозғалтқыш негізгі берілгендерінің берілген техникалық шарттармен сәйкестігін растау.
Бақылау сынақтарының мақсаты:
1) көмекші қозғалтқыш қайта жинау (өткізу сынақтан кейінгі) сапасының техникалық шарттарына сәйкестігін тексеру;
2) көмекші қозғалтқыш жиынтығындағы бөлшектер мен агрегаттарын жұмыс істетуді жүргізу;
3) көмекші қозғалтқыш басқару мен реттеуін, шамалары мен сипаттарының берілген техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру;
4) көмекші қозғалтқыш негізгі айтылғандармен берілген техникалық шарттарға оның қабылдағышына сәйкестігін ресми түрде растау болып табылады.
Ескертпе. Тиісті негіздеме жағдайында өткізу және бақылау сынақтары бірлесуі мүмкін.
1457. Сынақтар жалпы талаптарға сәйкес өткізу және бақылау сынақтарының бағдарламасында берілген бірізділікпен, сонымен қатар мынадай қосымша ережелермен жүргізілуі керек:
1) көмекші қозғалтқыш шығу өлшемдерін статистикалық жағдайда өлшеу (электрлік қуатындағы алынатын ауаның өлшемдер) қабылданған түрдегі сынақ текшесінде жүргізілуі керек;
2) сынақтар кірудегі майдың ең жоғарғы температурада көмекші қозғалтқыш жұмысын енгізу керек. Осыған сәйкес режимге кірудегі майдың ең жоғарғы температурасы мен осы температураның көлеміндегі жұмыс уақыты сынақтар бағдарламасында көрсетілуі тиіс. Мұндай сынақтарды, егер бар материалдар қажеттілігінің жоқ екенін дәлелдесе, өткізуге болады;
3) егер өткізу сынақтарының процесінде кез келген негізгі бөлшек пен торапты ауыстыру қажет болса, бұл сынақтар немесе оның бір бөлігі сәйкес көлемде қайталануы тиіс. Егер өткізу сынақтарының процесінде кез келген көмекші құрал мен бөлшектің элементтерін ауыстыру қажет болса, онда мұндай ауыстыру тек қолданыстағы сериялық өндіріс құжаттамасына сәйкес көмекші қозғалтқыш басқа данасында сынақтан өткен элемент пен бөлшекке рұқсат етіледі;
4) көмекші қозғалтқыш орнатылған барлық агрегат жетектері, өткізу сынақ кезінде текшелік агрегаттармен немесе арнаулы жабдықтармен қабылданған әдіспен, жүктеме сәтінде пайдалану көлеміне сәйкес келумен жүктелуі керек;
5) өткізу және бақылау сынақтарының бағдарламалары оған арнап ауа таңдау үшін белгіленген көмекші қозғалтқыш көздеу керек. Сынақтар көмекші қозғалтқыш белгіленген қосылған ауа тартқыштар мен жүйелер қызметінің және реттеу агрегаттары қанағаттанғандықпен көмекші қозғалтқыш жұмысының сенімді екенін көрсету керек;
6) егер басқасы сынақтар бағдарламасымен белгіленбеген болса, шығатын көмекші қозғалтқыш жабдығы үшін белгіленген сынақтар өткізу көзделу керек;
7) барлық сынақтар кезінде көмекші қозғалтқыш түрі үшін расталған отын, май пайдаланылуы керек.
1458. Көмекші қозғалтқыш жұмысына ортақ баға беруге қосымша және оның сипатын анықтау үшін мынадай мағынасын қамтамасыз ету керек:
1) максимальді және ең төменгі режимдердегі келтірілген газдың температурасы. Бұл температуралар расталған ең жоғарғы мөлшерден аспауы керек. Барлық өлшенген газ температурасының шамалары сынақтардан алынған орташа температурадан ауытқу шегінде болуы керек;
2) келтірілген ең жоғарғы және ең ұзақ режимдегі қуатты шамалар. Бұл шамалар көмекші қозғалтқыш берілген түріне мемлекеттік сынақтар негізінде белгіленген және сәйкес шегінде болуы керек;
3) мәлімдеген режимдегі көмекші қозғалтқыш отынының келтірілген шығыны;
4) ең жоғарғы ұзақ режимдегі май қысымы;
5) майларды айдау (айналым шығыны); егер май құйған бак көмекші қозғалтқыш ажырамас бөлігі болса, онда айдауды бақылау сынақтарының 4-бөлігін орындау кезінде өлшеу керек;
6) майдың орташа сағаттық шығыны.
Өткізу және бақылау сынақтарын сәйкестендірген кезде сынақтардың кемітілген бағдарламасы мыналарды:
1) көмекші қозғалтқыш жұмыс істеуін;
2) берілген техникалық шарттар шамаларының және сипаттарына сәйкес көмекші қозғалтқыш жүйеге келтіруді реттеу мен тексеруді;
3) көмекші қозғалтқыш негізгі деректердің техникалық жағдайлардағы берілген сәйкестігін растауды;
4) көмекші қозғалтқыш қабылдауды қамтуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |