Ќазаќстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі



жүктеу 1.04 Mb.
бет5/8
Дата17.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Бауырымен жорғалаушылар экологаясы


Бауырымен жорғалаушылар құрлықта жұмыртқа салып көбейетін, нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген жануарлар. Олар өте жылы аймақтарда тіршілік етедІ, сондықтан тропикалық аймақтан алыстаған сайын, олардың саны азая береді. Олардың кең аймақта таралуына негізгі себеп - температура, өйткені бұл суыққанды жануарлар тек ауа райы жылы болғанда ғана белсенді тіршілік етеді. Салқын болса інге кіріп жасырынады немесе жазғы ұйқыға кетеді. Бауырымен жорғалаушылар жануар тектес азықпен қоректенеді. Олар кесірткелер, насекомдар, моллюскалар, қосмекенділерді қорек етеді. Жыландар көптеген кеміргіштерді жейді, сонымен бірге үй жануарлары мен адамдарға да қауіп туғызады. Құрлықтағы тасбақалар жеміс-жидекті жеп бақтарға, судағы тасбақалар балықгы жеп аздап залалын тигізеді. Көптеген бауырымен жорғалаушылардың (жылан, тасбақа, ірі кесірткелер) етін адамдар тамаққа пайдаланады. Крокодилдерді, жыландарды, тасбақаларды терісі және мүйізді сауыты үшін аулайды. АҚШ-та және Кубада крокодилдерді өсіретін фермалар бар. Терме, Бадхызда, Ташкеште және Бішкекте жылан өсіретін арнаулы питомниктер бар.

Бауырымен жорғалаушыларды қорғау. Қазіргі кезде жер жүзінде бауырымен жорғалаушылардың шамамен 6000 түрі белгілі, олардың 125 түрі ТМД-да кездесетін болса, оның 52 түрі Қазақстанда таралған. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай олар — жылан, кесіртке және тасбақа тәрізділер болып бөлінеді.

Жыланның жер жүзінде 2500-дей түрі бар. ТМД-да 56, Қазақстанда 18 түрі таралған. Олардың 3-і улы, қалғаны өлкемізде усыз жыландар. Улы жыландар кәдімгі сұр жылан (обыкновенная гадюка), дала сұр жыланы (степная гадюка), боз жылан (щитомордник). Усыз жыландарға оқ жынан, қара шұбар жылан, су жыланы (уж), құм жыла (удавчик) т.б. жатады.

Ерте заманнан бері жылан адам баласы үшін өте қауіпті де қатерлі болып келеді. Жылан биологиясын білмейтін кез келген адам оны көрген бетте сескеніп қалады да, дереу өлтіруді ойлайды. Соңғы жылдары, ғалымдардың зерттеуі бойынша жылан уының медицина үшін пайдасы зор екені анықталды.

Бауырымен жорғалаушылардың ішінде жылдан-жылға саны азайып құрып бара жатқандары жыландар. Адамдардың жек көргендігі былай тұрсын, олар батпақты ылғалды жерлерді құрғатқаннан, өсімдіктердің өзгеруінен, жыландардың негізгі қорегі ұсақ кеміргіштерді, улы химикаттармен өлтіруінен көп азап шегіде. Медицинада уын пайдалану үшін оларды ұстайды. Олардан бірнеше рет у алу үшін арнайы жасалған серпентарилерде (питомниктер) ұстайды. Әрине, үнемі ұстай бергесін де олардың санына әсерін тигізеді.




Ќазаќстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі


“Сырдария” университеті


Жаратылыстану факультеті

“Биология” кафедрасы

“Зоологиясы ” пәні бойынша

050113 “Биология” мамандықтарынын студентері үшін

СӨЖ студенттердің өзіндік жұмысы

.

3 кредит


2-ші бөлім

Жетісай- 2005ж

(СӨЖ) – Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар тізімі

Студенттердің өзіндік жұмысының жоспары

СӨЖ – тақырыптары.



СӨЖ тақырыптары, мазмұны


Әдебиеттер

1

1-тапсырма


1. Қосмекенділер немесе амфибилер класына түсінік.

2. Қосмекенділердің систематикасы.



1.2.

1.2.

2

2-тапсырма


1. Қосмекенділердің негізгі ерекшелігі.

2. Қосмекенділердің құрлысы.



3.4.

3

3-тапсырма


1. Сулы ортада, әрі құрлықта тіршілік етуіне байланысты класқа жалпы сипаттама.

2. Систематикасы.



5.6.

4

4-тапсырма


1. Қосмекенділердің ішкі құрлысы.

2. Буклет жасау.



4.5.

5

5-тапсырма


1. Қосмекенділердің сыртқы құрлысы.

2. Буклет жасау.



5.6.

6

6-тапсырма


1.Қосмекенділердің нерв жүйесі және сезу мүшелері қандай.

2.Жалпы түсінік.



1.2.3.

7

7-тапсырма


1. Қосмекенділердің экологиясы қандай.

2. Көбеюі дамуы.



5.6.

4.5.

8

8-тапсырма


1. Бауырымен жорғалаушыларға жалпы сипаттама.

2. Бауырымен жорғалаушылардың систематикасы.



1.2.3.4.5.

1.2.

9

9-тапсырма


1. Бауырымен жорғалаушылардың негізгі ерекшеліктері.

2. Бауырымен жорғалаушылардың құрылысы.






10

10-тапсырма


1. Бауырымен жорғалаушылардың систематикасы.

2. Бауырымен жорғалаушылардың құрлыстық ерекшеліктері.







11

11-тапсырма


1. Тіршілік етуіне байланысты рептилидің құрылысындағы ерекшеліктері.

2.Бауырымен жорғалаушының сыртқы құрлысы.






12

12-тапсырма


1. Бауырымен жорғалаушылардың ішкі құрлысы.

2. Буклет, реферат түрінде жазу.






13

13-тапсырма


1. Бауырымен жорғалаушылардың нерв жүйесі және сезу мүшелері.

2. Бауырымен жорғалаушылардың ерекшеліктері.






14

14-тапсырма


1. Бауырымен жорғалаушылардың экологиясы.

2. Буклет жасау.






15

15-тапсырма


1. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың құрылысындағы ерекшеліктері.

2. Реферат жазу.





Ескерту. Студенттің өзіндік жұмысы бойынша тапсырмалар тізімінің мазмұны мен формасын оқытушы өзгерте алады. Оқытылатын материал көлемінде студенттің СӨЖ тақырыбын өзгертуге құқығы бар. Студент тапсырмалардың барлық түрін орындап, нақты белгіленген уақыт аралығында тапсыруға міндатті.

Зоология (омыртқалылар) пәні бойынша студенттің өзіндік жұмысты тапсыру ерекшелігі:

- пән бойынша лекциялық материалды меңгергеннен кейін студент СӨЖ тақырыбын оқиды, яғни лекция материалын өз бетінше оқу және ізденудің логикалық жалғасы болып табылады.

- аудиториялық сабақта ОБСӨЖ барлық СӨЖ тақырыптары бойынша бақылау жүргізіледі, сол кезде студент орындаған жазбаша жұмысын өткізуге міндетті.

- СӨЖ тақырыбын қорғау - әңгімелесу, қарастырылған проблема бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды ортындау түрінде өткізіледі, яғни студент тақырып бойынша меңгерген білімді көрсету қажет.



1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет