Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



бет1/16
Дата29.02.2016
өлшемі3.94 Mb.
#30492
түріСборник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Л.Н. ГУМИЛЕВ атындағы ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Бірінші студенттік форум «Биотехнология XXI ғасыр»

Бірінші студенттік форумның «Биотехнология XXI ғасыр»

материалдары 12-14 сәуір 2010 жыл

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ЕВРАЗИЙСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ

им. Л.Н. ГУМИЛЕВА
Первый студенческий форум

«Биотехнология XXI века»

Материалы Первого студенческого форума

«Биотехнология XXI века» 12-14 апреля 2010 года


АСТАНА 2010

УДК 378

ББК 74.58

Б 56
Жалпы редакцияны басқарған з.ғ.д., профессор Б.Ж. Әбдрірайым.

Под редакцией д.ю.н., профессора Б.Ж. Әбдрірайым.



Редакция алқасы:

Редакционная коллегия:

Р.И. Берсимбай, Р.Т. Омаров, Н.Л. Шапекова, З.А. Аликулов, Т.Д. Укбаева

«Биотехнология XXI ғасыр» Бірінші студенттік форумның

материалдар жинағы.

Сборник материалов Первого студенческого форума

«Биотехнология XXI века».


Астана, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2010.

Астана, Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева, 2010.


ISBN 978-601-7252-34-2
Жинаққа студенттердің, магистранттардың және PhD докторанттардың биотехнология, экология және молекулярлық биология салаларындағы өзекті мәселелері бойынша еңбектері енгізілген.
В сборник вошли материалы студентов, магистрантов и докторантов PhD по актуальным вопросам биотехнологии, экологии и молекулярной биологии.

УДК 378

ББК 74.58


ISBN 978-601-7252-34-2

Евразийский национальный университет

им. Л.Н. Гумилева, 2010 год
Секция «Экология»
УДК: 504.062
СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
ҚР, Астана қ., Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Биология және биотехнология кафедрасының студенті

БТ-31 (2) Джантасова Алина Асхаровна

Жетекшісі: Абаш Алтынгүл Сембайқызы


Табиғат байлықтарының ішінде судың орны ерекше. Сусыз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес.

Орта Азия мен Қазақстан жерлері суға кедей деп есептеледі. Ал көне замандарда бұл жерлердің көп бөлігін су басып жатқандығы белгілі. Оңтүстік теңіз ғайып болғаннан кейін оның орнында қазақ жерінде үш су айдыны қалды. Олар: Каспий, Арал, Балқаш.

Каспий мұхиттармен жалғасып жатпағанмен оның Волга, Терек, Жайық, Сулақ, Самура сияқты жан-жақтан толықтырып тұратын өзендері көп.

Каспийге құятын өзендер электр қуатын алуға бөгеліп, төңірегіндегі алқаптарды қолдан суғарып игеруге кіріскеннен кейін сырттай келетін су көлемі кеміп кетті. 1961 жылдың өзінде Каспий деңгейі 230 см төмен түскен.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы құрғақ шөл даланың ортасында ірі көлдердің бірі — Балқаш көлі орналасқан. Су бетінің көлемі 19 мың шаршы километр. Бұл көлдің халық шаруашылық мәні ете күшті. Осы көл аркылы республикамызда таукен металлургия өндірістері дамыды. Көл жағалауларында балық және кәсіптік аң аулау шаруашылықтары жетілді. 1950 жылдан бастап үздіксіз жүргізілген бақылау көл суының минералдануының аса өзгермегенін көрсетті.

Арал теңізі — ірі ішкі су алқаптарының бірі. Бұрынғы заманнан бері Арал теңізі балық байлығымен атағы шыққан. Амудария мен Сырдария өзен алқаптарында аңшылар бір миллионға дейін ондатр терісін алып тұрған.

Кейінгі жылдары Арал теңізіне көптеген ғылыми мекемелер назар аударып отыр. Соңғы 10—15 жылдың ішінде судың гидрологиялық ырғағына айтарлықтай өзгеріс енді, су деңгейі төмендеп оңтүстік және шығыс жағалауындағы теңіздің таяз бөліктері кеуіп қалды. Теңіздің негізгі көзі Сырдария мен Амудариядан су көп мөлшерде кеміді. Бұрын, суармалы егістік дамымай тұрғанда Амудария мен Сырдария Аралға орташа есеппен жылына 62 текше километр су беріп тұратын болса, 1974 жылдан бері Сырдария суы Аралға құймайды, түгелдей жол-жөнекей шаруашылықтарға бұрылып алынады. Ал Амудария құятын судың 75 проценті кеміді, 1975—1978 жылдары Аралға бар болғаны 12 текше километр су берді.

Сырдария мен Амудария алқабында барлығы 5,5 миллион гектар суармалы егістік бар, бұл мөлшерді 8—9 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Кейбір зерттеулер бойынша суармалы егістікке жарайтын жер көлемі 16 миллион гектарға жетеді. Су тек суармалы жерге жұмсалып қана қоймай, басқа жолдармен де көп ысырап болады. Күріш және мақта плантацияларында пайдаланылған сулар ойпаттарға ағады да, көп бөлігі топыраққа сіңіп, қалғаны буланып жоқ болады. Мысалы, аса ірі Арнасай және Сарықамыс ойпаттарына жылына 7—8 текше километр су құйылып қайтпастан жоғалады. Осының бәрі Арал теңізінің таяздауына әкеп соқты. 1960 жылдан бері жылма-жыл таяздаудан теңіз деңгейі 7 метр төмен түсті, теңіздің көлемі 14 мың шаршы километрге кеміді. Теңіздің кеуіп қалған бөлігі су басып жаткан белігінің көлемімен теңесті. Теңіз суының тұздылығы да көп артты Теңіз бен өзендерде болып жатқан мұндай құбылыстар балықтардың көбеюіне де кесірін тигізеді. Ауланатын балық көлемі де күрт төмендеді. Мысалы, 1963 жылы 480 мың центнер балық ауланған болса, 1978—1979 жылдары бар болғаны 40—50 мың центнер ауланды. Ондатр аулау мүлде тоқталды.

Республикамызда бүгінгі күні 2174 үлкенді-кішілі өзеннен жылына 120 миллиард текше метр су ағады. Бұлар суын 65 оңаша алқаптарға құйып жатады. Мұның ішінде Ертіс, Сыр, Жайық т.б. Республика халқының жан басына шақсақ, күніне әр адамға 20 литрден келеді. Бұл өте көп мөлшер. Алайда осының бәрі колда болғанда республикада су мәселесі бүгінгідей алаңдатпас еді. Өйткені дүние жүзінде суға ең бай деген Нью-Иорк қаласының әр тұрғынына бір тәулікте келетін судан үш еседен де асады екен. Ал, көріп жүргеніміз кері құбылыс, себебі, даламыз шөлейт аймаққа жатады. Халқымыздың жан басына тәулігіне 100—120 литрден артық су келмейді (бір техника мұқтажына, тұрмыс қажетін өтеуге, егістікті суландыруға, қалаларды көгалдандыруға және ішуге арналған судың бәрі осы санның ішінде). Енді, соншама судың басым белігі қайда кетті? деген сұрақ туады.

Мұның мынадай себептері бар. Картаға қарасақ ұлаң-ғайыр қазақ даласының оңтүстік-шығысы, батысы таумен қоршалып жатыр. Ол жақтардан ылғалды ауа өтпейді. Республиканың солтүстігі ғана ашық. Көкшетау облысынан басталатын мидай жазықтың бір шеті Мұзды мұхитқа барып бірақ тіреледі. Ол мұхиттан шығып қазақ даласына үш-ақ күнде жететін ауаның ылғалы аз. Басқа жақтардан там-тұмдап келетін ауа да ылғалсыз. Ол жазда аңызақ түрінде келіп оған күн қызуы қосылып, жердегі артық суды буландырып жібереді. Бұл республикамызда су қорының азаюының бір себебі. Екінші себебі республика жерінен өтетін негізгі өзендердің ішінде Ертіс, Есіл, Тобыл Мұзды мұхитқа кететіндігінде; үшінші себебі — Сыр, Іле, Тентек, Ақсу, Қаратал, Нұра техникалық мұқтажды, не ауызсулық мұқтажды өтей алмайтын Каспий, Арал, Балқаш, Қорғалжын сияқты тұзды айдындарға құйылып жатуында; төртінші және ең негізгі себептердің бірі — әлгі айтқан өзен суларының шаруашылық мақсатта көп бөгеліп, қайрылмастан жоқ болуында. Осыдан келіп республикамыздың жылдық су қорын адам баласына шаққанда жиырма бөлігінің бір бөлігі ғана тиеді.

Бүгінгі күні республикамызды сумен қамтамасыз етумен бірге Арал, Балқаш, Каспий сияқты ірі су айдындарын құрып кетуден сақтап қалу проблемасы тұр.

Республика далаларын су мұқтаждығынан құтқару мақсатында айтарлықтай жұмыстар істелді. Қазақстан картасына сыйымдылығы миллиардтаған текше метр су жиналатын және ГЭС-і бар Шардара, Қапшағай су тораптары, Сырдария бойында Қазалы торабы, Бөген, Бадам, Тасөткел қоймалары мен Ертіс — Қарағанды каналы пайдалануға беріліп, жүздеген мың гектардан астам қолдан суарылатын жер игерілді. Ол жерлерде пайда болған мыңдаған жаңа шаруашылықтар қыруар пайда беріп отыр.

Алайда мұның бәрі ірі су айдындарының күннен-күнге тартылуына себепші болып отыр. Сондықтан жерді суландыру мәселесін қоймалар жасау арқылы шеше отырып, су қорын қорғауды да естен шығаруға болмайды. Каспий, Арал, Балқаш сияқты табиғи айдындарды да жоғалтып алмау керек.

Алайда жер асты суын көп пайдаланатын жерлерде бос воронкалар пайда болып, оларға бактериялар, кейбір химиялық элементтер еніп кететіндігі анықталды. Бұл табиғат қорғаудың ережелерін бұлжытпай сақтауды талап етеді.

Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың, күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның құрамында әртурлі зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал лас суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің жүруі төмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді.

Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің көптеген ірі қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салынады. өнеркәсіп салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау азайды. Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілік баршылық. Сондықтанда тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып отыр.

Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықтың іс екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған орай су ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулы-қараларда қабылданды. Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы заңды құжаттардың бірі- ол 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған «Су кодексі». мұндағы көрсетілген Қазақстан Республикасындағы су заңдарының міндеттері- халықтың, экономика салаларының суды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Неверов А.В. Экономика природопользования.-Минск: ВШ, 1990.-216 с.

2. Нестеров П.М., Нестеров А.П. Экономика природопользования и рынок.-М.:Закон и право, 1998.-413 с.

3. Ревазов М.А. и др. Экономика природопользования.-М.:Недра, 1992.

4. Сарсенов А. Экологическая безопасность и ресурсосбережение при переработке.-Алматы,2000.

5. Астахов А.С. Экономическая оценка запасов полезных ископаемых.-М.: Аспектрпресс, 1995.-189 с.

6. Голуб А.А., Струкова Е.Б. экономика природопользования.-М.,1993.

7. Львовская К.В. Окружающая среда, рынок и регион.-М.,1993.

8. Слащев В., Искаков У. Экоструктуры Казахстана.-Алматы,1992.

9. Герасимович В.Н., Голуб А.А. Методология экономической оценки природных ресурсов.-М.,1988.

10. Минц А.А. Экономическая оценка естественных ресурсов.-М.,1992.

11. Рациональная схема освоения природных ресурсов.-Алматы,1983.

12. Русанов Д.К. Экономическая оценка минеральных ресурсов.-М.,1987.

13. Жансеитов Ш.Ф. Замыкающие Затраты на цветные металлы.-Алматы,1987.

14. Карамурзаев Т.К. Теория и методика экономической оценки подземных вод.-Алматы,1991.

УДК: 504.064.36(574.13)

Ақтөбе облысының геоэкологиялық мәселелерін шешу жолдары
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы


Ералина Галия Жаумбайқызы

Жетекші оқытушы Абаш Алтынгул Сембайқызы


Облыстың атмосфера қабатын ластаушы көздер Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Темір, Мұғалжар, Хромтау аудандарында шоғырланған пайдалы қазындылар шығаратын кен орындары және энергетикалық нысандар болып табылады.

Ақтөбе қаласындағы атмосфераны ластаушы көздер «Ақтөбе хром қосындылар зауыты» акционерлік қоғамы, «Ақтөбе ферроқорытпа зауыты» акционерлік қоғамы, «Ақтөбе жылу электр орталығы» акционерлік қоғамы болып табылады.«Ақтөбе ЖЭО-ғы» газбен және сұйық отынмен жұмыс жасайды, соның салдарынан ауаға 70 % азот қышқылы тарайды. Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауыты атмосфераны қатты заттармен ластайды.

«Ақтөбе хром қосындылар зауыты» акционерлік қоғамы атмосфералық ауаның - 80% газ күйіндегі көмірқышқыл тотығын құрайды.

Қаланың атмосфералық ауа сапасы соңғы жылдары нашарлап кетті. 2008 жылы ИЗА 10,5 бірлікті құрады.

Ырғыз, Шалқар аудандары Арал экологиялық апат аймағына жақын орналасқан. Сонымен бірге ауыз су тапшылығы облыс аудандарының елді мекендерінде кездесіп отырады. Ауыз су құрамындағы тұздылық, нитраттың, т.б. химиялық элементтердің артуы тұрғындар денсаулығына зиянды әсерін тигізуде.

Елек - Ақтөбе облысындағы ластанған өзеннің бірі. Ластанған заттар индексі - 15,39; сапасы жағынан - 7 класқа келеді, шектеулі жіберілген концентрация мөлшерінен бірнеше есе көп, яғни бор - 103,5 ШЖК; фенол - 1 ШЖК; алты валентті хром - 22,17 ШЖК.

Ластаушы көздер «АХҚЗ» АҚ - ның көне шламды бөгендері болып табылады. Алты валентті хромның атмосфералық ауада, топырақта кездесетіні байқалады.

Елек өзенін бормен ластауын тоқтату - алдағы міндеттің бірі. Ластану ареалы 32,5 км2 құрайды.

Ақтөбе каласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалану 1987 жылдан басталды, оның ауданы 20 га. Полигон жобасыз тұрғызылды және оны пайдалану экологиялық талаптарға сай жүргізілмейді. Қалдықтарды жинауда бейберекеттікке жол беріледі. Полигонға жыл сайын барлық қалалардан 260 мың куб м қалдық тасталады. 2001 жылдың қаңтарында полигонга 2,23 млн. тонна қалдық жиналған. Полигон инженерлік құрылыстармен және коммуникация жүйелерімен қамтамасыз етілмеген.
Қазіргі уақытта полигон қалдыктарға толық, бірақ қалдықтарды полигонға тасу әлі де жалғасып отыр, ал бұл жағдай полигонға іргелес аумақтардың санитарлы - эпидемиологиялық және экологиялық жағдайына қолайсыз. Полигон атмосфералық ауаның, жерасты және жер беті суының, жердің интенсивті ластаушы көзі, инфекциялық ауруларды таратушы.

Елек өзеніне ерекше әсер ететін 3 негізгі суды пайдаланушыларды бөліп көрсетуге болады:

- «Ақбұлақ» ОАҚ жыл сайын 7-10 мың текше метр тазартылмаған су жібереді;

- «АХҚЗ» АҚ жерасты суы арқылы өзеннің 12 кв.км ареалын ластайды;

- «Ақтөбе ЖЭО» АҚ. 4-кесте Ақтөбе қаласы бойынша ағыстың сапалық жағдайы. Қосымша Е.

2008 ж. Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық қалдықтар полигонының жаңа жобасы жасалды. Жаңа полигонды пайдалану мерзімі 15 жыл, жыл сайын 260 мың текше метр қалдық тасылады.



Елек өзенінің ластануы.

Елек өзенінің бормен ластануы Ақтөбе химия зауытының (1941) іске қосылғанынан басталды. Ластаушы көзі - Елек өзені жайылмасындағы сүзгіші жоқ зауыттың шлам жинаушылары болып табылады.

«Казводоканалпроект» институтының мәлімдеуінше, жер асты горизонтында 890 тонна бор жиналған.

Қазіргі уақытта өзен алабының жер асты суының ластану ареалы 32,5 км2 жетті, тіпті бұдан да ұлғайып бара жатыр.

Ақтөбе гидрометеорологиялық орталығының мәлімдеуінше,2009 жылдың қаңтарында Елек өзеңінің ластануы шегіне жеткен, яғни шектеулі жіберілген концентрация 129 есеге жеткен.

Бордың санитарлы - уландырғыш 2 класс көрсеткішіне сай келуі және оның шектеулі жіберілген концентрациясы мөлшерінің шектен тыс көп болуы флораға, фаунаға және адам денсаулығына өте зиянды.

Елек өзенінің бормен ластануы ҚР - ның жоғары органдарының алдындағы жыл сайынғы өз шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі.

Хром қосындылары зауыты өзінің жұмысын 1957 жылдан бастады. Зауытқа пайдаланған суды шлам тоғандарына жібереді. Зауытқа барлық кезеңдерге пайдалану үшін жалпы ауданы 278,4 га болатын 10 шлам тоғандары тұрғызылған, қазірде олардың тек бесеуі жүмыс жасайды.

Жер үсті және жер асты суын алты валентті хроммен ластаушы көне шлам тоғандары болып табылады.

Елек өзенінің ластануы тек Ақтөбе қаласына ғана емес, Жайық өзенінің саласы ретінде Орынбор облысының (РФ), Батыс Қазақстанның және Атырау облысының халқына қауіп туғызып отыр.

Елек өзенің ластаушы заттар хром, бор, фенол, фтор, мұнай өнімдері болып отыр, ал ластаушы көздер бұрынғы Ақтөбе химия зауытының шлам - жинауыштары, сонымен бірге Елек өзені жайылмасында тұрғызылған сүзгілерге қарсы қалқасы жоқ «АХҚЗ» ОАҚ - ның көне шлам тоғандары болып отыр.

Елек суындағы бор концентрациясы орнынан сынауға алуға байланысты ауытқып отырады. Бор концентрациясы Ақтөбе су қоймасы тұсында және Бестамақ елді мекенінде барынша көп байқалады. Мұнай өнімдерінің концентрациясы жыл бойы 6-13 ШЖК - ға байқалды. Елек өзені суының физикалық қасиеті және минералдануы болып есептелетін қалған компоненттері нормаға сай екендігі анықталды.

Еліміздегі табиғи байлықтарды өндіріске қатыстыруға, өнеркәсіп орындарын қарқынды дамытуға бірнеше факторлар әсер етеді. Олар шешуші құрал есебінде табиғи ресурстарға қоғам қажеттілігін және табиғат мүмкіндігінің тапшылығындағы қарама - қарсылықты шешеді.
Облыстағы геоэкологиялық аудандастыру мәселелері.

Қоршаған табиғи ортадағы қазіргі маңызды мәселелердің бірі, бұл геоэкологиялық жағдайдың біздің республикамызда мықтап қалыптасуы болып табылады.

Біз қарастырғалы отырған Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының батыс аймағында, ірі өнеркәсібі мен өнеркәсіптері жақсы дамыған территорияға жатады.

Физикалық- географиялық орналасуы жағынан Ақтөбе облысы Оңтүстік Орал тауының орталығында, шөлейтті- құрғақ аймақта орналасқан. Бұл аймақ Орал- Мұғалжар провинциясының Ор- Мұғалжар округіне және Орал маңы (Торғай) провинциясының, Орал маңы үстіртінің оңтүстік- батыс бөлігі мен оңтүстік- шығыс бөлігі округіне жатады.

Атмосфераның қатты ластануы, әсіресе Ақтөбе қаласында және ірі өндіріс орталықтары орталықтары орналасқан Алға, Хромтау, Қандыағаш және Ембі қалаларының маңында байқалады. Осы жерлерде ластанған атмосфералық ауа көршілес Батыс Қазақстан, Атырау облыстарына және Ресейдің Орынбор облысына тарайды.

Ақтөбе қаласының ауасын ластайтын зиянды заттардың 49% - ын ферроқорытпа зауыты шығарса, 25% - ын Ақтөбе хром қосындылары зауыты шығарады. Мұндағы мекемелерде ауаны ластауды азайтатын кұрал

- жабдықтардың жартысы ғана істейді.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша атмосфералық ауаны ластайтын 172 мекеме жұмыс істейді. Бұған Жаңажол мұнай - газ өндіретін кен орны да жатады. Шаң тазалағыш, өндіріс қалдықтарының дұрыс жұмыс істемеу салаларынан немесе іске алғысыздығынан бұл қалалардағы шаң - тозаңның орташа көрсеткіші белгіленген мөлшерден 4 есе, азот қос тотығы 2 есе, күкіртті ангидрид шамамен 0,2 есе артып отыр.


Ақтөбе облысының ландшафтары.

Ақтөбе облысының ландшафттарын антропогендік әрекет ету дәрежелеріне қарай мынандай категорияларға бөлуге болады (А.В.Чигаркин бойынша):



  1. Табиғи күйіне жақын ландшафттар, территорияның оңтүстік аймақтарын және шығыстағы табиғи қорықтарды қамтиды.

  2. Аздап өзгерген ландшафттар (көбіне фаунасы мен өсімдіктердің сипаты жағынан) техногендік процестерге ұшырамаған, көбіне мал шаруашылығымен айналысатын құрғақ - далалы Байганин және Ойыл ауданын қамтиды.

  3. Бүлінген ландшафттарға (көбіне өсімдігі мен топырағының сипаты жағынан) далалы, жайылымды жерлер және территориядағы өтіп жатқан темір жол, тас жол магистральдары мен мүнай - газ құбырлары жатады.

Антропогендік факторлардың әсерін және табиғи ресурстардың құлдырап, нашарлау деградациясын есепке ала отырып, Ақтөбе облысын геоэкологиялық картаға сүйеніп, бірнеше экологиялық аудандарға бөлуге болады.

Алдын - ала құрылған табиғи аудандастыру схемасы табиғи ортаның геоэкологиялық деградациялық критерийі қойылады. Табиғи ресурстарды және олардың түрлерін аудандастыру және карталау территориялық түрде, соның ішінде табиғи территориялық кешендер жүйесімен негізделу қажет. Ақтөбе облысында геоэкологиялық деградацияның мынандай критерийі анықталды: өте жоғары, жоғары, қалыпты- жоғары , қалыпты және төмен.

Ақтөбе облысы бойынша жасалынған геоэкологиялық картаның негізінде территорияда, деградациялық өте жоғары деңгей - 12%, жоғары -14%, қалыпты жоғары - 24%, қалыпты - 27%, төмен - 23% - ке жуық болды. Сондықтан да, табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелері алдағы уақытта әлеуметтік, экологиялық жэне экономикалық тұрғыдан шешілуі тиіс.

Қазіргі кезде экологиялық жағдайлардың шиеленісуі халықтың әлеуметтік хал-ахуалына, ауылдағы халық санының азаюына, туу дәрежесінің төмендеуіне, ауру түрлерінің көбеюіне, т.б. факторлардың әлеуметтік даму деңгейінің төменгі параметрлеріне әкеліп соқтырады.

Облыстың атмосфера қабатын ластаушы көздер Ақтөбе қаласында, сондай-ақ Темір, Мұғалжар, Хромтау аудандарында шоғырланған пайдалы қазындылар шығаратын кен орындары және энергетикалық нысандар болып табылады.

Қазіргі уақытта полигон қалдыктарға толық, бірақ қалдықтарды полигонға тасу әлі де жалғасып отыр. Полигон атмосфералық ауаның, жерасты және жер беті суының, жердің интенсивті ластаушы көзі, инфекциялық ауруларды таратушы.



Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Вернадский В.И. Химическоестроение биосферы и ее окружения.-М., 1987

  2. Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природных ресурсов.- М.1999

  3. Сагимбаев Г.К. Экология и экономика. А.,1997

  4. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология М.,1998

  5. Тонкопий М.С. Экономика природопользования. А.,1998

  6. Экология и безопасность жизнедеятельности (под ред. Проф. Л.А. Муравья ) М., 2000

  7. Давитая Ф.Ф. Влияние антропогенных факторов на атмосферу и климат Земли. М., 1975

  8. Израэль Ю.А. Экология и контроль состояния природной среды. Л., 1979

  9. Журнал «Человек и природа» №1-1983, №3-1985, №7-1986, №10-1987


УДК: 581
МҮКТЕР МЕН ҚЫНАЛАРДЫҢ РАДИОАКТИВТІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Жамалиева М. М.

ҚР, Астана қ., Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, meruert-10@mail.ru

Ядролық зарядтарды сынау кезінде, атомдық электростанциялардағы апаттар кезінде радиоактивті изотоптар жоғары биіктікке көтеріліп, содан соң баяу Жердің бетіне түседі. Түсу жылдамдығын жер қыртысындағы изотоптардың мөлшерімен бағалауға болмайды, себебі ядролық қаруды сынау барысында радиоактивті изотоптардың мөлшері ұлғайды.

Радиоактивті изотоптардың ауадан түсудің индикаторлары мүктер мен қыналар бола алады. Мүктер мен қыналардың қоректену ерекшелігі - олардың қоректік заттарды атмосферадан ылғалмен бірге алатыны. Сол кезде топырақ аса үлкен рөл атқармайды. Сондықтан топырақтан құнарлы заттарды алатын өсімдіктерге қарағанда мүктер мен қыналар атмосфераның ластану индикаторлары бола алады. Сонымен қатар топырақтың сіңіру қабілеті тым жоғары және радиоактивті 137Cs изотопын аз береді.

Мүктер радиоактивті 137Cs - дің белсенді жинақтаушысы болып саналады. Оның мүктердегі құрамы өздері өсіп тұрған жердің бетімен салыстырғанда өте жоғары болады. Бұл пікір негізінен ЧАЭС - тегі апаттан соң лас аймақта өткізілген өлшеулерден қалыптасты. Бұл өлшеулер мүктердің, қыналар мен саңырауқұлақтардың радиоактивті 137Cs - ді басқа өсімдіктерге қарағанда жақсы жинақтайтынын көрсетті. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Жалпы және Теоретикалық Физика кафедрасында бірнеше жыл барысында жүргізілген өлшеулер саңырауқұлақтардың 137Cs - ді басқа өсімдіктердей сіңіретінін көрсетті. Алайда оларға калийдің жоғары мөлшері тән. Цезий калийдің химиялық сәйкестігі ретінде айтарлықтай мөлшерде жиналады. Дегенмен цезийдің құрамы калийге қарағанда үлкен емес, оны олардың химиялық белсенділігінің түрлігімен түсіндіруге болады. Алайда бір топ саңырауқұлақтарда 137Cs құрамы ұлғаяды. Ол өзге де ауыр металдарға да тән. Бір топ зерттеушілер саңырауқұлақтарды мониторий үшін қолдануды ұсынады, дегенмен 137Cs құрамы көптеген ерекшеліктер мен жағдайларға байланысты: топырақтың ылғалдығы мен қышқылдығы, температура, топырақтың радиоактивті 137Cs – мен ластану деңгейі және т. б. Сондықтан саңырауқұлақтар үшін алынған нәтижелер оларды жинау орны мен уақытына тәуелді.

Мүктер мен қыналардағы радиоактивті заттарды жинау жағдайы басқаша. Мүктер мен қыналардың қоректенуі атмосферада химиялық элементтер мен ылғалдығымен жүзеге асады. Сондықтан олардағы ауыр металдардың құрамы атмосферадағы құрамына пропорционал.

Жобаның мақсаты атмосфераның 137Cs – мен ластануды бақылау үшін мүктер мен қыналардың мүмкіндіктерін зерттеу. Оған қоса мүктер мен қыналар баяу өсетіндіктен ұзақ мерзімдегі ластанудың интегралды ықпалын анықтауға мүмкіндік береді.

Ауадан қоректенетін қыналар 137Cs үшін өзгеше жинақтаушы сүзгі болып табылады. Алайда радиоактивті цезийдің жинақталуын өлшеуде қынаның жиналуға тиесілі өмір сүру мерзімі белгісіз болады. Ондай жағдайда мониторий үшін радиоактивті 40К – ді қолдануға болады. 137Cs - дің 40К - ге қыналардағы белсенділігі атмосферадағы (шаңдағы) жағдайды қайталайды да, цезийдің жинақталу белсенділігінің мерзімінен тәуелсіз. 137Cs, 40К – дің қыналардағы белсенділікті өлшеу арқылы атмосферадағы жағдайды біле аламыз.



137Cs - дің 40К - ге үлесті радиоактивтілігін γ – шағылулардың спектрлері арқылы өлшедік. Өлшеулерді қазіргі таңда кең қолданыстағы «Прогресс» жүйесінің сцинтилляциялық гамма – спектрометрінде жасадық.

Маринелли сауытын ұнтақпен тығыз толтыру үшін үлгілер өлшеу алдында кептіріліп, ұнтақталды. Әдетте, сауытқа 150г кем емес құрғақ ұнтақ кіреді. Алайда кез келген уақытта ондай мөлшерде жинауға мүмкіндік болмайды. Кейбір жағдайда Маринелли сауыты толмаған, ал ол ≈35% - ға дейінгі белсенділікті анықтау қателіктерін туғыздыра алады. Осындай мөлшерде өлшеудің статистикалық қателер болады.

Зерттеу жұмысын біз 2007 жылдың желтоқсанынан Л. Н. Гумилев атындағы Салааралық ғылыми – зерттеу кешенінің базасында өткіздік. Үлгі ретінде топырақта және қараған, қайың, көк терек субстракттарында өсетін «Птилиум» мүгінің тұқымын, «Іскен пармелия» қынасын алдық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет