Ќазаќстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі



жүктеу 1.04 Mb.
бет4/8
Дата17.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Қосмекенділер экологиясы


Бірінші рет құрлықта тіршілік етуге шыққан омыртқалы жануарлар, құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың дамуына жол ашқан космекенділер. Оларды орманда, далалық аймақта, бау-бақшада, өзен-көлдер жағасында көруте болады, бірақ көбеюі суда өтеді. Қосмекенділер насекомдармен және олардың личинкаларымен (қоңыздар, масалар, шыбындар т.б.) және өрмекшілермен қоректенеді. Олар моллюскалар (шырышты тоспа ұлуын т.б.) мен балықтың шабақтарымен де қоректенеді. Мысалы, шөп бақаның біреуі ғана жаз бойы 1200 зиянды насекомды жеп пайда келтіреді. Қосмекенділердің өздері балықтарға, құстарға, жыландарға, кірпілерге, сасық күзеңдер мен құндыздарға таптырмайтын қорек. Құрбақа мен саламандрлардың терілерінде улы бездері болғандықтан оларды ешкім жемейді. Қосмекенділер суық түсісімен қысқы ұйқыға кетеді.

Қосмекенділерді қорғау. Қосмекенділер - табиғаттың көне дәуіріндегі тамаша туындысы. Олар жер бетінде осыдан 300 миллион жыл бұрын шыққан. Қосмекенділердің құрлыққа шығуын жануарлар дүниесінің дамуындағы үлкен бетбұрыс деп қарау керек. Біздің елімізде олар өте аз кездеседі, бірақ олардың табиғи биоценоздағы маңызы зор. ТМД елдерінде қосмекендшердің 33 түрі кездессе, оның 11 түрі Қазақстанда таралған, ал қазір де жер шарында шамамен 2500 түрі бар. Олардың ішінде құйрықсыз, құйрықты және аяқсыз қосмекенділер кездеседі.

Біздің республикамыздың Территориясында құйрықты қосмекенділердің үш түрі мекендейді. Сибирь бұрыштістілері (Сибирские углозубы), Жетісу бақатісі (Семиречинский лягушкозуб), кәдімгі тритон (обыкн. тритон) оның 280 түрі бар.

Құйрықсыз қосмекенділердің дүние жүзінде 800-дей түрі кездессе, оның 8-і біздің республика республика территориясында таралған. Қызыл бауыр шұбар бақа (жерлянка), кәдімгі тарбақа (обыкновенная чесночница), жасыл құрбақа (зеленая жаба), көлбақа, шөпбақа, қызылаяқ бақа, кәдімгі құрбақа, бізтұмсық бақа (остромордая лягушка).

Аяқсыздар. Оның шамамен 55 түрі, негізінен тропикалық аймақта, жер астында тіршілік етуге бейімделген. Қосмекенділер бау-бақша, орман, егістіктерге үлкен зиянын тигізетін насекомдармен және басқа да омыртқасыздармен қоректеніп, олардың санын тежеп реттеп отырады, сонымен бірге бауырымен жорғалаушыларға, құстарға, сүтқоректілерге таптырмайтын тамақ. Сондай-ақ басқалар түрлі аурулар таратуға себеп болатын маса, шыбын-шіркей, құмыты және олардың личинкаларын азық етіп, оларды құртуға себін тигізеді. Мәселен, кейбір жерлерде шұбарбақа бір айдың ішінде маса личинкаларының 50 процентін жем етеді. Бір ғажабы — бақалар көбіне түнде ұшатын зиянкес насекомдармен қоректеніп, оларды жойып отырады. Қосмекенділердің адамдар үшін тағы бір маңызы, олардың кейбіреуін (саламандра, көлбақалар, өгіз-көлбақа т.б.) тамақ ретінде пайдаланады.

Бақаларды тәжірибе үшін пайдаланады. Медицина мен биологиядағы тәжірибелер, оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде бұл мақсаттар үшін жылына бірнеше мың бақалар пайдаланылады. Мысалы, біздің елімізде жылына 1 миллион қосмекенділер дайындалады. Сондықтан да бірқатар елдерде оның саны азайып кеткендіктен қорғауға алынған. АҚШ-та оның саны 50 процентке төмендеген, Англия, ГДР, Польшада бақалар қорыққа алынып, аулауға тыйым салынған. Қосмекенділерді аулауға тыйым салынған және өндіруге болмайды делікген қаулылар да бар. Қосмекенділердің уылдырық шашатын жерлерін ауыл шаруашылығынан, ластаудан қорғайды. Совет Одағының "Қызыл кітабына" қосмекенділердің 9 түрі, оның ішінде 1 түрі жетісу бақатісі Қазақстанда кездеседі.



Лекция 9 .

Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептиллилер (Reptilia)

Ертеректе ғалымдар "жексұрын" деген атпен бақаларды және тритондарды зерттесе, сол атпен кесіртке, жылан, тасбақаларды да қоса зерттеп келеді. Деседе, олардың сыртқы және ішкі құрылыстарын, тіршілік ортасын мұқият зерттей келе, олар жеке өз алдына топ болу керектігін анықтады.

Эволюцияның барысында бауырымен жорғалаушылардың құрлыққа шығуы жануарлар дүниесіндегі дамудың тарихи кезеңі. Құрлықта кең таралу мақсатында, бұл жануарларда алғы шарттардың бәрі жасалынды.

Қосмекенділердің ата-тегі су жануарлары болғандықтан олар сумен байланысын әлі үзбеген. Құрлықты толығымен меңгеру омыртқалылар эволюциясының келесі сатысында ғана жүзеге асады. Бұл саты бауырымен жорғалаушылар. Олар нағыз жер бетінде тіршілік етуге бейімделген. Әрине бауырымен жорғалаушылардың барлығы да судан біржолата шығып кетті десек, ол ағаттық болған болар еді. Көптеген бауырымен жорғалаушылар өзіне қажетті мекенді, қоректік заттарды судан табады. Оларға крокодилдер, кейбір жыландар мен тасбақалар жатады. Бірақ олар суда тіршілік еткенмен, құрлықта көбейеді. Сол сияқты жыландардың, кесірткелердің екінші рет аяқтарынан айырылуы, ол да ортаға бейімделгіштіктің салдары. Олай болса, эволюцияның барысында жануарлар, дүниесінде "екінші белгісі" ретінде бейімделу қабілеті пайда болды. Оны палеонтологияның, эмбриологияның және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр



Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту жолының үлкен бөлімдерге бөлінуіне және жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты қосмекенділердікімен салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Бауырымен жорғалаушылардың тісі болады. Олар жоғарғы жақ және төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Тістердің негізі қызметі азықтарын тістеп ұстау. Ауыз бездері қосмекенділердікімен салыстырғанда күшті жетілген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жолы ауыз қуысынан тандай сүйектері арқылы бөлінген. Ауыз қуысының таңдай сүйектері арқылы бөлінген. Ауыз қуысының түп жағында атылып шығуға бейімделген тіл орналасқан. Тілінің (формасы) пішіні әртүрлі болады, ол қоректік заттарды ұстау тәсілімен сипатталады. Мысалы, жыландар мен кесірткелерде тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Жұтқыншақ, өңеш және қарын жақсы дамыған. Бауыр мен ұйқы безі жақсы жетілген. Бауырдағы өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп ашылады. Аш ішек тоқ ішекке қарағанда ұзындау, ал тоқ ішек клоакаға жалғасады. Қазіргі бауырымен жорғалаушылардың басым көпшілігі жануар тектес азықтармен қоректенеді. Ұсақ насекомдармен (кесірткелер) ірі сүтқоректілерге дейін (крокодилдер мен Сарбас жылан – удав) жейді. Өсімдік тектес азықтармен қоректенетін (тасбақалар) аз кездеседі.

Нерв жүйесі. Бауырымен жорғалаушылардың нерв жүйесі қосмекенділерге қарағанда күрделі құрылысты болады. Бауырымен жорғалаушылардың күрделі өмірімен байланысты алдыңғы ми сыңарлары сүр заттарының үстіңгі қабаты ми қабығына айнала бастады. Бұлардың жылдам қозғалуына байланысты мишығы күшті дамыған. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сүр затынан тұратын қыртысы болады, бірақ қыртысы әлі де жақсы жетілмеген. Жұлын құрылысы күрделенген ұзын болып келеді.

Тыныс алу жүйесі. Бауырымен жорғалаушылар тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты құрғақ тері қосымша тыныс алу мүшесінің қызметін атқара алмайды. Өкпенің құрылысы күшті қызмет етуге байланысты күрделіленген, қосмекенділердікіне қарағанда жетілген. Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Көмекей қуысы оймақ тәрізді көмекейден ұзын кеңірдек кетеді. Кеңірдек екі бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады. Тыныс алу және шығару көкірек қуысының кеңейіп, тарылуы нәтижесінде орындалады.

Көбеюі. Жыныс бездері дене қуысында омыртқа жотасының екі жақ бүйірінде орналасқан. Аталық бездері мен аналық жұмыртқалары жұп. Еркектерінде шағылысу мүшесі (копулятивті) болады. Жыныс диморфизмі еркектері мен ұрғашыларында сыртқы реңі (окраска) немесе үлкен-кішілігімен ажыратылады. Еркектерінің екі дөңгелек ұрық безі (два семенника), екі ұрық безінің қосалқы (придатка семенника), екі ұрық өткізгіші (вольфов каналы) және шағылыс мүшесі болады. Ұрғашыларында екі аналық жұмыртқа және клоакаға барып қосылатын екі жұмыртқа жолы (мюллеров каналы) болады. Ұрықтану тек қана ұрғашысының ішінде өтеді. Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Олардың жұмыртқалары қоректік сары уызға бай, ұрық осы уыздың есебінен өсіп жетіледі, содан кейін ересек түріне ұқсас бала жарып шығады. Жетілген аналық жұмыртқа жолының воронка тәрізді ұшына түседі. Ұрғашы және еркектің гаметалары жұмыртқа жолының жоғарғы жағында қосылып ұрық (зигота) түзейді. Ұрық жұмыртқа жолымен жылжи отырып, оның орта кезінде белокты қабыққа оралады, ал ұрық қолының артқы жағында известі сіңген қатты қабығы пайда болады.

Жыландар мен кесірткелердің кейбір түрлерінде ұрғашылары партеногенетикалық жолдармен көбейетіні байқалып жүр. Мұндай жолдармен көбейетін бауырымен жорғалаушылардың түрлерінде еркегі болмайды. Көбеюдің мүндай жолдары толығымен жер бетінде тіршілік етуіне тығыз байланысты.



Дамуы. Тура дамиды. Бауырымен жорғалаушыларда личинка болмайды. Олардың кейбір түрлерінде ұрық ұрғашысының жыныс жолдарында дамып, жұмыртқа сыртқа шыққанда бірден ішінен жетілген бала шығады, демек мұндай түрлер үшін (жұмыртқадан жетіліп туу) жұмыртқа тірі туушылық (яицеживородящие) тән сипат алады. Мысалы, жұмыртқадан жетіліп туу таулы аудандарда, солтүстік суық жерлерде тіршілік ететін бауырымен жорғалаушылардың арасында кең таралған (медянка, тірі туатын кесіртке, тибетская кргулоголовка, теңіз жыландары т.б.). Бауырымен жорғалаушылардың арасында көгалілік тіршілігін судың ішінде өткізсе де (крокодилдер, көптеген тасбақалар, кейбір жыландар) жұмыртқа салу мен дамуы тек қана құрлықта өтеді.

Сезім мүшелері. Жер бетінде тіршілік етуіне, әртүрлі тіршілік жағдайларына сәйкес сезім мүшелері дамыған. Сезім мүшелерінің ішінде жақсы дамыған көз. Тек жыландар мен геккондарда ғана қабағы мөлдір өсіп кеткені білінбейді. Иіс мүшелері де жақсы жетілген, тыныс алу жолының төменгі жағында арнайы иіс сезу жолы бар. Иіс жолының жұтқыншаққа ашылатын төменгі бөлімі мұрын жұтқыншақ жолын құрады. Бұған қосымша якобсон мүшесі болады. Бұл ауыз ішіндегі тамақ иісін айырады. Жыландар тілін ауызынан шығарып, кейбір заттарға тигізеді, сол кезде иісі бар заттың ұсақ түйірі тіліне жабысады да, қайтадан тілмен бірге ауызға кіреді. Осы сәтте якобсон мүшесі оның иісін ажыратып, затты айырып береді.

Есту мүшесі қосмекенділердікі сияқты ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақтың қуысына бір есту сүйегі — үзеңгі (стремя) болады. Сезу және иіс мүшелерін пайдаланып жыландар (кобра, эфа, оқжылан, қалқан тұмсық, қарашұбар жылан) өздерінің азықтарын іздейді. Ал көз және есту арқылы кесірткелер (кесел, геккондар т.б.) жемдерін ұстайды. Ал кейбір бауырымен жорғалаушылар мысық сияқты аңдып отырып тап береді. Оларға қара жылан, құмжыланды (удавчик) жатқызуға болады.

Денесінің сыртқы көрінісіне қарай кесіртке тәрізділер, жылан тәрізділер, тасбақа тәрізділер болын үшке бөлінеді. Құрлықта тіршілік етуіне сәйкес қаңқалары түгелімен сүйектенген. Омыртқа жотасы, қосмекенділерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық. Кесірткелердің мойын омыртқасының саны 8. Олардың ішінде екі омыртқаның құрылысы ерекше. Бірінші мойын омыртқасын (аназ) ауыз омыртқа, екіншісін -эпистрофея деп атайды. Мойынның мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерін тигізеді.

Бел - көкірек бөлімінің омыртақалары 22 болады (кесірткелерде). Бұлардың барлығында да қабырғалар бекиді, оның ішінде бес қабырға төс сүйегіне бекиді. Соның нәтижесінде көптеген бауырмен жорғалаушыларға тән көкірек қуысы пайда болады. Жыландарда төс сүйегі болмағандықтан көкірек қуысы да болмайды. Сегізкөз екі омыртқадан тұрады, бұлардың көлденең өсінділеріне жамбас сүйектері бекиді. Құйрық бөлімінде (тасбақадан басқасында) омыртқалар көп. Аяқтарының сүйектері қосмекенділермен салыстырғанда жақсы дамыған. Сүйектер бір-бірімен қозғалмалы буындар арқылы байланысқан.



Иық белдеуі. Үш сүйектен қалыптасқан: каракоид, жауырын және жауырын үсті шеміршек.

Жамбас белдеу. Жамбас белдеуі мықын сүйектен, шонданай сүйегінен және шап сүйегінен тұрады.

Ет жүйесі. Оларда мойын бөлімінің пайда болуы бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы дененің бөліктерге жіктелуі мен осының бәрі ет жүйесінің күрделенуіне себепші болады. Әсіресе, тыныс алуды реттеуге қатысатын аралық еттердің пайда болуы бауырымен жорғалаушылардың тіршілігіндегі ерекшелік.

Қан айналысы. Қосмекеңділердікі сияқты жүрегі үш камералы, бірақ қарыншаның төменгі жағынан қарыншаны бөлетін өскін пайда болады. Крокодилдерге бұл жерде толық жетіліп, қарыншаны қақ бөліп, төрт камера болады (екі жүрекше, екі құлақша). Басқаларында қарынша толық екіге бөлінбеген. Сондықтан қосмекенділердікі сияқты жүректен бір ғана қан тамыры емес, бауырымен жорғалаушыларда үш қан тамыры кетеді. Сол жақ жүрекшеге артерия қаны келіп құяды - ол өпкеден келеді. Оң жақ жүрекшеге вена келіп құйылады — ол бүкіл денеден жиналып келеді. Өкпе артериясы вена қанымен келіп құяды. Содан кейін екі жүрекшедегі қан қарыншасында араласады. Қан қарыншада пайда болған өскіннің (перде) арқасында қосмекенділердікіндей толық араласпай, аздап қана араласады. Сайын келгенде бауырымен жорғалаушылардың мүшелері негізінен аралас қанмен қамтамасыз етіледі, бірақ қосмекенділерге қарағанда қан құрамында оттегі көп мөлшерде кездеседі де зат алмасу процесін шапшандатады. Бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер сияқты суыққанды жануарлар қатарына жатады. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның (ауаның) температурасына байланысты болады. Салқын күндері кесірткелер мен жыландар аз қозғалады, ал суықта шалажансар болып қалады. Керісінше, ыстық күндері олардың тіршілік әрекеті артады.

Зәр шығару жүйесі. Бауырымен жорғалаушыларда зәр шығару жүйесі күрделі дамыған. Жамбас бүйректерінен немесе метанефростан (metanephros) тұрады. Балықтар мен қосмекенділердің ересектерінде дене бүйректері немесе мезанефрос (алғашқы бүйрек) деп аталатын бүйректер қызмет етеді. Ал дене бүйректері бауырымең жорғалаушыларда ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жұмыртқадан шыққан соң біраз жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі дамып қалыптасқан соң, дене бүйрегі қызметін тоқтатады (редукцияланады). Жамбас бүйрегі жетілген соң зәр шығару түтігі пайда болады. Арқа жағынан келіп сол және оң зәр шығару түтіктері клоакаға келіп құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың және кейбір кесірткелердің қуығы жетілмеген.
Лекция №10 Тақырыбы

Систематикалық шолу

Дүние жүзінде бауырымен жорғалаушылардың ғылымға 6600 түрі белгілі: алашқы кесірткелер — 1, тасбақалар — 230, крокодилдер - 22, кесірткелер - 3900, жыландар - 2500. Саны жағынан омыртқалылардың ішінде құстардан кейінгі екінші орында бауырымен жорғалаушылар.


Класс тармағы алғашкы кесірткелер (Prosauria).

Ертеде тіршілік еткен және топтың өкілі — Гаттерия. Ол қазіргі кезде тек қана Жаңа Зеландия аралдарында сақталынып қалған. Гаттерия түнде тіршілік ететін жануар. Ол сырт жағынан қарағанда үлкен кесірткеге ұқсайды. Дене түрқы 60 см. Денесі (басы мен кеуде бөлімі) ұсақ дән тәрізді қабыршақпек қапталған. Олар мұхит құстары альбатростардың індерін пайдаланады, бірак гаттегилер олардың балапандарына, жұмыртқаларына тимейді. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенеді. Көктемде және ноябрь айларында көбейеді.

Жұмыртқаларын жерді қазып, шұңқырға салып, содан кейін топырақпен жауып тастайды. 8-17 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның дамуы климаттық жағдайға байланысты ұзақ дамиды. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12-14 айға созылады. Жыныстық жетілуі 20 жылға созылады. Жаңа Зеландия аралына адамдардың келуіне байланысты гаттерияларды өлтіріп, жойып жіберуге жақындады. Оларды сақтап қалу үшін арнайы қорғайтын заң шығып құрып кету қаупін жойды.
Класс тармағы Тасбақалар (Сһеlоnіа)

Басқа бауырымен жорғалаушылардың негізгі айырмашылығы тасбақаның денесі арқа (карапакс) және бауыр (пластрон) жағынан қатты сүйекті сауытпен қапталған. Қауіп төнгенде басын, мойнын, аяқтарын, құйрығын осы сауыттың ішіне жиырып алады. Олардың тісі болмайды. Жақ сүйектерінің шеттері өткір болып келеді де, тістің қызметін атқарады.

Қазақстанда тасбақаның екі түрі таралған. Жайық, Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында суда тіршілік ететін тасбақалар (болотная черепаха) және Каспий аймағында. Оңтүстік Қазақстан даласында таралған тасбақа бар (среднеазиатская черепаха). Тасбақалардың суды мекендейтіндердің құйрығы ұзын, арқа және бауыр қалқандары қозғалмалы болады, аяқтары жүзуге бейімделген, саусақтарының арасыңда жүзу жарғақтары болады. Қорегі жануарлар тектес азықтар (омыртқасыз жануарлар). Құрлықтағы тасбақалардың арқа қалқаны өте дөңес келеді және ауырлау болады. Құрлықта кездесетін түрлерінің ішіндегі ірілері - піл тасбақалары. Тасбақаның ірі түрлерін тамаққа пайдаланады, мүйізді қалқандарынан неше түрлі бұйымдар жасайды.

Класс тармағы Крокодилдср (Сrocodilia)

Крокодилдер жоғары сатыдағы құрылысты жануарлар тобы. Олардың түріне қарағанда зор кесірткені еске түсіреді. Құрылысы жағынан басқалардан ерекшелеу. Денесі мүйіз қабыршақnармен емес, сүйектеніп кеткен калқандармен қапталған. Жүрек қарыншалары толығымен екіге бөлінген, демек крокодилдердің жүрегі төрт камералы болады, тістері сұтқоректілердің тістері сияқты, алъвеолта орналасқан (жыландар мен кесірткелерде тіс ұялары болмайды). Крокодилдер тамаша жүзгіштер. Олардың артқы аяқтарында жүзу жарғағы болады. Крокодилдер - балықпен қоректенеді, жағада құстарға және андарға шабуыл жасайтын жыртқыштар, Олардың кейбіреуі адамға да қауіпті. Крокодилдердін терісі ірі бұйымдар — чемодандар, портфельдер, және әйелдерге түрлі бұйымдар жасауда пайдаланылады. Қазіргі уақытта олардың саны азайып, табиғаттың "Қызыл кітабына" тіркелген



Класc тармағы Қабыршақтылар (Squamata)

Бауырымен жорғалаушылардың ішінде түрлерге мейлінше бай және жер бетінде кең тараған осы класс тармағы. Қабыршақтыларға кесірткелер, жыландар жатады. Олар Қазақстан жерінде де көп кездеседі. Кесірткелерге қозғалмалы қабақтың болуы тән, ал жыланның қабақтары мөлдір өзара бірігіп кеткен. Кесірткелердің аяқтары бар, ал жыландарда аяқтары болмайды. Барлығына ортақ белгілер: дене пішіні әртүрлі болатын мүйізді қабыршақтарымен қапталған. Тістері жақ сүйектеріне бекіген. Олардың биоценоздағы ролі зор.

Кесірткелер отряды (Lacertilia). Олардың денесі сопақша, құйрығы ұзын, мойыны денесінен айқын белінген. Аяғы редукцияға ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлері де бар (веретеница). Көпшілік түрлерінің құйрықтарын үзіп, қалдыратын автотомия қабілеті бар. Кесірткелер отрадына геккондар, агамалар, ешкіемерлер (кесел), нағыз кесірткелер туыстыққа жататын кесірткелер. Тіршілік ортасы әралуан: ашық дала, шөлді аймақ, орман іші, таулы жерлер т.б. Ұсақ түрлері насекомдармен және басқа омыртқасыздармен қоректенеді, ал ірілеуі (қесел т.б.) ірі жануарларға шабуыл шабуыл жасайды, кейбіреулері өсімдіктермен қоректенеді.

Табиғатта кесірткелер ауыл шарушылығында зиянды насекомдарды жеп пайда келтіреді. Улы кесірткенің бір ғана түрі белгілі - Солтүстік Американың оңтүстігінде тіршілік ететін улы тістілер (ядозуб). Геккондар (Jeckonidae) — Оңтүстік Қазақстан жерінде 6 түрі тіршілік етеді. Шу өзенінің алқабы, Оңтүстік Балқаш маңында онша бекімеген құмдарды мекендейді. Күндіз құмға еніп тығылып жатады да, түнде тіршілік етеді.

Агамалар (Agamidae) — Қазақстанның Оңтүстік бөлігінде 8 түрі тіршілік етеді. Каспийден Алакелге дейінгі аймақта таралған. Шөл далада және тау етектерінде тіршілік етеді. Осылардың өкілі Улы тістілер адамға қауіпті.

Кеселдер (Varanidae) - ұзындығы 4 м (Қазақстанда кездесетіндері - 1,5 м) болады. Қазақстанда Қызыл құм, Сырдария өзенінің оң жақ жиегінің құмдарында бір түрі тіршілік етеді. Тіршілігі күндіз өтеді. Ол өте сирек кездеседі, сондықтан оны Қазақстанның "Қызыл кітабына" тіркеген. Кездессе тимей, қорғап жүріндер.

Нағыз кесірткелер (Lacertidae). Қазақстанда олардың 11 түрі тіршілік етеді. Қауіп төнгенде құйрығын үзіп, қалдырып кететін осы туыстықта кездеседі. Көпшілігі далалы, шөлді тау етегінде, орманды жерлердің топырағы тез қызатын бөлігін мекендейді. Тек қана тірі туатын кесірткелер көлеңкелі, орманды, дысқыл мүктермен жабынған топырақта тіршілік етеді.

Жыландар отряды (Орһіdiа). Өзіңдік ерекшелігі бар омыртқалы жануарлар. Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Олардың кесірткелерден негізгі айырмашынығы аяқтары болмайды, тері бездері жоқ, төс сүйегі де болмайды. Омыртқаларында кішкене өсіндісі болады, ол омырта тізбегіне ерекше мықтылық беріп оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді. Кабағы түссіз мөлдір көзді жауып тұрады, ол көзді әртүрді жарақаттаудан сақтайды. Сондықтан да ол қабақ қақпай қадала қарайды. Ортаңғы құлақ пен дабыл жарғағы болмайды. Мүшелерінің кейбіреуі ұзарған (бауыры, жыныс бездері т.б.), ал қалғандары кішірейген немесе жойылған (сол жақ өкпесі т.б.). Қуығы болмайды.

Жақ сүйектері және онымен байланысатын таңдай, қанат тәрізді сүйектер бірімен-бірі қозғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелік ірі жануарларды түгелімен жұтып қоюына мүмкіндік береді. Жыландардың барлығы жыртқыштар, тек кейбіреулері ғана насекомдармен қоректенеді. Жыланның айыр тілі сезім қызметін атқарады. Жыланның жер жүзінде 2500-дей түрі бар, соның Қазақстан территориясына 17 түрі тіршілік етеді. Солардың үшеуі ғана улы жыландар. Оларға кәдімгі сұржылан (обыкновенная гадюка), - дала суржыланы (степная гадюка), бозша жылан (щитомордник) жатады. У жұптанған екі у безінен бөлінеді. Безден бөлінген улар бұлшық еттер жиырылған кезде тіс қуысы арқылы ағып, сыртқа шығады да, тіс кірген жерге құйылады. Сөйтіп адамды немесе жануарды өзінің уымен жарақаттайды. Қазақстанда жиі кездесетін улы жыланның бірі кәдімгі сұр жылан. Ол Республиканың Солтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысында орманды және дала аймағында тіршілік етеді. Батпақты, көл және өзен бойларын мекендейді. Тіршілігі күндіз өтеді. Ұрғашы сұр жылан 8-12 бала туады. Қорегі — кеміргіштер, кесірткелер, қосмекенділер, насекомдар. Денесінің ұзындығы 60-90 см. Дала сұржыланы — Қазақстанның барлық жерінде таралған, тек шөлді аймақтарда (Үстіртте, Қызылқұмда, Бетпақаалада, Мойынқұмда жоқ) кездеспейді. Олар әртүрлі жерлерді мекендейді, оның ішінде кел мен өзен жағаларын және бетпақты жерлерді, жусан, ши араларын мекендейді. Жазда іңір қараңғысында, түнде, ал қалған жыл маусымдарында күндіз тіршідік етеді, ұрғашысы 1-6-ға дейін бала туады. Ұзындығы 40-57 см. Қорегі насекомдар мен ұсақ омыртқалы жануарлар. Мал шаруашылығына зияны бар. Бозша жылан немесе қалқантұмсық ордалы жылан қатарына жатады. Қазақстанда кең таралған түрі. Оның Солтүстік шекарасы Батыс Қазақстаннан Шығысқа дейін созылып жатыр, ал Оңтүстікте кез келген жерден көруге болады. Ол топырақты, ұсақ тасты, бұталы өсімдіктер өсетін шөгіндінің және екпе шөптердің арасында тіршілік етеді. Бозша жылан көбіне түнде тіршілік етеді. Күндіз тастың астында, басқа қуыстарға кіріп жасырынын жатады. Ұрғашысы 2-12 дейін бала туады. Қорегі кеміргіштер, кесірткелер, насекомдар. Мал шаруашылығына аздап зияны бар. Қазақстанда улы жыландардан басқа усыз жыландар да кездеседі. Оларға оқ жылан (стрела-змея), жолақ қара шұбар жыланның (полоз) 8 түрі, су жыланның (уж) 2 түрі, құм жыланның (удавчик) 2 түрі, соқыр жылан (червеобразная слепозмейка) жатады.

Орта Азия жерінде улы жыландардың қатарында қара жылан (порза), және кобра бар. Осы улы жыландардың улары адамдардан гөрі үй малдарына қатты әсерін тигізеді. Бірақ олардың зиянынан гөрі пайдасы басым болып келеді. Мысалы, жыландар ауыл шаруашылық егістерінің зиянкестері кеміргіштер және басқа да зиянды жәндіктермен қоректену арқылы пайда келтіреді. Жыланның уы әртүрлі ауруға ем үшін пайдаланылатын дәрілік заттар алудың қайнар көзі. Удың қажеттігі жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан улы жыландарды арнаулы питомниктерде (серпентарияларда) өсіруде. Питомниктер - Термезде Ташкентте, Бішкекте бар. Қазақстанда келешекте Алматы маңында жылан өсіретін Питомниктер құру көзделіп отыр.

1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет