Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтары



бет22/37
Дата12.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#129656
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37

122. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтары
      848. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштар берілетін және бақыланатын текшелік сынақтарға және бағдарламаларда нұсқалған іріктеулерге, ал қажет болған жағдайда қосымша сынақтарға тартылуы тиіс.
      Жөнделетін қозғалтқыштарды сынаған кезде қажет болған жағдайда бағдарламаларда нұсқалған сериялық қозғалтқыштардың берілетін және бақыланатын сынақтарынан өзгешеленетін сынақтардың әдістері мен жағдайлары көзделуі мүмкін.
      Қозғалтқышты бөлшектегеннен кейін бөлшектерінің жай-күйін тексерумен сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтары мен іріктеулерінің көлемі қысқартылуы мүмкін, егер конструкциясының, сапасының жасауды бақылаудың жетістіктері көрсетілген болса, сондай-ақ сынақтар әдістемесі техникалық пайдалану жөніндегі басшылық нұсқаған қызмет көрсету ережелері сақталған, қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін жөндеуаралық ресурс ішінде сақтау кезінде қамтамасыз етеді.
      1-ескертпе: қозғалтқыштың сынақтар көлемінің немесе іріктеулерінің кез келген қысқартуы қозғалтқыштың пайдаланудағы жұмыс қабілетінің нашарлауы табылған жағдайда немесе қозғалтқыштың конструкциясына елеулі өзгерістер енгізген жағдайда қайта қаралуы мүмкін.
      2-ескертпе: жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтарының көлемі сериялық қозғалтқыштардың сынақтарының көлемінен өзгешеленуі мүмкін.
      3-ескертпе: қозғалтқыштарды аз сериялармен өндіру кезінде сынақтардың көлемі мен іріктеу саны оларды қысқартуы мүмкін.
      849. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың сынақтарын берілетін және бақыланатын деп бөлінеді. Берілетін сынақтардың мақсаты:
      1) қозғалтқышты жасау және жинау сапасының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру;
      2) қозғалтқышты жинақтайтын бөлшектер мен агрегаттардың жұмыс істей бастауын жүргізу;
      3) қозғалтқыштың негізгі деректерінің берілген техникалық талаптарға сәйкестігін растау болып табылады.
      Бақыланатын сынақтардың мақсаты:
      4) қозғалтқышты қайталап жинау (берілетін сынақтардан кейін) сапасының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру;
      5) қозғалтқышты жинақтайтын бөлшектер мен агрегаттардың жұмыс істей бастауын жүргізу;
      6) қозғалтқышты реттеуді және баптауды және оның өлшемдері мен сипаттамаларының берілген техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру;
      7) қозғалтқыштың негізгі деректерінің берілген техникалық талаптарға сәйкестігін және оның қабылдануын ресми растау болып табылады.
      Ескертпе: берілетін және бақыланатын сынақтардың тиісті негіздері кезінде бірлесуі мүмкін.
      850. Сынақтар берілетін және бақыланатын сынақтардың бағдарламаларында көрсетілген бірізділікпен, жалпы талаптарға сәйкес, сондай-ақ мынадай қосымша ережелермен жүргізілуі тиіс:
      1) статикалық жағдайларда турбовинттік қозғалтқыш тартымын өлшеу қабылданған үлгінің сынақ текшесінде өткізілуге тиіс. Турбовинттік қозғалтқыш қуатын өлшеу қабылданған тәсілмен әуе бұрамы бар қозғалтқышта жүзеге асырылуға тиіс; сонымен бірге газ ағынының реактивтік тартқышты тиісті дәрежеде ескерілуі тиіс;
      2) сынақтар қозғалтқыштың кіре берістегі майдың ең жоғары температурасы кезіндегі жұмысын қамтуға тиіс. Кіре берістегі майдың ең жоғары температуралы тиісті режимдердегі жұмыс уақыты және осы температураның шамасы сынақтар бағдарламасында көрсетілуі тиіс.
      Мұндай сынақтарды, егер қолда бар материалдар олардың қажет болмағанын дәлелдесе, өткізбеуге болады;
      3) егер берілетін сынақтар барысында қандай да бір негізгі бөлшектерді немесе торапты айырбастаудың қажеттігін көрсетсе, осы сынақтар немесе олардың бір бөлігі келісілген көлемде қайталануы тиіс.
      Егер берілетін сынақтар барысында конструкцияның қандай да бір қосалқы элементін немесе бөлшегін айырбастаудың қажеттігін көрсетсе, онда мұндай айырбасқа құжаттаманың сериялық өндіріс үшін қолданылуына сәйкес қозғалтқыштың басқа данасында тиісті сынақсыз-ақ рұқсат етілуі мүмкін;
      4) берілетін сынақтар барысында қосалқы жабдық пен ӘК агрегаттарын барлық жетектері қабылданған тәсілмен жүктемелік сәт пайдалану шамаларына толық сәйкес келетін текшелік агрегаттармен немесе арнайы құрылғылармен жүктемеленуге тиіс. Берілетін-бақыланатын сынақтар барысында қозғалтқыштың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті болып табылмайтын агрегаттар орнатылмайды немесе ажыратып тасталады;
      5) берілетін және бақыланатын сынақтардың бағдарламалары ол үшін ауа іріктегіштер орнатылған қозғалтқыш жұмысын қарастыруға тиіс. Сынақтар қосылған ауа іріктегіштері бар қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін және қозғалтқышқа тиесілі іріктеп алу жүйелерін және агрегаттарының қанағаттанарлық жұмыс істеуін көрсетуі тиіс;
      6) реактивтік шүмегі бар ұшу жағдайлары үшін бекітілген сынақтар өткізу, егер сынақтардың өзгеше белгіленбесе, қарастырылуы тиіс;
      7) барлық сынақтар кезінде қозғалтқыштың осы үлгісіне бекітілген отын мен май қолданылуы тиіс.
      851. Қозғалтқыш жұмысының жалпы бағасына және оның сипаттамаларын анықтауға қосымша мынадай шамалардың мәлімделген мәндерін қамтамасыз етуі тиіс:
      1) шарықтау және ең жоғары ұзақтық режимдерінде газдың келтірілген температуралары. Осы температуралар бекітілген ең жоғары шамадан аспауға тиіс. Газ температураларының барлық өлшенген шамалары сынақтар кезінде алынған орташа температурадан ауытқуы келісілген шектерде болуға тиіс;
      2) шарықтау және ең жоғары ұзақтық режимдерінде келтірілген тартым (қуат). Олардың шамалары келісілген шектерде болуға және қозғалтқыштың осы үлгісін мемлекеттік сынақтар негізінде белгіленуге тиіс;
      3) келтірілген мәлімделген режимдердегі қозғалтқыш отынының үлестік шығысы;
      4) ең жоғары ұзақтық режиміндегі майдың қысымы;
      5) майды (циркуляциялық шығыс) айдау. Егер май багы қозғалтқыштың бөлінбес бөлігі болып табылмаса, онда айдауды бақылау сынақтарының 4-бөлігін орындаған кезде өлшеген жөн;
      6) майдың орташа сағаттық шығысы;
      7) қолдану мүмкіндігі уақыты.
      852. Егер қозғалтқыш сериялық ӘК орнату үшін тағайындалса, онда осы сериялық және жөнделетін қозғалтқыштар:
      1) сынақтар бағдарламасында келісілген (С А бойынша ауа өлшемдерімен текшедегі жұмыс кезінде) ауаны іріктеп алу және қосалқы және ӘК-қ агрегаттардың жетектеріне жұмсалған қуат шығыны ескерілмеген қозғалтқыштың өлшемдері. Бақылау сынақтары барысында да, кезекті күрделі жөндеуге дейінгі ресурстың соңында да (сериядан таңдап алынған қаралып отырған қозғалтқыштардың жеткілікті санына арналған сипаттамаларды тексеру материалдары бойынша) алынған өлшемдердің мәндерін шашыратып тастау көрсетілуі тиіс;
      2) қысым шамаларының, қоршаған ауаның температурасы мен ылғалдылығының, ұшудың жылдамдығының, ауаны іріктеп алудың коэффициентінің мәлімделген өлшемдеріне әсерін қамтуы тиіс.
      853. Берілетін және бақыланатын сынақтарды бірлестіру кезіндегі сынақтардың қысқартылған бағдарламасы:
      1) қозғалтқыштың істейтін жұмысын;
      2) қозғалтқышты реттеуді техникалық талаптар бойынша берілген оның өлшемдері мен сипаттамаларына сәйкестігін баптау мен тексеруді;
      3) техникалық шарттарда берілген қозғалтқыштың негізгі деректерінің сәйкестігін растауды;
      4) қозғалтқыштың қабылдауды қамтуы тиіс.
123. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың берілетін сынақтары
      854. Берілетін сынақтардың бағдарламасы 15-кестеде көрсетілген тексерулердің түрлерін көздеуі тиіс.
      Ескертпе: сынақтардың ұзақтығын 4 бөлікке қысқарту, егер бұл орынды деп танылған болса, рұқсат етілуі мүмкін.
15-кесте



Бөлік

Жұмыс ұзақтығы сағ-мин.

Қозғалтқыш жұмысының режимі

1

-

Екі іске қосу (оның бірі суықтай)

2

-

Қозғалтқыштың бағдарламада нұсқалуына сәйкес жұмыс істеуі қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін растауға қажетті тексеру (мысалы, отынның және т. б. шығуының болмауын тексеру)

3

-

4

0-05

Жердегі аз газ

5

0-30

Ең жоғары ұзақтық

6

0-05

Шарықтау

7

-

Аралық (пайдаланылған) Жердегі аз газдан шарықтау режиміне дейінгі мүмкіндіктің үш сынамы және шарықтау режимінен аз газ режиміне дейінгі газдың үш тасталымы.

8

-

Мүмкіндік сынамдары мен газдың тастамалары кезіндегі РУД бір секундтан аспайтын уақыт ішінде орны ауыстырылуға тиіс.


125. Сериялық және жөнделетін қозғалтқыштардың қосымша сынақтары
      858. Кезеңдік (комиссиялық) және технологиялық сынақтарды қамтитын қосымша текшелік сынақтарға сериялық және жөнделетін қозғалтқыштар тартылуы тиіс. Комиссиялық сынақтар шығарылатын өнім сапасының тұрақтылығын тексеруі тиіс.
      Технологиялық сынақтар:
      1) сериялық және жөнделетін қозғалтқыштар үшін енгізілген конструкциялық және технологиялық өзгерістерді;
      2) жөнделетін қозғалтқыштардың шекті тозулары мен саңылауларының кестесін;
      3) қозғалтқышты жөндеу үшін топтық жинақты ұстауда тексеруі тиіс.
      859. Қозғалтқыштардың сериялық өндірісі үшін газдинамикалық орнықтылық қорының тұрақтылығын бақылау әдістемесі жасалды және қозғалтқышты тексерудің кезеңділігі белгіленді.
      860. Техникалық құжаттамада белгіленген белгілі бір уақыт кезеңінде шығарылған партиядан еркін таңдалған бір қозғалтқыш 150 сағаттық сынақтар бағдарламасы бойынша комиссиялық сынақтардан өтуге тиіс.
126. Ресурстарды ұлғайту
      861. Сериялық қозғалтқыштың бірінші күрделі жөндеуге дейінгі ресурсын және жөндеу аралық ресурсын көбейту осы жаңғырту қозғалтқыштарының барлық паркі үшін немесе осы жаңғыртудың сериялары үшін жүргізілуге тиіс.
      Көбейтілген ресурстарды растау үшін (бірінші күрделі жөндеуге дейін тағайындалған, жөндеу аралық) сынақтар цикліне қажет болған жағдайда қозғалтқыштар паркін пайдаланудың нақты жағдайлары туралы жинақталған деректерге сәйкес нақтылаулар енгізілуге тиіс.
      Сериялық қозғалтқыштың ресурстарын пайдаланудың үшінші жылынан бастап көбейту кезінде қозғалтқышты ұшуда ажыратып тастауға алып келетін істен шығудағы расталған істелген жұмыс 5 сағаттан аспайтын ұшу ұзақтығы бар ӘК-ң қозғалтқыштары үшін кем дегенде 14000 сағат және 5 сағаттан аспайтын ұшу ұзақтығы бар ӘК-тің қозғалтқыштары үшін кем дегенде 20000 сағат болуға тиіс.
      Көрсетілген істен шығуға істелген жұмыс пайдаланудағы және пайдаланудың алдыңғы екі жылы үшін қозғалтқышты ұшуда ажыратып тастауға алып келетін істен шығу санындағы қозғалтқыштың жиынтықты істелген жұмысы бойынша анықталады.
      862. Негізгі бөлшектер мен тораптардың уақытша тағайындалған ресурсын көбейту олардың баламалы циклді сынақ негізінде жүргізіледі. Осы сынақтарды жүргізу кезінде пайдалануда алдын-ала істелген жұмысы бар негізгі бөлшектер мен тораптарды пайдалану ұсынылады.
      863. Ресурсты алғашқы күрделі жөндеуге дейін ұлғайту екі қозғалтқыштың баламалы-циклдық сынақтарымен расталады.
      Ресурсты ұлғайту кезінде қозғалтқыштар паркін пайдалану нәтижелері туралы және бұрын қолданыстағы ресурстардың шектерінде оларды жөндеу кезінде қозғалтқыштардың ақауларын табу туралы деректер ескерілуге тиіс. Қосымша диагностикалық ақпарат алу үшін әрбір 500-100 сағат істелген жұмыстан кейін істелген жұмысы барынша көп қозғалтқыштардың ішінен 1-2 қозғалтқышты бөлшектеу және ақауын табуды жүргізу ұсынылады. Көрсетілген қозғалтқыштардың есебіне басқа себептер бойынша пайдаланудан алынған қозғалтқышты пайдалануға рұқсат етіледі.
      Баламалы-циклдық сынақтар ресурсын ұлғайтуға қатысы бойынша сынақтар циклдарының санына қарай қормен жүргізіледі. Ресурстар кезінде 2500 сағатқа дейінгі қор 20%-бен қабылданады, ал үлкен ресурстар кезінде қор сынақтар циклдарының саны бойынша 500 сағатқа белгіленген ресурсқа қатынасы бойынша істелген жұмысты арттыруға сәйкес келуі тиіс.
      Сынақтар циклдарының санын қажетті санға дейін пысықтау жолымен бұрын белгіленген ресурсты немесе оның сағаттарда және ұшу циклдарінде қозғалтқыштың нақты істелген жұмысы толық есепке алынған бөлігін пайдалануда сынақтар жұмысты тындырған қозғалтқыштарда жүргізілуге тиіс.
      Сынақтардан табысты өткен қозғалтқыштар ресурсты одан әрі ұлғайту мақсатында сынақтарды жалғастыру үшін бөлшектеусіз пайдаланылуы мүмкін.
      Қозғалтқыштардың көрсетілген біреуінің сынақтары пайдалану бағдарламасына қарай, бірақ қормен жүргізілуі мүмкін.
      864. Жөндеуаралық ресурстарды белгілеу.
      Жөндеуаралық ресурстар қозғалтқыштың тағайындалған ресурсының шегінде белгіленеді.
      Әрбір жөндеуаралық ресурсты белгілеу үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі:
      1) бір жөнделетін қозғалтқышқа жасаушы зауытта баламалы-циклдық сынақтар өткізу;
      2) бір жөнделетін қозғалтқышқа келісілген бағдарлама бойынша жөндеу зауытында сынақтар өткізу;
      3) қозғалтқыштар паркін пайдалану тәжірибесін қорыту.
127. Қуатты және қосалқы қондырғылар жүйесі және ӘК өрттен қорғау
      865. ӘК қуатты қондырғысындағы қозғалтқыштар мен олардың жүйелері әрбір қозғалтқыш тиісті жүйелермен басқа қозғалтқыштарға тәуелсіз басқарылатындай және жұмыс істейтіндей жағдайда бір бірінен алыс орналастырылуға және оқшауландырылуы тиіс.
      Қуатты қондырғы жүйелерінің кез келген біреуі істен шықса (отын, май, басқару және т.б.) біреуден көп қозғалтқыштың істен шығуға әкелуіне тиіс емес.
      866. Қуатты қондырғы мен қуатты және қосалқы қондырғылар жүйелерінің және олардың элементтері мен агрегаттарының қалыпты жұмысы қамтамасыз етілуге тиісті атмосфералық ауаның температураларының, қысымдары мен ылғалдылығының шекті мәндерінің жиынтығы.
      867. Қуатты қондырғы мен қуатты және қосалқы қондырғылар жүйесі барлық қозғалтқыштардың жұмысын пайдаланудың барлық күтілетін жағдайларындағы (мысалы, қозғалтқыш жұмысының барлық режимдері, ӘК ережелері мен жүктемелері, атмосфералық жағдайлары, отын температуралары кезінде) жүйенің жұмысын анықтайтын белгіленген талаптарға сәйкес барлық қозғалтқыштардың жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.
      868. ӘК қозғалтқышты іске қосу жүйесі қозғалтқыштардың біреуін (кез келгенін) іске қосу мен жұмыс істейтіндердің энергиясын пайдаланып кейіннен іске қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      869. Қуатты және қосалқы қондырғылардың элементтері технологиялылығы, қызмет көрсетуді жүргізу және қолданылатын материалдар бойынша сәйкес келуі тиіс.
      870. Қуатты қондырғының негізгі элементтері мен ӘК конструкциясының арасындағы әлеуеттер айырмашылығының туындау мүмкіндігін болдырмау үшін олардың арасында талаптарды қанағаттандыратын электрлік байланыстар (металдандыру) қамтамасыз етілуге тиіс.
      871. Қуатты қондырғының отын, май, өрт және басқа жүйелерінің труба құбырлары қолданыстағы Нормаларға сәйкес таңбалануы және тоттанудан қорғалуы тиіс.
      872. Әуе винті бар ӘК:
      1) әуе винті қалақтарының ұштары мен шарықтау-қону жолағы үстіңгі бетінің арасындағы қашықтық, ӘК ең жоғары рұқсат етілген ұшу массасына дейін Gmax д.в жүктемеленген кезде топырақты әуе айлақтарда пайдалануды қоса алғанда, пайдаланудың қалыпты жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс. Амортизаторлар толық жаншылған жағдайда жерге дейінгі қашықтық 180 мм кем болмауы тиіс және сонымен қатар әуе винті қалақтарының ұшы мен жердің арасындағы дөңгелектің үрленген қабы кезіндегі саңылау қамтамасыз етілуі тиіс;
      2) ӘК қалақтарының ұшы мен басқа бөліктерінің арасындағы қашықтық (фюзеляж, басқа әуе винті қалақтарының ұштары және т.б.) 250 мм-ден кем болмауға тиіс. Егер онымен бірге ӘК винтінің немесе бөліктерінің тербелісі байқалған болса, онда бұл қашықтық көбейтілуі тиіс;
      3) флюгер жағдайындағы винт қалақтарының артқы жиегі мен ӘК жылжымайтын бөліктерінің арасындағы саңылау кем дегенде 25 мм болуы тиіс;
      4) 458 және 459-тармақтарда көрсетілген жағдайларда кокты мұздың пайда болуынан сақтайтын кок винтінің мұз қатуға қарсы жүйеде көзделуі тиіс.
      873. ӘК қуатты қондырғы мен қуатты және қосалқы қондырғылар жұмысын бақылау үшін бақылау құралдары орнатылуы тиіс.
      874. Қуатты қондырғы жүйелерінің конструкциясында стандартталған және біріздендірілген агрегаттар барынша пайдаланылуы тиіс.
      875. Қуатты қондырғы мен қуатты және қосалқы қондырғылар жүйелерінің электр тізбектерінде, сондай-ақ өрттен қорғау жүйелерінде арнайы талаптар көзделген жағдайлардан басқа, қолданылатын сымдар қанағаттандырылуы тиіс.
      876. Қуатты қондырғы және қуатты және қосалқы қондырғылар жүйелері ұшуға жарамдылығының жалпы талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.
      877. Электр энергиясын тұтынатын қуатты қондырғы және қуатты және қосалқы қондырғылар агрегаттары мен жүйелері талаптарына сәйкес келуі тиіс.
128. Отын жүйесі
      878. Отын жүйесі және оның агрегаттары:
      1) пайдаланудың барлық күтілетін жағдайларында осы ӘК пайдалану үшін қабылданған отынның және олардың қосылыстарының маркаларымен жұмыс істеген кезде қозғалтқыштарға отынды үздіксіз беруді;
      2) ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықта көзделген ӘК барлық ұшу режимдерінде бактарға отын құюдың мүмкін болатын пайдаланудың барлық нұсқалары кезінде берілген бірізділікте отынды автоматты түрде шығаруды;
      3) автоматтың ақаулық жағдайында және жұмыс істейтін және істемейтін қозғалтқыштар санының ұшуда мүмкін болатын барлық үйлесімдері кезінде қажетті бірізділікті;
      4) отынды айдап әкелу және қайта айдаудың әрбір бактік электр жетекті сорғыны жеке-жеке қосу мен ажыратып тастау мүмкіндігін;
      5) бактардың кез келген топтарынан кез келген қозғалтқышқа қиылыс керегінің магистральдары бойынша отынды қиылыс беру мүмкіндігін;
      6) қуатты қондырғы қозғалтқыштарын ажыратып тасталған айдау сораптары кезінде отынмен қоректендіру (ерекше жағдайларда) қозғалтқыш жұмысының мынадай режимдерінде:
      газы аз ұшу режимінен 0-ден 2000 м-ге дейін ұшудың шарықтау биіктігіне дейін;
      газы аз ұшу режимінен 0-ден кем дегенде 6000-8000 м-ге дейін ұшу биіктіктеріндегі пайдалану шектеулерінің шектеріндегі ӘК орталықтандыру мен көлденең теңгерімін сақтай отырып, ең жоғары ұзақтыққа дейін. ӘК олардың қорегі өзі ағатын отынмен қамтамасыз етілген биіктікке дейін қозғалтқыштарын тоқтатпастан төмендету мүмкіндігі үшін электр энергиясының жарамды көзінің желісіне айдап әкелу сораптарының қажетті санын автоматты түрде қосу көзделуі тиіс. Осы талаптар орындалмаған жағдайда ажыратып тасталған сораптар кезінде қозғалтқыштардың көрсетілуі тиісті сенімді қорегі басқа құралдармен қамтамасыз етіледі;
      7) генераторлардың (қоректену көздері) істен шығуының салдарынан айдап әкелу мен қайта айдаудың бактық сораптарын ажыратып тастағаннан кейін осы ерекше жағдай үшін ұзақтығы ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықта көзделген режимдерде ұшуды жалғастыру мүмкіндігін;
      8) жағымсыз және оқтық жанындағы сатылас жүктелімдер кезінде ұшуда қозғалтқыштардың отынмен қорегі кем дегенде 5 с ішінде, оның ішінде ұшуда үздіксіз жағымсыз жүктеліммен кем дегенде минус 0,5 бірлік, қозғалтқыштардың қорегінің труба құбырларындағы отын қысымы ерекше жағдайлар үшін пайдалану шектеуінің шамасынан кем болмауы тиіс;
      9) мүмкін болатын барлық шығыстар кезінде пайдалану құжаттамасында көрсетілген шамадан төмен жүйедегі қысымды азайтуға алып келетін гидравликалық қарсыласуды көбейтпестен айдап әкелудің істен шыққан сорабы арқылы отынның ағу мүмкіндігі; олай болмаған жағдайда отын берудің айналдырылған - шунттау сызығы көзделу тиіс;
      10) ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықта көзделген жағдайлар да жерде және ұшуда қозғалтқыштарды іске қосу үшін отынның қажетті қысымы мен шығысын жасауды;
      11) отынның бір маркасынан екіншісіне көшу немесе олардың қосылыстарын (осы ӘК пайдалану үшін қабылданған отындардың ішінен) отын жүйесінің элементтерін қосымша қайтадан реттеместен қолдануды;
      12) жүйелердің жарамдылығын жерде ұшар алдында және ұшуда бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      879. Қозғалтқыштың негізгі сорабына кірер жерінде отынның қысымы мен температурасы барлық белгіленген және ауыспалы режимдердегі жұмыс кезінде қозғалтқыштың осы үлгісінің пайдалану құжаттамасында көрсетілген шектерде болуы тиіс.
      880. Отынды кез келген қозғалтқыштан беру жүйесіндегі, оның ішінде қосалқы жүйедегі істен шығу немесе жарамдылығы:
      1) басқа қозғалтқышқа отын беруді бұрмалаушылыққа әкелуі;
      2) басқа қозғалтқыштардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін экипаж мүшелерінің дереу араласуын талап етуге тиіс емес.
      881. Егер отынды қозғалтқыштарға беру бірнеше бактардан (бактардың топтарынан) бірізділікпен жүргізілсе, онда бір бактан отынды шығару аяқталған және имитациясы бактан қорекке көшу сәтінде қозғалтқыштың негізгі сораптарына кіре берістегі қысым пайдалану шектеулерінде көрсетілген мәннен төмен кемітілмеуі тиіс.
      882. Бактардың сыйымдылығы ӘК осы үлгісін пайдалану үшін рұқсат берілген барлық отын маркілерін пайдалану кезінде отынның тығыздығы, температурасы мен басқа өлшемдері ескерілген талаптарын ескеріп, берілген ең жоғары қашықтықпен және ұзақтықпен ұшуға арналған отынды орналастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
      883. ӘК отынның белгі берілген резервтік қалдығының шамасы - ӘК экипажына бактардағы отынның қалған қоры туралы немесе ұшудың шектелген уақыты туралы автоматты түрде ақпарат (дабыл) берілетін бактардағы отынның саны (көлемі) крейсерлік режимде және ұшудағы рейстік биіктіктерде қозғалтқыштардың сенімді жұмысын кем дегенде 45 минут ішінде қамтамасыз етуі тиіс.
      Жергілікті әуе желілерінің ӘК үшін белгі берілген резервтік отын қалдығының шамасы бактарға ең жоғары көзделген отын құю кем дегенде 15%-ды құрауы тиіс.
      884. Жүйе ұшар алдында ӘК бактарындағы отынның температурасы минус 500С-тан плюс 450С-қа дейінгі шектердегі кезде және ӘК пайдаланылуы мүмкін отын буларының ең жоғары мүмкін болатын серпінділігі кезінде ұшудың барлық режимдерінде және биіктіктерінде қозғалтқыштардың отынмен сенімді қоректенуін қамтамасыз етуі тиіс.
      885. Отында ерітілген және бактар мен отын жүйесінің элементтерінде одан бөлінген су жүйе жұмысын бұзуды тудыруы тиіс емес.
      886. ӘК орнатылатын отын сораптары пайдалану процесінде тораптың тозатындығын ескере отырып, өндіргіштігі бойынша барынша аз қажетті артық өлшемді болуы тиіс.
      887. Жүйеде және оның агрегаттарында жүйені отынмен толтыру, бактардағы отын сораптары мен жинағыштарынан ұшуда оны қысқа мерзімді құйып алу кезінде және бактарды босату процесінде қозғалтқыштар жұмысында бұрмалаушылықтар туғызуға қабілетті әуе тығындары түзілуге тиіс; толық босатылған жүйеге отын құйылғаннан кейін ауаны шығару қамтамасыз етілуі тиіс.
      888. Егер жүйеде ауаны шығаруға немесе басқа мақсаттарға арналған тұрақты қолданыстағы отынды қайта босату бар болса, онда осы отынды құйып алу жүйенің шығыс багына немесе, егер бірнеше шығыс бактары бар болса, ондай жағдайда, бактарды пайдаланылмаған қалдықтарды елеулі көбейтуді немесе олардың асып төгілуі туындамайтындай етіп, сондай-ақ берілген бірізділікте отынды автоматты түрде шығарудың бұзылуына әкелмейтіндей етіп жүргізілуі тиіс.
      889. Егер жүйеде отынды бір бактан екіншісіне қайта айдау немесе қайта ағызу көзделген болса, онда осы бактан, ұшуды пайдалану жөніндегі басшылықта көзделген қиыспа қоректену магистралі арқылы бірнеше қозғалтқыштарға отын беру жағдайларын қоса, барлық мүмкін болатын шығыстар кезінде толтырылатын бактағы отынның берілген деңгейін қолдау, сондай-ақ отын және басқа жүйелердің агрегаттарын қолданысқа әкелу үшін отынды жұмыс сұйықтығы ретінде пайдалану қамтамасыз етілуі тиіс. Отынды бір бактан екіншісіне қайта айдау немесе қайта ағызу кезінде олардың асып-төгілу нәтижесінде бактардың ақаулық мүмкіндігі болмауы тиіс.
      890. Қол жетімді және ыңғайлы пайдалануда құйып алу шүмегі арқылы отынды толық құйып алу қамтамасыз етілуі тиіс. ӘК-тегі сораптармен жабдықталған отын бактары осы сораптарды отынды құйып алуды жеделдету және құйып алу нүктелерін азайту үшін пайдалану ұсынылады.
      891. Негізгі отынды құйып алуға, отынды апаттық құйып алуға арналған штуцерлер, отын бактарын дренаждау және отынның ағуы мүмкін басқа элементтерінің штуцерлері бұл орайда отынның ӘК үстіңгі бетіне қуатты қондырғы мен қуатты және қосалқы қондырғылар қозғалтқыштарының ауа жинағыштарына өрт жағдайында қауіпті және қозғалтқыштардың қалыпты жұмысын бұзушылыққа алып келетін мөлшерде түсуін болдырмайтындай етіп орналастырылуға тиіс. Құйып алынған отын мен оның буы экипаж бен жолаушылардың кабиналарына тап болмауы тиіс.
      892. Жүйе шассиі жиналған ӘК апаттық қондыруды орындаған жағдайда өрт тудыруға қабілетті бұзылушылықтар мүмкіндігі болмайтындай етіп орындалуға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет