Оқушылардың оқуын белсендіру. Озық мұғалімдер тәжірибесінен оқушыларды оқуға белсендірудің тәсілдері мен құралдарының тығыз әрекеттесуін байқауға болады. Оқудың болашағын көрсете білу, оқушының санасында оқудың қоғамдық мәні мен түрткісін бекітеді. Оқушыларды оқуға түрткілеудің маңызды құралының бірі, сыныптағы ұжымдық пікірдің маңызы зор. Бұл жағдайда мұғалімнің қойған бағасы, оқушының білім деңгейі мен дағдысын нақты бейнелесе, ол маңызды оқу түрткісіне айналады.
Тәжірибелі мұғалімдер оқушының білімін бағалауда шынайы баға беруге тырысады, қойылған баға баланың нақты білім деңгейін көрсетуі тиіс. Олар қойылатын бағаның тәрбиелік мәнін шеберлікпен қолдана біледі: оқушылардың нашар баға алуына жол бермейді. Олар негізгі ережені ұстанады: оқушыдан оқытылған білімді сұрайды; кез келген жұмыста алдыңғы өтілген материалға байланысты оқушыларға қойылатын талаптарды алдын ала ескереді. Мұндай жағдайда оқушылар үнемі жауап беруге дайын болады.
Сонымен, оқушылардың білімді табысты игеруі мен дамуы, олардың танымдық ұмтылыстарының белсенділігі мен интенсивті әрекетіне байланысты болады. Оқушыларды осындай әрекеттерге түрткілеу, өзбетінше оқудың сапасына лайық болмаса да маңызды. Оқушылардың оқуына түрткі тудыру оқыту үдерісінің ішкі қыры, әр бөлігінің және оның міндеттері мен сипатына байланысты, ол іске асып, түрлі формаға енеді.
Оқуға түрткі тудыру оқушының оқу мотивін іске қосып, оның салауатты білімпаздығын бекітеді. Мұғалімнің сабақта қолданатын түрткілеу тәсілдері алуан түрлі. Олардың ішінде сабақта жиі қолданлатындары: қызықты, оқыту логикасы мен оқушыны жаңаны білуге ұмтылдыру, мадақтау; кезекті міндетті орындауды белгілеу және оны орындау тәсіліндерін көрсету, бұйыру.
Сабақта осы тәсілдердің қолданылуын талдау барысында бастауыш сыныптарда оқушыларды қызықтыру мен мадақтаудың өте аз қолданылатыны анықталды; оқыту логикасы және жаңаға қызықтыру, оларды оқу жұмысына белсендіруді бастауыш сыныптан бастап, жоғары сыныпқа қарай қамтуы керек. Түрткі тәсілдері үнемі біз күтетін нәтижені бермейді. Түрткінің мәні оқушыны оқудың мағынасын түсінуіне, белгіленген жаңа міндет пен өз білімдері мен дағдыларының арасындағы қарама-қайшылықтарға назар аударуына, сол себепті, жаңаны білуге ұмтылып, жетіспейтін дағдыларды игеруі, білімін практикалық және теориялық міндеттерді шешуге қолдана білуі жүзеге асырылады.
Оқушылар барлық пәндер бойынша жақсы және озат оқу мүмкіндіктеріне оптимистік көзқараста болады, оқу үлгерімінің төмендігін өздерінің тыңғылықсыздығы мен ынтасының төмендігімен байланыстырады. Олардың оқу мотивтері де алуан түрлі. Оқу үдерісінің мазмұндылығы, оның жоғары идеялық деңгейі, түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдану, олардың түрлі оқу мотивтерін тудырады.
Оқушылардың оқу түрткісінің негізгі тәсілдері: білімнің қажеттігі мен оқуға қызығушылығын тәрбиелеу; мұғалімнің бірізді талап қоюы және оқуға жауапкершілік қатынасын тәрбиелеу; оқушыларды оқуға ынталандыруда қоғамдық пікірді қолдану. Оқушының оқу түрткісіне, тек қана жеке тәсілдерді қолданып қана қоймай, бүкіл оқу үдерісін қолдануға болады.
Оқушылардың оқуға түрткісін тудыруда түрлі тәсілдер мен әдістерді өзара тығыз әрекеттестікте қолданудың тиімділігі жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |