Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі


Қазақстанның жазықтық жерінде кездесетін



бет2/6
Дата13.06.2016
өлшемі1.23 Mb.
#131538
1   2   3   4   5   6
Қазақстанның жазықтық жерінде кездесетін

топырақтарды классификациялау нұсқасы (К.Ш. Фаизов. 2001)

Автоморфты қатар

Жартылай гидроморфты қатар

Гидроморфты қатар

Тип

Типше

Тип

Типше

Тип

Типше

Орманның сұр топырағы

Ашық сұр

Сұр


Күңгірт сұр

Шалғынды қара топырақ, қара қоңыр, құба топырақ




Шалғынды топырақ

Қара топырақ, Қара қоңыр, Құба

Қара топырақ

Сілтісізденген Кәдімгі Оңтүстік

Кебірлер

Шалғынды қара топырақты

Шалғынды батпақты

Қара топырақ, қара қоңыр, құба

Қара коңыр топырақ

Күнгірт

қара қоңыр,

Қара қоңыр

Ашық


қара қоңыр




Шалғынды қара

қоңыр топырақты



Батпақты

Қара топырақ, Қара қоңыр, Құба

Құба топырақ

Құба топырақ

Сұр құба топырақ






Шалғынды құба топырақты

Жайылма топырағы

Орманды-шалғынды Тоғайлық Далаланған

Тақырлау топырақ













Шөлденген топырақ

Шөлдің құм топырағы




Тақырлар







Шалғынды қара топырақ

Кебірлер

Қара топырақты

Қара қоңыр

Құба








Ылғылды сортаң топырақ

Шалғынды Қара қоңыр

Шалғынды құба

Орманды


Сортаң топырақтар

Нағыз Қалдықты







Кебірлер

Сортаң топырақтар



Шымды,

Шалғынды


қара

Шалғынды


қара қоңыр

Шалғынды құба

Шалғынды

Сор


Теңіз жағалауының



2-кесте
Қазақстанның таулы өлкесінде кездесетін топырақтарды

классификациялау нұсқасы (А.А. Соколов, 1980, 1988)


Топырақтардың генетикалық типі

Аймақтық

Аймақ ішіндегі

Аймақаралық

Боз топырақ

Шалғынды боз топырақ

Орманның шалғынды

Күрең сұр

Шалғынды күрең сұр

Шалғынды топырақ

Күрең топырақ

Шалғынды күрең

Шалғынды батпақты

Қара күрең

Шалғынды құба

Батпақты топырақ

Құба топырақ

Шалғынды қара қоңыр

Жайылманың орманды шалғынды

Қара қоңыр

Шалғынды қара топырақ

Жайылманың шалғынды

Даланың қара топырағы

Қара топырақ сияқты орманның глейлі топырағы

Жайылманың шалғынды батпақты

Орманды даланың қара топырағы

Орманның сұр глейлі топырағы

Жайылманың батпақты

Қара топырақ сияқты орманның топырағы

Биік таудың, күнгірт түсті топырағы

Ылғалды сортаң топырақ

Орманның сұр топырағы

Таудың шалғынды гидроморфты топырағы

Автоморфты кебірлер

Таудың дала топырағы

Таулы тундраның туынды топырағы

Жартылай гидроморфты кебірлер

Таудың шалғынды дала топырағы




Гидроморфты кебірлер

Таудың шалғынды орман топырағы

Тундраның глейлі топырағы

Нағыз сортаң топырақ

Таудың шымды топырағы







Қара топырақ сияқты таулы орман топырағы




Қалдықты сортаң топырақ

Таулы орманның күңгірт түсті топырағы




Сор топырақ

Таулы орманның күңгірт сұр түсті топырағы







Таулы тайганың топырақтары







Биік таулы дала топырағы







Биік таудың шалғынды дала топырағы







Таудың шалғынды топырағы







Таудың тундра топырағы








  1. Топырақтардың табиғатта таралу заңдылықтары

Топырақтану ғылымының басты салаларының бірі топырақ географиясы. Бұл сала жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді. Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Өйткені, кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер бедері және олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әр түрлі.

Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық әдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы әдісті қолдану нәтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.

XIX ғасырдың аяғында топырақтану ғылымының негізін қалаушы орыс ғалымы В.В. Докучаев Орыс жазықтығында топырақ қасиеттерімен оның таралуының топырақ түзуші факторлармен байланысын салыстыра зерттеп, топырақ географиясының басты заңын - топырақтардың ендіктерге сәйкес орналасуын ашты. Ол өзінің «Табиғаттың аймақтары туралы ілімі» кітабында: «топырақ түзуші негізі факторлар жер бетінде белдік болып, созылып, географиялық ендіктерге параллель бағытта орналасқандықтан, топырақтарда ... – қара топырақтар, күлгін топырақтар т.б. – жер бетінде, климатқа, өсімдік дүниесіне сәйкес тәртіппен аймақ бойынша таралуы тиіс», - деп жазған. Топырақтардың ендік бойынша аймақтар болып таралу заңдылығы тек қана топырақтанудың дамуына ғана емес, сонымен қатар физикалық географияның табиғат зоналары мен географиялық ландшафттар бағыттарын дамытуға үлкен үлес қосты. 1899 жылы В.В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының нұсқалық картасын дайындап, оны 1900 жылы Парижде әлемдік көрмеде көрсетті. Осы картада бес әлемдік аймақтар көрсетілді: 1) бореалды немесе арктикалық; 2) орманды; 3) далалық қара топырақты; 4) аэралды (олар тасты, құмды сорланған және лессті шөлдерге бөлінеді) 5) латеритті. Бұл картада аймақтар Солтүстік жарты шар материктерінде ендіктерге сәйкес орналасқан болып келеді. Топырақтану ғылымының әрі қарай дамуына, және Жер шары топырақтары туралы көптеген жаңа мағлұматтардың жиналуына байланысты В.В. Докучаевтың ашқан топырақтардың ендік бойынша аймақ болып таралу заңдылығын жаңаша кеңірек мағынада «топырақтардың таралуының көлденең аймақтық заңдылығы» - деп атау ұсынылды. Өйткені жер шарында топырақтардың белдік болып созылып орналасуы кейде меридиан бағытына да сәйкес келуі байқалды. Осындай құбылыстардың басты себебі, әрбір алқаптың мұхиттарға немесе орталық құрлық аймақтарға, таулы өлкелерге жақын немесе алыс орналасуына байланысты болып келетіні, яғни аймақтың климатының ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне байланысты.

Кейінгі жылдары дайындалған әлемнің топырақ карталарында топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына сәйкес орналасуы және басқада топырақ таралу құбылыстары көрсетілді (Л.И. Прасолов, 1937; И.П. Герасимов, 1956; В.А. Ковда, Е.В. Лобова, 1976).

В.В. Докучаев топырақтың аймақтарға бөлініп таралуы таулы өлкеде де байқалатынын анықтады. Кавказ тауларында етегінен бастап жоғары көтерілген сайын оның табиғатының және топырақ жамылғасының өзгеруін бақылап, зерттеп топырақтардың таулы өлкеде тік аймақ болып таралу заңдылығын ашты. В.В. Докучаев айтуынша, жер үстінің биіктігі өскен сайын әрқашанда топырақ түзуші факторлар – климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі заңды түрде өзгереді. Сондықтан топырақтар да тау етегінен бастап оның үстіне көтерілген сайын заңды түрде өзгеріп отыруы тиіс. Яғни топырақтар таулы өлкеде де аймақ болып кезектесіп орналасады, бірақ ол көлденең бағытта емес тік бағытта байқалады.

Қазіргі кезде құрлық бетінде топырақ-климаттық белдеулер анықталған. Оларды анықтап жіктеу үшін климаттың ерекшеліктері ескеріледі. Осындай белдеулерге полярлық, бореалдық, суббореалдық, субтропикалық және тропикалық белдеулер жатады. Бұл белдеулерде оларға тән, басқа белдеулерде жоқ топырақ типтері кездеседі. Ол типтердің түзілуінің термоэнергетикалық режимі ұқсас болып келеді.

Топырақ-климаттық белдеулер топырақ-биоклиматтық облыстарына бөлінеді. Олардың атмосфералық ылғалдануының және өсімдік дүниесінің ерекшеліктері болады. Топырақ-биоклиматтық облыстары келесідей:

- орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар ылғалды облыс;

- далалық, ксерофитты-орманды немесе саванналы өсімдік жамылғысы бар далалық облыс;

- шөлейттің немесе шөлдің өсімдіктері жамылғысы бар құрғақ облыс.

Топырақ-климаттық белдеулерге қарағанда биоклиматтық-топырақ облыстардың топырақтары біртектес болып келеді. Соның өзінде де бұндай облыста бірнеше аймақтық топырақтар және оларға сәйкес интрааймақтық топырақ типтері кездеседі. Сондықтан әр биоклиматтық-топырақ облысы ішінде 2-3 топырақ аймағы кездеседі. Топырақ аймағы бір немесе екі аймақтық топырақ типінің және осыларға сәйкес интрааймақтық және аймақ ішіндегі топырақ типтері таралған жер кеңістігі.

Топырақ аймағы топырақ типшелерінің аймақшаларына, топырақ фацияларына және провинцияларына бөлінеді.

Топырақ аймақшасы топырақ аймағына сәйкес таралған бір топырақ типшесі таралған жер аумағы.

Топырақ фациясы – жылу режімінің және жыл мерзімдері ішінде ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.

Топырақ өлкесі (провинциясы) – жылу режимі және жыл мерзімі ішінде ылғалдылығының айрықша ерекшелігі бар топырақ фациясының бір бөлігі.

Топырақ округы және топырақ ауданы – жер бедерінің және топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.


2.1. Топырақ жамылғысы құрылымы
Жер үстінде топырақтардың географиялық таралуының заңдылықтарын тұжырымдай келе топырақ жамылғысы көп факторлардың әсерінен түзіліп, құрылысы мен қасиеттерін географиялық ортаның ықпалынан қалыптастыратынын байқаймыз. Сондықтан табиғатта топырақ жамылғысы жер бетінің кеңістігінде әр түрлі топырақтардан қалыптасқан болады.

Белгілі бір аумақта кездесетін топырақтардың түрлерінің құрамын, олардың таралу пішінін және біріне-бірі сәйкестесе орналасуы ерекшелігін топырақ жамылғысы құрылымы ұғымы сипаттайды. Топырақ жамылғысы құрылымының негізі болып жеке топырақ алабы (ЖТА) саналады. Ол топырақ жамылғасының әрі қарай бөлінбейтін бөлігі. Топырақ классификациясының ең кіші қатарына жататын топырақ түрінің алып жатқан ауданын жеке топырақ алабы дейміз. Жеке топырақ алабы ұғымын және оның басты сипаттарын В.М. Фридланд (1965) ұсынды.

Жеке топырақ алабын сипаттау үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады: 1) топырақтың толық атауы; 2) топырақ алабының морфологиялық сипаты – оның ауданы, шекарасының пішіні мен сипаты; 3) топырақ алабының топырақ түзуші факторлармен биоклиматтық жағдайымен, жер бедерімен, ылғалдылықпен, аналық тау жыныстарымен, топырақтың жасымен, топырақтың түзілу тарихымен және адамдардың әрекетінің ықпалымен байланысын сипаттау.

ЖТА ауданы бірнеше шаршы метрден жүздеген гектарға дейін болуы мүмкін. Ауданына байланысты жеке топырақ алабы ұсақ контурлы (1 га-дан кіші) орташа контурлы (1-20 га-ға дейін) және ірі контурлы (20 га-дан үлкен) болып бөлінеді.

ЖТА пішіні дөнгелекше (ұзындығының еніне қатынасы 2-ден кіші), созыңқы (қатынасы – 2-ден 5-ке дейін), ұзынша (қатынасы 5-тен үлкен), тарамданған және қалақша тәрізді болады.

ЖТА шекарасының пішінін сипаттау үшін иректік коэффициенті қолданылады:

Ки=


мұнда L – ЖТА шекарасының ұзындығы, S – ЖТА ауданы.

Бұл көрсеткіш ЖТА периметірінің оның ауданына тең шеңбердің ұзындығына қатынасын көрсетеді. Осы көрсеткішке байланысты ЖТА 4 топқа бөленеді. Олар келесідей: иректелмеген (Ки < 2); аз иректелген (Ки 2-4); орташа иректелген (Ки 4-6); мол иректелген (Ки > 6).

Жеке топырақ алабтарының заңды жиынтығы – топырақ жамылғысы құрылымын (ТЖҚ) қалыптастырады. Оның басты сипаттаушы көрсеткіштері: құрамы (топырақ түрлері), күрделілігі (ЖТА кеңестікте өзгеруі) және ерекше айырмашылығы (генетикалық және агрономиялық тұрғыдан ЖТА өзгешеліктері).

Жер бедерінің өзгешелігіне, аналық тау жынысының қасиеттеріне және басқадай жағдайларға байланысты топырақ жамылғысы құрылымы микро, мезо және макрокомбинациялар құрап, топырақ жамылғысы құрылымының белгілі бір түрін қалыптастырады.



Микрокомбинациялар ұсақ ауданды (бірнеше немесе ондаған шаршы м) ЖТА-ның кезектесіп орналасуымен сипатталады. Көбінесе ол жер бедерінің ұсақ өзгешелігіне байланысты.

Мезокомбинациялар ірілеу ауданды ЖТА-мен микрокомбинациялардың кезектесіп орналасуымен сипатталады. Олар жер бедерінің орташа өзгерістерімен немесе аналық тау жынысының кеңістікте өзгеруімен сыбайлас.

Макрокомбинациялар – мезокомбинацилардың жер бедерінің ірі өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.

Жоғарыда аталып өткен топтар ерекше айырмашылықты және сәл айырмашылықты комбинацияларға бөлінеді.

С.С. Неуструев (1915) жер бедерінің өзгеруіне байланысты комбинацияларды топырақ кешендеріне (комплексы) және топырақ үйлесушіліктігіне (сочетания) бөлді. Топырақ кешендері жер бедерінің микроөзгешеліктеріне байланысты қалыптасқан болып келеді. Ал топырақ үйлесушіліктері мезо жер бедеріне байланысты қалыптасып, үлкенірек аумақты алып жататын топырақтар жамылғысы құрылымын құрайды.

В.М. Фридланд (1973) микрокомбинациялар ішінде топырақ кешендерін (ерекше айырмашылықты) және шұбар (сәл айырмашылықты) топырақтар жамылғысы құрылымын бөліп қарауды ұсынды. Мезокомбинациялар ішінде жер бедеріне байланысты қалыптасқан ерекше айырмашылықты топырақ жамылғысы бар үйлесушілікті және сәл айырмашылықты топырақ жамылғысы бар вариацияларды бөліп қарауды көрсетті. Сонымен бірге мезокомбинациялар ішінде топырақ түзуші тау жыныстарының кеңістікте өзгеруіне байланысты қалыптасқан ерекше айырмашылықты топырақ жамылғысы құрылымын өрнекті және сәл айырмашылықты топырақ жамылғысы құрылымын ташеттер деп атады.


2.2. Қазақстанның топырақ-географиялық

аймақтары
Қазақстан жер ауданы жағынан әлемдегі ірі мемлекеттер қатарына жатады. Ол осы көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде екінші, ал бүкіл әлем мемлекеттері ішінде тоғызыншы орында.

Еліміз терістігінен оңтүстігіне дейін 1600, ал батысынан шығысына дейін 3000 км-ге созылған кеңістікті алып жатыр. Осындай ұлан байтақ аумақта орналасқандықтан елімізде кең алқапты жазықтық жерлер және сонымен бірге биіктігі әр түрлі болып келетін таулы өлкелер де кездеседі.

Қазақстанның жазықтық жерінде топырақтардың таралуы көлденең аймақтық топырақ таралу заңдылығына сәйкес, ал таулы өлкелерде топырақтардың тік биіктік белдеу болып таралу заңдылығына сәйкес қалыптасқан. Республикамыздың жазықтық жері аумағында солтүстіктен оңтүстікке дейін ендік бағытта төрт табиғи аймақтар кезектесіп орналасқан. Олар келесідей: орманның сұр топырағы бар, сілтісізденген қара топырақпен шалғынды қара топырақты жеткілікті ылғалданған орманды дала; қара топырақты дала; қара қоңыр топырақты құрғақ дала және шөл дала (шөлейт); құба және сұр-құба топырақты шөл аймақтары (1-сурет)

Орманның сұр топырағы, сілтісізденген қара топырақ және шалғынды қара топырақ жамылғысы бар жеткілікті ылғалданған орманды дала аймағы. Ауданы 0,4 млн. га.Солтүстік Қазақстан облысының қиыр терістігінде, солтүстік ендіктің 550-нен жоғары орналасқан кішкене аумақты алып жатыр.Бұл Батыс Сібір жазықтығының оңтүстік бөлігіне орналасқан Қазақстанның жазықтық жерінің ең салқын және ылғалды аймағы. Жер бедері ойпатты жазықтық болып келеді.Топырақ түзуші тау жыныстарының басым бөлігі төрттік дәуірдің аллювиалді-көл саздақтары.

Климаттың басты ерекшеліктері келесідей: ауаның температурасының орташа жылдық көрсеткіші 0,40С шамасында; шілдеде +18-190, қаңтарда -18-210; топырақ 140-160 см тереңдікке дейін тоңазыйды; ауаның пәрменді температурасының қосындысы 2000-20500; жылына орташа есеппен 320-340 мм жауын-шашын түседі, булану 520-540 мм. Көктемде топырақтың бір метр қабатында өсімдіктерге тиімді ылғал қоры 140-160 мм болады.

Өсімдік дүниесі ақ қайыңды, немесе көк теректі ақ қайыңды ормандардың және шалғынды даланың шөптесін өсімдіктері алмасып орналасуымен ерекшеленеді.

Жер бетінің ойпатты келіп, әлсіз құрғатылуы себебінен топырақтың ылғалдылығы артып, шалшықтар мен батпақтардың пайда болып шалғында қара топырақтардың түзілуі осы аймақта жиі кездеседі.

Топырақ жамылғысы құрылымы келесі топырақтардан қалыптасқан: сілтісізденген қара топырақ, шалғынды қара топырақ (аймақ ауданының 40% қамтиды); орманның сұр топырағы және шалғынды сортаң топырақ (аймақ ауданының 20%); жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар (аймақ ауданының 20%); кебірлер мен сортаң топырақтар (аймақ ауданының 20% қамтиды).

Бұл аймақта суарылмайтын егіншілік дамып, егістікке жарамды топырақтардың барлығы игерілген.



Қара топырақты дала аймағы. Ауданы 25,4 млн. га. Биоклиматтық көрсеткіштеріне, негізгі және қосалқы топырақ түзілу процестері сипатына байланысты аймақ екі аймақшаға бөлінеді.Олар-кәдімгі қара топырақты ылғалдылығы жеткілікті дала және оңтүстік қара топырақты ылғалдылығы жеткіліксіз дала.












1-сурет. Қазақстан топырағының аймақтары мен аймақшаларының нұсқа картасы.

1 - орманның сұр топырағы, сілтісізденген және шалғынды қара топырақты орманды дала; 2 – кәдімгі қара топырақты және 3 - оңтүстік қара топырақты дала; 4 - күңгірт қара-қоңыр және 5 - нағыз қара-қоңыр топырақты құрғақ дала; 6 -ашьқ қара-коңыр топырақты шөлді дала; 7 - құба топырақты және 8 - сұр-кұба топырақты шөл; 9,10,11 - таулы аймақ топырактары



Кәдімгі қара топырақты ылғалдылығы жеткілікті дала аймақшасы 53-550 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан.Ауданы 12,0 млн.га. Бұл аймақша Солтүстік Қазақстан облысының түгелдей дерлік жер ауданын, Қостанай және Ақмола облыстарының терістігіндегі аудандарды алып жатыр.

Жер бедері Батыс Сібір жазықтығының оңтүстік бөлігінде тегіс болып келсе, ал Сарыарқаның Көкшетау қыратында аласа таулар мен тегіс жазықтардан құралған.

Топырақ түзуші тау жыныстары механикалық құрамы саздақ немесе балшық болып келетін элювиалды-делювиалды шөгінділер және аллювиалды көл шөгінділері болып келеді.

Климаты орманды дала аймағымен салыстырғанда ылғалдылығының кеміп, жылумен қамтамасыз етілуінің жоғарылауымен ерекшеленеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 300-330 мм. Көктемде топырақтың 1м қабатында тиімді ылғал қоры 130-145 мм-ге жетеді. Ауаның пәрменді температурасының (+100С дан асатын) қосындысы 2100-22000.

Табиғи өсімдік дүниесі өнімді аралас шөпті және бозды дала шөптесін өсімдіктерінен (боз, қау, көде, бетеге т.б.) құралған. Көкшетау қыратының шоқылы-таулы аудандарында қарағайлы және қайыңды-қарағайлы ормандар жиі кездеседі. Сонымен бірге ойпатты жерлерде көктеректі-қайыңды шоқ ормандар да бар.

Аймақшаның топырақ жамылғысы құрылымы негізінен кәдімгі қара топырақтан қалыптасқан. Ол осы аймақша ауданынын 60%-дан астамын қамтиды.Ойпатты жерлерде, өзен мен көл жайылмаларында шалғынды қара топырақ, кебірлер, сор топырақтар, шалғынды, шалғынды-батпақты және ылғалды сортаң топырақтар таралған.

Аймақшаның ішінде қара топырақтармен жиынтық құраған кебірлер аймақша ауданының 17%, жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар-10%, ылғалды сортаң топырақтар-5%, кебірлер мен сор топырақтар-4%-ын құрайды.

Осы аймақшада еліміздің құнарлы, егіншілікке жарамды топырақтары орналасқан. Олар түгелдей жыртылып игерілген. Астық шаруашылығы өндірісінің негізгі көлемі осы аймақшада дамыған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет