Деревнядағы жұмыс (Станцияның Калуга бөлімі). Деревнядағы педагогикалық «тәжірибелік кеңістік» 163 кв.метр 35 елді мекенді қамтиды. Бұл ауданда ауылшаруашылығы нашар дамыған, шағын тоқыма өндірісі бар, тұрғындардың көпшілігі табыс көзін іздеп басқа жақтарға кеткен. Тәжірибелік станция ұйымдастырғанға дейін 10 бастауыш мектеп болса, осы ауданда «Ширақ өмір» колониясының жанында: I басқыштағы -13 мектеп, II басқыштағы -1 мектеп, 4 бала бақшасы және тұрғындармен жұмыс кең көлемде жүргізіледі.
«Шиарқ өмір» колониясы 1911 жылдан жұмыс жасайды. Қазір бұл тоғызжылдық еңбек мектебі, жатханасы бар, темір жолдан бір жарым шақырым қашықтықта орналасқан. Колонияда 6 топ, 136 оқушы (оның 80-ні сонда тұрады) және 22 педагогтары мен дәрігері бар. Колония-мектеп басқа мектептер жүйесі үшін әдістемелік орталық саналады. Колонияның арнайы мақсаты: мектеп жұмысы мен балалар өміріндегі еңбектің өзара әрекеттесуін зерттеу; мектептің өмірін пионер, комсомол жұмысымен және ауданның өмірімен байланысты құру. Колонияның барлық жұмысы еңбекке негізделген. Еңбек балалар өмірін ұйымдастырушы фактор ретінде ауданға тигізетін пайдасы тұрғысынан қарастырылады; балалар еңбегі - қоғамдық жұмыстың базасы саналады. Еңбек түрлері мынадай: ауыл шаруашылықтағы (колонияның кішігірім ауыл шаруашылық фермасы бар), шеберханалардағы жұмыс, айналаны көркейту және өздерін күту. Колония тәжірибесінде көркемөнерді ұйымдастырудың мол тәжірибесі (музыка, театр, газет, балалар хоры және т.б.) жинақталған.
Мектепке дейінгі жұмыс. Алғашқы тәжірибе станциясында бала бақшалары 1920 жылы құрылған. Қазіргі кезеңде төртеуі жұмыс жасайды (5 басқарушысы), қарамағында - 102 бала бар. Балалар бақшасындағы жұмыс деревнядағы басқа жұмыстармен және мектеппен тығыз байланысты жүргізіледі. Бала бақшаларының міндеттері: деревнялық бала бақшасының формасы мен мазмұнын анықтау, бақшаны мектеппен байланыстыру және баланың жас ерекшеліктерін деревня болмысымен байланыста зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен бірге, жаз кезінде балалар алаңдары мен яслийлер құрылып, жұмыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |